Қазақ ұғымындағы түс жору
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ақтөбе қаласының білім бөлімі
№16 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шакиева Аяулым
10-сынып
Фольклордағы түс көру, жору, аян беру. Психологиялық талдау
Бағыты: "Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар"
Секциясы: Әдебиет
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі: Мухамбеталина Мөлдір Казиевна
Ақтөбе - 2021 ж
Ақтөбе қаласы, №16 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Шакиева Аяулымның Фольклордағы түс көру, жору, аян беру. Психологиялық талдау атты ғылыми жобасына
ПІКІР
Шәкиев Аяулымның ғылыми жұмысының тақырыбы өте көлемді. Оқушының оқитын тіліне, жас шамасына, қабілетіне байланысты, тақырыптың тарихын түсініп оқу оқушы үшін қызықты болғанмен, оңай болған жоқ. Екі жыл көлемінде істелген іс ауқымды болды. Жинақталған материалдар үнемі зерделеніп, қорытылып, талқыланып отырды. Ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалды. Үнемі жұмыс менің тарапымнан бағытталып отырды.
Түс көру, жору, аян беру ғалымдардың зерттеулерін талдап, наным - сенімдер мен ырымдардың фольклордағы орнын анықтап көз жеткізді. Ол үшін Бабалар сөзі атты жүзтомдық кітапты оқу шарт екені түсінікті. Әлемнің өзге ұлттары сияқты халқымызбен бірге жасап, қаймағы бұзылмай келе жатқан магиялық фольклордың бір түрі -- түс көру және оны жору. Қазақтың дәстүрлі мәдениетін де ерекше орын алған түс көру мен оны жорудағы түрлі наным-сенімдер, ырымдар адамның ойлау табиғатын, оның жан жүйесіндегі сан алуан сезімдік құбылыстарды танып білуге мүмкіндік беретін баға жетпес құнды деректер болып табылады.
Адамзат жаратылғалы бері өмір мен табиғат құбылыстарын танудың, оның құпия сырларына бойлаудың неше алуан талпыныстарын, қарапайым қағидаға сүйенген ізденістерін жүргізіп келеді. Түс көру адамның бүкіл жан жүйесін танып-білуге ықпал ететіндіктен, Аяулым бұл тылсым көріністерді психологиялық құбылыс ретінде қарастырады. Түсте адам са-насы шеңберден шығып, шетсіз-шексіз әлемді игереді, кеңістік пен уақытқа тәуелді болмайды. Сондықтан түсті көруден гөрі, оны жоруға ерекше мән беріліп отырған.
Аяулымның еңбегі оқушылардың қызығушылықтарын тудырумен қатар, осы тақырыпты зерттеу жұмыстарымен айналысатын адамдарға көмегін тигізеді деген пікірдемін. Ғылыми кеңестің жоғары бағасына лайық деп санаймын.
Қ.Жұбанов атындағы
Ақтөбе өңірлік университетінің
Қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы,
Гумантиарлық ғылымдар магистрі Аребаев Г.Т
Аннотация
Түс жорудың таңдаулы деген бірнеше ғана түрлері, таңдамалы фольклорлық мұралардағы аздаған көркем үзінділері, түс жоруға қатысты наным-сенімдердің бірнеше үлгілері ғана таңдалып, таразыланып, жүйеленіп жинақталды. Нақтылап айтқанда, Түс және оны жору, Халық прозасындағы түс және түс жору, Эпостық жырлардағы түс және оны жору көріністері аталған бөлімдерде халқымыздың бай рухани қазынасында өзіндік орны бар түс көру мен жоруға қатысты көріністер баяндалатын әдеби жәдігерлерден үзінді-лер беріліп отыр. Түс көру, аян беру, оны жору, түс садақасы т.б. секілді көптеген салт-дәстүр, ырым-нанымдары т.б. ұлттық сөз өнеріміздің баға жетпес ұлттық құндылықтары, ол әлі де терең зерттеуді талап ететін тақырып.
Аннотация
Как и у других народов мира, одним из первозданных видов магического фольклора являются сновидения и их толкование.Занимающие особое место в традиционной культуре казахов толкования снов являются ценным источником сведений о ве-рованиях и суевериях народа и его самобытного и своеобразного сознания. В них прослеживаются поиски и объяснения раз личных таинственных явлений и фактов со времени происхождения человека и всей последующей жизни. Сновидения оказывают воздействие на всю природу человека, ученые рассматривают эти видения как психологическое явление. Во сне сознание человека выходит за пределы окружающей яви в бесконечный мир, не подчиняясь законам времени и пространства. Поэтому больше внимания придается не самим снам, а их толкованию.
Аnnotation
Like other peoples of the world, one of the primitive forms of magical folk is the dream sand their interpretation. Interpretation of dream swhich takes a special place in the traditional culture of Kazakhs is a valuable source of information about the belief sand superstitions of the people and their distinctive and original mind. There are searches and explanations of the various mysterious phenomena and facts from the time of the origin of human beings and future life. Dreamshave impact on the whole nature of human, and scientists consider these visions as a psychological phenomenon. In the dream, human mind goes beyond the environment, without being subject tothe laws of time and space. Therefore, more attentionis paid not to the dreams but to their interpretation. About what attention in traditional Kazakh society was paid to the dreams, one can see their interpretation from folklore monuments and consequent superstitions.
Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
І - тарау.Түс жорудың лингво - психологиялық ерекшеліктері
Түс көру, жору, аян беру ғалымдардың зерттеуінде
Қазақ ұғымындағы түс жору
ІІ - тарау. Фольклордағы түс көру, жору, аян беру мен оларға қатысты наным - сенім үлгілері
2.1 Халық прозасындағы түс және оны жору
2.2 Эпикалық жырлардағы түс және оны жору көріністері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Әлемнің өзге ұлттары сияқты халқымызбен бірге жасап, қаймағы бұзылмай келе жатқан магиялық фольклордың бір түрі -- түс көру және оны жору. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде ерекше орын алған түс көру мен оны жорудағы түрлі наным-сенімдер, ырымдар адамның ойлау табиғатын, оның жан жүйесіндегі сан алуан сезімдік құбылыстарды танып білуге мүмкіндік беретін баға жетпес құнды деректер болып табылады.
Адамзат жаратылғалы бері өмір мен табиғат құбылыстарын танудың, оның құпия сырларына бойлаудың неше алуан талпыныстарын, қарапайым қағидаға сүйенген ізденістерістерін жүргізіп келеді. Түс көру адамның бүкіл жан жүйесін танып білуге ықпал ететіндіктен, ғалымдар бұл тылсым көріністерді психологиялық құбылыс ретінде қарастырады. Түсте адам санасы шеңберден шығып, шетсіз-шексіз әлемді игереді, кеңістік пен уақытқа тәуелді болмайды.
Сондықтан түсті көруден гөрі, оны жоруға ерекше мән беріліп отырған. Нақтылап айтқанда, Түс және оны жору, Халық прозасындағы түс және түс жору, Эпостық жырлардағы түс және оны жору көріністері аталған бөлімдерде халқымыздың бай рухани қазынасында өзіндік орны бар түс көру мен жоруға қатысты көріністер баяндалатын әдеби жәдігерлерден үзінділер беріліп отыр. Түс көру, аян беру, оны жору, түс садақасы т.б. секілді көптеген салт-дәстүр, ырым-нанымдары т.б. ұлттық сөз өнеріміздің баға жетпес ұлттық құндылықтары, ол әлі де терең зерттеуді талап ететін тақырып.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақ халқының фольклорлық мұраларында кездесетін, түс көру, аян беру, жоруға қатысты наным-сенімдердің бірнеше үлгілеріне тоқтала отырып, психологиялық талдау жасау.
Зерттеудің жаңалығы. Фольклорлық мұралардағы аздаған көркем үзінділері, түс жоруға қатысты наным-сенімдердің бірнеше үлгілері ғана таңдалып, таразыланып, жүйеленіп жинақталып, психологиялық тұрғыдан талдау жасалынады.
Зерттелу деңгейі. Фольклорға байланысты Бабалар сөзі: Жүз томдық кітаптары І том, Көрұғлы Қазақ халық әдебиеті. Батырлар жыры. Көп томдық. IV том жинақтары мен А.Құралұлы, Ф.Танталиева, Б.Абылқасымов, Қ.Жарықбаев, Г.Смағұлова сынды ғалымдардың зерттеулерінде әр қырынан зерттеу нысанына түсті.
Зерттеудің әдісі. Зерттеу жұмысында қазақ фольклорының түс жоруы зерделеніп, жанрлық және көркемдік ерекшеліктерін ескере отырып, психологиялық талдау әдісі басшылыққа алынды. Зерттеу барысында жинақтау, салыстыру, көркем мәтінді талдау, түсіндіре баяндау сияқты тәсілдер қолданылды.
Зерттеудің қолданыстық маңызы. Зерттеу нәтижелерін қазақ әдебиеті пәні бойынша жүргізілетін курстарда пайдалануға болады
І. Түс жорудың лингво - психологиялық ерекшеліктері
1.1 Түс көру, жору, аян беру ғалымдардың зерттеуінде
Түс деген не? Түс - қарапайым тілмен айтқанда ұйықтап жатқанда көрінген тылсым дүниелер, адамның ұйқыда терең мұхитқа не ғарыш кеңістігіне сүңгуі секілді құбылыс. Түс көру психологияда - қиял процесінің ұйқы кезіндегі енжар бейнесі деп түсіндіріледі.
Түс көруді физиологиялық тұрғыда түсіндірген академик И.П.Павловтың пікірі бойынша ұйқы кезінде ми клеткаларының қызметі толық тежелмейді, кейбір бөлімдері ояу қалпындағыдай жұмыс істей береді. Ми қыртысының осындай бөліктерін "күзетші пункт" деп атайды. Күзетші пункттерде адамның бұрынғы көрген, естіген, дәмін татқан нәрселердің бейнелері (бейнелі ойдың ісін басқаратын оң жақ ми сыңарында) қайта "тіріледі". Түсте ақылға сыймайтын бейнелердің туындауын мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыстың әлсіреп, бірінші сигнал жүйесінің іске қосылып, екінші сөздік сигналдардың толық тежелуімен түсіндіріледі [1].
Осы түстерде алған әсерлердің болып көрмеген қиысулары ретінде түсіндірген И.М. Сеченов адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалардың есепсіз көп фактілері себеп болады деп білді. Адамның дене мүшелеріндегі жайсыздық та әр түрлі түс көруге себеп болады.
Түс көруді зерттеу бейсаналылықты танудың жолы, адамның жан жүйесін түсінуге ықпал етеді деп білген психоаналитиктер түс көруді физиологиялық, соматикалық емес, психологикалық құбылыс деп білген.[2]. Түс көру бар да, одан кейінгі, толығырақ айтсақ оны жақсыға жору бар. Адам түсті көргеннен кейін қорқу, үрейлену, қуану, жылап ояну сияқты түрлі психологиялық процестерді басынан кешіреді.
З.Фрейд 1900жылы Түс жору еңбегінде түс көрудің айқын мазмұнымен қатар тылсым астары да бар, сондықтан түс адамның бейсаналық деңгейіндегі ойларының символдық бейнесі деп білді. К.Юнг бойынша түс көру адам санасынан тыс, оның рухани дүниесіндегі сана мен бейсаналықтың арасын байланыстыратын, болашақты болжайтын транценденталды құбылыс деп санады. Адамның психикалық өмірі бейсаналықтың тереңінен тамыр алады, санамыз болса жанның орасан зор бейсаналық әлемінің аз ғана бөлігін бейнелейді. Түсте сана ұлғайып, кеңістіктік-уақыттық шектер жойылады, адам өзін басқа уақытта, кеңістікте, әлемде, мүлдем басқа күйде сезіне алады [3].
Түстанумен адамзат баласы есте жоқ ескі замандардан айналысып келеді. Біздің қазақ халқынан бөлек, ежелгі гректер мен ассириялықтар, инктер мен ацтектер, вавилондықтар мен кельттер, қытайлар мен жапондар түстану мен түсжору туралы жай ғана еңбектер емес, тұтас бір трактаттар жазып, арнайы түс көру мен жоруға арнап үлкен алтындалған храмдар салған екен. Мәселен, тіпті Мадагаскардың бір патшайымы өзінің түсіне рұқсатсыз кірген қоластындағы адамдарды жазалап, онымен қоймай, өлім жазасына да кесіп отырған.
Сөздікке жүгінер болсақ, түс дегеніміз - ақиқат әлеміне кең ашылған есіктен бұрын болып кеткен, я болашақта болатын оқиғалардың сол күні бірқатар нышандар арқылы тамашалануы, яғни жалпақ тілмен айтқанда, ұйықтап жатқанда көрінген тылсым белгілер [4].
Негізінен түс - адамның күндізгі өмірінің табиғи тәмәмдалуы, жан мен тәннің келесі күнгі жаңаруына дайындығы десек те болады. Енді осы түстің табиғи болмысын сана астарындағы психологиялық үдеріс екендігін жантану ғылымы тұрғысынан зерттеген Ж.Аймауытов былай түсіндіреді: Адамның есі бүтін болмайтын күйлері болады. Сондай күйдің бірі - түс көру. Ұйқы дегеніміз - мерзімді демалыс, тыныс алыс. Ұйықтаған адамда сана не мүлдем болмайды, не кем болады... Шырт ұйқыда жатқанда адам түк сезбейді. Бірер ұйықтап алған соң, ұйқы сергек бола бастайды, ұйқылы-ояу деген күйге келеді. Сондай кезде санамыз кіресілі-шығасылы болып, түс көрсек керек. Түс дегеніміз ояуда көретін нәрселердің пернесі болады. Түсімізде сол пернелерді өңіміздегі екен деп ойлаймыз [5].
Фрейд түсті бейсанаға апаратын патша жолы деп есептеген. Алғашқы үрдіске жататын түс көру механизимдері (алмастыру, қоюландыру, символдау) бейсананың басқа да көріністерінде (қатар әрекеттер, қате сөдер, қате жазулар, қате оқулар) табылады, олардың қасиеттері мен құрылымдары тең келеді. Түс дау-дамайды, үрейді барынша көрсететін жанның табиғи тілі.
Түс көруді талдау әдісі:
Фрейд түсті біреулеп, түс көрушінің түстің әрбір келесі элементіне негізделген еркін ассоциацияларына қатысты талдаған. Сонан соң, түс пен еркін ассоциациялау материалдарын қолдана отырып, ол түстің мағынасын түсіндіріп берген.
Түс көру кезеңдері
- Басталуы;
- Сюжеттің дамуы;
- Кульминация (осында, кенеттен);
- Эпилог;
Түс жору жоспары
Көрген түсті жақсылап жору үшін түс жрушы мен мен түсті көрген адам өзара бірлескен әрекетінің қисынды жоспары жасалған:
- Түсті көрушінің әңгімесі, оның әңгімесін жорушының тыңдауы;
- Түс жорушының (психоаналитиктің) сұрақтары, түс көрушінің ассоциацияларын жинақтау;
- Түс жорушы ұсынған жорамалдар;
- Түсті көруші ұсынған жорамалдардан өзіне ұнағанын таңдауы;
Мысалы, Абылай хан Самарқант шаһарының бетіндегі Жұпар қорығына түсіп, алғаш қонған түні түс көріп, ертеңіне қасындағы түс жоритын қариясына жорытады: Түсімде шатырымның алдына бір жолбарыс келіп шөгіп жатып алады, бұл не қылған жолбарыс деп таң қалып қарап едім, әлгі жолбарысым аю болып кетті. Жаңа жолбарыс еді ғой, қалайша аю болып кетті деп екінші қарағанымда қасқыр болып, онан соң түлкі, ақырында қоян болып кетеді. Осы көргендерімді таң қалып оянып кеттім, - деді. Сонда қария: Жолбарыс көрсең, басыңнан бақыт құсы ұшқаны, баяғыдан бетін қайтпай жүріп, енді жасың жеткен шағында Абылай хан сырттан өліпті деген атқа ұшырамай қайта ғой. Жолбарыстың аю болғаны - сенен соңғы балаларыңның заманы аю заманы болып, жұрт аюдай алысып өтер. Қасқыр болғаны - немерелеріңнің заманында қасқырдай жұлысыпр өтер. Түлкі болғаны - шөбереңнің заманында түлкіше жортып өтер. Қоян болғаны - онан кейінгі заманда қорқып өтер деген екен. Қарияның сөзіне құлақ қойып, Абылай хан Самарқант шаһарына елші жібереді: Ұрыс-жанжалым жоқ, жұртқа амандасып, әулиелерді зиярат қылып қайтамын, - деген екен. К.Юнг түс жорудың басқаша әдісін жасады. Бір адамның көрген түсінің бірі емес, бірнешеуі, сериясы қарастырылады. Көрген түстер бірізділікпен жалғасып, бірте-бірте азды-көпті дәрежеде мағынасы біліне бастайды. Түс - бұл көрушінің өзі жасайтын контекст, яғни мәтін. Бұл мынадай жағдайға ұқсас сияқты, алдымызда белгісіз бір нәрсені жан жағынан ашатын бір мәтін емес, көп мәтіндер жатыр делік, әрбір мәтіннің қиын жерлерін тану үшін бәрін оқып шығуы керек болады. Әрине, әрбір үзіндіні жору оңайлау, бірақ түс жоруда келесі үзінділерде қателер болып қалса, соны түзету үшін бізге барлық кілттерді береді. Психологияда мұны ішкі келісушілік әдісі деп атайды және ол түс, әңгіме, қиял сияқты сапалы материалмен жұмыс жүргізуде кеңінен пайдаланылады [6].
1.2 Қазақ ұғымындағы түс жору
Екі аяқты, жұмыр басты пенделердің арасында түс көрмегендер қатары жоқ болар, сірә? Шырт ұйқыдан ояна сала, түні бойы көрген түстерімізді жори алмай әбігерге түсіп жатамыз. Ерекше түс көре қалсақ, күні бойы өз-өзімізге келе алмай, айналамыздағыларға қайта - қайта айтумен болып, Түс - тәңірдің аяны дегенге сеніп, көрген түсіміздің ненің нышаны екендігін білуге асығамыз. Ал енді біреулеріміз Түс - түлкінің тезегі - деп, қолды бір сілтеп, мән берместен жүре де береміз. Абылай ханның түсін өзіңнен кейінгі ұрпағыңның ұсақталуы деп Бұқар жыраудың жоруы, Шыңғыс ханның қайын атасы Дэй шешеннің түсі, Бабырдың Самарқанд қаласын алар алдындағы және оның өлімге бас байлағандағы көрген түсі, қайда барса өз көрін қазғандарды көрген Қорқыттың түсі, қазақ жерін орыстың басып алу қаупіне алаңдап: "Бұл арадан көшпесең, айтқаныма түспесең, орыс алар қалаңды, шулатар қатын-балаңды, осыны көрдім түсімде! деген Асан Қайғы бабаларымыздың түсі әлі күнге дейін ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай келе жатыр. Бұған химиялық элементтердің периодтық жүйесін түсінде көріп барып тапқан әйгілі Д.Менделеевті де қоссаңыз. Оралхан Бөкей прозасында түс көру және түс жору оқиға мазмұнында көптеп ұшырасады. Жасын әңгімесіндегі Қиялханның түсі, Мұзтау повесіндегі Ақтанның, Құм мінезіндегі Барханның, Бәрі де майдандағы Ақанның түстері шығарманың көркемдік-эстетикалық мазмұнын аша түседі. Жетім бота повесіндегі Тасжанның түс көруі адам мен табиғат ара қатынасындағы маңызды сұрақтарға жауап іздеген философиялық мәнмен ерекшеленеді. Дегенмен, ақиқатқа айналып жатқан түстеріміз қаншама? Түсті жору терең ілімді талап етеді. Әр адам жори алмайды. Әсіресе мына заманда бұл ілімді білетін адам жоқ десе де болады. Егер көрген түсімізді біреуге айтқымыз келсе, тек жақсыларын салих (намаз оқитын, ашықша күнә істемейтін) кісілерге айту керек. Өйткені, салих кісі түс жору ілімін білмеседе, түсті жақсылыққа жорады, сондықтан одан зиян келмейді. Жаман, аралас түстерді ешкімге айпаған жөн! Түстi таңғы уақыттарда жорыған жақсы. Өйткенi бұл кезде жорушының миы тынық, ойы сергек болады, түс көрген кiсi де түсiн есте жақсы ұстайды. Үш уақытта түс жорымаған дұрыс: таңертең күн шығып келе жатқанда, күн тас төбеде тұрғанда, күн қызарып батып бара жатқанда. Түске сенуге бола ма? Түстің астарында ақиқат бары рас, дегенмен, адамға жауапкершілік жүктелетін уақыт - оның ояу кезі. Мәселеге осы тұрғыдан қарағанда, түске жалпыға қатысты деп қарап, объективті түрде баға беруге болмайды, оны әр адам жеке өзіме ғана қатысты деп білгені жөн. Түске қандай шартпен сену мәселесіне осыншалықты сақтықпен қарамаған жағдайда, ол адамды түрлі адасушылыққа ұрындыруы мүмкін. Түс кейде керісінше де жорылады. Түсінде жылау - өңінде күлу, түсінде күлу - өңінде жылау секілді. Кейде көрілген заттың ерекшелігімен де жорылады. Исі жақсы, дәмі қышқыл жеміс болса - екіжүзділік секілді. Түстегі көрілген әрбір қимылдың, заттың өз мәні бар. Мысалы, қолы кесілгенмен, денесінен ажырамаса, оны ұстаса, бұл балаға не бауырға ишарат, ал қолдың денеден ажырап түсіп қалғанын көру, бауыры не баласының жамандыққа ұшырайтынын білдіреді. Түс жоруда түс жорушы үшін аса маңызды үш мәселе бар: 1. Түстегі негізгі заттарды айшықтай білу, оның ерекшеліктерін саралап, жақсылыққа не жамандыққа жататынын ажырата білу. 2. Түсте көрілген әрбір нәрселердің бір-бірімен байланысын құра білу. 3. Мәселеге барынша жіті мән беріп, түстің мазмұнын толықтай ашу. Аталған жайттар өте маңызды болғандықтан, түс жорушылардың қиналатын тұстары да осылар. Өйткені түстегі негізгі нәрселерді тауып, олардың арасында байланыс құра білу керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) түс жорушыларға мынандай кеңес берген: Түсте көрілген заттардың атауларын түстің жорылуына негіз етіп алыңыз. Олардың тұспалды мағыналарын жорамалға салыңыз. (Бірнеше жорамалға келетін) Түс алғашқы жорушыға қарай шынға айналады [7]. Тіл білімінде сөзбен адамды сендіру, иландыру, тіпті ұйытып тастау сияқты тілдік қасиеттерді суггестиялық лингвистикада қарастырады. (Суггестия - қатты сендіру деген мағынада) [8].
Ал түс арқылы иландырып, сендіріп, жұртты соңынан ертуге әрекет жасау - халыққа жасалған үлкен қиянат. Кешелі-бүгінді оның тарихта мысалдары көп. Қазақ дәстүрлі қоғамында да түс көруге бей-жай қарамағанын, мән беріп, мағынасын жорығанын ауыз әдебиеті мұраларынан, ырымдар мен жоралардан көруге болады. Түс көру адамның ырқынан тыс болғандықтан оны көрудің мағынасынан гөрі түсті жоруға көбірек көңіл бөлген. Түсті әрдайым жақсылыққа жорып, ата - бабамыз жақсы түске Түс - балқыған қорғасын, Жақсы түс - сүйінші., Түс - тәңірдің аяны, Түс - құдайдың елшісі Түстің басы бұлғақ келеді: жақсылыққа жорысаң жақсылыққа, жамандыққа жорысаң жамандыққа қарай бұрылып келеді деп нақыл сөз, мақал - мәтелдермен ой түюі осы негізден шықса керек, жаман түске Түс - түлкінің тезегі, жақсы - ісіне сенеді, жаман - түсіне сенеді, , Түс оңалмай - іс оңалмайды, Түсті көруінен емес - жоруынан қорық деп үлкен байыпен қараған.Түсті рухани әлемнің хабаршысы ретінде қабылдау діни танымға жат емес. Түс көруде рухани адамға аян берілетіні, ғайыптан болашақтан хабар берілетіні жайлы көптеген аңыз әңгімелер бар. Құранда аты аталатын Жүсіп пайғамбардың (ғ.с.) түсінде аян алуы мен түс жору ғылымын иеленуі Құдайдың құдіреті деп сенеді. Түс көру мен оны жору діни және рухани танымға жат емес, адамның рухани өміріндегі, психологикалық халіндегі маңызды құбылыс [9].
Сонымен, түс көру мен түсті жорудың адам баласы дамуындағы айрықша процесс екенін айта келе, оны лингвистикалық және психологикалық ерекшеліктеріне бойлай беру болашақтың еншісінде деп білеміз.
ІІ.Фольклордағы түс көру, жору, аян беру мен оларға қатысты наным - сенім үлгілері

Адамзат санасында еріксіз түрде жүзеге асатын психологиялық процесс -- әдеби түстің көркем мәтіндердегі көріністері, оны жорудың символикасы, этнографиялық маңызы т.б. қазақ әдебиеттану ғылымында арнайы зерттелмеген. Адамның ішкі дүниесіне үңілу сондайлық қажеттілік тудыра қоймаған фольклорлық туындыларда бірінші кезекте оқиға және сыртқы құбылыс, оқиғаға қатысты кейіпкердің тағдыры тұрды. Олардың көңіл-күйін, себеп-салдарын жан-жақты талдап, зерттеуге талпыныс жасалмады. Мұндай сыртқы бейнелеу факторлары бүкіл фольклорлық туындыларға, ондағы көркемдік ойлау жүйемізге тән құбылыс болды. Романтикалық сарындағы ескі жыр-дастандарда жеке адамнан гөрі, елді қорғау, жұрт намысы т.б. ұлттық мүдде, халықтық мұрат басты орында еді. Сондықтан да эпостық жырларда жеке тұлғаның тағдыры, тыныс-тіршілігі, көңіл-күйі, адамдық болмысынан гөрі, оның ел үшін еткен ерлігі басым түсіп жатты, оларды идеализациялау бірінші кезекте тұрды. Жеке адам тағдырына деген қызығушылық, оның жан дүниесін зерттеуге, олардың өздерінің ішкі ойларына ерік беріп, сезімдік құбылыстарын талдауға талпыныс туған кезде ғана жаңа мәдениет қалыптасып, әдебиетте психологизм дамыды.
Бірінші, ол эпикалық және лиро-эпостық жырлардағы ғашықтық сезімдер, кейіпкердің күйініш-сүйініші, толғанысы, ел-жұрттың, ата-анасының көңіл-күйлері арқылы көрінді. Алайда олар қарапайым бейнеленіп, ішкі сөз-ойлары тек қана баяндаушының көзқарасы, әңгімесі арқылы берілді. Сондықтан да біздің эпикалық жырларымызда сырттан бақылау басым болып кетеді де, кейіпкердің көңіл-күйлері, жеке бастың жан сезімдері соның көлеңкесінде қалып қояды.
Бертін келе психологизмнің көркемдік бейнелеу құралдары жан-жақты дами бастады. Мәселен, ішкі әлемді бейнелеудің өнімді тәсілдері мен түрлері, авторлық баяндау, көркемдік деталь, көркем мәтінде қолданылған әдеби түс көруді талдау мен оны жору мен жорытуға қатысты наным-сенімдердің көптеген композициялық-баяндау түрлері, психологиялық пейзаж, кейіпкердің сезімдік көңіл-күйін табиғатпен теңестіре суреттеу кеңінен қолданыла бастады. Осылардың нәтижесінде күрделі ішкі әлемді, жан қозғалысын ашу, ой мен іс-әрекеттегі қайшылықтардың себеп-салдарын, сана астарын талдауға, игеруге деген алғашқы баспалдақтар жасалды.
Бір сөзбен айтқанда, психологизм сана астарындағы сфераларды игере бастады. Психологизмнің арнайы композициялық-баяндау түрінің бірі-көркем әдебиеттегі сюжетке кейіпкердің түс көру эпизодын енгізу болып табылады. Түс көру фольклорда таза информациялық және сәуегейлік қызмет атқарса, жазба әдебиетте кейіпкердің ішкі рухани әлемі мен сана сфераларын қазбалай бейнелеудің ең күрделі психологиялық бейнелеу құралы екендігі белгілі.
Түстің адамға ену мерзіміне байланысты этнопсихологиялық ұғым-түсінік жалғыз түркі елдері емес, бүкіл әлем халықтарының көркемдік танымдарында бар табиғи құбылыс. Оны орыс ғалымы И.П.Сахаров Сказания русского народа атты ғылыми еңбегінде былайша түсіндіреді: ...наши старушки различали сны по времени их появления. У них сны бывали: вечерние, полуночные, утренние. Вечерний сон не имел никакой важности; ему мало верили, об нем даже не ворожили. Сон полуночный почитался важным; об нем-то заботились более всего [10].
Бұл жайлар халықтың өмірі мен санасында біте қайнасып жатқан түс көрудің тамыры тереңде, оны жору дәстүрінің аясы да ұшан-теңіз екендігін аңғартады. Фольклорлық ғылыми еңбектерде түс -- мотив саналғанымен, әдебиеттанушы ғалымдар оны көркемдік бейнелеу құралы деп түсіндіреді. Әсіресе адам жанын терең танып, ішкі құпия сезімдерді тереңдей талдап, зерттеуге зер салғысы келетін қаламгерлер өмір шындықтарын эстетикалық, көркемдік деңгейге жеткізу барысында осы кейіпкердің түс көру көрінісіне көп көңіл бөлетіні күмәнсіз. Өйткені адам санасына еніп, оның рухани әлемімен біте қайнасып кеткен халық танымындағы түс көру ішкі психологиялық үдерістерді нанымды беруде орасан зор қызмет атқарады. Мәселен, қарапайым халықтың өмірлік тәжірибелерінен тұжырымдалып, қалыптасқан өмір-түс деген түсінік бертін келе көптеген ақындарда (Пушкинде) сол күйінде адам өмірінің универсалды моделі ретінде терең философиялық астарды, әлемтануды құрайды.
Түсті поэтикалық образдық теңеу сапасында өңім түгіл түсімде көрмеген, түс көргендей болдым, түсім секілді т.б. сияқты тіркес-түсініктердің өмірден өз орнын ойып алғанын, түс көрудің көркемдік ойлау жүйесінде, көркем мәтіндерде тұрақты құбылыс болып, етене еніп кеткенін ескермеу мүмкін емес. Бүгінгі кемелденген, өркениетті көркем прозамызда түс көру тәсілінің қол жеткізген көркемдік жетістігі -- тап сол көне мәдениетте, ауыз әдебиетінде, фольклорлық мұраларда, ұлттық мәдениет мәйегінде әбден-пісіп жетілгендіктің жемісі десек, артық айтқандық емес.
Әдебиеттанушы, жазушы А.Ремизовтың түсінігінше, түс көру -- әдеби тәсіл. Орыс әдебиетінде бұл тәсілсіз көркем шығарма жазылмайды. Десек те біздің ұлттық әдебиеттану ғылымында түс көру тәсілінің көркемдік-бейнелегіштік қасиеті мен қызметі әлі күнге дейін зерттелінбей келеді. Оның басты себебі -- фольклортанушы ғалымдардың түс көруді мифологиялық ой-сананың сәулесі деп, таза көркемдік бейнелеуіштік қасиетіне мән бермегендігінен болса керек.
Мәселен, белгілі фольклортанушы ғалым С.Садырбаев: Тегінде түс көру арқылы ғашық болу салты араб, парсы, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz