Шығындар түсінігі және олардың басқарушылық есептегі жіктемесі


Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті
Бухгалтерлік есеп және
аудит кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Басқару функциясы бойынша шығындардың жіктелуі (коммерциялық, өндірістік, әкімшілік) .
Орындаған: Байжомартова Г
Тексерген: э. ғ. к, профессор Мадиева Қ С
Қарағанды - 2007
Жоспар
Кіріспе
1 Шығындар түсінігі және олардың басқарушылық есептегі жіктемесі.
2 Коммерциялық шығындардың баптары.
3 Өндірістік шығындардың негізгі элементтерінің есебі.
4 Әкімшілік шығындар баптары және оларды есепке алу.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Бухгалтерлік есепті реформалауда жасалған тұжырымдама міндеттерінің бірі - ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорынды басқаруды жетілдіру болып табылады. Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал-тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым алынды.
Нарықтық экономика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс-әрекеттің күтілетін нәтижесін (табысты) қамтамасыз етуі тиіс.
Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты - өнім шығару, оны өткізу мен пайда алу. Барлық кәсіпорынның да, оның бөлімшелерінің өндіріс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің жалпы жүйесінде басты орын құрамы оны қалыптастыратын шығындармен белгіленетін өзіндік құнға беріледі. Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктеудің маңызы зор.
Шығындар деп тұтынылған ресурстарды немесе алынған тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлеуге тиісті ақшаны айтады.
Шығындардың жіктелуі - бұл сыртқы да, ішкі де пайдаланушылар үшін пайдалы ақпарат бере алатындай ретте шығындарды топтастыру әдісі. Басқару функциясы бойынша шығындардың өндірістік, коммерциялық және әкімшілік болып жіктелуі.
Өндірістік шығындар - тауарлық өнімді дайындауға байланысты және оның өндірістік өзіндік құнын құрайтын барлық шығындар.
Өндірістік емес шығындар - кезең шығындары, яғни әкімшілік және коммерциялық шығындар өнімнің өзіндік құнына кірмейтін шығындар. Бұл шығындар нарықтық экономикада өте актуалды.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты басқару функциясы бойынша шығындардың жіктелуі және олардың есебін ұйымдастыруын көрсету болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесі мәселелер қарастырылады:
- шығындардың мәні және олардың басқарушылық есепте жіктелуі;
- коммерциялық шығындарды, яғни өнімді өткізу шығындарының баптық номенклатуралары, сонымен қатар оларды есепке алынуы;
- өндірістік шығындардың негізгі элементтері, яғни негізгі материалдар, тікелей еңбекақы шығындары және үстеме шығындар;
- әкімшілік шығындарды есепке алу тиімділігін арттыру, өз шығынын өзі өтеуді қамтамасыз ету және табыс табу.
Курстық жұмыста отандық экономистердің еңбектері, кезеңдік басылым әдебиеттері қолданылады.
1. Шығындар түсінігі және олардың басқарушылық есептегі жіктемесі
Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты - өнім шығару, оны өткізу мен пайда алу. Барлық кәсіпорынның да, оның бөлімшелерінің өндіріс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің жалпы жүйесінде басты орын құрамы оны қалыптастыратын шығындармен белгіленетін өзіндік құнға беріледі. Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктеудің маңызы зор.
Шығындар - басқару есебі негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан қырлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер бойынша шығындарды топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданған жөн.
7 «Тауарлы-материалдық қорлардың есебі» атты Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес (2003 ж. 28 қаңтардағы №27 өзгерістермен бірге) шығындар былайша жіктеледі:
* пайда болу орны бойынша - өндіріс, цехтар, учаскелер, құрылымдық бөлімшелер бойынша. Мұндай жіктеу жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастыру мен өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өндірістік өзіндік құнын белгілеу үшін қажет;
* шығынды көтерушілер, яғни өнім түрлері (жұмыс, көрсетілген қызмет) бойынша - өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін;
* өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі немесе шығын түрлері бойынша экономикалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша[7. 60-62б. ]
Өндіріс процесіне қатысуы бойынша шығындар өндірістік, коммерциялық және әкімшілік болып жіктеледі.
Өндірістік шығындар - тауарлық өнімді дайындауға байланысты және оның өндірістік өзіндік құнына (тауарлық өнім - өз материалынан да, тапсырушының материалынан да жасалып шығарылатын, техникалық бақылау қабылдаған және қоймаға тапсырылған дайын бұйымның құны; басқа жаққа босатылған, өзі өндірген жартылай өнімнің сондай-ақ субъектінің негізгі құрал-жабдықтары толықтыруға жіберілген өнімнің өзіндік құны) құрайтын барлық шығындар. [7. 70-73б. ]
Өндірістік емес шығындар - кезең шығындары. Бұл шығыстар 7110 «Дайын өнімді (тауарды, жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізу бойынша шығыстар», яғни коммерциялық шығындар, 7210 «Әкімшілік шығындар» шоттарында ескерілген. Өндірісті басқаруға шыққан шығыстар (кезең шығыстары) еңбекақыны және өндірістік-диспетчерлік ақпараттың және завод басқармасының әкімшілік-басқару аппаратының еңбегін өтеу қорынан әлеуметтік салық аударымдарын, өндірісті дайындау мен ұйымдастыру амортизациясы, өндірістік қажеттілік пен өзі өндіретін жартылай өнімдерді сақтау үшін қолданылатын мүлікті, ғимаратты, үйді ұстау мен жөндеу шығындарын; жақсы жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге, кәсіби бағдарға және кадр дайындауға жұмсалған шығындар; мүліктің тозуы мен өндірістік бөлімшелерді басқаруға кететін басқа да шығыстар біріктіріледі. Бұл шығыстар кәсіпорын аумағында пайда болады.
Қолданыстағы баптар номенклатурасы өндірісті дайындау міндетін атқаруға, ұйымдастырушылық және басқарманың тікелей міндетті іс-қызметтерін жүзеге асыруды топтастырады. Экономикалық мәні жағынан әр түрлі шығындарды, бұлайша біріктіру шығыстарды мөлшерлеуді, жоспарлауды, бақылауды және талдауды қиындатады. Пайданы бақылау мен есептеу жүйесін құру, өндірістік емес шығындарға әсер ететін факторларды ашу үшін оларды міндетті іс-қызмет аясын белгілеу бойынша, ал іште - шығын элементтер бойынша топтастыру мақсатқа сәйкес болар еді.
Кәсіпорынның басқа шығындары сияқты қосымша шығыстар басқару есебінде басқару мақсаттарына байланысты қарастырылады.
Өндірістік және өндірістен тыс (кезең шығындары) шығындар деп жіктеледі.
Мұндай жіктеу бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына жауап береді, соған сәйкес өндірілген өнім қорларын бағалау үшін тек қана өндірістік шығындар қосылуы тиіс.
Сондықтан шығындар басқару есебінде мыналарға жіктеледі:
* өндірістік (өнімнің өзіндік құнына кіретін) ;
* өндірістен тыс (есепті кезең шығындары) .
Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындарға тек қана өндірістік шығындар жатқызылады, яғни өткізілген сәтке дейінгі дайын өнім өндірісіне және бітпеген (аяқталмаған) өндіріске байланысты: тікелей материалдық шығындар, әлеуметтік салық аударымдарымен бірге есептелетін еңбекті өтеуге шығатын тікелей шығындар; қосымша шығыстар.
Өндірістік қорлар материал қорларында, бітпеген өндіріс көлемінде кәсіпорын қоймасындағы дайын өнім (тауар) қалдықтарында заттандырылған.
Кезең шығыстары қорларды бағалағанда есептелмейді, жасалған есепті кезеңдерінде есептен шығарылады. Өткізілмеген өнім мен бітпеген өндіріс қалдықтарында келесі кезеңге көшпейді. Бұл шығындар ұйымның баға саясатында негізгі шешімдер қабылдауға өте маңызды. Бұларға өндірістік емес сипаттағы шығындар: коммерциялық (өнімді өткізуге байланысты) және әкімшілік шығындар жатқызылады.
Коммерциялық және әкімшілік шығындар - бұл сауда ұйымдарының қаржы шаруашылық қызметінің қорытындысы туралы есеп берудің көрсеткіштері болып табылады. Сондықтан коммерциялық әкімшілік шығындарды бақылауды күшейту және олардың тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін анықтау. Коммерциялық және әкімшілік шығындар өнімнің өзіндік құнына кірмейді. [7. 70-73б. ]
- Коммерциялық шығындардың баптары, оларды есепке алу.
Коммерциялық шығындар өнімді сатып алушыларға өткізуге байланысты шығындар болып табылады, сондықтан бухгалтерлік есеп шоттар жоспарында бұл шығындар 7110 «Өнімдерді сату және қызмет көрсету бойынша шығыстар» шотында қарастырылады. Бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу және сауда ұйымдарының мерзім шығындарын бақылауды күшейту үшін коммерциялық шығындардың есептік баптарын қалыптастырудың үлкен маңызы бар.
1-бап «Тасымалдау-дайындау шығындары» Бұл бапта сауда субъектілерінің есебіне жатқызылған тауарлы-материалдық қорларды теміржол, әуе, автомобиль және ат арба көліктерімен жөнелту пунктіне дейін жеткізуге кеткен шығындар есепке алынады.
Атап айтқанда, бұл бапта есептелетін шығындар:
* тасымалдау құжаттарында көрсетілген тариф, фракт, вагондарды әкелту, жүктерді өлшеу, өлшеу, тиеу, түсіру және оларды келісілген шартқа сәйкес әкетуге шектеп көрсетілген мерзімге дейін сақтау шығындарының сомасы;
* тауарлы-материалдық қорларды тасымалдау құралдарына тиеу мен одан түсіруге көрсетілген сырт мекемелерінің және жеке тұлғалардың қызметтерін төлеу, тауарларды жеткізуді ұйымдастыру және басқа да көрсетілген қызметтерді (соның ішінде жеке балансқа бөлінген меншікті субъектілердің) үшін төлеу;
Бұл орайда жабдықтаушының тауарларды сатып алушының шотына енгізілген тасымалдау шығындарының сомасына, сондай-ақ көлік және басқа сырт мекемелерінің жүктерді тиеу мен түсіру қызметтерінің құнына қосымша құн салығынсыз бухгалтерлік есеп шоттарында мынадай жазба жазылады:
7110 «Өнімдерді сату және қызмет көрсету бойынша шығыстар» шотының дебеті:
3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді дебеторлық берешек» шотының кредиті.
Бұл бапта есепке алынбайды:
* төлем жүргізілген соң анықталған арифметикалық қателер мен асырып есептеген сомалар, себебі сондай сомаларға тиісті мекемелер мен субъектілерге шағымдар қою керек;
* көліктердің барлық түрлерінің нормадан тыс бос тұруына және басқадай тасымалдау шарттарын бұзуына төленген айыппұл, себебі бұлар белгіленген тәртіп бойынша кінәлі адамдарға жатқызылады да, 1210 «Сатыпалушылар мен тапсырушылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» тараушасының 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотында көрсетіледі, ал кінәлі адамдар жоқ, немесе кінәлі адамдардан өндіріп алуға сот тарапынан қарсылық білдірсе, немесе залал толық өндірілмесе, онда шығындар осы бапта есептеледі;
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында сауда субъектілері тауарлардың өз беттерімен сатып алуды жүзеге асыра алады, сондықтан оларға келіп түскен тауарлардың сатып алу құнын есептегенде келісім-шартта көрсетілген баға мен қатар кедендік паж бен басқадай сатып алуға кеткен шығындарды қосуға рұқсат етіледі.
2-бап «Субъектінің басқару аппаратымен күзеттен басқа штаттағы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу». Бұл бапта сауда субъектілерінің тізімдік құрамындағы қызметкерлер мен жұмысшыларына төленетін қабылданған еңбек заңында көзделген және есептелген негізгі және қосымша еңбекақылардың барлық түрлері, атап айтқанда, өндірістік нәтижелер үшін ынталандыру сыйлықтарын беру шығындары, әйелдерге заңда көрсетілген жасқа дейін балаларды күтуге; берілген демалыс өтемақылары:
* субъектілердің белгіленген еңбекақылар төлеудің нысандарына сәйкес кесімді бағалау, тарифтік ставка, лауазымдық айлық бойынша нақты орындалған жұмыс үшін есептелген еңбекақы сомасы;
* қызметкерлерге табиғи төлем тәртібінде берілетін өнімдердің құны;
* қызмет тәртібіне және еңбек жағдайларына байланысты ақшалай өтемақы сипатындағы төлемдер, оның ішінде: түнгі уақытта жұмыс істегені, көп ауысымды тәртіпте уақытынан артық жұмыс істегені, кәсіптерді қоса атқарғаны, қызмет көрсетудің ауқымын кеңейту, демалыс күндеріндегі жұмыстар, ауыр және зиянды еңбек жағдайындағы жұмыстар және заңдарда белгіленген басқа да жағдайлардағы жұмыстар үшін үстеме және қосымша ақылар;
* заңдарға сәйкес субъектілердің қайта құрылуына, қызметкерлердің сандық және штаттық қысқартуына байланысты жұмыстан босатылған қызметкерлерге төлемдер төлеу;
* еңбекақы төлеуді аудандық реттеуге байланысты төлемдер, оның ішінде заңдарға сәйкес аудандық коэффициенттер мен шөлді, сусыз жерлерде және биік таулы аудандарда жұмысы үшін коэффициенттер бойынша; табиғаты мен ауа райы қатал жағдайындағы аудандарда үзіліссіз жұмыс стажы үшін еңбекақыға қосымша төлемдер;
Кәсіпорынның негізгі сауда-өндірістік қызметкерлерінің негізгі еңбегіне есептелген ақы мен өндірістік нәтижелері үшін ынталандыру сыйақысы былай есепте жүргізіледі:
7110 «Өнімдерді сату және қызмет көрсету бойынша шығыстар» шотының дебеті
3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» шотының кредиті
Бұл бапта есепке алынбайды:
* ерекше маңызды өндірістік тапсырмаларды орындағаны үшін қызметкерлерге бір жолғы көтермелеу төлеуге байланысты шығында, ұйымдық келісім-шарт бойынша қызметкерлерге оның ішінде балаларды тәрбиелеп отырған әйелдерге берілетін қосымша демалыстың заңдармен көзделгеннен тыс ұзақтылығына төленетін ақы;
* зейнеткерлікке кететін еңбек ардагерлеріне берілетін бір жолғы жәрдемақылар, зейнетақыға үстеме ақы төлеу, т. б.
* қызметкерлерге тұрғын үй жағдайын жақсартуға, үй шаруашылығын мүліктендіруге және басқа әлеуметтік қажеттіліктерге берілетін материалдық көмек;
3-бап «Еңбекке ақы төлеуден аударымдар». Бұл бапта заңдармен анықталған ставка (мөлшер) бойынша есептелген әлеуметтік салық көрсетіледі.
Бұл аударым заңдарда белгіленген тәртіпке сәйкес тауарларды өткізу шығындарының 2 «Субъектінің басқару аппараты мен күзеттен басқа штаттағы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу» бабына жатқызылатын субъектінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге кеткен шығындардан жүргізіледі.
4-бап «Негізгі құралдар үшін жал ақы төлеу, ұстау және пайдалану шығындары». Бұл бап бойынша есепке алынады:
* сауда мен қойма ғимараттарын және негізгі құралдардың басқа жеке объектілерін ағымдағы жалгерлікке алғаны үшін жалға берушімен жасалған келісім-шартқа сәйкес оған төленетін төлемдер;
* сауда автоматтарын, бақылау-касса аппараттарын, көтергіштерді, лифтерді, транспартерлерді және т. б. қозғалысқа келтіру үшін қолданылған электр қуатының құны;
* салмақ өлшегіш құралдар, электргаз есептегіштері, су өлшегіш және басқа аспаптарды тексеру және таңба басуға (клеймение) кеткен шығындар;
* күзет және өртке қарсы белгі беру қондырғыларын орнату жұмыстарының құны, сондай-ақ арнаулы белгі беру қондырғыларын пайдалануға кеткен шығындар;
* ведомстволық күзетті ұстау ( кеңсе, пошта-телеграф және басқалар, еңбекақы төлеуден басқа) және күзет иттерін ұстауға кеткен шығындар;
7110 «Өнімдерді сату және қызмет көрсету бойынша шығыстар» шотының дебеті
Тиісті шоттардың кредиті:
1310 «Шикізат пен материалдар»
1312 «Отын»
1314 «Қосалқы бөлшектер»
1317 « Құрылыс материалдары және басқалар»
Бұл бапта ескерілмеуге тиіс:
* еңбекті қорғауға кеткен шығындар;
* қызметкерлер арасында мәдени-ағарту, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарына арналған ғимараттар мен тұрақжайларды ұстау шығындары, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерін, оқушылардың жазғы лагерін, еңбек және демалыс лагерлерін ұстау шығындары, 7210 «Әкімшілік шығындар» шотында есептелген тұрғын үй және басқа өндірістік емес мақсаттағы объектілерді салуды қаржыландыру шығындары;
* негізгі өндірістік құралдарды жөндеу жұмыстарының барлық түрлерін жүргізу шығындары;
5-бап «Негізгі құралдардың тозуы». Бұл бап бойынша есепке алынады:
* «Негізгі құралдарды есепке алу» атты 6-бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес субъектінің таңдап алған амортизация есептеу әдісі бойынша есептелген негізгі өндірістік құралдардың тозу сомасы;
Өзінің қызметін ұзақ мерзімде жалгерлік жағдайда жүргізетін субъектілер бұл бапта меншікті де, сондай-ақ ұзақ мерзімде жалға алған негізгі құралдар объектілерінің тозуын көрсетеді.
Бұл бапта сондай-ақ еңбек ұжымына қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру субъектілеріне тегін берілген негізгі құралдардың құнынан, сондай-ақ субъектілердің тікелей жер аумағында дәрігерлік пункттерді ұйымдастыру үшін дәрігерлік мекемелерге берілген тұрақжайлар мен инвентарлардың құнынан есептелген тозу көрсетіледі.
Негізгі құралдар объектілерінің тозуын есептеу олардың барлық құны толығымен тауарларды өткізу шығындарына ауыстырылғаннан кейін тоқтайды.
7110 «Өнімдерді сату және қызмет көрсету бойынша шығыстар» шотының дебеті
2421 «Ғимараттар мен құрылыстардың тозуы»
2422 «Мәшинелер мен жабдықтардың, өткізу құрылғыларының тозуы»
Бұл бап бойынша есептелуге тиіс емес:
* қолданылып жүрген амортизациялық нормаларға сәйкес есептелген негізгі құралдардың амортизациялық сомасын белгіленген тәртіп бойынша индексациялау нәтижесінде алынған амортизациялық индексацияланған көлемінің өсім сомалары; бұл сомалар 5020 «Төленбеген капитал» шотының дебетінде көрсетіледі.
6-бап «Негізгі құралдарды жөндеу шығындары». Бұл бапта негізгі құралдардың барлық жөндеу түрлеріне кеткен шығындар, сондай-ақ жалгердің есебінен жүргізілген, егер жалға беру шартында көзделсе, жалға алынған негізгі құралдарды жөндеу шығындары есепке алынды.
Негізгі өндірістік құралдар объектілерін айтарлықтай көлемде жөндеу жүргізуге кететін шығындарды жөндеу жұмыстары өне бойында тауарларды өткізу шығындарына біркелкі жатқызу үшін субъекті 6-«Негізгі құралдарды жөндеу шығындары» бабына есепке алатын ай сайынғы аударымдар есебінен жөндеу қорын қалыптастыруға құқылы. Осы аударымдар сомасы жөндеу жұмыстарына кеткен шығындарының жоспарлы смета және субъектінің өзі есептеп бекіткен нормативтер негізінде анықталады.
Жөндеу жұмыстарының көлемі аз және жыл бойындағы негізгі өндірістік құралдарды жөндеу бірқалыпты жүрмейтін жағдайда негізгі құралдарды жөндеуге кеткен шығындарды жабу үшін субъект 6-«Негізгі құралдарды жөндеу шығындары» бабына есепке алынатын ай сайынғы аударымдар есебінен алдағы шығындардың резервін қалыптастыруына болады. Бұл аударымдар сомалары жөндеуге кететін шығындардың жылдық болжам сомаларының он екіден бір бөлігі мөлшерінде алынады.
Нақты шығындар құрылған резерв сомасынан асып кеткен жағдайда асқан сома тауарларды өткізу шығындарына жатқызылады. Нақты шығындармен салыстырғанда есепті жылда артық құрылған резерв есепті жылдың аяғында сторно (қызыл) әдісімен сторноланады (жойылады) .
7110 «Өнімдерді сату және қызмет көрсету бойынша шығыстар» шотының дебеті
Тиісті шоттардың кредиті:
1310 «Шикізат пен материалдар»
1312 «Отын»
1314 «Қосалқы бөлшектер»
1317 « Құрылыс материалдары және басқалар»
Бұл шығындардың құрамына ыдыстар-жабдықтарды жөндеуге кеткен шығындар жатқызылмайды, өйткені олар 9-«Ыдыстар бойынша шығындар мен ысыраптары» бабында көрсетіледі.
7-бап «Тауарлы-материалдық қорларды сақтау, өңдеу, сұрыптау мен буып-түю және тоңазытқыш жабдықтарды ұстау шығындары». Бұл бапта есептеледі:
* тауарлы-материалдық қорларды сақтау, сату немесе тасымалдауға ыңғайлы күйге келтіру мақсатына жұмсалған шығындар;
* тұрғындарға қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында тауарлы-материалдық қорларды буып-түю, бөлшектеп өлшеу, таңба салуға кеткен шығындар.
Бұл шығындарға жатқызылады:
* тауарлы-материалдық қорларды буып-түю, бөлшектеп өлшеу, таңба салу жұмыстарын орындау үшін шақырылған тізімдік құрамда жоқ адамдардың еңбегіне ақы төлеу;
* тауарларды өңдеу мен сұрыптауға жұмсалған материалдың нақты құны, ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізаттарын өңдеу мен сұрыптаудан пайда болған, әрі қарай пайдалануға жарамсыз, құнсыз қалдықтардың құны мен басқа да шығындар;
* тоңазытқыш жабдықтарын ұстауға кеткен шығындар; электр қуатының, судың және басқалардың құны;
* дезинфекциялау дератизациялауға кеткен шығындар;
Субъектінің тиісті сауда кәсіпорындарындағы тауарлар мен азық-түліктерді сырт мекемелердің қоймалары мен тоңазытқыштарында уақытша сақтау, орау, тоңазытқыш жабдықтарына техникалық қызмет көрсету құны есепте мынадай тізбемен көрсетіледі:
7110 «Өнімдерді сату және қызмет көрсету бойынша шығыстар» шотының дебеті:
3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді дебеторлық берешек» шотының кредиті.
Осы бапта есепке алынуға тиіс емес:
* Субъектінің штаттық қызметкерлеріне тауарлы-материалдық қорларды өңдеу, сұрыптау, буып-түю, бөлшектеп өлшеу, таңба салу жұмыстары үшін төленген еңбекақысы, себебі бұл шығындар 2 «Субъектінің басқару аппаратымен күзеттен басқа штаттағы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу» бабында есепке алуға жатады;
* сатып алу құнына кіретін және тауар секілді есептелетін полиэтиленді сыйлық қораптар және басқа орау материалдар құны.
8-бап «Тауарлы-материалдық қорлардың табиғи кему мөлшері шегіндегі ысырапталуы және ».
Бұл бапта қарастырылады:
* шыны ыдыстардағы азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың ыдыстардың сынуы салдарынан, сондай-ақ өндірістік тауарлардың (шыны бұйымдардың, пласмассадан жасалған тауарлар) тасымалдау, қабылдау, сақтау, және босату кезінде қирау салдарынан болған белгіленген мөлшерде ысырапталуы;
* алдын ала өңдеуден соң сатылатын шұжық, ысталған етдің таза массасымен сатуға дайындау кезіндегі жиналатын мөлшерленген қалдықтар;
* тауарлардың бұзылуы, ыдыстардың зақымдануы салдарынан пайда болған әртүрлі мөлшерленген ысыраптар, сондай-ақ ыдыстардың нақты салмағы мен трафарет бойынша салмағының арасындағы айырмашылықтар;
* Тауарлы-материалдық қорлардың ысырапталуы мен технологиялық қалдықтары осы бапта сатып алу бағасында көрсетіледі.
9-бап «Ыдыстар бойынша шығындар мен ысыраптар». Ыдыстар бойынша шығындарға төмендегілер жатады:
* ыдыстар-жабдықтардың амортизациясы;
* ыдыстар-жабдықтарды жөндеуге кеткен шығындар;
* ыдыстарды жөндеумен байланысты шығындар, егерде бұл операциялар жүйелі түрде істелмесе: жұмсалған материалдардың құны; тізімдік құрамда жоқ адамдар еңбегіне ақы төлеу шығындары;
* қаптарды жабдықтаушыларға қайтару кезінде пайда болатын босату мен қабылдау бағаларының арасындағы айырмашылық сомалары;
Субъектінің тиісті сауда кәсіпорындарында ыдыстарды жөндеу, тиеу, түсіру және басқадай ыдыстармен байланысты бір жолғы жұмыстарды істеуге әдейі шақырылған тізімдік құрамда жоқ адамдарға есептелген еңбекақы сомасы:
7110 «Өнімдерді сату және қызмет көрсету бойынша шығыстар» шотының дебеті:
3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz