Басты өзгеріс - мұғалімдердің және басшының, оқушылардың оқуы мен үлгеріміне жауапкершілікпен қарауы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Ұлыбритания елінің он екі жылдық мектебі

Факультет:Дене мәдениеті және спорт

Дайындаған: ДМжС-22 тобы студенті Ертас Б. А.

Тексерген: Педагогика пәні мұғалімі Аяған Е. С.

Қарағанды қ. 2020ж

Жоспар :

1. Кіріспе

а) Ұлыбританияның білім беру жүйесі

ә) Білім беру жүйесінің ерекшеліктері

2. Негізгі бөлім

а) Ұлыбританиядағы орта білім беру жүйесі

ә) Жоғарғы оқу орындары

3. Қорытынды

Кіріспе

Қазақстандағы білім жүйесін жетілдіру білім беру саласының халықаралық тенденцияларының негізінде жүзеге асып отыр. Біздің отандық ғалымдар, білім беру жүйесін жетілдірушілер, мұғалімдер жалпы, кәсіби, қосымша білім беруді ұйымдастырудың барлық салалары бойынша Ұлыбританияның тәжірибесіне қызығушылық танытып отыр.

Ұлыбританияның білім беру жүйесі мектеп директоры мен педагогтердің кәсіби деңгейін, олар көрсетіп отырған білім беру қызметтерінің сапасын көтеруге бағытталған. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін барлық жағдайлар жасалып, жыл сайын мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Педагог кадрлардың білімін жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастырудың қандай ерекшеліктері бар, Ұлыбританияның білім беру жүйесінің осы бағытта негізге алынған принциптері қандай?

Бұл сұрақтарға жауапты «Өрлеу» біліктілікті арттырудың Ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының (әрі қарай - «Өрлеу» БАҰО АҚ) ұйымдастыруымен (North Leadership Center) Ұлыбританияның Ньюкасл университетіндегі (Newcastle University) көшбасшылықтың Солтүстік орталығының базасында өткізілген «Қазақстандағы білім беру саласындағы басшыларының көшбасшылығын дамыту» тақырыбындағы шетелдік тағылымдамада, біліктілікті арттыру барысында алған болатынбыз.

«Өрлеу» БАҰО АҚ бір қатар қызметкерлері (филиал басшыларының орынбасарлары, бөлім жетекшілері, кафедра меңгерушілері) мектеп директорларының көшбасшылық қасиеттерін жетілдіру мәселелерімен танысып, Орталықтың жетекші мамандарының лекцияларына қатысып, (мысалы, орталық басшысының орынбасары, доктор Анна Ридтің, көшбасшылықты дамыту бойынша кеңесшісі Мэгги Феррардің, тәуелсіз кеңесші, мектеп кеңесінің төрағасы Алан Серджесонның), көшбасшылық дағдыларды жетілдіру және мектепті жақсарту бойынша кеңесші Кэвин Джеймстің тренингтерінде болды. Тағылымдама кезінде Shotton Holl академиясында, колледж Гейтсхедте болып, олардың іс-тәжірибелерімен танысты.

Білім жетілдіру бағдарламасын North leadership Center Newcastle University ұйымдастырды. Ньюкасл Университеті - Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Russell Group (Рассел тобы) бойынша құрылтайшылардың бірі, әлемдік деңгейдегі білім беру мен ғылыми зерттеулер саласында аса беделді оқу орны ретінде өзін танытқан, әлемнің 1% үздік университеттерінің қатарында. Ньюкасл Университеті Ұлыбританияда түлектерінің жұмысқа орналасуы бойынша 5 орынды иеленеді.

Негізгі бөлім

Ұлыбританиядағы орта білім беру жүйесі.

Ұлыбританияда бірыңғай (единая система) білім беру жүйесі жоқ. Британия білім беру жүйесі әр түрлі жүйелерден тұрады, олар географиялық орналасуына байланысты: Англия, Уэльс, Шотландия, Солтүстік Ирландия.

Міндетті білім беру 5-16 жастағы дейінгі балаларға қатысты. 3-4 жастағы балалар балабақшаға барады, ал 18 жасқа жетіп, мектеп бітіргендер колледж және университеттерде оқуын жалғастырады. Англия мектептері білім беру бағдарламасын құруда тәуелсіз. Оқушыларға оқу бағдарламалары кеңінен ұсынылады:

- әртүрлі кәсіптік білім беру курстарынан академиялық, теориясы басым курстарға дейін.

Жалпы білім беру жүйесі екі секторға бөлінеді: мемлекеттік және жеке.

Қабылдау және төлемақы шарттары, оқу жоспары, оқу орындарындағы семестр ұзақтығы әртүрлі болуы мүмкін, бірақ негізгі құрылымы, емтихан өткізу шарттары және оқушылар білімдерінің деңгейі ұлттық стандартқа сай белгіленеді, барлық оқу орындарына бірдей болады.

Аяқталған орта білім беру үш сатыдан тұрады:

- бастауыш білім, 5-11 жас, алдымен, екі жылдық даярлық мектептерінде жүргізіледі, онда 5 жастағы балалар қабылданады, кейін төрт жылдық Primary school мектебінде оқуларын жалғастырады;

- орта білім, 11-14 жас, ол орта мектепте (Secondary school) жүргізіледі;

- толық орта білім, ұзақтығы 2 жыл, 14-16 жас, аяқтағандар жоғары оқу орындарына түсуге құқығы бар.

Орта мектепті 16 жаста бірінші деңгей емтихан тапсырып аяқтайды. Егер оқушы «академиялық» (теория) курсты таңдаса, ол орта білім туралы куәлік - General Certificate of Secondary Education, GCSE алады. Ал егер кәсіптік дайындау бағдарламасын таңдаса, Ұлттық кәсіптік білім туралы куәлікке - National Vocational Qualification, NVQ ие болады.

Университетке түсу үшін арнайы екі жылдық курс ұсынылады. Оқушылар бірінші деңгей емтихандарын сәтті тапсырып, жоғары сыныптарға арналған колледждерге(6th Form College) түседі, мұнда белгілі пәндерді оқып, өз қалауы бойынша және түсетін университеттің талабы бойынша 18 жаста осы курсты аяқтап, екінші (ілгері) деңгей бойынша "A-levels" емтихан тапсырады және ілгері орта білім туралы куәлік алады. Кәсіптік дайындық курстарын таңдаса, екінші (ілгері) кәсіптік деңгей "NVQ Advanced" бойынша емтихан тапсырады.

Ұлттық оқу жоспарында негізгі пәндер: ағылшын тілі, математика, жаратылыстану.

Бірыңғай оқу стандарты болғанмен, Ұлыбритания орта мектептері пәндер түрлері бойынша және білім беру мазмұнына қарай саралап оқытумен ерекшеленеді. Оқушыларды бейіндерге бөлу негізгі орта мектепте басталады. Пәндерге бөлінетін сағаттар саны бейіндерге байланысты болады. Соңғы екі жыл - толық орта мектеп («six form») - жоғары оқу орны мен орта мектеп аралығындағы буын. Оның міндеті - оқушыға терең білім беру, мамандыққа байланысты және өзін-өзі оқытуға бағытталады. Оқушылар бағыттар бойынша бөлінеді. Дәстүрлі гуманитарлық және жаратылыстану бөлімдері болады. Нәтижесінде мектеп түлектері өз мамандығы бойынша өте жақсы дайындықтан өтеді.

Оқу орындарының жұмысын Корольдік инспекция (Ofsted) бақылайды, тексереді және тәуелсіз құрылым болғандықтан Білім Министрлігіне есеп бермейді. Корольдік инспекция жалпы бақылау жүргізеді, университеттен басқа барлық оқу орындарын тексеруге құқығы бар. Білім беру ұйымдарының жұмысын тікелей бақылау жергілікті білім беру бөлімдеріне жүктелген. Барлық мектептер келесі өлшемдер бойынша тексеріледі:

- оқушы жетістіктері (белгілі стандартқа сай) ;

- білім беру сапасы;

- басқару (басқару саласы, бақылау, мониторинг) ;

- рухани, мәдени және әлеуметтік дамуы.

Корольдік инспекция мектептің табысты болуы мен білім беру сапасын

басқару жүйесінің кестесін жасақтап, енгізді. Бірыңғай стандарттың болуына қарамастан, Ұлыбритания орта мектептері саралап оқытумен ерекшеленеді және пәндер түрлерін тереңдете оқыту өзгеше болып келеді. Білім беру жүйесі барлық деңгейдегі адамдардың барлығына қолжетімді сапалы білім алуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Мектеп директорларын жетілдіру (дамыту) бағдарламасы.

Ағылшын университеттерінде жүргізілген зерттеулер бойынша, білім беру саласын жақсарту басшыға және жекелеген мұғалімдерге байланысты. Осы бағыттағы жұмысты жақсартқан, белгілі бір өсуге (прогресске) жеткен мектеп директоры, сондай-ақ мұғалім «көшбасшы» атана алады. Оқушылар мен мұғалімдердің тиімді оқуына және дамуына жағымды орта қалыптастырып, жағдай жасағандар ерекшеленеді.

Дайындық қалай жүргізіледі?

Басты өзгеріс - мұғалімдердің және басшының, оқушылардың оқуы мен үлгеріміне жауапкершілікпен қарауы. Кәсіби жетекші ретінде мектеп директоры білім саласына тікелей жауап береді.

Мектеп директорларын тиімді дайындау өте маңызды. Себебі көшбасшы ең басты роль атқарады және мектептің сапалы білім беруіне және оқыту бағдарламаларының жақсаруына ықпал етеді.

Мектеп директорлары ұлттық оқыту және дамыту бағдарламалары бойынша білімін толықтырады. Мектеп директорларына арналған Ұлттық стандарт бар. Мектеп директорларына арналған ұлттық стандарттарында тиімді білім, білік дағдылары нақты берілген. Англияның ұлттық білім беру стандарттарында келесі білім, дағдылар қарастырылған:

- білім берудегі көшбасшылық, стратегиялық жоспарлау;

- ұжымдағы қарым-қатынасты реттеу;

- қызметкерлерді басқару;

- қаржыландыруды және әкімшілік басқаруды ұйымдастыру;

- жұмысты жақсартуға дайын болуға;

- зеректік;

- дербестік.

Англиядағы бағдарлама модульдері білім дағдыларын қалыптастыруды жұмыс кезеңдерінде көзделген:

- көшбасшы ролін түсініп, білу;

- өзіне деген сенімділікті көтеру, жұмыс топтарын басқару дағдыларын қалыптастыру;

- ұжымдық жұмысты дамыту;

- өзін-өзі реттеуді белсендіру және өзгерістерге дайын болуы;

- өзара қарым-қатынасты жетілдіру.

Осы бағдарламалар бойынша оқыту жергілікті орындарда жүргізіледі және басқа мектептермен, әріптестермен бірлесіп жүргізіледі.

Мектеп директорының негізгі міндеті оқушылардың жоғары нәтижеге жетуі, білім беру (оқыту) сапасын жетілдіру болып табылады. Мектеп директорларының жүктемесін жеңілдету үшін мектептерде бизнес-менеджерлер қызметі, атқарушы директорлар функциялары енгізілген, ал директорлар білім беру сапасы мен оқытуға жауапты.

Мектептегі көшбасшылықты жақсарту үшін 5 негізгі фактор бар:

1) өндірістен үзбей оқыту;

2) күнделікті тәжірибенің болуы;

3) коучерларды жоғары біліктілікпен қолдау;

4) басқа мектептердің атақты директорларынан оқып үйрену мүмкіндігі;

5) зерттеу нәтижелеріне негізделген көшбасшылық бағдарламалар;

Мектеп директорларына арналған бағдарламалар академиялық мектептермен, университеттермен бірлесе отырып жасақталады. Оқу ұзақтығы 12 айдан 18 айға дейін. Оған түсу үшін мектеп директорларына тест түрінде қабылдау емтиханын тапсыру керек. Оқу қорытынды емтиханмен аяқталады.

Бағдарлама 3 міндетті модульден тұрады:

- оқыту процесін жақсартудағы көшбасшылық;

- тиімді мектептегі көшбасшылық;

- қалай басқарып, ынталандыру керек.

2 модуль таңдауы арқылы:

- оқу бағдарламаларын жасақтаудағы көшбасшылық;

- жақсарту мақсатындағы оқу процесінің мониторингі;

- команданы қалай басқару керек;

Бағдарламада 1-2 апта басқа мектепте, сол мектептің директорының басшылығымен тәжірибеден өтуді қарастырады.

Ұлттық стандартқа сәйкес мектеп директоры:

- қызмет бағыттарын нақты біледі;

- ұжымның барлық барлық мүшелері қолдайтын мақсаттарды орнатады;

- өзің ұстаудың белгілі моделін көрсетеді;

- күнделікті мектепті басқаруды жүргізеді;

- білім беру сапасының жақсартуын қамтамасыз етеді;

- қоғаммен және ата-аналармен жұмыс жасайды;

- басқа мектептерге қолдау көрсетеді.

Ұлттық стандарттың құрылымында мектеп директорының жеке ерекшеліктері мен кәсіби міндеттеріне қойылатын талаптар бар:

- мектеп қауіпсіз жер болуы керек және барлық процесстер тұрақты жолға қойылуы керек;

- білім сапасы жоғары деңгейде болуы керек;

- әр қызметкер мектептің мақсаты мен миссиясын және одан не күтілетінің білуі керек;

- әр қызметкердің біліктілігін арттыруға мүмкіндік болу керек;

- мектеп ресурстары мұғалімнің дамуына жіберілуі керек;

- жанұямен және қоғаммен серіктестікте жұмыс істеу;

- басқа мектептерді қолдау және олардың дамуы (2015 жылдан енгізілді)

Британ мектебіндегі мектеп директоры тұлғасы барлық мұғалімдер үлгі тұтар тұлға (эталон) болып табылады.

Мектеп директорларын дайындау бағдарламаларына сәйкес әртүрлі тәжірибедегі директорларға арналған бағдарламалар бар:

- Даму үстіндегі көшбасшы (Developing leader) - 2-3 жыл жұмыс өтілі бар;

- Орныққан көшбасшы (Deep - rooted leader) - 5 жыл жұмыс өтілі бар;

- Жетілген көшбасшы (Advanced leader) - 5 жылдан жоғары жұмыс өтілі бар.

Мектеп директорының басқарушылық қызметінің тиімділігін арттыру арнайы стандарт негізінде, арнайы дайындық арқылы қамтамасыз етіледі.

Бұл құжат Англияның мектеп директорларының кәсіби құзіреттілігіне арналған бірегей талаптарды қалыптастыру мақсатында атақты мектеп директорларының өздерінің қатысуымен жасақталып, Үкіметпен бекітіледі.

Осы стандартты көрсетілген кәсіби сапалар, мектеп директоры лауазымына тағайындаудың немесе басшылық қызметке ұсынудың негізі болып табылады.

Арнайы дайындықтан өтпеген педагог көшбасшы директор лауазымына тағайындалмайды. Сәйкес дайындықтан өту Ұлттық мектептерде жүзеге асырылады. Осы мектептердің міндеттері:

- көшбасшылықтың маңыздылығын арттыру;

- көшбасшының қасиеттердің дамуына мүмкіндік беру;

- мектеп директорларының мәртебесін арттыру;

Осы бағдарлама бойынша оқып шыққан директор мына принциптерді жүзеге асырады: күн сайын оқиды, артынан ұжымды ертеді (сабақтарға қатысады, мектептегі барлық үдерістерге мониторинг жүргізеді, кері байланысты ұйымдастырады, мектеп қызметі тиімділігін арттыру үшін зерттеу жүргізуге ынталандырады, біліктілікті арттыруға жағдай жасайды) .

Ұлыбританияның атақты мектептерінде келесі тәжірибе жүзеге асырылады:

- мұғалімдердің өзгерістерді талқылауы;

- басқа мұғалімдердің сабақтарына қатысу және кері байланысты жүзеге асыру;

- жоспарлау, ұйымдастыру, оқыту үдерісін бағалау;

- мұғалімдердің мұғалімдерді оқытуы.

Зерттеу нәтижесі бойынша мұғалімдер қызметінің алғашқы 3 жылында жұмысының жақсаруын көрсетсе, қалған жылдары нәтижелері ұзақ уақыт өзгермеуі мүмкін. Сондықтан, кластер шеңберінде оқытушы тәжірибесін бірігіп дамыту, тиімді болып танылып отыр. 7-8 мектептің біріккен ұйымы кластер болып келеді. Атқарушы директор тағайындалады. Атқарушы директор кластердегі барлық мектептердің дамуын жауапкершілігіне алады. Кластердегі кез-келген мектептің жағдайын жақсартуға байланысты шешім ұжым (коллегиально) болып қабылданады. Мысалы, әдістемелік көмек көрсету және әріптестерін оқыту үшін тәжірибелі атақты мұғалімдерді мектептен мектепке жіберу тәжірибесі жиі қолданылады.

Зерттеу нәтижелері мектеп кластерлерінің тиімділігінің жоғары екенін көрсетті, өйткені:

- мектептердің оқшаулануы төмендейді;

- оқушылардың білім деңгейі арасындағы айырмашылық төмендейді;

- қиын жағдайдағы мектеп пен алдыңғы қатарлы мектептердің білім деңгейі жақсарады;

- жас оқытушыларға тиімді қолдау көрсетіледі;

- ақша қоры біріктіріліп, қаражат үнемделеді.

Алдыңғы қатарлы мектептермен қатар қиын жағдайдағы мектептер де артықшылыққа ие болатынына ерекше назар аударылады, олардың барлығының қызметінде тұрақты дамуды (прогресті) байқауға болады.

Мектеп кластерлері - бұл сабақ беру сапасын және оқушы білім деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясат. Сондықтан Ұлыбританиядағы 23, 5 мың мектеп кластерлерге біріктірілген.

Сипатталған жұмыс моделі Ұлыбританияда 5 жыл бойы қолданылуда. 2010 жылы қабылданған «Оқытудың маңыздылығы» атты ұлттық құжатқа сәйкес, үкімет атақты мектептер санын көбейту туралы шешім қабылдады. Бұл мектептер біліктілікті арттыруды жүзеге асырады, және жоғарыда айтылғандай, білім берудің жаңа көшбасшыларын дайындайтын мұғалімдер мектебі деп аталады. Осы модельдің жүзеге асырылуы жүйелік көшбасшылардың, алдыңғы қатарлы мектеп директорларының белсенді қызметіне мүмкіндік берді. Статистикаға сәйкес 2016 жылы Англияда 1400 ұлттық көшбасшы бар. Әр көшбасшы 30-40 мектептен тұратын альянсты басқарады. Ұлыбританияда 500-ге жуық осындай альянс бар. Альянстарда болашақ көшбасшыларды анықтау, іріктеу, оқыту жұмыстары жүргізіледі. Оларға кәсіби қызметінде дамуға жағдай жасайтын, тәлімгерлер беріледі. Соның бірі - мектеп жұмысының барлық сатыларынан өту, «әртүрлі рольдерді» орындау. Директорларды дайындау бағдарламасы бойынша оқудан өту, басшылық қызметті орындауға кірісуге мүмкіндік береді.

Атақты мектеп (выдающаяся школа) дәрежесін алу критерийлері:

1) Офстед ұйымы бағалауы нәтижесі бойынша даңқты мектеп дәрежесін алу;

2) Серіктестіктері тиімді жұмыс нәтижесі;

3) Мектептің тұрақты жақсаруының дәлелі;

4) 3 жыл бойына мектеп басшысының атақты директор(выдающийся директор) мәртебесін растауы;

5) Білікті кәсіби команданың болуы.

Атақты директорлар Ұлыбритания мектептерін тек тексеріп қана қоймайды, сонымен қатар мектептің әрі қарай дамуына нақты көмек көрсетеді. Англияда «бұл жүйеде барлығы ұтады» деп айту қалыптасқан.

Ұлыбританиядағы біліктілікті арттыру жүйесіне сай келетін жүйе әлемде жоқ. Біліктілікті арттыру мектепте жүзеге асырылады, оған әр мұғалім жылына 12 сағат бөледі.

Сөйтіп, Ұлыбританияда білім беру нәтижелерін жақсартуға талаптанған мектеп директорларының, көшбасшы-мұғалімдердің жүйелі және бірізді қалыптасқан дайындығы жүргізіледі. Ұлыбританияда білім беру жүйесінің көшбасшы - директорлары - сәйкестік сертификаты, басқаларды оқыту құқығы бар, танымал адамдар, сонымен қатар олар белгілі жетістіктері бар, тәжірибелерімен белсенді түрде бөлісе алатын, әріптестеріне қолдау көрсететін атақты мұғалімдер жатады.

Шоттон холл академиясында болғанда.

Шоттон холл академиясы - Офстед инспекциясынан өткен атақты мектеп. Мектеп елдің үздік 5 мектебінің қатарына кіреді. Мектепте академиялық дайындықпен қатар, оқушылардың шығармашылық қабілетінің дамуына көңіл бөлінеді. Мектепте жағдайы нашар жанұялардан шыққан балалар оқығандықтан ұжыммен мектепте мәдениетке қызығушылық тудыратын орта жасақталған, өйткені ол оқушылардың қабілеттерінің ашылуына, өзін көрсетуге мүмкіндік береді.

Мектептің мектеп мұғалімдерінің дайындығын жүргізетін National Trening school мәртебесі бар. Бакалавриат түлектері бір жыл бойына практикалық дағдыларға оқытылады.

Гейтсхед Болтик колледжіне барғанда.

Бұл колледж техникалық және академиялық мамандықтар бойынша маман дайындайтын ірі оқу орны, көп профильды болып келеді. Гейтсхед колледжі Ұлыбританияның 10 үздік білім беру мекемелері қатарына кіреді «атақты мектеп» мәртебесі бар.

Колледжда 13 мың оқушы оқытылады. Кәсіби техникалық білімнің ерекшелігі - бұл екі бағытта қарастырылған: техникалық және дағдыны қалыптастыру (тас қалаушылар, шаштараздар, темір шеберлері т. б. ) . Колледждің оқыту бағдарламалары теориялық оқыту 40 % практикалық 60% құрайды.

Британдық зерттеулер бойынша 40% англия жастары мектеп бітіргеннен кейін білім алуды университетте жалғастырады. Колледждер ірі кәсіпорындармен келісім шартқа отырады, және студенттер өз практикаларын Ниссан сияқты өндіріс базаларында өткізеді.

Колледждағы тыңдаушылардың басты назары педагог қызметкерлерді - мұғалімнің көмекшісін дайындауға бағытталған. Бірақ бұл мамандыққа деген сұраныс жеткіліксіз болып отыр. Статистикалық мәліметтер бойынша, колледж оқушыларының 0, 3 %-ын 16 -18 жас аралығындағы жастар, ал 1, 5%-ын 19 және 19 жастан асқан жастар құрайды.

Мұғалімдердің көмекшілерінің мектептегі практикалық жұмыс барысындағы басты қызметі - үлгерімі төмен және дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру. Сыныптағы оқушылардың орташа статистикалық саны 30 оқушыны құрайды. Бір сыныпта тәртіп бойынша 1 мұғалім және 1-2 мұғалімнің көмекшісі жұмыс жасайды.

Колледжді аяқтаған түлектер жұмыс істеуге құқылы, немесе өз оқуын 1 жыл мерзімге университетте жалғастырып, академиялық бакалавр дәрежесін алуына болады.

Тағылымдама кезінде сабаққа қатысуды ұйымдастыру үдерісінің және сабақтың бейнетаспасының талдауының куәгерлері болдық. Ұлыбританиядағы жұмыстың айрықша бір ерекшелігі Ньюкасл университетінің ғалымдарымен ойластырылған VEO бағдарламалық өнімінің қолданылуы болып табылады. Аталған әдістемелік құралдың мұғаліммен жүргізілген жұмыстың, топпен жұмыстың, дара оқушымен жұмыстың сапасы туралы толық ақпаратты қалыптастыруға мүмкіндік беретін ыңғайлы құрылымы бар. Ол үшін әрбір сабаққа қатынасушы арнайы ақпараттық жолдарды толтырып, өзінің әдістемелік нұсқауларын құрастыруға мүмкіншілігі бар.

Алынған ақпараттың жиынтығы қаралып, талданады. Осы алынған ақпараттар болашақ жоспарлауда және оқу жұмысын ұйымдастыруда қолданылады.

Аталған үдерістердің британ мектебінде өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың ойынша, оқытудың сапасын көтеруге тек қана тәжірибе алмасу ықпал етпейді, сонымен қатар оқыту практикасын өзара дамытудың да қосатын үлесі орасан зор.

Өзара практиканы дамыту - бұл жұмыс орнындағы біліктілікті арттырудың айрықша нышаны болып табылады. Ол сапаны көтеруге қатынасты салаларды топ болып талдап, оны көтерудің жолдарын және жүзеге асырылуын болжайды.

Талдау тобына «табысты» және «табысты емес» мұғалімдер кіреді. Олар жүйелі түрде бір-бірінің сабақтарына кіреді немесе сабақтың бейнетаспасын қарайды. Талдау кезінде 3 сұрақты талқыға салады:

1) Қазір біз не істеп отырмыз?

2) Осы сұрақ бойынша халықаралық тәжірибеде қандай зерттеулер бар? Сұраққа жауап іздеу барысында мектептермен, жоғары оқу орындарымен және инновациялық орталықтармен өзара жұмыстануға болады.

3) Берілген зерттеулерге сүйене отырып, ненің сапасын күшейтуге болады, қандай инновацияларды қолдануға болады?

Талдаудың нәтижелері практикаға енгізіледі.

Мұндай жұмыстарды жүргізудің тиімділігі сонда өзара бәсекелестікке қабылетті орта қалыптасады, мұғалімдер бір - біріне ұран тастайды; сапалы жұмыс жасауға талаптандырады, шынайы кері байланыс жүргізіледі (кемшіліктерін жасырмайды), жүйелі түрде әріптестерін қолдауға үйретеді және ұстаздардың бойында көшбасшылық дағдыларды қалыптастыруды дамытады.

Ұлыбритания педагогтерінің біліктілікті арттыру бойынша аталған жұмыс түрлері туралы айта келе мынадай қорытынды жасауға болады:

1) педагогтердің кәсіби сапасын арттыру бойынша жүргізілетін арнайы жұмыстары бар;

2) мектептегі жұмыстың сапасы, бір жағынан, педагогтердің шеберлігімен анықталса, екінші жағынан - қоғамдағы мектептің мәртебесімен анықталады;

3) мұғалімдердің біліктілігін арттыру елге де, ұстаздың өзіне де пайдалы;

4) қоғамдағы әр мұғалімнің кәсіби сапасын көтеруге мемлекет тарапынан үлкен көңіл аударылады;

5) білім беру ұйымдарында жүйелі білім алуға жағдай туғызылған, біліктілікті арттыруға және алдыңғы қатарлы тәжірибені таратуға жол беріледі;

6) білім жетілдіруді практикалық тұрғыдан жүзеге асыру, жергілікті басшылардың ойы бойынша, тиімді тәсілдердің бірі болып табылады;

7) әрбір мұғалім өз бойындағы көшбасшылық қасиеттерді көрсетіп, атақты педагог мәртебесін алып, болашақта білім беру жүйесінде көшбасшы-мектеп директоры да бола алады;

8) өз білімін жетілдіру және өзін-өзі дамыту - күн сайынғы мұғалім қызметінің басым бағыттары, педагог мәртебесін көтеру мен жағдайын жақсарту мақсатында күн сайын жүргізіліп отыратын ұстаздық еңбек.

Қорытынды

Педагогтердің бойында көшбасшылық дағдыларды дамыту.

Тиімді командаларды қалыптастырудың техникалары.

Британ педагогтерінің біліктіліктерін көтерудегі Ұлттық мұғалімдік мектептердің негізгі функциясы - ұстаздардың бойындағы көшбасшылық дағдыларды дамыту.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты
Мектептегі мұғалімнің орны мен рөлі
Биология сабақтарында Lesson planning hour технологиясын қолдануды зерттеу
Мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығы
Оқушылардың оқуға үлгермеу себептері және оларды жеңу мен ескерту жолдарының педагогикалық сипат
Өндірістік оқыту шеберінің оқушылар ұжымындағы рөлі
Бастауыш сынып жетекшісінің оқушылармен ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарының теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАНЖАЛДЫ ЖАҒДАЙЛАР
Бастауыш сынып баланың ерекшелігі және оның дамуы
Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz