ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҰЛТТЫҚ ФЕНОМЕНДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ДАРЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
ЖЕТІСУ АУДАНЫ №110 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ

ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ:

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҰЛТТЫҚ ФЕНОМЕНДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ.

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Секциясы: Әдебиет

Дайындаған: 8-сынып оқушысы
Кылычова Нуриза

Жоба жетекшісі: Садыкова Меруерт Нурлановна
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Алматы, 2021
Мазмұны:
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан қазақ ұлы даласының феномені
2.2 Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханұлының ұлт тағдырындағы тағылымы
ІІІ. Практикалық бөлім
3.1 Ұлт көсеміндегі алаш келбеті
ІҮ. Қорытынды
Ү. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Жобаның мақсаты: Әлихан Бөкейхановтың ұлттық феномендық құңдылығын оқу мен дәріптеу және насихаттау.
Жобаның міндеттері:

Оқушылардың Әлихан Бөкейхановтың ұлттық феномендық құңдылығы жайлы еңбектерін құрметтеу дағдыларын қалыптастыру;

Әлихан Бөкейхановтың ұлттық феномендық құңдылығы жайлы құндылықтарын дәріптеу;

Жоба өзектілігі: Әлихан Бөкейхановтың ұлттық феномендық құңдылығын танымдық тұрғыдан зерттеу.

Ғылыми жобаның деректік негізі: ғылыми жұмысты жазу барысында осы уақытқа дейін ғылыми айналымға тартылмай келген баспа сөз материалдары мен тарихи түрлі әдебиеттер, ғылыми зерттеулердің мәліметтері сұрыпталып алынды.

Зерттеудің болжамы: Зерттеу жұмысы Әлихан Бөкейхановтың ұлттық феномендық құңдылығы арқылы оқушылардың өзін өзі тәрбиелеуі және зияткер ұрпақтың қалыптасуына тарихи көмек.

Зерттеудің кезеңдері: Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты әдеби-тарихи, жүйелі-сипаттамалық, баяндау, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.

Ғылыми жобaның ғылыми жaңaлығы: Әлихан Бөкейхановтың ұлттық феномендық құңдылығын танымдық тұрғыдан зерттелуі.

Кіріспе

XIX ғасырдың соңында Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқытушылық қызмет атқарып, ғылыми жұмыстармен айналысқал ол 1896 жылы көрнекті ғалымдардың кепілдемесімен Орыс географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесінің толық мүшесі болып сайланған. Әлихан Ресей. Жалпы географиялық сипаттама атты көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томына автор ретінде қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік саяси қызметтерге де белсене араласа бастайды. 1904 жылы қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын даярлап берген Ф.А. Шербина экспедициясының құрамында болды. 1911-14 жж. Әлихан Бөкейхан Жаңа энциклопедиялық сөздіктің 4-21 томдарына автор ретінде қатысты. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері осындай көп еңбектенудің арқасында өз ұлты туралы көп нәрсеге көзі жетеді.

2.1 Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан қазақ ұлы даласының феномені
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (5 наурыз 1866, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі - 27 қыркүйек 1937, Мәскеу) -- ХIХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.
Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады.
Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды.
1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны "техник" мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, ХХ ғасырдың босағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті.
Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, 1894 жылы Ресей империясының елордасы Санкт-Петербургке барып, Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.
Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә.Бөкейхан Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады.
Народная свобода (Халық бостандығы) партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп-жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.
1905 жылдан бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған.
1905 жылы Әлихан Бөкейхан Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Ә.Н. Бөкейхан өз жұмысын бастаған кезде Дала өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды.
Абақтыдан шығып Санкт-Петербургке жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кездегі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә.Н. Бөкейхан да солардың артынан аттанып, Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербург сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды.
1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік Голос степи, Омичъ және Иртышъ газеттерінде; 1908 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген меньшевиктік Товарищъ, кадеттік Речь, Слово газеттерінде редакторлық қызмет атқарды. 1909-17 жж. Дон егіншілік банкі бөлімшесінде жұмыс істеді. 1911-14 Қазақ газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді. 20 ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім-тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді.
Бар күш-қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылып, онда тек ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды.
1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады.
Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің Ы Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, ЫВ Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болды.
Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады.
Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 ж. желтоқсанында Екінші жалпықазақ съезі Алаш автономиясы жарияланып, Ә. Бөкейхан сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады.
1919 жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейхан қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады.
Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан Бөкейхан Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 71 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі.
1989 жылы мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.
Сөз соңында, ғалым, Ә.Бөкейхан ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ эпосы мен фольклорын ғылыми тұрғыдан зерттеген ғалымдарымыздың бірі болды. Ол қарастырған негізгі аспектілер: эпостың тарихилығы, қазақ фольклорының түрлері, шығу мезгілі, жыршы мен оның шеберлігі, қоғамдық ой-сананың жырда көрініс табуы, бейнелер, олардың атқарған идеялық қызметі, үлгінің көркемдік ерекшеліктері т.с.с.- әлі де қазақ фольклортану ғылымында өз маңызын жойған жоқ, және сол дәуірдің жетістігі болып саналатыны сөзсіз.
Ол 1896 ж. көрнекті ғалымдардың кепілдемесімен Орыс географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесінің толық мүшесі болып сайланды.
Әлихан Ресей. Жалпы географиялық сипаттама атты көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томына автор ретінде қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік саяси қызметтерге де белсене араласа бастайды.
1904 жылы қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын даярлап берген Ф.А. Шербина экспедициясының құрамында болды.
1911-14 жж. Әлихан Бөкейхан Жаңа энциклопедиялық сөздіктің 4-21 томдарына автор ретінде қатысты.
Әлихан Бөкейхан -- ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға. Ә.Бөкейханұлының әдебиеттану тұрғысынан жазылған еңбектері ғалым Д.Қамзабекұлы тарапынан жан-жақты қарастырылады. Бұл зерттеуде Ә.Бөкейханұлының алғашқы еңбектерінің бірі ретінде Женщина в киргизкой былине Кобланды атты мақаласы сарапталған. Туркестанские ведомости газетінің бірнеше санында жарияланған. Ә.Бөкейхановтың әйгілі Қобыланды жырындағы әйел бейнесі деп аталған мақаласы белгілі ғалым С.Қасқабасов тарапынан жан-жақты талданып, сол кездегі қазақ фольклористикасы үшін аса маңызды бірнеше мәселе көтерілгенін жеріне жеткізе айтылып: Бұлар эпостың тарихилығы, Қобыланды жырының шығу мезгілі, қазақ фольклорының түрлері, жыршы және оның шеберлігі, қоғамдық ой-санасының жырда көрініс табуы, Қобыланды жырындағы әйелдер бейнесі, олардың атқарып отырған идеялық қызметі. Осындай ғылыми мәнді проблемаларды автор сол кездегі әлеуметтік, моральдық мәселелермен ұштастыра қарастырған,- делінген.

2.2 Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханұлының ұлт тағдырындағы тағылымы

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866-1937) қазақ халқының азаттық жолындағы күресте алдаспаны болған аяулы тұлға. Бұрынғы Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Қарқаралы уезінде дүниеге келген арда азамат 71 жасында кеңес қоғамының ең бір қасіретті халық жауы деген жалған жаласымен Мәскеу қаласында мерт болды.
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ә.Бөкейханов XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласында кеңінен қанат жайған ұлт-азаттық Алаш қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі, Алашорда ұлттық автономиясы Халық кеңесінің төрағасы болды. Алаш қозғалысы жетекшісінің іс-қимылы мен рөліне замандасы Қошмұхаммед Кемеңгерұлы 1920 жылы жазған Қазақ тарихынан деп аталатын тарихи очеркінде: Үкiметтiң қара қуғын жасаған күндерiнде айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшiн басын құрбан қылған ат төбелiндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған - Әлихан, - деп жазды.
Әлихан өмір сүрген кезеңде патша билігі ұдайы жүргізіп отырған отаршылдық саясаты салдарынан қазақ халқы ғасырлар бойғы қалыптасқан көшпенділердің дәстүрлі рулық-қауымдық қатынастарынан, жерінен де, тіпті оны пайдалану құқынан да айырылды. Патшалық Ресейдің отаршылдық саясаты күшейіп, хандық биліктің байырғы құрылымдары жойылып, қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениетіне және оның өз жерінде дербес халық ретінде өмір сүруіне қатер төнді. Отарлаушы елдің озбыр саясатын жастайынан көріп, түйсініп өскен Әлиханның бойында отаршыл билікке ғана емес, жан алып, жан беріспей-ақ отарлық қамытты киюге мәжбүр еткен өз халқының бейғамдығы, салт-санасы, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы туралы сыншыл көзқарасы да ерте қалыптасты.
Көп қырлы талант иесі Әлихан Бөкейхановтың жазба мұралары аз емес, алайда солардың ішінде, біздің назарымызды ерекше аударған бір шоғыры қанатты сөздері деп айтуға болады. Бар өмірі халық қамын ойлаумен қайраткердің қанатты сөздеріндегі тәуелсіздік тағылымы біздің назарымызды ерекше аудартты. Өткен ғасырдың бас кезінде халқымыздың сан алуан проблемалары болған шығар, алайда ең бастысы бостандық жолындағы күрес еді. Ұлттың қамын ойлап, басын бәйгеге тігіп күрескен азаматтың әр кездері, әр жылдары айтқан қанатты қағидаттарының да бүгінгі жас ұрпақ үшін, тәуелсіз қазақ елі үшін берер ғибраты мол деп ойлаймыз. Білім кеніші мол, көрген-білгені, оқыған-тоқығаны көп Әлихан ағаның кейінгі ұрпаққа қалдырған қанатты сөздерінің тақырыбы әр алуан. Бүгінгі мақсатымыз қайраткер тұлғаның ел, жер, тіл тағдыры жайындағы толғаныстары, азаттық, бостандық, теңдік, тәуелсіздік жайындағы тебіреністері төңірегінде ғана ой сабақтағанды жөн деп таптық.
Әлихан Бөкейхановтың: Бостандыққа апаратын жалғыз жол - ұлттық ынтымақ қана,-деген пікіріне терең үңіліп көрелік. ХХ ғасырдың басында қай жолмен жүрерін білмей аңырап тұрған қазақ халқын бостандыққа апаратын бір жол ынтымақ еді, ал енді өз тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығын тойлап жатқан бүгінгі азат заманда да ынтымақ керек. Екі жарым ғасырға жуық бодандық қамытын киген халқының бостандық жолындағы Ұлт Көшбасшысы, Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың Ел бірлігі - ең асыл қасиет деген даналық сөздерінің рухани үндестігі ынтымақтың қандай роль атқаратынын айғақтап тұр.
Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды,-деген ой айтады Ә.Бөкейханов. Әлихан ғұмыр кешкен ХІХ ғасырда қазақ қазақ билігі толық күйреді, соңғы хандарымыздың бірі Жәңгір құпия жағдайда, ал ат үстінде он жылға жуық арыстандай арпалысқан Кенесары хан бауырлас қырғыз манаптарының қолынан қапияда мерт болды. Хакім Абайды күйіндіретін бас-басына би болған өңкей қиқым, мінекей алған жоқ па елдің сиқын,-деген жағдайға жеттік. ХХ ғасырдың бас кезінде, кең байтақ қазақ даласын дүр сілкіндірген 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен кейін аздаған үміт оты оянды, оян, қазақ деп атой салған алаш ардақтылары партия құрып, үкімет орнатты. Әлихан Бөкейханов сынды тұлғаны Көшбасшы деп таныды. Атақты Сұлтанмахмұт ақынның Таныстыру атты поэмасындағы келесі бір жыр жолдарына назар аударып көрейік:

Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,

Демейді қандай қазақ оны оң көзі.

Семей тұрсын, жеті облыс бар қазақтан,

Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі.

Елі үшін құрбандыққа жанын берген,

Бит, бүрге, қандалаға қанын берген.

Ұрыдай сасық ауа, темірлі үйде,

Зарығып алаш үшін бейнет көрген.

Өкінішке орай қазақ елі шынайы бостандыққа жете алмады, бұл бостандық бізге көктен келген жоқ деп ұрандатқан кедей ақыны Сәбит Мұқанов үміттері ақталмады.
Қазақты әркім билейтін заман орнады, ең бастысы ұлтқа жаны ашымайтындардың билік басына келуі сан алуан қасіреттерге алып келді. Поляк С.С.Пестковский, грузин В.И.Нейнашивили, еврей Ф.И.Голощекин, армян Л.И.Мирзояндардың 1920-1937 жылдар аралығында билік басына келуі осының айғағы. Елі үшін құрбандыққа басын шалған, жарты өмірі бит, бүргеге таланып, түрмеде отырған, туған елінен жырақта, үй қамақта ғұмыр кешкен аяулы жанның ұлы арманы кеш те болса орындалды.
Өз күшіне сенбеген халық та, адам да ешқашан өмір бәйгесін ала алмайды. Өз халқының өмір тепкісі мен өксігін көп көрген жағдаятын жан дүниесімен түсінген Бөкейханов осылай дейді. Қазақ халқы азаттық үшін сан рет арпалысты, өмір бәйгесінде сан рет есе жіберді. Көп қорқытады, терең батырады деген ақиқат жай айтылмаған, ертерек от қаруға қол жеткізген, аз халықтардың әлсіздігін пайдаланып ойына келгенін істеген империялық пиғылдағы көршілеріміз ештеңеден тартынбады. Тіпті саған теңдік әпердім деп тепсінген кезі де болды, теңдік тым қымбатқа түсті, миллиондаған қазақ аштық, тәркілеу, куғын-сүргін құрбаны болды. Бұл қасіреттің дені Ә.Бөкейханов сынды қайраткер тұлғаның көз алдында өтті, өзі де сол жолда құрбан болды. Тәуелсіздікке қол жеткізген халқымыздың енді өкініп қалмағаны абзал, бодандық қамытын сілкіп тастап тарих аренасына шыққан қазақ халқы күш қуаты мен ақыл парасатына нық сеніп, өмір бәйгесінің алғы сапында тұруға хақысы бар. Елбасы жүргізіп келе жатқан Мәңгілік ел болу идеясы, дамыған отыз елдің сапында болуды мұрат тұтқан ғажайып идеяларын жүзеге асыратын кезеңде тұрмыз, бостандық жолында сан рет есесі кеткен халықтың еңсесін тіктейтін кезі келді.
Жер тағдыры - ел тағдыры, - сан рет айтылған ақиқат. Ә.Бөкейханов қай биікте жүрсе де жер тағдыры үшін тынымсыз күрес жүргізді, Ресей сияқты алып империяның ең жоғары заң шығарушы органы мемлекеттік думада отырып та қазақ қамын, жер қамын ойлады, өз жерінде отырып жер ананы пайдаланушы халге түсіп қалған халқына жаны ашыды, тынбай күресті. Ә.Бөкейхановтың Жер десе дірілдемей болмайды: жер мәселесі - өмір сүру мәселесінің зоры,-деп айтқаны бүгінгі күні де жаңғырып тұр десек артық айтқандық болмас. Патша билігі де, кеңес билігі де қазақ жерінің талаушысы деген роль атқарды, халқымыздың қаншама ғасырлар бойы басты байлығы болып келген жерлеріміз орыс отаршылдарының меншігіне айналды, Еділ, Жайықтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі. Әлихан Бөкейхан саяси реформатор
Абайтанудың негізін қалаушы
ХХ ғасырдың ұлы жаршысы - Әлихан Бөкейханов
Ə. Н. Бөкейхановтың қазақстан тарихын зерттеуге қосқан үлесі
Ә. Бөкейхановтың қоғамдық саяси қызметі
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси көзқарасы
Әлихан Бөкейханов және Алаш партиясы
Әлихан Бөкейхановтың биографиясы
Әлихан Бөкейханның педагогикалық көзқарастарының зерттелу жайы
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі. Ең алғашқы қызметтері
Пәндер