Салыстыру демеулік шылаулары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Респбликасы білім және ғылым министрлігі

Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университеті КеАҚ

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Д. Исабеков шығармаларындағы демеулік шылаулардың қызметі мен контекстік мәні

Пән: Қазақ әдебиеті

Мамандық: 6В01401 - Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін даярлау

Орындаған: Абдрахманова. Ж, 2 курс студенті

Оқу түрі:күндізгі

Жетекшісі : Г. Шахманова

Курстық жұмысты қорғады

___ 2021ж.

Баға

Көкшетау, 2021ж

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ДЕМЕУЛІК ШЫЛАУЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ . . . 5

1. 1Демеулік шылауларды зерттеу принциптері . . . 5

1. 2 Демеуліктердің морфологиялық сипаты . . . 15

2. Д. ИСАБЕКОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ДЕМЕУЛІКТЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ . . . 18

2. 1Д. Исабеков шығармаларындағы сұраулық мәнді демеуліктер . . . 18

2. 2Д. Исабеков шығармаларындағы демеулік шылаулардың қызметі мен контекстік мәні . . . 20

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 27

КІРІСПЕ

Қазіргі қазақ тілінде сөз таптарының арасында ең аз қарастырылғаны шылаулар, соның ішінде- демеуліктер. Олардың өздері жалғанған сөздерге қосымша мән үстейтіндігі және мағыналық топтарының аты аталып, санын айтумен шектеліп, функционалдық сипатына жете назар аударылмады.

Демеулік шылаулардың атаушы сөздерге үстейтін қосымша мәндерінің үнемі тұрақты болмай, өздері жалғанған сөздердің мағынасына орайласып өзгеріп отыруы, олардың сөйлем құрамында атқаратын қызметі және мәтіннің жалпы мазмұнына қосатын үлесі т. б. сияқты көптеген сұрақтар да өз шешімін таппаған. Сондықтан демеулік шылауларды контекст тұрғысынан зерттеу өзекті мәселелердің бірі екендігіне дау жоқ.

Нормативтік грамматиканың құрамында демеулік шылаулар лексикалық мағынасының солғындығымен, сөйлем мүшесі болуға қабілетсіздігімен сипатталып, көмекші сөздердің құрамында ғана сөз болады. Функционалды грамматика саласы соңғы жылдарда зерттеушілердің ғылыми зерттеу жұмыстарының өзегіне айналып жүр.

Қазақ тіл білімінде бұл туралы тіл ғалымдарының еңбектері жүйеленген, ал қазақ филологиясында мәселе енді ғана қолға алынып жүр. Бұл- мәселенің өзектілігін арттыра түседі.

Демеуліктер тілдегі белгілі бір грамматикалық категориялардың жасалуында маңызды рөл ойнаса, екінші жағынан модальдік мән беруге қажетті элемент болып саналады.

Сондықтан демеуліктер лексикалық жағынан да, грамматикалық жағынан да зерттеуді қажет етеді.

Демеулік шылаулардың атқаратын қызметтерінде де өзіндік ерекшеліктер бар. Сондықтан олардың қолданыстағы қызметі жағынан өзгешеліктерін де қарастыру қажет.

Курстық жұмыстың өзектілігі :тіл білімінде соңғы кездері функциональды грамматика мәселесі көтеріліп жүр. Осыған байлнысты демеулік шыларлардың тілдік жеріндегі, қазіргі тіл біліміндегі негізгі мағыналары мен қолданыстағы мәндерін анықтау қажеттігі туып отыр.

Себебі демеулік шылаулардың қазіргі тіл біліміндегі қызметі әлі күнге өз шешімін тапқан жоқ. Демеулік шылаулардың негізгі мағыналары мен қолданыстағы мәндерін нақтылап жүйелеу зәрулікке әкеліп отыр.

Сондықтан қазіргі қазақ тіл білімінің даму дәрежесіне сай оларды жан-жақты зерттеу қажет.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың мазмұн құраудағы рөлін, оның қолданыстағы мағынасы мен қызметін айқындау зерттеу жұмысымыздың мақсаты болып табылады. Оған жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделді:

шылау сөздердің, соның ішінде демеулік шылаулардың қолданыстағы мағынасы мен қызметінің өзіндік ерекшеліктерін анықтау;

демеулік шылаулардың даму, қалыптасу тарихына тоқталу;

демеулік шылауларды топтарға бөлудің негізгі принциптерін айқындау;

көмекші сөздердің кейбір негізгі белгілерін атаушы сөзге қойылатын белгілермен салыстыру;

Курстық жұмыстың зерттеу нысаны: Қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың даму, қалыптасу жолдары- зерттеудің басты нысаны

Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы:

Курстық жұмыста демеулік шылаулардың нақтылы құрамы анықталып, олардың тілдегі қызметі, мағынасы, қолданылу ерекшелігі, толық мағыналы сөздерге тіркесу ерекшелігі, көмекші сөздердің ішінен грамматикалануы жағынан қосымшаға жақындығы, демеулік шылаулардың сөз таптарына тіркесі мен қолданылу орны нақтыланды.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ДЕМЕУЛІК ШЫЛАУЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

1. 1 Демеулік шылауларды зерттеу принциптері

Демеулік шылаулар зерттелуі-сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер.

Шылау сөздер дегеніміз - ішкі мазмұндары жағынан да, сыртқы формалары жағынан да, сондай-ақ, қызметтері жағынан да өздерінің бастапқы шыққан төркіндерінен біржола қол үзіп, әрі осы аталған негізгі үш белгі жөнінен де дербестіктерінен айырылып, өз алдына категория болып қалыптасқан және жалпы көмекші сөздер тобына негізгі ұйытқы есебінде қызмет ететін сөздер. Грамматикалық сипаттарына қарай, шылаулар ішінара үш жікке бөлінеді: олар - септеуліктер, жалғаулықтар және демеуліктер.

Демеулік шылау-модальдік категориясына енетін, дербес сөздерді айқындайтын, түрлі сөйлем құрылысында алуан түрлі реңк қосатын, қалтарыстағы ойды ойды анықтайтын шылау түрі. Олардың демеулік деп аталуы да осыған байланысты, логикалық ойды демейді. Демеулік шылауларынсыз сөйлем құрылымдарының мағыналық бояуы, өңі танылмауы да мүмкін. Демеулік шылаулар сегіз негізгі мағыналық топқа жіктеледі:

Күшейткіш демеулік шылаулар- да/ де, та/те, -ай, -ақ, -ау;

Сұраулық демеулік шылаулар -ма/ме, ба/бе, па/пе, ше;

Шектеу демеулік шылаулар- ғана/ қана;

Тежеу демеулік шылаулар- тек;

Нақтылау демеулік шылаулар қой/ғой, -ды/ді, -ты/ті, -тын/тін;

Қомсыну демеулік шылаулар- екеш;

Салыстыру демеулік шылаулар- түгіл, тұрсын, тұрмақ;

Болжалдық демеулік шылаулар- мыс/ міс;

Күшейткіш демеуліктері: -дағы/- тағы және осы демеуліктен қалыптасқан

да/де, та/те демеулігі үнемі күшейткіш мәнде жұмсалады: Жігіттікті кәрілік қуып жетіп, Ажал дағы кешікпей жетесің ау (С. Т) . Дауысы да қалтырап шықты (Ә. Ә) Көше сондай қараңғы да емес қой (Н. Ғ) . Сөйлемдерде демеулік зат есім, сын есімге күшейткіш мән үстеген, сондай-ақ қалау райлы етістікке, есімшеге, сан есім, есімдікке де күшейтуді қосады. Кейде, керісінше, да/де-нің күшейткіш мәні бәсеңдейді: Оны әуелі Нариман байқаған да сияқты (Ш. М) . Мысалда «да» шылауы есімшемен айтылған, бірақ «сияқты» сөзінің қатысуымен жұмсақтау естіледі. Мына сөйлемде де «емес» көмекшісінен күшейткіш мән солғындаған: Тіпті көне түркілер дүниеге Айса пайғамбардың келгенін білген де емес (Т. Ж) . Да/де жалғаулық, септеуліктерге де күшейту мәнін үстейді. Да/де қыстырма сөздермен келіп сөйлем модальдығын арттыра түседі:

Мараттың, шынында да, жаны шығып кете жаздады (Б. Н) Мысалда қостау мәні күшейтілген. Да/ де бірыңғай мүшемен келгенде санамалап, әрбіріне күшейткіш реңк жамайды: Мәдидің қаны да, жаны да кекке айналып еді. (Ә. Ә. ) . Автобус толы адам әлгінің кім екенін де, қайдан келе жатқанын да білмесе керек. (Ш. М. ) .

-Ақ шылауы абстрактілі демеулік, тіркескен сөздерінің бәріне күшейткіш мән

жамайды: Көлік-ақ қой, жарықтық (Ғ. М. ) . Қазақтың-ақ баласысың (Ш. М) . Жасынан-ақ шақар болып өсті (З. Ақ) . Мұнда түрленген зат есімдермен келген; сын есімнің сапалық, қатыстық түрлеріне, олардың түрлі тұлғаларына, есімдік, етістіктің жедел өткен шақ, қалау рай, - ғанша/ генше, -ар/- ер, -р; -атын/, -етін тұлғасындағы есімшеге, тұйық етістікке, -дай/-дей тұлғалы есімге, күрделі етістік құрамындағы-ып/ іп, -п көсемшеге, ауыспалы осы шақ етістіктерге тіркескенде күшейткіш мәні нақты аңғарылады: . . . өзім де қиналдым-ақ. (Н. Ғ) . Әкеме ұқсағым-ақ келеді (Б. Н) . Райбек айтатынын естіген есіктен шыққанша-ақ айтып үлгерді. Бағыштармын-ақ (С. См) . Екеуі келісіп қойғандай-ақ қол ұстасты. (М. Б) .

Тартқан-ақ екен. Шап ете түсетін-ақ реті бар. (З. Ақ) . . . жапырағын қарша күреп жүру-ақ қиын екен (Т. А) . Мәрзия бағана әрең шығып- ақ еді. Осы жолғы созылуы ұнамайды-ақ. (Ш. М) . Үйге өзім-ақ барғалы отырмын(Н. Ғ) . Әлдеқашан-ақ жыңғылды жер қазып жатпас па едім (Ад. М) . Егер шартты, бұйрық райлы, болымды- болымсыз, -а/-е/-й тұлғалы көсемше етістіктерге тіркессе, күшейткіштігі бәсеңдейді: Осы жігітті көрсем-ақ күлкім келеді. (Н. Ғ) . Қаланың адамдарын қысылтпайын-ақ дейсің. (Б. Н) . Үстеумен келгенде де күшейткіштігі солғындайды, әсіресе, қимыл-сын үстеуінде: Жаяу-ақ жетіп қалам ғой. Мән бермей елеусіз-ақ қалдыратын нәрсе (Ш. М) .

Септеуліктің «кейін, дейін, соң» түрлері модаль, қыстырма сөздерге үстейді: Бағана үйге кіргеннен соң-ақ, еттен ауыз тимей кетпейтінін білген. (З. Ақ) . Оларды самолетке мінгізіп жібергенннен кейін-ақ Бағдаттың жағдайы нашарлады. (М. Б) . Төзімі осы жерге дейін- ақ жетті. (Ад. Мек. ) . Қоғамдық пікірдің қалыптасуы үшін бұл керек-ақ («Ана тілі») . Айбектің де, Қоңырдың да ондайға қыры жоқ-ақ (Д. Ә) . Пісіп тұрса дұрыс-ақ (Ғ. М) . Шынымен-ақ ешқайсысы іздемес пе екен? (Б. Н) .

-Ай, - ау демеулігі жайында ғалымдар пікірі түрліше болғанмен, олардың мағыналы сөздерге тіркесуінде күшейткіш мәні басым: Қарғыс атқыр пендешілік-ай десейші (Ад. Мек. ) . Шіркін, есіл ер-ай десеңші (Н. Ғ) . Сөйлемдерде -ай демеулігі зат есімді сөздерге ой екпінін түсіріп, ерекшелеп тұрса, олардың алдындағы «шіркін, бейшара» сөздері сөйлемге эмоциялық реңк беріп, демеулікпен қосарланып, тұтас фраза кею, аяу мәнінде айтылған. Күшейткіштік етістікке де үстеледі: Өмір шіркіннің зымырауын-ай! (Ә. Ә) . Пай-пай қасқаның маңқиюын-ай! (Ә. К) . Құрып-ақ қалсын-ай, қарғам шошып қалған екен ғой (Б. Н) . Соңғы сөйлемдегі «құрып-ақ қалсын-ай» бұйрық райлы күрделі етістікті тіркес сөйлеушінің айтуымен берілген. Бұл демеулік етістіктің басқа да шақ түрінде тіркеседі.

Заттанған сын есімдермен келіп, оларды күшейте түседі: Беу, осы байғұстың тілінің жаманы-ай! (Ж. А) . Ай, осы сенің кешірімсізің-ай! (Б. Н. ) . Қаратпа сөздерді:

Ау демеулігінде де осы ерекшелік: - Аллау, неткен ұлы адм (Р. С. ) . Ғажап-ау! Сабазсың-ау, Мәдижан, сабазсың (Ә. Ә. ) . Бұл демеулік жорамал, қостау мағынасындағы модаль сөздерді баса көрсетеді: Аты сөйлейтін де шығар-ау (Ә. Ә. ) . «Өлі арыстаннан тірі мысық» деген рас-ау (Ад. Мек. ) . Сілтеу есімдігін күшейтеді: Қартайғанаңды кейінгі жастардан білесің деген осы-ау (Д. Ә. ) . -Ай демеулігі де олсы тәріздес.

2. Сұраулық демеулік шылаулар: ма/ме, ба/бе, па/пе, ше, демеулік шылаулары сұраулық мәнін береді. Ол негізінде предикаттық қолданыстағы демеулік болып табылады, яғни баяндауыш қызметіндегі сөздермен келіп, сұраулық мәнін жамайды. Ма/ме сұраулық демеулігі жіктелген сөздермен келгенде, оның сұрау мағынасы нақты келеді: Сіз Данаевсыз ба? Ток жүріп тұр ма сонда? (Ш. М) . Бізбен бірге серуенге барасың ба? (Б. Н) . Сайдалы, сен оны ойладың ба?(Ә. Ә) .

Модаль сөздермен сұраулық мағынасы беріледі: Менің оқ жұмсауым керек пе? Атыңызды алысқа айдап кеткен жоқсыз ба?(Ә. Ә. ) . 2 жақта айтылған сөздермен кірігіп, жіктік жалғауынан бұрын қолданылғанда да сұраулық мән қалады: Бекетпісің? (З. Ақ) . Сендер демалуды қойғаннан саумысыздар? (А. Мек. )

Сұраулық қатарындағы ше демеулігі-ауызекі тілде жиі қолданысқа түсетін шылау; жай сұрауды емес, әр қызметтегі зат есім, етістік, үстеулерге тіркесіп, айтылған ойды толықтыру үшін, қайталай сұрау мақсатында әрі анықтап білу, жетек мәнінде жұмсалады: Жері ше? Халықты жеткізеді дейтін өкімет пен партиялардың ше? (А. Мек. ) . Ал Жаркентке ше? (Ә. К) . Кейде «ше» айтылым бойынша қолданылып кетуі мүмкін: - Ал мен ше? (А. Мек. )

Ше демеулігі шартты райлы етістікпен келіп жете сұрауды білдіреді: Ол кісі ылғи майдан әндерін айтады, ішіп алса ғана. - Ішпесе ше? (Р. С) . Шыным болса ше? (Ә. Ә. ) . Септеулік шылаудан кейін келіп, жетек сұрауды көрсетеді: Сонан соң ше? (А. Мек. )

3. Шектеу демеулігі сын шектеу мағынасын үстейді: Орта жолдан қайтқан Текежанның өлексесі ғана екен. Оның тек бір рет ғана әнін естігенмін. (Ә. Ә) . Есімдіктің сілтеу түріне шектік мәнін басым үстейді: Күлән өзінің жылап отырғанын сонда ғана аңғарды (Н. Ғ. ) . Адалдықты тек сонымен ғана таразылар болсақ, онда тіпті тұзы татымай кетеді ғой оның. (Н. Б) . Текежанның ақылы соған ғана жетті. Осы ғана- менің айтарым (Ә. Ә. ) . Үстеудің көбіне қимыл-сын түрімен айтылып, шектеуді білдіреді: Иман енді ғана үн қатты (Ә. Ә. ) . . . қысқаша ғана айтты (Ш. М. ) . . . жай ғана жымиды. ( Ад. Мек. )

Кейде тежеу мәнді «тек » демеулігімен қатар келіп, күшейте шектеу мағынасын қосады: Тек қана оқуменен өнер білмек ( С. Т) . . . тек сөз арасында ғана айтармын (Ш. М) . Екі демеулік бірде қатар, бірде алшақ тұрып, күшейте шектеу мағынасын берген.

4. Тежеу демеулігі: - «тек» демеулігі сөздердің алдынан тежеу мағынасында жұмсалады. Тежеу мағынасын бірде өзінен кейін келген сөзге, бірде бүкіл, тұтас сөйлемге қосылады. Тұтас сөйлемге тежеулікті үстеуде сөйлемнің басында қолданылады: Тек жүрегімен сезеді. Тек бір зәлім күлкі кетпейді езуінен (Ш. М) .

5. Нақтылау демеулік шылаулары: Бұл топтағы демеуліктің бірі- қой/ ғой, өте жиі қолданылатын демеулік, барлық сөз табына, олардың түрлі тұлғасына нақтылау бағасын береді: Өмір, шіркін, тәтті ғой (Ә. Ә) . Ол үшін, айттым ғой, қаржы қажет (Ш. М) . Кейбір тіркестерде өзінің мәніне қосымша реңк қосады. Мәселен, етістіктің есімше, қалып түрлерімен келгенде, нақтылау мәні нық. беріледі: Сендей жалғыз атты жандаралдың жарлығын орындауды ұят көрген ғой (Ә. Ә) . Қазір карьерде жүрмін ғой. Ақша кассада жатыр ғой (Ш. М) . «Емес», «екен» көмекші етістігімен тіркескенде іс-әрекет нақтылана түсіп, сенімдірек көрінеді: Бұл сіз айтатын сөз емес қой (Ш. М) . Мәритә байғұс өлмеуіне болады екен ғой (Ш. М) . Модаль «мүмкін» сөзімен болжалдылықты нақтылай түседі: Әлдеқалай қолға түспей кетуі де мүмкін ғой (Ш. М) . Қой/ғой өзінің табиғи мағынасымен бірге контекске қарай қосымша реңктерді қосады: нақтылы болжау, нақтылы сенімділік т. б.

Нақтылау -ды/-ді, -ты/-ті демеулігі ғалымдар айтқандай өткен шақтық мәнде емес, өткен шақтағы сөздерді, әсіресе, есімшелерді нақтылайды. Өткен шақтық мағына -ды/- ді демеулігінің қатысуынсыз-ақ беріледі: Құнанбай көпке дейін үндемей, түйіліп қалғанды (М. Ә) . Мұнда «қалған» есімшесі өткенді білдіреді, -ды демеулігі оны тек нақтылаған. Ол қай сөз табына тіркессе де нақтылау үшін жұмсалады. Алдымен, есімше, модаль сөздерді ( бар, жоқ) , кейбір есім сөздерді, кейде басқа да сөз таптарын демеп, нақтылайды. Оның есімшеге мән үстеуі басым кездеседі: Сұлтанмахмұт баса көктеп, еркін кірген-ді (Д. Ә. ) . Маржанкүл жеңгесіне айтпай кетпейтінді (Н. Ғ. ) . . . қос иығынан басқан зіл қара тас еңсені езбей қоймас-ты (Ш. М) .

Оның модаль сөздерге тіркесуінде нақтылау мағынасы айқын көрінеді: Бекет дәл осыны сұрар деп ойлаған жоқ-ты (З. Ақ) . Геологтардың оны жолбасшы етіп алуында осындай мән бар-ды (Ш. М) . Сәлиманың айтқаны рас-ты (Б. Н) . Біздің Досан жүрген жердің жемісі осындай болса керек-ті (Н. Ғ) .

-Ды/-ді демеулігінің өткен шақтағы іс-әрекеттерді, оқиғаны, құбылысты нақтылап көрсету үшін қызмет жасайтынын оның өткен шақты баяндауышты зат есімге, көмекші есім, сын есім, есімдік, жалғаулықтарға тіркесіп жұмсалуынан тануға болады: Кәрім татар болғанмен, тұрмысына қазақ иісі сіңе бастаған саудагер-ді. Қар кетіп, жер дегди бастаған кез-ді (З. Ақ) . Үмітім зор-ды (Б. Н) . Ел арасына тараған сөздің бірі осы-ды. (З. Ақ) . Оның әңгімені айтпай қойғаны сондықтан-ды (Б. Н) .

Осы тәрізді қызмет атқаратын демеулік- тын/ -тін. Бұл демеулік жайында ешбір еңбек, оқулық, зерттеуде пікір, көзқарас- болжамдар айтылмайды. Бірақ көркем шығармаларда сирек болса да қолданысы ұшырасады. -Тын/-тін демеулігінің -ды/- ді шылауымен мағына үстеуде бірдей қызмет атқаруы олардың бір-біріне төркіндес екендігін білдіреді.

-Тын/ -тін демеулігінің- ды/-ді шылауымен төркіндес деудің тағы бір ұштығы- оның да -ды/-ді демеулігі демейтін сөз таптарымен қолданылып, мағына үстейтіндігі. Мысалы: Көрікті болу да көкейімде жүрген арман-тын. Болымсыз нәрседен шатақ шығаратын жайсыздау кісі-тін (Б. Н) . Бірақ бұл екеуінің жөні бөлек-тін (М. Б) . Көкірегі зіл басқандай серпіліссіз-тін (А. Мек. ) . Егер сөйлемдерді - тын/-тін демеулігінсіз қолдансақ, нақтылау мәні жойылып, қимыл-әрекет, оқиға жалпы осы шақта көрінеді. Бұл -тын/-тін ( сол сияқты -ды/-ді) демеулігінің осы шақтық мәнді білдірмейтіндігінің бір дәлелі, екі демеулік те болған, болып жатқан әрекеттерді нақтылайды. Етістіктерді нақтылауы: Ойы- Тұрғанбайды біржола түңілдіріпаттандыру-тын (А. Мек. ) . Күлдариға әлі емтихан тапсырып жүрген-тін (Б. Н) . Модаль сөздерді нақтылауы: . . . көңілі саябыр тапқан сияқты-тын (А. Мек. ) . . . жалғыз атты бір кісі бар-тын (Ә. Ә) .

-Тын/-тін демеулігі жатыс септікті сөздерді нақтылайды: Бағана мен кеткенде үйде-тін. Колхоздың мал қорасы ауыл шетіндегі дөңде-тін (Р. С) .

6. Болжалдық демеулік шылауы. Жіктелген етістікке ғана тіркесіп, үнемі сөйлем аяғында қолданылатын -мыс/-міс демеулік шылауы тек болжалдық мағына үстейді. Ол баяндауышты етістіктердің қай-қайсысымен болсын қолданылып, болжалдылықты үстейді. Кездестірген сөйлемде - мыс/-міс көбінесе, өткен шақ көсемшені, ауыспалы осы шақ, келер шақ, нақ осы шақ етістіктерді болжай көрсетеді: Қырсық әкені Абай кінәлапты-мыс (М. Ә) . Ойратқа сонау дүрбіт, торғауыт, елеуіт тайпалары жатады-мыс Ә. К. ) .

7. демеулік шылауы. Екеш шылауы - үнемі қомсыну мәнінде жұмсалатын демеулік. Алайда осы мағынасын тек зат есіммен қолдануда көрсетеді: Жан рахатын құс екеш құс та біледі (Ш. М. ) .

8. Салыстыру демеулік шылаулары. Түгіл, тұрсын, тұрмақ демеулік шылаулары сөз таптарына қарай бірдей тіркесіп, сөзге ұқсас мағына үстейді: Гүлбадан түгіл, сол көр- лапасқа өзімде қайтқым келмейді (Ғ. М) . Шаруаның көзі жібек тұрмақ, бөзге түсетін (С. М) . Сөйлемдерде «Гүлбадан» сөзі «өзім» деген сөзбен, «шөп-пішен», «жібек-бөз» сөздері өзара салыстырылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қомсыну демеулік шылауы
Қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың қызметі
Шылау
Түрік және қазақ тілдеріндегі шылаулар
Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыруы
ШЫЛАУЛАР
Сөз таптарын оқыту негізінде оқушыда сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру жолдары
Демеулік шылаулардың семантикалық түрлері
«Екінші шет тілінің тәжірибелік курсы» пәнінен практикалық сабақтың әдістемелік нұсқауы
Демеулік шылаулардың қолданылуы (Д.Исабеков «Қарғын» романы негізінде)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz