Сөйлеу мәдениетінің ғылымдағы рөлі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Ғылыми жоба
Тақырыбы: Сөйлеу мәдениетінің ғылымдағы рөлі

Орындаған:Жумадилова А.Б.
Тексерген: Мамаева Г.Б.

НҰР-СҰЛТАН 2021
Мазмұны:
Абстракт ----------------------------------- ----------------------------------- --------3
Кіріспе. ----------------------------------- ----------------------------------- ------- 4
I.Негізгі бөлім
1.1 Сөйлеу мәдениеті деген не?-------------------------------- -------------------8
1.2. Сөйлеу мәдениетінің негізгі ережелері ----------------------------------- -10
1.3. Қаншалықты мәдениетті сөздік қорға баймыз ---------------------------11

III.Қорытынды.--------------------- ----------------------------------- ---------------- 12
IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі.---------------------------- ---------------------13

Абстракт

Осы ғылыми жобалау жұмысымда бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отырған- қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде даму барысы жайлы сөз қозғамақпын. Сөйлеу барысында сөйлеу мәнерін қалыптастыру мәселелерін қамтиды. Тілдік жаттығулар арқылы оқушылардың лексикалық, грамматикалық, фонетикалық тұрғыда дами түсетіндігі туралы; пәнге деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру жолдары айтылады.

3

I.Кіріспе.

Оқушылардың тілін дамыту негізінде баланың сөздік қорын дамыту, жаңа сөздермен таныстырып, ойын дұрыс, жүйелі айтып беруге, сөйлей білуге үйретуді мақсат тұтамыз. Осы үш процесті күнделікті өтілетін грамматикалық тақырыппен байланысты, біртұтас жүргізіп отыру нәтижесінде тіл дамыту жұмысы мақсатына жетеді.
Оқушылардың тілін дамыту барысында сөздерден сөз тіркесін, сөз тіркесінен сөйлем, сөйлемнен күрделі ой, күрделі ойдан әңгіме, шығарма құрастыруға дейін сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға, айтқанын жазбаша түрде жеткізе білуге дағдыландыру жолындағы әдістерді қажет етеді.
Оқушының ауызша сөйлеу тілін дамытудың барлық пәндерге бірдей ортақ қатысы бар. Сондықтан оқушының сөздік қорын байыту, сөйлеу, жазу тілін дамытуға барлық мұғалімдер жауапкершілікпен қараған дұрыс.
Сабақта оқушылардың сөйлеу қызметін ұйымдастыру барысында оларды өздігінен сөйлеуге итермелейтін - тіл дамыту жұмыстары. Тіл дамыту дегеніміз - оқушыны тілдік тұлғаларды дұрыс қолданып, ойын басқа адамға толық жеткізуге дағдырландыру, басқа адамдардың сөзін жақсы түсінуге үйрету болып табылады. Тіл дамытуда қазақ тіліне тән дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру, қазақ сөздерінің айтылу нормасын қалыптастыру, қазақ тілінің орфоэпиясы мен орфографиясын меңгерту жұмыстары жүргізіледі. Ал бұлар ауызша сөйлеу тілінің негізгі мәселесі болып табылады.

4
Ал ендігі мәселе - сөз мәдениетіне келелік. Ашығын бірден айталық. Сөз мәдениеті бүгінде өз деңгейінде ме? Ия деуге де негіз бар. Біріншіден, білім беру мекемелерінде, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында, онда өтілетін дәрістерде, лекцияларда, семинарлар мен тренингтерде, түрлі пікірталастар мен сұхбаттар сәтінде сөз мәдениетіне еріксіз түрде, ішкі түйсікпен бойымызды, ойымызды жинап, талап деңгейінде көрінуге талпыныс танытамыз. Дұрыс сөйлеуге ұмтыламыз. Екіншіден, демей-ақ, ендігіде бүгінгі зәру мәселелерге ойысалық.
Сөйлеу, сөйлей білу қазірде мәдениет деңгейіне көтерілуі қажет. Өйткені, су жаңа киімді киюге аңсарың қатты ауғандай немесе киер киіміңді талғап, таңдап кигендей сөйлеу мәселесіне де дәл солай мән бере кіріскен жөн. Бұл жәйтті тек киіну жағдаятымен салыстыру аздық етер, бәлкім. Олай болса, тамақтану секілді, дос, жар таңдау сияқты тиісті мамандық иесі болу сипатындағы ой-қиялыңды електен өткізетіндей, сондай пейіл таныта кіріскен абзал.
Сөйлеу - жеке өзіңнің қажетің ғана емес. Қоғамдық сипаты мол қасиет бұл. Сөйлеу мәдениеті осыдан шығады десек, артық айтқандық емес. Сөз - қару, сөз - демеу, сөз - бағыт бағдар, сөз - іс-қимыл болған заманда өмір сүру өте күрделі һәм қиын.

Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастырғанда, жаттығулардың атқаратын қызметі зор. Жаттығулар екіге бөлінеді: тілдік және сөйлесу жаттығулары. Тілдік жаттығулардың міндеті - тілдің грамматикалық материалын оқушыға меңгерту. Сөйлеу жаттығулары қарым - қатынас жасауға бағытталады.
Тіл - жанды құбылыс. Тіл мәдениеті дегеніміз - бір қарағанда, тілдік норманы сақтап сөйлеу, дұрыс жазу деген түсінік. Алайда бұл ұғым-түсінікке дәл өз мағынасында тереңірек ой жіберсек, сөздік қоры дамыған оралымды, бай тілдің ұлт мәртебесін асқақтатып, халқына қызмет ету үшін қарапайым сөйлеу тілінен бастап, сан түрлі бояуға қаныққан тілге айналуы сатысында соншалықты қиын қалыптасу кезеңі жатыр.
Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауы - сөйлей білу. Тіл адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Тілдік қатынас - адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсінісу, айту, пікірлесу, т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.
Ойдың тілі - сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойларымызды сыртқа білдіре аламыз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды.

5
Сөйлеу - адам санасының басты белгісі. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді сөзі мірдің оғындай екен деп дәріптейді. Ал Ж. Баласағұн ақыл-ойдың көркі - тіл, тілдің көркі - сөз деп тауып айтқан
... Көне замандағы мәдениет ошақтарының бірі - шумерлердің тас табақтарына былай деп жазылған екен: ...аузыңа абай бол, көкейдегі ойды айтуға асықпа, ойланбай сөйлесең, опық жейсің..., ал мексика халықтарында сөйлегенде сабыр сақтаған жөн, асығып-аптықпа, қызбаланба, дауысыңды көтерме, сөзің орынды да ұрымтал болсын десе, үнді заңында қандай бір қиын жағдайда да балағат сөзге тыйым салынады, көкейге қонымды, көңілге ұнамды сөздер ғана айтылсын делінген. Бұл адамның сөйлеу тілінің адам өміріндегі маңызын, жөнімен сөйлей білудің қажет екенін, сөздің құдіретін мойындаудан туған жауапкершілік.

6

1.2. Ана тілің - арың бұл...Тіл-адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы адам баласы ғылым, білім, мәдениетпен танысып, парасаттылыққа ұмтылыс жасайды, болашақтың негізін қалап, таңдаған мамандығын игереді.Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем, асыл ойдың бұлағы, ұлттың жан дүниесі.Тілдің құдіреті -- ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді.Сол себепті,тіл - қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге бойға сіңіп, қалыптасатын, атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМА БАҒЫТТАРЫ
Латын тілінің шығу тарихы және оның ғылымдағы маңызы
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы жайлы
Постмодернизм, оның тіл біліміндегі орны
ҚАЗАҚ ЛИНГВОЭКОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ
Сөз мәдениетін жаңа технологияларды тоғыстыра оқыту жолдары
Физика сабағында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту
Әлеуметтік-психологиялық тосқауыл түсінігі
Ақыл ой тәрбиесінің мақсатынан туындайтын міндеттер
Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері
Пәндер