Халықаралық құқық нормаларының ұлттық құқық нормаларынан үстемдігің


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Тақырыбы: Халықаралық қылмыстық құқықтың түсінігі, қалыптасуы қағидалары және қайнар көздері
Ғылыми мақала
Орындаған: Орымбай Еркін
Тексерген: Құсайынқызы Айгерім
Кіріспе
Халықаралық қылмыстық құқық бұл өзгеріп тұратын құбылыс, ол қоғамның ортасында пайда болады, елеулі өзгерістерге ұшырап тұрады. Мемлекет қылмыстықпен күресуі қалай қалай орын алады? 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігімізді алып, заңның қабылдануымен Қазақстан халықаралық құқықтың толыққанды мүшесіне айналды. Осыдан бастап Қазақстан халықаралық құқықтық-шығармашылық үрдістің мүшесіне айналып, өзіне мемлекетте қылмысқа қарсы күресті реттейтін халықаралық-құқықтық нормаларды және ұлттық қылмыстық құқықты қоса, халықаралық міндеткерліктер жүктеді. Қылмыстылық жағдайы және онымен күрес проблемалары мамандардың ғана емес, сонымен қатар маман емес көпшіліктің де назарын осы салаға аударып келеді. Бұл мәселе криминология құзыретіне кіреді. Осындай мәселелерді зерттеумен халықаралық қылмыспен күрестегі мемлекеттердің ынтымақтастығы саласындағы қатынастарды реттейтін нормалар мен қағидалар жүйесі ретінде халықаралық қылмыстық құқық айналысады.
Мақсаты- халықаралық қылмыстық құқықтың түсінігін ашу, халықаралық қылмыстық құқықтың мемлекеттегі сыртқы істерін қалай жүргізетінін, оның функцияларын, негізгі принциптерін ашып көрсетіп, жазу.
Халықаралық қылмыстық құқықтың түсінігі, қайнар көздері
Ең бірінші қылмыстық құқықтың қай жылы құрылғанын және ол қандай негізде пайда болғанын айтып өтейік. 1899 жылы қылмыстық құқықтың халықаралық құқығы құрылды. Мұндай ынтамақтастық халықаралық қылмыскелерді қудалау жөнінде келісілген мемлекетаралық шаралар жүргізу арқылы көзделген болатын. Негізінен 19 ғасырда алғашқы халықаралық құқықтық актілер құлдық және құл саудасы мәселелрі бой көтерген болатын. Сол себепті 1815 ж. Вена конгресі осы мәселе жөнінде арнайы декларация қабылдады. Қатысушылар Англия, Ресей, Австрия мемлекеттері 1841 жылы Лондон шартында құл саудасы қылмыстық құбылыс деп танылды. Халықаралық қылмыстық құқықтың қайнар көзі жүйесі, тұтастай алғанда халықаралық жария құқық институттарының жүйесін қайталайды. Тек реттеу затының ерекшелігіне байланысты болмашы өзгерістер болуы мүмкін. Халықаралық жария құқықтың негізгі қайнар көздері екі жақты және көпжақты шарттар болып табылады. Халықаралық қылмыстық құқыққа қатысты құқықтық нормаларды халықаралық құқықтың басқа салаларынан да табуға болады. Мысалы, өлім жазасын алып тастау туралы Конвенциялық нормалар, азаптауды болдырмау және тыйым салу туралы, кәмелетке толмағандарды, әйелдер мен балаларды түрмеде қамау ұстау ережелерін «Халықаралық жария құқықтағы адам құқықтары» деген саладан кездестіруге болады. Мұндай шарттық нормалар әмбебапты және аймақтық сипатта. Ерекше орын БҰҰ аясында қабылданған шарттарға беріледі. Осы салада жүйелеу жұмысының толық аяқталмағанын айту керек. Сондықтан халықаралық қылмыстық құқыққа қатысты құқықтық нормаларды халықаралық құқықтың басқа салаларынан да табуға болады.
Халықаралық қылмыстық істермен күресу
Халықаралық қылмыспен күрес іс-тәжірибесі халықаралық және ұлттық органдардың құқық бұзушылықтардың алдын алу қызметтерінің келешегін көрсетіп отыр. Халықаралық қылмыстық құқықта мұндай күрестің екі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылатыны жалпыға мәлім. Біріншісі- құқық бұзушылықтың, оның ішіндегі ең қауптісі - қылмыстың алдын алу. Екіншісі- жасалып жатқан немесе жасалған қылмыстарды көпшілік жағдайларда кінәліге жаза тағайындау арқылы ашу, тергеу. Қылмыстық істермен күресу үшін халықаралық қылмыстық полиция ұйымын - Интерполды құру туралы келісімге қол қойылды. Интерпол тарихы 1914 ж. Сәуір айынан басталды, ол кезде 14 елдің сарапшы заңгерлері мен полиция офицерлері Ионакада криминалды полицияның бірінші халықаралық конференциясына жиналған болатын. Сөйтіп, криминалды мәліметтердің халықаралық бөлімшесі құрылып, қылмыскрлерді ұстап беру рәсімі келісілді. Екінші конгресте 1923 ж. Халықаралық криминалды полиция Комиссиясын құру туралы қарар қабылданды, оның ресми орналасу жері Вена деп танылды. ХКПК (Халықаралық криминалды полиция комиссиясы) екіншідүниежүзілік соғыс басталғанға дейін әрекет етті. 1946 ж. Комиссия өз жұмысын қайта бастады. Штаб пәтері Парижге көшірілді. 1956 ж. ХКПК өз атауын Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы Интерпол деп өзгертілді. 1989 ж. Бері оның штаб пәтері - Лион қаласында орналасқан.
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының мақсаттары:
• Елдердің қолданыстағы заңдары шегінде қылмыстық полицияның барлық органдарының өзара ынтымақтасуын қамтамасыз ету және дамыту.
• Жалпы қылмыстық істермен күресудің алдын алуға тиімді көмектесетін мекемелерді құру және дамыту.
Интерполдың маңыздылыққа алатын қағидаларына мыналар жатады:
• Ынтымақтастыққа лингвистикалық немесе географиялық кедергілер тосқауыл болмауы тиіс.
• Интерполдың барлық мүше мелекеттері тең құқылы және оларға бірдей қызмет көрсетіледі.
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы Бас Ассамблеядан, Атқарушы комитеттен, Бас хатшылықтан, Ұлттық орталық Бюродан және Интерпол кеңесшілерінен құралады.
Бас Ассамблея Интерполдың жоғарғы басшылық органы болып табылады. Бас Ассамблеяның шешімдерінің орындалуын ААтқарушы Комитет бақылайды, ол өз мәжілістерін жылына үш рет шақырады.
Орталық үйлестіруші орган - Бас хатшылықты Бас Хатшы басқарады. Бас хатшылық бұл ұдайы әрекет ететін әкімшілік және техникалық орган. Ол Лионда орналасқан, төрт бөлімнен тұрады: жалпы әкімшілік, байланысу және криминалды мәліметтер, құқықтық мәселелер және техникалық қамсыздандыру мәселеллері. Ұлттық орталық Бюро - Интерполдың бөлімшесі ретінде және елдің интерполдағы өкілдігі ретінде қызмет ететін мемлекеттік полиция органы. ҰОБ мәліметтерді алады, өңдейді және тиісті ұлттық құқық қорғау құрылымдары мен олардың шетелдік әріптестеріне және Бас хатшылыққа жіберіледі. Экстрадация жайында айтып өтейік.
Экстрадиция
(фр.
extradіtіon
- беру, табыстау) - мемлекеттің өз аумағындағы қылмыскерді қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатымен немесе сол адамға қатысты шығарылған шетел сотының үкімін орындау үшін оны басқа мемлекетке беруі. Орыстан шыққан құқықтанушы Фёдор Мартенс өзінің еңбектерінде экстрадицияның үш кезеңін бөліп қарастырады. Оның пайымдауынша, ежелден XVII ғасырдың соңына дейін қылмыскерлерді бір елден екінші бір елге беру мүлде сирек болған. Бұл уақытта негізінен саяси сатқындарға қолданылған. Екінші кезең деп қарастырылатын XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың алғашқы жартысында индустриялану кезінде пайда болған темір жол, автомобильдерді тонау үрдісі көбейді. Бір мемлекеттің азаматы екінші бір елдің территориясында қылмыстарға барған жағдайлар болған. Ғалым экстрадицияның үшінші кезеңі деп 1840-1943 жылдар аралығын көрсеткен екен. Экстрадиция туралы айтқанда қандай да бір мемлекет қылмыскер деп танылған азаматты екінші ел оңай қайтара салады деп түсінбегеніміз абзал. Себебі экстрадиция - дипломатияның құндылықтарына сүйене отырып жүзеге асатын үлкен бір процесс. Құқықтық негіздеріне келсек, экстрадиция екі мемлекет арасындағы келісімдерге немесе көпжақты қабылданған конвенцияға сәйкес жүргізіледі. Мысал ретінде 1957 жылы Парижде қабылданған Еуропалық конвенцияны айтуға болады. Егер мемлекеттер арасында қандай да осы салаға қатысты келісімдер болмаса, экстрадициялау болмай қалуы да мүмкін. Ал Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер бір-бірінен қылмыскерлерді оңай экстрадициялап, өзге елдің заңын бұзған өз азаматтарын да тиісті мемлекеттерге тапсырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Конституциясында халықаралық
қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқықтың арақатынасы мәселелерін шешу
Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқық арақатынасы
мәселесі халықаралық құқық пен ұлттық құқық арақатынасына тәуелді сипатқа
ие. Жоғарыда қарастырылып өткендей халықаралық құқық ғылымында екі
құқықтық жүйе бір-біріне бағынышты емес, дербес деген көзқарас қалыптасқан.
Алайда, халықаралық құқық және ішкі мемлекетті құқық халықаралық қатынастар
мүшелерінң ынталарымен пайда болатын тұрақты әсерлесу үрдісінде. И. П.
Блищенко, Р. А. Каламкарян пікірлеріне сәйкес құқықтың үстемдігі
концепциясы жалпы құқықтық жүйеде халықаралық құқықтың үстемдігін барлық
мемлекеттермен мойындауды қарастырады. Халықаралық құқықтың Қазақстандық ұлттық құқықтан артықшылығы Конституцияда ішкі мемлекеттік заң алдында халықаралық құқықтың приоритеттілігін бекіту арқылы; Қазақстан Республикасының өзінің халықаралық міндеткерліктерін орындауарқылы; қылмыспен күресе мемлекеттің ынтымақтастығын реттейтін ұлттық қылмыстың заңи нормаларын ақтау.
Халықаралық құқық нормаларының ұлттық құқық нормаларынан үстемдігің
Қазақстан Республикасы Конституциясының 4 бабы 4 қатарында көрсетілген.
Яғни, онда: Республика ратификациялаған халықаралық келісімдер
мемлекеттегі заңдар алдында жоғары үстемдікке ие, және жүзеге асуы үшін
арнайы заңдар қабылдауы керек болған жағдайлардан басқа кезде дереу күшке
енуі шарт.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық қылмыстық құқықтың дамуындағы рөлі.
Қылмыспен күресу саласындағы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың іс қимылдарының көпшілік мойындаған орталығы болып Біріккен Ұлттар Ұйымы табылады. Оның бұл саладағы еңбегі мемлекет ішінде де, халықаралық дәрежеде де жүзеге асады. Бұған ортақ бірегей нормалар мен стандарттарды орнату арқылы қол жеткізіледі. Бұл ретте Біріккен Ұлттар Ұйымы бастамасымен өтетін Конгресстер мен Конференциялардың орны айрықша. Мысалға алатын болсақ, Біріккен Ұлттар Ұйымы Хатшылығының қылмыстық істің алдын алу және қылмыстық әділқазылық жөнінде Секторы 1994 жылы Неопольде министірлер ауқымында ұйымдасқан трансұлттық қылмыс мәселесі бойынша Бүкіләлемдік Конференция ұйымдастырды. Оған жүз қырық екі мемлекеттерден өкілдер қатысты. Конференция қылмыстық синдикаттардың қарқынды өсіп келе жатқанын, финанстық істерде қатты кетіп, ал бұл қылмыстық істерінің халықаралық сипат алып жатқандығын байқауға болады. Мамандардың айтуы бойынша, олар жылына 780 млрд. Доллар пайда көреді, дамыған мемлекеттер мен бүтін бір аймақтардың экономикасын бұзады, саяси билікке таласып, кейде үкіметпен бақталас болады. Неополь Конференциясы саяси декларация мен іс қимылдың ғаламдық жоспарын жасады. Заңды түрде міндеттелген трансұлттық қылмыс жөніндегі халықаралық конвенциялар нұсқасын жасап, қабылдауға ұсыныс болды. Мемлекттерге «қылмыстық ақшаларды жамқыру» үшін қылмыстық жауапкершілік орнату, қылмыстық ұйымдардың негізге ақша қорларын пәшпескелеу, қылмыскерлерді ұстап беру жөнінде екі жақты келісімдер жасауға және көпжақты келісімдерге қосылуға, айғақтар мен куәгерлер алмасуға кеңес беріледі.
Қылмыспен күрес жөніндегі мемлекеттердің іс қимылдарын ұйымдастыратын негізгі ұйым Біріккен Ұлттар Ұйымындағы ЭКОСОС болып табылады. Оның құрамында тұрақты түрде Қылмытық істердің алдын алу және қылмыстық әділқазылық жөнінде Комиссия қызмет етеді. Бұл Комиссия бес жыл сайын қылмыстың алдын алу мен құқық бұзушылармен қарым қатынас жөнінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Конгресстерін ұйымдастырып, өткізеді. 1955 жылдан бері 9 Конгресс өтті, екіншісінен бастап оған КСРО да қатысты. Халықаралық беделі өте жоғары болғандықтан, бұл Конгресс халықаралық қылмыстық құқықтың жетілдірілуі мен бір жүйеге келтірілуіне, мамандардың халықаралық қылмыспен күрес және оның алдын алудағы тәжірибелермен алмасуға үлкен мүмкіндік береді. Оның жұмысына пенология, кримнология, пенитенциария, қылмыстық құқық саласындағы эксперттер, полиция қызметкерлері, адам құқықтары және зардап шеккендерді күту жөніндегі мамандар ат салысады.
Ұлттық қылмыстық құқық нормалары мен халықаралық қылмыстық құқық нормалары арақатынасы және өзара әрекеттестігінің негізгі мәселелері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz