Бұршақ дән қоңыздары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Агробиология факультеті
Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Бұршақ бітесі. Түйнек бізтұмсықтары. Бұршақ және үрмебұршақ дән қоңыздары. Бұршақ жеміс жемірі, бұршақ қан көбелегі биологиясы, зияндылығы. Зиянкестермен күресу шаралары

Орындаған: Тоқанова А.С
Тобы: ЗР-315
Қабылдаған:Искендирова Р.А

ЖОСПАР

Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
І. Бұршақ бітесі - Acyrtosiphon pisi Kalt. Күресу шаралары. Экономикалық зияндылық шегі.
ІІ. Түйнек бізтұмсықтылары - ситондар. Күресу шаралары. Экономикалық зияндылық шегі.
ІІІ. Бұршақ дән қоңыздары. Күресу шаралары
ІV. Үрмебұршақ дән қоңыздары. Күресу шаралары
V. Бұршақ жеміс жемірі. Күресу шаралары
VІ. Бұршақ қан көбелегі. Күресу шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

1.Кіріспе бөлім
Энтомология - насекомдар туралы ғылым. Ауыл шаруашылық дақылдарына насекомдармен қатар жануарлар дүниесінің басқа топтарының (нематодтар, кенелер, жалаңаш шырыштар, кемірушілер) өкілдері де зиян келтіреді. Солардың ішінде түрлерінің саны жағынан өте көбі насекомдар - класы.
Практикалық маңызына байланысты насекомдар пайдалы және зиянды болып екі топқа бөлінеді. Пайдалы насекомдарға зиянды организмдерді құртатын жыртқыш және паразиттік тіршілік ететін (энтомофагтар) түрлер, топырақ пен орман төсенішін мекендеп, топырақ түзілуге қатынасатындар, өсімдіктердің айқас тозаңдануын қамтамасыз ететіндер, сонымен қатар бағалы азық-түлік (бал) және өндіріс шикізаттарын(балауыз,жібек,бояу,т.б ) беретіндер жатады. Ал зиянды өсімдіктерге ауыл шаруашылық дақылдарын, басқа да пайдалы өсімдіктерді және орман ағаштарын зақымдайтын өсімдік қоректілер (фитофагтар), адамға жіне үй жануарларына қауіпті ауру жұқтыратын әртүрлі қан сорғыш жәндіктер жатады.
Энтомология өзінің негізгі зерттеу обьектісі - насекомдардың практикалық маңызының алуан түрлілігіне сәйкес өз алдына дербес бірнеше жеке-жеке ғылыми пәндерге бөлінеді. Олардың ішінде Жалпы энтомология насекомдардың ішкі, сыртқы құрылысын, тіршілік әрекеттерін, олардың түр байлығы және тіршілік ортасымен өзара қарым-қатынасын зерттейді.
Ауыл шаруашылық энтомологиясы мен Орман шаруашылық энтмологиясы ауыл шаруашылық дақылдар мен жайылымдар өсімдіктерінің және орман ағаштарының зиянкестерін зеттейді. Ал адам мен үй жануарларына ауру жұқтыратыын қан сорғыш насекомдарды зерттеу Медицина энтомологиясына және Ветеринария энтомологиясына байланысты.
Энтомологияның негізгі міндеті - зиянды насекомдар мен басқа организмдердің зақымдау салдарынан ауыл шаруашылығы өсімдіктері өнімінің шығынын мүлде болдырмау немесе оны мейлінше азайту.
Дақылдардың зақымдану сипаты оның салдарынан шығынның мөлшрі тек қана өсімдіктердің зиянкестік әрекетіне ғана тәуелді емес, сонымен қатар сорт ерекшелігіне, агротехника дәрежесіне, егіннің орналасу дәрежесіне және тағы басқа шараларға сәйкес өсімдітің зиянкеске төзімділігіне де байланысты болады. Сондықтан энтомология ғылымы өзінің негізгі міндеттерін шешу барысында Өсімдік физиологиясы, Егін шаруашылығы, Өсімдік шаруашылығы, Көкөніс шаруашылығы, Жеміс шаруашылығы, Топырақтану, Агрохимия, Ауыл шаруашылық өндірісін механизациялау және оны ұйымдастыру сияқты агрономиялық пәндермен тығыз байланысты.
Организмдердің зиянкестігі салдарынан туатын шығынның экономикалық салдары өте көп. Зиянды организмдер әсерінің шығыны біздің елде де аз емес. Әсіресе Россия патшалығы кезінде, Октябрь революциясынан кейінгі 30-50 жылдр ауыл шаруашылығы азиялық көкқасқа шегіртке, қызылша бізтұмсығы, шалғын көбелегі, күздік көбелек сияқты тез өсіп-өніп, жаппай көбейіп кететін насекомдардан өте зор зиян шекті.
Ауыл шаруашылығы дақыларын зиянды жәндіктерден ойдағыдай қорғаудың негізгі шарты - оларды бір-бірінен ажырата білу керек. Онан кейін олардың тіршілік әрекеттерін, яғни биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін жете білу керек. Сонда ғана зиянкестерге қарсы күрес шараларын дер кезінде тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік туады.

2.Негізгі бөлім
І. Бұршақ бітесі - Acyrtosiphon pisi Kalt. Тең қанатты (Homoptera) отрядының бітелер (Aphididaе) тұқымдасына жатады. Қазақстанда тегіс таралған. Жасыл барқыт түсті, былқылдақ денелі ұсақ насеком. Басы сарғылт - жасыл, көздері қызыл-қоңыр, аяқтары ұзын, түстер жасыл, сирақтарының төменгі жағы мен табандары қара түсті.
Ауыл шаруашылық дақылдарын зақымдайтын бітелердің ішіндегі ең ірісі - қанатсыз партеногенетикалық ұрғашысының ұзындығы 4-5,6 мм жетеді, ал қанатты ұрғашы бітенің ұзындығы 5 мм. Жаңадан салынған жұмыртқалары көгілдір жасыл түсті болады да кейіннен қараяды.
Бұршақ бітесінің жұмыртқалары көпжылдық бұршақ тұқымдас өсімдіктердің әр түрлі мүшелерінде қыстап шығады. Көктемде олардан личинкалар шығып, 10-15 күн өткен соң қанатсыз негіз салушы деп аталатын ұрғашы бітелерге айналады. Бітелер өте тез өсіп-өніп көбейеді, бір жаз ішінде 10 генерацияға дейін береді. Партеногенетикалық ұрғашы бітелердің әрқайсысы 50-120 личинка туады. Маусым - шілде айларында қанатты ұрғашы бітелер шығады да, бұршақ тұқымдастардың басқаларына ең алдымен бір жылдық дәнді таралып, өсіп-өніп қаптап кетеді. Тамыз айында, яғни бір жылдық бұршақ дәнді дақылдардың ткані қатайған кезде бітелер көпжылдық бұршақ тұқымдастарға көшеді. Күзде ұрғашы бітелер сол өсімдіктерге жекелеп немесе топтап жұмыртқаларын салады. Орта өсімталдығы әр ұрғашы бітеге шамамен 10 жұмыртқадан келеді.
Бітелердің бұл түрі бұршақтан басқа да осы тұқымдас өсімдіктердің көптеген түрлерін зақымдайды. Зақымданған өсімдіктердің жапырақтары ширатылып бүрісіп қалады, сабақтары қисайып, бұралып, өсуі кешеуілдейді, және генеративті мүшелері (тұқымдары, жемістері, т.б) пісіп-жетілмей солып қалады.
Ауа райының жылы және орташа ылғалды болуы бітелердің дамуына қолайлы жағдай туғызады. Ауа райы салқын жауын-шашынды болса, энтомофторлы саңырауқұлақтар әсерінен бітелер ауруға шалдығады, көбеюі тежеледі. Ал ыстық құрғақшылық кездерде олар дене ылғалының тез булануы салдарынан жаппай қырылып қалады. Бітелердің сан мөлшерін олардың паразиттері (афидиттер) мен жыртқыш насекомдар да (кокцинеллидтер, алтын көзділер, ызылдақ шыбындардың личинкалары және т.б) едәуір азайтады.
Бітелер өсімдіктердің жас ұлпаларында және гүл шоғырына қоныстанады. Колонияның өсуі жоғарғы бөліктен басталады. Олар көп жылдық бұршақ дақылдарына ұшып келеді де, содан соң бұл жерге аталық пен аналық шағылысқаннан кейін қыстайтын жұмыртқа салады. Бұршақ бітесі бұршаққа, сиыр жоңышқаға, жоңышқаға, жасымыққа зиян келтіреді. Дернәсіл мен имаго шырынды сорып, жапырақты ширатады, дамуды тоқтатады, зақымданған мүшенің түрін өзгертіп, егіннің түсімін тқмендетеді. Бітенің жаппай көбеюі ауа райының қолайлы (жылы - жаңбырлы ) жағдайларында байқалады.

Күресу шаралары. Біржылдық және көпжылдық бұршақ дақылдарын бұршақ бітеден қорғау үшін кеңістікті оңашалаудың үлкен маңызы бар. Бұршақ дәнділерді қайталап отырғызуға болмайды. Жерге түскен дән өскіндерінің пайда болуына жол бермеу керек. Көп жылдық бұршақты төмен кесінді жасап жинау қажет. Егер энтомологиялық аулағышпен 10 сілтеу жасаған кезде 25-30 дара біте түссе немесе 20%өсімдік залалданған болса, онда инсектицидпен өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Бұршақ қоңызы. Қоңыздарының бүйірінің алдыңғы арқасында және жамбастың төменгі жағында тісшелер орналасқан. Қанаттың үстінде ақ дақтар, ал құрсағының астында екі ірі қара дақтары бар. Денесінің ұзындығы - 4,5-5мм ақшыл түптермен қапталған. Дернәсілі сопақ, ақшыл сары, ұзындығы - 5-6 мм. Қоңыздар тазалау, сақтау және егінді жинаған жерлерде бұршақтың ішінде қыстайды. Дернәсілдің ересек жәндәкке айналуы, қыстап шығуы құрғақ тұқымның ішінде өтеді. Жұмыртқаны бұршақтың жармасына салады. Дернәсілдер бұршақтың ішінде қоректенеді.
Егінді дер кезінде шығынға ұшыратпай жинап алу керек. Аңыздарды сыдыра жырту, топырақты терең өңдеу қоңыздар мен дернәсілдердің едәуір жойылуына әкеледі. Қойма орындарында тұқымдарға тұқымдарға газбен өңдеу және салқындату жұмыстарын жүргізу қажет. Егер шанақтану кезінде энтомологиялық аулағышпен 10 сілтеу жасағанда 15-20 қоңыз табылса, онда бұршақ қоңыздарын жою үшін инсектицидпен өңдейді.
Экономикалық зияндылық шегі. Бүрлену фазасында және келесі даму кезеңдеріндегі бітелердің экономикалық зияндылық шегі 20% немесе 100 сермегенде 250-300 біте өскіннің пайда болуымен 2-3 жапырақ кезінде жүргізіледі. Жазда, тұқымның толысу мен жаппай гүлдеу фазасында.

ІІ. Түйнек бізтұмсықтылары - ситондар. Түйнек бізтұмсығы: теңбіл - Siltona lineatus L. Және қылшықты - S.Crinitus Herbst (бізтұмсықтар тұқымдасы - Curculionidae, қоңыздар отряды - Coleoptera). Қазақстанда ситондардың 10 түрі кездеседі. Олар дене құрылысы және тіршілік әрекеті жағынан бір-біріне өте ұқсас.
Қоңыздың бастүтігі жуан және қысқа, мұртшалары түйреуіш басты бүгілмеген, денесінің ұзындығы - 3-5 мм, денесінің түсі топырақты сұр болып келген. Қанаттарының үстінде ақ, сұр және қоңыр түсті қабыршақтардан тұратын дақтар немесе жолақтар болады. Қылшықты бізтұмсықтың үстіңгі қанаттарында ақшыл үрпиген қылшықтары бар. Жұмыртқалары сопақша, ұзындығы 0,2 мм, алғашында ақшыл-сары соңынан қараяды. Личинкаларының басы қара, денесінің қаоған бөлігі ақ, аяқтары болмайды, денесі аздап доғаша иілген, ұзындығы 5 мм жетеді.
Қуыршақтары ашық, ақшыл-сары түсті, ұзындығы 4-6 мм.
Түйнек бізтұмсықтылары жылына бір генерация беріп, өсіп-өнеді. Ересек қоңыздың фазасында топырақ арасында немесе жер бетіндегі өсімдік қалдықтарының астында қыстап шығады. Тек тамыр бізтұмсығы деп аталатын бір түрі ғана личинка фазасында топырақ арасында тамырға жақын жерде қыстайды.
Қоңыздар ерте көктемде ауаның орташа температурасы 3-5 С болғанда қысқы ұйқыдан оянып шыға бастайды да, температура 7-9 С жеткенде қоректенуге кіріседі. Ерте көктемде олар жаңадан көктеп келе жатқан жоңышқаның және басқа да бұршақ тұқымдас өсімдіктердің жас жапырақтарын шетінен кеміріп жарты шеңбер тәрізді ойық жасап жейді. Әсіресе ауа райы құрғақ және ыстық болған кезде қатты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дән қоңыздары(Bruchidae) морфологиялық сипаттамасы мен биологиялық ерекшеліктері
Дәнді дақылдардың зиянкестері мен аурулары
Өсімдіктердің мүшелерін зақымдау белгілері
Көкөніс дақылдарын аурулар мен зиянкестерден қорғау шаралары
Жұмсақ бидайды өсірудің технологиялық картасы
Алматы облысы, Іле ауданының табиғи-климат жағдайы. Астық дақылдарын өсіру технологиясы
Көпжылдық шөптер
Астық дақылдарын зиянды организмдерден қорғау
Ауыл шаруашылығының зиянкестері
Картоптың сабақ нематодасымен күресу шаралары
Пәндер