Өндірістік шығындар есебі мен өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісі
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құнын есептеудің нормативтік әдісінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2. Тікелей шығындар бойынша нормалы шығындар және ауытқуларды есепке алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
3. Нормативтік калькуляция жүйесінде бухгалтерлік жазбалардың тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
4. «Стандарт . кост» жүйесі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті
Бухгалтерлік есеп және
адит кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Өндірістік шығындар есебі мен өнімдердің өзіндік құнын
калькуляциялаудың нормативтік әдісі
Карағанды 2007
Жоспар:
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құнын есептеудің
нормативтік әдісінің жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2. Тікелей шығындар бойынша нормалы шығындар және ауытқуларды есепке
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..12
3. Нормативтік калькуляция жүйесінде бухгалтерлік жазбалардың
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
4. Стандарт – кост жүйесі және өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... .29
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .31
Кіріспе
Шаруашылық субъектісінің өндірістік қызметін басқарудың жүйесін қайта
ұйымдастыру отандық өндірістік есебіне, яғни өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау мен өндіріске кеткен шығындар есебіне ұғымдық жағынан
принципиалды жаңа талаптар қояды.
Басқарушы есеп жүйесінің маңызды жағы болып, ол өндіріс шығындарының
есебін және калькуляциялау процесін өнімді шығарумен байланысты екенін
ескеретін біртұтас есептік процесі ретінде қарастырылады. Бұл кезде
шығындар есебінің объектісін таңдау ішкі есеп беру көрсеткіштерінің
жүйесін, басқарудың әр түрлі мақсаттар үшін калькуляциялық есеп берудің
кезеңділігін анықтайды.
Өзіндік құнды басқару – бұл кез келген шаруашылық субъектілеріндегі
басқарушылық қызметтің едәуір күрделі және ең маңызды бөлігі, өйткені ол
өтіп жатқан өндірістік процестерінің барлық жақтарын қамтиды. Сайып
келгенде, өндірістің қызметін басқарудың жүйесін қайта ұйымдастыру, ол
өндіріс шығындарының трансформациялануына әкеледі және шаруашылық
субъектілерін ұйымдастырудың жаңа және нақты модельдерін жасауға
көмектеседі.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауда меншік түрінің барлық ұйымдары
7 Тауарлық – материалдық қорлар есебі бухгалтер есеп стандарттарын және
оған әдістемелік ұсыныстарды, сонымен қатар Қорлар ҚЕХС – ын басшылыққа
алады. Өндірістік құнды калькуляциялауда қолданылатын өндіріске босатылған
материалдық - өндірістік қорларды бағалау тәсілдері, қосымша шығыстарды
бөлу әдістері және ұйымның есеп ішінде өзгеріссіз қолданылуы керек.
Бсқару есебі жүйесінде өзіндік құнды жасау, қалыптастыру тәртібі тым
реттелмеген. Бұл өзіндік құн салық салу мақсаты үшін емес, басқарушының
шығындар жайлы толық түсінігі болуы үшін есептеледі. Сондықтан бұл есеп
жүйесінде өзіндік құн шоттарының әр түрлі тәсілдері (қандай басқару міндеті
шешілуіне байланысты) қолданылуы мүмкін.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен өндіріс шығындары есебінің
әдістері деп өнімнің нақты өзіндік құнын, сондай – ақ өнім бірлігіне
келетін шығындарын анықтауды қамтамасыз ететін өндірістік шығындарды
көрсету мен құжаттау тәсілдерінің жиынтығы түсіндіріледі.
Шығындар есебінің нормативті тәсілін қолданудың мүмкіндігі мен
қажеттілігі туралы шешімді қабылдау нормалар мен шығыстар сметасын дайындау
мен үнемі түзету жөніндегі ұйымның мүмкіндіктерін талдауға негізделуі тиіс.
Басқаша айтқанда, ұйымдық құрылымда негізгі нормамен нормативті
қалыптастыруды нақты шығындардың нормативтілерден ауытқуын талдауды, іс
жүзіндегі норманы түзету мен өнімді емес шығындарды жою туралы ұсыныстар
әзірлеуді, өнімнің нақты өзіндік құнын азайтуды жүзеге асыратын арнайы
бөлімшенің бар болуы қарастырылған. Мұндай жағдайсыз есептің нормативті
тәсілін енгізу ұйымға нақты пайда әкеле алмайды.
Қазіргі кезде калькуляциялаудың негізі – шаруашылық субъектілерде
немесе жауапкершілік орталықтарында қабылданған жоспарлардың орындалуын
бағалауда жатыр. Ол өзіндік құн бойынша жоспарлы тапсырмалардан
ауытқұлардың себептерін талдау үшін қажет. Нақты калькуляциялаудың
мәліметтері негізінен өзіндік құнды келесі кезектегі жоспарлау үшін, жаңа
техниканы енгізудің экономикалық тиімділігін негіздеу, қазіргі кездегі
технологиялық прцестерді таңдау, өнімнің сапасын арттырудың шараларын
жүргізу, кәсіпорынның реконструкциясын және құрылыс жобасын тексеруде
қолданылады. Калькуляциялау нәтижесі бойынша жөндеу жұмыстарын дербес
жүргізу немесе басқа да ұйымдардың қызметтерін пайдалану туралы шешім
қабылдауға болады.
Калькуляциялау мақсаты – оның иеленушілерінің бірлігіне, яғни сатуға
арналған өнімнің (қызметтің) бірлігіне, сондай – ақ ішкі тұтыну үшін
өнімнің бірлігіне тура келетін шығындарды анықтау.
Шын мәнінде калькуляциялау процесі күрделі болып табылады. Осыдан
келіп, шығындар есебі мен өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын
калькуляциялау әдісінің бөлінбейтіндігін және ажырамайтындығын айтуға
болады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып - өндіріс шығындары мен
өнімнің өзіндік құнын есептеудің нормативтік әдісінің жалпы сипаттамасы,
тікелей шығындар бойынша нормалы шығындар және ауытқуларды есепке алу,
нормативтік калькуляция жүйесінде бухгалтерлік жазбалардың тәртібі,
Стандарт – кост жүйесі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау болып
табылады.
Өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құнын есептеудің
нормативтік әдісінің жалпы сипаттамасы.
Өзідік құнды калькуляциялау мен шығындар есебінің нормативтік әдісі
мынадай тұрғыда сипатталады, ол онда шаруашылық субъектілерінің әрбір
бұйымы бойынша алдын ала жасалған нормативтік калькуляциясы, яғни еңбек
шығындары мен материалдар шығындарын ай басына әрекет етуші нормалары
бойынша есептелген өзіндік құнның калькуляциясы.
Норма – бұл нақты еңбек пәні шығынының және технологиялық процестің
әр түрлі операцияларына кететін жұмыс уақыты шығынының немесе өнім
дайындаумен байланысты еңбек құралын функциялау шығынының белгілі бір шекке
дейін болатын абсолютті шамасы.
Нормативтік калькуляциялау әдісі нақты өнімнің өзіндік құнын,
өндірістегі ақауды бағалау және аяқталмаған өндірістің көлемін анықтау үшін
қолданылады. Қолданыстағы жүрген нормалардың барлық өзгерістері ай
бойындағы нормативтік калькуляциялауда ескеріледі. Өндірісті игерудің
барысында және маиериалдық пен еңбек ресурстарын пайдалануды жақсартудың
нәтижесінде нормалар өзгеріске ұшырауы мүмкін.
Бұл жерде есеп барлық ағымдағы шығындарды: шығындардың нормасы мен
нормадан бөліп көрсетеді. Анықталған ауытқулар туралы мәліметтер бұйымның
өзіндік құнын басқаруға және сонымен бірге, әрбір баптар бойынша
нормалардан ауытқудың үлесін тиісінше нормативтік өзіндік құнға қосу
(немесе шегеру) арқылы нақты өзіндік құнды калькуляциялауға мүмкіндік
береді. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығындар есебінің
нормативтік әдісі айдың аяғын күтпей – ақ нақты өнімнің өзіндік құнына ие
болуға (нормадан ауытқулар және олардың өзгерісі, нормативтік өзіндік
құнның алгебралық сомасы ретінде), сондай – ақ ауытқулардың себептерін
үнемі талдауға (10 күнде 1 рет) және кінәлілерді анықтауға мүмкіндік
береді. Нормадан ауытқулардың жүйелі құжатталуының арқасында олардың пайда
болған ауытқуларының себептерін дер кезінде белгілеу мүмкіндігі туады, ол
тарихи калькуляциялау тәсілінде ауытқулардың себебіне кінәлілер өзіндік
құнның калькуляциялауын жасағаннан кейін ғана анықталады.
Өндіріс шығындарын есепке алудың нормативтік әдісі мен өнімдердің
өзіндік құнын есептеп шығарудың негізгі ерекшеліктері келесілерден тұрады:
а) өндіріс шығындарының есебі материалдар шығысының техникалық
жағынан негізделген нормаларға, жасалатын өнімдердің әрбір түрін өндірудің
жеке технологиялық операциялары бойынша уақыттық және келісімді бағалар
нормаларына негізделеді;
б) сол сәтте қолданылатын материалдар шығыстары нормалары, өнім
шығару нормалары мен келісімді бағалар, өндіріс пен басқару қызметіне
жұмсалатын шығыстар сметасы өндірістің қол жеткізген деңгейін көрсететін
өнімдердің өзіндік құнын нормативтік есептеп шығаруды құрайды;
в) материалдар шығыстарының нормалары, өнім шығару нормалары және
келісімді бағалар жүйелі түрде қайта қаралып отырады және есептеліп
шығарылған қолданыстағы нормативтерге өзгерістер енгізіледі, сонымен бір
мезгілде осылар арқылы аяқталмаған өндіріс қалдықтары қайта бағаланады.
Сөйтіп, аяқталмаған өндіріс пен өндірістегі одан кейінгі шығындардың есебін
жүргізуде нормалардың біртұтас деңгейіне қол жеткізіледі;
г) өндірістің тікелей шығындарының бастапқы құжаттары тиісті
нормаларға сәйкес жасалады және есеп жүйесінде нормалар бойынша шығындарды
көрсетеді;
д) белгіленген нормалардан артық материалдар шығыстары (мысалы,
материалдарды үнемдеп пішпегенде немесе бөлшектердің ақауы болғанда),
сондай – ақ технологиялық процесте қаралмаған жұмыстарға ақы төлеу айрықша
құжаттарда бөліп көрсетіледі немесе нормалардан ауытқу өзгеше белгісімен
жеке құжаттар арқылы ресімделеді, нормалардан ауытқыған шығыстар құжатын
есепке алу үшін кәсіпорынның жетекші қызметкерлерінің рұқсат бұрыштама қолы
талап етіледі,соның арқасында өндірістік емес шығыстарды тұрғызатын
себептерді қабылдауды жеңілдетеді;
е) жабдықтарды ұстап тұру және пайдалану шығыстары, қосымша шығыстар
өнімдердің түрлері бойынша кешенді түрде бөлінеді (нормалар бойынша және
нормалардан ауытқулар бойынша шығыстар сомасын бөлу арқылы);
ж) өндіріс шығындарының талдау есебі нормалар бойынша, нормалардың
өзгеруі бойынша және нормалардан ауытқулар бойынша шығындарды бөліп
көрсетумен әрбір объекті бойынша (тапсырыстар, қайта бөлулер, өнім түрлері
немесе өнім топтары бойынша) жүргізіледі;
з) өнімдер бірлігінің нақты өзіндік құны нормалар бойынша,
нормалардың өзгеруі бойынша және нормалардан ауытқулар бойыша шығындарды
бөліп көрсету арқылы есептеледі, бірыңғай өнімдер өндіруге жұмсалатын
шығындарды топтық есепке алу кезінде нақты өзіндік құнын есептеп шығару
аталмыш есепке алу тобының әрбір өнімі бойынша жасалады.
Бұдан көзделетіндей, өндіріс шығындары есебінің нормативтік әдісі
жедел бақылау және өндірістік процестің өзінің барысында өндірістік емес
шығындарды анықтау үшін қажетті жағдай туғызады, маңызды экономикалық
көрсеткіштер есебінде өндіріс шығындарындағы жоспарлы нормалардың сақталуын
көрсетуді қамтамасыз етеді, аталмыш топтағы өнімдердің әрбір түрінің
өзіндік құнын есептеп шығару мүмкіндігін сақтай отырып, шығындарды есепке
алу объектілері бойынша өндіріс шығындарының есепке алу техникасын
ықшамдайды.
Нормативтік әдісті өңдеу өнеркәсіптері әр түрлі және күрделі
өнімдерді жаппай және сериямен өндіретін кәсіпорындар қолданады.
Нормативтік әдістің міндеттеріне мыналар жатады:
• Шаруашылықтағы материал, еңбек қаржы ресурстарының ұтымсыз
шығындалуын уақытылы ескерту;
• өндірістегі резервтер мен нәтижелерді анықтауға жәрдемдесу.
Бухгалтер бұл әдісті қолдана отырып, нормативтік өзіндік құн мен одан
ауытқуды анықтау ісімен шұғылданады.Нормативтік әдісінің негізгі
принциптері мыналар:
1. Кәсіпорын қолданыстағы норма мен сметаның негізінде әр бұйым
бойынша өзіндік құнның нормативтік калькуляциясын алдын ала
жасау;
Бұл принцип бастапқы технологиялық, конструкторлық, қаржылық және
әкімшілік құжаттары негізінде есептелетін нормативтік, сметалық
көрсеткіштерін қамтитын нормативтік базасы бар кәсіпорында ғана жүзеге
асырылуы және басқарудың әр түрлі қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін:
өндірістік және коммерциялық процеске кететін шығынның нормативтік сомасын
анықтау, өндірістегі және шаруашылық мақсаттарына материалдық, отын –
энергия ресурстарын босатуды, еңбекақы қорының есеп айырысуын,
қызметкерлердің санын, басқару аппаратының шығын сметасын, бағаны босату
жобаларын шектеу.
2. Нормативтік өзіндік құнды түзетуге арналған бір ай ішіндегі норма
есебі, норманың өзгеруіне себепші болған бұл өзгерістердің
өнімнің өзіндік құнына және шаралардың тиімділігіне әсерін
анықтау;
3. Норма және нормадан ауытқу бойынша шығындарға бөлетін бір ай
ішіндегі нақты шығын есебі;
4. Олардың пайда болған орны бойынша нормадан ауытқу себептерін
талдау;
5. Нормадан ауытқуды және норманың өзгеруін, нормативтік өзіндік
құнның сомасы ретінде шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнын
анықтау.
Нормативтік шығын есебінің жүйесі кеңінен қолданылады, сондықтан ол әр
түрлі мақсаттардың нағыз өзіне арналған шығындар туралы деректермен
қамтамасыз етеді. Нормативтік шығындар есебі жүйесінің негізгі мақсаттары
мыналар:
• Сметаны жасауда және басқару тиімділігін бағалауду көмектесу;
• Жоспармен үйлеспейтін операцияларды анықтауға бағытталған бақылау
сызбасын, яғни сметасын жасау. Бұл схема менеджерлерге түзетудің мүмкін
шараларын керек ететін ұнамсыз ахаулардың пайда болғаны туралы ескертуі
қажет;
• Шешім қабылдауға пайдаланатын болашақта болатын шығынды болжау;
• Тауарлы – материалдық құндылықтар қорын бағалау мақсатында түпкілікті
өнімге шығынды көшіру міндетін оңайлату;
• Қол жеткізуге аса қажетті мақсаттарды белгілеу.
Нормативті есеп әдісінің артықшылығы – оперативтілігінде. Өнімнің
нормативтік өзіндік құны оны өндіру басталғанға шейін есептелінеді. Нақты
өзіндік құн - өндіру аяқталғанда есептеледі. Нақты өзіндік құн есебінің екі
алгоритімі болуы мүмкін. Бірінші жолы – нақты өзіндік құнды нормадан
ауытқуға және норманың өзгерісіне қарай түзелетін нормативтік өзіндік құн
ретінде санау. Норманың ауытқуы мен өзгеруі бір айда, яғни есептік кезеңнің
ішінде оперативті (жылдам) анықталатындықтан идеалда нақты өзіндік құн
өнімді дайындау процесінің аяқталуынан кейін қалағаныңызша дереу алуыңыз
мүмкін. Екінші жолы – нақты өзіндік құнды дәстүрлі әдіспен есептеу, содан
соң нақты өзіндік құнды оның нормативті шамасымен салыстыру арқылы анықтау.
Бұл жағдайда есеп айырысу есептік кезең біткеннен кейін орындалуы мүмкін,
яғни оперативті шығын есебі оның одан кейін болатын есебімен ауыстырылуы
мүмкін, демек, нормативтік әдіс мұндай орындауда барлық мағынасынан
айырылады.
Шығындарды есепке алу техникалық жағынан негізделген нормаларға
сүйенеді. Нормалар мен нормативтер шығындарға қарсы механизмнің маңызды
элементі - өндіріс тиімділігін арттырудың бірден бір шарты. Нормативтік
шығын – бұл алдын ала мұқият анықталған нақты іс жүзіндегі шығын.
Нормативтік шығындарды есептеудің екі әдісі бар:
1. Өткен мерзімнің нақты мәліметтері бойынша;
2. Технологиялық талдау негізінде.
Шығындар нормалары мынандай түрде болады:
• Негізгі нормалар – бұл тұрақты нормалар, олар мерзім ішінде өзгеріссіз
тұрақты болып қалады, бірақ бұл нормаларда өндіріс технологиясы өзгерген
сайын қайта қарастыру керек.
• Мінсіз нормалар – бұл нормалар өндіріс процесі мінсіз ұйымдастырылған
жағдайда қолданылады, алайда тәжірибеде бұл нормалар сирек қолданылады.
• Қол жеткізетін нормалар – тиімді қызмет жағдайда қол жеткізетін шығындар
нормасы.
• Ағымдағы нормалар – бұл қысқа мерзімге есептелген шығындар.
Нормативтік шығын есебінің әдісі мен калькуляциясын пайдалану
барысындағы бухгалтерлік жазудың схемасында 1320 Дайын өнім шоты
қолданысқа енеді. Шот дебеті бойынша өткізілген жұмыстың және көрсетілген
қызметтің, өндірістен шығарылған өнімнің нақты өзіндік құны
(корреспонденциясында 8010 Негізгі өндіріс шотымен) көрініс табады.
Кредит бойынша өткізіліп тапсырылған жұмыс, қызметтің, өндірілген өнімнің
нормативтік өзіндік құны (7010 Өткізілген дайын өнімдердің
корреспонденциясында өзіндік құны шотымен) көрініс табады.
Тікелей шығындар бойынша нормалы шығындар және ауытқуларды есепке
алу.
Шығын есебі айдың басындағы қолданыстағы норманы және осы нормадан
ауытқуды жеке жүргізуде себептер мен кінәлілер бойынша қолданыстағы
нормадан ауытқудың пайда болу сәтін ескеруге мүмкіндік береді, бұл үшін
арнайы код әзірленеді. Нормадан нақты шығынның ауытқуы өнім түрлері мен
шығын баптары бойынша ескеріледі, ал олардың иесіздік есебі барысында
ауытқу сомасы калькуляция баптары бойынша нормативтік шығындарға жекелеген
өнім түрлерінің өзіндік құндарын үйлесімділікпен бөлуді білдіреді.
Жалпы тікелей шығындар бойынша ауытқуларды талдау мен есептеу
әдістемесін көрсетілетін нақты мысалға жүгінейік. Мысалы:
Алдағы жоспарлы кезеңде бұйымның бір түрін шығаратын жауапкершілік
орталықтарының шығындарының сметасы келесі кестеде көрсетілген.
Шығындар баптары Сома, мың а. б.
Негізгі материалдар:
А. (20 мың кг * 1 мың аб 1 кг) 20 000
Б. (10 мың кг * 3 мың аб 1 кг) 30 000
Жиынтығы: 50 000
Негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбегі
(30 мың сағ * 3 мың аб 1 сағ үшін) 90 000
Үстеме шығындар:
айнымалы (негізгі өндірістік 60 000
жұмысшыларының әрбір сағатына 2 мың аб
бойынша)
тұрақты (негізгі өндірістік жұмысшыларының120 000
әрбір сағатына 4 мың аб бойынша)
Барлығы: 320 000
Осы өнімді өндіру үшін материалдың екі түрін – А және Б өнімдерін
пайдаланады дейік. Смета арқылы өндірудің жоспарлы көлемі – 10 мың бірлікте
анықталған.
Жоспарлы кезең аяқталғаннан кейін басқарушылық есеп жүйесінде сметаны
орындаудың жиынтығы шығарылған. Нәтижесінде 10 мың бірлікте жоспарланған
шығару көлемінің орнына нақты 9 мың өнім бірлігі өндірілген. Келесі кестеде
9 мың бұйымды өндіруге кеткен жауапкершілік орталықтарының нақты шығындар
туралы мәліметтері келтірілген.
Шығындар баптары Сома, мың а. б.
Негізгі материалдар:
А. (19 мың кг * 1,1 мың аб 1 кг) 20 900
Б. (10,1 мың кг * 2,8 мың аб 1 кг) 28 280
Жиынтығы: 49 180
Негізгі өндірістік жұмысшыларының еңбегі
(әрбір сағатына 3,2 мың аб) 91 200
(28,5 мың сағ * 3,2 мың аб)
Үстеме шығындар:
Айнымалы 52 000
Тұрақты 116 000
Барлығы: 308 380
Екі кестені салыстыра отырып, келесі шығындардан нақты шығындардың
ауытқуларын анықтаймыз және осы ауытқулардың қандай бағытта болатындығын
көреміз:
• материалдарды пайдалану;
• негізгі өндірістік жұмысшыларының еңбек ақыларын пайдалану;
• үстеме шығындар.
Материал бойынша ауытқуларын анықтайық. Материалдық шығындар екі
факторға тәуелді болады:
1. баға бойынша ауытқу (баға жоғары болса, материалдық шығындар
көбееді және баға төмен болса, материалдық шығындар азаяды). Осы
ауытқудың есептеу формуласы (Бм) мынадай түрде болуы мүмкін:
Бм = (өнім бірлігіне шаққандағы нақты баға - өнім бірлігіне шаққандағы
нормалы баға) * сатып алынған материал саны
2. өндірісте пайдалану бойынша ауытқу. Осы ауытқудың есептеу формуласы
(Пм) мынадай түрде болуы мүмкін:
Пм = (нақты пайдаланған материал саны – норма бойынша қажетті материал
саны) * материалдың нормалық бағасы
Ең алдымен А және Б материалдарына арналған бағалар бойынша шығындардың
ауытқуын табамыз.
А материалы: Бма = (1,1 – 1,0) * 1900 = 1900 мың аб – ауытқу жағымсыз.
Бұл бағыттағы мәліметті алдағы шығындармен салыстырсақ, онда қаржының артық
жұмсалуына жол берілгендігін көреміз.
Б материалы: Бмб = (2,8 – 3,0) * 10100 = - 2020 мың аб – ауытқу жағымды.
Мұнда керісінше, Б материалын сатып алу барысында біршама қаражаттар
үнемделген, себебі, ол сатып алынған материалдың сол кездегі арзандығын
білдіреді.
Мәселен, А материалының бағасы бойынша артық қаржы жұмсау өндірістік
цехтың қызметімен байланысты бола бермейді. Бұндай есептеуде қате
жіберушілік негізінен материалды сатып алу барысындағы жабдықтау бөлімінің
жіберілген кемшіліктерінен болуы мүмкін, яғни аталған жауапкершілік
орталығы тиісті деңгейде А материалын сатып алуды дұрыс жоспарламаған.
Мысалы, өте қымбат бағада бірақ аз көлемдегі партиясын сатып алған немесе
нарықты зерттеуге деген қажетті уақытын өткізіп алған, сондықтан
материалдар соңғы кезде өте қымбат бағаға сатып алынған. Бұл аталған
жағымсыз ауытқулар жабдықтау бөлімінің әлсіз бақылауынан болады, сондықтан
олар өзі жіберген қателіктеріне жауап береді. Жабдықтау бөлімінде орын
алған артық жұмсалған қаржы себептері нарық жағдайында А материалына деген
бағаның объективті өсуіне, яғни инфляцияның күшейуіне әкеледі.
Материалдық шығындар көлеміне әсер ететін екінші фактор ретінде
материалдық шығыстарының үлестік салмағы болып табылады, яғни оларды өнім
бірлігіне шаққандағы шығындары.
А материалының шығысын нақтымен салыстырайық: шығыс сметасына сәйкес
өнім бірлігіндегі стандарттық шығысы 2 кг (20000 кг 1000 бұйым бірл.)
құрауы керек болатын.
Нақты үлестік шығысы 2,11 кг құрады (19000 кг 900 бірл.).Осыған ұқсас
есептеулерді Б материалы бойынша да орындауға болады.
Материалды пайдалану бойынша мынаны аламыз:
А материалы: Пма = (19000 – 18000) * 1000 аб = + 1000 аб – ауытқу
жағымсыз.
Б материалы: Пмб = (10100 – 9000) * 3000 аб = + 3300 аб – ауытқу
жағымсыз.
Мұнда материалдың барлық түрлері бойынша жағымсыз ауытқуларға жол
берілген және олар мына деңгейде болған +1000 аб (А), +3300 аб (Б). Бұл
артық шығын құрал – жабдықтарды жөндеу барысында жоспарлы жұмыстың графигін
сақтамаудың, өндірістік процестерінің параметрлерін дұрыс қолданбаудың
әсерінен орын алады. Егер де материалдың артық шығысы оның төмен сапасымен
байланысты болса, онла жауапкершілік жабдықтау бөліміне, не қойма бастығына
жүктеледі. Соңғы жағдайдың мысалы ретінде ылғалдылық нормасының артық
болғанын қарастыруға болады, яғни соның салдарынан өндірістегі құрал –
жабдықтардың сансыз көп тоқтауына, демек біршама шикізаттардың артық
жұмсалуына әкеледі.
Болған екі жағдайды ескере отырып, А материалының жиынтық ауытқуларын
есептейміз. Материалдар бойынша жиынтық ауытқу – бұл материалдардың нақты
жұмсалған шығындар мен нормалық шығындардың арасындағы айырмасы, бұл арада
соңғысының нақты өндірілген өнім көлемі мен үйлесімділігі сақталған.
А материалдарының үлестік шығындары – 2 мың аб бірлігіне (20000 мың
бірл. 10000 бірл.) тең. Нақты өнім көлемін ескере отырып (9000 бірл.), А
материалы бойынша шығындардың жалпы сомасы мынаны құрады:
2 мың бірл. * 9000 = 18000 мың бірлігіне тең.
А материалының нақты шығыны – 20900 мың аб, демек, А материалы бойынша
жиынтық ауытқу мынаған тең болады:
Жиынтық А = 20900 – 18000 = + 2900 мың аб – жағымсыз.
Ол екі фактордың әсерінен қалыптасады:
- баға бойынша ауытқу (Бма) + 1900 мың аб – жағымсыз;
- материалдарды пайдалану бойынша ауытқу (Пма) + 1000 мың аб –
жағымсыз.
Осыған ұқсас есептеулерді Б материалдары бойынша орындаймыз. Бұл
жағдайда жиытық ауытқу сомасы мынаны құрады:
Жиынтық Б = (28280 – 30000) 10000 * 9000 = + 1280 мың – жағымсыз.
Ол мыналардан қалыптасады:
- баға бойынша ауытқу (Бмб) – 2020 – жағымды;
- материалдарды пайдалану бойынша ауытқулар (Пмб) + 3300 – жағымсыз.
Еңбекақы төлеу бойынша ауытқуларды анықтайық. Сағат бойынша төленетін
еңбекақының нысаны кезінде есептелген жалақының жалпы сомасы жұмыстың нақты
атқарылған уақыттың санына және еңбекақының мөлшерламеесіне тәуелді.
Демек, негізгі жұмысшылардың нақты есептелген еңбекақысының ауытқу деңгейі
оның стандарттық деңгейімен, яғни екі фактордың көмегімен анықталады:
1. еңбекақының мөлшерлемесі (бағасы) бойынша ауытқу. Осы ауытқудың
есептеу формуласы мынадай түрде болады:
ЕАмөлш = (1 еңбңк сағатының нақты ставкасы – 1 еңбек сағатының
нормативтік ставкасы) * нақты орындалған жұмыс уақыты.
2. еңбек өнімділігі бойынша ауытқу. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz