Әлемдік саясаттағы Еуропалық одақ


ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
ДТ және ӘСП кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Әлемдік саясаттағы Еуропалық одақ»
Тексерген: Мырзабаева Б. М.
Орындаған: Уразгалиева Д. Е.
Орал 2012
Жоспар
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім
І тарау Еуропалық Одақ (ЕО) - халықаралық саяси және экономикалық бірлестік
1. 1 Еурпалық Одақтың құрылу тарихы . . . 6
1. 2 Еуропалық Одақтың институттары. 10
ІІ тарау Еуропалық одақтың әлемдік саясаттағы рөлі
2. 1 «Алуан түрліліктегі біртұтастық» . . . 15
2. 2 Жаңа еуропалық валюта - еуроны енгізу . . . 17
2. 3. Әлемдік экономикадағы еуроның рөлі және маңызы. . 20
2. 4 Еуропалық Одақтың әлеуметтік саясаты22
Қорытынды . . . 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 27
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Интеграциялық үрдістердің дамуы халықаралық тауар және оларды өндіру факторларының қозғалысының өсуінен туындаған заңды құбылыс болып табылады. Интеграциялық үрдістің дамуы мемлекеттер арасындағы сенімді өндіріс байланыстарын құруды және өндіріс факторларының қозғалысы мен халықаралық саудаға кедергі жасайтын жағдайларды жоюды талап етті. Мұны тек қана көпжақты саяси келісімдер негізіндегі мемлекетаралық интеграциялық бірлестіктер шеңберінде жүзеге асыру мүмкін болды.
Жиырмасыншы ғасырдың соңында экономикалық және технологиялық дамудың негізгі үш әлемдік полюсі пайда болды, олар - Солтүстік Америкалық (НАФТА), Батыс Еуропалық (ЕО) және Азия-Тынық мұхиты аймағы. Әлемде макроэкономикалық кәрсеткіштер бойынша екінші орынды иемденетін Жапония, абсолюттік экономикалық қуатқа ие АҚШ-тан кейін тұр. Батыс Еуропада біріккен Германия көшбасшы қатарында орналасқан.
Әлемдік интеграциялық үрдістердің ішіндегі ерекше - Еуро Одақты айтсақ болады. Еуро Одақ - әлемдік саясаттың негізгі тарапы болып табылады. Бұл курстық жұмыста Еуро Одақтың даму кезңдері мен біртұтас еуропалық валютаның қалыптасуы, дамуы және мәселелері қарастырылады.
1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген Еуропаның валюталық одағының жаңа ақша бірлігі, сөзсіз әлемдегі маңызды оқиға болды. Экономистер арасында әлі күнге дейін бқл қадамның қаншалықты дұрыс екендігі жайында даулар толастамай отыр.
Мемлекеттің экономикалық саясатындағы қандай да болмасын өзгеріс оң және теріс салдарларға ие болатыны белгілі. Көптеген мемлекеттер саясатындағы мұндай өзгеріс табиғи өзгерістермен қатар тосын өзгерістерге де әкелмей қоймады.
Қазіргі таңда енгізілген еуропалық валютаның бүкіл Еуропаның дамуындағы маңызды кезең екені анық. XX ғасырдың 80-жылдарында Батыс Еуропада аймақтық еуропалық валюталық жүйе қалыптасты. Оның ақша бірлігі болып экю қабылданды. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуропа Одағының ортақ валютасы - еуро енгізілді. Өз кезегінде, еуроны - біртұтас халықаралық валюта десек те болады.
Жұмыстық мақсаты. Халықаралық саяси және экономикалық ұйым болып табылатын Еуропалық одақтың маңызы мен әлемдік саясаттағы рөлі айрықша. Еуропалық одақ (ЕО) - халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған. XXI ғасырдын басында Еуропалық одақ қайта қүрулардың жаңа кезеңіне өтті, оның мақсаты - үйымды тиімді қызмет ету жолын қалыптастыру және демократияландыра түсу. 2002 жылы "Одақтың болашағы жөнінде Конвент" шақырылды. 2004 жылы Конвент Еуропа Одағының Конституциясын жасады. Осы қағидаларға сүйене отыра біз курстық жұмыстың алдына төмендегідей мақсаттар қойдық:
* аймақтық-экономикалық ұйымның құрылу және қалыптасу тарихына шолу жасау;
* бүгінгі күнде маңызын жоймаған бірллестіктің мақсатына талдау жасау;
* өткені бен бүгінін саралай келе, ұйым болашағын бажайлай отырып, келер күнде мәселені шешу мен болдырмау жағдайларын қарастыру;
* стратегиялық әріптестік мәселелерін талқылау;
* қақтығысты, даулы мәселелер туындау қаупінің алдын алу.
Міндеті. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында ғылыми жұмыстың алдына мынадай міндеттер жүктелді:
*аймақтық қауіпсіздік пен тұрақты экономиканы қамтамасыз етіп отырған осы ұйымның пайда болу алғышарттарын зерттеу;
*бірыңғай валюта мәселесін шешу жолындағы уйымның атқарып жатқан істеріне сараптама жасау;
*халықаралық қауіпсіздікті сақтай отыра даулы мәселелерді шешу мен алдын алуға арналған нақты бағдарлама даярлау;
Хронологиясы. 1948 жылдан, яғни Еуропалық одақтың құрылуына себеп болған Маршалл жоспары аясында АҚШ-тың берген көмегін реттеп отыратын Еуропалық экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымының құрылуынан басталып 2008жылға дейінгі оқиғаларды қамтиды.
Зерттелу деңгейі. Бұл тақырыпта көптеген тарихшы, саясаттанушы, экономика саласының мамандары зерттеу жұмыстарын жүргізіп еңбектерін арнаған. Солардың ішінде, Х. Х. Нольте 2002 жылы «Европейский Союз и его место в современной мировой системе» еңбегін жариялағаан. 2002 жылы А. Тауш «Европейский Союз и будущая мировая система» атты көлемді мақаласын жарияласа, 2003 жылы Мәскеуде О. В. Буториннің редакциялық басшылығымен «Европейский Союз» атты анықтамалық еңбек жарық көреді. Қазақстанда Еуропалық одақ туралы «Түркістан» газетінің 2012 жылғы 15наурызында жарық көрген санында Нәзия Жоямергенқызының мақаласы басылып шығады.
1. 1. Ғұмыры ұзаққа созылған ЕО-ның iргетасы Екiншi Дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi дағдарыс кезеңiнде қаланған. Интеграцияның оңтайлы жолдарын қарастырған кәрi құрлық II Дүниежүзiлiк соғыс сияқты кең ауқымдағы қантөгiс пен дауларды болдырмауды көздеген. 1946 жылы Ұлыбританияның премьер-министрi Уинстон Черчилл Еуропада да Құрама Штаттар сияқты ұйымның құрылуы мүмкiн екендiгiн айтты. Сол жылы желтоқсанда Париж қаласында Федералистердiң еуропалық одағы құрылды. Бiрақ бұл ұйымның тағдыры ұзаққа созылмаған. Ал ЕО-ны құру бастамасын француз дипломаты Жан Моне мен Францияның сол кездегi премьерi Робер Шуман көтерген болатын. 1950 жылдың 9 мамырында ресми мәлiмдеме жасаған Шуман: «Франция үкiметi Франция мен Германиядағы көмiр мен болат өндiру саласына қатысты барлық өндiрiс ошақтарын бiрiккен ұйымның бақылауына беруге ұсыныс жасайды. Аталған ұйымға Еуропадағы басқа да мемлекеттер мүше бола алады. Көмiр мен болат өндiрiсiнiң бiрiктiрiлуi экономикалық дамудың жаңаша негiзiн қалап, соғыс өртiне шарпылған аймақтардағы ахуалды жақсартуға ықпал етедi» дедi. Осының нәтижесiнде 1951 жылы Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Франция мен Германия Федеративтiк республикасы мүше болған Еуропалық көмiр мен болат қауымдастығы (ЕКБҚ) құрылды.
Еуропалық Одақ - Еуропадағы 25 мемлекет - Аустрия, Бельгия, Венгрия, Ұлыбритания, Германия, Грекия, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция және Эстония қатысатын саяси-экономикалық бірлестік болып табылады. Ол 1948 жылы Маршалл жоспары аясында АҚШ-тың берген көмегін реттеп отыратын Еуропалық экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымы ретінде құрылды. Құрамында үш мемлекет - Бельгия, Нидерланды және Люксембург бар бұл ұйым Бенилюкс одағы деп те аталды. Бір жылдан соң Еуропа кеңесі деген атқа ие болды. Ал 1958 жылдың сәуіріндегі Париж шартына сәйкес Көмір және болат жөніндегі еуропалық бірлестік болып қайта құрылды. Оған жоғарыдағы үш мемлекетпен қатар Италия, ГФР және Франция кірді.
Жылдар өткен сайын Одақтың қызмет ауқымы кеңейіп, оған мүше елдердің қатары көбейе түсті. Мысалы, 1957 жылдың наурызында қол қойылған Рим шартына байланысты бірлестік Еуропалық экономикалық кеңістік және Атом энергиясы жөніндегі еуропалық кеңістік деп аталды. Оның жұмысы негізінен кедендік одақ құрып, ішкі сауда кедергілерін жоюға және ядролық энергияны бейбіт мақсатқа пайдалануды дамытуға бағытталды. Арада он жыл өткенде, яғни 1967 жылы Одақтың құрылымында өзгерістер болып, оның атқарушы органдары, дәлірек айтқанда, институттары - Еуропалық комиссия, Еуропалық кеңес, Еуропалық Парламент және Еуропалық сот дүниеге келді.
1968 жылы болашақ ЕО iшiнде экономикалық және валюталық одақтың қалыптасуына негiз болған Кедендiк одақ құрылды. Еуропалық экономикалық қауымдастықтың дүниеге келуiне мұрындық болған алты ел - Германия, Франция, Бельгия, Нидерланды, Италия мен Люксембург 1968 жылдың 1 шiлдесiнде үшiншi мемлекеттерге арналған бiртұтас кедендiк тарифтi енгiздi. 1973 жылы Ұлыбритания, Дания мен Ирландия ЕЭҚ-ға мүшелiкке өту туралы шешiм шығарғандықтан, «алтылық» «тоғыздыққа» айналды.
Ал 1973 жылдың желтоқсанында алтылық одаққа Дания, Ұлыбритания, Ирландия, 1981 жылдың қаңтарында Грекия, 1986 жылы Испания мен Португалия қосылды. Сөйтіп, Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің саны 12-ге жетті. Енді Одақтың өкілеттілігін нығайту міндеті алға қойылды. Бұл оңай жұмыс емес еді. Өйткені, онда қатысушы елдердің әрқайсысының мақсаты мен мүддесі жатты. Ақыры оған да қол жеткізіліп, 1987 жылдың шілдесінде Еуропалық Парламенттің өкілеттілігін нығайтатын және 1992 жылдың 31 желтоқсанынан бастап Одаққа мүше елдер арасында еркін тауар айналымына, қызмет көрсетуге, капиталдар мен адам қозғалысына көшу жөніндегі Біртұтас еуропалық акт, сондай-ақ 1993 жылдың қаңтарында бірыңғай ішкі рынок құру арқылы экономикалық, валюталық, саяси одақтар және жалпыеуропалық азаматтық мәселелерін шешуге негізделген Еуропалық Одақ туралы шарт күшіне енгізілді. Бұл шарт Одақтың конституциялық негізін қалаған құжат болды.
1981 жылы Греция, 1986 жылы Испания мен Португалия Қауымдастыққа қосылды. 1985 жылдың 14 шiлдесiнде тауар, қаржы мен адамдардың еркiн әрi кедергiсiз қозғалысын қамтамасыз ететiн Шенгендiк келiсiмге қол қойылды. Еуропалық Одақтың iшкi шекараларындағы бақылауды күшейте отырып, ЕО iшiндегi кедендiк кедергiлердi алып тастау туралы келiсiм 1995 жылдың 26 наурызында күшiне ендi. 1992 ж. 7 ақпанында Нидерландының Маастрихт қаласында еуропалық елдердегi қаржы және саяси жүйенi реттеу жолдарын қарастыратын Еуропалық Одақты құру жөнiндегi келiсiмге қол қойылды. Бұл құжат заңды түрде 1993 жылдың 1 қарашасында күшiне енген болатын. 1999 жылдың 1 қаңтарында ЕО-ға мүше мемлекеттер аумағында бiртұтас ақша бiрлiгi ретiнде (қолма қол ақша айырбасы емес түрiнде) еуро енгiзiлдi. Ал банкноттар 2002 жылы жарыққа шықты. 2004 жылдың 1 мамырында Венгрия, Кипр, Латвия, Литва, Мальта, Польша, Словакия, Словения, Чехия мен Эстония ЕО-ға мүшелiкке өттi. Ұзақ уақытқа созылған тартыстан кейiн 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап Болгария мен Румыния да одақтың құрамына ендi. Еуроодаққа мүшелiктiң алғашқы үш жылында екi тарапқа да кейбiр шектеулер қойылуы мүмкiн. Мысалы, жалпыеуропалық бюджеттен қаржы бөлiну, Болгария мен Румыния сияқты мемлекеттердiң сапасыз ауылшаруашылық өнiмдерiнiң еуропалық нарыққа енгiзiлуiне тыйым салу сияқты т. б. шектеулер.
Негiзi осы екi елдiң ЕО-ға қабылдануынан кейiн Еуроодақтың саяси құрылымына өзгертулер енгiзу мақсатында Одақты кеңейту процесi уақытша тоқтатылды. Әйтпесе, мүшелiкке өтетiндер тiзiмiнде 40 жылдан астам уақыттан берi кәрi құрлықтың «бабын таба алмай» келе жатқан түрiктер тұрғаны мәлiм. ЕО-дан Украина мен Преднестровьенiң де дәмесi бар.
Соңғы он жыл ішінде Еуропалық Одақтың қатары 25 мемлекетке көбейді. Мысалы, 1995 жылы Аустрия, Финляндия, Швеция, 2004 жылдың мамырында Венгрия, Кипр, Литва, Латвия, Мальта, Польша, Словения, Словакия, Чехия және Эстония қосылды. Одақ тарихында осы он жыл өзіндік белсенділігімен ерекшеленеді. Өйткені, осы кезең ішінде Одақты кеңейту туралы жаңа стратегия қабылданды. Сондай-ақ, Одақтың алдындағы ішкі және сыртқы міндеттері нақтыланып, оның институттарын оған мүше елдердің азаматтарына жақындату және Одақтың әлемдегі жетекшілік рөлін арттыру жайы белгіленді. Ауқымды осындай іс-шаралардың барлығы Одаққа мүше елдердің қатысуымен өткен саммиттерде қызу талқыланып, жан-жақты сарапталғаннан кейін ғана қабылданды. Соның нәтижесінде 2002 жылғы қаңтардың 1-інде Еуропалық Одақтың бірыңғай ортақ валютасы - еуро айналымға шығарылды. Осылайша, Одақтың бастапқы кездегі экономикалық және валюталық одақ құру үдерісі табысты аяқталды.
Федералдандыру Еуропалық қауымдастықтың және Одақтың дамуының бүгінгі күнге дейінгі дамуының басты үрдісі болып отыр:
- ЕО-ың ішкі бірыңғай нарығы қалыптасқан жалпы нарықты құру, яғни, "осы Келісім ережелеріне сәйкес тауар, қызмет және капитал айналымы еркін жүргізілетін ішкі шекарасыз кеңістік" орнату (Еуропалық Қауымдастық құру жөніндегі Келісімнің 4-бабы) ;
- Экономикалық және валюталық одақ орнату. Оның негізі ЕО бірыңғай ақша бірлігінің - еуроның (бұл процеске әзірше өз үлттық валюталарын айналымда қолданатын ¥лыбритания, Дания және Швеция, сондай-ақ ЕО-ның 10 жаңа мүше-мемлекеті қосылған жоқ) енгізілуі;
- Шенген кеңістігін құру және осы Шенген келісімінің негізінде шетелдіктерге бірыңғай визаны енгізу;
- Еуропалық Одақ институттарының әртүрлі салаларда ортақ саясат жүргізуі: ЕО-ның ортақ аграрлық сая¬сатын, бәсекелестік саясатын, көші-қон, көлік, экологиялық және т. б. саясаттарын жүргізу;
- Еуропалық одақ қүқын - мүше- мемлекеттердің, заңды түлғалардың және қарапайым азаматтардың қатысуымен қоғамдық қатынастардың маңызды салаларын реттейтін өзіндік қүқық жүйесін қалыптастыру;
- Tұрақты, құқықтық байланысы ретінде Одақтың азаматтық институтын құру;
- Одақ азаматтарының негізгі қүқықтық ережелері бекітілген жаңа кешенді дерек көзі - 2000 жылы қабылданған Еуропалық Одақтың негізгі қүқықтар жөніндегі Хартиясы.
1. 2 Еуропалық одақ институттары - Еуропалық Одақтың негізгі міндеттерін жүзеге асырушы қүзырлы органдар. Еуропалық Одақ Институттары бір мезгілде Еуропалық қауымдастықтың әрқайсысының: Еуропалық қауымдастықтың, Еуропалық көмір және болат бірлестігі, Атом энергиясы бойынша Еуропалық Қауымдастық институттары ретінде де қызмет етеді. Осылайша, "Еуропалық Одақ институты" және "Еуропалық қауымдастық институты" ұғымдары синонимдер болып табылады. Еуропалық Одақ институттарына: Еуропалық Кеңес, Еуропалық Парламент, Еуропалық комиссия, Еуропалық Сот, Еуропалық санақ палатасы, Экономикалық және әлеуметтік комитет, Аймақтар комитеті, Еуропалық орталық банк, Еуропалық инвестициялық банк, Еуропалық одақ омбудсманы, Еуропол жатады.
Енді осы құрылымдардың қызметіне тоқталайық. Еуропалық Парламент тіке дауыс беру арқылы бес жылға сайланған 732 депутаттан тұрады. Депутаттар саны жағынан ең көбі - Германия, 99 депутат. Одан кейінгілері Франция, Италия, Ұлыбритания - әрқайсысы 78 депутаттан. Испания мен Польша - 54-тен, Нидерланды - 27, Бельгия, Венгрия, Грекия, Португалия, Чехия - 24-тен, Швеция - 19, Аустрия - 18, Дания, Словакия, Финляндия - 14-тен, Ирландия мен Литва - 13 депутаттан, Латвия - 9, Словения - 7, Кипр, Люксембург, Эстония - 6-дан, ал Мальта 5 депутаттан келеді. Депутаттардың кезекті сайлауы 2009 жылдың маусымында өтеді.
Еуропалық Парламенттің өкілеттігі аса ауқымды. Ол Еуропалық Одақтың кеңесімен бірлесе отырып заңнамалық функцияларды жүзеге асырады және жұмыс күшінің қозғалысына, кәсіпкерлікке, қызмет көрсетулерге, білім беру мен зерттеу жұмыстарына, қоршаған орта мен денсаулық сақтауға, тұтынушыларды қорғауға қатысты мәселелер жөнінде тиісті шешім қабылдауға құқығы бар. Сондай-ақ Еуропарламент қажет болып жатса, Одақ кеңесінің шешімін қабылдамауы және заңнамалық үдерісті тоқтатып тастауы мүмкін. Сондықтан Одақ кеңесі халықаралық ынтымақтастық және оны кеңейту туралы келісімдердің қорытындысын Еуропарламентпен келісуге мүдделі. Бүгінде Еуропарламентте тұрақты қызмет ететін 20 комиссия жұмыс істейді. Бас хатшылығы Люксембургте орналасқан. Қазіргі төрағасы - Испания Социалистік жұмысшы партиясының өкілі Хосе Боррель Фонтельес.
Еуропалық Одақ кеңесі - Одақтың өкілетті шешім қабылдайтын басты органы. Оның құрамы Одаққа мүше 25 елдің әртүрлі салалық министрлерінен тұрады. Кеңес Еуропарламентпен бірлесіп, Одақтың заңнамалық актілері мен бюджетін қабылдайды. Сонымен қатар, Еуропалық комиссия дайындаған халықаралық келісімдерді бекітеді және Одаққа мүше елдердің экономикалық саясатын үйлестіруге жауап береді. Кеңеске төрағалық ету әр жарты жыл сайын ротациялық негізде ауысып отырады. Мәселен, бұл міндетті 2005 жылдың 31 желтоқсанына дейін Ұлыбритания атқарып келді. Оны енді 2006 жылдың 30 маусымына дейін Аустрия атқаратын болады. Ал Еуропалық Одақ кеңесінің бас хатшылығы Брюссельде орналасқан. Кеңестің бас хатшысы лауазымын 1999 жылдың қазан айынан бері НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы Хавьер Солана атқарып келеді.
Еуропалық кеңес - Еуроодақтың жоғары саяси органы ретінде кеңінен танымал. 1974 жылы құрылған Кеңес өз сессияларында Одақтың саяси бағытын айқындайтын өзекті шешімдерді қабылдайды. Еурокомиссия мен Министрлер кеңесі белгілі бір мәселеге байланысты ортақ пікірге келе алмаған жағдайда оның төрелігін Еурокеңес айта алады. Әр жарты жылда Одаққа мүше мемлекеттердің басшылары мен үкіметтер басшылары кездесіп, өткен жарты жылдың қорытындысын талқылайды және алдағы жарты жылдағы негізгі бағыттарын белгілейді. Оны ұйымдастыру Еуропалық кеңестің мойнында.
Еуропалық комиссия - Еуроодақтың атқарушы органы әрі Еуропалық экономикалық кеңістік пен Атом энергиясы жөніндегі еуропалық кеңістікке жетекшілік жасайтын институт. Комиссия 1967 жылдың шілдесінен жұмыс істеп келеді, оның 20 мүшесі бар. Комиссия мүшелерін сол елдердің үкіметі бес жыл мерзімге тағайындайды. Ал Комиссия президенті Одаққа кіретін елдер үкіметтерінің бірлескен шешімі бойынша тағайындалып, оны Еуропарламент бекітеді. Комиссия Еуроодақтың шарттарын сақтауды қамтамасыз етеді. Оның штаб-пәтері Брюссельде орын тепкен, 26 директорат пен арнайы қызметтен тұрады. Комиссияның қазіргі президенті - Португалияның бұрынғы премьер-министрі Жозе Мануэль Дурау Баррозу. Бұл қызметті 2004 жылдың қарашасына дейін Италияның бұрынғы премьер-министрі Романо Проди атқарған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz