Ұлт азаттығы, тәуелсіздік мәселесі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы

«Қаратал орта мектебі» КММ

Ғылыми жоба

Тақырыбы: Мұхтар Мағауин шығармаларындағы советтік зорлық-зомбылықтар мен қиянаттар көрінісі

Секциясы: Әдебиет

Ғылыми ізденуші: Штрынбекова Жанна

10-сынып оқушысы

Ғылыми жетекшісі: Есей Нұрлан

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қаратал селосы - 2021

М А З М Ұ Н Ы

АҢДАТПА . . . 3

ПІКІР . . . 4

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ . . . 5

КІРІСПЕ . . . 6

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Советтік зорлық-зомбылықтар мен қиянаттар . . . 7

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 22

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 24

Қосымша материалдар . . . 25

АҢДАТПА

«Мұхтар Мағауин шығармаларындағы советтік зорлық-зомбылықтар мен қиянаттар көрінісі» атты зерттеу жұмысында қазақ халқының 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейінгі ауыр тағдырының жазушы М. Мағауиннің жалпы шығармашылығында қалай суреттелгені қарастырылған.

Зерттеу аясында қазақ халқының советтік-коммунистік отарлаушы билік тарапынан көрген зорлық-зомбылықтары мен қиянаттары барынша ашық көрсетілген.

АННОТАЦИЯ

В исследовательской работе «Отражение Советского насилия и угнетения в произведениях Мухтара Магауина» рассмотрено, как судьба казахского народа после Октябрьской революции 1917 года описывается в общем творчестве писателя М. Магауина. В рамках исследования наиболее открыто показаны угнетение казахского народа со стороны советско-коммунистической колониальной власти.

ANNOTATION

In the research work “Reflection of Soviet violence and oppression in the works of Mukhtar Magauin” paper considers how the fate of the Kazakh people after the October Revolution of 1917 is described in the general work of the writer M. Magauin.

Within the framework of the study, the oppression of the Kazakh people by the Soviet-communist colonial authorities is most openly shown.

ПІКІР

«Мұхтар Мағауин шығармаларындағы советтік зорлық-зомбылықтар мен қиянаттар көрінісі» тақырыбындағы зерттеу жұмысында қазақ елінің 1917 жылғы қазан төңкерісінен 1991 жылы тәуелсіздік алғанға дейінгі ауыр тағдырының жазушы М. Мағауиннің жалпы шығармашылығында қалай суреттелгені қарастырылған. Ғылыми жоба қазақ халқының советтік-коммунистік отарлаушы билік тарапынан көрген қиянаттарын барынша ашып көрсетіп, жан-жақты талдауға бағытталған еңбек.

Аталмыш ғылыми зерттеудің ерекшелігі - ізденуші өз еңбегінде ғылыми жетекшісінің көмегімен жасаған сауалнамасы арқылы советтік-коммунистік отарлық езгінің зардаптарын ашып, сауалнамаға қатысушылардың санасында советтік дәуір жайында белгілі бір пікір қалыптастырып, тәуелсіздік деген ұғымның баға жетпес құндылық екендігін, тәуелсіздіктің ел мен жер тағдыры үшін, ұлт болашағы үшін орны ерекше екендігін танытады.

Зерттеу жұмысы өзі мақсат еткен межесіне жеткен.

Ұсыныс: сауалнамаға мектеп оқушылары мен мұғалімдерді ғана емес, бүкіл ауыл тұрғындарын қатыстырса жөн болар еді.

Пікір жазған: Тажина А. Б.

Қаратал орта мектебінің

оқу ісінің меңгерушісі,

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Зерттеу жұмысының сипаттамасы

Зерттеудің көкейтестілігі. Өз халқын өзі аямаған советтік-коммунистік отаршыл, жыртқыш империяның ішкі сырын, қазаққа тигізген зардап-зиянын тарихи шындықпен, әдеби көркемдікпен, философиялық тереңдікпен шебер жеткізе білген жазушы, ғалым М. Мағауиннің шығармаларын халыққа кеңінен насихаттау арқылы, ТӘУЕЛСІЗДІК деген ұғымның баға жетпес құндылығын таныту Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып отырған мерейлі шақта аса маңызды мәселе болып табылмақ.

Зерттеу тақырыбы. «Мұхтар Мағауин шығармаларындағы советтік зорлық-зомбылықтар мен қиянаттар көрінісі»

Зерттеу пәні. Қазақ әдебиеті.

Зерттеу нысаны. М. Мағауин шығармаларындағы отарлық езгінің көріністері.

Зерттеу мақсаты. Советтік-коммунистік отарлық езгінің зардаптарын ашып, тәуелсіздік деген ұғымның баға жетпес құндылық екендігін таныту.

Зерттеу проблемасы. Жазушы шығармаларының ел тәуелсіздігін нығайту жолында қосатын рухани үлесін айқындау.

Зерттеу аспектісі. Отарлық саясаттың зардаптары.

Зерттеу болжамы. 1. Зерттеу аясында советтік-коммунистік биліктің қазақ халқының ұлттық болмысын қалай өзгерткені ашылады.

2. Жазушы шығармаларын оқу арқылы оқырмандардың тарихи танымдары артады, тәуелсіздіктің бағасын айрықша тани түсетін болады және саяси ұстанымдары бекиді.

Зерттеудің жаңалығы. 1. Мұхтар Мағауин шығармаларында советтік-тоталитарлық биліктің қазақ халқына жасаған зорлық-зомбылықтары мен сұмдық қиянат-қысастықтары көркемдік шындықпен шынайы берілгені ашылады;

2. М. Мағауиннің шығармалары арқылы советтік-отаршылдық жүйеге деген оқырмандардың көзқарасын түбегейлі өзгертуге болатыны дәлелденеді.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеудің сипаттамасында тақырыптың өзектілігі, зерттеудің проблемасы, мақсаты, зерттеу аспектісі, болжамы мен жаңалығы берілген.

І. КІРІСПЕ

Қай заманда болмасын ұрпақ санасына адалдық, әділдік, сезімталдық және отансүйгіштік секілді ізгі мінез-құлықтарды дарытуда ақындардың сырлы өлеңдері мен жазушылардың биік парасатты көркем туындыларының мәні зор болған.

Біздіңше, әдебиет саясаттың жетегінде кетпеу керек. Саясаттың сойылын соққан әдебиет бізге не бергенін совет заманынан білеміз: қазақтың ұлтын сүйген нағыз асылдары әдебиетке саясаттың араласуынан, яғни 1923 жылдардан бастау алған социалистік реализмге негізделген, таптық көзқарас ұстанған біржақты қағиданың салдарынан жазықсыз жапа шегіп, азаппен мерт болды. Әдебиетке саясаттың нұсқаушы болуы және ол саясатты қазаққа қаны қас жүйенің жүргізуі советтік тоталитарлық заманда қазақ ұлтына өлшеусіз қасірет әкелді. Саясаттың қыспағынан қаншама Ұлы жазушыларымыз өздерінің ұлы шығармаларын жаза алмай, өкініште кетті?! Ұлы тұлғаларымыздың арманда кеткен өкінішті жайлары, айтылар сөздің айтылмай кеткені, жазылар жайдың жазылмай кеткені туралы жазушы Мұхтар Мағауиннің шығармашылығында жиі көрініс табады. Мысалы, советтік кезеңдегі ұлттық тарихымыздың танылуы, зерттелуі туралы жазушы былай дейді: «Шыңғыс хан туралы жазам деп армандаудың өзі қияли елес екен. Менің жиырма жастан бастап, ойға алған, көңілге түйген, тіпті, кейбірін он, отыз, қырық жылдан соң жүзеге асырам деп жобалаған барлық шығармаларымның нысан, сұлбасы таңбаланып отырған «Алтын дәптерде» Шыңғыс хан есімі ұшыраспайды. Ең қиын, қиғаш, шатақ деген дүниелердің өзін, заман өзгере келе, әртүрлі көркемдік тәсілмен, атақ-беделіңмен жарыққа жеткізуің ықтимал, бірі болмаса бірі өтуі мүмкін, ал Шыңғыс хан . . . орыс-совет идеологиясында есімінің өзі құбыжық, ешқандай үміт жоқ еді. Біздің мақсат-мұратымыз басқа бір тақырыптар, оның ішінде Шыңғыс ханның көлеңкесі айқын аңдалатын тарихи роман арқылы жүзеге асып жатты. Негізгі тұрғымыз - қазақтың қасиетін әйгілеу болатын» [1] .

Сондықтан біз өзіміздің зерттеу еңбегіміздің нысаны ретінде ғалым-жазушы, Қазақ ССР-ның Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы, Түркияның Халықаралық «Түркі дүниесіне қызметі үшін» сыйлығының иегері, «Тарлан» сыйлығының лауреаты және «Парасат» орденінің иегері, филология ғылымының докторы, атағы алты алашқа әйгілі, «Алаштың алмас қылышы» атанған Мұхтар Мұқанұлы Мағауиннің шығармаларын зерттеуге алдық.

Мұхтар Мағауиннің тырнақалды «Бір үзім нан», «Тіленші» секілді әңгімелерінен бастап, «Көк мұнар», «Көкбалақ», «Аласапыран», «Шақан Шері», «Жармақ», «Шыңғыс хан», сияқты әйгілі романдарына дейінгі шығармашылық ғұмырында советтік-коммунистік идеологияны үзілді-кесілді қабылдамағаны, советтік жалған ұрандарға алданбағаны оқырман қауымға жақсы таныс.

Қазақстан Республикасы 30 жылдығын үлкен қуанышпен күтіп отырған өз тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда, басқа ешкімнен емес, туған халқын, елін-жерін сүйген Мұхтар Мағауиннің бүкіл шығармашылық ғұмырында жүрегімен де, санасымен де зәредей қабылдай алмаған советтік-коммунистік отаршыл үкіметтен алған еді. Сондықтан да М. Мағауиннің шығармалары кешегі советтік отаршылдық заманда қазақты қараңғы, надан, мал баққаннан басқаны білмей көшіп-қонып жүре берген деп санап келген, қазақ халқы коммунист-большевиктердің ұлы революциясының арқасында ғана бақытты өмірге қол жеткізді деп насихатталып келген совет үкіметінің қалай құрылғанын, «осы үкіметтің қазаққа не бергенін, не бергенін емес, қазақты қалай құртқанын суреттейтін» (Мағауин) туындылар екендігін ұлттық және тәуелсіздік мүддесі тұрғысынан түбегейлі зерттеу - еліміздің болашағы үшін қажетті де қасиетті іс деп санаймыз.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Мұхтар Мағауин бала кезінен-ақ атасының айтуымен Совет үкіметінің қазақты қалай билеп-төстегенін жақсы біліп өсті. Өз әкесі Мұқан Мағауияұлы «халық жауы» атанып, жазықсыз айдауда болған, ғайыптың күшімен аман шығып елге оралған санаулы адамдардың бірі болды. Сондықтан да жазушы тәуелсіздіктің құнын бір адамдай-ақ жақсы білді деп айта аламыз. Мәселен, өзінің студенттік досы, жазушы, мемлекет қайраткері болған марқұм Әбіш Кекілбаев туралы естелігінде былай депті: «Тағы бір салалы, әрі мәндірек әңгіме - аса кіді. Ұлт азаттығы, тәуелсіздік мәселесі. Бұл кезде күні кешегі отарлық Африка халықтары қатар-қатарымен еркіндік алып, ұлттық мемлекеттерін жариялап жатыр. Советтік идеология азат, жаңа елдердің бәрін қатты қолдайды, баспасөз бетінде мейлінше дәріптеп, насихаттап келеді. Ал отарлық ахуал жайы бізге жақсы мағлұм. Өткен және арғы жылы жазда жігіттердің бәрі Тың өлкесі аталатын аймақта екі-үш ай қатарынан, астық жинау науқанында болып қайтқан. Өзіміз оқып, тұрып жатқан Алматыны айтпағанда, Ақмола, Көкшетау, бүткіл солтүстік облыстарды орыс басыпты. Және тым өктем, айрықша дөкір. Әрқилы сорақы, намысқа тиер жағдаяттарды айтысады. Әсіресе, сол өңірден шыққан, «тың игеру» науқанын әуелгі кезеңінен бастап көзімен көрген Марат Нұрғалиевтің қыжылы мол. Бүткіл аймақтағы қазақтардың ұлттық тұрғыда ғана емес, күнделікті тұрмыста да жаппай жанышталған шарасыз ахуалын, өз ауылындағы жұрттың қорлық пен мазақ тұрыпты, көпе-көрнеу боқтық пен зорлыққа қарсы тым құрса ауыз аша алмаған, тіпті, әлдебір, комбайнға тіркемеші жігіттің «қазақ болғаным үшін кешіріңдер, есесіне жан-жүйем нағыз советтік» деп жалбақтаған кембағал, құлдық кейпін айтқанда, қалай түңілгені, жыларман, ренішті қалыбы көз алдымда. Осы тұрғылас басқа да әңгіме, мысал көп. Шіркін, Африкадағы қаралар сияқты, бізге де тәуелсіздік келетін күн туа ма деседі. Ондай күнге жетуге болады екен. Қарудың күшімен емес, саяси, ұтымды әрекет арқылы. Бақыт Сейтжанов айтады: біз ерте ме, кеш пе, қайткенде ООН - Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуымыз керек. Ана Украина мен Белоруссия сияқты. Сонда, ССРО конституциясының өзінде бар, одақтас республикалар бөлініп кетуге хақылы деген, БҰҰ-ның алдына Қазақстан тәуелсіздігі туралы мәселе қоямыз. Ешкім ұстап тұра алмайды. Болашақта жүзеге асуға тиіс, он бес, жиырма жылдан кейін. Ол үшін Қазақстан басшылығында ақылы кемел, саясаты зор, білімді, мықты қазақ отыруы керек екен… Міне, осындай әңгімелер. Бір кеш емес, күннен күнге, айдан айға жалғасқан арман. Шіркін, күні кеше ғана отаршылдық түнегінде жатқан, енді аяқ астынан дербес ел болып шыққан зәңгілердің не арманы бар екен!. . Жүрек шымырлатар, мұңнан басталып, уайым, қайғыға ұласар өзгеше кеңес.

. . . Біздің әулет совет заманында аяусыз репрессияға ұшыраған, атылғаны бар, айдалғаны бар, әрқилы жағдайда көлденең ажалға ұшырағаны бар, көз ашқаннан қаншама сұмдық әңгімеге қаныққам, абақты мен лагерь тозағынан әлдеқалай аман шыққан ауылдас кісілердің ғаламат хикаяларын естігем, өзімнің әкем немістің аш-арық концлагерінен соң, одан әлдеқайда сойқанды, жан шырқыраған азап пен ауыр бейнетке толы советтік концлагерьден өткен, менің он бір жасымда ұсталып, тоғызыншы класымда әрең оралған; соншама мол тәжірибеден алдымен түйгенім - үш кісінің басы қосылған жерде бейсауат сөйлеуге болмайтыны, иә, мен советтік сұмдықты толайымен болмаса да, біршама танып өскен едім, оның үстіне, университетке түскеннен беріде жаппай террор кезеңіндегі газет, журналдарды мұқият ақтарғам, тұрғылас балалармен салыстырғанда, бұл тарапта да менің таным, білігім көбірек еді. Сондықтан, қандай жағдайда да көлденең, кіді әңгімелерден бойымды аулақ салам. Санасыздық емес, арамдық емес, әдепкі сақтық» [2] .

Африкадағы өзге жұрттың тәуелсіздігін қолдай отырып, өз қол астындағы ұлттарды аяусыз езгілеген советтік биліктің екіжүзділігін әшкерелей отырып, қызыл коммунистердің билікке келуі мен билікті ұстау тәсілдерін «жаппай террор» деп атаған жазушы, жастайынан советтік сұрқия саясаттың сырын ұғып өскен қаламгер жүрекке жиналған, запырандай ащы қайғы-қасыретті, қазақ халқының советтік биліктен көрген зорлық-зомбылықтарын өз шығармаларына арқау етті. Коммунистік биліктің қылышынан қан тамып тұрған кезінде де М. Мағауин өз ұстанымынан танған жоқ. Тура айтатынын тура, болмаса астарлап, қалай болғанда да өз ойын, ұлт мүддесін оқырман қауымға жеткізетін жол тауып отырды. Кейінгі буын, біздерге, совет заманында жазылса да советтік биліктің сойылын соқпаған, ұлттық мақсат-мүддені қорғап жазылған шығармалардың ішкі сырын, отаршыл биліктің бар қулығы мен сұмдығын, зорлығы мен қорлығын танып, түсіне білуіміз - болашақта ел тәуелсіздігін сақтап-нығайту жолындағы күресте пайдасы тиетін тәжірибе деп санаймыз. Осы орайда, жазушының советтік-коммунистік отаршылдық биліктің ішкі қоясын барынша ашып көрсеткен шығармасы - 1991 жылы Советтер Одағы әлі ыдырамаған, коммунистік билік әлі өз күшінде тұрған кезде жарық көрген - «Сары қазақ» романын ерекше құрметпен атаймыз. Шығарманың соңы романның басты кейіпкері Стамбектің Совет үкіметіне қаратып айтқан: «Қарғыс! Қарғыс атсын! Көріңде өкір! Қан жалдап тудың, қанға тұншығып өл! Адамзат тарихындағы ең қаралы, ең қапас, зұлмат заман, халықтардың қарғысы атсын сені!» деген сөзімен және «Бұл сөздер ХХ ғасырда барынан түгел айрылған ең бақытсыз қауым - алаш жұртының аузында табиғи әрі зілді естіледі екен, » [3] деген авторлық түйіндеумен аяқталады. Шын мәнінде, қазіргі қазақ қоғамы да Стамбектің айтқан сөздерін советтік-коммунистік биліктің қол астында өткізген жетпіс үш жылдық заманымызға қаратып әлі де айтуы керек, болашақта да ұмытпай айта беруі керек! Әйтпесе, отыз жылдығын тойлағалы отырған ТӘУЕЛСІЗДІК деген қасиетті ұғымның қадіріне жетпегендігіміз болмақ деп санаймыз. Осы жетпіс үш жылдың ішінде жоғалтқанымыздың түгендегіміз келсе, Мұхтар Мағауиннің барлық шығармаларын, оның ішінде тәуелсіздік алғаннан кейін жазылған шығармалары мен мақалаларын да байыптап, тереңдей отырып оқыған абзал деп есептейміз. Жазушының төрт томнан тұратын «Шыңғыс хан және оның заманы» атты тарихи деректі романын оқып шықсақ, советтік саяси идеологияның қазақ халқының дүниетанымы мен тарихи санасын қалай улап, көрдей қараңғы жағдайда қалай ұстағанын аңғару қиын емес және ең жаманы - сол кездегі уланған санамыз советтік қараңғы тұманнан әлі толық айығып кете алған жоқ!

Жазушы М. Мағауин Совет үкіметінің билігі қолында, бишігі ысқырып тұрған 1990 жылы жазған «Абақтыда өлген Уан атам» деген әңгімесінде «Бабаларымның кім болғанын білген соң, аталарымның қандай ғұмыр кешкенін естіген соң, әкелерімнің өмір өткелдерін таныған соң, буын бекіп, бұғана қатып, өсіп, ер жете келе, заманның сыр-сыпатын ұға бастадым. Өзімнің кім болуым керегін түсіндім. Бірден білдім, оңай ұқтым, тез аңғардым демеймін. Бірте-бірте. Бұлталақсыз, тынымсыз тірлік нәтижесінде. Арыстандай айбынды болған, бірақ атаусыз қалған бабалар, жолбарыстай жүректі болған, бірақ ұрпақтары ұмытқан аталар, жаны жаншылып, қорлықпен күн кешкен, тәні шырқырап, азаппен өлген, балалары атын атауға да қорқып, көлеңкесінен безген, тек балағатпен, лағнетпен еске алынған әкелер - ерлік пен абыройдан басталып, ездік пен масқараға ойысқан мың жылдық тарихымызды таразыладым: оң мен солды айыра алмай, бүгінгінің бәрі керемет, өткеннің бәрі кесепат деп, намыс тапталған, алды аштан өлген, соңы жарымқұрсақ жүрген күнді бұрын-соңды болмаған бақытқа балаған мешін жұтын, доңыз апатын көрсетіп, божырау мен қожырау суретін жасағым келді. Өткенге оқыр дұға, болашаққа айтар өсиетім осы деп білдім. Ойлағанның оннан бірі ғана жасалды. Соның өзі қаншалық дәрежеде жүзеге асты - аллаға ғана аян. Ал өзім бар қуатымды осы жолға жұмсағаныма ғана куәлік бере алам, » дейді [4] .

Қазақтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдап, намысы мен елдік қасиетін іздеп, советтік зорлық-зомбылықтарды әшкерелеген, оқып отырғанда адамдық, ұлттық намысты оятатын, аяққа тапталған қазақи болмысымызды жоқтап жылататын оқиғалар мен адам мінездері сипатталатын шығармаларының бірқатарын атап кетсек, былай болады:

«Көк мұнар», «Сары қазақ», «Көкбалақ» және «Жармақ» романдары;

«Қисық ағаш» және «Тазының өлімі» хикаяттары;

«Ақыр-дүние» триптихы;

әңгімелері: «Эльза жеңешем», «Жүсіптің қызы Светлана», «Жаздыгүн шілде болғанда», «Қара қағаз келген Салық ағам», «Карлагтан хат», «Орыстың төресі», «Әже», «Пұркоралдың көк аты», «Қант пен ірімшік», «Абақтыда өлген Уан атам», «Тассудан өткен қашқындар», «Ең әділ сайлау», «Гимн», «Шығырық», «Ақжалға кеткен Сейіттің баласы», «Тағдыр жазуы», «Оралу», «Камикадзе», «Әбдіғаппар сері», «Травеннің әңгімесі», «Қос ағаш», «Биік үйдегі Бөрбасар».

Аталған шығармалардағы советтік-коммунистік отаршыл үкіметтің қазақ халқына жасаған зорлық-зомбылықтары мен қиянаттарын тақырыпқа бөліп сараласақ, төмендегідей мәселелерді көреміз:

  1. ХХ ғасыр басындағы ұлттық экономиканы ұстап тұрған бай-бағландардың малын тартып алу арқылы халықты жаппай кедейлендіру (ресми санақ бойынша 1929 жыл 1 қаңтардағы 47 млн малдан қазақ даласында 1934 жылғы 1 қаңтарда 4, 5 млн ғана мал қалған, (ютуб интернет арнасы, «Зауал» деректі фильмі) ) ;
  2. қолдан ұйымдастырылған аштық арқылы жүргізілген геноцид (1897 жылы 4, 084 млн қазақ, 1911 жылы 8 млн-нан астам қазақ болса, 1939 жылғы санақта 2, 3 млн ғана қазақ қалды («Зауал» деректі фильмі) ) ;
  3. репрессия арқылы қазақ ұлтының зиялы қауымын құрту (118 мың адам сотталып, 25 мыңы атылды) ;
  4. атом бомбаларының сынақтары мен тың игеру желеуімен жер-суымызды тоздыру (1949-1989 жылдар арасында 500-ге жуық сынақ жасалды) ;
  5. ұлттық тағамдар мен сусындар, киім-кешек, ою-өрнек; ұлттық аңшылық өнер - құсбегілік, итбегілік пен атбегілік; күй және күйшілік өнер; қиссашылдық-жыршылық өнер; ұлттық қолөнер - өрімшілік, ноқта-жүген түю, т. б. ; ұлттық ат ойындар - қыз қуу, көкпар секілді ұлттық құндылықтардан ажырату;
  6. ұлттық психология - отбасы тәрбиесін, үлкен мен кішінің сыйластығын, ислам дінінің қағидаларын бұзу арқылы ата салтымыз бен ана тілімізді аяққа таптап, қазақи болмысымызды құрту;
  7. сан ғасырлық ұлттық тарихымызды бұрмалау (Шыңғыс ханның ұлтын моңғол деп жариялау, Отырарды Шыңғыс хан қиратты деген жала, Кенесары ханды бұзық, қарақшы деп, Кенесарының тарихын зерттеген ғалымдарды қудалау, соттау, т. б) ;
  8. намысқой-жауынгер, азатшыл ұлттық санамыздың орнына құлдық сананың қалыптасуы, мәселен, орысша сөйлеуді мәртебе көріп, қазақша сөйлеуге арлану.

Жазушы қазақ халқы үшін осындай трагедиялық мәселелерді көркем шығармаларына арқау ете отырып, асқан шынайылықпен, аса дәлдікпен, артық эмоцияға берілмей, оқырманның жүрек қылын шерте отырып, ұлттық намысын оятатындай етіп бере біледі.

Мәселен, «Сары қазақ» романы бастан-аяқ Совет үкіметінің қазақ даласына келуі мен орнауы жайында толғайды. Романның басты кейіпкері Станислав-Стамбектің басынан өткен жағдайлар арқылы жиырмасыншы ғасырдың басындағы бар қазақтың талапайға түскен тағдырын суреттейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біртұтас Түркістан идеясы: теориялық негіздері және іске асырылу жағдайлары
Мұстафа Шоқайдың әлеуметтік көзқарастары
Алаш партиясына шолығу
ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ ЖӘНЕ ҰЛТ ТІЛІ
Алаш қозғалысы және оның Қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі рөлі жайлы
Кеңес үкіметі кезіндегі қазақ зиялылары
Мемлекеттік тіл тәуелсіздік ұғымымен тікелей байланысты
Алаштың жолы
Махамбеттің әдеби дүниетанымы
Алаш қозғалысы және Алаш Орда тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz