Рухани жаңғыру бағдарламасы Туған жер


«Туған жер» бағдарламасы аясында жоба даярлау.
І. Кіріспе.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Туған жер»
ІІ Негізгі бөлім.
А) "ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ" ЖОБАСЫ ТҮРКІСТАННАН БАСТАУ АЛДЫӘ) «Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы»
Б) «Киелі Түркістан және түркі дүниесінің рухани жаңғыруы»
ІІІ Қорытынды.
Қолданған әдебиеттер тізімі
http://turkistan. gov. kz/kk/news/trkstan-oblysy-rukhani-zhayru-badarlamasy-boyynsha-kshbasshylar-atarynda
І «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Туған жер»
Жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бүгінде облыстың түкпір-түкпірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында әлеуметтік нысандар, спорт алаңдары мен өзге де пайдалы ғимараттар салынып жатыр. Биылдың өзінде облыста сәуір айынан бері демеушілер есебінен 19 нысан ел игілігіне тапсырылды.
Сонымен бірге 12 нысан күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңа кейіпке енді. Мәселен, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылында балалар ойын алаңшасы салынса, Қызылкөлдің мәдениет клубына сахна орнатылған. Сондай-ақ осы ауданда ат ойындарына арналған атшабар ашылған.
Бәйдібек ауданында құны 4 млн теңгеге жуық «Жастар аллеясы» бой көтерсе, Түркістан қаласында «Ертегілер әлемі» атты үлкен балабақша салынды. Ордабасы ауданы, Төрткөл ауылында жаңа мешіт пайдалануға берілген. Өңірде «Туған жер» жобасының бір тармағы ретінде «Алтын ұям» жобасы да жүзеге асып жатыр. Жобаның мақсаты - мектеп түлектерінің 10, 20, 30 жылдық мерейтойларын қайырымды іспен өрнектеу. Яғни, түлектер орынсыз салтанат пен өзге де іс-шаралардан бас тартып, өзі туып-өскен ауылға немесе білім алған мектебіне демеушілік жасайды. Биыл Түркістан қаласындағы
«Бекзат» шағын ауданының 1999 жылы мектеп бітірген түлектері бір отбасыға баспана салып берді. Сонымен бірге Бәйдібек ауданында 1982 жылы туған азаматтар аз қамтамасыз етілген отбасыға үй әперді. Шардара, Түлкібас, Төлеби аудандарының түлектері де көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға пәтер сыйлап, сауапқа кенелд«Туған жер» жобасы бойынша 2017 жылы құны 6 млрд теңгеден астам қаражатқа 473 жоба жүзеге асырылған. Ал 2018 жылы демеушілер тарапынан құны 3 млрд 386 млн теңгені құрайтын 97 нысан іске қосылған болатын. Аяқталған 97 нысанның - 28 білім мекемелерінің құрылысы және 3-і қайта жөндеу, 2-еуі медицина мекемесі құрылысы, 12-сі спорт нысандарының жаңа құрылысы және 2-еуі спорт алаңынқайта жөндеу. Сонымен бірге 15мәдениет нысанының құрылысы жүргізіліп, 5 нысан қайта жөндеуден өткен. Абаттандыру бойынша 30 жоба іске асырылды.
ІІ
Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жарық көргеніне 2 жыл толды. Бұл мақала қоғамда үлкен сілкініс туғызып, ел руханиятына оң серпін берді. Осы екі жыл ішінде Түркістан облысында да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ұлттық құндылықтарды дәріптеген ауқымды жұмыстар атқарылып, жобалар жүзеге асырылды.
Бүгінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы шеңберінде өңірде жобалар нақтыланып, тиісті жоспарлар түзілген. Түркістанды рухани әрі мәдени орталыққа айналдыру бағытындағы жұмыстардың тұжырымдамасы жасалды. Соған сәйкес, Қ. А. Ясауи кесенесіне жақын тұста
рухани-мәдени және туристік нысандар
салынып, туристер саны артпақ. Құрылыс ЮНЕСКО рұқсат еткен аумақтарда жүргізіледі. Түркістан қаласында әлемде қайталанбайтын, жоғары сапалы ұлттық қолөнер бұйымдарының технологиясын оқытатын ірі қолөнер орталығын салу жоспарда бар. Ірі сауда орталығы да бой көтермек. Мұнда отандық өнімдер, өз шеберлеріміздің бұйымдары сатылады. Одан да өзге жобалар қолға алынады.
Сонымен бірге, әр салада айрықша жетістіктерге қол жеткізген тұлғалармен
«Түркістан төрінде»
деген атаумен хабарлар ұйымдастырылады.
2017 жылы облыс аумағында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі жұмысын бастап, алдағы жоспарлар жүйеленді. Жұмыстар нақтыланды. Сарапшылар кеңесі құрылды. Алғашқы жылдың өзінде 800-ден астам елді мекенде 4 мыңнан іс-шара өткізілді.
«Ажарлы үй - ырысты»
жобасы аясында аудан, қалаларда ерікті жастар көмекке зәру 786 отбасының аулаларын тазалап, қақпаларын сырлап, ауыл ажарының артуына өз үлестерін қосты. Аудан, қалаларда
«Тал күні»
акциясы өткізіліп, 50 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылды. Облыстағы қасиетті, киелі орындар мен туристік маңызы бар ескерткіштерге21 бағыттағы туристік маршруттар ашылды.
«Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы»
жобасы аясында 40-тан астам мәдени іс-шара өтті.
Өңірде
«Алтын ұям»
жобасы қолға алынды. Жобаның бойынша мектеп бітіргендеріне 10, 15 және одан да көп жыл болған түлектерге орынсыз сән-салтанат орнына білім алған мектебіне көмек көрсету жөнінде үндеу жолданды. Нәтижесінде былтыр түлектердің көмегімен мектептердің материалдық-техникалық базасын жабдықтауға 10 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Алдағы уақытта бұл жоба цифрландыру жүйесі арқылы жүзеге асырылмақ.
Білім беру мекемелерінде, жоғары оқу орындарда 3, 5 мыңға жуық іс-шара өткізілді. Сондай-ақ «Көне кітаптар - жазба ескерткіштер» ақпараттық шарасы барысында облыстағы 3465 көне кітаптың 185-і цифрлы форматқа көшірілді.
Әр ауданда, әр ай сайын . . .
Былтыр Түркістан облысының әрбір ауданында қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар, фестивальдер өткізілді. Әр ай сайын мыңдаған адамның қатысуымен қазақ мәдениетін салт-дәстүрі мен туризмін, насихаттайтын жобалар жүзеге асты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арасында облыста алғашқы ретдәстүрлі түрде өткізіліп отыратын кешенді шаралар жүйесі қолға алынды.
Қазақ мифологиясында ықылым заманнан бері Наурыз тойы алғаш Қазығұртта тойланған деген аңыз бар. Осы орайда Қазығұрт тауының баурайында
«Наурыз Қазығұрттан басталады»
іс-шарасы өткізіліп, оған20 мыңдай адам қатысты.
Бәйдібек ауданында өткен
«Қымызмұрындық»
іс-шарасында ежелгі дәстүрді жаңашылдықпен жалғастыру мақсатында саумал, құнан қымыз, түнемел қымыз, хан қымыз түрлері таныстырылып, қымыз баптаушылар, қолөнер шеберлері байқаулары, сәйгүліктер сайысы өтті.
Алғаш рет Түлкібас ауданы, Шұбайқызыл шоқысында «Қызыл кітапқа» енген қызғалдақты қорғау және сол аймақтың туристік әлеуетін көтеру мақсатында
«Қызғалдақ»
фестивалі өткізілді.
Үш жүздің басы қосылған Ордабасы тауында
«Туған жерге тағзым -Ордабасыға оралу»
атты шара өтті. Төле би ауданында халықаралық көркемсурет
«Қасқасу»
пленэрі өткізіліп, түрлі ердерден келген суретшілер өңірдің тамаша табиғатын туындыларына арқау етті.
Жетісай қаласында
«Қауын fest»
облыстық фестивалі өткізілді. Фестивальдің мақсаты - бақша дақылдарынан өндірілетін өнім түрлерін көбейтіп, кәсіпкерлікті дамыту, бақша өнімдерін, терең өңдеуді қолға алу және диқандардың өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау.
Шардара ауданының туристік әлеуетін көтеру мақсатында
«Safari Shardara»
фестивалі қолға алынды. Бұл іс-шараға жұртшылық пен туристік фирмалардың қызығушылығы жоғары болды. Түлкібас ауданында
«Салбурын - мереке ғой саятшыға»
іс-шарасы ұйымдастырылып, мұнда да ұлттық дәстүрлер паш етілді.
Түркістан - көркем және анимациялық фильмдердің орталығы
Елбасы бағдарламалық мақаласында туған жерге деген құрмет пен патриотизмді жастар санасына сіңіру үшін анимация, кино саласына да мән беру керектігін айтты. Бұл ретте Түркістан облысы өзге өңірлерден оқ бойы озып тұр деуге негіз бар. Себебі бір жыл ішінде өңір режиссерлері ұлттың рухани байлығына айналатын туындылар түсіріп, ел ықыласына ие болды.
Алдымен
«Қазақстанның киелі жерлер географиясы»
арнайы жобасы бойынша Түркістан облысынан 24 нысан республикалық тізімге енгізілді. 60-тан астам тарихи-мәдени ескерткіштер облыстық маңызы бар қасиетті орындар тізіміне кірді.
Облыстағы киелі орындарды ретке келтіру, дамыту үшін 2018 жылы демеушілер тарапынан құны 208, 4 млн. теңгеге жұмыстар, шаралар атқарылды.
Атап айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағын және Күлтөбе қалашығын қалпына келтіру, УкашаАта кесенесіне баратын автокөлік жолы, автотұрақ және орындықтар, Аппақ Ишан мешітінің шатырынакүрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды.
ЮНЕСКО-ның
«Ұлы Жібек жолы ескерткіштері»
аталымы бойынша әлемдік мәдени мұралар тізіміне енгенортағасырлық 8 ескерткіш (Сауран қалашығы, Түркістан, Сидақ, Қараспан, Жуантөбе, Күлтөбе, Отырар оазисінің ескерткіштері, Бөржар қорғаны) туралы тұңғыш рет деректі фильмдер түсірілді.
Тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында түсірілген
«Көне жетігеннің сыры»
атты10 сериялы телехикая,
«Киелі Қазығұрт»
,
«Отырарды қорғау»
, «
Күш атасы - Қажымұқан»
,
«Бәйдібек би»
, атты тарихи-анимациялық фильмдер әзірленіп, республикалық телеарналардан көрсетілді.
Одан бөлек, «Түркістан», «Оқсыз», «Ордабасы-бірлік туы»анимациялық фильмдері мен 10 сериялы «Төле би» телесериалының түсірілімі аяқталды.
Сонымен қатар Отырар қалашығын туристік нысанға айналдыру мақсатында қалашық қақпасын қайта құру, іргелес аумағын абаттандыру, көгалдандыру жобасы, Визит-орталығының құрылысы да басталды.
2018 жылы
«Киелі Түркістан және түркі дүниесінің рухани жаңғыруы»
атты ғылыми-теориялық халықаралық конференциясы өткізілді.
Облыстағы айрықша маңызы бар тарихи-мәдени және археология ескерткіштерінің фотоальбомыжәне
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz