Қалампыр түстегі сәнді жадағай


Аңдатпа
Бұл дипломдық жобада жас қыздарға арналған базалық гардероб киімдер топтамасының жобалық-конструкторлық құжаттамасы дайындалды. Біртұтас ассортимент қазіргі заманға сай сән бағыты зерттеледі. Коллекцияға композициялық, конструкторлық және техникалық талдау жүргізілді және осының көмегімен негізгі модель таңдалып алынды. Макет әдісімен тексеріліп, базалық және модельдеу конструкциясы орындалды. Негізгі және туынды лекалдар келтірілып, техникалық өлшемдер табелі құрастырылды. Өңдеу әдісі мен құрал-жабдықтар таңдалып, бұйымның технологиялық тізбегі құрастырылды. Белгіленген модельге рентабельді экономикалық есептеулер жасалынды. Тігін өндірісіндегі еңбек қорғау жағдайлары қарастырылды.
Аннотация
В данном дипломном проекте разработан базовый гардероб для проектно-конструкторская докуметация молодой девушки. Изучены современные направления в моде аналогичного ассортимента. Проведен композиционный, конструкторский и технический анализ моделей аналогов, с помощью которых была выбрана основная модель. На нее разработано базовая и модельная конструкция, которая была апробирована макетным способом. Лекала основные и производные разработанны и составлен табель технических измерений. Выбрана методика обработки и оборудование, приведена технологическая последовательность изделия. Сделаны экономические расчеты рентабельности выпуска данной модели. Расcмотрены условия охраны труда на швейном производстве.
Annotation
In this thesis project developed a basic wardrobe for design documetary young girl. The Modern directions are studied in a similar assortment. The composite, design and technical analysis of models of analogues which is carried out the basic model which has chosen. On it the basic and model design which has been tested in the model way is developed. Basic patterns and derivatives developed and compiled a table of technical measurements. The method of processing and equipment is chosen, the technological sequence of the given is product. There realized an economic calculation of made of the given model. Examined the conditions of labor protection in the garment industry.
КІРІСПЕ
Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты соның ішінде тігін саласы - тұрғындардың әдемі, ең бастысы тиімді жоғары сапалы киіммен қамтамасыз ету. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары тар: мақта, жүн, табиғи былғары. Жеңіл өнеркәсіп - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін, экологиялық жағынан таза және көбінесе әйелдер қызметінің саласы.
Тігін өнеркәсібі - тігін бұйымдары мен киімдерді өндіргіш техникалық және тұрмыста пайдаланатын маталар, трикотаж жаймалры, табиғи түрдегі немесе жасанды терілерді, фурнитураларды өндіретін сала. Қазіргі таңда заман дамыған сайын адамдардың талабы да, талғамы да биік болып келеді. Халықтың сұранысы бойынша киім тек ғана ыңғайлы ғана болмай, сәнді, әдемі әрі сапалы болуы қажет.
Сән өнеркәсібі - дайындалатын бұйымдардың әдемілігі мен көркемдігі, ерекшелік көріністері мен заманға сай болуын қамтамасыз ету бейнесі.
Ал осы күнделікті қажетті киімдерді өндіргіш кәсіпорындарда жеке тапсырыстар бойынша жұмыс жасайтын кәсіпорындар киімді дайындаумен айналысады. Ал жаппай өндіріс орындарында Жаңа технологиялар мен ұйымдастырушылық дәрежесі жоғарғы дәрежеде болады. Жаңадан шыққан құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі арқылы киім сапасының жоғары болуына, уақытты ұтымды пайдалануға, қол жұмысын жеңілдету арқылы кәсіпорындардың жұмыстары жеңіл дәрежеге өтіп жатыр. Киімнің сапасы сонымен қатар, қолданылатын мата түріне, оның дұрыс таңдалуына, модельдің конструкциялық шешімі мен дайындау жұмыстарының жақсы деңгейде дамуына да байланысты болып келеді. Өндірісті ұйымдастыратын прогрессивті нысандарды қолдану, сонымен қатар, озық техника мен технологияны пайдалану, еңбек өнімділігінің өсуі, өнім сапасының жақсаруы үшін маңызы зор.
Зерттелетін тақырыптың өзектілігі . Классика стилін қолдана отырып, базалық гардеробты құру үшін өз көркемдік ойыма сүйену арқылы заманға сай топтаманы дамыту, жетілдіру болып табылады.
Зерттеу объектілері - Классика стиліндегі базалық гардеробты құру мен қатар безендіру жұмыстарын жүргізу және басшылықтың тарапынан осы жұмысты қолға алуы.
Ұсынылып отырған дипломдық жобаның негізгі мақсаты «Жас қыздарға арналған базалық гардеробты дайындау» жобасы бойынша жастар талабына сай сән бағытын қалыптастыра отырып, түстері сан алуан классика жанрындағы киімдерді ұйымдастыру, тұтынушыларға ыңғайлы, қонымды болатын сән үлгісін таңдау мен сол бұйымды жоспарлау, тігу және өңделу ерекшеліктерін көрсету. Бұл дипломдық жобада бұйымдарды дайындау үшін жоғарғы көқарастарды қажет етеді. Басты мақсатқа жетуге ынталандырады, яғни бұйымның көркемділігі, сән талабына сай болуы, әсерлілігі, сол бұйымды киетін адамның ерекшеленуіне лайықты киінуге көмек болып табылады.
Киім жобалау кезінде барынша ғылым, техниканың соңғы жетістіктері, қолданбалы өнер, таңдалған оңтайлы конструктивтік және композициялық шешімі, бұйымдарды тиісті құру, жоғары эстетикалық және утилитарлық қасиеттері, пайдалануы қажет, және этнососоциалды тұтынушылар топтарының түрлі талғамына жауап беретін болуы тиіс.
Әрбір қыз баласы, әйел адамының күнделікті үлкен мәселесінің бірі - күнделікті киюге арналған киім мәселесі мен оларды үйлесімді етіп кию мәселелері болып табылады. Сондықтан да бұл мәселені жетілдіру мен жеңілдету мақсатында дипломдық жобада базалық гардеробты дайындау шешімін талдау жұмыстары жүргізіледі.
Дипломдық жобаның міндеттері:
- Классика стилінде базалық киім белгілері мен сипаттары;
- Тарихи зерттелуі мен дамуын қарастыру;
- Көркемдік бөлімінде заманға сай қылып түстік шешімдерді шешу арқылы бұйымның эскизін құру;
- Конструкторлық бөлімде құрастыру тәсілін таңдап, бұйым лекалосын құру;
- Технологиялық тігін жабдықтары мен өңдеу амалдарын таңдай отырып, бұйымның технологиялық түйіндерін дайындау;
- Экономикалық бөлімде бұйымға кеткен шығынды есептей отырып, өзіндік бағасы мен сату бағасын есептеу мен тиімділікті анықтау;
- Еңбекті қорғау бөлімінде сақтық шаралары мен жалпы техникалық қауіпсіздік ережелерін ескеру;
Жеңіл өнеркәсіп көп салалы өндіріс. Оның негізгілері - тоқыма, тігін, мақта-мата, былғары, тері илеу салалары. Жеңіл өнеркәсіп (кей жағдайда болмаса) - материал еңбекті көп қажет ететін, экологиялық жағынан «таза» және көбінесе «әйелдер» қызметінің саласы. Өнеркәсіптің өнімі және өңделген шикізатты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Бұл оның салаларының таралып орналасу «бейнесін» көрсетеді. Тігін өнеркәсібі қазіргі таңда заман дамыған сайын адамдардың талабы да, талғамы да биік болып келеді. Халықтың сұранысы бойынша киім тек ғана ыңғайлы ғана болмай, сәнді, әдемі әрі сапалы болуы қажет [1] .
Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сәнде үнемі жаңарыпотырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адамжеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білуде өнер. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тарағананықтамалардың бірі-әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты, киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарайалатынының белгісі болып табылады. Киімді жарасымды етіп пішу-қонымды киімдердің кепілі екенін ұмытпауымыз керек. Сонымен қатар киім адамды қоршаған ортаның табиғаттың түрлі әсерлеріненқорғайды оны тұтыну мәні мен бірге қызмет ететін маңызы бар. Киімнің шығуы адам еңбегінің ерекшелігіне қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің дамуына тығыз байланысты. Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғыммен бейнелейтін сәнмен ерекше байланыста болады.
1Жобалық-композициялық бөлім
1. 1 Шығармашылық көзді зерттеу
Классикалық стиль - нәзіктік пен үйлесімді, элеганттты (өзгермейтін стиль) салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге ұшырай қоймайтын киім түрлері кіреді. Оның негізгі белгілері - форманың тұрақтылығы, адамды іскер, ұстамды етіп көрсету, мінсіздігі, қолайлылығы, беріктігі, сенімді етіп бейнелеуі. Ерлердің классикалық киімдеріне - костюм шалбар немесе тек шалбардың өзі, жакет - костюм, ағылшын пәлтесі, жадағай, ал әйелдердің классикалық киіміне - жеңді көйлек жакетімен, белдемше, блузка немесе жакет, шалбар мен жакет - жейде кіреді. Қазіргі таңда классикалық киімдер аясы ерлер үшін де, әйелдер үшін де трикотаж күртешелердің ештеңеге міндеттемейтін еркін түрлерінің енуіне байланысты біршама кеңеюде.
Бастапқыда бұл стиль түрі тек ерлерге арналған болса да, заман дамуы арқылы әйелдердің де киімінің құрамына ерлер пиджагі, жейдесі, шалбары түпкілікті енді.
Классикалық стиль:
• Қимылға кедергі келтірмейді, ыңғайлы;
• Нәзік реңкті немесе ұсақ суретті жоғары сапалы мата;
• Түстері қатты ашық емес және нәзік;
• Аксесуарлары мен әшекейлері ұстамды;
• Орташа өкшелі немесе өкшесіз жайпақ аяқ - киімдер.
Түрлі жастағы топтарға түрлі бағыттағы модельдер ұсынылған. Киімнің классикалық стилі латын тілінен «жоғары санаттағы, үлгілі және бірінші классқа жататын» дегенді ұғымды білдіреді. Кең мағынада көбінесе өнегеліні, мінезді, типтік, өкілдік деген мағыналарда қолданылады.
Әйелдің классикалық стилінің пайда болуында, Coco Chanel сияқты әдемі әйел-сән дизайнері болды. Ол сәнқойларға арнап тізе астындағы белдемше, блузкалармен немесе курткалармен толықтырған. Алғашында классикалық стильдің әйелдік элементі ретінде Коко кез-келген жағдайда және кез-келген әйелге сәйкес келетін атақты кішкентай қара көйлегін құрды. Бұл кез-келген жағдайдан құтқара алатын классикалық көйлектер, қатал және талғампаз болуы мүмкін әйелдердің сеніміне ие болған ұлы Коконың өнертабысы болды [2] .
Классиктердің ең танымал ізбасарлары Одри Хепберн және Маргарет Тэтчер болды. Олар әйелдікке, талғампаздыққа, табысқа жетуге ұмтылған. Көп жағдайларда олар классикалық стильде киім киетін болды (сурет 1) .
Әйелдердің классикалық киіміндегі басты мотив - ашық эротизмнің болмауы. Иә, түстер фантазияның заманауи дизайн рейсі үшін қол жетімді барлық түстер мен реңктермен бірден көзге көрінбейді. Бірақ қызықсы да емес, бірақ лайықты және сыпайы, сондай-ақ талғамды және сәнді. Өзінің құрылған сәтінен бастап киімнің классикалық стилі оның иесінің қадір-қасиетін, оның құрметтелуін, дәйектілігін, ақыл-ойын, ұтымдылығын, үйлесімділігін, асыл шеберлігін және кәсібилігін көрсетеді.
Cурет 1. Шанель ұсынған кішкентай қара көйлек
Cурет 2. 1926 жылы алғаш шыққан классика үлгісіндегі көйлек
Бұл қара классикалық көйлектің шығу тарихы Коко Шанельдің сүіктісі Бой Кейптің 1926 жылғы қайтыс болуына байланысты болды. Коко ол уақытта ашық түсті киім кие алмағандықтан, дәл осы қара көйлекті жерлеу рәсіміне арнап ойлап шығарды. Осы уақытта сәнде көлемі үлкен көйлектер мен шляпалар сәнде болған. Қара көйлекті кигенін әйелдер көріп, оның үстінен мазақ қылған. Бірақ жарты жыл өткеннен соң дәл осы қара көйлекке тапсырыстар өте көп мөлшерде келе бастады [3] .
Оның айтуы бойынша сән үнемі өзгерісте болады, ал стиль өз орнында қалады деген пікір қалдырған, дегенмен бұл сөзі ақиқат (сурет 2) .
Кіші қара көйлек - әмбебап киімнің түрі. Бұл көйлек кез-келген жағдайдан әйелді сәнді етіп көрсете алады.
Киімнің барлық элементтері бір-бірімен жақсы араласып, ансамбльді толықтырып тұруы керек. Белдемше, курткалар, көйлектер, блузкалар мен шалбарлар заманауи сән үрдістеріне сәйкес керемет түрде топтастырылуы қажет болып келеді. Ал ойлы- пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойымен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып, оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Керекті алқалар мен әшекейлерге келетін болсақ, олар өте шектеулі мөлшерде ғана рұқсат етіледі. Әрбір элемент дәлелденген және дәл анықталуы керек, себебі өте қарапайым әйелдің бейнесін, әсіресе жарқын және әдемі аксессуардың көмегімен, қатаң және талғампаз костюміне емес, сонымен қатар нәзіктігін көрсетіп тұруы қажет. Ал түстік шешімге келетін болсақ, классикалық киім стилі жарқын түстерді және өткір түсті контрасттарды қабылдамайды. Стильдің негізгі реңктері - қара, қоңыр, башық қоңыр, барлық сұр реңктері сұр, көгілдір және тіпті карамель түстері жатады. Суреттерден жолақ, торға және «тәждің аяғы» сияқты өрнекетермен бейнеленген мата түрлері де жатады. Дегенмен гүлдер, қояндар немесе пальпинді мата жолақтары бар киімдер классика жанрына сай келмейді. Зерттеу мен қадір-қасиетті дамыту классикалық киім үлгісіне айналды, оның аватары мен баннері ретінде - Коко Чанельдің жасаған қара қара көйлегшін айтуға болады. Стильді болу - индивидуалдылық және басқалардан ерекшеленуді білдіреді. Бәрі де, әлемдегі жетекші стилисттердің есімдерін бір-бірінен ажырата алмаса да, тіпті олардың өмір сүруіне күмән келтірмесе де, классикалық киімдер сәннен шықпауын қалайды. Дегенмен, сіздің стиліңізді таңдау үшін, сіздің ерекшеліктеріңіз бен жеке тұлғаларыңыздың назарын аударуыңыз үшін, әйелдер әлемдік тенденциялармен таныс болуыңыз қажет, бұл өте қиын. Ең негізді және дәлелденген уақыттардың бірі классикалық киім стилі, барлық уақытта және кез келген жағдайда маңызды. Ол барлық жастағы әйелдерге, дене тәрбиесінің, қаржылық қабілеттерінің және өз имиджін қалыптастырудағы дағдыларына сай келеді. Классикалық стильдегі аяқ киімнің, жоғары өкшелі, өрескел платформа және қалың кабатты және жарқын, жабысқақ элементтері қиып алынған. Ең әдемі опция төмен талғампаз топсақтағы лодочка болып, онсыз костюмнің тонын ашпайды, бұл аяқты әдемі көрсетіп, салмағы жеңіл болып келеді.
Базалық гардероб - бұл әрбір адамның киім жиынтығы. Ол негізінен киімдердің жиынтығынан және ансамбльінен құралады. Ал гардероб дегеніміз - киімдерді сақтауға арналған шкаф.
Базалық гардероб - минималды классикалық жиынтық болып келеді. Әрбір нәзік жандылар әдемі ғана емес, сонымен қатар сәнді көрінгенді қалайды. Міне, сондықтан да киімді, аяқ киімді және аксессуарларды тек өз талғамына сай ғана қылып таңдамай, сән тенденцияларына да, соңғы үлгіге де қарап таңдайды. Сонымен қатар әрбір нәзік жандылардың киім гардеробының 10 - 15%-ын базалық киімдер құрайды. Дегенмен сән бағыты бір орында тұрмайтын болғандықтан, әр 3 ай сайын базалық гардеробтағы киімдер де ауысып отырады.
Жас қыздардың базалық киім гардеробында қыздарды нәзік етіп көрсететін белдемше, шалбар, шолақ шалбар, көйлек, свитер, туника, пенжек, пәлте, туфли, аксессуарлар жатады.
Джинс шалбары- қазіргі заманда жұрт ішінде пайдаланатын шалбарларының бір түрі.
Мақтадан жасаған мықты деним матасынан тігеді, тікпес бұрын деним матасы индиго өсімдігімен көк түсіне бояулайды. Джинс шалбарын дүние жүзінде кәрі-жас ер адамдар да, әйелдер де киеді. Тек мұсылман мемлекеттерінде әйелдер және дәстүрлерін берік ұстап өз халқын дәстүрлі киімін киетін халықтар (мысалы, папуастар) джинс шалбарын кимейді.
Көйлек - әйелдерге арналған киімнің бір түрі. Бұл әрбір қыз баласының киім гардеробының ажырамас бір бөлігі. Көйлек ең алғаш пішімдердің өзгеруімен ауылдық жадағайдан шықты. XV ғасыр ортасында әйел көйлегі үлкен бел сызығын қынап, терең ойықты әрлеулер, жабық ұзын жең, кеңейтілген ұзын белдемше, кең жағамен ажарланған (сурет 3) .
Cурет 3. Классикалық үлгілегі заманауи қара көйлек түрлері
Көйлектер классикалық стильдің ең қажетті бұйымы болып табылады, қатаң түс, қарапайым сызық сызықтары бар, кішкене кесілген немесе толық жабық түрдегі көйлектер күнделікті мекеме, кеңселерге киюге арналса, киімнің кешкі нұсқасы - тар жейде немесе жұқа таспалар. Көйлектер классикалық стиліндегі күртеге сәйкес болуы міндетті (сурет 4) .
Cурет 4. Классикалық үлгілегі 2018 жылғы сән айнасы
Свитер, жемпір, пуловер- бұл қыс-күз мезгілдерінде жылулық сезіндіретін, қарапайым тоқылған жылы киім-кешек түрі.
Свитер - адамның жоғарғы бөлігіне киетін, тоқылған, ұзын жеңді, ұзын екі немесе үш қабатты ағадан тұрады және ол мойынды қынап тұрады. Ол қалың немесе орташа қалыңдықтағы жүннен немесе жартылай жүннен иірілген жіптен шабақпен, ырғақпен тоқылады немесе тоқыма машиналарында тоқылады.
Солтүстік Еуропалықтар ұлттық күнделікті киімдердің негізінде свитер шықты. Кейіннен синтетикалық маталар қолданды. Әйелдер оны алғаш арықтау үшін киді. Кейіннен свитер спорттық киім түрінде қолданды. Көптеген елдің әскери ұшқыш, теңізші, сүңгуіршілерге де келіп жетті.
Коко Шанель сән әлеміне әйелдерге арналған свитердің көп үлгілерін шығарды. Қазіргі уақытта бұрынғысынша танымал болып қалды. оны джинсымен, белдемшемен киеді.
Туника - ұзартылған блуза немесе қысқартылған көйлек.
Пенжет - ашық түрілме жағалы және түймелерге ілгектелген сырт киімнің бір түрі, костюмнің бір бөлігі.
Пенжетті алғашында тек ерлер киген. Бұл сөз негізінен ағылшынның pea-jacket сөзінен шыққан. Кейіннен заман ағынымен әйелдің де киім гардеробынан орын алды. Ол өте ыңғайлы болып, жұмысқа, жиындарға және көптеген жерлерге киіп баруға болады.
Cурет 5. Сән әлеміндегі ерек орын алатын қара пиджак
Сүртіктің бір түрі - фрак - ол әлі де өз танымалдығын әлі де сақтаған. Кейіннен оны біраз қысқартты және қынады. Ақырындап қамзол пенжекке айналды. Пиджакк-ол жоғары талғамды білдіретін, тарихта жоғары бағаланған сырт киім (сурет 5) .
Пәлте - әйелдер мен ерлердің киімінде маусымаралық деп аталатын су өтпейтін маталардан астар салынып тігілетін жылы пәлте, қысқа пәлте, кеудеше, сулық пәлте т. б. кең тарауда. Оларды жадағай матасынан немесе «болонья» типтес маталарлан тігіледі. Жылы пәлтелердің астарының астына синтетикалық мақта немесе ватин салып, түгелдей немесе әр жерінен сырыл тастайды. Мұндай пәлтелерді бір бағытқа бағытталған тік немесе көлденең ірі шалу тігістермен әшекейленген сәнді болады. Әдетте мұндай пәлтелер спорттық үлгіде тігіледі.
Пәлтенің алғаш прототипі Испанияда заманауи түсінікпен өз қалыптасты және оны қарапайым шаруа киген. Осы уақытта Голландияда испандықтардың қарамағында болып, күлпарасы бар пенжетті сарайға киетін болған. Кейіннен бұл киім түрі Францияда әскери киім ретінде қалыптасты.
Классикалық үлгідегі пәлте алғашында жай ғана сыртқы киім ретінде пайдаланып, сыртқа шыққанда киетін болған. Оның жеңі, алдында түймесі мен түймелігі бар, өңір және жағасы болған. Осылайша пәлте дамып, тіптен күнделікті киетін киім түріне айналған. Кейіннен пәлте түрлері көбейіп, елге әйгілі адамдар жеке дизайнға тапсырыс берген және ол сәнге шыққан. Бұл ғасырда пәлтелер ұзын болып, тізені жапты. Пәлтенің қызметі өз иесін суықтан қорғау және жылулық сыйлау болып табылады (сурет 6) .
Cурет 6. Замануи әйелдер пәлтесі
Туфли-аяқты жауып тұратын, тобыққа жетпейтін аяқ киім түрі болып табылады.
Аксессуар-киімді толықтырып, сәнді етіп көрсетіп тұрушы бұйымдар. Оларға:сөмке, белдік, қолғап, шарф, көзілдірік, түрлі алқалар, шляпа және т. б. жатады.
Жадағай - бұл денсаулықты сақтау мен жаңбыр және суықтан қорғаған. Жадағайды көне заманнан ерлер киген, ал уақыт өте әйелдер де кие бастаған. Оның матасы ауа және ылғал өткізбейтін болуы тиіс болғандықтан, оны тығыз, ылғал өтпейтін материалдан дайындаған (сурет 7) .
Сурет 7. Соңғы сән бағытындағы жадағай түрлері
Оны бастапқыда киген адаманың статусын көрсету мақсатында киген. Яғни қызғыш түстегі жадағайды полковниктер кисе, одан жоғарғы статустағы шенеуніктер ақ түсті жадағай киетін болған. Жадағайды киетін адам қаншалықты бай болса соншалықты керемет етіп жасалатын. Бірақ кейіннен бұл жадағайларды қолтық ойындысы тереңдетіліп, жағалармен өңделетін болған(сурет 8) .
Сурет 8. Ақсүйектерге арналған жадағай үлгісі
Ал су өөткізбейтін жадағайдың тарихы 1823 жылдан бастап өз қарқынын алған. Чарлз Макинтош матаға екі қабаттап каучук төсеу арқылы су өткізбейтін матаның түрін шығарды. Бұл матадан жасалған жадағайлар су өткізбей, суға төзімді болғанымен де қысқы суықта жұмсақтық қасиеті жоғалып, тез сынғыш болып қалды (сурет 9) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz