ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ АТАУ КЕРЕ ШЫҒАРМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ ДАЙЫНДАУ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ «АТАУ КЕРЕ» ШЫҒАРМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ ДАЙЫНДАУ

Алдажарова А., Әлмұқан М.,

Қазақ тілі мен әдебиеті ББ 4- курс студенттері

Ғылыми жетекші: Кушкимбаева А. С., PhD.,

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Жаманнан жақсы туса да,

Жақсыдан жаман туса да,

Тартпай қоймас негізге

Бұқар жырау

Кіріспе.

Ең алдыменен «атау кере» не деген сұраққа жауап берейік. Атау кере дегеніміз науқасы дендетіп, беті ары қарай бастағанда ауру адамға дәстүр бойынша, не оның өз қалауы бойынша берілетін ең соңғы арнайы да атаулы тамақ. Ас ішсең, атау кереңдей іш, өлсең, мұрттай ұш . . . (бұлай дейтін себебі: соңғы тамағын өлер адам өте тез, қомағайлана, асыға ішетіндей көрінеді . . . ) [1] . Екінші сөздікте «атау кере» мағынасы - «адамның өлер алдындағы ең соңғы асы» [2] . Бізге осы орайда мынадай сұрақ келеді «неліктен бұл шығарма атау кере деп аталды?». Бұл сұрақты шығарманы талқылау арқылы жауабын табамыз.

«Еріктің («Атау-кере») бойында Ақтандікінен («Мұзтау») бөлек Қоңқайлық («Қар қызы») жатсыну бар. Еріктің томырық мінезі, аса қатыгездігі мен будан аралар жағдайын салыстыра отырып, суреткер метафоралық параллельге барады. Жазушының қозғайтыны тағы да адамның табиғи тазалығы. Еріктің жанашырлықтан ада, селт етпес қаталдығына іштей мүжілетін Нүрке кемпір баласының африкалық аралармен әуестенуінен қатты тіксінеді. Демек, Нүрке кемпір Еріктің болмысындағы мейірімнің неден өшкенін сезеді. Өйткені будан арадан өсіп-өнген ұрпақ пен Еріктің әрекетінде дүбәра тіршілік түйсіктері бар. Ерік - адамдардың бір-біріне деген мейірімділігі болатынын мүлде жоққа шығаратын жан. Адами сезімдер оған жат, тіпті өзін Айнаға үйленуін өміріндегі шалыс басқан қадамы деп шешіп қойған. Жазушының Ерікке берген мінездемелерінің астарында Ара-символдың орны ұлғая түседі.

Негізгі бөлім.

«Атау-кере» повесінің композициялық түзілісіндегі Таған мен адам көзінен таса тіршілік еткен Шал желісінің жазушы философиялық ойындағы өзекті айқындау үшін мән-маңызы үлкен. Шалдың өгей тұрмысы бүгінгі заман тірлігімен мүлде қабыспайтын үңгірдегі мекені, тіпті тұрмыс заттарының саналы адамзаттың алғашқы қауымында дүниеге келгендей әсер қалдыратыны жазушының түпкі байламынан сыр тартады. Бұрынғы дәуірдің жәдігеріндей көрінетін Шалдың мекені - үңгірге орналасқан үй, ондағы Қазақстанның екі қиырынан арнайы әкеліп бауырына басқан екі жетім - Қозы мен Баянның жайын О. Бөкей ерекше мән бере суреттейді.

«Адам - орманның ортасында жүріп күнәға батқанша, ағаш-орманның арасында таза өскенге не жетсін. Мен қазақтың атом апатынан да, бүлінген ауадан да, ішімдік пен аяқтан шалар ағайын алауыздығынан да ада, таза да тәкаппар ұрпағын тәрбиелеймін . . . Жоқ, шырағым, мен қара басымды сауғалап келгенім жоқ бұл қу мекен жерге; жалғанның үзірінен, анау екі қозымның амандығын ойлап, олардың дені сау, рухы таза өссін деп келдім бұл жерге; жарықтықтарымның жас жаны жараланбасыншы, ит тірліктің итаршысына айналып, аумалы-төкпелі заманның зәлімі болып кетпесінші деп келдім бұл жерге; бірін-бірі алқымынан алып шайнап тастар қаскөй бірлігінен не пайда, күндердің күні болғанда адамның өзін опық етер ілім-білімнен не пайда». Бұл - Шалдың адамдар ортасын жатсынған тіршілігі, одан табиғи жарастық таппауы - руханилық дағдарысты барынша сезініп, өз тарапынан жасаған таңдауы. Шал-Таған желісіндегі айтылар ой ауқымының шығарма тақырыбын ашудағы маңызды болатыны автордың көркемдік шешім қабылдауынан да көрінеді. Таған ақырында шалдың «мемлекетін» таңдауы да психологиялық дәйектемесі келіскен, шығарманың логикалық дамуына сай жасалған нанымды шешім болып қала береді.

«Атау-кере» повесіндегі Нүркенің өлім сәті алдындағы көрініске тоқталмай кетпеуге болмайды. Мұнда санаға бағына бермейтін, ақылға жеңдіре бермейтін фрейдизмге тән психологиялық өзгеріске көңіл қояды. Бұл мәселе әсіресе батыс модернистерінің ерекше назарында болған еді. Сол сияқты қаламгер қазақ арасына сіңіп Нюра Фадеевнадан Нүрке атанып кеткен, мұсылмандық сенімге біржола иланып-сенген, намазға жығылған адамның өмірінің соңғы сәтінде бейтаныс күштің ықпалымен мына өмірге өз дінінің шарттары бойынша бақұлдасып, шоқынуы ақылынан тыс жасаған қарекеті ретінде суреттеледі. Ол - өзінің ғұмыр бойы ұстанған сенімінен, өмір салтынан жатсынған адам. Осы уақытына дейін санасының түпкірінде өз дініне деген сағыныш ұялап жатқан. Көркем шығармадағы Айна енесінің сандығынан тапқан икона - Нүркенің өзін-өзі алдаған, өзінен-өзі жатсынған қарама- қайшылықты өмір сүргенінің куәсі. Икона - Нүркенің ақиқат болмысын ашуға қолданылған деталь. Өйткені «Ананың сүтімен рухына сіңген сенім түптің-түбінде бәрібір жеңіп шыққан еді».

Қазіргі адам мәселесін қарама-қайшылықты дүниетанымдар қақтығысында бейнелеу кейінгі уақыттағы прозаның даму процесін айқын етер маңызды тенденциялардың бірі болатын. Яғни, жеке тұлғаны зерттеу, оның арманы мен аңсарын, сезімі мен түйсігін зерделеу әдебиеттің диалектикалық қозғалысындағы тағы бір маңызды белес еді. Экзистенциалистік философияның негізін қалаушылар және таратушылар - Хайдеггер, Ясперс, Сартр, Камю, Марсель, Бердяев сынды ойшылдар мен суреткерлердің ХХ ғасырдағы дүниежүзілік көркем дамуға қатты ықпал еткендіктен, қазақ әдебиеті де одан тыс тұра алған жоқ.

Адамзаттың қазіргі дамуында жатсынудың, өзіндік жатсынудың бар екендігі бұл проблеманың абстрактылы теорияларға негізделген, ойдан құрастырылған проблема емес екендігін көрсетті. Өздеріне табиғат заңдарының үстемдік ететінін, өздерінің қоғамдық әрекеттері олардың абсолютті еркіндігіне шек қоятынын адамзаттың түйсінуі - жатсынуды дүниеге келтірді» [3] . Ұлттық сөз өнері зергерлеріміздің бірі, қай шығармасы болсын оқырманды бейжай қалдырмайтын қарымды қаламгер Оралхан Бөкейдің соңғы туындысы - «Атау кере» романының атының өзі бірден елең еткізеді. Өйткені «атау кере» сөзі ел ішінде адамдардың күнделікті қарым-қатынасында қолданыла бермейтін, сирек жағдайда, шанда бір ашынған ахуалда, болмаса шарасыздықтан айтылатын салмақты, зілді, ауыр ұғым. Шығармашылығында жеңіл мазмұн кездеспейтін Оралханның дәл осы күрделі тақырыпқа барып, әрі оны өзінің дәстүрлі шеберлігіне тән деңгейде ширатып, ширықтыра отырып жазғаны заңдылықтай қабылданады.

Романның басты үш кейіпкері Таған, Ерік, Айна - замандастар. Ерік пен Айна ерлі-зайыпты. Алайда, олардың үшеуі - шығармадағы үш негізгі арнаны құрайды, үшеуі - үш әлем, үш категория. Бұлардың барлығын тылсым тағдыр, айналып келгенде біраз уақыт бір шаңырақта өмір сүруге жолықтырған еді. Таған кешегі от ауызды, орақ тілді, жалындап тұрған жас аспирант. Үлкен білімнің жолына түсіп, әлі көп ешкім бара қоймаған тың, батыл тақырыптарда ғылыми еңбек жазып жүрген жас ғалым. Бүкіл болашағы алда көрініп, барлық жас ізденімпаздарға тән ерекше ынта-жігер, үміт-сеніммен еңбегіне құлшына кірісіп, ерте көзге түсіп, жоғары оқу орындарында студенттерге лекция оқитын. Алайда, кеңестік жүйедегі барша саналы жандарды сан мәрте сансыратқан қасаңдықтар алдынан шығып, тауы шағылады. Жазып жүрген еңбектерінің барлығы жарамсыз, тіпті зиян деп танылып, еңбегі еш кетеді, жанбай жатып сөндіруге ұмтылатын айналасынан, ортадан түңілгенде, сол кезеңдегі зиялы қауым өкілдерінің біразының басынан өткендей, ең ақырғы жұбаныштай көрінген ащы суға алданудан бұл да қашып құтыла алмады. Сөйтіп жүргенінде, жұмысынан, дос-жараннан, жары мен баласынан айырылады, одан кейін мүлде құрдымға құлаған. Бір кезде алдында жәудіреп отырған жас студенттерге айтсам, жеткізсем деген арманда кеткен көп жайттарды енді арақтың буы жеңген сәттерінде өзімен-өзі қалып, тыңдаушысы жоқ лекцияларын ақтарады келіп. Йә, оның айтам дегені көп еді. Жас ғалым келе жатқан жаңа заманның елесін, жылымық лебін сезініп, өзін еліне, қоғамға қажетті адам санап, ғылым жолындағы ізденіс-жаңалықтары арқылы мысқалдай болса да пайдасын тигізуді парыз санайды. Соған байланысты қоғамдағы ескірген көзқарастарды, әлеуметтік, шаруашылық саладағы көп жайттарды түпкілікті өзгертуге жаңа бағыт, тың жол тапқандай жалындайтын. Алайда, алдынан шыққан асусыз қамал-кедергілерге тап болып, ойындағы адал арман-тілектерінің жүзеге аспауына көне алмаған алмаған арақкеш аспиранттың ендігі тыңдаушысы жоқ лекцияларының «НЕГЕ БІЗ ОСЫ. . ?» деп басталуы да содан.

«Сұм өмір абақты ғой саналыға» деп ақын Мағжан баяғыда-ақ айтқан қатал өмірдің таяғы мұның да басына келіп тиген аспиранттың түсіне алмайтын, ал түсінгенін айналасына жеткізгісі келетін түйткілдері көп-ақ : «Неге біз осы өтірік сөйлейміз, өтірік күлеміз, қысқасы - өтірік өмір сүреміз, а? Неге біз осы өзіміздің бұл әлемге артық, түкке де керегіміз жоқ бейшара мүскін екенімізді мойындамаймыз . . . неге біз осы қатыгез де, қасиетсіз болып кеттік» .

Таған - қандай қоғамның болмасын ажырамас бөлшегін құрайтын зиялы қауым өкілі, соның ішінде жеке бастық пасық мүддеден мүлде биік тұрған, елін, ұлтын алға бастырсам дейтін адал, таза, озық ойдың адамы, біз айтып отырған романдағы үш арнаның прогрестік, дамушылық, қазіргі тілмен айтқанда демократиялық мазмұнын білдіреді. Бірақ «әркімге еңбегіне қарай, әркімге қабілетіне қарай» дейтін әдемі ұранды жариялағанымен, ең алдымен саналы, қабілетті деген мүшелерінің көзін құртуға тырысқан тоталитарлық жүйеде Тағандар азшылық, Тағандар әлсіз, ең бастысы қауіпті санатқа жатады. Оларды құртудың, қудалаудың сан-түрлі амал-тәсілі ойлап табылғаны мәлім, соның бірі «атау кере» аталып, талай жақсы мен жайсаңның түбіне жеткен арақ болатын. Әйтпесе, бір партияның диктатындағы барған сайын құлдырап бара жатқан тоталитарлық қоғамда ең алдымен ұлттық қасиеттердің, адамгершілік болмыстың жоғалып бара жатқанына қарсы дауыс көтерген Тағандардың: «біздер тарих-ананы қатты ренжіттік, өз ұлтымыздың тарихын кісенде ұстадық, киесі ұрады деп білмедік. Шала-жансар оқулыққа сендік, шала сауаттыларға сендік, шабына от түссе де айтайық: өкімет басында отырғандардың бар-барлығына сендік, олардың ақ дегені - алғыс, қара дегені - қарғыс болды. Міне сондықтан да халық адасты . . . адам жадынан, есіне айрылды», - деп келетін батыл лекциялары тыңдаушыларға мемлекеттік жүйенің тоқырағандығын, басқару тетіктерінің тозғандығын айқара ақтарып беретіні белгілі [4] .

Шығармадағы құпияға толы бір кейіпкер бар. Ол - Нүрке кемпір. «Атау кере» повесіндегі өнімді көркемдік тәсілдің бірі - Оралхан Бөкейдің қаламына, оңтайлы әдеби шешім - психологиялық талдау. Жазушы Нюра кемпірдің ішкі ойлары арқылы тұтас бір дәуірдің қайшылықты өмір ағысында арпалысқан адам образдарын ашу амалдарына жол табады.

Нюра кемпірдің ішкі ойында қырланып, даралана түсетін бейненің бірі - баласы Еріктің образы.

«Тура жүріп, тура сөйлейтін Қандауырдың тым-тым қара қылды қақ жарған әділдігі тұқым қуалап, Ерікке жұға қойған жоқ-ты»; «Ұлым менің әкеме тартқан пысық, қолы ісмер-ді. Бірақ . . . »

Нюра кемпірдің әкесі - орыс ұлтының өкілі. Заманында байлық жасап, жалшы жұмсаған бақуатты жан [5] . Бұқар жырау айтпайқшы, негізге тартпай қоймайды. Ал біз нені аңғардық?

Шығармада біздің көзіміз мынадай мәселелерге түсті.

1. Аралас неке. Қайда апарады?

2. Атом бомбасы.

3. Бітпейтін жамандық пен жақсылықтың күресі. Жас Алаш газетінде мынадай мақаланы көзіміз шалды. «- Шығу тегі әртүрлі жұбайлардың балалары шынымен де денсаулығы мықтырақ болып туады. Алайда бұл әсердің ұзаққа тұқым қуалай бермейтінін де айта кетуіміз керек. Бұл тек бірінші буында ғана байқалады, кейіннен аталмыш әсер әлсірей береді. Мұндай балалардың ата-аналары да өз балаларын болашақта не күтіп тұрғанын болжай бермейді, сондықтан да балаларға сыртқы ортаның жағымсыз көзқарасын сездірмеуге тырысады. Нәтижесінде аралас некеде тәрбиеленген бала қатарластары алдында білімімен де, басқаша артықшылықтарымен де жоғары тұрады.

Аралас неке халық саны көп ұлттар үшін үлкен пайдасы бар саясат. Ұлтаралық некелер адамдарды шыдамдылыққа және әртүрлі ұлт өкілдеріне түсіністікпен қарауға үйретеді. Сонымен қатар аралас некедегі отбасылардың арқасында мәдениетке деген қызығушылық артып, әлеуметтік серіктестік орныға түседі [6] ». Әрине, қазіргі жаһандану заманында ешкімді шектеп, бұлай еді, олай еді деп айта алмаймыз. Әрбір адамның өз таңдауы болады. Ең бастысы, махаббат еді деп соқыр болып қалмау. Әйтпесе, шетелдік азамат түгіл, өзіміздің де азаматтар қыздарымызды аяп жатқан жоқ. Бірақ қайда апарады деп ойласақ, ел мен жерден жерініп кететіні рас. Мысалы, Түркиядағы күрдтер саны неліктен азайған? Аралас некеден.

Қорытынды.

Қазіргі кездің аса бір маңызды мәселенің бірі - атом бомбасы болып тұр. Кіп-кішкентай бөлмеде бүкіл әлемді жойып жіберерлік қару жасалынып жатқаны таңқалдырады. Бұның астарында әлемді уысымда ұстаймын деген сондай жымысқы ниет жатқан секілді сезінеді. Тарихшы, Юваль Харари айтады: «Атомная бомба - настолько прямая и очевидная угроза, что ее трудно игнорировать. А вот угроза глобального потепления носит более неопределенный и отдаленный характер. Поэтому в тех случаях, когда долгосрочные аспекты защиты окружающей среды требуют жертв уже сегодня, у националистов возникает соблазн поставить на первое место сиюминутные интересы своей страны и убедить себя, что об экологии они позаботятся позже - или оставят эти заботы другим. Некоторые из них просто отрицают существование проблемы. Едва ли можно считать совпадением, что скепсис относительно изменения климата характерен именно для правых националистов. Социалисты, придерживающиеся левых взглядов, редко пишут в Twitter, что «изменение климата - это китайские сказки». Национального ответа на проблему глобального потепления не существует, а потому некоторые политики националистического толка предпочитают делать вид, что не существует и самой проблемы. Атомная бомба превратила победу в мировой войне в коллективное самоубийство. Это не совпадение, что после Хиросимы сверхдержавы ни разу не воевали друг с другом напрямую, а лишь участвовали в относительно безопасных (для них) конфликтах, где искушение использовать ядерное оружие, чтобы избежать поражения, было невелико. Идея нападения на ядерную державу даже второго ряда, вроде Северной Кореи, ни у кого не вызывает энтузиазма [7] ». Атом бомбасы әрине бүкіл әлемді жойып жіберетін қару. Оралхан Бөкейдің бұл шығармасында көтерілген мәселе адамзаттың түбіне адамның өзі ойлап тапқан қаруы жетпей ме деген алаңдау. Жамандық пен жақсылыққа келейік. Мынадай ой келеді бізге. Өмірде жақсылық пен жамандық үнемі алмасып отырады. Дәл солай адам бойында да осы екі қасиет үнемі арпалысып, алма-кезек өмір сүретіндей көрінеді. Ерік пен Тағанды бір адам деп алсақ қалай болады? Онда адам бойында Еріктің еңбекқорлығы мен Тағанның ойлауы қосылса мықты адам болады. Әрі екеуінің жаман қасиеттерін қоссақ: Таған әлсіз, Ерік қызғаншақ. Ерікті адамзаттың жауы деп мүлде ойламаймыз. Ол да адам. Ол да біздің қоғамда өмір сүріп жатыр, өмір сүре береді де. Тағанда бар. Тағанда өмір сүре береді. Тек бұл біздің таңдауымыз. Ерік пен Тағанның қосындысын, немесе бір ғана Еріктің немесе Тағанның қасиеттерін таңдауымыз мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атау кере шығармасын талдау
Оралхан Бөкейдің монологтары
Әдеби тіл және жалпыхалықтық тіл жайлы
О.Бөкеев, Д.Исабеков повестеріндегі подтекст мәселесі
Оралхан Бөкейдің Атау кере шығармасындағы еліктеу сөздердің қолданысы
Оралхан Бөкеевтің шығармаларына талдау
Оралхан Бөкей шығармашылығы
Бөкеев Оралхан (1943-1993 жж.)
Оралхан Бөкей өмірі мен шығармашылығы
Бөкеев қаламынан туған шығарма тізімі ұланғайыр
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz