Ономастика және әдеби ономастика



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қызылорда облысы

Бағыты: Филология
Секциясы: Тіл білімі
Тақырыбы: М.Әуезовтің Абай жолы эпопеясындағы кейіпкерлер есімдерінің мағынасы

Авторы: Совет Аружан
Байзақ Момынбаев атындағы
№278 ІТ мектеп-лицейінің
10 А сынып оқушысы
Жетекші: Токабаева М.К.
Кеңесші: С.Мағжан
Қ.А.Ясауи
атындағы ХҚТУ доц.м.а.,
филология ғылымдарының
кандидаты



КІРІСПЕ

Жоба тақырыбы: М.Әуезовтің Абай жолы эпопеясындағы кейіпкерлер есімдерінің мағынасы
Жобаның көлемі: 22 бет.
Жобада әдебиеттер саны: 8.
Жобаның зерттеу нысаны нысаны: Абай жолы эпопеясындағы жалқы есімдер, мағыналық ерекшелігі.
Жобаның мақсаты мен міндеттері: Көркем әдебиеттегі жалқы есімдердің мағынасын анықтау - жобаның негізгі мақсаты. Осы мақсатқа жету барысында төмендегідей міндеттер орындалды:
ономастика мен әдеби ономастиканың арақатынасын анықтау;
көркем әдебиеттегі жалқы есімдердің мағыналық қырларына тоқталу;
қазақ көркем әдебиетіндегі жалқы есімдердің семантикасын саралау.
Жобаның мазмұны: Жобада әдеби ономастиканың көркем мәтіндегі қызметі қарастырылды. Бірінші бөлімде ономостика мен әдеби ономастиканың арақатынасы сөз болды. Екінші бөлімде М.Әуезовтің Абай жолы эпопеясындағы кейіпкерлер есімінің мағынасы қарастырылды.
Жобада пайдаланылған тірек сөздер: ономастика, семантика, жалқы есім, кісі есімі, поэтонимдер, көркем әдебиеттегі кісі есімдері, антропонимдер, жалпы есім, сөздің мағынасы, мәтін, көркем мәтін, әдеби ономастика, қазақ антропонимдері т.б.
Жобаның құрылымы: Жоба кіріспеден, негізгі екі бөлімнен және пайдаланған ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Ономастика және әдеби ономастика

Ономастика теориялық негіз ретінде жалқы есімдердің ерекшеліктерін, олардың жалпы есімдерден айырмашылығын зерттеумен, олардың тілдегі ерекше жағдайымен, сөйлеудегі құрылымының еркешелігімен ғылымдар жүйесінен жеке ғылым ретінде бөлініп шықты.
Бүгінгі таңда ономастиканың деңгейі, оның ғылымдар жүйесіндегі алатын орны, сондай-ақ басқа ғылымдармен байланысы анықталып, бірнеше өзіндік жеке салалары пайда болды. Атап айтқанда, ономастика кісі есімдерін зерттейтін антрпонимика, географиялық объектілерді қарастыратын топонимика, жануарлар мен құстар атауын зерттейтін зоонимика, аспан денелерінің атауын зерттейтін астронимика және т.б. болып бөлінеді. Солардың ішінде жалқы есімдер ерекше қызмет атқаратын және өзінше жеке ономастикалық кеңістік болып табылатын әдеби ономастика маңызды орын алады.
Көркем шығармалардағы жалқы есімдер әдеби ономастиканың нысаны болып табылады. Есімдер көркем туындыларды образ тудырудың бір құралы ретінде қызмет атқарады. Көркем мәтіндегі жалқы есімдерді түрлі аспектіде қарастыру үлкен қызығушылық тудырғанымен, қазақ тіл білімінде әдеби жалқы есімдер жайлы арнайы зерттеу еңбектер жеткіліксіз. Мысалы, әдеби жалқы есімдер туралы зерттеу еңбектер Ә. Қайдаров, Т. Жанұзақов, Е. Есбаева мақалаларында, Қ. Жаппардың ғылыми еңбегінде сөз болады. Ә. Қайдаров Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырындағы жер-су атауларына тоқталса, Е. Есбаева Абай жолы эпопеясындағы есімдерді қарастырған. Т. Жанұзақов өз еңбегінде көркем әдебиеттегі басты кейіпкерлер есімдерінің жалқы есімдік мағыналарынан ауытқып, жалқы есімге айналатындығын атап өтсе, Қ. Жаппардың арнайы зерттеу еңбегі О. Сүлейменов шығармаларындағы жалқы есімдерді зерттеуге арналған. Десек те бұл еңбектер әдеби жалқы есімдердің қызметін, семантикасын, грамматикалық ерекшеліктерін жүйелі зерттеуді қажет етеді.
Әдеби антропонимика мен топонимика орыс тіл білімінің ғалымдары тарапынан қарқынды зерттеліп келеді. Әсіресе, әдеби антропонимдер белсенді зерттелуде (Л.И. Андреева, И.Б. Воронова, М.В. Карпенко, В.М. Михайлов, В.А. Никонов, А.В. Федоров, Л.М. Щетинин, т.б.). Әдеби топонимдердің стилистикалық потенциалы жайлы Ю.А Карпенко, О.И. Фонякова, В.П. Григорьева, т.б. еңбектерінде сөз болады.
Жануарлар атаулары, яғни зоонимдер өте аз зерттелген. Белгілі ғалым В.И. Супрунның айтуынша, олардың функционалды ерекшеліктерінің толық зерттелмегендігі көркем мәтінді бүтіндей және жан-жақты түсінуге мүмкіндік бермейді.
Әдеби антропонимдер, топонимдер, зоонимдер, т.б. шығарма беттеріндегі автор тудырған көркем ақиқат нысанының атауы ретінде шынайы және ойдан шығарылған ономастика элементтерінің көрінісі ретінде қарастырылады.
Қазіргі ономастикада ономастика мәселелері маңызды орын алады. О. Есперсен, Е. Курилович, А.А. Реформацкий, А.В. Суперанская, т.б. жалқы есімдердің көркем мәтіндегі функционалды құндылығын атап көрсетті. Расында, есімдер тек номинативті ғана емес, сонымен бірге стилистикалық, сипаттамалық қызмет атқара отырып, кейіпкер мінездемесін берудің құрамды бөлігінің бірі болып табылады.
Мәтін латын тілінен аударғанда байланысу, бірігу деген мағынаны білдіретіні белгілі. Көркем мәтін мағынасының астарында дәстүрлі түрде тілдік сипаттағы шығарма, құрылымды байланысқа, мазмұндық бүтіндікке ие болатын және осылардың құрылымды-семантикалық құрылысының өзара байланысының негізінде туындайтын вербалды белгілер түрінде берілетін хабарлар түсініледі. Көркем мәтін бірнеше деңгейлі мазмұнды-мағыналық бүтін ретінде хабар авторы - жазушының танымында ұйғарылған және эстетикалық сұрыпталған шындық ақиқаттың күрделі, көлемді тілдік белгісі болып табылады. Мәтін тұтастығын құруда жалқы есімдер айтарлықтай маңызды рөл атқарады.
Көркем әдебиеттегі жалқы есімдер поэтонимдер деп аталады. Ол әдебиеттегі көркем ақиқат нысанын даралауға және сипаттауға арналған жан-жақты функционалды семантикалық ауызша белгі болып табылады.
Жалқы есімдер кез келген жазушының сөз саптау жүйесіндегі аса қажет компонент болып табылады. Олар көркем мәтіннің тілдік амалдар жүйесіне шектеулі, дәлелді түрде қосылады және шығарманың жалпы образдылығын құруға қатысады.
Көркем мәтін кеңістігіне ономастикалық лексиканы сұрыптау және қосу - автор ойының айтылуымен тең келетін мақсатты процесс. Автор ойына негізделген жалқы есімдер мазмұндық және мәтіннің формальды ұйымдастырылуы бойынша маңызды болып табылады.
Ауызша материал аясында, жақын және жалпы контекст ортасында жалқы есімдер ассоциативті, аймақтық мағынаны жетілдіреді. Өзге сөзбен айтқанда, көркем қарым-қатынас жағдайында поэтоним мағынасының прагматикалық компонентінің өзектілігі келіп шығады.
Поэтонимдер мәтіннің хабар беруші кеңістігінің мағына тудыратын және стиль жасайтын маңызды элементі болып қалыптасады. Олар әдеби-көркем шығарманы, автор шығармашылығының парадигмасын, шығарма идеясын тез қабылдауға және түсінуге мүмкіндік туғызады.
Ұлттық ономастика қорынан есімдер мен атаулар алып, оларды апеллятивті лексикалық материалдар негізінде құра отырып, автор көркем шығарма контексінде стилистикалық маңызды, әдеби онимдер (жалқы есімдер) құруға негіз болатын күнделікті тұрмыста қолданылатын жалқы есімдердің қасиеттерін молынан пайдаланады. Әрбір есім көркем шығарма құрамына ене отырып, мәтіннің ономастикалық парадигмасына қосылады, өзге сөздермен түрлі байланысқа түседі, даралық-көркемдік мағынаға ие болып, контекске тәуелді болады.
Екінші жағынан, мәтін құрылысы аясында көркем сөйлеудің әрбір элементі мәтін байланыстырғыш функцияны атқарады. Әдеби шығарма арқауындағы айқын эстетикалық маңыздылық мәтін байланыстырғыш қасиет пен ономастикалық бірліктердің қызметін анықтайды.
Жалқы есімдердің мәтін бірліктерімен парадигмалық және синтагматикалық байланысы негізге алынатын мәтіндік категориялардың - тұтастықтың, байланыстың, аяқталғандықтың қалыптасуына әкеледі. Бұл ономастикалық бірліктер көркем шығарманың ажырамайтын компоненттері деуге мүскіндік береді және мәтін байланыстырудың маңызды құралы болып табылады.
Көркем мәтіннің әртүрлі жанрындағы жалқы есімдердің қалыптасуы жайлы теориялық зерттеулердің талдауы жалқы есімдер номинативті-дифференциалды, прагматикалық, эстетикалық, мәтін байланыстырушылық қызмет атқарады деп айтуымызға толық мүмкіндік береді.
Жалқы есімдердің мәтін байланыстырғыш қызметі - бұл омонимдердің мәтіннің мазмұндық-мағыналық кеңістігі мен құрылысының ұйымдастырылуын байланысу, құрастыру мүмкіндігі. Көркем шығармада омонимдердің ең негізгі қызметіне эстетикалық және мәтінбайланыстырғыш қызмет жатады.
Осы орайда жалқы есімдер құрамына кіретін көркем шығарма тақырыптары (ктематонимдер) жайлы айта көргенді жөн көрдік. Тақырып арқылы мәтіндегі айтылатын ойдың жиынтығы беріледі. Шығарманың алғашқы белгісі ретінде тақырыптың басты міндеті - оқырман назарын аудару, онымен тікелей байланысқа түсу. Тақырыптың атауы болып тұрған бір сөз немесе сөз тіркесі, сөйлемшелер бір ғана мағына беру арқылы номинативтік функцияны атқарады [1, 46-б.].
Белгілі ғалым В.А. Кухаренко шығарма тақырыбының қызметі жайлы былай деп жазады: Множество его функции объясняется тем, что он выступает актуализатором практически всех текстовых категорий. Категория информативности проявляется в ономасиологической, означивающией, номинативной функции заголовка ... Категория модальности проявляется в заголовке эксплицитно - через использование эмоционально-оценочных слов в их прямых значениях ... Категория завершенности находит свое выражение в делимитативной функции заголовка, который отделяет один завершенный текст от другого [2, 90 с]. Соңғы құбылыс бір әңгіменің соңы мен келесі әңгіменің басы бір бетке орналасқан әңгімелер жинағында жақсы байқалады. Оларды бір-бірінен ажыратушы тақырыпшалар болып табылады.
Бір шығарманың тарауларына немесе бөлімдеріне берілетін аралық тақырыпшалар мәтіннің мүшелендіру категориясын өзектендіреді. Аралық тақырыпшалар оқырман қабылдауын жеңілдетеді, тақырыпшаларды бір-бірінен бөліп тұрады. Сондай-ақ мәтіннің композициялық-архитектоникалық мүшелену маңыздылығын байқатады. Әсіресе, балалар көркем әдебиетіндегі тақырыптар мен тақырыпшалардың жас оқырмандарға әсер ету мүмкіншілігі өте зор.
Кез келген шығарманы қолымызға алғанда алдымен тақырыбына мән береміз. Мәселен, Менің атым Қожа повесін алғаш алғаннан-ақ, ары қарай оқиға кім туралы өрбитінін аңғару қиын емес. Балалар әдебиетінің жоғары буын оқырмандарына арналған әдбиеттен айырмашылығы - әр оқиға өз алдына бір тақырыпшамен берілетіндігінде. Аталмыш шығарма бір тақырыптан, жиырма жеті тараудан тұрады. Сонымен қатар, әрбір тараудың мазмұнды-мағыналық хабардың байланыстырушы, құрастырушы элементі ретінде сипатталатын өзіндік атауы бар. Мысалы, Оқушы шығарманың бас кейіпкерімен, яғни менімен танысады, Қаратай жайында айтылады, Құпия кеңес жайы сөз болады, повесть осымен аяқталады. Осы сипатта келетін әр тарау өте қарапайым, әрі баланың шығарманы түсінуіне қиындық тудырмай, есте ұзақ сақталуына мүмкіндік тудырады. Көркем шығарма тақырыптары көп жағдайда шығармадағы басты кейіпкерлер есімдерімен қойылады. Менің атым Қожа (Б. Соқпақбаев), Жаңғалақ, Сәтжан (С. Бегалин) т.б. секілді шығармалардың негізгі кейіпкер есімімен аталуы тек номинативтік функция ғана емес, сонымен қатар, мәтінбайланыстырғыш қызмет атқарады.
Көркем мәтіндегі онимдер шығармашылығынан туған жазушы әлемінің образдылығының эстетикалық маңызды және хабарлаушы объективті белгілері ретінде көрінеді. Әдеби есімдердің өзіндік ерекшеліктері олардың стилистикалық функцияларының кеңеюін қамтамасыз етеді. Көркем әдебиеттегі жалқы есімдердің қызметі жалпы халықтық тілге қарағанда әртүрлі. Шындық өмірде жалқы есімдер мен атаулар оларға ие болып жүрген жандардың тұлғалық қасиеттерімен сәйкес келе бермейді.
Жалқы есімдер көркем әдебиетте көркем образ жасаудың бір амалы болып табылады. Сол себептен жалқы есімдерді көркем бейнелеудің құралы ретінде зерттеу жазушы тілін және стилін зерттеу мәселесінің бір бөлігі болып табылады. Есім кейіпкер мінездемесінің құрамды бөлігі болып, номинативтік, стилистикалық қызмет атқарады.
Көркем шығармада сөйлемейтін есім жоқ деген пікір кең тараған. Белгілі ғалым Т. Жанұзақов: Көркем әдебиет кейіпкерлерінің жалпы типтік, жиынтық образ жасауда үлкен рөл атқарады. Көркем әдебиеттегі басты кейіпкерлер есімдерінің жалқы, төл есімдік мағыналарынан ауытқып, жалпы мағынаға ие болатындары да бар деп жазады [3, 129-б.]. Бұған кейіпкерлердің көптеген есімдері мен фамилияларының жалпы есімге ауысып отыратындығы куә. Жалпы халыққа белгілі Қарабай, Шығайбай, Асанқайғы т.б. есімдер оған дәлел бола алады. Бұл құбылысты орыс көркем әдебиетінен де көп кездестіруге болады. Ол туралы өз кезінде В.Г. Белинский, былай деп жазған: Такие имена, как Онегин, Ленский, Татьяна, Фамусов, Молчалин, Бобчинский, Добчинский, Держиморда и прочее - суть как бы не собственное, а нарицательные имена, общие характерические названия известных явлений действительности [4, 643-б.].
Өте нақты таңдалынған, әлеуметтік боялған есімдер барлық классик-жазушылардың еңбектерінде кездеседі.
Қорыта айтқанда, көркем шығармалардағы әдеби жалқы есімдерді лексика-семантикалық, грамматикалық тұрғыдан зерттеу, көркем мәтіндегі қызметін айқындау автор тудырған туындыны жан-жақты, толық түсінуге маңызы зор.
Антропонимика - ономастиканың кісі аттарын зерттейтін негізгі бөлімі болып есептеледі. Антропонимиканың негізгі қарастыратын мәселелері антропонимдердің шығу тегі, даму заңдылығы, лоардың құрылымы, жүйесі және басқа тілдердің антропонимдерге тигізетін әсері болып табылады. Бұл мәселелердің барлығы да қазірде өз шешімін тауып зерттеліп келеді:
Анропонимиканың теориялық негіздері;
Антропонимиканың этнолингвистика тұрғысынан қарастырылуы;
Диалектілік негізінде зерттелуі;
Антропонимдердің тарихы мен этимологиясының мәселелері.
Қазақ антропонимдерін қарастырған Т.Ж. Жанұзақовтың Қазақ тіліндіндегі жалқы есімдер , Қазақ есімдерінің тарихы , Есімдер сыры , Основные проблемы ономастики казахского языка, Очерки казахской ономастики еңбектерінде қазақ есімдерінің даму тарихы, құрылымдық сипаты, дұрыс жазылу ережелері, этимологиясы, хронологиялық және лексика-семантикалық жіктеулер жайында сөз болады.
Алғашқы кезеңде әр ұлттың өз тіліндегі кісі есімдерінің негізін айқындау, саралау бағыты тұрғаны рас. Осы сала бойынша еңбек етіп жүрген тілші ғалымдардың әр жылдарда жарық көрген монографиялары мен антропонимикалық сөздіктері - осының айғағы. Дегенмен, осы еңбектердің барлығында да антропонимдер аталған мәселелер төңірегінде жалпы түрде қарастырылған.
Барлық тілдердегі сөздер үлкен екі топқа бөлінеді. Олар - жалпы және жалқы есім сөздер. Жалқы есімдер тілдегі жалпы есімдердей құрылысы мен қолданылу жүйесіне және мағыналық ерекшелігіне қарай әртүрлі болады. Жалқы есімдердің (ономастиканың) бір саласы - антропонимика. Антропонимия (гректің anthropos кісі және onoma ат, есім деген сөзі) деп бір тілдегі кісі есімдерінің жиынтығын атайды.
Антропонимдер адамзат қоғамында маңызы зор, үлкен роль атқарады. Анропонимика ономастиканың кісі аттарын зерттейтін негізгі бөлімі болып есептеледі. Ал антропоним, антропонимия терминдері тілдегі кісі аттары туралы мәліметтер деген ұғымды білдіреді.
Анропонимиканың өзіндік зерттелу тарихы, ғылым ретінде даму жолы, негізі бар.
Қазақ есімдері туралы мақалалар ХІХ ғасырдың екінші жартысынан шыға бастады. Ондай алғашқы мақалаларға А.Е. Алекторовтың, А. Диваевтың мақалалары жатады. Бұл мақалалардың екеуі де көлемі жағынан тым шағын, пікірлері де жұтаң. Алайда алғашқы бастама ретінде олардың маңызы зор, аса жоғары бағаланады. Батыс қазақтардың этнографиясын зерттеген ғалымдар Р. Краутц, Р.Н. Харузин еңбектерінен де кісі аттарына байланысты мәліметтерді кездестіруге болады. Қазақ есімдері туралы кейбір пікірлер, азды-кем этимологиялық талдаулар В.В. Бартольд, Ш.Ш. Уәлиханов, В.И. Даль, Н. Ильминский, А.И. Самойлович еңбектерінде де кездесіп отырады. Бірақ бұл кезде анропонимиканы жеке-жеке ғылым саласы ретінде зерттеу, жолға қою жұмысы қолға алынбаған еді. Қазақ антропонимикасы Кеңестік дәуірде, қазақ тіл білімінің қауырт дамуымен байланысты ұдайы зерттеліп келеді.
Белгілі ғалым Қ. Жұбанов Қазақ сөйлеміндегі сөз тәртібінің тарихынан атты еңбегінде біріккен тұлғалы кісі есімдерінің синтаксистік құрылымына ерекше назар аударып, жан-жақты талдау жасайды. Зерттеуші біріккен тұлғалы кісі аттары компоненттерінің орын тәртібін, синтаксистік құрылысын тексере отырып, олардың тілдік грамматикалық құрылысының даму жайын, өзгеру сатысын, сонымен қатар бұл жөнінде бірден-бір құнды мәлімет болатындығын көрсеткен. Тіліміздегі Қойлыбай, Малдыбай тәрізді есімдер мен Жылқыбай, Сиырбай, Түйебай секілді есімдердің мағыналық әрі құрылымдық жағынан бірдей еместігін аса көрегендікпен байқаған . Мұндағы лингвистикалық заңдылықтың сөз тәртібіне, олардың орналасу принципіне сай болатыны еңбекте терең талданған.
Ғалымның бұл еңбегі қазақ антропонимика тарихында мәні зор тұңғыш еңбек санатына қосылады. Кісі аттары мен фамилиялары туралы алғашқы мақалалардың бірі - І. Кеңесбаевтың қаламынан туған мақаласы . Бұл мақалада қазақ есімдерінің дара, біріккен тұлғалары, араб-парсы тілдерінен енгендер, фамилиялардың қосымшалары және олардың жазылуы мен орфографиясы сөз болады. Кісі аттарының сөздік қорға тәндігі, жеке зерттеу нысаны болатыны және оларды шығу, қойылу ретіне қарай топтастыру, жіктеу мәселелері С. Аманжолов мақаласында қарастырылған. Көне түркі есімдері жөнінде Ғ. Мұсабаев пен Ғ. Айдаров өз еңбектерінде көптеген мәліметтер берген. Тілдегі сөздер мен кісі аттарының жасалу заңдылықтарындағы ұқсастық, ондағы кішірейткіш, еркелеткіш, ұлғайтқыш жұрнақтардың қызметі, өзіндік ерекшелік сипаттары бар. Тілдегі осы өзекті мәселеге зерттеуші ғалым Ғ. Мұсабаевтың Қазақ тіліндегі кейбір кішірейткіш жұрнақтар атты мақаласы арналған. Автор кісі есімдеріндегі еркелеткіш - ш, -қан, -жан, -тай тәрізді жұрнақтардың семантикасы мен функциясын саралайды.
Кішірейткіш, сыйлау, құрметтеу қосымшаларының кісі аттарын өзгертіп, түрлендірудегі қызметі тым ерекше. Бұл тілде жиі қолданылатын өнімді қосымшалар. Жалқы және жалпы есімдердің байланысы, бір-бірінен ерекшелігі және емле, жазу, орфография мәселелері жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен мектеп грамматикаларында үнемі айылып келеді.
Қазақ есімдерін зерттеуде Т. Жанұзақовтың еңбектері елеулі орын алады. Ғалым қазақ есімдерінің жасалу жолдарына, құрылымдық сипатына, шығу тегіне талдау жасаған.
Кісі есімдерінің өзіне тән жалпы белгілері болады.
Біріншіден, кісі есімдерінің барлық түрлері ортақ белгімен, яғни адамдарды атау қабілетімен біріктірілген. Олардың ішінде жеке есім денотаттың жекелік мәнінің жоғарғы деңгейіне ие, яғни әрбір адамның өзінің жеке аты болады да, ал антропонимдердің басқа түрлері (қосалқы, лақап, бүркеншік, фамилиялар мен әке аттары, т. б.) қосымша болып, олар халықтың тарихи-мәдени салт-дәстүрлерімен ара-қатынаста болады. Сонымен қатар, жеке атауларды адамдар өз еркінше таңдап қояды, ал фамилия мен әке аты туыстық байланыстарға қатысты қойылады, лақап ат пен бүркеншік аттар, т.б. негізгі есімдер қатарына жатпайды, олар қосымша есімдер қатарына енеді. Себебі барлық адамда лақап ат немесе бүркеншік аттары бола бермейді. Лақап немесе мазақ аттар адамға басқа адамдар арқылы (көбінесе құрбы-құрдастары атайды) берілсе, бүркеншік есімдерді белгілі бір себептерге қатысты адамның өзі таңдап алады. Көп жағдайда бүркеншік аттар нағыз есімдер орнына қолданылады да, сол тұлға бүркеншік атпен елге танылады. Бұл кезде адамның жеке есімі екінші сатыға түсіп қалады. Мысалы: Максим Горький (А.М. Пешков), Марк Твен (Сэмюэл Клеменс), т.б.
Екіншіден, әртүрлі халықтардың антропонимдерінің дамуында бір атаулық антропонимдік жүйеден көп атаулыққа заңдылықты даму байқалады. Бір есімдік жүйе көне болып есептеледі.
Үшіншіден, әртүрлі халықтардың есім берудегі ресми формуласы - тарихи категория. Есімдерді қоюда қатаң тәртіп болмайды, себебі олар өзгергіш келеді әрі оның құрамындағы компоненттер де, олардың орналасу тәртібі де әртүрлі болады.
Төртіншіден, кісі есімдері ономастикалық кеңістіктің өзегін құрайды.
Бесіншіден, ұлттық кісі есімдерінің негізгі қорын көп жағдайда ана тілдің сөздері арқылы жасалған есімдер құрайды.
Алтыншыдан, кісі есімдері жүйесі жаңарған есімдермен және кірме есімдермен толықтырылып отырады.
Жетіншіден, кісі есімдері жүйесінде ер адамдарға тән есімдер мен әйел адамдарға тән есімдер бөлінеді. Олар белгілі бір мағынаға ие болады.
Сегізіншіден, есімдер маңызды заңдық қызмет атқарады, яғни жеке тұлғаның қоғамдағы идентификациясын білдіреді.
Тоғызыншы, кісі есімдері, көбінесе, жекеше түрде қолданылады. Кей жағдайда есімдерге көптік жалғауы жалғанады. Ол мынандай жағдайларда кездеседі. Біріншіден, отбасын немесе әулетті айтқанда отбасының фамилиясы көптік жалғауда келеді. Мысалы: Асановтар отбасы, Мұратовтар жанұясы немесе әулеті деп қолданылады. Екіншіден, көркем шығармаларда жинақтық бейне арқылы қалыптасып, ауызекі тілде де қолданылатын есімдер. Мысалы, сараң дегенді білдіретін Шықбермес Шығайбай есімін жинақтап қолданатын болса былай болады: Қазір Шықбермес Шығайбайлар көп-ақ. Бұл - жалпы сараң адамдарды жинақтайтын есім.
Үшіншіден, есімдерге көптік жалғауы жалғанса, онда ол сол есімі аталған адамдардың көптігін емес, қасында басқа да адамдар бар екендігін білдіреді. Мысалы: Асандар келді. Бұл жерде көптік жалғау Асанның көптігін емес, Асанның бірнеше адамдармен бірігіп келгендігін білдіреді.
Оныншы, көптеген ұлттық антропонимдік жүйеде жеке есімдер ресми және бейресми есімдерге бөлінеді.
Бейресми есімдер, өз кезегінде, былай жіктеледі:
1. Қысқа есімдер, бұған негіздің қысқарған формасы немесе екі негізді есімнің бір негізінің ғана қалуын білдіретін есімдер енеді. Мысалы: Қасымжан - Қасым, Гүлнар - Гуля, т.б.
2. Кішірейту, еркелету мәнді есімдер, бұл есімдер арнайы кішірейту, еркелету мәнді жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Әлия есімінен - Әлкен, Әлкеш, Әлкетай, Әлияжан; Бақытжаннан - Бақас; Шәріпбектен - Шәкен; Еркіннен - Еркінтай, т.б.
3. Қазақ есімдерінде үлкен кісілердің жасына, шеніне, әлеуметтік жағдайына қарай сыйлау, құрмет тұту мәнін үстейтін - еке жұрнағы қосылу арқылы сыйлау, құрметтеу есімдері жасалады. Мысалы: Баянжан, Бақытжанды Бәке деп, Маратты Мәке деп атайды.
Қазақтың антропонимдік жүйесінде тарихи тұрғыдан құрметтеу есімдері тек жасы бойынша үлкен кісілерге, әлеуметтік деңгейіне және гендерлік сипатына қатысты (бұл есім тек ер адамдарға ғана қатысты) қолданылады. Осылайша, әлеуметтік топ арасындағы сатылы шарттылық сақталған. Ал қазіргі кезде құрметтеу, сыйлау мәнін тудыратын арнайы жұрнақтар арқылы жасалған есімдер тілдік қарым-қатынас барысында әйел адамдарға да, жастар арасындағы құрбылар ішінде де қалжыңдау кезінде және т.с.с. жағдайларда қолданылуы мүмкін.
Көркем шығарманың сөздік құрамында ономастикалық сөздер ерекше орынға ие. Ол кез келген жазушы тілінде ерекше көзге түсетін, стилистикалық және семантикалық жағынан белгіленген экспрессивтік құрал, стильдің жарқын белгісі [5].
Көркем шығарма мәтіні мен жазушы шығармашылығының ономастикалық әлемін құрайтын жалқы есімдер парадигматикалық және синтагматикалық даму тұрғысынан ғана маңызды мәтін құраушы қызмет атқармайды, сонымен қатар олар білдіретін эстетикалық нысандар автордың көркем ойлары мен дүниетанымын білдіруге, мәтіннің сөйлеу және әдеби композициялық дамуы мен құрылуына, көркем мәтіннің барлық категориялары мен қасиеттерін жүзеге асыруға қатысады. Бұл мәселелер мәтін лингвистикасы мен стилистикасына (лингвистикалық поэтикада) зерттелуі.
Көркем шығарма мәтініндегі ономастикалық әлемді, оның жазушы тіліндегі ономастикалық кеңістігін зерттеу, бейнелеу арқылы қазіргі ғылым индивидуалды ономастикалық жүйенің элементтерін жалпыхалықтық ұлттық тілдің ономастикалық жүйесі тұрғысынан функционалды - туынды және бөлшекті жүйе ретінде қарастырады.
Бұл жүйеге көркемдік бейнелеудің әдісі мен жанры, көркем шығарманың композициясы, тақырыбы мен идеясы, көркем шығармада сөз эстетиканың кең көлемдегі көрінісін мазмұндайтын индивидуалды-көркемдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Ойын-сауық объектілері атауларының ерекшеліктері»
Публицистикалық мәтіндегі жалқы есімдердің аудару мәселелері
Көркем мәтіндегі жалқы есімдердің семантизациясы
Сөз байлығының толығу арнасы - сол тілдің сөзжасау жүйесі
Қала атауларын өзгерту және оның салдары
Қазақ ономастикасының өзекті мәселелері
Поэтонимдер
Oнoмастика және аударма
Идеонимдер
Рабғұзидің Адам ата - Хауа ана қиссасындағы ономастикалық атаулар
Пәндер