Жаһандану трендтері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Павлодар қаласы

Химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазіргі әлемдегі Қазақстан

Курстық жұмыс

Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: Жаһандану трендтері

Тақырып: Жаһанданудың ұлттық құндылықтарға әсері

(сөз)

Бірегейлік: %

Орындаған оқушы: Кабиева Назгуль

Жетекші: Тулебаева Б. Т.

Ішкі модератор:

Павлодар қаласы, 2021

Мазмұны

КІРІСПЕ3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ5

1. ЖАҺАНДАНУ ҮДЕРІСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ӨЗЕКТІ МЕ?5

2. ЖАҺАНДАНУ ҮДЕРІСІНІҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНА ӘСЕРІ ҚАНДАЙ?5

3. ЖАҺАНДАНУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?5

4. ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ6

4. 1. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ6

4. 2. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІ6

5. БАҒАЛАУ6

ҚОРЫТЫНДЫ6

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ7

ҚОСЫМША7

Қосымша А7

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда бүкіл әлемде орын алып жатқан жаһандану үрдісінің қоғамға әсер етуі өзекті әрі маңызды мәселелердің біріне жататындығы анық. Осы үрдістің арқасында мемлекеттердің көпшілігі бірыңғай сипаттамаларға ие болып, бірқалыпты жүйеге бірігеді. Жаһандану жалпы әлемде саяси, мәдени, ақпараттық, экономикалық және технологиялық сияқты салаларда еңбектің бөлінуі, капиталдың қозғалысы, еңбек ресурстарының күшеюі, ақпараттық технологиялардың таралуы мен сауда-саттықтың өркендеуінің арқасында іске асады. Бұл табиғи әрі тарихи үрдіс болғандықтан, Қазақстан да басқа мемлекеттер секілді жаһанданудан тыс қалмайды.

Жаһандану үдерісі барлық халықтарды ұлтына, тіліне, мәдениетіне қарамай біріктіру бағытында өтеді. Осындай қарқынды процесстердің нәтижесінде мәдениеті азған, ұлттық құндылықтары сақталынбай қалған мемлекеттер батыстандырудың күшті әрі икемді саясатының құрбаны болып, жеке ұлт ретіндегі ерекшеліктерінен ада болады. Кез келген ұлттың ең басты құндылықтарының бірі - тіл мен діл. Мәселен, қазіргі таңда жаһандану әсерінен ағылшын тілінде 1 миллиардтан астам адам сөйлейді, алайда Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының мәліметтері бойынша, осы 21 ғасырдың соңына қарай әлемдегі ұлт тілдердің жарты бөлігі жоғалып кетеді. Жойылып кету қаупі бар тілдердің қатарына Орталық Сібірдегі кет тілін де жатқызуға болады, себебі оның 200-дей ғана сөйлеушісі қалды. Ағылшын мен орыс тілдерінің үстемдігі қазақ тілінің де жоғалып кетуіне үлкен қауіп тудырады. Қазақстанның өзінде жаһанданудың қоғамдық өмірге тығыз кірігіп кеткендігінің айқын айғақтарын байқауға болады. Қазақстандықтар көбінесе шетелдік әндерді тыңдап, шетелдік тауарларды тұтынады және ғаламторда көбінесе батыстың контентін көруді жақтырады.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев ұлттық құндылықтарды сақтаудың және ұлттық тарихты ұмытпаудың маңыздылығын айғақтау үшін «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту - еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» [1] деп атап кеткен болатын.

Тақырыптың өзектілігі:

Жаһандану құбылысының ықпалы тек саясат пен экономикада көрінбейді, мемлекеттердің мәдени-әлеуметтік саласын да жанайды. Осы үдеріс ұлттық тіл, мәдени мұра, салт-дәстүрлер секілді өмірлік маңызы бар ұлттық құндылықтардың жойылып кетуіне қауіп келтіреді. Бұл курстық жұмыста жаһандану кезеңіндегі ұлттық құндылықтардың өзектілігі, үдерістің мәдениетке әсері, құндылықтардың даму болашағы қарастырылады.

Жобаның мақсаты:

Жаһандану заманындағы Қазақстандағы ұлттық құндылықтардығ өзектілігін анықтап, үдерістің әсерін талдау және даму болашағын анықтау.

Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер анықталды:

  • Қазақстандағы негізгі ұлттық құндылықтарды анықтау, олардың өзектілігі мен маңыздылығын қарастыру
  • Зерттеліп отырған мәселе бойынша ғылыми еңбектермен танысып, жаһандану үдерісінің ұлттық құндылықтарға әсерін бағалау
  • Сауалнама арқылы ұлттық құндылықтардың қоғам ішіндегі мағыздылығын анықтап, даму болашағын бағдарлау

Жобаның зерттеу сұрақтары:

1. Жаһандану үдерісінде ұлттық құндылықтар өзекті ме?

2. Жаһандану үдерісінің Қазақстанның ұлттық құндылықтарына әсері қандай?

3. Жаһандану үдерісіндегі ұлттық құндылықтардың даму болашағы қандай

болмақ?

Зерттеу барысында ақпараттарды жинау мен өңдеудің, сонымен қатар сауалнама әдістері қолданылды. Жасөспірімдердің жаһанданудың ұлттық құндылықтарға әсері мен маңызы туралы ойларын анықтау үшін НЗМ оқушылары арасында сауалнама жүргізілді.

Гипотеза: Егер де жаһанданудың ұлттық құндылықтарға тигізетін әсері анықталса, сол мәліметті қолданып, оларды сақтау мен өркендету бойынша жолдарды іздеп табуға болады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1. ЖАҺАНДАНУ ҮДЕРІСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ӨЗЕКТІ МЕ?

Мәселені нақтырақ ашу үшін алдымен «жаһандану» сөзінің мағынасына назар аудару қажет. Ағылшын тіліндегі «global» сөзі қазақ тіліне «дүниежүзілік» деп аударылады. Оның ғаламдану, жаһандасу, әлемилену секілді синонимдері бар [2] . Қазақ халқының ұлттық құндылықтар жайлы сенімі мен таным-түсінігі ерекше болып табылады. «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» бөлім бастығы А. Асановтың айтуы бойынша, ұлттық құндылықтар тарихи ерекшеліктеріне қарай Отан, тіл, тарих, өнер секілді ұғымдарда көрініс тапқан және белгілі бір этностық қауымдастықтың рухани идеалдарының жиынтығы болып табылады [3] .

Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қор өкілдігі қазіргі замандағы қазақстандықтардың ең басты құндылықтарын анықтау үшін зерттеу жұмысын жүргізген болатын. Сауалнамаға қатысқан барлық 1600 адамның көпшілігінде дәстүрлі құндылықтардың басымдыққа жататындығын байқауға болады. Сауалнамаға қатысушылардың ішіндегі ең маңызды құндылықтарға «ата-ана мен үлкенді құрметтеу» (92, 6%), «қоғамдағы тәртіп» (92%), «салт-дәстүрлер» (89%) мен «жақындарға көмектесу» (92, 8%) жатқызуға болады. Бұл қазақ қоғамында ұлттық құндылықтардың әлі де елеулі орын алатынын көрсетеді. Алматыдағы Фридрих Эберт атындағы қор өкілдігінің басшысы Толғанай Үмбетәлиеваның сараптауы бойынша, «Дәстүрлі құндылықты әркім өзінше түсінеді. Әлеуметтік желідегі жазбаларға қарап, қазақстандықтар үшін азаматтық құндылықтардан гөрі этникалық ерекшеліктер маңыздырақ екенін байқаймыз» [4] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үлгілік оқу бағдарламасының құрылымы
Оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
Мәдени жаһандану ұғымымен танысу
Үлгілер жиынтығы бойынша Лентамен кестелеу технологиясы
Қазақстанның халықаралық деңгейдегі қадамдарын талдау
Мұсылман киімінің дизайн концепциясы мен стилінің дамуы кэжуал стиль
Қашықтан білім беру үрдісіне -жаңа технологияларды белсенді енгізу
Полиэтилен пакеттері
Киімді көп қабатты болу ережелері
Кесілген шалбар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz