Патша өкіметінің қоныс аудару саясаты


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
1. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні, мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан тарихының кезеңделуі. ежелгі және ортағасырлар, жаңа дәуір, қазіргі заман.

« Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің негізгі мақсаты - отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру.

  • Тарих ғылым ретінде

Тарих - адамзат баласының өткенін зерттейтін ғылым саласы. Тарих сөзі грек тілінен аударғанда «сұрастыру», «зерттеу», «анықтау» деген мағыналарды береді. Негізінен, Рим тарихында бұл сөз әңгімелеу мақсатында қолданылған болатын. Кейіннен «тарих» сөзімен барлық оқиға, ойдан құрастырылған әңгімелерді де айта бастаған. Осылайша, «тарих» сөзі адамзат баласының осы уақытқа дейінгі өмірін сипаттайтын сөзге айналған. Тарих саласы біздің келіп шығу тарихымызды білуге, рухани қалыптасуға көмектеседі.

  • Қазақстан тарихының кезеңдері

- Ежелгі Қазақстан б. з. б. 2, 6 млн жылдан б. з. V ғасырға дейінгі аралықты қамтиды.

Тас дәуірі:

1) Палеолит (ерте/кейінгі) - бет-бейне, ой-сана қалыптаса бастады

2) Мезолит - микролиттер, сабақ пен жебе пайда болды. Рулық қауым күшейді. Алып мұздықтар ери бастады.

3) Неолит - қыш құмыралар жасауды үйренді. Егіншілік қалыптаса бастады.

Мыс-тас дәуірі :

1) Энеолит - мыс игеру қалыптасты, жылқыны қолға үйрету қолға алынды

Қола-дәуірі: металл өңдеу, теселі егіншілік, мал бағудың көшпелі түріне көшу тән

1 ) Нұра- өлікті өртеп жерлеу ғұрпы тән

2 ) Атасу- өлген адамды сол күйінде жерлеу ғұрпы дамыды

3 ) Беғазы-Дәндібай ерекшелігі- жерлеу орындарының құрылысы ірі болды

Ерте темір дәуірі:

1) Алдыңғы ерте темір дәуірі-адамдар өндірісте темірді пайдалана бастады,

2) Кейінгі ерте темір дәуірі- көшпелі мал шаруашылығы дамыды

- Орта ғасырдағы Қазақстан

1) Ерте орта ғасырдағы Қазақстан

Бұл уақыттары Түркі қағанаты, Батыс Түрік қағанаты, Шығыс Түрік қағанаты, Түргеш қағанаты, Қарлұқ қағанаты, Қимақ мемлекеті, Оғыз мемлекеттері өмір сүрді.

Сонымен қатар, осы ерте орта ғасырд «Ислам діні» Қазақстан даласында кеңінен тарала бастады.

2) Дамыған орта ғасырдағы Қазақстан

Бұл кезеңде Караханмемлекеті, Қарақытай мемлекеті, Қыпшақ хандығы, Моңғол империясы, Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы және Сібір хандығы тарихқа өз іздерін қалдырды. Қазақ хандығы да осы кезеңде тарих сахнасына қадам басып келе жатты.

- Жаңа замандағы Қазақстан

Бұл заман Қазақ хандығы, Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз, Бөкей Ордасымен бастау алады. Кейіннен Ресейдің қол астына кіріп әрі қарай қазақ халқы КСРО-ның құрамына қосылады.

-Қазіргі замандағы Қазақстан

1991 жылы 16 желтоқсанда жалпы Қазақ елі тәуеліздігіне қол жеткізіп, қазіргі заманға қарай қадам басады.

2. Н. Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты жұмысындағы ұлттық тарихқа стратегиялық көзқарас.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1999 жылы шыққан «Тарих толқынында» кітабында еліміздің аумағында ертеден бері орын алған тарихи оқиғаларға баға берілген. Елбасы Қазақстан аумағында орын алған барша тарихи оқиғаларға жеке-жеке тоқталған. Онда біртұтастылық, көшпенділер өркениетінің өзгешелігі, көшпенділер социумы ерекше суреттеліп, оқырман қауымға ұсынылған. Автор Қазақстанның Ресей империясы мен КСРО құрамындағы дәуіріне де жан-жақты тоқталған.

Сонымен қатар, Елбасының «Тарих толқынында» кітабы қоғамды отарлық санадан арылту жолында үлкен рөл атқарды.

«Кітап жарыққа шыққаннан кейін халықтың дүниетанымы айтарлықтай өсті. Ел азаматтары арасында төл тарихимызға деген қызығушылық айтарлықтай артты. Кәсіби тарихшылар үшін ғылыми зерттеулер жүргізуіне барлық жағдай жасала бастады. 1994 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру басталды. 2013 жылы Елбасы «Халық тарих толқынында» арнайы тарихи зерттеулер бағдарламасын ұсынды, оның атауы біздің кітабымыздың атымен біршама ұқсас. Ал, 2015 жылы Президенттің бастамасымен жалпыұлттық деңгейде «Қазақ хандығының 550 жылдығы» аталып өтуде.

3. Патша өкіметінің қоныс аудару саясаты.

Патша үкіметі өзінің қоныс аудару саясатын қарқынды жүргізуді көздеп, 1892-93 жж. Ұлы Сібір темір жол құрылысын бастады. Қазақтар жерін экономикалық игеру мақсатында "артық", "бос" жатқан жерді анықтайтын түрлі экспедиция құрылып, жедел жұмысқа кіріскен еді. Комиссиялар алдында қойылған талап біреу - барынша көп мөлшерде қазақтар жерінен "бос", "артық" деген жерді анықтау арқылы қоныстанушылар "қорын" толықтыру болды. Сондай-ақ, жергілікті әкімшілік басқару жүйесін қалыптастыруға үлкен назар аударылды. Нәтижесінде ХІХ ғасыр соңына қоныс аударушылар басқармасының орталықтандырылған біртұтас жүйесі құрылды.

Патша үкіметінің ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанда жүзеге асырған әкімшілік реформалары қазақ елінің саяси тәуелсіздігін біржола жойғанымен, бұл реформалар көп ұзамай-ақ патшалық әкімшіліктің қазақ қоғамының ішкі өміріне тереңдеп еніп, оны игеріп алып кетуге әлі де болса әлсіз екендігін көрсетіп берді. Мұны жақсы түсінген патшалық әкімшілік ХІХ ғасырдың 60-жылдарының орта тұсынан бастап Қазақстанды отарлаудың "ең сенімді" жолына түсті. Ол Орталық Ресейден орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аударту еді. Патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты бірнеше кезең арқылы жүзеге асырылды. Қазақстан тарихнамасында бұл қоныс аудару саясаты үш кезең бойынша бөліп қарастырылады.

І кезең ХІХ ғасырдың 70-80 жылдар аралығын қамтиды, ол 1889 жылғы 13 шілдедегі жарлық шыққанға дейін созылды.

ІІ кезең ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан 1905 жылға дейінгі уақыт аралығын қамтиды.

ІІІ кезең 1906 жылдан 1916 жылдар аралығын қамтиды.

Қазақстанға орыс және украин шаруаларын қоныстандыру ХІХ ғасырдың 70-жылдарының соңы 80-жылдардан бастап қарқынды жүргізілді. Қоныс аударудың алғашқы кезеңі өз еркімен қоныс аударған шаруалар қозғалысымен анықталып, патша үкіметі өз еркімен қоныс аударғандар жағдайын реттеу мақсатына бірқатар жеке заң-актілермен, нұсқаулар қабылдады. Онда көзделген мақсат - қоныс аударуды үкімет өз қадағалауына алып, оған көмек көрсету болды. Оған алдын ала дайындық шаралары жасалды. Мәселен, Жетісу облысы әскери губернаторы Колпаковский бастамасы бойынша Жетісуға шаруалардың қоныс аударуы туралы "Уақытша ереже" әзірленді. Бұл құжат 1868 жылдан бастап 1883 жылға дейін күшін сақтады. "Уақытша ереже" бойынша орыс қоныс аударушыларына (ерлерге) 30 десятина жер беру, 15 жылға алым-салық және түрлі міндеткерліктерден босату, 100 сом мөлшерінде көмек беру және басқа жеңілдіктер анықталып, көрсетілді.

Арнайы ереже 1889 жылғы 13 шілдеде қабылданды. Онда қоныс аудару тек Ішкі істер министрлігі және Мемлекеттік мүлік министрлігі арқылы алдын ала шешілуі қажет делінген. Тиісті үлестік мөлшері жергілікті өкімет құзырына берілді. Мұнда үлкен астар жатқаны ешқандай құпия емес-ті. "Ережеде" шаруалардың қоныс аударып, тұрақтайтын аудандары нақты анықталып көрсетіледі: Жетісу, Ақмола және Семей облыстарының территориясына орыс-украин шаруалары көптеп қоныстануы белгіленді. Ата-мекенінен қоныс аударған шаруаларға қажетінше жерді үлестіру кеңінен жүргізілді. Тек 1885 жылды қоса алғанда, Ақмола облысы қазақтары жерінен 251779 десятина мөлшерінде тартып алынды. Онда 10 940 ер адамы бар 24 қоныс аударушылар бөлімшесі (учаскелері) құрылған еді. Семей облысы бойынша 33 064 десятина егістік жер жергілікті тұрғындар иелігінен алынды. Жетісу облысынан 12 жылда (1868-1880 жж. ) 3324 отбасы қоныс аударған, оның 2099 селолық құрылымға біріксе, 1225 отбасы қалаларда тұрақтанды.

4. Ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы.

XІX ғасырдың соңында Қазақстанға орыс шаруаларымен қатар ұйғырлар мен дүнгендер де қоныс аударды. Өйткені 1871-1881 жылға дейін Іле аймағы патшалық Ресейдің қол астында болды.

Ұйғырлар мен дүнгендерді Жетісуға қоныстандыру арқылы патша үкіметінің көздеген мақсаты - оны жергілікті халықтың ұлт-азаттық көтерілісіне қарсы қолшоқпар ретінде пайдалануды көздеді. Бұл мәселе бойынша арнайы комиссия құрылып, қоныс аударғандарды Шелек және Іле өзенінің аралығында орналастыру туралы шешім қабылданды. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы 1881-1883 жылдар аралығында жүзеге асырылып, 1884 жылдың басында 9572 ұйғыр отбасы қоныс аударды, оның 24628 ер адам болса, ал 20745 әйелдер болды, барлығы 45373 адам еді. Сонымен қатар, Қазақстанға барлығы 5055 дүнген қоныс аударды.

5. 1905-1907 жылдардағы І орыс революциясы және оның Қазақ өлкесіне әсері.

1905-1907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Қазақстанда халықтың өкімет билігіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды. 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы жеңіліске ұшырады. Бірақ ол қазақ халқының қоғамдық сана-сезімін арттыруға, өлкедегі демократиялық қозғалысты дамытуға орасан зор ықпал етті. Ресейдегі революциялық оқиғалардың әсерімен қазақ халқының көрнекті перзенттері саяси сахнаға көтерілді. Халықтың таңдаулы өкілдерінің Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы Қазақстан тарихында аса маңызды рөл атқарды. Қазақ халқының көшбасшыларына айналған зиялылар Ресей империясының өкілетті органының мінберінен ең маңызды проблемаларды, жерге қатысты мәселелерді принципті түрде батыл көтере білді.

Бірінші орыс революциясы жылдарындағы оқиғалар қазақ халқымен Қазақстандағы басқа да ұлыстардың саяси белсенділігін арттырды. Қазақ жұмысшылары өз алдына дербес саяси күш ретінде көріне білді. Солай бола тұрса да ол жылдардың оқиғалары Қазақстандағы ұлттық-демократиялық және жұмысшы қозғалысының әлсіз, әлі де жетілмегенін көрсетті.

6. Ресейдің І-ІІ Мемлекеттік Думасының қызметіне қазақтардың қатысуы.

І-ІІ Думаға сайланған «Алаш» депутаттарының стратегиялық мақсаты - тарих қойнауына кеткен Қазақ хандығының жер аумағында жергілікті инфрақұрылымы дамыған заманауи Қазақ елін құру болды І және ІІ Думаның (1906, 1907 жж. ) қазақ депутаттарының алдында тұрған ең маңызды міндет - жер-аграрлық мәселе болды. Атап айтқанда, біріншіден, Ресейдің ішкі еуропалық гүбернелерінен миллиондаған жерсіз орыс және украин шаруасын (мұжығын - С. А. ) қазақ даласынан жер үлесін беріп қоныстандыру саясатын Думаның қадағалауына алдырып, оны заң жүзінде тоқтату, екіншіден, «Қарқаралы құзырхатының» 4-тармағында жазылғандай, қазақ халқына ата-бадан мұраға қалған төл жерін Дума қабылдайтын заң жүзінде меншігіне рәсімдеп беру. Қазақ депутаттары І және ІІ Думада алдарына екі міндет қойды. Біріншісі - Ресейді түбегейлі реформалап, толыққанды халық билігін, яғни шынайы демократиялық мемлекет құру, екіншісі - жеке меншіктегі жердің бәрін мемлекет меншігі пен патша әулетінің қолындағы жермен бірге жалпыұлттық мемлекеттік қорға күштеп алу. Ал мұндай жер реформасы, Алаш жетекшілерінің ұсынуынша, империя халқының экономикалық өмірін де, отаршыл патшалық мемлекеттің құрылымын да толығымен өзгертеді, ондай өзгеріс өз кезегінде, жекеменшікті жер институтын тамырымен жояды, ұсақ жер иелерімен бірге патшалық абсолютизмнің тірегі болып келген ірі дворян-помещиктер тап ретінде тарих сахнасынан біржола кетеді, ал саяси билік - өзінен өзі халықтың қолына өтеді. Қазақ өкілдерінің жер мәселесінен кейінгі екінші көздегені - қазақтың барлық 9 облысы мен Астрахан гүбернесіне қарайтын Бөкей ордасына, сондай-ақ Алтай өңірінің Бийскі және Змеиногорск болыстарына - Дума мақұлдаған заң жүзінде генерал-губернаторлық, ояз және крестьян бастықтары институттарын жауып, оның орнына жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін - земство енгізу болды. Оның себебі: егер Ресейдің ішкі еуропалық бөлігінде земствоға ұқсаған мекемелер болса, Сібір мен Дала облыстарында әлі күнге дейін қоғамдық өзін-өзі басқарудың сағымы да болған жоқ. І-ІІ Думаға сайланған «Алаш» депутаттарының стратегиялық мақсаты - 1847 жылы біржола ыдырап, тарих қойнауына кеткен Қазақ хандығының жер аумағында жергілікті инфрақұрылымы дамыған заманауи Қазақ елін құру болды. Думаның қазақ депутаттары 1906 жылдан бастап Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлерінің үлгісімен дербес әскери қолбасшылығы бар ұлттық атты әскер тағайындау, «Қарқаралы құзырхатында» жазылғандай, қазақ тілінде цензурасыз мерзімді баспасөз пен баспахана ашу, жергілікті әкімшілік (земство жиналысы, басқармасы) пен соттың ісқағаздарын және ұлттық мектеп-медреселерде оқу жергілікті ұлт тілінде жүргізу, қазақтың ұл-қыздарын кәсіби оқу орындары (гимназия, училище, семинария, т. б. ) мен ЖОО-да оқыту үшін «қазақ капиталы» есебінен стипендиялар тағайындау, жатақханалар (пансиондар) салу және т. б. маңызды мәселелерді, әсіресе жер мәселесін көтеріп, заң жүзінде шешуге ұмтылды. Ең маңыздысы: І және ІІ Думада осы ұлттық мәселелердің көпшілігін, әсіресе жер, земство мәселесін шешуге толық мүмкіндік болды. Өйткені І Думада кадет партиясының 161 депутаты, Еңбекшілер партиясының 107, поляк колосы, украин, эстон, латыш, литва және т. б. ұлт топтарын қамтитын автономистердің 70 депутаты, түркі-мұсылман халықтарының 25 депутаты болды. Ашығын айтқанда І Думадағы 511 дауыстың кемінде 338-і - самодержавиеге қарсы партиялар мен ұлттық топтардың үлесінде болды. Ә. Н. Бөкейханның 1905 жылдан кадет партиясының мүшесі, 1906 жылдың маусымында І Думаға кадеттердің Семей облыстық қазақ бөлімінен сайланғанын, І және ІІ Думадада түркі-мұсылман халықтарының депутаттары мұсылман фракциясына бірігіп, кадет партиясының фракциясына қосылғанын ұмытпау керек [17, 16-б. ] . І Думаның спикері (төрағасы), оның екі орынбасары әрі хатшысы болып Ә. Н. Бөкейханның партияластары әрі достары С. А. Муромцев (№16 фото), князь П. Д. Долгоруков, Н. А. Гредескул және князь Д. И. Шаховской сайланды.

Алайда аталған мәселелердің бірі де жүзеге аспады. Себебі 5 жылға сайланған Мемлекеттік Думаның 1906 және 1907 жылдарғы І және ІІ шақырымдары 72 және 102 күн ғана жұмыс істеп, біріншісі 1906 жылы 8 шілдеде, екіншісі 1907 жылы 3 маусымда күштеп таратылды. ІІ Дума таратылған күні император ІІ Николай өзі шығарған «Негізгі мемлекеттік заңдардың» 87-бабын өрескел бұзып, сайлау ережесінің жаңа нұсқасын шығарды [19] . Ресейдің либералдық қауымы жаңа ережені «3 маусым төңкерісі» деп бағалады. Екі Думаның мезгілсіз таратуының бар сырын Қыр баласы (Ә. Бөкейхан) сайлау құқынан айрылған халқына жалпақ тілмен түсіндіріп берді: «Себебі, бұл екі Дума да мұжыққа орыс дворяны жерінен жер бермек болды. ІІІ Дума депутаты сайланатын жол жасағанда мұжық депутатын неше қайтара бұрынғадан азайтты. Орыс патшалығы панасындағы жұрттың әрбір 100-іне 85 орыс мұжығы болады, қалған 15-тің ішінде поляк, еврей, татар, қазақ һәм уақ жұрттар. Орыстың қаласынан «3-інші июнь» законымен сайланған адамдардың мұжық депутаты 10-нан 1-ақ, Думада мұжық депуттары 40-50 - 442 депутат ішінде. Орыстың патшалығын арқалап асырап отырған мұжыққа мұны қылғанда - аз, бытыраңқы, «надан» қазақты не қылсын?! Думадан шығарды да тастады»

7. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің қоғам өмірінде алатын орны.
  • «Айқап» - қазақтың тұңғыш қоғамдық ­саяси, әдеби журналы. 1911-1915 ж. аралығында Ресейдің Троицк қаласында бастапқыда айына бір рет, кейін екі рет шықты. Барлығы 88 саны жарық көрген. Редакторы - қоғам қайраткері, ақын, аудармашы, Мұхамеджан Сералин. Мұхамеджан Сералин өмір сүрген заманда Қазақстанда жоғары білім алған қазақтар аз болмады. Патшалық Ресейдің орталық қалалары Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Ригада, Киевте, Варшавада оқыған, тіпті Европада білім алған қазақтар болған. Сонымен қатар елде байлығы асқан адамдар жеткілікті еді. Бірақ олардың ешқайсы халықты ағарту жолында журнал шығару туралы ойланбады. Осыған налыған М. Сералин журнал шығаруға ұмтылды. Қоғам өмірінде алатын рөлі:
  1. Қазақтардың көзін ашу, ағарту ісін журнал атынан жүзеге асырды.
  2. Ұлан байтақ территорияда өмір сүретін халықтарды бір-бірімен таныстырды.
  3. Қазақ зиялыларын халықпен табыстырды.
  4. Патша үкіметінің саясатына қарсылықты, журнал арқылы білдірді. Мысалы, Сералин патша үкіметінің саясатына қарсылық белгісі ретінде журналдың кейбір беттеріне ешнәрсе жазбай таза ашық парақтар шығарған. Патша үкіметінің ұлттық мәселелерде көрсетілген қиянатына осылайша келіспеушілік білдірген.
  5. «Айқапта» көтерілген басты тақырып - жерге байланысты. Столыпин реформасы кезінде, қазақ даласына Ресейден қаптап қара шекпенділер келе бастады. Бірінші орыс революциясының негізгі мәселесі - аграрлық мәселеден туындады. 1861 жылы басыбайлылықты жойғаннан кейін, орыс шаруалары далада қалды. Мәселен көп қабатты үйді біреу сатып алды да, оның ішіндегілерді қуып шығады. Шаруалар далада қалды, қайда барарын білмеді. Содан Сібірге, Қазақстанға ағылды. 1898 жылы патша үкіметінің Қазақстанды басқару туралы ережесіне байланысты артық жер мемлекет меншігіне алынды да, ол переселендерге бөлініп беріле бастады. Қазақстанның шаруашылықпен, егіншілікпен айналысатын жері орыс тұратын солтүстік жағы ғана. Сол кезде біздің кейбір көзқарасы артта қалған қазақтар рудың жерін, қауымның жерін ақшаға қызығып сатты. Газет, журнал осының ауыр салдарын түсіндірді. Жерге отырықшы болмай біз халық ретінде сақталып қала алмаймыз. Отырықшы болуымыз керек, орыстың поселкасы секілді поселка салуымыз керек деді. Тіпті Мұхамеджанның өзі тұрған жерінде монша салып, бақша, жеміс-жидек егіп, жұртқа үлгі көрсетті. Аграрлық мәселе жөнінде журналдың 88-ші нөмірінің 70 проценті осы шаруашылық жөнінде жазылады.
  6. Журналдың көтерген екінші мәселесі - отбасы жөнінде. Ауылдағы қазақ әйелінің ауыр жағдайы. Бір мақалада қазақ әйелдерінің жағдайы мәз емес деп жазылады. Бүкіл үйдің, түздің шаруасы, бала тәрбиесі, ұрпақтың келешегі - бәрі әйелдің мойнында дейді. Өкінішке орай қазақ 13-ке келген қызын малға сатады деп жазады. Әйелдер аз екенін есептеп шығарған. Бір тұрмысқа шыққан қызға 7 ұзатылмаған қыздан келеді. Бойдақтардың саны көбейіп кетті 30 бен 40-тың арасындағы жігіттер үйленбей жүр деген мақала да жарияланған.
  7. Сералин өзін Ыбырай Алтынсаринның ізбасарымын, жолын қуушымын деп есептейді. Троицкіде Алтынсарин ашқан мектепте оқыған. Сондықтан мектеп мәселесіне ерекше көңіл аударады. Журналдың бір өзі 100 мектептің ролін атқарды. Мектепте ол кезде көп болса 20-50 бала оқыта алатын. Ал журналды бүкіл халық оқыды.

Сонымен, “Айқап” журналы қоғам өмірінде үлкен рөл атқарды. Оған жоғарыда айтылған пунктілер дәлел. «Айқап» журналы тәуелсіз қазақ журналистикасының бастауы, тұңғыш баспасөз құралы. «Айқап» отаршылдық қысымдағы қазақтың ұлттық санасын оятуға ықпал етіп, халқымыздың саяси және рухани ілгерілеу жолында мейлінше қажетті ауқымды мәселелерді өткір көтерді. Айқап журналы 1915 жылы шығуын тоқтатты. Оның себептері:

  1. Бірінші дүниежүзілік соғыс әсерінен қаржы мәселесі туындады.
  2. Мұхамеджан Сералиннің патшалық цензорлармен кейбір көзқарасының қайшылығы да себеп болған. Әсіресе цензор Кучкинмен келісе алмаған. Сералин патша үкіметінің саясатына қарсылық белгісі ретінде журналдың кейбір беттеріне ешнәрсе жазбай таза ашық парақтар шығарған. Цензордың, патша үкіметінің ұлттық мәселелерде көрсетілген қиянатына осылайша келіспеушілік білдірген. Цензор Кучкин Сералинге «сен патша үкіметінің сенімсіз адамысың, біздің үкіметке, біздің саясатқа сенің журналың да сенімсіз», - деп «Айқапты» жауып тастаған.
8. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: Ә. Бөкейханов білімі, қызметі, шығармашылығы.

Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Столыпиннің аграрлық саясаты
Қазақстанның XX ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Отарлық қоныстандыру саясатының күшеюі. Столыпин аграрлық реформасы
Қазақстанда XIX ғ. 60-90 жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалары. Патша өкіметінің аграрлық саясаты.
Патша өкіметінің көші-қон саясаты туралы
Сот құрылысы
Қазақстанға қоныс аударушыларды орналастыру:мақсаты, әдісі, салдары
Қазақтардың басты тауары - мал мен мал шаруашылығы өнімдері
Патша өкіметінің көші-қон саясаты
Әскери-казактық отарлау
Қоныстандыру саясаты және оның діни жағдайға әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz