Қазіргі кездегі АҚШ – Қытай қатынастары



Кіріспе
І тарау. Азиядағы жаңа бәсекелестің пайда болуы;
1.1. Экономика саласындағы Қытайдың проблемалары мен перспективалары;
1.2. Экономика саласындағы АҚШ.Қытай әріптестігі;
1.3. Американ.қытай сауда.экономикалық қатынастардағы қайшылықтар;
ІІ тарау. Қытай мен АҚШ.ның әскери.саяси ынтымақтастығы;
2.1. Екі мемлекеттің Корея мәселесін шешудегі біріккен қимылдары;
2.2. АҚШ мен Қытайдың терроризмге қарсы күрес саласындағы әріптестік;
ІІІ тарау. Американ.қытай екі жақты қатынастарындағы қайшылықтар;
3.1. Тайвань мәселесіндегі стратегиялық белгісіздік;
3.2. АҚШ.Қытай қатынастарындағы адам құқығы мәселесі;
3.3. АҚШ.ның Қытайдың әскери потенциалын кемітудегі қимылдар;
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі кездегі АҚШ – Қытай қатынастары
Мазмұны:
 
Кіріспе
І тарау. Азиядағы жаңа бәсекелестің пайда болуы;
1.1. Экономика саласындағы Қытайдың проблемалары мен перспективалары;
1.2. Экономика саласындағы АҚШ-Қытай әріптестігі;
1.3. Американ-қытай сауда-экономикалық қатынастардағы қайшылықтар;
ІІ тарау. Қытай мен АҚШ-ның әскери-саяси ынтымақтастығы;
2.1. Екі мемлекеттің Корея мәселесін шешудегі біріккен қимылдары;
2.2. АҚШ мен Қытайдың терроризмге қарсы күрес саласындағы әріптестік;
ІІІ тарау. Американ-қытай екі жақты қатынастарындағы қайшылықтар;
3.1. Тайвань мәселесіндегі стратегиялық белгісіздік;
3.2. АҚШ-Қытай қатынастарындағы адам құқығы мәселесі;
3.3. АҚШ-ның Қытайдың әскери потенциалын кемітудегі қимылдар;
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кіріспе
 
Тақырыптың өзектілігін келесі екі сұрақ толығымен сипаттайды: Америка
үшін Қытайдың ірі аймақтық державаға айналу қаншалықты қолайлы және оның
әлемдік держава статусына талпынысы қаншалықты шындыққа сәйкес келеді? Осы
сұраққа жауап беру үшін қытай халқының менталитеті, оның қоршаған дүниеге
көзқарасы мен алға қойған мақсаттарына назар салған жөн болар.
Қалыптасқан көзқарас бойынша, қытай басшылығы қоршаған әлемді
дұшпандық деп қарастырады. Алайда маоистік кезеңмен салыстырғанда, ол Қытай
қауіпсіздігіне тікелей әскери қауіп төндірмейді. Сондықтан да әлем
гегемонизмге қарсы күрес призмасы арқылы қарастырылып, Американың жаһандық
басымдылығына, сондай-ақ Ресей, Жапония, ндістан сияқты "үлкен елдердің"
аймақтық басымдылығына қарсы тұру қажеттілігі туындайды.
Осыдан Қытайдың сыртқы саяси приоритеттері қалыптасты. Біріншіден,
ашық саясат пен қытай реформаларын жүзеге асыру үшін қолайлы халықаралық
шарттардың қалыптасуын қамтамасыз ету. Яғни жаһандық лидерлермен бейбіт
қарым-қатынас сақтап, Қытайдың жақын көршілерімен қатынастарды жақсарту.
Екіншіден, бұл "уақытша жасырыну" мақсаты, компромисс негізінде іс-әрекет
жасау, бұл дегеніміз - уақыт ұтып, "кешенді мемлекеттік қуат" жинау, осыдан
кейін ғана әлемдік лидер роліне талпынуды білдіреді.
Осы тұжырымды прагматикалық деп санауымыз дұрыс болады. Ол қазіргі
Қытайдың зор емес экономикалық және әскери мүмкіншіліктерін сын көзбен
бағалау мен КСРО ыдырау нәтижесінде қалыптасқан монополярлы жүйе
шарттарында АҚШ-ның жалғыз ұлы держава болып қалуын мойындаумен байланысты.
Және де Пекиннің пікірі бойынша, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін АҚШ өзінің
басты бәсекелесі және "басты жауы" ретінде Қытайды қарастырады.
Әлемге қатысты сондай көзқарас негізінде Қытайдың басты сыртқы саяси
приоритеті ретінде АҚШ-мен қатынастарды дамыту қалыптасты. Америкамен
ынтымақтастық әлемдік экономикалық және саяси лидермен одақ ретінде
қарастырылады және онымен жақсы қарым-қатынастар қытай реформаларының
сәттілігімен байланысты. Сонымен қатар Қытайдың келешектегі басты
бәсекелесі ретінде АҚШ-ның гегемонистік мақсаттарын тыю орын алуда.
Екі жақты қатынастардың негізі әлі де "өзара қауіптер" мен "өзара
пайда" симбиозы құрайды. Қытайға қарсы бағытталған Азия Тынық мұхит
аймағындағы американ әскерлерінің шоғырлануы Пекин өз мүдделеріне қайшы
келеді деп санайды. Бірқатар американдық зерттеушілер мен саясаткерлердің
пайымдауынша, Пекин АҚШ-ның әлемдік позицияларын әлсірету үшін өзінің
әскери және экономикалық қуатын нығайтып жатыр және коммунистік ортодоксия
идеяларын қоймаған Қытайды өзінің жаңа болашақ жаһандық бәсекелес ретінде
қарастырады. Бірақ та Қытай да, АҚШ да бір-бірін тікелей әскери қауіп
ретінде қарастырмайды.
Екінші жағынан, қытай саудасының төрттен бірі және Қытайдағы шетел
инвестицияларының үштен бірі АҚШ-на тиісілі, сондықтан да ол қытай
модернизациясының жүзеге асырылуына маңызды роль ойнайды. Вашингтонмен
қарым-қатынастардың нашарлануы экономикалық өсудің қарқынына кері әсерін
тигізетінінін Пекин түсінеді. Өз кезегінде Қытайда АҚШ-ның ірі
инвестицияларға негізделген терең бизнес мүдделері бар. Вашингтонның
стратегиялық жоспары бойынша, қытай экономикасының маркетизация мен
жаһандану негізінде қытай саяси жүйесінің біртіндеп демократиялық бағытта
трансформацияланады [27].
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Қытай мен АҚШ арасындағы екіжақты
қатынастар, екі мемлекеттің сыртқы саясатындағы приоритеттер тақырыбы
көптеген ғалымдармен толық зерттелген. Биполярлы жүйе кезеңінде жазылған
Лукин В.П., Арбатов А.Г., Уткин А.И., Богатуров А.Д., Кременюк В. Дмитричев
Г.Ф., Крутских А.В., Лаврентьев А.К., Овинников Р.С., Павляк С., Замошкин
Ю.А., Грайнер Б., Трофименко Г.А. сияқты авторлардың еңбектерінде АҚШ-ның
сыртқы саясатындағы азиялық, сондай-ақ қытайлық бағыт қарастырылған [6].
Қытайдың сыртқы саясаты мен АҚШ-КСРО-ҚХР үшбұрышындағы қарым-қатынастар
мәселесіне Бажанов Е.П., Ледовский А.М., Астафьев Г.В., Варнан Ф.,
Нарочницкий А.Л., Степанов Е.Д. өз еңбектерінде көңіл бөлген [7].
1991 жылдан кейін жаңа халықаралық жағдайдағы американ-қытай
қатынастары туралы көптеген еңбектер жарыққа шықты. Бірқатар авторлардың
пікірінше, XX ғасырдың екінші жартысындағы кеңес-американ қарсыласуы мен
нәтижесінде КСРО-ның ыдырауынан кейін, Америка мен Қытай арасындағы Азия
Тынық мұхит аймағындағы басшылық үшін күрес күшейе түсті.
XІX еуропалық ғасыр мен XX американдық ғасырдан кейін XXІ ғасыр
азиялық болатыны туралы пікір кең таралуда. Осыған орай, А.И. Уткиннің
пікірі бойынша, XXІ ғасырдағы АҚШ мақсаттарын келесідей анықтауға болады:
Жапонияны бақылауды сақтап қалу мен Қытайдың өсуін тежеп, оның әлемдік
экономикалық дамудың орталығы болатын әлем бөлігінің аймақтық лидеріне
айналуды болдырмау [16, 308 б.].
"Мировая экономика и международные отношения", "Азия и Африка
сегодня", "США, Канада: экономика, политика, культура", "Международная
жизнь" сияқты ресейлік мерзімді баспа сөзінде АҚШ-Қытай қатынастарының даму
перспективасы мен екіжақты қатынастардағы қайшылықтар, Қытай экономикасы
дамуындағы Американың ролі мәселелері өз көрінісін тапқан. Осы орайда
Зиновьев Г., Бергер Я., Михеев В., Бельчук А., Сажин Д., Шишкин Г.
еңбектерін атап өткен жөн.
Қытайдың аймақтағы экономикалық және әскери-саяси күшке айналу
талпыныстарының күшеюіне байланысты оның өсуін тежеу және орын алған ҚХР-
ның қарулы күштерін модернизациялау Америкаға қарсы бағытталғаны туралы
пікірлер Вашингтонда жиі естілуде. Оған дәлел ретінде жыл сайын басылымға
шығатын АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қытайдың әскери потенциалы туралы
Конгресске баяндамасынан байқауға болады. Пекиннің шын мәніндегі әскери
шығындары ресми мәлімдемелермен салыстырғанда едәуір үлкен және осы
көрсеткіш бойынша АҚШ мен Ресейден кейін Қытай үшінші орынға ие. Аталған
тенденция Тайвань мәселесін және жалпы аймақтағы жағдайды тұрақсыздандырады
[21, 48 б.]. Осы көзқарасты Америка басшылығындағы Қорғаныс министрі Д.
Рамсфелд, Орталық Барлау Басқармасының басшысы П. Госс және ұлттық барлау
қызметінің басшысы Дж. Негропонте сияқты көптеген лауазымды тұлғалар
ұстанады.
Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңес Американың бұрынғы қорғаныс
министрі Г. Браун, ҚХР-дағы АҚШ-ның бұрынғы елшісі адмирал Д. Прюэр және
қытай әскери мәселесі саласындағы басқа да беделді эксперттерінің
қатысуымен жазылған "Қытайдың әскери потенциал" кітабы АҚШ конгрессіне
Пентагонның жылдық ресми баяндамасынан біршама ерекшеленеді.
Зерттеушілердің пікірі бойынша, жоспарланған әскери модернизация бағытына
қарамастан, Қытай "технология мен соғысқа қабілеттілігі жағынан Америкадан
кем дегенде жиырма жыл артта қалған". Кітап авторларының пікірі бойынша,
ҚХР "аймақтық держава болып табылады" және "келесі жиырма жыл ішінде Қытай
жаһанды деңгейдегі әскери державаға айналмайды". Солай дей тұра, Америкаға
қарсы бағытталған ҚХР әскери күштерінің модернизациясы, технологиялық
тыңшылық бағдарламасы мен әскери саладағы Қытайдың басқа да "күнәлар"
туралы АҚШ-дағы көзқарастарымен басылым авторлары келіспейді [19, 24 б.].
Геосаясат пен халықаралық қатынастар саласындағы бірқатар шетел
мамандарының еңбектері зор қызығушылық тудырады. Олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Кореяның қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы жүйесі
Қытай және жаһандану проблемалары
Қытай сыртқы саясатының идеологиясы мен механизмі
Халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі
АҚШ - ның Қытайдың әскери потенциалын кемітудегі қимылдар
Қытай және Жапония арасындағы сауда - экономикалық қатынастары
Жапонияның ҚХР-мен қарым-қатынастары
Тайвань мәселесі туралы ақпарат
Қытай сыртқы саясатындағы Үндістанның орны
ХХ ғасырдың 40-90 жылдарындағы АҚШ-Қытай қарым – қатынастары
Пәндер