Қазақ халық ауыз әдебиеті



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

Р е ф е р а т

Қазақ халық ауыз әдебиеті сынының эстетикалық көріністері

Орындаған : Асқарова Мадина
Тобы ҚтомҚтә 401
Тексерген : Тәңірбергенова Г.К

Ақтөбе 2020
Жоспар

1.Қазақ халық ауыз әдебиеті
2.Қазақ халық ауыз әдебиеті сынының пайда болуы
3.Рахманқұл Бердібайдың сын жанрындағы еңбектері

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі заман талабынан туындайтын мəселелердің бірі - жас ұрпақты жаңа қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты дамыған парасатты адам ретінде қалыптастыру, оның бойында ұлттық психология, ұлттық сананы орнықтыру, əлеуметтік ортадағы, өзін қоршаған дүниедегі табиғат, адам өміріндегі, əдебиет пен өнердегі тұрмыстағы, салт-дəстүрдегі сұлулықты, жақсы мен жаманды ажырата білуге тəрбиелеу. Олай болса, ата- бабаларымыздың салт-дəстүрлерін,əдет- ғұрпын, əдеби, мəдени бай қазынасын баланың зердесіне орнықтырып, парасатты, эстетикалық талғамы жоғары азамат eтіп тəрбиелеп өсіру баршаның міндеті. Ал эстетиканың ғылым ретінде жеке философиялық пəнге айналу кезеңі XVIII ғасырдан басталғаны белгілі. Яғни эстетикалық тəрбие- қоғамдық дамудың əрқилы кезеңдерін бастан өткізіп келе жатқан тарихи құбылыс.
Ал фольклор- тарихи оқиғалар ізімен қиялдау, образдау тəсілі арқылы жасалған көркем сөз байлығының басты бір саласы. Қазақ халқының мəдени жəне рухани байлығын игеруде фольклор жанрларының орны ерекше. Өйткені, жастарға дəстүрлі дүниетанымды түсінуге мүмкіндік беретін халық даналығының қайнар көзі. Егер фольклористика ғылымының тарихи қалыптасуына көз жіберетін болсақ онда оның дамуы мен өсу жолы шартты түрде 3 кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезең-20-30 жылдар аралығы.
Екінші кезең- Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары.
Үшінші кезең Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдар.
Қазақ фольклористикасы 20-шы жылдары айырықша бой көрсетті. Əрине бұл кезеңде Х.Досмұхамедов ,М.Əуезовтың қатысуымен қазақтың батырлық жырлары, басқа да фольклор туындылары жарық көрді. Ал 1930 жылдары қазақтың эпостық жырлары жарық көре бастады.Батырлар жыры, М.Əуезов тапқан Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырының жаңа нұсқасы, айтыстың бірінші кітабы ( С.Мұқановтың сөз басымен) басылды. Қазақ ертегілері мен Алпамыс , Қамбар, Қобыланды сияқты озық үлгілері орыс тіліне аударылып осы кезеңде жарық көрді. 1940 жылдан бастап, фольклористика саласындағы арнаулы зерттеулер өсе түсті. Қ.Жұмалиев пен М.Ғабдуллин ауыз əдебиетіне байланысты оқу құралдарын жазса, Ə.Марғұлан қазақ эпосының түп тегіне қатысты көптеген этнографиялық мақалалар жариялады. Ал сол 1945 жылы Ұлы Отан соғысы кезінде С.Орловтың Казахский героический эпос деген зерттеу жұмысы жарық көрді. Сол жылдары Қазақстанның көрнекті ғалымдары М.Əуезов, Ə.Марғұлан; Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Б.Кенжебаев, Ə.Қоңыратбаевтар қазақ фольклористикасының дамуына елеулі үлес қосты. Кейін 1948 жылы Қазақ əдебиеті тарихының алғашқы томы қазақ фольклорының жанрларын қамтыған үлкен еңбек жарық көрді. Ал кейін 1956 жылдан бастап қазақ фольклоры жақын зерттеле бастады. Кейін М.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты алғаш құрылғаннан бастап, Айтыс (3 томдық), Үш ғасыр жырлайды, жинақтары шығарылды. Қазақ фольклористикасы (1972ж.) , Қазақ фольклористикасының тарихы (1988ж.),Фольклор шындығы (1990 ж.), Бес ғасыр жырлайды (1985 ж.) , Қисса- дастандар (1986 ж.) көп томдық ертегі , айтыс, батырлар жырына арналған ғылыми зерттеулер мен еңбектер шықты.
Жалпы фольклордың негізі ертеде қалыптасқаны белгілі. Сонау замандағы ұлы ғұламалар ( Əл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмұт Қашқари), атақты ақын- ағартушылар ( Шоқан, Ыбырай, Абай) сынды ғұламаларымыз адам бойында адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалаған. Ал сол сара жол деп таныған фольклорды одан əрі дамытқан, елеулі еңбек еткен аға буын өкілдерімізді де айтқанымыз жөн. Айтар болсақ, М.Əуезов, С.Мұқанов, Ə.Марғұлан, М.Ғабдуллин, Қ.Жұмалиев,Х.Сүйіншəлиев, Н.Келімбетов, А.Қыраубаева сынды ғалымдарымыздың есімдерін ерекше деп айтуымызға негіз бар. Негізінде ғылымда халық ауыз əдебиет туындыларын фольклор, ал оны зерттейтін ғылымды фольклористика деп атайды. Жалпы фольклор ұғымын басында халықтың рухани, кейде материалдық мəдениеті деп түсінгенімен, уақыт өте келе оның ауқымы кеңейіп, ел арасындағы аңыздар, ертегілер, өлең жырлар жатқызылды. Қазақ фольклоршылары М.Əуезовтың, М.Ғабдуллиннің еңбектерінде фольклорға ауыз əдебиет ұғымы берілгені, қазақ фольклоршыларының көбі фольклорды əдебиет деп танығаны белгілі.
Демек, ғалымдардың фольклор ұғымдарына байланысты айтылған пікірлерін саралай келіп атадан балаға мирас болып жеткен, көркем сөз, сахна өнері: əн, күй, би, қолданбалы өнер, халық ойындары, тұрмыс-салт жырлары олардың ерекшеліктерін фольклор ұғымына жатқызамыз. Сондықтан да ауыз əдебиет деген ұғымнан гөрі ауқымы кең фольклор терминін қолдану ғылымда нақтырақ секілді.
Ал осы фольклордың ішінде балалар фольклорына зер салайық.
Ал балалар фольклоры дегеніміз- ол мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігіне сəйкес, балалардың өзіндік қиял-армандарын, талаптарын, ой- пікірлерін, айналадағы құбылысты эстетикалық тұрғыдан қабылдау, сезіну мүмкіндіктерін қалыптастыратын халқымыздың ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасы болып табылады. Демек, балалар фольклоры балалардың қызыға да сүйсіне тыңдайтын, шығармашылық қасиеттерін арттыратын, логикалық ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытатын құнды жанр екені анық. Бүгінгі таңда кейбір ғалымдар балалар фольклоры өздері ойлап құрастырған шығарма десе, ал кейбіреулері балаларды тəрбиелеуге арналған шығарма деп жазады. Яғни балалардың психологиялық ерекшеліктеріне сəйкес білім беретін, дамытатын мазмұнды шығармаларды балалар фольклоры деп айтуымызға болады.
Атақты ғалым А.Байтұрсынов мəдени мұрамыздың құнды қазыналарын бір жүйеге келтіріп ғылыми тұрғыда негіздеген. Оның ертегілері, мақал- мəтелдері, өсиет сөздері, қисса- дастандары бүгінгі жас өспірімдерді педагогика негізінде тəрбиелеуде аса құнды. А.Байтұрсынов өз еңбектеріндеөтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш,тақпақ, бесік жыры тəрізді жанрларының мəнін түсіндіріп, эстетикалық тəрбие саласына да ерекше тоқталды.
Сол сияқты атақты ғалымдардың біразы атап айтсақ ( С.Сейфуллин, Ш.Ахметов, Қ.Матыжанов т.б.) сынды ғалымдар қазақ балалар фольклорын арнайы зерттеу оъектісіне айналдырып жан-жақты қарастырып зерттеген. Сол қазақ балалар фольклоры зерттеулеріне ғылыми тұрғыда зерттеп талдау жасаған, өзіндік табиғатын тұтас құбылыс ретінде саралаған тұңғыш тəжірбие жасаған Қ.Матыжанов. Ғалым өз еңбегінде: Ең алдымен балаларға арналған халық шығармалары- балалар психологиясын, көркемдік талғамын, шығармашылық мүмкіндіктерін танытатын асыл мұра. Ол өзінің бала қабілетіне лайықтылығымен , логикалық жүйелілігімен , тілінің нəрлілігімен, музыкалық сазымен, өнегелі мазмұнымен, жеңіл формасымен, балалардың рухани азығына айналған бағалы тəрбие құралы,-деп фольклордың жас жеткіншектер тəрбиесіндегі құндылығын анық көрсетеді.
Ал бүгінгі көрнекті жазушыларымыз Т.Молдағалиев,Қ.Мырзалиев, Т.Кəкішов, М.Əлімбаев сынды ағартушылардың мұраларын одан əрі жалғастырып, ұлттық рухани қазынаны жас ұрпаққа жан-жақты түсіндіріп, елеулі орын беріп келеді. Мысалға қазақ ертегілерін алайық, бұдан керемет поэзияның желі еседі, көркемдік шеберліктің тамаша үлгісі көрінеді.
Халық ертегілері əрқашанда жастарды тəрбиелеудің тамаша құралы болып, əділдік жолына бас байлатып, зұлымдықтан жирентеді,-деп жазушы Т.Кəкішов өзінің Қазақ əдебиеті сынының тарихы атты еңбегінде ауыз əдебиетінің болашақ ұрпаққа эстетикалық тəрбие берудегі маңызына тоқталса, М.Қаратаев Əдебиет жəне эстетика деген еңбегінде: Адамның эстетикалық мəдениеті оның жалпы мəдениеттілігінің жарқын бір көрсеткіші. Бұл деген өскен ортаға, айналадағы ортаға, білімге, тəрбиеге, қызметке сол сияқты басқа да факторларға əсер ететін қасиет. Адамның асыл, нəзік қасиеттерінің бірі- эстетикалық сезімді оятып өсіретін, эстетикалық талғам мен көзқарасты қалыптастырып, кісінің эстетикалық мəдениетін дамытатын , жетілдіретін факторлардың ішінде ең үлкен орын алатын, шешуші роль атқаратын əдебиет пен өнер екенінде дау жоқ,- деп əдебиеттің эстетикалық тəрбиелік мəнін ашып береді. Нақтылай келгенде балаларды фольклор жанрларымен таныстыру, тыңдағанын қайта əңгімелеп беруге,мақал-мəтелдерді, жаңылтпаштарды, жұмбақтарды мəнерлеп айтуға үйрету мен сөздік шығармашылықтың бастапқы формаларын дамытуға эстетикалық тəрбие мүмкіндіктерін шешуге көмектеседі.
Демек, қазақ балалар фольклоры- ұлттық мəдениеттің ұдайы дамуы мен жаңаруының негізі. Ол-өмір сүрудің мəні мен мазмұнын, ұлттық өркениеттің тарихи тағдырын, болмысын, дүниетанымын айқындайтын өшпес мұра. Бұл орайда,Аяз би ертегісіндегі ақылы мол Аяз биді, Ер Төстік ертегісіндегі өзінің ақылды, білгірлік ісімен айнымас дос,Кенжекейді мысалға келтіруге болады. Яғни халық ауыз əдебиеті жанрларын тəрбие құралы ретінде пайдаланып балаларды ақылдылыққа, парасаттылыққа, адамгершілікке баулап жауыздық пен күресіп жеңе білуді уағыздаған, əділдікті үйреткен. Тіліне, дініне берік болып, ұлттық мəдениетті көтеруге жетелеген.
Фольклордың қай туындысын алсақта ғибрат айтарлық , жөн-жоба мен үлгі-өнеге көрсетерлік қасиеті мол. Мұның бəрі де халық пікірі, келешек ұрпақты тəрбиелеудің эстетикалық құралы деп тануды қажет етеді. Өйткені, көркемдіктен лəззат алу, əсемдік пен сұлулықты ардақтау, озық мəдениетке бастап, жамандықтан жирендіріп отыру- халықтың талап-талғамының жемісі, сыншылдық көзқарасының нышандары,- деп жазушы Т.Кəкішов фольклор жанрларының жастар тəрбиесіндегі маңызын ашып көрсетеді. Егемендігімізді алғаннан кейін 1992 жылы баланың жеке тұлғасын, халқымыздың асыл мұрасы қазақ фольклорын, дəстүрін құрметтеу, елін-жерін сүю, адамгершілік жəне эстетикалық сезім əрекеттерін бекіту мақсатында тұжырымдама жасалды.
Академик - жазушы М.Əуезов: Біз ауыз əдебиетін зерттей отырып, халық санасындағы Отаншылдық сезімді, халық ұғымындағы адамгершілік гуманизмді, эстетикалық мəдениет пен рухани байлықты сол халықтың өткендегі өмірін, аңсау-арманын, əдет-ғұрпын, халық тəрбиесінің жемісін көреміз,- деп балалар фольклорының тəрбиелік мəнін айқын ашып береді.
Фольклор тəрбиелеу, білім беру жұмысының барлық саласымен ұштасып, сабақтаса жалғасады.
Қазақ фольклорының өзіне тəн ерекшелігі-балаға айналасындағы бай мұраның əсемдігі мен əсерлілігін түсінікті етіп жеткізе отырып, ұлттық еңбектің нəтижесін сезінуге, қоршаған дүниеге, салт-дəстүрге, ой-қиялын дамытуға əсер ететіндей негізгі тəрбие құралы болуында. Яғни фольклор баланың танымын кеңейтеді, оны өмірді сəулелендіретін бейнелердің бай дүниесіне ендіреді, танымдық іс-əрекетін, өмірге деген бейімділігін дамытады, ата- баба мұрасын қастерлеуге тəрбиелейді. Саралап келгенде қазақ фольклоры жанрларындағы табиғат, қоғам, өнер, өмір жайлы ұғымдар мен түсініктер мазмұны жағынан өрістей келе халықтық асыл қазынаға айналып, ұлттық санаға тереңдей енді. Ата-бабаларымыз күнделікті тұрмысқа қажетті қарапайым нəрседен бастап, күрделі əлемдік құбылысқа дейінгілерді шығармашылық пен ертегіге, аңыз əңгімеге, эпостық жырларға, мақал-мəтел мен жұмбақтарға жəне ауыз əдебиеті жанр түрлеріне қосып, өз ұрпағын адамгершілікке, азаматтыққа тəрбиелеу мен қатар тылсым дүниенің əсемдік сырын бейімдеген.
Рахманқұл бердібай - қазақстандағы аса ірі фольклортанушы. оның жыршылық дәстүр (1983), қазақ эпосы (1982), сарқылмас қазына (1983), эпос мұраты (1997), айтыс әлемі (2000) сияқты ғылыми монографиялары қазақ фольклорын зерттеудің тынысын кеңейтіп, жаңа биікке шығарды. қазақ фольклористикасының тарихы атты ұжымдық еңбектің жетекшісі, әрі авторларының бірі ретінде оған шоқан уәлиханов атындағы бірінші дәрежелі сыйлық берілді. әдеби жұртшылық рахманқұл бердібайды қазақтың ең көрнекті әдеби сыншыларының бірі деп таниды. бұған оның мерзімді баспасөзде жарық көрген жүздеген мақалалары мен әдебиет және өмір, социалистік реализм туралы, қазіргі қазақ прозасындағы замандас бейнесі, роман және заман, дәстүр тағлымы сияқты кітаптары толық дәлел.
Қазақ халық ауыз әдебиетін зерттеу саласына ғалым 1970 жылдары келді. бұл тақырыпқа кеш келсе де, фольклордың бүкіл ерекшеліктерін тез меңгерген ғалым халық ауыз әдебиеті шығармаларын жаңа методология тұрғысынан зерттеу үлгілерін ұсынды. бұл ұсыныс күйінде ғана қалып қойған жоқ, ғалым оны әрі қарай меңгеріп, таныту тұрғысына да көп еңбек сіңіріп үлгерді. бұрын фольклор дүниелерін әдебиет туындысы үлгісімен талдау көбірек орын алып келсе, рахманқұл бердібай ауыз әдебиетінің жазба шығармадан бөлек, дара, ерекше құбылыс екенін таныта зерттеуді бастады. ол фольклорлық шығармаларды тақырыптық жағынан ғана талдап келген бұрынғы принциптен бас тартып, олардың ішкі ерекшеліктерін, даму сипатын, типологиясын, тарихпен қарым-қатынасын, өзіндік поэтикасын, көне формаларын зерттеуді ұйымдастырды және соған басшылық етті, фольклорды зерттеудің тарихын жазды. бұл тұрғыда м.о. әуезов институтында жарық көрген қазақ фольклорының типологиясы, қазақ фольклорының тарихилығы, қазақ фольклорының поэтикасы, қазақтың архаикалық фольклоры, қазақ фольклористикасының тарихы атты зерттеулерді атаған дұрыс. р.бердібайдың осы жылдарда өз қаламынан туған еңбектерінде қазақ эпосы жанрлық-стадиялық тұрғыдан тексеріліп, адамзат дамуының жалпы заңдылықтарына сәйкес өзара жіктеледі, адамзаттың алғашқы қауымы кезеңінің дүние танымын ашатын мифтік, ертегілік, әпсаналық фабулаларға құрылған жыр, аңыздаулар, мемлекеттік құрылымдар пайда болған дәуірдің қаһармандық эпосы, ғашықтық эпос пен нақты оқиғалар мен қаһармандар тағдырына құрылған жырлар архаикалық (көне), классикалық (қаһармандық), ғашықтық (романдық) және нақты тарихи эпос боп бөлінеді. эпосты бұлай жіктеу қазір фольклор жіктеушілерінің қолдауына ие болып, жоғары мектептің оқу бағдарламасына кірді.
р.бердібай ұзақ жылдар бойы халықтық мұра сапынан шығып қалған қазақ-ноғайлы жырларын қайта зерттеп, қатарға қосуға зор күш жұмсады. ол ғылыми мақалалары мен баяндамаларында едіге батыр, орақ-мамай, қарасай-қази, шора батыр, ер сайын жырларын жариялау мен зерттеуді жүйелі түрде ұсынды.
Ғалым ауыз әдебиетін зерттегенде өзінен бұрынғы зерттеушілер ш.уәлиханов пен в.в. радловтан бастап, бүгіндегі с.қасқабасов пен е.тұрсыновқа дейінгі ондаған фольклоршылар еңбектеріне қысқаша шолулар жасап, мазмұнды түйіндеулер жасайды. яғни өз зерттеу еңбектерінің тақыр жерде пайда бола салмай, белгілі бір негіз аңғарында дүниеге келгенін көрсетеді. әрбір фольклортанушы ғалым туралы р.бердібай сөзге сараңдық жасамай, өз ойындағысын ашық ортаға салады. мәселен, мәлік ғабдуллин туралы: өз басы асқан құрметке бөленген, өмірі мен ерлігі жыр, аңызға айналған мәлік ғабдуллин қазақтың ауыз әдебиетінің, соның ішінде эпостың көрнекті маманы еді. ол бала жастан ауыз әдебиетінің інжу-маржандарын, қайталанбас көркем ескерткіштерін естіп, жаттап өседі. есейе келе оның фольклор зерттеуге білек сыбанып кірісуінде табиғи заңдылық бар. ғалым еңбектерінің кітабияты (библиографиясы) оның өзі қалаған бағыт пен тақырыпты әуел бастан дұрыс белгілеп, көздеген мақсатына қарай үздіксіз ілгерілеп отырғанын көрсетеді дей келіп, оның ғылыми еңбектерін қысқаша талдағаннан кейінгі ой ұшығын қазақ халқының ауыз әдебиеті оқулығына тірейді. түйіні де берік. мұнда ол өзіне дейінгі ғалымдар зерттеулері мен байқауларын кең түрде қорытып, солардың нәрі мен дәнін жинақтай алған, бұл автордың мол білімін, бай тәжірибесін, алғыр ойлылығын танытатын күрделі кесек туынды. қазақ халқының ауыз әдебиеті республика фольклортану ғылымының белгілі бір кезеңін әйгілейтін ескерткіш есебінде оқушы мен зерттеуші назарын өзіне тарта бермек. 2.63.
көпшілігі көшпенділікпен күн кешкен қазақ халқының материалдық байлығы аз болғаны анық. оқтын-оқтын шапқыншылыққа ұшырап, талдау-тонауға түскен қалаларының кейбіреулері қирап-бүлініп, жер бетінде үйінділері, ел есінде аттары ғана қалған. енді біреулері қалт-құлт өмір сүріп, адамзат көшінен көп кейін қалып қойған. соған орай өнер-білімнің де дамуы өкінішті кенжелеп, ғылыми таланттарының туып, өсіп, төңірегіне танылуына кедергі жасаған. ұлы ағартушы ыбырай алтынсарин айтқандай адамды құстай ұшыратын, арба-шананы көліксіз жүргізіп, қол күшімен істелетін көп жұмысты от пен судың мойнына артатын білгір мамандарды балаң халық өз ортасынан даярлап шығара алмаған. қисапсыз көп алтын мен күміс, темір мен мыс, басқа да толып жатқан асыл тастар кең жердің қойнында, сонылаған малдың аяғының астында қала берген.
бір жақсысы; балаң да сезімтал, дарынды халық алтын, күмісім аз, асыл тастарым тапшы деп қынжылмаған. дүниеқоңыз болып азбаған да тозбаған. адамшылықты, адалдықты, бауырмалдықты жоғары бағалаған да, сол қастерлі қасиеттерін асқақтата жырлаған. ерлік, елдік жайындағы жырларын, ән-күй, ертегі-аңыздарын, шешендік сөздерін, тереңнен толғайтын ақылды термелерін жадында сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра қалдырған. суырып салма ақындары шаршы топ алдында сөз маржандарын тізіп, тыңдаушыларын тамсандырған. өзара айтысқа түсіп, жақсылықты жұртқа жайған. жаманның жаман қылықтарын тайсалмай бетке басып, ел-жұртын ондайдан жирендіруге қызмет еткен. рухани байлық жылдан-жылға молыға түскен. ойын-тойларда, үлкенді-кішілі жиындардың бәрінде жырау, термешілерді тыңдау, ақындар айтыстарын тамашалау, олардан өмірлік, тәрбиелік сабақ алу халқымыздың игі дәстүріне айналған. бір сөзбен айтқанда, рухани дамуында елеулі роль атқарған. Р. Бердібайдың фольклортану ғылымына қосқан үлесі.
Фольклор мен әдебиеттің адамзаттың көркемдік дамуында алатын орны үлкен. Халықтың рухани дамуы мен мәдени ілгерлеуіндегі ауызша және жазбаша әдебиеттің өзара күрделі ұқсастықтары да, айырмашылықтары да бар. Бұл құбылыстардың мәні мен өзгешелігін нақты біліп отыру аса қажетті нәрсе. Ғалым ауыз әдебиетінің өзіндік табиғи ерекшеліктеріне тоқталып, неліктен ол ауыз әдебиеті екеніне жауап іздейді. Олардың әр кезеңнің талабына жауап беру мақсатында өзгеріске ұшырау себебін Р.Бердібай "өнер атаулының мұраты, өз заманының эстетикалық талап-тілектеріне лайық келуінде, болмыстың жаңа тәжірибесін қорытып, көркемдік шындығын көрсетуінде" - дейді. 18.193.
Фольклорда ұжымның да, жекелеген адамдардың да үлесі болады. Басты шарты - көпшіліктің, халықтың ой, арманына сай келетін болуы. Сонымен бірге айтушының тіл байлығы, білімділігі, өмірлік тәжірибесінің молдығы ауыз әдебиеті жанрларында күшті қызмет атқарады. Жыршы жаттап орындаса, жазушы жаңадан жазады. Кейбір жазбаша туған мұралар кейде ауызша таралып, жаңа өріс табуы да мүмкін. Ғалым оларға "Тотынамадан", "Қалила мен Димнадан" ауысқандарды, тәжік ғазалдарын жатқызады. "Бұлар жазба әдебиет ескерткіштері болғанмен, таралуы, сақталуы, дамуы жағынан фольклорлық дәстүрге жақын" - екендігін айтады. 18.199.
Ғалым қазақ совет фольклортану ғылымы тарихын кезеңдерге бөліп қарастырады. Яғни, жиырмасыншы жылдардан елуінші жылдарға дейінгі тұсты бірінші кезең, ал алпысыншы жылдардан кейінгі кезеңді шағын екінші асуы деп қарастырады. "Алғашқы кезеңге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту
Оқыту үрдісінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдаланудың маңызы
Халық ауыз әдебиетінің оқытылу үрдісі
Қазақ ауыз әдебиеті - қазақ халқының көркем әрі шебер сөз туындысы
Орта мектепте қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың жаңа технологиялары
Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тілін дамыту
Ауыз әдебиетін үйрену мәселесі
Қазақ халқының ауыз әдебиеті түрлері
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда қолданылатын халық ауыз әдебиет түрлері
ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ
Пәндер