Шешімдерді қабылдау және жоспарлау үшін шығындардың жіктелуі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Шешімдерді қабылдау және жоспарлау үшін шығындардың жіктелуі»

Жоспар:

Кіріспе . . . 1

  1. Шешімдерді қабылдау процессі . . . 2
  2. Басқару шешімдерін қабылдауда қолданылатын шығындардың жіктемесі . . . 5
  3. Жедел шешім қабылдау . . . 12Шектеулер арқылы басқару . . . 12Бірлескен шешімдер: сатып алу немесе өндіру, сату немесе өңдеу . . . 14Өнім ассортименті туралы шешім . . . 17
  4. Стратегиялық шешім қабылдау . . . 20Күрделі шығындар туралы шешім . . . 20Бизнестің құрылымы туралы шешім . . . 28Жаңа өнім өндіру бойынша шешім қабылдау . . . 32

Қорытынды . . . 34

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 36

Кіріспе

Осы курстық жұмыста белгілі бір шешімдерді дайындау барысында релевантты ақпаратты қолдану сұрақтары, қабылданатын басқарушылық шешімдер түрлері қарастырылады. Менеджер тауарды қандай бағамен сату қажет екенін, компоненттерді өздері өндіре ме немесе сатып алады ма, қандай да бір сегментті қысқарту немесе ликвидациялау туралы шектеуші фактор (жетіспеушілік) жағдайында өнім ассортименті туралы шешім қабылдай білуі тиіс. Менеджерге дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін қаржылық ақпаратты ұсыну туралы сұрақты зерттеу осы жұмыстың мақсаты болып табылады.

Шешімдер қысқа және ұзақ мерзімді болады. Ұзақ және қысқа шешім-дер арасындағы айырмашылық мынада: алғашқысын өзгерту өте қиын. Қысқа мерзімді шешімдерді жүзеге асыру әрекеттері жиі қайталанады, ал кейбіреулерін кейінірек мерзімде жүзеге асыруға болады.

Мысалы, тауар номенклатурасын немесе сату бағасын жиі әрі жылдам өзгертуге болады. Ал ұзақ мерзімді шешімдер, мысалы, капитал салымдары-на байланысты шешімдерді қысқа мерзімде ауыстыру оңай емес. Қаражат тек негізгі капитал салымдарына жұмсалуы мүмкін - ұзақ мерзімде машиналар мен құрал-жабдықтарға, және де қысқа мерзімде құрал-жабдықтарды айырбастау туралы басқа шешімдерді қабылдау ықтималдығы өте төмен.

Шешімдерді таңдау мүмкіндігі бар кезде қабылдау керек. Мүлдем еш нәрсе істемеу - бұл да бір шешім.

Шешімдерді негізгі екі түрге бөлуге болады:

  1. иә немесе жоқ - шешім қабылдаудың жалғыз мүмкіндігі бар;
  2. ранжирлеу - бірнеше мүмкіндік бар, бірақ солардың кейбіреулерін қолдану мүмкін емес, себебі ресурстар шектеулі немесе мүмкіндіктер бірін-бірі жоққа шығарады.

Осылайша, басқарушылық шешімдерді қабылдауда қолданылатын қаржылық ақпарат релевантты, нақтылы, уақтылы және шешімдерді қабылдау уақытына, яғни болашаққа тиесілі болуы қажет.

  1. Шешімдерді қабылдау процессі

Бухгалтер-талдаушылар дайындаған ақпарат шешімдерді қабылдауға әсерін тигізеді, сондықтан басқарушылық есепті дұрыс меңгеру үшін шешім қабылдау процесін түсініп алу қажет.

Шешімді қабылдау процесcінің моделін қарастырайық. Шешімді қабыл-дау және жоспарлау процесcі бес кезеңнен тұрады. Іс жүзінде жоспарлау - альтернативті нұсқалар арасында шешімді қабылдау бойынша іс-әрекетті таңдау болып табылады.

Бірінші кезең - бұл ұйымның мақсаттары немесе міндеттерін анықтау.

Дұрыс шешімдерді қабылдар алдында бір нұсқадағы әрекеттердің басқа нұсқалар алдындағы артықшылығын бағалау үшін мақсат немесе негізгі бағыт анықталуы қажет.

Екінші кезең - әрекеттердің альтернативті нұсқаларын іздеу.

Шешімді қабылдау процесінінң екінші кезеңінде алға қойған мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттердің (немесе стратегиялардың) бірнеше ықти-малды нұсқаларын іздеуге бағытталған.

Дәлірек айтқанда, компания төменде көрсетілген әрекеттер нұсқалары-ның біреуін таңдап алған жөн:

  • қазіргі таңда бар нарықтарға өткізу мақсатымен жаңа өнім түрлерін даярлау;
  • жаңа нарықтар үшін жаңа өнім түрлерін даярлау;
  • шығарылатын өнім түрлерін өткізу үшін жаңа нарықтар құру (негізін салу) .

Әрекеттердің альтернативті нұсқаларын іздеу күтілетін конъюнктура мен экономикалық жағдайдың өзгеруі туралы ақпаратты алумен байланысты; бұл шешім қабылдау процесінің ең қиын әрі маңызды кезеңі.

Үшінші кезең - әрекеттердің альтернативті нұсқалары туралы мәлімет-терді жинау.

Ұйымның әкімшілігі іс-қызметтің ықтималды саласын анықтап, іс-қызмет көрсеткіштерінің ықтималды өсу қарқынын, компанияның қажетті нарық бөлігін сақтау қабілеттілігін, түрлі экономикалық орталардағы әрекеттердің әр альтернативті нұсқасы үшін ақша қаражаттарының ағында-рын бағалау қажет.

Жоғарыда келтірілген ақпарат негізінде фирма таңдаған бағыт ресурс-тарды ұзақ мерзімге қолданады, нәтижесінде фирманың жағдайы оның экономикалық ортасымен, яғни өндірілетін өнімімен, ол қызмет істейтін нарықтарымен және болашақтағы өзгерістерге уақтылы әсер ету қабілеттілі-гінен анықталатын болады.

Бағытты таңдау фирманың ұзақ мерзімді перспективасын және болашақта қабылдауы мүмкін шешімдерін анықтайды. Бұл шешімдер ұзақ мерзімді (стратегиялық) деп аталады. Олар фирманың болашақ жағдайына үлкен әсерін тигізеді, фирма мүмкіндіктері және оның экономикалық ортасы туралы ақпараттың дәлдігі өте маңызды.

Стратегиялық шешімдерден басқа басшылық сонымен қатар қысқа мерзімді деп атайтын жедел шешімдерді қабылдайды, олар басқарудың төменгі деңгейіндегі менеджерлердің артықшылығы (прерогатива) болып табылады. Осы шешімдерді шығару үшін сонымен қатар соған сәйкес мәліметтерді жинау қажет. Мысалы, бәсекелес фирмалардағы тауарлардың сату бағасы, өндірістің түрлі нұсқалары негізінде альтернативті сату бағалары мен болжамды шығындар бойынша тауарларға күтілетін сұранысы туралы қажетті ақпарат жиналғаннан кейін басшылық әрекеттің қандай нұсқасын таңдаған жөн.

Төртінші кезең - әрекеттердің альтернативті нұсқаларынан оңтайлы бағыт таңдау.

Тәжірибеде оңтайлы бағыт таңдау - бұл ұйымның мақсатына жетуіне ең ықтималды нұсқаны таңдау үшін әрекеттердің бәсекелік альтернативті бағыттарын салыстырмалы бағалау. Егер таза төлемдердің болашақ түсімін максимизациялау осындай болса, онда оңтайлы бағытты ақша қаражаттары түсімдерінің болжамдарын салыстыру жолымен таңдау қажет.

Демек, әрекеттердің әр альтернативті нұсқасына таза ақша түсімдерінің өсімін таңдау (инкрементті талдау) әдісі қолданылуы тиіс. Альтернативті нұсқалар болжамды таза ақша аударымдары бойынша бағаланады және ең кең ауқымдылары сапалық факторлар бойынша зерттелуі керек.

Бесінші кезең - қабылданған шешімдерді жүзеге асыру.

Әрекеттердің таңдалған альтернативті бағыттары бюджетті (сметаны) құрастырудың бастамасы болып табылады. Смета - бұл әкімшілік қабылда-ған түрлі шешімдерді іске асырудың қаржылық жоспары. Сметаларда ақшаның келіп түсуі мен шығысы, сатудан түскен табыстар мен шығыстар есепке алынады. Сметалар фирманың мақсаттары мен содан күтілетін нәтижелері көрсетілген бірегей құжатқа кірістіріледі. Осы құжат қаржылық бюджет деп аталады. Оны құру процесі әкімшілік шешімдерін жүзеге асыруда ұйымның әр мүшесі өзіне қатысты ролін білуге бағытталған.

  1. Басқару шешімдерін қабылдауда қолданылатын шығындардың жіктемесі

Басқарушылық есеп жүйесінде дұрыс шешім қабылдау үшін ақпаратты кәсіпорын ішінде әзірлеп, ұсынады. Әдетте шешім келешектегі оқиғаларға қатысты болғандықтан, деректерді алу жүйесінде көп назар аударылатын болжамды шығындар мен болашақтағы табыстар туралы толық ақпарат аса қажет. Егер өткен шақтағы және болжанған шығындар мен табыстар бірдей болатын болса, онда шешім қабылдау үшін пайдалы ақпарат алуға болады.

Шешім қабылдау және жоспарлау барысында таңдап алынған баламалы нұсқаларды талдау үшін шығындар мен табыстардың сипаттамасы толық болуы керек. Сондықтан шығындар мен табыстарды жүйелендірудің мынадай мақсатқа лайықты схемасы беріледі:

- өзгермелі, тұрақты;

- бағалау есебіне қабылданатын және қабылданбайтын алдағы кезең шығындары;

- қайтарылмайтын шығындар және аяқталған кезең шығындары;

- жүктелген шығындар (вмененные затраты) ;

- инкременттік және маржиналдық шығындар;

- маржиналдық табыс;

- жоспарланған және жоспарланбаған шығындар;

- релеванттық және релеванттық емес шығындар;

- өндіріс көлеміне қатысты шығын динамикасы.

1. Өзгермеліге сомасы өндіріс көлеміне тікелей байланысты өзгеретін шығындар жатады, яғни ол кәсіпорынның іскер белсенділік деңгейіне тәуелді. Бұл - шикізат және негізгі материал шығындары, негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы. Өнім бірлігінің шығыны - тұрақты шама.

2. Тұрақтыға мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне, яғни кәсіпорынның іскер белсенділігінің деңгейіне тәуелді болмайтын шығындар жатады. Мұндай шығындарға үй-ғимараттарды күтіп ұстау, амортизация, жарнама, басқару қызметкерлерінің еңбекақысы және т. б. жатқызуға болады. Өнім бірлігіне есептелген тұрақты шығын өндіріс көлеміне қарай өзгереді - өндіріс көлемі ұлғайтылғанда (кемітілгенде) кемиді (артады) .

Өзгермелі және тұрақты шығындарға нақты шектеу қою, іс жүзінде мүлдем мүмкін емес, өйткені олардың кейбіреуі жартылай өзгермелі болады. Сондықтан олар шартты-тұрақты немесе шартты-өзгермелі деп жиі аталады.

Шығындарды тұрақты және өзгермелі деп бөлу өндіріс көлемінің сыни есебі, пайдалылықты талдау, пайдалылығы, бәсекеге жарамдылығы, шыға-рылған өнімнің ассортименті негізінде болады.

3. Бағалау есебіне қабылданатын және қабылданбайтын алдағы кезең шығындары. Белгілі бір шешімді әзірлеуде бұл мәселеге шығындар мен табыстардың қандай қатысы барын, яғни есепке не алынатынын, не алынбайтынын анықтап алу қажет.

Есепке алынған шығындар мен табыстар - бұл шешім қабылдауға әсерін тигізген алдағы кезеңнің шығындары мен табыстары, ал есепке алынбағаны - қабылданған шешімге қатысы болмайды.

Мысалы. Кәсіпорын 100 мың теңгеге шикізат сатып алды, алайда оны келешекте пайдалану немесе өткізу мүмкін болмайды. Бір сатып алушыдан ғана 250 мың теңгеден артық жоғарылатқысы келмеген баға бойынша осы шикізаттан өндірілген өнімді сатып алуға дайын сұраныс кеп түсті. Шикізат-ты қайта өңдеу мен дайын өнім шығарудың шығыны алдын ала есеп бойынша 200 мың теңгені құрады. Бұл жағдайда шикізат шығынының сомасы шешім қабылдауда ескерілмейді, өйткені ол тапсырыстың қабылданатынына немесе қабылданбайтынына қарамастан өзгеріссіз қалады. Шикізатты қайта өңдеу шығыны назарға алынады, өйткені кәсіпорын қызметінің ақырғы нәтижесі соған байланысты болады.

Бұл схема түрінде былай көрінеді:

Кәсіпорын шешімі
Кәсіпорын шешімі: Тапсырысты қабылдамау
Тапсырысты қабылдау
Кәсіпорын шешімі: Өндіріс процесіне талап етілмеген шикізаттың құны - 100 мың теңге
Шикізаттың құны - 100 мың теңге
Кәсіпорын шешімі: Талап етілмеген шикізат тұрғысындағы кәсіпорынның шеккен зияны - 100 мың теңге
Қайта құру шығыны - 200 мың теңге
Кәсіпорын шешімі:
Дайын өнімдердің түсімі - 250 теңге
Кәсіпорын шешімі:
Осы операция бойынша қызметтің (залалдың) қаржылық нәтижесі - 50 мың теңге

Осылайша, шығындарды ескеру арқылы кәсіпорын 50 мың теңгеге пайда табады, өйткені, егер тапсырыс қабылданбайтын болса, онда кәсіпорынның шегетін зияны 50 мың теңге емес, 100 мың теңге болады екен.

4. Қайтарылмайтын шығындар немесе аяқталған кезең шығын-дары. Бұл шығындар - қандай да бір шешімдердің пайдасы үшін болатын түйін (таңдау, байлам) осы шығынның сомасына ешқандай әсерін тигізе алмайтын, сатып алынған ресурстардың құнын білдіреді. Ол бұрын қабыл-данған шешімнің нәтижесінде пайда болады және келешекте пайдаланатын шешімдер оны өзгерте алмайды. Талап етілмей (сол күйінше) қалған 100 мың теңге сомасындағы шикізат шығыны қайтарылмайтын үлгісі бола алады.

5. Жүктелген шығындар (Вмененные затраты) . Бұл шығындар - басқасынан бас тартуды талап ететін әлдебір баламалы әрекет бағамының түйінін құрбан етілуі немесе жоғалуы мүмкін сипатын білдіреді. «Жүктелген шығындар» ұғымы тек ресурстар шектеулі болған жағдайда ғана қолданыла-ды. Ресурстар шектеулі болмайтын жерде бірдемені құрбан етудің қажеті болмайды.

Мысалы, кәсіпорынның әзірленуі 200 сағат өңдеуді талап ететін арнайы бөлшектердің бірқатар партияларын өндіруге келісімшарт бекітуге мүмкіндігі бар.

Осы сәтте құрал-сайман 100 мың теңге табыс түсіретін бөлшектерді өңдеп, толық күшінде жұмыс істеп тұр. Келісімшартты бекітуге бұрын өндірілген бөлшектердің шығарылымын кеміту мен шығынды 300 мың теңгеге арттыруға талап қойылды.

Егер кәсіпорын бұл келісімшартқа отыратын болса, онда ол 100 мың теңге табысқа зиян келтіреді. Бұл сома жүктелген шығындар болып табыла-ды және шығынның бір бөлігі ретінде ескеруі керек, ал аз уақыттың ішінде пайда түсіруге қабілетті келісімшарттың жалпы сомасы жоқ дегенде 400 мың теңгені (300+100) құрауы керек.

6. Инкрементті және маржиналдық шығындар мен табыстар. Инкрементті шығындар мен табыстар қосымша болып табылады және өнім бірліктерінің қандай да бір қосымша топтарына дайындау және сату нәтижесінде пайда болады. Ол көп жағынан маржиналдық шығындар мен табыстарға ұқсас. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық - соңғысы өнім бірлігінің қосымша шығындары мен табыстарын білдірсе, алдыңғысы өз мәнінде қосымша шығын болып, өнім бірлігінің тұтас тобын өндіру көлемін ұлғайтудың нәтижесі болып табылады.

7. Маржиналдық табыстар - бұл өнімді сатудан түскен түсім мен өзгермелі шығындар бойынша есептелген оның толық емес өзіндік құндары арасындағы айырмашылық. Маржиналдық табыстың құрамына кәсіпорын-ның табысы мен тұрақты шығыны кіреді. Маржиналдық табыстан тұрақты шығынды шегеріп тастағаннан кейін операциялық пайданың көрсеткіші қалыптасады.

8. Жоспарлы - бұл нормативтерге, лимиттерге сәйкес өндірістің белгілі бір көлеміне есептелген шығындар. Ол өнімнің жоспарлы өзіндік құнына қосылады.

9. Жоспарланбаған - өнімнің нақты өзіндік құнында көрсетілетін шығындар.

10. Релеванттық және релеванттық емес шығындар - оңтайлы басқа-ру шешімін іріктеуде назарға алынатын шығындар. Мұндай талдауда тек шамасы осы немесе басқа шешімдерге байланысты шығындар ғана ескері-леді. Мұндай шығындар релеванттық деп аталады, яғни елеулі немесе маңыз-ды деп саналады. Шамасы қабылданған шешімге тәуелсіз шығын релевант-тық емес (иррелевантты) және нұсқаларды бағалау барысында ескерілмейді.

Релеванттық, әдетте, өзгермелі шығындар болса, ал иррелевантты - тұрақты. Алайда, өзгермелі шығындар иррелевантты ретінде болатын жағдайлар да болуы мүмкін.

Мысалы, фирма өндірістік алаңды және өндірістік жабдықты жалға алды делік. Жалдық келісімшарттағы мерзімінің ішінде ол өндірістік-қаржылық қызметтің баға, көлем және басқа көрсеткіштер бойынша қандай шешім қабылданатынына қарамастан белгілі бір жалдың төлемін жүзеге асыруы қажет, мұндай жағдайда жалдың ақысы релеванттық емес шығынды білдіре-ді. Алайда жалдаудың мерзімі біткенде, оның шарттары, егер фирма басшы-лығы жалдың ақысы жалға алынған алаңда (жабдықпен) өндірілген өнімді сату көлемінен тым жоғары деп санайтын болса, жалдау объектілерінің саны, алаңдары, жалдық ақы мөлшерлемелерінің бір бөлігі қайта қарастырылуы мүмкін. Әрі-беріден соң, бұл өнімді өндіруден мүлдем бас тарту мақсатқа лайықты болуы ықтимал. Осылайша, жалдық ақы түріндегі тұрақты шығын басқарушылық шешімнің нұсқасына қарай өзгереді.

Шығындарды релеванттық және релеванттық емес деп бөлудің негізінде мына аспектілер талданады:

  • әлдеқайда төменгі баға бойынша қосымша тапсырысты қабылдаудың мақсатқа лайықтылығы;
  • «сатып алу әлде өндіру» жағдайы;
  • шектеу факторлары бар кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы;
  • өндірістің зиян шектіруші элементін (немесе басқаны) тартудың мақсатқа лайықтылығы.

11. Өндіріс көлеміне қатысты шығын динамикасы. Дұрыс шешім қабылдау үшін өндіріс көлеміне қарай шығындардың қалай өзгеретінін білу аса маңызды.

Егер кәсіпорын тауар, қызмет өндірудің көлемін елеулі көтеретін болса, онда тауарларды көптеп өндіруге қажетті ресурстардың да саны артуы керек, ал өндіріс көлемін ұлғайту шығынның өсуіне әкеледі. Алайда, көптеген жағдайларда проценттік өсуде өндіріс көлемінің тиісті өсуіне қарағанда шығын аз болады. Бұл қалай болатынын түсіну үшін тұрақты және өзгермелі шығындар ұғымына үңілеміз. Өзгермелі шығындарға жалпы сомасы өндіріс көлемінің өзгерісіне тікелей үйлесімді (пропорционал) өзгеретін өндіріс шығындары жатады. Мәселен, егер шығарылым 10 %-ке артатын болса, өнді-рістің өзгермелі шығынының жалпы сомасы да 10 %-ке өседі.

Тұрақты шығындар - жалпы сомасы өндіріс көлем өзгерсе де өзгеріссіз қалатын белгілі бір кезеңіндегі шығынның бір бөлігі. Үй-жайларды жалдау ақысы, қызмет көрсетуші қызметкердің еңбекақысы және уақыт өткен сайын өсуі мүмкін, бірақ өндіріс көлемінің өзгерісіне тікелей үйлесімді өзгермейтін басқа да шығындар тұрақты шығынның үлгілері бола алады. Залалсыздықты талдаудың тағы бір мәселесі - дайын өнімдердің өзіндік құндарына қосыла-тын барлық шығындарды іс жүзінде тұрақтыға немесе өзгермеліге нақты бөлу мүмкін емес. Шығынның бір бөлігі жартылай өзгермелі немесе жартылай тұрақты сипатында болады, ал кейбіреулері белгілі бір жағдайда өздерін тұрақты шығындар басқа кезде - өзгермелі ретінде көрсетіледі.

Тұрақты бөлігінде - телефонды пайдаланғаны үшін абоненттік төлем кіретін, ал өзгермелі бөлігінде - халықаралық байланыстың (сөйлесудің) ақысы алынатын телефонды пайдаланудың төлемақысы ішінара өзгермелі шығынның үлгісі бола алады.

Шығынды тұрақтыға және өзгермеліге шектеу, әдетте, өндіріс көлемінің өзгерісі кезінде жиынтық шығындардың өзгерісімен анықталады.

Былай, өндіріске қатысты пайдаланылған негізгі өндірістік материалдар өзгермелі шығын ретінде қарастырылады, өйткені өндіріс көлемінің ұлғаюы-мен қатар негізгі өндірістік материалдардың шығыны үйлесімділігін бұзбай өзгереді. Шаруашылық қызметтің көлемін сипаттау үшін өндіріс көлемінің көрсеткіші пайдаланылады. Саудалық-өткізу шығыны өнім бірлігінің өткізу санына қатысты өзгермелі шығын болып табылады, ал өндіріс көлемінде - ол міндетті болып табылмайды. Өндіріс көлемі мен өткізу көлемі әрдайым бірдей бола бермейді. Тұрпатты өзгермеліге шикізат пен материал қосалқы бөлшектер мен құрастырушы бөлшектер, жұмысшы күші және шығындар жатады.

Тұрақты шығынның жалпы сомасы өндіріс көлемі өзгергенде өзгеріссіз қалады. Жалдың ақысы, негізгі құрал-жабдықтың амортизациясы, қызметкерлердің еңбекақысы тұрақты шығынның үлгісі болып табылады.

«Тұрақты» және «өзгермелі» ұғымдары өнім бірлігінің есебіндегі шығындарға емес, жиынтық шығынға қатысты, ал олардың жалпы саны өндіріс көлемінің өзгерісіне үйлесімділігін бұзбай өзгереді. Өнім бірлігінің тұрақты шығыны өндіріс көлемінің өсу дәрежесіне қарай кемиді, ал оның кему дәрежесіне қарай артады. Алайда, жиынтық шығын өзгеріссіз қалады.

Жоспарлау барысында тұрақты шығын жиынтықталған тұрақты шығын ретінде, ал өзгермілі шығын - өнім бірлігінің өзгермілі шығыны ретінде қарастырылады. Тұрақты және өзгермелі шығындардың мінез-құлықтық нұсқалары келесі кестеде келтірілген.

Өндіріс көлемінің өзгеруі барысындағы шығындардың мінез-құлқы

Шығын тұрпаты
Жиынтық шығындар
Өнім бірлігінің шығындары
Шығын тұрпаты: Тұрақты шығындар
Жиынтық шығындар: Өзгермеген
Өнім бірлігінің шығындары: Кері үйлесімді өзгереді
Шығын тұрпаты: Өзгермелі шығындар
Жиынтық шығындар: Үйлесімділігін бұзбай өзгереді
Өнім бірлігінің шығындары: Өзгермеген

Шығындарды тұрақтыға және өзгермеліге бөлгенде мынаны есте ұстау қажет: оларды осылайша жіктеу тек белгілі бір шекте ғана болады, немесе былайша айтқанда, түсім мен шығынның арасындағы ерекше қатынас сақталатын - тұрақты шығын осы саладағы және осы уақыттағы релеванттыққа тұрақты қатынаста болатын - релеванттық саласында ғана жүзеге асырылмақ.

Өндіріс процесі бәрінен бұрын тұрақты және өзгермелі шығындардан тұратын аралас шығындармен сипатталады. Мысалы, көліктік қызмет көрсету, яғни жүк тасымалдаудың шығынын анықтауда тұрақты (көліктік құрал-жабдықтың амортизациясы немесе оларды пайдаланғаны үшін жалдаудың ақысы) және өзгермелі (бензин, машина майы, доңғалақ (шина), жөндеу шығындары) шығындарды ескеру қажет. Тұрақты шығын жүріп өткен жолға тұрақты болады, ал өзгермелі шығын рейс (сапар) санына үйлесімді.

3. Жедел шешім қабылдау

3. 1 Шектеулер арқылы басқару

Мысалы, адам-сағаттағы немесе машина-сағаттағы шектеулі өндіріс қуатындағы өндірістік бағдарламаны қалыптастыру барысында аса көп емес пайда түсіретін бірқатар өнім түрлерін (қызмет, тапсырыс) жиі таңдауға тура келеді.

Пайданы арттыру мақсатында қандай өнімді (өнімдерді) өндіру (сату) керектігін анықтау үшін маржиналдық табысты пайдаланған тиімді. Бухгалтер ең алдымен әрбір өнімнің маржиналдық табысын белгілеуі керек, сонан соң маржиналдық табысты шектеулі ресурс бірлігіне есептеуі қажет. Шектеу факторын ескеріп, өнім құрылымын анықтауда мына жағдайда қарастырамыз.

Мысалы. Кәсіпорын кестеде келтірілген шартты деректерді пайдалана отырып, А және Ә өнім түрлерін шығарады.

Маржиналдық табыстағы А және Ә өнімдерінің салым ақшалары

Көрсеткіштер
А өнімі
Ә өнімі
Көрсеткіштер: Бірлік бағасы, ақша бірлігімен
А өнімі: 10
Ә өнімі: 15
Көрсеткіштер: Бірліктің өзгермелі шығыны
А өнімі: 7
Ә өнімі: 9
Көрсеткіштер: Үлесті маржиналдық табыс
А өнімі: 3
Ә өнімі: 6
Көрсеткіштер: Маржиналдық табыстың деңгейі, %-пен
А өнімі: 30
Ә өнімі: 40

Маржиналдық табыстың деңгейі өткізуден түскен түсімге маржиналдық табыстың қатынасы ретінде есептеледі (бұл жағдайда бірлік есебінде үлесті маржиналдық табыстың бірлік бағасына қатынасы ретінде болады)

(3:10) · 100 = 30% (6:15) · 100 = 40%.

Кестеде байқалғанда, Ә өнімі маржиналдық табысты көп түсіреді, сондықтан да оны өндіруге жіберу керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық практиканың есебі
Басқару есебіндегі шығындардың жіктелуі
Негізгі өндіріс шығын есебі
Басқарушылық есеп бухгалтерлік есеп жүйесінің элементі ретінде
Көмекші өндіріс есебі
Өндірістік шығындар есебінің ұйымдастырылуы
Шешім қабылдаудағы шығындар классификациясы
Шығындар есебінің мәні мен жіктеудуің табиғаты
Баскару есебіндегі шьғындардың жіктелуі
Шығындардың экономикалық мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz