МӘДЕНИЕТТАНУ ПӘНІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
МӘДЕНИЕТТАНУ ПӘНІ

Дәрістер № 1
Тақырыбы: МӘДЕНИЕТ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ

Жоспар:
Мәдениет ұғымының қалыптасу тарихы.
Мәдениет - адамзат әлемінің айнасы.
Мәдениет ұғымының қалыптасу тарихы.

Мақсаты: студенттерге мәдениеттану пәні, оның мақсаты және гуманитарлық білім жүйесіндегі орны бойынша білім беру

Қазақ тіліне бұл термин арабтың "маданият" - қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл орта ғасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты "культура" мен "натураны" қарсы қоюшылық. Көне заманда "культура" деген ұғым "жерді өңдеу" деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б.э,д. 45ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, "жанды жетілдіру" деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі "білім беру", "даму", "қабілеттілік", "құрметтеу" сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: а) мәдениет - белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ә) мәдениет - адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, қазақ мәдениеті және т.б.; б) мәдениет - адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті ж.т.б.); в) агро - мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет ж.т.б.).
Мәдениеттану ғылыми пән дәрежесіне жету мақсатында, сөзсіз мәдениет археологиясына сүйенеді, оның генезисін, өмір сүру мен дамуының құпияларын ашып, мәдени мұрагерліктің тәсілдерін жетілдіреді. Бұл жұмыс үш дәрежеде жүзеге асырылады: 1) мәдениетті, оның базистік негіздерін сақтау: 2) мәдениетті жаңғырту, мәдениеттің дамуына жаңаша ықпал ету; 3) мәдениетті трансляциялау немесе мәдениет әлемін халықтың игілігіне айналдыру. Бұл үш дәреженің арқасында мәдениеттің сандық-салалық (ғылым, техника, өнер, филисофия, экономика т.б.) сапалық сипатын тереңірек ашып көрсетумен қатар, мәдениеттің құрылымын, тұтастығын, даму заңдылықтарын ашып көрсетуге мүмкіндік аламыз.Мәдениет - адамзат әлемінің айнасы.
Қоғамдағы мәдениеттің төмендегідей қызметтерін айқындау бар:
Адамдарды қалыптастыру қызметі. Бұл - мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі мазмұнымен тікелей байланысты нышан. Егер біз адамды әлде құдай, әлде табиғат, әлде еңбек жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді. "Жеке адам өзі өмір сүріп жатқан қоғамның туындысы, төл перзенті" (С. Мырзалин, Ә. Әлпейісов. Қоғам және мәдениет. Алматы, 1992, 14-бет). Маугли - көркем бейне. Жануарлар арасында кездейсоқ өскен адам мәдениеттік қасиеттерден жұрдай болады. Адамға ең қиыны - адам болу. Ал оның негізгі шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Соның нәтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, мәдениеттің алға басуы дегеніміз дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады.
Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Ақпараттық (информациялық) беріліс әлеуметтік жүйеде биологиялық тұқым қуалаушылықтан өзгеше жүреді. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады.
Мәдени ақпараттар - салт-дәстүр, әдет-ғұрып, рәсім-рәміз, діл мен тіл, дін және өнер, білім т.б. руханилықтың белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінің өзіндік санасының жанды буынына айналады.
Танымдық қызметі. Мәдениеттің қоғамдағы бұл қызмет - міндетінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарамызды өзіне аударатын нәрсе - мәдениет пен білімнің арақатынасы. "Табиғаттан қулығын асырып жіберуге" (Гегель) бағытталған адамдардың білімі, әрине мәдениеттің негізгі құрамдас бөлігіне жатады. Ертедегі гректің пайдейяң, ислам Өркендеуіндегі маарифң, қазіргі өркениеттегі интелигенттілікң ұғымдары мәдениет пен білімділіктің іштей туыстығын, үндестігін білдіреді.ң Осы сипатта, әсіресе зиялылар мәдениетті сақтау және дамыту ісінде үлкен қызмет атқарады. Білімділік - мәдениеттіліктің маңызды алғы шарты болғанымен, бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениеттану пәні, мақсаттары мен міндеттері
Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесіндегі мәдениеттанудың алатын орны және оның басқа ғылым салаларымен байланысы
Адамның мәдени тұлға ретінде қалыптасуы
Мәдениеттану- философиялық ілім
МӘДЕНИЕТТАНУ: ПӘНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРІ
Мәдениеттану пәні, мақсаты мен міндеттері
Мәдиниеттану: пәндік ерекшеліктері, құрылымы, негізгі ұғымдары және әлеуметтік қызмет
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші
Мәдениеттау ғылымы
Мәдениеттің нормативтілігі мен адамға беретін бостандық арасындағы қайшылықта
Пәндер