Халықаралық Қаржылық Есеп беру Стандарттарының маңыздылығы
Қазақстан Республикасының білім жӘне ғылым министрлігі
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Экономика және бизнес факультеті
Есеп және аудит кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Қаржылық есеп 2 пәні бойынша
Тақырыбы: Халықаралық Қаржылық Есеп беру Стандарттарының маңызы және орны
Білімгер Бөдене Жәнібек Тобы Есеп және аудт__
аты-жөні қолы
Жетекші Есенова Мира Жасаганбергеновна_________________
қызметі аты-жөні
Қорғауға жіберілді ____________________20____ж.___ ____________________
Жұмыс қорғалды __________________20__ж. бағасы____________________
жазбаша
Комиссия мүшелері: _________________________ ___________________________
аты-жөні қолы
__________________________________ __________________
аты-жөні қолы
Тараз 20___
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

___________________________________ _________________________________ка федрасы
__________тобының білімгеріне ______________________________курст ық жоба (жұмыс)
аты-жөні
ТАПСЫРМА
_________________________ _ Қаржылық есеп 2 пән бойынша
1.Тақырыбы Халықаралық Қаржылық Есеп беру Стандарттарының маңызы және орны
2. Тапсырманың арнайы нұсқауы ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ______________
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараула - ры (жұмыстары)
Орындау кестесі
Көлемі, %
Орындау уақыты
ҚР - да бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және оның бәсекеге қабілеттілік жағдайындағы рөлі
Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру концепциясы
Бухгалтерлік есепті және қаржылық есептілікті жасаудың принциптері мен негізгі сапалық сипаттамалары
Қаржылық есептіліктің Халықаралық Стандарттарының түсінігі және мәні
Халықаралық Қаржылық Есеп беру Стандарттарының маңызы мен орны
Халықаралық Қаржылық Есеп беру Стандарттарының маңыздылығы
Халықаралық Қаржылық Есеп беру әр түрлі мемлекеттерде қолданылуы
Халықаралық Қаржылық Есеп беру Стандарттарын қолданудың отандық тәжірибесі
4. Графикалық материалдарының тізімі (сызулардың масштабы келтіріледі)
5. Жобаның (жұмысты) жинақтау мерзімі
6. Қорғау
Кафедра мәжілісінде бекітілген ___________________20___ ж. хаттама № ______
Жетекшісі:
________________________ __________ ___________ _______________________ _____
қызметі қолы аты-жөні
Тапсырманы орындауға қабылдадым _______________20___ж. _________________
Мазмұны
Кіріспе
1. ҚР - да бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және оның бәсекеге қабілеттілік
жағдайындағы рөлі
1.1 Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру концепциясы
1.2 Бухгалтерлік есепті және қаржылық есептілікті жасаудың принциптері
мен негізгі сапалық сипаттамалары
1.3 Қаржылық есептіліктің Халықаралық Стандарттарының түсінігі және
мәні
2. Халықаралық Қаржылық Есеп беру Стандарттарының маңызы мен орны
2.1 Халықаралық Қаржылық Есеп беру Стандарттарының маңыздылығы
2.2 Халықаралық Қаржылық Есеп беру әр түрлі мемлекеттерде қолданылуы
2.3 Халықаралық Қаржылық Есеп беру Стандарттарын қолданудың отандық
тәжірибесі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары (ХҚЕС (IFRS)) - бұл Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары жөніндегі кеңес (ХҚЕС) қабылдаған Стандарттар жəне Түсіндірулер.
ХҚЕС 1973 жылы бүкіл әлемде бухгалтерлік есеп қағидаттарын үйлестіру және біріздендіру мақсатында құрылған Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары жөніндегі комитет (ХҚЕС) әзірлейді және қабылдайды. Комитет бастапқыда он елдің кәсіби бухгалтерлік ұйымдары арасындағы келісім нәтижесінде құрылды. 1983 жылдан бастап барлық кәсіби бухгалтерлік ұйымдар - Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшелері КМСФО мүшелері болды.
ХҚЕС негізгі міндеті-кәсіпорындардың жай-күйі мен нәтижелерін объективті түрде көрсететін және пайдаланушылардың әртүрлі топтарының шешім қабылдауы үшін қажетті есептілікті қалыптастыру. Халықаралық стандарттарға сәйкес жасалған есептілік пайдаланушыларға кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы объективті және сенімді ақпарат береді, негізделген шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.
Бұл курстық жұмыста бухгалтерлік есеп жүйесін стандарттау мен үйлестірудің маңызды элементі ретінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының маңыздылғы, рөлі мен орны қарастырылған. Үйлестіру әр елдің бухгалтерлік стандарттарының қоғамдастыққа мүше елдердегі ұқсас стандарттарға сәйкестігін, яғни бір-біріне салыстырмалы "үйлесімділікті" білдіреді. Бухгалтерлік есеп процедураларын стандарттау кез-келген елде қолданылатын стандарттардың бірыңғай жиынтығын жасауды білдіреді, нәтижесінде ұлттық стандарттарды құрудың қажеті жоқ. Қазақстанның нарықтық экономикасындағы бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негіздері бүгінде халықаралық стандарттардың талаптарына жақын, бірақ іс жүзінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепті ХҚЕС-ті толығымен қанағаттандыратын деп санауға мүмкіндік бермейтін факторлар әлі де бар.
Қазіргі уақытта бухгалтерлік есеп принциптерін стандарттау мен біріздендірудің маңызды тенденциясы артып келеді. Мұндай үрдіс халықаралық компаниялар қызметінің аясын кеңейтуді, халықаралық әлемдік шаруашылық пен қаржы нарықтарының күшеюін көрсетеді. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бухгалтерлік есеп жүйесін үйлестіруде және стандарттауда маңызды рөл атқарады, ал барлық елдер үшін есептің бірыңғай қағидаттарын әзірлеу көпұлтты кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметте тиімді жұмыс істеуінің шарты болып табылады. Экономика саласындағы халықаралық интеграцияның рөлінің артуымен қатар жүретін бизнестің дамуы әр түрлі елдерде қолданылатын пайданы, салық салу базасын, капиталды инвестициялау үшін жағдайларды қалыптастыру және есептеу қағидаттарының біркелкілігі мен түсінушілігіне белгілі бір жағдайлар жасайды. Қазақстандық компанияларда бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдіру үшін оны халықаралық бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік стандарттарына (IAS) бағыттау қажет. ХҚЕС рөлі әртүрлі елдердің компанияларының есептілігінің салыстырымдылығын қамтамасыз ету болды. ХҚЕС қолдану жаңа білім мен жұмыс дағдыларын қажет етті. Қазақстандық кәсіпорындар үшін халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық есептілікті жасау қажеттілігі келесі факторларға байланысты: - шетелдік клиенттермен сауда қатынастарын орнату мүмкіндігінің пайда болуы; - стратегиялық инвесторлардың бірлескен компаниялар құруға деген қызығушылығы; - халықаралық нарыққа бағалы қағаздар шығару және т. б.

Есепті ұйымды ұйымдастырудың негізгі ол шарттары бухгалтерлік есепті мемлекеттік басқару болып табылады. Есепті компьютерлендіру, оны жүргізудің прогресшіл түрлері мен әдістерін қолдану алғашқы есеп пен құжаттар айналымының дұрыс қойылған жүйесі, қызметкерлердің іскерлік қабілетін арттырумен қатар есепті мемелекеттік басқару есептің тиімді жүйесін құруды қамтамассыз етеді. Есепті жалпы мемелекеттік басқаруды қаражат Министрлігі, статистика және талдау жөніндегі Мемелкеттік Комитет, салалық министрліктер мен ведомстволар атқарады.
Қаржы министрлігі бухгалтерлік есепке және кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп берулеріне жалпы методикалық басшылық жасайды, статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік Комитет пен келісе отырып, счеттардың жоспарын, бухгалтерлік есептің түрлерін және оларды қолдану жөніндегі Мемелекеттік Комитетепен бірлесе отырып бухгалтерлік есеп берудің түрлерін бекітеді.
Статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік комитете министрліктер мен ведомстволардың қатысуымен өзара байланысты статистикалық көрсеткіштердің жүйесін және статистика мен есептің біріңғай ғылыми методологиясын жасайды, есеп пен статистиканы жетілдіру, есеп берудің түрлерін қысқарту және бір ізге салу жөнінде жүйелі түрде жұмыс жүргізеді, қаражат Министрлігімен бірлесіп бухгалтерлік есеп пен статистиканың көрсеткіштері мен түрлерін жетілдіру жұмысын жүргізеді; есеп пен есеп беруді компьютерлендіру жөнінде шараларды іске асырады; өзінің есептеу қондырғыларында құжаттарды жоспарлы және басқа экономикалық есептеулерді жөндеуді ұйымдастырады; математикалық басшылықты іске асырады және осы салада тәжірибе алмасуды ұйымдастырады; халық шаруашылығы есеп беру мәліметтерінің дұрыстығын тексереді.
Салық министрліктері мен ведомстволар кәсіпорындарындағы алғашқы есепті ұйымдастырады, олар үшін құжаттардаң типтік мамандандырылған түрлерін бекітеді;
- есепті компьютерлендіру оның әдістері мен түрлерін енгізу жөніндегі шараларды жүргізеді;
- есеп және байланыстарды құрайды;
- құрама (жинақталған) есеп берулер мен баланстарды жасайды; және аудиторлық жұмыстарды ұйымдастырады.
Әрбір кәсіпорынның халық шаруашылық жоспарын орныдауына жедел басшылық жасау мен бақылау ісіне көмектесудің маңызы құралы есеп беріп отыру болып табылады.
Есеп беру - жеке учаске (бөлімше) және тұтастай кәсіпорын былайша жинақталған есептердің кешенді жүйесі. Ол шаруашылық қызметтерінің нәтижелерін бағалауға, жедел басшылық жасап және бақылап отыруға қызмет етеді. Есеп берудің көмегімен кәсіпорындардың жоспарлы тапсырмаларды орындауына бақылау жасайды. Есеп берудің мәліметтері әрбір кәсіпорынның ағымдағы және болшақтағы жоспарларын жасағанда базарлық қызмет атқарады. Есеп берудің негізгі салық салу, кәсіпорынның өндірістік-қаражат қызметіне талдау жасау, қысқа және ұзақ мерзімді қарыз беру тәртібінің сақталуына бақылау іске асырылады. Мазмұны бойынша есеп беру статистикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді.
Стаистикалық есеп беруде халық шаруашылығы жоспарының орныдау көрсеткіштері (өндірістің көлемі, еңбек, өнімнің өзіндік құны бойынша) сипатталады.
Бухгалтерлік есеп беруде кәсіпорын қызметінің негізгі қаражат көрсеткіштері бойынша (өндіріс, өнімдердің өзіндік құны және өнімдерді өткізу, пайда мен зиян, өндіріс пен басқаруға қызмет көрсету шығындары) жоспарының орындалуы сипатталады.
Статистиакалық және бухгалтерлік есеп берулер мерзімді (бескүндік, онкүндік, айлық, тоқсандық, жарты жылдық және тоғыз айлық) және жылдық болады. Соңғысына мәліметтердің барынша кең шеберді және онда кәсіпорынның өндірістік және қаражат қызметі сипатталады.
Есеп беруді жасаудың тәртібі, адрестерді, беру мерзімі және қаралуы бухгалтрлік есептер мен баланстар жөніндегі ережеде көрсетілген.
Ауылшарушылық кәсіпорындарындағы есеп бухгалтерлік есеп счеттарының жоспары бойынша ұйымдастырылады. Оны халық шарушылығының барлық салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін, ауылшаруашылық кәсіпорындарының ерекшелігін ескеретін толықтырулармен қаражат Министрлігі статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік Комитетпен келісіп бекіткен. Қосымшада бухгалтерлік есеп счеттарының жоспары келтірілген, ол оқулықтың тексті бойынша счеттардың шифрларын пайдалануға мүмкіндік береді.
Ауылшарушылық кәсіпорындары бухгалтерлік есептің екі түрін журналдық-ордерлік түрін есепті қол еңбегімен жүргізілетін шаруашылықтар пайдаланады.
Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған түрін есепті жеке компьютерлер және басқа есептеу машиналарының көмегімен іске асыратын шаруашылықтар пайдаланады. Есептің бұл формасының регистрлары-машинограммалар, талдамалық және синтездік есептерді ұштастырады. Есептеудің бұл түрі есептеу процесін іс жүзінде толық автоматтандыруға негізделген. Оны қолдану есеп қызметкерлерінің қол еңбегін барынша азайтып, талдау, бақылау меншіктің сақталуын қамтамассыз ету мәселелеріне көбірек назар аударуға мүмкіндік береді.
Орындалатын операциялар алғашқы құжаттармен хатталады. Олардың түрлері бір ізге салынған, стандартталған және автоматты өңдеу биімделген. Құжаттардың, бухгалтерлік есептің журналдық-ордерлік және автоматтандырылған регистрларының түрлері белгіленген тәртіппен бекітіледі. Өндірістік бөлімшелерде шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебі, әдеттегідей, жүргізілмейді. Бөлімшелердің (фермалар, цехтар) бухгалтериялары алғашқы құжаттарды, материялдық игіліктердің қозғалысы (кіріс-шығысы) жөніндегі берілген есептеуді қабылдайды және жүйеге келтіреді, есептесу-төлем ведомстволарын жасайды, жалгерлік ұжымдардың және ішкі шаруашылық кооперативтерінің басқа да бөлімшелердің дербес (лицевой) счеттарын қабылдайды. Солардың негізінде жасалған құжаттармен бірге дербес счеттар шаруашылықтың орталық бухгалтериясына тапсырылады. Мұнда өндірістік бөлімшелерден және сырттан түскен құжаттардың мәліметтері жинақталады да олардың негізінде есптеу регистрларына (журнал, ордерлер, ведомстволар) жазылады. Олар бас кітапты, балансты және есеп берудің басқа да түрлерін толтыруға негіз болады. Егер шаруашылықта есептеу автоматтандырылған болса, өндірістік бөлімшелерден түскен алғашқы құжаттарды бухгалтерия тексереді, оларға тиісті кодтарды қойып топтап буады, содан кейін компьютерлік қондырғыға тапсырады. Онда құжаттар өңделіп, шарушылыққа тиісті машинограммалар беріледі. Жергілікті қатынастар жағдайында материялдық игіліктерді, еңбекке ақы төлеуді, өндірісті есептеу елеулі түрде жеңілдетеді. Жалгерлік ұйымдардың басшылары барлық ресурстарды, кірістер мен шығыстарды есептеуді өздері жүргізеді. Жалға берушінің бухгалтериясына барынша шектелген ақпараттар беріледі.
Есепті дұрыс ұйымдастыру үшін есептеу жұмыстары кестелерінің үлкен маңызы бар. Оларды қолдану құжаттар айналымын тездетуге және есептеудің сапасын арттыруға жәрдемдеседі. Алғашқы есепті, құжаттар айналымын және есеп беруді ұйымдастырғанда бухгалтерлік есептегі құжаттар және құжаттар айналымы жөніндегі ережені басшылыққа алу керек. Пайдаланылған құжаттар болып кәсіпорынның архивіне өткізілуі тиіс.
Тұрақты және ұзақ уақытқа сақтау үшін іріктеп алынған іс қағаздары (мықты жіппен төрт жерден тесіліп тігілген немесе түптелген құжаттар) архивке өткізу алдында тәртіпке келтіріледі. Оларды құрудың дұрыстығы тексеріледі, тақырыптарды дәлелдеп белгіленеді, іс қағазының соңында куәландырушы жазуы болуы тиіс. Онда реті қойылған беттердің саны көрсетіледі. Құжаттарды сақтауға, жоюға іріктеп алудың іс қағаздарының тізімін жасаудың тәртібі мен методикасы Бас архив басқармасының нұсқаулары мен ережелерінде анықталады.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу үшін кәсіпорында бухгалтериялар құрылады. Оларға есеп жүргізу, есеп беруді құрастыру және қаражат тәртібінің сақтауын бақылау міндеттейді. Бухгалтериялардың жұмысы министрліктерде, ведомстволарда, бірлестіктерде, министрліктердің бас басқармасында және басқа басқару оргындарында бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру жөніндегі жалпы ережеге сәйкес ұйымдастырылады.
Бухгалтерияны бас бухгалтер басқарады. Бас бухгалтер өз жұмысын бас бухгалтерлік жөніндегі Ережеге сәйкес іске асырады.
Бас бухгалтер есеп пен бақылауды, ақша қаражаттары мен материяладық игіліктердің толық сақталуын қамтамассыз ететіндей етіп ұйымдастыруға міндетті. Бас бухгалтерге өзіне жүктелген міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік жасайтындай құқықтар берілген.
Мысалы, бухгалтерлік есеп және есеп берумен айналысатын барлық қызметкерлер бұл мәселелер бойынша бас бухгалтерге бағынады. Ол бухгалтерия қызметкерлерінің жұмыс бабындағы міндеттерін белгілейді; бас бухгалтердің операцияларды хаттау және бухгалтерияға талап етілген құжаттар мен мәліметтерді тапсыру жөніндегі тапсырмалары мен әмірлері кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылады;
бас бухгалтердің нұсқаулары мен әмірлерін орындамағаны немесе бармағаны үшін айыптыларға басшының шешімі бойынша силықтары толық немесе ішінара білмейді, ол қажет болған жағдайда олар белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады;
кәсіпорынның, жұмыстың маңызды көрсеткіштері бойынша жоспарды орындауы жөніндегі есеп берулер мен баланстарға , сондай-ақ статистикалық есептерге бас бухгалтер қол қояды. Ол сондай-ақ ақшаны, материялдық және басқа игіліктерді қабылдауға және беруге негіз болатын, кәсіпорынның қарыз беру және есеп айырысу міндеттері көрсетілген барлық құжаттарға қол қояды.
Бас бухгалтердің ақша қаражаттарын, материялдық және басқа игіліктерді қабылдаудың, кіріске алудың, сақтаудың және жұмсаудың қолданыстағы заңдылықтарды және белгіленген тәртәптерін бұрмалайтын операциялар бойынша құжаттарды орындауға және хаттауға қабылдауға құқы бар. Өзінің міндеттерін орындамағаны немесе жеткіліксіз орындағаны үшін бас бухгалтер қолданыстағы заңға сәйкес жауап береді.
Нарықтық қатынас жағдайында бас бухгалтердің және басқа есеп қызметкерлерінің жеке тұлғасының үлкен маңызы бар. Оларға биік талаптар қойылады. Бұл талаптар мәңгілік, ізгілікті қасиеттерге негізделуі тиіс.
1.2 Бухгалтерлік есепті және қаржылық есептілікті жасаудың принциптері мен негізгі сапалық сипаттамалары
Бухгалтерлік есептің принциптер өндірісте бар, айналымдағы және саладағы құралдар бойынша бөлінеді;
Негізгі құралдар.
Өндіріс процесін жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасайтын (құнына қарамастан) еңбек құралдары олар ұзақ уақыт бойы сыртқы түрі мен формасын сақтап, өндіріс барысында (бір жылдан астам) қатысады.
Өндіріс барысында олар бірте - бірте тозады, жөндеуді немесе толығымен ауыстыруды талап етеді. Сондықтан негізгі құралдар құнының болігін дайын өнімнің өзіндік құнына ай сайынғы ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте - бірте төмендету (амортизация) жолымен қосылады.
Материалдық емес активтер бұлар әкімшілік мақсатпен және басқа субъектілерге жалға берілуге, өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға немесе тауарларды өткізуге (жұмыс, қызмет)арналған, заттық мәні жоқ, ақшалай емес активтер. Бұларға фирманың бағасы, фирмалық марка, патент, лицензия, авторлық құқық, сондай - ақ рецептура, технологиялық регламент, ноу - хау құндары жатады. Олар ақшалай теңеумен бағаланады және баланста көрсетіледі, оның үстіне бұл активтерге де ұсталу, тозу дәрежесіне қарай күнын бірте - бірте төмендеу (амортизация) есептеледі. Олар ел ішіндегі де, халқаралық рыноктағы да сату - сатып алудың мәні болып табылады.
Салық төлеушінің бухгалтерлік балансында есепке алынатын және жиынтық жылдық табысты алу үшін қолданылатын негізгі құралдар салық заңнамасында тұрақты, белгіленген активтер (Салық кодексінің 105 - бабында) белгіленген.
Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар.
Субъектінің басқа субъектілердің жарғы капиталына сол субъектілерге үлестік қатысудан алатын кірістер және дивиденд немесе процент түрінде қосымша экономикалық пайда алу мақсатымен қаржы салу.
Айналымдық қаржы.
Қаражаттың бір ғана айналымына қатысады және өзімнің құнын өндірілген өнімге бірден және толығымен осады. Олар айналымдық өндіріс құралдары мен айналымға қаржыдан тұрады.
Айналымдық өндіріс құралдарға өндіріс процесіне тікелей қатысатын (шикізат, материалдар, отын, жартылай өнімдер, біттеген өндіріс) жатады.
Айналатын процеске қызмет өтетін құралдар айналу құралдары (банктегі шоттағы, субъектінің кассасындағы ақшалай қаржы, кұнды қағаздар, әр түрлі дебиторлық борыштар сомасы) деп аталады.
Дебиторлық борыш.
Субъектінің басқа субъектілерде уақытша тұрған немесе белгілі бір мерзім өткен соң қайтарылуға жататын құралдары болып саналады.
Дебиторлық борыш ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) және қысқа марзімдік (бір жылға дейін) болады.Пайда болу көздері мен мақсатты көздері бойынша шаруашылық құралдарын топтастыру негізінде оларды сол кәсіпорынға бекіту белгісі ретінде салынған.
Нарықтық экономикада бухгалтерлік баланс қолданушылар ортасы үшін негізгі ақпараттық көз болып табылады. Ұйымның балансы меншік ислерін, менеджерлерді және басқа да басқарумен байланысы бар тұлғаларды шаруашылық субьектісінің белгілі бір күнге мүліктік жағдайымен таныстырады. Олар баланстан меншік иесі немен иегер екенін біледі.
Баланс бойынша ұйымның жақын уақытта үшінші тұлғалардың - акционерлердің, кредиторлардың, инвесторлардың, тұтынушылардың, сатушылардың және басқалардың алдында өздерінің міндеттемелерін орындай ала ма, немесе оған қаржылық қиыншылықтар туып тұр ма, соны анықтайды.
Балансты оқи білу дегеніміз - бұл оның әрбір бабының мазмұнын, оны бағалау тәсілін, кәсіпорын қызметіндегі ролін, басқа да баптармен байланысын білу, бұл өзгерістердің сипаттамасы кәсіпорын экономикасы үшін мынадай мүмкіндіктер береді:
- кәсіпорын туралы едәуір көлемді ақпараттар алу;
- кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарымен қамтамассыз етілу деңгейін анықтау;
- баланстың қандай да бір баптарының есебінен айналым қаражаттарының көлемі өзгенргендігін анықтау:
- аналитикалық көрсеткіштерді есептемегеннің өзінде кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайына баға беру.
Бухгалтерлік баланс "мәліметтерін салық қызметі, несие ұйымдары, сонымен қатар мемлекеттік басқару органдары пайдаланады. Себебі ұйымдардың жеке баланстары экономикалық өмірдің ерекшеліктерін зерделеу үшін бай материалдар береді.
Баланстың келесі түрлері болады: бастапқы, жылдық, жойылу, шоғырландырылма, сауықтыру.
Бастапқы (ұйымдастырушылық) баланс негізінде ұйымның алғашқы бухгалтерлік есебін жүргізумен құрастырылады. Қайтадан құрылған ұйымдардың балансымен бұрыңғы жұмыс істеп жатқан құқықты иеленуші болып табылатын ұйымдардың балансының айырмашылығын жүргізу қажет. Бірінші жағдайда баланс қарапайымдылығымен өзгеше болады. Өйткені оның құрамында ақша қаражаттарынан, негізгі құралдардан, ТМҚ - дан және басқа да баланстың активіндегі активтерден тұратын мүліктік массалар және Меншікті капитал бөлімінде көрсетілетін жарғылық капиталы ғана бар болады.
Бастапқы (ұйымдастырушылық) балансты құру белгілі бір уақытқа, әдеттегі бапансты құрудағыдай шектелмейді (айдың l-інші күніне). Бастапқы баланс ұйым өзі жұмыс істеуді бастаған уақытта, яғни субьектінің жарғысын тіркеген кезде жасалынады.
Жылдық бухгалтерлік баланс - есеп беру уақытында ұйымның қаржылық жағдайын сипаттайтын есеп беру. Бұл ақпарат мүддесі бар қолданушыларға экономикалық шешім қабылдау үшін қажет.
Кез - келген мемлекет экономикасында баланс маңызды функциялар атқаралы. Мысалы, меншік иелерін, менеджерлерді субьектінің мүліктік жағдайына байланысты басқарумен таныстырады. Олар баланстан кәсіпорын жұмсай алатын материалдық құндылықтардың запастарын біле алады.
Баланс бойынша жақын уақытта ұйым өзіне алған міндеттемелерді үшінші тұлғалар алдында орындай ала ма, немесе оған қаржылық қиыншылықтар туып тұр ма, соны анықтайды.
Бухгалтерлік баланс қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.
Сауықтыру балансы-субьектілер банкрот нәтижесінде жойылған кезде құрастырылады. Нарықтық экономикада көптеген ұйымдар өздерінің қызметін метишікті және қарыз капиталдары арқылы жүргізеді. Соңғысы бізде өте қысқа уақытқа беріледі, және субьектілер өздерінің міндеттемелерін уақытында және үздіксіз жабып отыруды мақсат ету керек. Бірақ шаруашылық субьектілерінде меншікті капиталдан қарыз қаражаттары артып кетуі жағдайларынан төлемге қабілетсіз ситуациялары болуы мүмкін. Мұндай жағдайда банкрот жариялау жолымен жойылу дилеммасы туады немесе кредиторлармен төлемнің уақытын ұзартуға келісу қажет.
Бірақ кредиторлар келісімге келсе де, алдын ала қаншалықты шығынға ұшырады, болашақта оны жабу мүмкін бе, соны білгісі келеді. Уақытылы есеп берудегі баланс нақты жауап бере алмайды. Субьектінің нақты қаржылық жағдайын көрсету мақсатында есеп беру кезеңі бітпей ақ балансты құру қажеттегі туады.
Жойылу балансы_ - ұйымдар өздерінің өмір сүруін заңды тұлға ретінде тоқтатқан күніне мүліктік жағдайын сипаттайтын бухгалтерлік есептік баланс.Оны кредиторлармен есеп айрысқаннан кейін ликвидациялық комиссия құрастырады. Жойылу балансының әдеттегі баланстан айырмашылығы, онда бухгалтерлік есептің бір принципінен бас тарту - үздіксіз қызмет принципі.
Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс - бір заңды тұлғаның балансындай құрастырылған негізгі ұйымның және оның барлық еншілес ұйымдарының жеке баланстары.
Шоғырландырылған бухгалтерлік балансты құрастырудың негізгі мақсаты - мүдделі қолданушыларға негізгі және еншілес ұйымдарды толық бірге мүліктік және қаржылық жағдайына объективті ақпарат беру.
Балансты құрастыру техникасы және баптардың мазмұны. Бухгалтерлік балансты құрастыру техникасы дегеніміз барлық қажетті есеп жұмыстарының жиынтығы. Бұл процедураларға дайындық жұмысы, мүлік құнын есептен шығаруды көрсету, шоттарды жабу және есп регистрлеріне сәйкес қорытындыны жинақтау кіреді... Бухгалтерлік балансты құрастыру негізі ақтайтын құжаттармен расталған есеп жазбалары болып табылады. Балансты құрастыру принциптері. Балансты құрылымында активтер, міндеттемелер, меншікті капитал мен олардың байланысын көрсету үшін және қолданушылар бөлімшелерге көңіл аудару үшін бөлінеді.
Активтер қысқа мерзімді болып төмендегідей жағдайда жіктелінеді:
- ол коммерциялық мақсатта қысқа уақыт аралығында және оны 12 ай арасында сату көзделінсе;
- ол ақша қаражаттары немесе олардың эквиваленттері түрінде актив болса.
Барлық басқа да активтер ереже бойынша, ұзақ мерзімді болып жіктелінеді.
Бухгалтерлік есеп стандарты запастарды егер 12 айда сатылмаса да, бухгалтерлік баланста қысқа мерзімді активтер болып жіктелуін қарастырады.
Ұзақ мерзімді активтерге: негізгі құралдар, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді инвестициялар және т.б. жатады.
Негізгі құралдар. Оларға келесі талаптарға жауап беретін материалдық активтер жатады:
- 1 жылдан жоғары пайдалану уақыты бар;
- ұйымның қалыпты қызмт ету процесінде тікелей қолданылады.
Балансқа түсініктеме көрсетіледі:
1) негізгі құралдардың әр түріне есеп беру жылының басындағы және соңындағы бастапқы құны;
2) негізгі құралдардың әр түріне амортизацияны есептегенде амортизацияны есептеу әдістерінің қолданылуы, амортизацияланған негізгі құралдардың жыл басы және жыл соңында бастапқы немесе ағымдағы құны, есеп беру жылының жыл басы және жыл соңындағы жинақталған амортизация сомасы.
Материалдық емес активтер - бұл ұйымның өзіндік ерекшелігі бар активтері және олардың келесі сипаттамасы болады:
- материалдық формасының жоқтығы;
- қолданудың ұзақ сипаты;
- табыс әкелуге қабілеттілігі.
Ұзақ мерзімді инвестициялар. Инвестициялар ұзақ мерзімді болып жіктелінеді, егер 12 айдан жоғары уақытқа салынса. Оларға қарыздық міндеттемелер мен бағалы қағаздар жатады.
Басқа да активтер. Бұл бөлімге алдыңғы категорияға кірмеген активтердің барлық түрлері кіреді.
Ақша қаражатттары және олардың эквиваленттеріне кассадағы, есеп шотындағы ақша қаражаттары, валюталық шоттағы қаражаттар, ақша аударымдары, уақытсыз банктік депозиттер жатады.
Дебиторлық борыштарға: сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есептесу, алатын вексельдер, еншілес және тәуелді ұйымдардың дебиторлық борыштары кіреді.
Тауарлы - материалдық қорлар - дайын өнімдер, тауарлар, материалдар және т.б.
Болашақ кезеңдегі шығындар - бұл ақша қаражаттарын алдын ала төлеп қою нәтижесінде пайда болған активтер.
Қысқа мерзімді міндеттемелер. Бухгалтерлік есеп стандартарына сәйкес міндеттеме есеп беру күнінен бастап 12 айда жабылатын болса, онда ол қысқа мерзімді міндеттеме болып жіктелінеді.
Ұзақ мерзімді міндеттемелер Бұларға 1 жыл ішінде жабуды жоспарламаған міндеттемелер жатады.
Қаржылық есеп беруді құрастырған кезде активтер мен міндеттемелерді өзара есепке алуды жүргізбеу қажет. Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес негізгі құралдар баланста жинақталған тозу мөлшерін алып тастаумен, дебиторлық борыш күмәнді қарыз резервтерін алып тастаумен көрсетіледі Бірақ бұл жағдайлар активтер мен міндеттемелер арасында өзара есепке алуға жатпайды. Егер келесі белгілі жайлар болса, бухгалтерлік есеп стандарттары міндеттемелер мен активтер арасында өзара есепке алуды кіргізеді:
- әрбір жақ бір - біріне белгілі сомада қарыз болса,
- ұйым өзара есепке алуға құқығы бар болса;
- өзара есепке алуды жүргізуге құқығы ресми заңдастырылған болса,
Ментиікті капиталдың келесі класстарға бөлінеді:
- жарғылық капитал;
- төленбеген капитал;
- алынған капитал;
- қосымша төленген капитал;
- төленбеген капитал;
- үлестірілген табыс (жабылмаған шығын).
Жарғылық капитал айналымдағы әдеттегі және артықшылықты акциялардың төленген құнынан турады. Жарғылық капитал бухгалтерлік баланста төленбеген және алынған капиталдың сомасын есепке ала отырып, көрсетіледі.
Қосымша капитал екі негізгі категорияға бөлінеді:
1. Қосымша төленген капитал, ол акцияның атаулы бағасы мен шығарылған акцияның нақты алынған сомасының айырмасынан тұралы. Әдетте ол эмиссиялық табыс деп аталады.
2. Қосымша төленбеген капитал негізгі құралдарды қайта бағалаудан, қаржы инвестициясынан түседі.
Жинақталған табыс резервке қойылған үлестірілген табыс және қосылмаған үлестірілген табысқа, яғни дивиденттерді төлеуге қойылған табыс болып бөлінеді.
Қосымша баптар балансқа бухгалтерлік стандарттармен талап қойып ғанда немесе қаржылық есептеменің дұрыстығын көрсету үшін кіргізіледі.
Қаржылық есептемені пайдаланушыларға бухгалтерлік баланс рентабельдіктің деңгейін есептеуге, ұйымның активтерінің құрылымын бағалау үшін өтімділік пен қаржылық тұрақтылықты анықтауға мүмкіндік береді.
1.3 Қаржылық есептіліктің Халықаралық Стандарттарының түсінігі және мәні
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ХҚЕС) дегеніміз не?
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (ХҚЕС) қаржылық есептіліктің бүкіл әлемде дәйекті, ашық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz