Атасызға ата бол


Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті «Филология және әлем тілдері»
Мамандығы «Әдебиеттану»
СӨЖ
Тақырыбы: «Ұлы қазақ билері»
Орындаған: Кабыкенова Жаннур
Тексерген: Каупенбаева С. М
Жоспары:
І. Кіріспе бөлім:
Қазақ билері
ІІ. Негізгі бөлім
а) Төле би
б) Қазыбек би
с) Әйтеке би
ІІІ. Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
«Ұлы қазақ билері
ТӨЛЕ БИ ӘЛІБЕКҰЛЫ
Төле ұлы жүзден шыққан атақты би. Оның - аты өз заманында бүкіл қазаққа ғана емес, Орта Азиядағы түркі тілдес ұлттарға, сондай-ақ Ресей мен Жұнгоға (Қытай), сол арқылы бүкіл дүние жүзіне әйгілі қоғам қайраткері. Ол XVIII ғасырда қазақ тарихында өткен iрi оқиғаларға қатынасып, оны шешкен. Ел аузында оның аты Орта жүздің биі Қазыбекпен, Кіші жүздің биі Әйтекемен қатар аталса да, орны бөлек тұратынын аңыз және деректер дәлелдеп отыр. Әз Тәуке хан тұсында «Жеті жарғы» әдет заңын шығарушылардың бірі Төле би. Тәуке хан қайтыс болғаннан кейiн жоңғарлардың қазақ даласына жасаған шапқыншылығы тұсында қазақ үш жүзін шапқыншыларға қарсы соғысқа ұйымдастырған ардагерлердiң бiрi. Ол үш жүздiң хандары мен билерінің басын қосып, Қабанбай, Бөгенбай сияқты батырлар бастаған құдіретті жасақ ұйымдастыруға кенес ашқан және оны басқарған адамдардың бірі. Деректерге қарағанда Төле би 1663 жылы Қазақстанның қазіргі Жамбыл облысына қарасты Жайсаң жайлауында (Шу өзені бойында) дүниеге келген. 1718 жылы Тәуке хан қайтыс болған кезде оның Ұлы жүздің биі екені анық. 1713 жылы жоңғарлардың шабуылы күшейіп, «Ақтабан шұбырынды» басталған соң да ол ел басқару iсiн белсене iстеген. Абылай ханның балалық шағын және ат жалын тартып мінген соң атақты батыр, ел басы болғанын жырлайтын «Сабалақ» дастанында жоңғар шапқыншылары Түркістан қаласын ойрандағанда да Әбілмансұрдың (Абылай ханның) қашып құтылып, осы Ұлы жүз биі Төлеге паналағаны жырланған.
Бұқар жырау «Сен, Абылай, Абылай» атты жырында:
Түркістаннан келген ұл едің,
Онан берi келген соң,
Ұлы жүзде Төленің
Түйесін баққан құл едің, -
деп басталса, ал «Ай, Абылай» атты жырында:
Ай, Абылай, сен он бір жасында,
Әншейін-ақ ұл едің.
Он бес жасқа келгенде
Арқада Әбілмәмбет төренің
Түйесін баққан құл едің, -
деп өзгеріп кетеді.
Жырау жаңылған ба? Жоқ, ауыздан ауызға аңыз болып айтылып жүріп өзгеріп кетті ме? Бұл жағы мәлім емес. Бірақ Әбілмансұрдың (Абылай ханның) алдымен Төле бидің қолына келіп тұрғаны, «Сабалақ» атанғаны, ел атасы бидiң оны баулығаны, сынағаны, кейiн өзiнiң талабы бойынша соғыс майданына жабдықтап аттандырғаны тарихи шындыққа үйлеседі. «Сабалақ» дастанының жырлауынша Абылай хан Қиян-кескi соғысқа жекпе-жекке шығып, жау батыры Шарышты өлтiрiп, қашқан жауды «Абылайлап» куған соң ғана Әбілмәмбет ханның оны тапқаны, танығаны нанымды.
Төле би Ұлы жүз Дулат тайпасының Жаныс руынан. Ол жас кезінде оқып сауатын ашқан. Сондай-ақ аз халқының ақындық, шешендік өнерiнен тәлім алған. Ол 20 жасқа жетер-жетпес кезiнде-ақ шешендiгiмен көзге түсiп, билікке араласқан.
Төле бидің атымен аңыздар, мақал-мәтелдер, билiк-кесiмдер халық арасында кең тараған. Оның есiмi тек ұлы жүзден ғана емес, Орта жүздегi, Кiшi жүздегі оқиғалармен де тығыз байланысты. Төле би қасиеттерiнiң тағы бiр үлгiсi тайға таңба басқандай айқын да салмақты. Ол бірден онға дейiнгi санға түзілген. Бiрiншiсi бiрлiгi кеткен ел жаман, екіншісі eгeciп өскен ер жаман, үшіншісі үш бұтақты шідерге үйренбеген ат жаман, төртіншісі төсектен безген жас жаман, бесіншісі - белсене шапқан жау жаман . . . Бұл жерде баз бiреулер айтылған жәйттердi кiм бiлмейді деуі де мүмкін. Оларға айтарымыз - өткеннiң белбеуiн бүгiннiң белбеуiмен өлшеуге болмайды!Одан әрi жалғассын . . . Алтыншы албарлы ауру жаман, жетiншi - жас келiннiң жұбайы қазат кетсе - сол жаман, сегізіншi - серi басына сергелдең түссе, сол жаман, тоғызыншы - жаумен жағаласта төбесін керсетпей кеткен ер жаман, ал шартты сөздің ең соңғы оныншысы отыздағы жігіттің тiлегi келмей, кәрiлiгi келсе - сол жаман . . .
Ұлы жүз тайпалары жонғар шапқыншылығына уакытша тәуелді болған кезде Төле би тиiстi алым-салым төлеуден басқа, келелі саяси істерге тәуелсiздiктi берік сақтауға ұмтылып отырған. Сол бір тарихи жағдайда бұл көрегендік, табандылық және саяси жақтан iскерлiк еді.
Жоңғар ақсүйектерiн тыныштандыруға шыққан Чин патшалығы өкіметінің әскербасы Фу бастаған жасақ 1757 жылы күзде Ұлы жүз жерiне барады. Олар қазақ жерiне кашып кетпей Әмірсананы ұстамақ еді. Бұл тұста тегiнен ұлы жүз билеп келген Ташкент қаласына Самуш Қожа әкiмдiкке белгiленсе де, Туржан дейтiн өзге бір қожа билікке таласып қалған болатын. Ұлы жуз билеушiлерi Туржан қожа мен қақтығысып қалған соң, фу Мунтурдай бастатқан адамдарды келістіруге жiберiптi. Осы кезде Төле би Чин патшалығы өкіметімен тату-тәтті болатындығын білдіріп, оларга ат тарту етеді. Төле би ұлы жүздiң Ресеймен қарым-қатынасына саятын iрi iстердi де шешiп отырған. Ол Ташкент қаласын он екi жыл бойы билеген. Қайтыс болған соң, онын сүйегі осы Ташкент қаласынан Бабырдың нағашы атасы Жүніс ханның жанына қойылған. Оның құрметіне үлкен ескерткіш орнатылған. Ұлы баба көз жұмғалы берi де қазақ даласында қаншама оқиғалар болып, оның төл халқы өлшеусіз құрбандықтар мен қасірет кешулер, қаралы да, жаралы жылдар арқылы ауыр өткелдерден өтті. Адамзаттың асыл мұраттарындағы ең қажеттi бiрлiк пен тірлік, ынтымақ пен татулыққа шақырған үн құлағымызға жетіп тұрғандай. Өркениет елдердің қатарынан өзінің лайықты орнын алуға қол созып, егемен Қазақстан алып қанатын жайып, батыл бой түзеп келеді. Оның көгінде Төле бидің темірқазық тұлғасы жарқырап тұр. Тегінде жарық жұлдыздар сөне ме?!
ҚАЗЫБЕК БИ КЕЛДІБЕКҰЛЫ
Қаз дауысты Қазыбектiң кiндiк қаны тамған топырағы, туған мекен-жайы ешбiр хат-шотта сақталмаған. Долбармен жобалап даңқты бабамызды Сыр бойында туыпты деп нақтылап айта алмай, жалпылап көрсетiп кетіп отырмыз. Өйткені он жетiншi ғасырдың екінші жартысында Жоңғар хандығының басым түсiп отырған шабуылының әсерінен ата қонысынан ығысқан қазақ жұртының Алтай мен Арқаны ерiксiз тастап, Сыр бойы мен Қаратау өңіріне жөңкіле құйылғаны тарихтан мәлім. Қаз дауысты Қазыбек те біздің есебіміз бойынша да, бірнеше тарихи жазба деректердің көрсетуі бойынша да 1667 жылы сол өңiрде туып, 1764 жылы тоқсан жеті жасында дүниеден өткен екен.
Қазыбектің сүйегі - Орта жүз Арғын ішіндегі Қаракесек (Болатқожа) . Қазыбектің өз әкесі - Келдібек, ұлы әкесі, яғни атасы Абыз атанған Шаншар. Бабасы - Бұлбұл. Шетінен тілге шешен, сөзге ұйыған, уәжге тоқтаған бiлiктiлер болыпты бұлар. Қазыбектің атасы Шаншардың ескіше көп оқып, көп тоқып, төңірегіне ақыл-кеңесімен, үлгі өнегесімен ерекшеленіп Абыз атануы да тегін емес. Қазыбектің анасы - Тоқмейіл. Қазыбек - осы Тоқмейілден туған алты баланың ең үлкенi екен. Тоқмейілдің әкесі Сүлеймен деген кiсi осынау ғұлама жанмен көршi болу үшін қасына әдейілеп кешіп келмесе, Келдібек пен Тоқмейілдің бір-бірімен кездесуі, отау кұруы жайындағы ел аузында аңыз болған хикая таралмас па еді, халықтың кемеңгер көсемі болған Қаз дауысты Қазыбек өмірге келмес пе еді. Әрине себепке себеп десек те, талғампаз тағдырдың кей-кейде қиыннан қиыстырып, алысты жақындатып, болмасты болдыртып, осындай бір кұдіреттерді жасай алатынына таң қалмасқа және болмайды. Қалай десек те, 1667 жылы шыр еткен iңгәсiмен дүние есігін ашқан нәресте өсе келе Үйсін Төле бимен, Алшын Әйтеке бимен терезесiн теңестiрiп, қазақ халқының кемеңгер үш биінің бірі Қаз дауысты Қазыбекке айналып едi.
Бiр аңыз былай көсіледі. Қанды қырғын ұрыстан кейiн бейбiтшiлiк жолмен бiтiмге келу үшiн қазақ пен ойрат бір-біріне мәмлегер елшiлiк жiбермек болады. Жоңғария қонтайшысы (сірә Цеван-Рабдан болса керек) «Қазақтың атақты үш биінің бірі келсін. Аузынан сөзі, қойнынан безі түсіп тұрған иісалмас біреу келсе, бітім болмайды деп қолқа салады. Осы хабарды естіген үш би қырандай дүр сiлкiнiп, әркайсысы да бармаққа ниет қылған екен. Төрде отырған Төкең екі биге кезек қарап, екi етегін қымтанып, екi иығын қомданып қойып, тамағын қырнапты:
- Уай, қос інім, қос шырағым! Аға боп алдарыңа түсейін деп тұрмын. Ағаң - алдындағы әуелеп өскен дарағың. Інің -қанатың мен кұйрығың, қайрап салар жарағың. Артымда сендер бар да қанат жайып самғармын, алдаспанды сермермiн. Дауласқанды жайғармын, жауласқанды жерлермін. Мен барайын бұл жолға!- депті. Сонда Әйтеке жай оғындай жарқ етіп, жайран қағып, шапшандық танытыпты.
- Уай, Тәкем! «Аға - бордан, iнi зордан» демей ме. Iнi найза, аға қорған» демей ме. Арқамды қорғанға - тіремеймiн бе, найзамды ерсілі-қарсылы іремеймiн бе. Жағаласканды жапырып, дауымды аршып, күремеймін бе. Менің баруым жөн емес пе?- дейді ғой. Сол кезде қоңыр қаздың даусындай даусын бiр жотадан
екiншi жотаға асыра саңқылдап Қазыбек есiлiп кетіпті.
- Уай, асыл ағам! Уай, асқақ iнiм! Ағасы бардың жағасы бар емес пе. Жағасы бардың тоқсан пәледен сақтар панасы бар емес пе. Інiсi бардың тынысы бар емес пе. Тынысы бардың елде - ырысы, жауда - ұрысы, дауда жұмысы бар емес пе. Екi би үнсiз бас шұлғып, бiрақ тiл қатып, ләм дей қоймапты. Қаз дауысты Қазыбек ендi Төле биге еңсеріле бұрылыпты.
- Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін хандыққа Есiм жеткен. Қазақта хандыкка жолсыз таласқандар болғанмен, билікке жөнсiз таласқандар болған емес. Ендеше, әділ би, әділетін өзің айт: аттың басы күшті ме, белi күшті ме, кұйрығы күшті ме?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz