МДҰ әдістемелік кабинет


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Кафедра Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру

SYLLABUS

Пәннің атауы Мектепке дейінгі ұйымдағы әдіскер жұмысы

Білім беру бағдарламасы «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

Құрастырған: В. Т. Арыстанғалиева аға оқытушы, магистр

(ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі)

Орал, 2020 ж.

SYLLABUS мемлекеттік білім беру стандарты /типтік оқу жоспары/ білім беру бағдарламасы/элективті пәндер каталогы негізінде дайындалды 2016 жылғы ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған барлық мамандыққа арналған оқу жұмыс бағдарламасы негізінде дайындалды.

(атауы, бекітілген жылы)

Кафедра мәжілісінде қаралды

Хаттама № « 10 » 09 2020 ж.

Кафедра меңгерушісі: Хабиева. Д. Г .
Кафедра меңгерушісі:Хабиева. Д. Г.:

Пікір беруші:

Пікір беруші:

Сарапшы:

Г. А. Ергалиева п. ғ. к., доцент

(ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі)

Орал . №49 «Ақниет» МДҰ директоры Убишева А. С.

(ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі)

Орал қ. №9 «Еркемай» МДҰ директоры Ихсанова Д. Х .

(ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі)

Кафедра меңгерушісі:Хабиева. Д. Г.:

D:\Документы\ReceivedFiles\7 Багдагуль\img20210630_14374349.jpg

1. Пән туралы мәліметтер:

Барлық кредит
5
Барлық кредит: Курс
5: 3
Барлық кредит: Семестр
5: 5 семестр
Барлық кредит: Қорытынды бақылау формасы
5: Емтихан
Барлық кредит: Дәрістер (сағаттар)
5: 30
Барлық кредит: Практикалық (семинар) / лабораториялық сабақтар (сағаттар)
5: 15
Барлық кредит: ОЖСӨЖ
5: 30
Барлық кредит: СӨЖ
5: 15
Барлық кредит: Барлық сағат саны
5: 90

Аралық бақылау - семестрдің 8 және 15 аптасы

2. Пән туралы мәліметтер

Мақсаты: студенттердің педагогикалық білімдері мен шеберліктерінің тереңдеуіне алдын ала қор жасайды, студенттерге балабақшадағы әдістемелік жұмыстың теориялық негізін бере отырып, іс жүзінде қолдану жағдайын қарастырады.

Курстың міндеттері:

  • Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыстың теориялық негізін қалыптастыру;
  • мектепке дейінгі ұйымдардағы әдіскер жұмысымен танысу ;
  • болашақ педагогтардың әдістемелік, тұлғалық-кәсіби тұрғыда өзін-өзі жетілдіру қажеттіліктерін қалыптастыру;
  • кәсіби педагогикалық білімнің ғылыми негіздерін қалыптастыру;
  • отбасымен, мектеппен бірлескен жұмыс формасын, әдістерін игерту;
  • өздігімен ізднеуге және білім алуға дағдыландыру және шығармашылық қабілетін дамыту.

Оқытуда күтілетін нәтижелер:

Курс соңында студенттер

Білуі керек:

-Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыстың теориялық негіздерін, зерттеу әдістерін; мектепке дейінгі ұйымдардағы әдіскер жұмысының мазмұнын,

-мектепке дейінгі ұйымдардағы әдіскер жұмысының мазмұнын, қызметтік міндеттерін;

- мектепке дейінгі ұйымда әдістемелік кабинет жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерін.

Істей алуы керек:

-мәтіндік, аудиовизуалдық, мультимедиялық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеру;

-студенттерді пәнді оқуға, білімді терең меңгеруге, ақпаратты өңдеуге және талдауға, әр түрлі жағдайларды саралай алу;

-жаңа идеяларды тез жасай алуы.

Дағдыларды меңгеру керек:

- коммуникативік дағдыларды меңгеру;

- әдістемелік, тұлғалық-кәсіби тұрғыда өзін-өзі жетілдіру дағдыларын қалыптастыру;

- дағдыларын меңгеру;

- сыни тұрғыда ойлау дағдыларын меңгеру.

Пререквизиттер:

Педагогиканың жалпы негіздері, мектепке дейінгі педагогика

Постреквизиттер:

«Мектепке дейінгі білімді ұйымдастыру және басқару»

«Мектепке дейінгі білім берудегі менеджмент »

2. Оқытушы туралы мәліметтер: Арыстангалиева В. Т., аға оқытушы, магистр, тел. 87762903100, электронды почта: arystangalieva86@bk. ru

3. Курс саясаты: Қазіргі қоғамда болып жатқан өзгерістер әлемдік деңгейде мамандар даярлау мәселесіне жаңаша қарауды талап етуде. Бұл талаптарға сәйкес мектепке дейінгі ұйым мамандарын даярлауда педагогиканың бір саласы «Мектепке дейінгі ұйымдардағы әдіскер жұмысы» пәнінің маңызы зор. «Мектепке дейінгі ұйымдардағы әдіскер жұмысы» пәні студенттердің педагогикалық білімдері мен шеберліктерінің тереңдеуіне алдын ала қор жасайды, студенттерге қазіргі педагогика ғылымының теориялық негізін бере отырып, іс жүзінде қолдану жағдайын қарастырады.

Студенттерге қойылатын талаптар:

Курсты бағалау бүкіл семестрді қамтиды, сондықтан студент барлық сабақ түрлерінде беделді түрде қатысуы керек. Максимальды балды студент қойған сұраққа нақты, дұрыс жауап берсе, жұмыстарын мұқият, толық жағдайда жауап берген уакытта алады.

Сабаққа қатысуы: студент сабаққа міндетті түрде қатысуы керек. Жіберген сабақты міндетті түрде қайта өтеді.

Аудиториядағы жағдайы: сабаққа беделді қатысуы, сабаққа кешікпеуі керек. Ұялы телефонды айырып (дауысын дыбыссыз режимге) қоюы керек.

Үй тапсырмасы: берілген тапсырманы өз уақытында тапсыру керек. Сабақ кестесін бұзған кезде, себепсіз жағдай болса, қабылданбайды.

Жеке тапсырма: семестр бойы жеке жұмыстарды орындауы керек. Студент оны орындаған кезде балл есептелінеді. Студент қате жазған болса, студентке қайтарылып, дұрыстап қайта тапсыруы керек. Бұл тапсырмалар бөлек-бөлек бағаланады, қорытынды бағаға әсер етеді.

Бақылау жұмысы (жиынтық бағалау) Сабақ уақытында орындалады, сабақ аяғында тапсыруы керек. Сабақтан кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

4. Пәннің құрылымы және мазмұны

Апта
Дәріс
Семинар/ практикалық сабақтар / лабораторлық сабақ
ОЖСӨЖ
СӨЖ
Апта: Модуль 1. Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыстың мәні мен мазмұны
Апта: 1
Дәріс:

Тақырыбы: Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыстың мәні және мазмұны

Әдістері: түсіндіру, ассоциация, мәтінмен жұмыс

Семинар/ практикалық сабақтар / лабораторлық сабақ:

Тақырыбы: Мектепке дейінгі ұйымдағы әдіскер жұмысы пәні

Әдістері: «Шындық пен жалған», үш жақты күнделік

ОЖСӨЖ: Тақырыбы: Қазіргі балабақшадағы әдістемелік жұмыстардың ерекшеліктері
СӨЖ: Тақырыбы: МДҰ әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттерін анықтаңыз
Апта:

Тақырыбы: МДҰ әдістемелік жұмыс мазмұны

Әдістері: кластер құру, тірек сигналдар арқылы конспектілеу

Дәріс: Тақырыбы: «Әдістемелік жұмыс» ұғымына түрлі авторлардың көзқарастарын талдаңыз
Семинар/ практикалық сабақтар / лабораторлық сабақ: Тақырыбы: «Әдіскер дегенеміз кім» сауалнамасын балабақшада жүргізіп, видео түсіріп әкелу
Апта: Модуль 2 МДҰ әдіскердің қызметтік міндеттері
Апта: 3
Дәріс:

Тақырыбы: МДҰ әдіскердің қызметтік міндеттері және әдіскер тұлғасына қойылатын талаптар

Әдістері: түсіндіру, « Кесте-синтез» стратегиясы, тірек сигналдар арқылы конспектілеу

Семинар/ практикалық сабақтар / лабораторлық сабақ:

Тақырыбы: МДҰ әдіскерінің лауазымдық қызметтері

Әдістері: «Плюс, минус, қызықты», «Сыртқа-ішке» әдісі

ОЖСӨЖ:

Тақырыбы:

Әдіскер тұлғасына қойылатын талаптар

СӨЖ: Тақырыбы: Әдіскердің негізгі әрекеті - жоспарлау және қадағалау
Апта: 4
Дәріс:

Тақырыбы: МДҰ әдіскерінің тұлғасына қойылатын талаптар

Әдістері: Эссе, « Кесте-синтез» стратегиясы

Семинар/ практикалық сабақтар / лабораторлық сабақ: Тақырыбы: Әдіскердің лауазымдық қызметтері
ОЖСӨЖ: Тақырыбы: Әдіскердің талдау қызметі
Апта: 5
Дәріс:

Тақырыбы:

Әдіскердің талдау-болжау қызметі

Әдістері: түсіндіру, миға шабуыл, Инсерт әдісі

Семинар/ практикалық сабақтар / лабораторлық сабақ:

Тақырыбы: Әдіскердің жоспарлау қызметі

Әдістері: фишбоун стратегиясы, ассоциограмма

ОЖСӨЖ: Тақырыбы: Педагогтардың біліктілігін жоғарлату формасының бірі - өз бетімен білім алу
СӨЖ: Тақырыбы: МДҰ мониторинг түрлері
Апта:

Тақырыбы: МДҰ қызметін жоспарлау және талдау

Әдістері:« Кесте-синтез» стратегиясы, тірек сигналдар арқылы конспектілеу

Дәріс: Тақырыбы: Бақылауды ұйымдастыру принциптерінің мәні
Семинар/ практикалық сабақтар / лабораторлық сабақ: Тақырыбы: Бақылауды ұйымдастыру принциптерінің мәні
Апта: 7
Дәріс:

Тақырыбы: Әдіскердің бақылау қызметі

Әдістері: түсіндіру, « Кесте-синтез» стратегиясы, тірек сигналдар арқылы конспектілеу

Семинар/ практикалық сабақтар / лабораторлық сабақ:

Тақырыбы:

МДҰ бақылаудың формалары мен әдістері Әдістері: Презентация, SWOT-анализ, топтық жұмыс

ОЖСӨЖ: Тақырыбы: Бақылауды ұйымдастыру принциптерінің мәні
СӨЖ: Тақырыбы: Әдістемелік жұмыстың түрлері
Апта:

Тақырыбы:

Педагогикалық талдау басқару функциясы ретінде

Әдістері:« Кесте-синтез» стратегиясы, тірек сигналдар арқылы конспектілеу

Апта: Модуль 3. МДҰ әдістемелік кабинет
Апта: 8
Дәріс:

Тақырыбы:

Балабақшада әдістемелік кабинет жұмысын ұйымдастыру

Әдістері: түсіндіру, Ассоциация, тірек сигналдар арқылы конспектілеу

Семинар/ практикалық сабақтар / лабораторлық сабақ:

Тақырыбы:

Әдістемелік кабинет жұмысын талдау

Әдістері: Кейс-стади, рөлдік ойын

ОЖСӨЖ:

Тақырыбы:

Ата-аналармен жұмыс істеуде интерактивті әдістерді қолдану

СӨЖ: Тақырыбы: Педагогтардың біліктілігін жоғарлату формасының бірі - өз бетімен білім алу
Апта: 9
Дәріс:

Тақырыбы:

Педагогикалық ұжымдағы әдіскер рөлі

Әдістері: түсіндіру, Инсерт әдісі, тірек сигналдар арқылы конспектілеу

Семинар/ практикалық сабақтар / лабораторлық сабақ:

Тақырыбы:

Әдіскер қызметінің ерекшеліктері

Әдістері: «Алты қалпақ» әдісі, топтық жұмыс, Ассо-

циограмма

ОЖСӨЖ:

Тақырыбы:

Әдістемелік жұмыстардың формалары

СӨЖ:

Тақырыбы:

Ата - аналармен қарым - қатынасты қалыптастыру

Апта: Тақырыбы: МДҰ жоспар құру технологиясы
Дәріс: Тақырыбы: МДҰ әдістемелік кабинет
Апта: 10
Дәріс:

Тақырыбы: Мектепке дейінгі ұйым әдіскердің кәсіби шеберлігі

Әдістері: түсіндіру, « +, -, қызықты» әдісі, тірек сигналдар арқылы конспектілеу

Семинар/ практикалық сабақтар / лабораторлық сабақ:

Тақырыбы :Балабақшада педагогикалық кеңесті ұйымдастырудың түрлері, формалары және әдістері

Әдістері: Кейс-стади, рөлдік ойын

ОЖСӨЖ:

Тақырыбы:

Ата-аналармен жұмыс істеуде интерактивті әдістерді қолдану

СӨЖ:

Тақырыбы:

Диагностика- МДҰ оқыту, тәрбиелеу процесіндегі қадағалау тәсілі ретінде

Апта: Модуль 4. Балабақшада қолданылатын инновациялық технологиялар
Апта: 11
Дәріс:

Тақырыбы: МДҰ педагогтарының біліктілігін арттыру

Әдістері: түсіндіру, миға шабуыл, аудио материалды талдау, Инсерт әдісі

Семинар/ практикалық сабақтар / лабораторлық сабақ:

Тақырыбы :МДҰ педагогтардың біліктілігін арттыру

Әдістері:

Презентация, SWOT-анализ, топтық жұмыс

ОЖСӨЖ:

Тақырыбы:

МДҰ педагогикалық кеңесті ұйымдастырудың дәстүрлі емес формалары

СӨЖ:

Тақырыбы:

ТРИЗ технологиясы

Апта: 12
Дәріс:

Тақырыбы: Педагогикалық инновациялар.

Әдістері: түсіндіру, миға шабуыл, Инсерт әдісі

Семинар/ практикалық сабақтар / лабораторлық сабақ:

Тақырыбы :Педагогтармен жұмыс істеуде диагностикалық әдістер

Әдістері: фишбоун стратегиясы, ассоциограмма

ОЖСӨЖ: Тақырыбы :Педагогтармен жұмыс істеуде диагностикалық әдістер қолдану
СӨЖ: Тақырыбы :Денсаулық сақтау технологиясы
Апта: 13
Дәріс:

Тақырыбы: Балабақшаның дамытушылық ортасы - бала, педагог, ата-ана қызығушылығын арттыру кеңістігі

Әдістері: түсіндіру, ассоциация, тірек сигналдар арқылы конспектілеу

Семинар/ практикалық сабақтар / лабораторлық сабақ:

Тақырыбы: Ата-аналармен жұмыс істеуде интерактивті әдістерді қолдану

Әдістері: іскерлік ойын, „шындық және жалған“ әдісі

ОЖСӨЖ: Тақырыбы: МДҰ әдістемелік кабинет
СӨЖ: Тақырыбы: Тәй-тәй технологиясы
Апта: Тақырыбы: Диалогтық, вербальды емес қарым - қатынастың дамуына байланысты жаттығулар
Дәріс: Тақырыбы: МДҰ жоспар құру технологиясы
Апта: 14
Дәріс:

Тақырыбы: Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар

Әдістері: түсіндіру, миға шабуыл, аудио материалды талдау, Инсерт әдісі

Семинар/ практикалық сабақтар / лабораторлық сабақ:

Тақырыбы :

Балабақшада қолданылатын инновациялық технологиялар

Әдістері:

Презентация, SWOT-анализ, топтық жұмыс

ОЖСӨЖ: Тақырыбы: Инновациялық технологияларға түсініктеме
СӨЖ: Тақырыбы: Тұлғаны диагностикалау әдістемесі.
Апта: 16
Дәріс:

Тақырыбы: Дамыта оқыту технологиясы

Әдістері: түсіндіру, Ассоциация, тірек сигналдар арқылы конспектілеу

Семинар/ практикалық сабақтар / лабораторлық сабақ:

Тақырыбы :

МДҰ әдістемелік жұмыстардағы белсенді әдістері.

Әдістері: фишбоун стратегиясы, ассоциограмма

ОЖСӨЖ: Тақырыбы :Дамыта оқыту технологиясының балабақша жағдайында қолдануға болатын тиімді әдістері
СӨЖ:

Тақырыбы :

Әдістемелік жұмыстың мазмұны, түрлері

Апта: 17
Дәріс:

Тақырыбы: МДҰ ата - аналармен жұмысты ұйымдастыру

Әдістері: түсіндіру, « +, -, қызықты» әдісі, тірек сигналдар арқылы конспектілеу

Семинар/ практикалық сабақтар / лабораторлық сабақ:

Тақырыбы :

Ата - аналармен жұмысты ұйымдастыру

Әдістері: «Плюс, минус, қызықты», «Сыртқа-ішке» әдісі

ОЖСӨЖ:

Тақырыбы :

Педагогтардың біліктілігін жоғарлату формасының бірі - өз бетімен білім алу

СӨЖ:

Тақырыбы :

МДҰ ата - аналармен жұмысты ұйымдастыру

Апта: 18
Дәріс:

Тақырыбы: Әдіскер басшылыққа алатын нормативтік құқықтық құжаттар

Әдістері: түсіндіру, Ассоциация, тірек сигналдар арқылы конспектілеу

Семинар/ практикалық сабақтар / лабораторлық сабақ:

Тақырыбы :Ата - аналармен жұмысты ұйымдастыру

Әдістері: «Плюс, минус, қызықты», «Сыртқа-ішке» әдісі

ОЖСӨЖ:

Тақырыбы :

Әдістемелік кабинеттерді ұйымдастыру жұмыстары

СӨЖ: Тақырыбы :Мектепке дейінгі балалардың қимылын дамытудың негізгі құралдары
Апта: 19
Дәріс:

Тақырыбы: Балабақшадағы әдістемелік жұмыс технологиялары

Әдістері: түсіндіру, Ассоциация, тірек сигналдар арқылы конспектілеу

Семинар/ практикалық сабақтар / лабораторлық сабақ:

Тақырыбы:

Әдістемелік қызметтің технологиялары

Әдістері: Джигсо, «Сыртқа-ішке» әдісі

ОЖСӨЖ:

Тақырыбы:

Әдістемелік жұмыстың мазмұны, түрлері

СӨЖ:

Тақырыбы:

Әдістемелік қызметтің инновациялық технологиялары

5. Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер. ҚР Білім және ғылым министрлігі, Астана. 2009.
  2. Балаларды міндетті мектепалды даярлығы тұжырымдамасы. //Қазақстан мұғалімі. -29. 12. 19. 99 - 6 б. Гигиенические основы воспитателя детей от 3 до 7 лет. Сост. В. И. Теленчи. - М. : Просвещение, 1981-192с.
  3. Бондаренко А. К., Л. В. Шкатула., -Заведующий дошкольным учреждением. -М., 1984.
  4. Белая К. Ю. Методическая работа в ДОУ: Анализ, планирование, формы и методы. -М. : ТЦ Сфера, 2007. -96с.
  5. Виноградова Н. А. Методическая работа в ДОУ. Эффективные формы и методы: методическое пособие / Н. А. Виноградова, Н. В. Микляева, Ю. Н. Родионова. -М. : Айрис -пресс, 2008. -192с.
  6. Елжова Н. В. Методическая копилка для педагогов дошкольного образовательного учреждения / Н. В. Елжова. -Изд. 3-е, перер. и дополн. -Ростов н/Д: Феникс, 2011. -250с.
  7. Чумичева Р. М. Управление дошкольным образованием: учебное пособие для студентов высших пед. учеб. Заведений /Р. М. Чумичева, Н. А. Платохина. -М. : Издательский центр «Академия», 2011. -400с
  8. Методист детского сада. /Под. ред. Буре Р. С. -М., 1994.
  9. Элен Битэм, Рона Шарп. Педагогиканы цифрлық дәуірде қайта зерделеу. ХХІ ғасырдағы оқыту дизайны, Oxford University Press, 2007, 2013 ж.
  10. Дейл Х. Шунк. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі, Pearson, 1999., 2015ж.
  11. Бартлетт Стив, Бертон Диана. Білім берудегі зерттеулер. Кіріспе. SAGE Publications Ltd., 2006, 2016ж.
  12. Балбөбек бағдарламасы. - Алматы: Шартарап, 2000.
  13. Арыстангалиева В. Т., Ескакова Ф. Е., Болатова Г. М. Ұжымшылдыққа тәрбиелеуде қолданылатын ұлттық-қимылды ойындар. -оқу-әдістемелік құрал. - Орал., 2018

Қосымша әдебиеттер тізімі:

  1. Белая К. Ю. Инновационная деятельность в ДОУ. - М., 2006
  2. Корепанова М. В. Липчанская И. А. Аттестация педагогических и руководящих работников ДОУ. - М., 2006
  3. Организация работы методиста детского сада. Спец курс /Рос. Акад. Образов. -М., 1994.
  4. Методические указания к Программе воспитания и обу­чения детей старшего дошкольного возраста «Бiз мектепке барамыз. Астана, 2011.
  5. «Балбөбек» бағдарламасы. -Алматы, 1999.
  6. Программа развития и воспитания дошкольников в детском саду и семье. -Алматы, 1997.
  7. Рылеева Е. В., Барсукова Л. С. Управление качеством социального развития воспитанников дошкольного образовательного учреждения. -М, 2004.
  8. Типовые правила об организации деятельности дошкольных мини-центров с полгым и неполным днем пребывания детей -МОН РК - Астана 2006.

Мультимедиялық материалдар, электронды оқулықтар

http://window. edu. ru/resource/557/62557

http://window. edu. ru/resource/610/67610

http://window. edu. ru/resource/425/60425

http://planetadetstva. net/vospitatelam/pedsovet/sajt-dlya-vospitatelej-detskogo-sada-planeta-detstva. html

http://dohcolonoc. ru/

http://vospitateljam. ru/

6. Дәрістер кешені

Бірінші апта

№ 1 дәрістің тақырыбы: Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыстың мәні және мазмұны

Терминдер мен анықталамар:

Әдіскер (Методист) -оқу - тәрбие әдісін жетік меңгерген ұстаз. Оның міндеті- пәннің оқытылу жағдайын бақылайды: озат мұғалім мен мектеп тәжірибесін жинақтап таратады. Ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетеді.

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

  1. Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыстың мәні

2. Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмыстың міндеттері және мазмұны

1 . Әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі педагогиканың мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс - тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда. Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгіні де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалып отыр.

Әдістемелік жұмыс - бұл тұтас, ғылым жетістіктеріне, озат тәжірибеге негізделген шаралар жүйесі. Ол әр педагогтың шеберлігін арттыруға, ұжымның шығармашылық әлеуетін жалпылауға және дамытуға бағытталған, балаларға білім беру, тәрбиелеу және дамытудың қолайлы нәтижелеріне жетуге бағыттылған шаралар жүйесі.

МДҰ әдістемелік жұмыстың мақсаты білім беру үдерісіне қатысушылардың жалпы және педагогикалық мәдениетінің деңгейін үздіксіз арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Әдістемелік қызметтің бұл мақсаттарын жүзеге асыру мектепке дейінгі білім беру педагогтарының әдістемелік бірлестігі, ғылыми-әдістемелік және педагогикалық кеңес, мониторинг қызметі, сонымен бірге өз бетімен білім алу бойынша педагогтардың белсенді жұмысы арқылы жүргізіледі.

Әдістемелік жұмыс - мектепке дейінгі мекемедегі барлық педагог қызметкерлердің өз мамандығын жетілдіретін, шеберлікті арттыратын, озат тәжірибе мен ғылым жаңалықтарын өз жұмысына шығармашылықпен енгізетін бірден-бір жұмыс түрі.

МДҰ әдістемелік жұмысын жетілдіру және қолайлы етіп құру үшін оның мәнін, негізгі қызметін, жетекші міндеттер мен функцияларды түсіну керек, оның жүзеге асыруға және ұйымдастыруға маңызды талаптарды білу қажет.

«Әдістемелік жұмыс» ұғымына ғалымдар қалай сипаттама береді. М. М. Поташник «білім беру мекемесіндегі әдістемелік жұмыс - бұл үздіксіз білім беру жүйесінің бөлігі».

А. М. Моисеевтың тұжырымдауы бойынша, әдістемелік жұмыс мынаған негізделеді:

1. Ғылым және озат педагогикалық тәжірибе жетістіктеріне

2. білім беру үрдісін нақты талдауға

3. әрбір мұғалім және тәрбиешінің біліктілігін және педагогикалық шеберлігін жан жақты арттыруға бағытталған шаралар, әрекеттерменөзара байланысына, педагогикалық ұжымның шығармашылық әлеуетін дамытуға және арттыруға . . . білім беру үрдісін жетілдіруге, білім беру, тәрбиелеу және дамытудың қолайлы деңгейіне жетуге негізделеді.

И. Третьяковтың анықтамасы бойынша: «Әдістемелік жұмыс - ұзақ және күрделі үрдіс, ол ұжымның жоспарлаған мақсаттарына, міндеттеріне тәуелді ».

К. Ю. Белаяның анықтамасы бойынша: «Әдістемелік жұмыс - мекеменің білім беру ортасын педагогтың және педагогикалық ұжымның шығармашылық әлеуеті толық жүзеге асатындай етіп құруға баытталған қызмет».

Сөйтіп, әдістемелік жұмыс - бұл педагог шеберлігін және оның құзыреттілігін арттырудың негізгі жолы.

2. Әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері:

- тәрбиешілерге балалармен жұмыс жүргізудің технологияларын, формаларын, әдістерін жетілдіруге нақты тәжірибелік көмек беру. Бұдан МДҰ әдістемелік жұмысының сапасын бағалаудың келесі критерийлерін бөлуге болады:

- балалардың дамуына қойылатын талаптарды орындау;

- педагогтардың шеберлігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру;

- ұжымда психологиялық ахуалды арттыру, педагогтардың шығармашылық әлеуетін арттыру, озат педагогикалық тәжірибені дамыту.

Әдістемелік жұмыстың негізгі мазмұнын келесібағыттармен ұсынуға болады:

  1. Педагогтарды жалпы мәдени дайындығы (педагогтың сөйлеу мәдениетін, өнер саласындағы құзыреттілігін арттыру және т. б. ) ;
  2. Педагогтардың дидактикалық дайындығы (тәрбиешілер және мамандар дамыту оқытудың жетекші дидактикалық концепцияларын білу керек және т. б. ) ;
  3. Педагогтардың әлеуметтік-психологиялық дайындығы (коммуникативтік құзыреттілікті, педагогикалық эмпатиянығ рефлексияны және т. б. қалыптастыруға бағытталады) ;
  4. Педагогтардың денсаулық мәдениеті және өмір қауіпсіздігі, балалардың дене тәрбиесі саласында құзыреттілігін арттыру;
  5. Педагогтардың әдеп және құқықтық дайындығы, мектепке дейінгі жастағы балалардың құқықтарын сақтау және қорғау саласында;
  6. Педагогтардың тәрбие беру дайындығы;
  7. Педагогтардың басқару дайындығы;
  8. Технологиялық дайындық (тәжірибелік құзыреттіліктерді қалыптастыру) ;
  9. Педагогтардың техникалық дайындығы (тәжірибелік құзыреттіліктерді қалыптастыру) .

Екінші апта

№ 2 дәрістің тақырыбы: МДҰ әдіскердің қызметтік міндеттері және әдіскер тұлғасына қойылатын талаптар

Терминдер мен анықталамар:

Әдіс (метод; грек. methodos - теория, ілім, зерттеу жолы) көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдерді тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану - жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты. Тәрбие мен оқыту әдістерін жасап, топтастыру тәлім-тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі.

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

  1. МДҰ әдіскерінің құзыреттілігіне қойылатын талаптар
  2. МДҰ әдіскерінің лауазымдық міндеттері

1. Мектепке дейінгі білім беру сапасын қамтамасыз ететін педагогикалық үдерісті жүзеге асыру балабақша педагогыныңкәсіби құзыреттілін арттырумен байланысты. Балабақшаның аға тәрбиешісі (әдіскері) лауазымы біртіндеп қалыптасты, ХХ ғ. 60 ж. бастап. Бастапқыда ол «педагог» лауазымы болды, ол бөбек жасындағы (ясель) тобындағы балаларға қызмет көрсетуге бағытталды. 1965 ж. Бастап лауазым «тәрбиеші-әдіскер» лауазымы деп өзгертілді, ол меігерушінің көмекшісі болды, қажет жағдайда меігеруші орнында болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі міндеттер
2015-2020 жылдарға арналған «Нұрмирас» мектепке дейінгі ұйымының даму бағдарламасы
Мектепке дейінгі балалармен жұмыс тәжірибесі
Тәрбиеші мен ата-аналар қарым-қатынасын ашып көрсету
Мектепке дейінгі мекемеде логопед қызметінің бағыттары
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің басқарылуын талдау түрлері, классификациясы
Балабақшадағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы әдіскердің рөлі
Мектепке дейінгі жастағы баланың эмоционалдық саласын дамыту құралдарын қарастыру
Ересек топ балалардың танымдық қабілеттері
Биологиялық ұлпаларға жоғары интенсивті лазерлік сәуле әсерінің механизмі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz