Химиялық ыдыстар және реактивтер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1
Әдебиеттік шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
1.1
Техникалық қауіпсізділік ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
1.2
Химиялық ыдыстар және реактивтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
5
2
Эксперименттік бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
10
2.1
Титриметрия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10
2.2
Лабораториялық жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
15
2.3
Тұз қышқылың бейтараптандыру әдісі арқылы ... ... ... ... ... ... ... . ... .
15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
19

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
20
Мазмұны

Кіріспе
Оқу тәжірибесі химияны және жаратылыстану пәндерін оқып үйренуге қажетті химиялық білімнің негізін қалап кәсіби дайындық алуға мүмкіндік береді. Сондықтан химия курсының алдына мынадай міндеттер қойылады:
химияның ғылыми негіздерін,маңызды деректер,ұғымдар,химиялық заңдар мен теорияларды зерделеу;
қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып,химиялық тәжірибелерді жасау арқылы заттармен,құрал-жабдықтармен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру және дамыту;
химиядан алған білімін өмірде іске жарата білу біліктілігін қалыптастыру;
Оқу тәжірибесінің негізгі мақсаты: болашақ химия мамандарын курстың жетекші идеясы-заттардың құрамы,құрылысы және қасиеттерінің арасындағы өзара тәуелділікті ашып көрсету, химияның өмірдегі және Республиканың халық шаруашылығындағы ролі, қоршаған ортаны сақтау ұғымдарын қалыптастыру,тұрмыста және еңбек қызметінде заттарды пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру.
Химия-эксперименттік ғылым. Химиялық реакцияның, химиялық зат туралы білімнің қайнар көзі-химиялық эксперимент.Ол маңызды химиялық теориялар мен заңдарды түсіндіреді, маңызды химиялық үдерістер мен олардың жағдайларын көрсетеді, заттар мен олардың қасиеттерін зерттеуге жол ашады. Сондықтан химия пәні оқып үйренуде оқу тәжірибесінің маңызы зор. Онда білімгерлер жалпы кәсіптік пәндерді оқу-зерделеу барысында алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекітіп және тереңдетеді. Себебі олар химиялық тәжірибелерді өз қолдарымен жасап, көздерімен көргеннен кейін есінде өте жақсы сақтайды және олардың логикалық ойының дамуына ғылыми тәжірибелік-ізденістер жүргізудің әдістемесін үйренулеріне үлкен әсерін тигізеді.Бұл 6В05314- Химия білім беру бағдарламасыны жоғары білімді Химия мамандарын дайындауға бағытталған.

1 Әдебиеттік шолу

1.1 Техникалық қауіпсізділік ережесі

Алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып, ондағы қолданылатын заттардың қасиеттерімен, құрал - жабдықтардың нақты өздерімен әрі не үшін қолданылатынын айқындап алу керек. Химиялық кабинетте жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін дүниелердің: бастапқы көмек көрсететін дәріханалық қобдишаның, көзді жуатын айдалған судың, өрт сөндіргіштің, оттың бетін жауып кішігірім өртті сөндіретін жамылғыш пен құм салған ыдыстың, қан тоқтатқыш қоспаның, йод ерітіндісінің т. б. тұрған жерін дәл біліп алу керек. Кез келген жұмысты орындаудан бұрын оқушы үстіне арнайы жұмыс халатын киіп, қажет болса көзіне қорғауыш көзілдірік, тіпті газтұтқыш арнайы тұмылдырық киіп алғаны дұрыс. Аяқ киімнің де жан - жағы жабық болғаны жөн, қолға арнайы қолғап кию де қажет болуы мүмкін. Егер оқушының шашы ұзын болса, оны жинап қою керек.Реактив салынған ыдыстың сыртында жазылған заттың формуласы кем дегенде екі рет қарап, іздеп отырған заттың дәл сол ма айқындап алған жөн.Реактивтерді қолмен ұстауға, дәмін татып көруге болмайды. Егер газ күйіндегі заттың иісін сезгің келсе, оның ыдысын мұрыннан алысырақ ұстап, аздап желпіп көру керек. Оны дұрыс орындауды мұғалім немесе лаборант көрсетіп береді. Реактиві бар ыдыстың аузына үңілмейді, жанынан қарайды. Сынауықтың ашық аузын оқушы өзіне немесе жанындағы адамға қаратып ұстамауы керек.. Артық алынған реактивтің қалғанын қайтадантаза зат салынған ыдысқа салуға немесе құюға болмайды. Кабинетте тек қана таза зат пен таза ыдыс қолданылатынын үнемі есте ұстаған жөн.. Кабинеттегі компютерді, диспенсерді тоққа қосулы қалпында қалдырып кетуге болмайды. Өшіргендігіңе көз т. т. жеткізу қажет.Әсіресе қышқылдармен немесе сілтілермен жұмыс істегенде абай болыңдар! Егер реактив денеге немесе киімге тиіп кетсе, бірден суды көбірек пайдаланып, жуып жіберген дұрыс. Реактивтің әсерінен денедегі аздап күйіп қалған жерді суық ағынды сумен жақсылып шаю керек. Содан кейін барып тиісті дәрігерлік көмек көрсетіледі.
Кабинетте орынсыз жүре беруге, дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресіңдер. Жұмыс соңында қолданылған құрал - жабдықты, реактивтерді, қыздырғыш құралдарды өз орындарына апарып қою керек. Реактивтердің қалдығын ережеге сай мұғаліммен не лаборантпен келісіп алып, аластау керек.
Химиялық реактивтер -- зертханаларда анализ жасауда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында түрлі қосылыстардың химиялық өзгерісін, қасиеттерін, алыну әдістерін анықтау, т.б. мақсаттар үшін қолданылатын химиялық препараттар. Химиялық реактивтер көбіне жеке заттар болғанымен кейбір заттардың қоспасы да (мысалы, петролейн эфирі) реактивтерге жатады. Тазалығына қарай Химиялық реактивтер ерекше тазартылған, химиялық таза, анализ үшін таза, аса тазартылған, техникалық өнім деп бөлінеді. Реактивтердің тазалығы Мемлекеттік стандартқасәйкес болуы керек.. Ауа әсерінен оңай бұзылатын реактивтерді жабық шыны ыдыстарда сақтайды.
Химялық ыдыстар
Зертханалық тәжiрибелер жоғары температураға төзiмдi мөлдiр түссiз шыныдан жасалған ыдыстарда жүргiзiледi. Мұндай ыдыстар көбiнесе құрамында 81% SiO2, 5% Na мен K оксидтерi, 13% B2O3 бар п и р е к с ш ы н ы с ы н а н жасалады. Пирекс шынысының температура әсерінен ұзару коэффициенті өте аз шама, сондықтан пирекс шынысынан жасалған химиялық ыдыстар жоғары температураға төзiмдi,температураның 150-180 0С-қа ауытқуына төтеп бередi, жарылмайды және химиялық реактивтердiң әсерiне де шыдамды болады.
Сонымен қатар зертханалық жұмыстар жасау үшiн ф а р ф о р ы д ы с т а р д а пайдаланылады. Жұқа фарфорыдыстар жоғары температураға төзiмдi, ал қ а л ы ң фарфор ыдыстар жоғарғы температураға төзiмсіз,мортжарылады.
Жұқа фарфор ыдыстар келесі мақсаттар үшін қолданылады:
- ерiтiндiлердi буландырып концентрлеу;
- ылғал заттарды құрғату;
-қатты заттарды күйдіріп қыздыру.
Жұқа фарфор ыдыстар температураның 150о-1800С-қа ауытқуына шыдайды, ал ауытқу бұл мәннен жоғары болса, жарылады. Жұқа фарфор табақшаға құйылған ерiтiндiнi тек құм моншасында, не асбест төселген плитка үстiнде буландыру керек, кәдiмгi плиткада (t0 ≈ 3000С) немесе спирт шамының жалынында (t0 ≈ 5000С) буландыруға болмайды. Судың қайнау температурасы 1000С болғандықтан, плиткада температураның ауытқуы 2000С шамасында, ал спиртовкада 4000С шамасында, сондықтан фарфор табақша жарылады.
Жұқа фарфор ыдыстарды муфель пештерінде 10000С-қа дейiн қыздыруға болады. Ыстық фарфор ыдысты темiр қысқышпен ұстауға болмайды, жарылып кетедi. Сондықтан темір қысқыштардың ұщ жағына резина түтiкше кигiзiледi.

Сурет1.Фарфор ыдыстар
а - жұқа қабырғалы: 1 - стакан, 2 - тиглдер, 3 - буландырғыш табақша, 4 - ожау;
б - қалың қабырғалы: 1 - күрiшкелер, 2 - үккiш, 3 - қатты заттарды алуға арналған қасық пен шпатель; в - қалың қабырғалы Бюхнер воронкасы.
Химиялық зертханада қолданылатын шыныдан жасалған ыдыстарға жатады:
- әртүрлi колбалар (сурет 2),
- цилиндрлер, мензуркалар, градуирленген пробиркалар (сурет 3);
- бюреткалар (сурет 4);
- пипеткалар (сурет 5).
- өлшеуiш колбалар ( сурет 6);
- әртүрлi воронкалар (сурет 7),
- эксикаторлар (сурет 8).
Шыныдан жасалған мына ыдыстар зертханада жиi қолданылады:
Сурет2. Колбалардыңтүрлерi
А - жұқа қабырғалы колбалар: 1 - дөңгелек түптi, 2 - жалпақ түптi, 3- дөңгелек түптi қос мойынды, 4 - конус тәрiздi (Эрленмайер колбасы), 5 - түтiкше бүйiрлi дөңгелек түптi колба (Вюрц колбасы); Б - қалың қабырғалы Бунзен колбасы.
Бұл ыдыстар көбiнесе жоғары температураға төтеп бере алмайтын шыныдан жасалады. Сондықтан цилиндрлердi, мензуркаларды қыздыруға, ыстық ерiтiндi құюға болмайды.
Сонымен қатар жоғары температураға қалың шыныдан жасалған ыдыстар да шыдамайды. Өлшеуiш цилиндрлердiң сыйымдылығы 10 миллилитрден 2 литрге дейiн болады (сурет 3).

Сурет 3. Өлшеуiш ыдыстар
а, б - өлшеуiш цилиндрлер; в, г, д - мензуркалар; е, ж - градуирленген пробиркалар.
Сұйықтың дәл көлемiн өлшеп алу үшiн қолданылады:
- бюреткалар (сурет 4);
- пипеткалар (сурет 5);
Пипеткалардың екi түрi болады:
1.Сұйықтың әртүрлi көлемiн өлшеп алуға арналған градуирленген пипеткалар.
2.Сұйықтың белгiлi бiр көлемiн өлшеп алуға арналған шектелген сыйымдылығы көрсетiлген пипеткалар.Олар: 5, 10, 15, 20, 25, 50, 100 миллилитрлiк болады.Бюреткалар көбiнесе аналитикалық химияда титриметриялық анализде титрлеуге кеткен титранттың дәл көлемiн анықтау үшiн пайдаланылады.
Өлшеуіш колбалар (сурет 6) судың белгілі көлемінде заттың дәл массасын еріту арқылы титрі белгілі ерітінді дайындау үшін қолданылады. Өлшеуіш колбалардың бүйірінде олардың сыйымдылығы көрсетілген: 50, 100, 200, 250, 500, 1000 миллилитрлік. Өлшеуіш колбалар титриметриялық анализде стандартты ерітінделер дайындау үшін пайдаланылады.

Сурет 6. Өлшеуiш колбалар
Химиялық зертханада шыныдан жасалған әртүрлi воронкалар (сурет 7) кең қолданылады:
Конусты воронкалар пайдаланылады:
- с ұ й ы қ т ы жiңiшке мойынды аузы тар ыдысқа қ ұ ю ү ш i н;
- с ү з у ү ш і н, яғни ерiмейтiн затты сұйықтан бөлiп алу үшiн.
Ұнтақтарды аузы тар ыдысқа ұнтақтық воронкаларкөмегiмен көшiредi. Араласпайтын сұйықтар бiр-бiрiнен бөлгiш воронкалар көмегiмен бөлiнiп алынады

Сурет 7. Воронкалар
1 - конустық , 2 - ұнтақтық , 3 - тамшылатқыш, 4 - бөлгiш.
Химиялық ыдыстарды жуу әдiстерi
Зертханалық жұмысты орындағаннан кейiн пайдаланылған ыдыстар iшiндегi заттарды Қалдық ( с л и в) деп жазылған банкаға төгiп, iлезде ершпен жуып, бiрнеше рет дистильденген сумен шайып, кептiргiшке қою керек. Өйтпеген жағдайда ыдысты жуу қиынға соғады. Себебi ыдыстардағы ерiтiндiлердiң суы ұшып құрғайды. Құрғаған заттар шыны ыдыстың қабырғасына жабысып қатып қалады.Ыдысты жуу әдiсi оның қандай заттармен ластанғанына байланысты. Ластағыш заттар суда жақсы еритiн, суда ерiмейтiн, майлы және суда еру үшiн тотықтыру реакциясына түсiрудi қажет ететiн заттар болуы мүмкiн.
1 Жуу оңайға түседi, егер ыдыс суда ерiгiш затпен ластанса, онда ыдысты ерщпен жуып; дистильденген сумен 2 - 3 рет шаю керек. Ыдыс таза жуылған деп есептеледi, егер ыдыстың iшкi қабырғаларында су тамшылары тұрып қалмай, қабырғамен бiркелкi ақса.
2 Ыдыс майлы заттармен ластанған болса, 10 % Na2CO3, 5-10 % NaOH , не болмаса күнделiктi тұрмыста қолданылатын кiр жуғыш ұнтақтармен щеткалап жуып, жақсылап шаю керек.
3 Кей уақытта ыдыстарды тазарту үшiн ластайтын заттарды тотықтыру керек. Ол үшiн көбiнесе концентрлi күкiрт қышқылынан және калий бихроматынан тұратын өте күшті тотықтырғышқасиетке ие хром қоспасын қолданады. Хром қоспасын дайындау үшін 96% H2SO4-ның 100 миллилитрiне 10 г K2Cr2O7 ұнтағын (кристалдарын) қосып араластырады. Қоспаны қалың қабырғалы аузы жақсы жабылатын ыдыста сақтайды. Дайындалған хром қоспасы ыдыстарды тазартуға талай мәрте қолданылады. Тазартылатын ыдысқа хром қоспасын құйып 15-20 минутке қойып қояды. Көрсетiлген уақыт өткеннен кейiн тазартылатын ыдыстағы хром қоспасын кейiн өз ыдысына қайтарады. Осыдан кейiн ыдысты сумен тазалап жуып, бiрнеше рет шаяды. Кейбiр жағдайларда хром қоспасымен жуған ыдысты калий бихроматының тотықсыздануы нәтижесінде түзілген Cr3+-иондарынан тазарту қиынға соғады. Жасыл түстi Cr3+ -иондарынан арылу үшiн ыдысқа 1% трилон Б (комплексон ІІІ) ерiтiндiсiн құйып 2 сағатқа қойып қояды. Осы уақыт iшiнде Cr3+-иондары комплексонмен реакцияға түседi, осыдан кейiн ыдысты сумен бiрнеше рет шайып тазартып алуға болады. Тазартылып жуылған ыдыстар кептiргiш шкафта 100-1200С-та кептiрiледi.

2 Эксперименттік бөлім
2.1 Титриметрия
Титриметрия (көлемдік анализ) - анықталатын заттың пипеткамен өлшеп алынған дәл көлемін титрлеуге кеткен титранттың көлемін анықтауға негізделген сандық анализ әдісі. Титрантты жұмыс ертіндісі деп те атайды. Титриметриялық анализ әдістерін іске асырудың бірнеше тәсілдері бар: тура титрлеу, кері титрлеу, орнын басып титрлеу.
Тура титрлеу. Өлшеуіш колбада анализденетін ерітіндініің көлемін дистилденген сумен шекті белгіге дейін жеткізеді. Осы ерітіндінің бір бөлігін (аликвотасын) пипеткамен өлшеп алып конусты колбаға көшіріп индикатор қатысында титрантпен титрлейді. Индикатор түсін өзгерткен соң титрлеуді тоқтатып титрлеуге жұмсалған титрант көлемін бюретка бойынша жазып алады.
Кері титрлеу. Еріген зат мөлшерін тура титрлеу тәсілі арқылы анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда (сәйкес индикатор жоқ болғанда; реакция өте баяу жүргенде) қолданылады. Бұл тәсілде екі жұмыс ертіндісі, яғни екі түрлі титрант қолданылады. Анализденетін ертіндіге бірінші титранттың белгілі көлемі артық мөлшерде құйылады. Анықталатын затпен бірінші титранттың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ветеринариялық лаборатория. Жазым бола қалған жағдайда көрсетілетін бірінші көмек
Зертханалық жұмыстарға дайындалу
Химия зертханаларында сақталатын қауіпсіздік ережелері
Химиялық реактивтер. Химиялық реактивтермен жұмыс істеу техникасы
Химиялық байланыс және зат құрылысы
Ветеринарлық медицина мамандығы бойынша зертқаналық - практикалық сабақ өткізудің әдістемелік нұсқаулары
Биохимия лабораториясы
Ветеринариялық лабораториялардың ветеринария саласындағы негізгі қызметі
Практика жетекшісі
Биопрепараттар
Пәндер