Түрік республикасында Ататүрік реформасының модернизациялау нәтижесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Коммерциалық емес акционерлік қоғамы
Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасы

АЗИЯ ЖӘНЕ АФРИКА ЕЛДЕРІНІҢ ЖАҢА
ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ пәні бойынша
ЭССЕ
Тақырыбы: Азия елдеріндегі модерницазиялау реформаларының нәтижесі.
Түрік республикасында Ататүрік реформасының модернизациялау нәтижесі

Орындаған:Нурмуканова Ф.М.
Тобы: И(о)-18к
Қабылдаған: Илясова Г.С.

Петропавл 2021 ж

Петропавл қ 2021жыл
Түрік ұлтының табиғатына және ұлттық ерекшеліктеріне ең сай басқару жүйесі -- республикалық басқару.
Мұстафа Кемал Ататүрік
Кіріспе.

Түрік ұлтын, жаңа түрік мемлекетін заманауи өркениет деңгейіне жеткізу жолында Ататүрік жүзеге асыруға негіз болған реформаның жиынтығы ататүрікшілдік, немесе кемализм деп аталған. Бұл -- жалаң теория емес, Ататүрік құрған Түркия республикасы мемлекетінің практикалық тұрғыдағы тұғырнамасы, идеологиялық арқауы болып табылады. Сондықтан да мен Азия елдеріндегі модерницазиялау реформаларының нәтижесі тақырыбын ашуда Азиядағы Түрік елінің тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік реформасының модернизациялау нәтижелерін таңдадым.
Эссе жұмысымның мақсаты мен міндеті түрік ұлтын империядан мемлекет болып қалыптасу барысында М.Кемалдің таққа отыру процесі, жаңа түрік мемлекетін заманауи өркениет деңгейіне жеткізу жолында Ататүрік жүзеге асырған реформалары мен елдің саяси-экономикалық және т.б жағдайларына енгізген жаңғыртуларын қарастыру.
Эссе жұмысымның өзектілігі дүниежүзілік екінші соғыстың соңында билігі сонау алты ғасырлық ұлы Османдық Империя жеңіліске ұшырап, жерін жат жұрттықтар басып алған еді. Мұстафа Кемал паша халықпен күш біріктіріп дүшпанпен күрексе түсіп, ұлы жеңіске жетіп Осман Империясының орнына жаңа сипаттағы ұлттық бір мемлекет құрды. Бұрынғы империя, патшалық жүйесінде діни негізде бір мемлекет болса, ендігі жаңа мемлекет ұлттық демократиялық негізде мемлекет болып құрылды.
Мұстафа Кемал Ататүріктің өмірі мен қызметі.
Түрік Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал (1881-1938 жылдар) 1881 жылғы 19 мамырда, сол уақытта Осман империясының Македония елді мекеніндегі Салоникиде дүние есігін ашқан. Әкесі ағаш бөлшектер сатуға көшкен орта деңгейлі кеден шенеунігі, анасы шаруа әйелі болған. Әкесі өмірден ерте кетіп, балалық шағын жұпыны, аш-жалаңаш өткізген Мұстафа Кемал кейін анасының үмітін ақтап мемлекеттік әскери мектепке оқуға түскен. Орта әскери білімді Салоникиде және Монастирде әскери училищеде алған. 1905 жылы Ыстамбұлдағы Бас Штаб Академиясын бітіріп, жоғары әскери білім алып шыққан. Оқу жылдарында Мұстафа өзін қабілетті,белсенді студент ретінде танытады. Әсіресе математика мен әдебиеттен, французшаны игеруден ерекше көзге түседі. Оның есіміне Кемал деген атау сол кезде қосылған.
Елдегі саяси істерге ерте жастан араласа бастаған Мұстафа және оны қолдаған достары революциялық идеяларды ұстанатын құпия "Ватан" қоғамының негізін қалайды. М.Кемал өзінің сүбелі еңбегінің арқасында әскери адамның биік мансабына тез-ақ жеткен. Ол - 1911-1912 жылдардағы итальян-түрік соғысының, 1913 жылғы Екінші Балқан соғысының және 1914-1918 жылдардағы Бірінші дүниежүзілік соғыстың қатысушысы болды.

Негізгі бөлім.

Бірінші дүниежүзілік соғыс жаңа аяқ алған кезде М.Кемал өзі шайқасқан майдандардың бәрінде де өзіне сеніп тапсырылған әскерлерге шебер басшылық ете білді. 1915 жылдың сәуірінен ол Галлиполи түбегінде британ қолын жарты айдан астам уақыт бойы ұстап тұрып, сол шайқастан кейін "Ыстамбұлдың құтқарушысы" деген атқа ие болды. Бұл түрік әскерінің бірінші дүниежүзілік соғыстағы сирек жеңісінің бірі әрі бірегейі болатұғын. Жауынгерлерді жеңіске жігерлендірген: "Мен сендерге шабуылға шығыңдар деп бұйырмаймын, мен сендерге шайқаста жан тапсырыңдар деп бұйырамын!"(өз сөзі) деген атақты сөзін ол дәл сол жерде айтқан.
Осман армиясының Антанта әскерлерін шайқаста жеңген жалғыз генералы М.Кемал деп айтсақ еш қателеспейміз. 1916 жылы ол басқарған әскери топ орыс әскерлерінің Эрзурум түбіндегі шабуылын тойтарған. Сакарья өзені бойындағы 1921 жылдың 23 тамызы мен 13 қыркүйегінің арасында өткен шайқастың жеңіспен аяқталу нәтижесінде М.Кемал ұлттық батырға айналды. Ұлы ұлттық жиналыс оған маршал атағына қоса құрметті "Ғази" (Жеңімпаз) лауазымын берді.
Мұстафа Кемал Ататүріктің билік құрған он бес жылының, бүкіл әлем үшін демей-ақ қояйын, түрік ұлты үшін, ал енді көбіне-көп Еуропа үшін де тарихи маңызын Оттоман портасының оған дейінгі жеті ғасырымен салыстыруға әбден болады.
XIX ғасырдың аяғында тарих майданына реформаторлардың жаңа буыны - жас түріктер шықты. Ағылшын-француз ықпалынан босауға ұмтыла отырып, жас түріктер сыртқы саяси бағытты өзгертті де елді Германияны жақтап бірінші дүниежүзілік соғысқа килігуге ұрындырды. Мұның өзі Еуропа мен Осман империясының мың жарым жылға созылған текетіресінің аяқталуының бастамасы еді. 1918 жылы Мудрос уақытша бітіміне қол қойылған соң ел өзінің жерінен түгел айырылды, Антанта әскерлері Анадолыны басып алды. Түркияны жаңғыртудың османдық кезеңі осылай аяқталды.
Осман империясының соңғы соғысына айналған бірінші дүниежүзілік соғыстың басында-ақ Уинстон Черчилль: "Осынау зілзалада даудан басы арылмаған, қирап, қаусаған, қалтасы тесік Түркияның күні не болар екен?"- деп еді. Түркияның жеңілісі Осман империясы аумағының аз уақытта шашырап бөлініп кетуіне әкеліп соқтырғаны бәріне мәлім. Түркия тарихының осындай бұрылыстарына қатарлас болып жатқан маңызды тарихи оқиғаларға көз жүгірте кетсек, сол жылдары: Антантаның әскери флоты Босфор мен Дарданелл бұғаздарына кірген болатын, ал Италиялықтар Оңтүстік-Батыс Анадолыны және оған маңайлас жерлерді, соның ішінде Антальяны бақылауда ұстап тұрды. Антанта флотының көмегімен грек қарулы күштері 1919 жылдың мамырында Измир маңына келіп, Батыс Анадолыдағы гректерді қорғаймыз деген сылтаумен ашықтан-ашық соғыс интервенциясына кірісіп кеткені айдан анық.
1919 жылдың мамырында Эгей теңізіне жақын жердегі таулы өңірде партизан соғысы өріс алды. Қарсылықтың бастауында неғұрлым білімді және отаншыл топ - әскери кадрлар тұрды. Олардың көбі жас түріктердің жаңғыртушылық көзқарасын қолдайтын жастар болатын. Күресті таяуда ғана аяқталған соғыстың батыры, "Ыстамбұлдың құтқарушысы" атағына ие болған генерал Мұстафа Кемал басқарды. Әскер мен халықтың көмегіне сүйенген Кемал уақытша үкімет құрып, интервенттерге қарсы соғыс қимылдарын өрістетті. Кемалшылдық революциясы басталды. Сұлтан Кемал жасақтарына қарсы "ғазауат" жарияланып, ел толықтай азамат соғысының отына оранды.
Анкарада ұйымдастырылған жаңа парламент - Түркияның Ұлы ұлттық жиналысы (ТҰҰЖ) М.Кемалға қосымша өкілеттіктер берді. Түріктерге қарсы әскерлердің негізін құраған грек армиясы тас-талқан етіліп, 1919-1922 жылдардағы грек-түрік соғысы түріктердің жеңісімен аяқталуы, 1920-1922 жылдар аралығында М.Кемал және оның жақтастары шығыстағы, оңтүстік пен батыстағы жау әскерлерін талқандап, Ресеймен, Ұлыбританиямен, Франциямен және Италиямен бейбіт келісімге келуі Мұстафа Кемалдің салиқалы саясаты мен ел басқара алушылық қасиетінің арқасы деп айтсам қате болмас. 1923 жылдың 29 қазанында Түрік Республикасының құрылғаны жария етіліп, бір жыл өткен соң оның Конституциясы қабылдануы және дәл сол күні Ұлы ұлттық жиналыс Ғази Мұстафа Кемалды Түрік Республикасының президенті етіп бірауыздан сайлауы менің ойыма дәлел боларлық факт деп есептеймін.
Ендігі Мұстафа Кемал Ататүрік Осман империясының жеті жүз жылдық тарихын тәмамдаған, жаңа мемлекет - Түркияны құрған адамға айналды.
Жаңа түрік мемлекетін заманауи өркениет деңгейіне жеткізу жолында 1937 жылы ресми түрде Түркия республикасының конституциясына енгізілген Ататүрік жүзеге асырған реформалардың модернизациялануының негізі болған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ататүріктің бағалары
ХХғ.соңындағы Азия мен Африка елдерінің әлеуметтік жағдайына сипаттама
Әлихан Бөкейханов пен Мұстафа Кемал Ататүріктің ұлт топтастырудағы саяси қызметтері арқылы саяси лидерлік феноменін талдау
Туркия республикасының құрылуы
Ертедегі ғасырлар
Түрік-қазақ саяси және экономикалық байланыстары бүгінгі кезеңде
Қазақстан мен Түркияның қазіргі кезеңдегі экономикалық және мәдени байланыстары
ХҮІІ ғ. - ХХІ ғ. аралығындағы Азия елдері
Мұстафа Кемал Ататүрі
Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасысының қарым-қатынасы қазіргі заманғы өркениетті мемлекеттер байланысының үлгісі (М.К.Ататүріктен – Н.Ә.Назарбаевқа дейін)
Пәндер