Қазақстан Республикасының отбасы саясаты


Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
«Қазақстан тарихы (Қазіргі әлемдегі Қазақстан) » Курстық жұмыс
Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты:
Қазақстан Республикасының отбасы саясаты
Тақырыпша: Қазақстанның отбасы институты
" Жаһандану заманындағы Қазақстан отбасы институтының құндылықтары"
Орындаған: Байболсынова Дайана Ержановна
Жетекші: Ғабит Мұхтарұлы
Қарағанды, 2021
Мазмұны
- Кіріспе: 2
1. Кіріспе:
Өзектілігі:
Халқымызда «Отан - отбасынан басталады» деген сөз бар. Отбасы - кез келген мемлекеттің негізі. Елдің тұтастығы, халықтың бақытты болуы, мемлекеттің келешегі ең әуелі әрбір отбасының жағдайымен, елдегі отбасы институтына қатысты хал-ахуалмен тығыз байланысты.
Қазіргі әлемде отбасылық құндылықтар туралы түсінік жиі бұрмаланған. Бұрын отбасы бәрінен жоғары, оның тұтастығы мен беріктігі жоғары бағаланған болатын. Ол құрмет пен өзара көмекке, өмірлік ұстанымдар мен тәжірибені жас ұрпаққа насихаттауға негізделетін.
Өкінішке орай, қазіргі уақытта көптеген отбасылар сыйластық пен түсініспеушіліктің жоқ болуы немесе жас ерлі зайыптардың некеге дейін жауапкершіліктің толық болмауынан ыдырап жатыр. Сонымен бірге, туыстардың немесе қоғамдық пікірдің жалпы отбасының өміріне араласуы жас жұбайларының ажырасуына жанама себепкер болады. Сондай-ақ жалақының аздығы немесе жеке пәтерінің болмауына байланысты экономикалық және әлеуметтік мәселелер, белсіздік, бала көтере алмауға байланысты көптеген адамдар толық отбасын құра алмай ажырасып жатыр. Демографиялық жағдайды жақсарту территориясы үлкен, халқы аз Қазақстан үшін маңызды мәселе. Ал демографиялық өсімді қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау саласы, әлеуметтік қамсыздандыру, ана мен бала капиталын дамыту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болуы тиіс.
Оған қоса кәмелет жасына толмаған балалары бар отбасылардың шаңырағы жиі шайқалады. Яғни, әкесіз немесе анасыз өсіп жатқан балалардың саны көбейіп келеді. Бұл жекелеген отбасының емес тұтас ұлттың басты проблемаларының бірі. Толық емес отбасында тәрбиеленген бала көбінесе психологиялық, материалдық, моральдық тұрғыдан кедергілерге тап болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйекте жариялаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында «Отбасылық-демографиялық ахуал - зор алаңдаушылық тудырып отырған мәселе. Өкінішке қарай, Қазақстанда әрбір алтыншы отбасы бала сүйе алмай отыр. Сауалнама көрсеткендей, отандастарымыздың 20 пайызға жуығы мұны ажырасуға негіз болатын елеулі себеп деп санайды.
Сандарға сүйенсек, елдегі әрбір 100 отбасының 20-сы перзентке зар. Жылына мыңдаған отбасының ошағы осы себепті сөніп жатады. Статистика бойынша осы дерт тең екі жыныстың мәселесі.
Осыған орай осы тақырыптың маңыздылығын бағалай тұра, осы мәселеге ерекше назар аударып, қандай да бір қорытындыға немесе ұсыныстарға келгім келеді.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының отбасы саясатының жағдайын зерттеп, отбасы институтының құндылықтарын бағалау.
Міндеттері:
- Ғаламтор пен ғылыми ресурстарының көмегімен әлемдегі отбасы институтының жағдайын білу.
- Сауалнама өткізу арқылы халықтың мәселеге қатысты қатынасын анықтау мен мәселенің халыққа әсерін бағалау.
- Қазақстандағы отбасы институтының жағдайын өзгерту жолдарын ұсыну.
Күтілетін нәтиже: Қазақстан Республикасының отбасы саясатының жағдайын анықтап, оны дамытуға нақты ұсыныстар беру.
Зерттеу сұрақтары:
- Бүгінгі қазақстандық отбасы институтының дағдарысының негізгі себептері қандай?
- Ажырасу санын төмендету мен толық емес отбасылардағы тәрбиені толықтыру үшін қандай жолдар бар?
- Отбасы ішіндегі қарым-қатынас баланың психикасына мен отбасы құндылықтарының насихаттауына қалай әсер етеді?
Мақсаты: Қазақстан Республикасының отбасы саясатының жағдайын зерттеп, отбасы институтының құндылықтарын бағалау.
Міндеттері:
- Ғаламтор пен ғылыми ресурстарының көмегімен әлемдегі отбасы институтының жағдайын білу.
- Сауалнама өткізу арқылы халықтың мәселеге қатысты қатынасын анықтау мен мәселенің халыққа әсерін бағалау.
- Қазақстандағы отбасы институтының жағдайын өзгерту жолдарын ұсыну.
Күтілетін нәтиже: Қазақстан Республикасының отбасы саясатының жағдайын анықтап, оны дамытуға нақты ұсыныстар беру.
Зерттеу сұрақтары:
- Бүгінгі қазақстандық отбасы институтының дағдарысының негізгі себептері қандай?
- Ажырасу санын төмендету мен толық емес отбасылардағы тәрбиені толықтыру үшін қандай жолдар бар?
- Отбасы ішіндегі қарым-қатынас баланың психикасына мен отбасы құндылықтарының насихаттауына қалай әсер етеді
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz