Дарынды балаларды дамытудың маңызы
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖЕКЕ ДАРА ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ
Мазмұны
Кіріспе
1.Дарынды балалардың қабілеттілік ерекшеліктерімен педагогикалық психологиялық маңызы
1.1Дарынды балалардың шығармашылық қабілетімен жұмыс жүргізу
1.2Дарынды балалардың педагогикалық психологиялық ерекшеліктері қандай?
2.Дарынды балаларды дамытудың маңызы
2.1.Дарынды балаларды психологиялық тұрғыда зерттеу
2.2.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, дарынды оқушыларды тану жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры.Ғасыр талабына сай зерделі, ой-өрісі жоғары азаматты қалыптастыру- мемлекетіміздің стратегиясы болып отыр. Дарындылықты дамыту білім саласына қатысты заңнамаларда жақсы көрініс тапқан. Мысалы, 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған Бала құқықтары туралы конвенцияның 29,31 баптарында қатысушы мемлекеттер баланың ... жеке тұлға ретінде дамуына, баланың бойындағы дарынын және ақыл-есін, дене бітімдік қабілеттерін барынша толық дамытуға, ...келіседі, ...Білім алу тұлғалық, дарындық, саналық және шымырлық қабілеттің барынша дамуына бағытталуы керек делінген. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 17 шілдедегі қабылданған Білім туралы заңында жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту білім беру жүйесінің міндеттері деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.Дарындылықты анықтаудың дайын үлгісі, әдіс-тәсілдері жоқ. Дарындылық, жеке қабілеттілікті дамыту, интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық
ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде кездеседі. Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі- Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе. Мысалы, Әл-Фараби Бақытқа жету трактаты еңбегінде этикалық мәселелермен қатар, адам қабілеттілігіне білім беруде түрлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі. Абай жетінші қара сөзінде баланың ақыл-ойы, қабілеттілігі туралы мынадай пікір айтады: Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар- тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, таппайды. Біреуі білсем екен деп, не көрсе соған талпынып, жалт-жұлт еткен болса, оған қызығып, аузына салып дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да тұра жүгіріп, ол немене? бұл не? деп, ол неге үйтеді?, бұл неге бүйтеді? деп, көз көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені. Баланың білсем екен, үйренсем деген талабын ұштайтын, жеке ерекшелік қасиет, қабілеттерін ескере отырып оларды біліммен, іскерлік, дағдымен қаруландыратын, танымдық ой-өрісін және шығармашылық әлеуетін дамытатын мұғалім-ұстаздың ерекше мақсатты қызметінің қажеттілігі жоғары. Шәкәрім Құдайбердиевте Насихат атты өлеңінде өмірдің тұтқасы өнер мен білімде, өнерлі озады, білімді ғаламды билейді, ғылым таусылмас кен, оны жас күніңде үйрен деп насихаттайды.Дарындылық -- белгілі бір іс - әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі.
Балалар дарындылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеудің психологиялық -- педагогикалық жақтарын қарастыру қырлары әр қилы болуы тиіс. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі қарай дамуы үшін жағдайлар жасауы керек екендігі анық. Себебі, баланың қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылады. Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы қадамның сандарынан қоғамның стандартты
3
емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті. Дарынды оқушының ақыл - ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
1. Жан - жақты ақпараттандыру;
2. Коммуникативті бейімдеу;
3. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін - өзі жарнамалауына көмек көрсету керек.
Оқушының дарындылығын анықтауда:Дарынды бала туралы педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік ақпараттар, мәліметтержинақтау.Бақылау,Анкета,П сиходиагностикаСоциометрия Әңгімнлесу интервью сынды жұмыс түрлерін жүргізукерек. Аталмыш жұмыстар жүйелілікке негізделіп, дарынды оқушымен жұмыс түрлері іске асу барысында оқушының өзін өзі бақылауы негізінде төмендегідей өзгешелікті байқауға болады:
1.Интеллектуалды эмоциялық бірлікті сақтай біледі;
2. Шешім қабылдайды;
3. Сенімділік туындайды;
4. Өзгелермен салыстырады;
5. Өзін - өзі бақылайды;
6. Жауапкершілік туындайды;
7. Мінез - құлқы өзгеріледі;
8. Ғылыми тұрғыда ізденеді;
9. Материалдарын жинақтайды.
Зерттеу пәні: Педагог психологтың кәсіби шеберлігі мен этикасы
Зерттеу мақсаты: білім беруді инновацияландыруға сай икемдеу үшін білім беру жүйесін ақпараттандыру, жаңа талапқа сай дамыту талабы қойылып отыр. Осы талапқа сай бүгінгі таңда білім беруде педагог психолог жеке тұлғаны дамыту, дана және дара ойлай алатын дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдарын айқындау.
4
Зерттеу нысаны: Балалар дарындылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеудің психологиялық -- педагогикалық жақтарын қарастыру
Зерттеу міндеті: оқу процесін тиімді ұйымдастыру;
-- өзін-өзібақылауменөзбілімінжетілдір у;
-- жеке тапсырмалар беру арқылы оқыту;
-- жеке тұлғаның қасиеттерін, қабілетін анықтау.
Зерттеудің өзектілігі: Педагог психологдарынды баламен жұмыс негізінде біріншіден: өзін - өзі тануға, өзін - өзі тәрбиелеуге, жаңашыл, төзімі берік, үнемі өзін дамытуға, ізденетін, экспериментшіл, принципке берік, ешкімді қайталамайтын,энтузиазист, бойына дарындылықты қалыптастыра білетін тұлғаның кедергілерін ашу.
Зерттеу болжамы:

1.1Дарынды балалардың шығармашылық қабілетімен жұмыс жүргізу.
Бүгінгі таңда дарынды бала сөзі жиі қолданылып жүр. Дарындылық -- адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет.
Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.
Көбіне мұғалімдер ойынша "дарынды оқушы - бұл жақсы оқитын оқушы" деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және
5
түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.
Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұстаз тарапынан мейірім мен кішіпейілділік,бала жанын жазбай танушылық қасиет қажет-ақ.
Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау - ең басты мәселе. Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі - өз ойын дәлелдей алатын, жан - жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру. Ол үшін белгілі бір жоба болуы шарт. Яғни, оқушының дарындылығын айқындау, шығармашылық дарындылығын зерттеу, анықтау, белгілі бір бағыт - бағдарлама бойынша жұмыс жүргізу қажет. Оқу жылының басында дарынды балаларға арналған тиімді жұмыс жоспарын құру.
Оқушының дарындылығын анықтап, дамыту мақсатында әр пән мұғалімінің алдында төмендегідей мақсаттар мен міндеттер болуы орынды:
1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
2. Жан - жақты ақпараттандыру;
6
3.Коммуникативті бейімдеу; 4. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;
Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс түрлерін қолданады:
1. Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құрады;
2. Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасайды;
3. Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал етеді;
4. Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құрады;
Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аударады:
1. Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;
2. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;
3. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға - пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;
Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыс түрлері:
1. Баланың қызығушылығына әрі табиғатына қарай ғылыми жұмысқа баулу;
2. Пәндік олимпиадалық жұмыстарға дайындау;
3. Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттарға, пікір - сайыс яғни интеллектуальды ойындарға дайындау;
4. Мектептің ғылыми қоғамындағы үйірме жұмыстарын ұйымдастыру.
Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруы мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек. Сондықтан да ғылыми жоба технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда. Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат - оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу
7
арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер оқушы ғылыми жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса - ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт - бағдар бере алады. Сонымен, оқушының ғылыми жұмысының тиімділігі - көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып,оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.
Пәндік олимпиадалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, кәсіби және ақпараттық құзыреттілік деңгейлерін арттыру мен қатар, дарынды оқушының өзін қызықтыратын пәнде шығармашылық белсенділігін ынталандыру және қызығушылығын дамыту, ғылыми білімді насихаттау болып табылады.
Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттардың, пікір - сайыс яғни интеллектуальды ойындардың мақсаты - Қазақстандық қоғамдағы өзекті мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, ашық пікірталас алаңында талқыға салу арқылы оқушылардың шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыру; жастардың ғылымға қызығушылығын туғызып, мемлекетшілдік сананы дамыту болып табылады.
Дарынды баланың қабілетіне білім беру тарапынан және тәрбиеішілік жұмыстар тарапынан қолдау болуы шарт. Ол ең алдымен: дарынды баланы анықтау жолдарымен және дұрыс бағыт-бағдар беру жолдарымен айқындалады. Дарынды баламен жұмысты бастау жолында төмендегідей проблемаларға кездесеміз: әлеуметтік жағдайының әсері, жаңадан келген оқушының ортаға бейімделе алмауы; жас кезеңіндегі өтпелі кезеңі, оқуда жетістікке жете алмауы, ұяңдығы, психофизиологиялық себептер. Әртүрлі жағдайда кездесетін жоғарыда көрсетілген проблемадан негізінен
8
ата-ана мен сынып жетекшісінің, пән мұғалімдерінің және әкімшіліктің тығыз байланысы шешуші жолды анықтайды.
Оқушының дарындылығын анықтауда:
1. Дарынды бала туралы педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік ақпараттар, мәліметтер жинақтау.
2. Бақылау
3. Анкета
4. Психодиагностика
5. Социометрия
6. Әңгімелесу
7. Интервью сынды жұмыс түрлері жүргілуі тиіс.
Аталмыш жұмыстар негізде психологиялық ерекшеліктерін айқындап,психологиялық зерттеу жұмысының қорытындысын (темперамент,зейін,ес,қабылдау,ойла уы, т.б.) және басқа мәліметтерді салыстыру арқылы, баланың әлсіз жақтарын дамытуға бағыт - бағдар беріп отыру. Ол салыстыру өмірдегі ғұлама ғалымдардың балалық шағымен байланысқаны ұтымды болады. Атақты адамдардың мектеп қабырғасында кей пәндерде білімі төмен болғанымен танымдық қабілеті жүре дамитындығын дәлел ретінде айтуға болады. Мысалы: Лейбниицтің, Ньютонның, Лобачевскийдің математикаға қабілеттері 20 жастан соң байқалыпты. Томас Эдисонның бала кезінде есте сақтау қабілетінің өте нашар болғандығын және мектепте үйреткенін ұмыта беріп, мұғалімдерді жиі ренжітетін. Ол мектепте барлығы үш ай ғана оқыды. Қашықтықтан ақпарат жіберетін прибор құрастырды, жазу машинкасымен әлемді таң қалдырды. Осындай өмірдегі жағдаяттармен таныстыра отырып, баланың тек жақсы оқуына ғана емес, бойындағы қабілеттілікті көре, тани білуіміз керектігін естен шығармағанымыз да дұрыс.
Дарынды балалардың шығармашылық қасиеттерін дамыту жұмыстары сынып ішінде психо-эмоционалды климатты қалыптастыру бағдарымен де тығыз байланысты. Ол бағыт:
-Әлеуметтік жағдайы төмен отбасының дарынды балаларына мектеп тарапынан материалдық көмекпен қамтамасыз ету (мұражай, театр, қаланың көрнекті жерлеріне саяхат ұйымдастыру
9
т.б.)
- физиологиялық денсаулығын бақылап отыру,
- демалыс кезінде тегін сауықтыру орындарына жіберу;
- психологиялық қызмет қолдауы (психологиялық тұрғыда денсаулығын бақылау,консультация,
- профилактика, тренинг, қабілетіне қарай іс-шаралар ұйымдастыру, ақпараттандыру,жинақтау,тарату,т.б. )
- кітапханамен тығыз байланыс,қажетті материалдар қарастыру.
Көрсетілген жұмыстар сынып жетекшісімен ата-ана байланысы негізінде мектеп әкімшілігінің қолдауымен жүзеге асады. Аталмыш жұмыстар жүйелілікке негізделіп, дарынды оқушымен жұмыс түрлері іске асу барысында оқушының өзін өзі бақылауы негізінде төмендегідей өзгешелікті байқауға болады:
1. Интеллектуалды эмоциялық бірлікті сақтай біледі;
2. Шешім қабылдайды;
3. Сенімділік туындайды;
4. Өзгелермен салыстырады;
5. Өзін-өзі бақылайды;
6. Жауапкершілік туындайды;
7. Мінез-құлқы өзгеріледі;
8. Ғылыми тұрғыда ізденеді;
9. Материалдарын жинақтайды.
Дарынды баламен жасалынатын жұмыс барысында төмендегідей бағыт-бағдарды жоспарлаған орынды:
1.Оқушымен жасалынатын жұмыстың икемді және ұтқыр формасы құрылуы тиіс;
2.Жеке пәндерді оқытуда бағдарламадан тыс материалдар негізі қамтылып, тәуелсіз құрылымы жасалуы қажет;
3.Дарынды оқушының ғылыми жұмысының жоспары өзі қалауындай етіп жасағаны орынды,өзіндік шешім қабылдауына ықпал ету қажет;
4.Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты мұғалімнің өзіндік оқу жоспарын құру;
5.Оқушыға ЖОО -на ғылыми жетекшілік жасайтын ұстаз бен тығыз байланыс жасауына ықпал ету;
10 6.Дистанциялық оқуды ұйымдастыру.
Дарынды балалармен жұмыс түрлерін ұйымдастыруда төмендегідей мәселелерге назар аудару керек;
1.Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізу.
2.Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыру.
3.Сабақтан тыс мезгілінде жүргізілетін жұмыстарды- пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуальдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізу керек.
4. Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделдетіп оқытуды ұйымдастыру;
Дарынды баланың жасаған жұмысына қолдау көрсету де оның болашағына ерекше әсер береді. Оның өзінің білімділігіне деген сенімділігі арта түседі. Қолдау көрсету дегеніміз өзі баланың жұмысын таныстыру, тарату ұғымдарымен астасып жатады. Ол:
1. Тәжірибелерін газет,журнал беттеріне беру;
2. Байқауларға қатысу;
3. Іс-шаралар ұйымдастыру;
4. Мектептермен тәжірибе алмасу.
5. Бақылау күнделігін жазып отыру;
6. Психологиялық материалдар жинақтау;
7. Кітапша құрастыру.
8."Реферат";
9."Портфолио"
Дарынды баламен жұмыс мұғалімнің бақылауымен тікелей жүзеге асып отыруы қажет. Бұл дегеніміз- әр жұмыс түрлері талданып, сараптама жасалып отыру деген сөз. Осы сараптама негізінде дарынды балаларды мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатыстырып, қабілеттерін дәлелдеу -
11
баланың өз біліміне деген сенімін арттырады. Әр дарынды баланың
ынтасын, дарындылығын қамти отырып, шығармашылық жұмыстарын таратуға мүмкіндіктер жасалынады. .Осы жағдай дарынды баланы бақылауға, дұрыс бағыт беруге, жеке тұлғалық дамуына мүмкіндік туғызатын бірден бір жол. Жас ерекшелігін ескере отырып қабілетіне қарай баланы жүйелі дамытып, қолдау көрсетіп отыру - келешек жастардың мемлекетімізге әкелер үлесінің зор екендігін айқындай түседі.
Дарынды баламен жұмыс негізінде біріншіден: өзін-өзі тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге, жаңашыл, төзімі берік, үнемі өзін дамытуға, ізденетін, экспериментшіл, принципке берік, ешкімді қайталамайтын, энтузиазист,бойына дарындылықты қалыптастыра білетін тұлғаны күтеміз.Екіншіден: дарынды балалар келешектегі кәсіби мамандық таңдауда өздері шешім қабылдайды.Және олар мектептегі жасалынған жұмыс негізінде болашақ мамандықтарын қателеспей таңдай алады және болашақта жақсы маман иелері болып шығады. Үшіншіден: дарынды баламен жұмыс барысында мектеппен ғана шектелмей, жоғары оқу орындарымен байланыс жасалынады; төртіншіден өз беттерімен дарындылық орталығын құруға мүмкіндік жасалынады; Дарынды балалармен жасалынатын жұмыс түрлері нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткізуге болады:
1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік көзқарас тұрғысынан дамиды.
2. Жан-жақты ақпаратты қабылдауы, сол ақпараттар негізінде өз ойын жеткізіп, өмір ағымына сай көзқарасы пайда болады.
3. Дарынды оқушының шығармашылық деңгейі дамып, кез-келген ортады өзін еркін ұстау мүмкіншілігі арта түседі.
4. Дарынды оқушының қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалау деңгейі яғни өз білімін көрсете білуі дұрыс жолға қойылады.
2.Дарынды балалардың педагогикалық психологиялық ерекшеліктері
Дарынды балалардың ата-аналарын ойландыратын мәселенің бірі-
12
мектептегі оқу кезінде кездесетін қйындықтар.Бұл қиындықтар дарынды бала туралы қоғамда қалыптасқан түсінікке байланысты.Өиткені, орта қабілетті бала мектепте мақталады да, ақылды балаға сенімсіздік жасалады.Оның қабілеті көп жағадайда ескерілмейді.Соның салдарынан дарынды балалар ерекшеленбеуге, көзге түспеуге тырысады.Ортаның осындай ықпалының нәтижесінде дарынды бала өз қабілетін танып, дұрыс бағалай алмайды.Сөйтіп, өз деңгейінде дамып жетілмей, шектеледі.
Бұл жерде дарынды балаларды таңдап,олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап,өмірде дұрыс бағдар Бере білуіміз қажет.Дарынды балалар білуге құштар. Мынау қалай құрылған?, неге бұлай болады?,егер жағдайды өзгертсе қалай қайтеді? деген сұрақтарға жауап іздейді.Қоршаған ортаны белсенді түрде зерттейді.Дарынды бала өз әрекетін шектеуді ұнатпайды.Эмоциональды даму ерекшеліктері.Дарынды баланың эмоцинальды сферасының негізгі ерекшеліктерінің бірін көптеген зерттеушілер жоғарылатылған деп санайды.Дарын иесі бірнеше құбылыстарды Жан-жақты қарауға қабілетті болып келеді.Ғылыми зерттеулерге қарағанда дарынды, таланты балалардың миының биохимиялық, электрлік белсенділігі жоғары келеді.Дарындылар кішкентайынан-ақ себеп салдарға көңіл аударып, соған сәйкес қорытынды жасап отырады.Кез-келген жүйенің балама моделін жасауды ұнатады.Олар жинақталған білімін, тәжірибесін кең пайдалана біледі, хабарларды жүйелеп,бөліп талдайды.Кейбір балаларда математикалық қабілет, кейбірінде ой жұмысын талап ететін ойындарға,көпшілігінде оқу қабілеті басым келеді.
Дарындыларда адалдық сезімі күшті жетіледі.Шындықты, турашылдықты қостайды .Қоғамдағы теңсіздікті бірден сезінеді.Қиялы бай,әрі анық келеді.Дарынды балалардың шамалары жетпейтін мәселелерді шешуге талпынуы, олардың даму тұрғысынан пайдалы.
Мектепке дейінгі кезеңде дарынды балалар-жағдайлар мен құбылыстарды менің түсінігім ғана деп танитын
13
эгоцентристер.Бала қандай ақылды болса да,оның мұндай әрекеті қалыпты жағдай болып саналады.Даму деңгейіне қарай бала мәліметтерді түсініп,ойлауға қабілетті.Ғалымдар мұны- матетаным деп атайды.Ол өзінің заттар мен құбылыстарды қабылдауын басқалардың қабылдауына ұқсас деп түсінеді.Дарынды балалардың қабілеттілігіне ортаның тигізетін әсері жан-жақты.Ал, талантқа талдау жасасақ, дарындылықтың жоғары деңгейі; ол қызмет өнімін алуға рұқсат етеді.Данышпандық- бұл дарындылықтың жоғары деңгейі.Қызметтің белгілі бір сферасын принцепиальды ілгері жылжуды жүзеге асырады.Дарынды оқушы тұлғаның 4 негізгі аспектілерімен өзара байланыса сипатталады.Олар:
* 1. Интеллект (зияттылық)
* 2. Шығармашылық (креактивтілік)
* 3. Мотивация.
* 4. Тұлғаның әлеуметтік бейімділігі
Сонымен, дарынды бала өз талантын түрліше сезінеді.Отбасында іні,бауырларымен ойнағанда өз ерекшелігін сезінсе,мектепте құрдастарымен өзін салыстыру арқылы байқайды.Баланың таным процестері қабылдауы мен тәжірибесіне байланысты.Бала қоршаған ортаны зерттеу барысында, нақты нені жасай алатынын, нені істей алмайтынын біледі.Ал, айналадағы адамдар оның істеген ісін түрлі жолмен бағалайды.Бұл кезеңде ол өзін қоршаған адамдардың, ата-анасының өзіне көңіл аударғанын ұнатады.Ата-ана үшін баласының әрекетін бақылап,бағыттап, оқыту көп қиындық жасамайды. Психологтардың зерттеуі бойынша интеллект жас өскен сайын өспейді, толыса түседі.
Балалардың әр түрлі жас кезеңіндегі ақыл-ой мүмкіндігін түсіну үшін, қазіргі кезеңдегі деңгейдің өзгеруі мен жоғарыда келтірілген жастық сезімталдығының бағытталуын зерттеу өте маңызды.Қорыта келе айтарымыз, дарындылықтың дамуына маңызды әсер ететін теориялық нәтижелерден мынадай анықтама шығады: дарындылық -бұл интегралды тұлғалық білім, интеллектуалдық жоғары сатысымен, шығармашылық
14
потенциалмен сипатталады.Бұл тұлғаның қабілеттілігі мен өз
бейнелігінің бірігуін анықтайды.Белгілі бір қызмет саласында ерекше табысқа жетуге мүмкіндік туғызадыБұл жерде дарынды балаларды таңдап,олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап,өмірде дұрыс бағдар Бере білуіміз қажет.Дарынды балалар білуге құштар. Мынау қалай құрылған?, неге бұлай болады?,егер жағдайды өзгертсе қалай қайтеді? деген сұрақтарға жауап іздейді.Қоршаған ортаны белсенді түрде зерттейді.Дарынды бала өз әрекетін шектеуді ұнатпайды.
Эмоциональды даму ерекшеліктері.Дарынды баланың эмоцинальды сферасының негізгі ерекшеліктерінің бірін көптеген зерттеушілер жоғарылатылған деп санайды.Дарын иесі бірнеше құбылыстарды Жан-жақты қарауға қабілетті болып келеді.Ғылыми зерттеулерге қарағанда дарынды, таланты балалардың миының биохимиялық, электрлік белсенділігі жоғары келеді.Дарындылар кішкентайынан-ақ себеп салдарға көңіл аударып, соған сәйкес қорытынды жасап отырады.Кез-келген жүйенің балама моделін жасауды ұнатады.Олар жинақталған білімін, тәжірибесін кең пайдалана біледі, хабарларды жүйелеп,бөліп талдайды.Кейбір балаларда математикалық қабілет, кейбірінде ой жұмысын талап ететін ойындарға,көпшілігінде оқу қабілеті басым келеді.

Мектепке дейінгі кезеңде дарынды балалар-жағдайлар мен құбылыстарды менің түсінігім ғана деп танитын эгоцентристер.Бала қандай ақылды болса да,оның мұндай әрекеті қалыпты жағдай болып саналады.Даму деңгейіне қарай бала мәліметтерді түсініп,ойлауғақабілетті.Ғалымдар мұны- матетаным деп атайды.Ол өзінің заттар мен құбылыстарды қабылдауын басқалардың қабылдауына ұқсас деп түсінеді.Дарынды балалардың
15
қабілеттілігіне ортаның тигізетін әсері жан-жақты.Ал, талантқа талдау жасасақ, дарындылықтың жоғары деңгейі; ол қызмет өнімін алуға рұқсат етеді.Данышпандық- бұл дарындылықтың жоғары деңгейі.Қызметтің белгілі бір сферасын принцепиальды ілгері жылжуды жүзеге асырады.Дарынды оқушы тұлғаның 4 негізгі аспектілерімен өзара байланыса сипатталады.Олар:

Балалардың әр түрлі жас кезеңіндегі ақыл-ой мүмкіндігін түсіну үшін, қазіргі кезеңдегі деңгейдің өзгеруі мен жоғарыда келтірілген жастық сезімталдығының бағытталуын зерттеу өте маңызды.Қорыта келе айтарымыз, дарындылықтың дамуына маңызды әсер ететін теориялық нәтижелерден мынадайанықтама шығады: дарындылық -бұл интегралды тұлғалық білім, интеллектуалдық жоғары сатысымен, шығармашылық потенциалмен сипатталады.Бұл тұлғаның қабілеттілігі мен өз бейнелігінің бірігуін анықтайды.Белгілі бір қызмет саласында ерекше табысқа жетуге мүмкіндік туғызады.
Дарынды адамдар туралы айтылған сөздер, ойлар ширек ғасырлардан өте айтылып келеді. Антикалық дәуірде осы
16
дарынды адамдар туралы, яғни ІХХ ғасырда ғылыми трактаттарда данышпан және дарынды деген түсінік қалыптасты.
Антикалық дәуірде дарындылықты кейбір философтар - құдайдың тартуы деп түсінген. Олардың қатарына Платон, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz