Смартфон қосымшалары


МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫ
№14 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Тақырыбы:
« Мобильді қосымшаларды оң бағытта қолдану »
Секция: математика және информатика
Орындаған: Расули Ибраһим Нұрланұлы
4 «Ғ»сынып оқушысы
Ғылыми жетекшісі:
информатика пәні мұғалімі
Жамаладин Қымбат Қыдырқызы
2021 жыл
Мазмұны:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1 Смартфон - біздің өміріміздің ажырамас бөлігі . . .
2. 2 Смартфон қосымшалары . . .
ІІІ Зерттеу бөлімі
3. 1 Пайдалы қосымшалар түрлері . . .
3. 2 Сауалнама мен эксперименттер . . .
3. 2 Ақпараттық құралдар бетінен жинақтаған пайдалы кеңестерім
IV. Қорытынды
V Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Жобаға қатынасушылар:3-4 сынып оқушылары, ата-аналар
- Жобаның мақсаты: :
- Смартфондардың баланың жас ерекшелігіне сәйкес пайдалы мобильді қосымшаларының түрлерін анықтау және танысу, қолдану;
- баланың таным қабілеті мен білімге деген қызығушылығын оятуға, шығармашылық дамуына ықпалы мол екенін, яғни тиімді жағын дәлелдеу және оны дұрыс қолдана білуге үйретудің маңыздылығына тоқталу;
- Жоба міндеті:
Мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер қойылды :
- Тақырып бойынша мәліметтермен, зерттеулермен танысу;
- Пайдалы мобильді қосымшалар туралы білу;
- Смартфонға арналған әр түрлі мобильді қосымшаларды зерттеп қарау;
- Қолдану ережелерімен танысу;
- Балаларды интернет жүйесінде сауаттылыққа үйрету;
- Смартфонды дұрыс қолдану жөнінде балаларға, олардың ата- аналарына нұсқаулық кеңес ұсыну;
- Жобадан күтілетін нәтиже
Балалар үшін:
- Өз білімін көтеру, өзін бақылай білу қабілеттерін дамыту үшін смартфондарды дұрыс қолдана білуге бағыт-бағдар алып үйренеді.
- Ақпараттық технологияны қолдана білу қабілеттерінің артуына себепші болады.
Ата-аналар үшін:
- Балаларына смартфонды дұрыс тиімді пайдалана білуге үйретудің маңыздылығын түсініп бақылауды күшейтеді;
- Өздері де балаларына үйрету үшін кәсіби мамандардан кеңес алады.
Аннотация.
Заман талабына сай смартфондарды қолданбау мүмкін емес. Қазіргі кезде балалар арасында смартфондар жиі қолданылады. Сондықтан балаларды смартфондардағы мобильді қосымшаларды дұрыс қолдана білуге үйрету қажет. Егер бала өз бетінше үйреніп, үлкендердің қадағалауы болмаса онда пайдасыз мобильді қосымшалар жетегінде кетіп не смартфонға тәуелді болуы мүмкін. Сол себепті бұл жобада смартфондардың тиімді мобильді қосымышаларын қолданып білім жетілдіруге, шығармашылық дамуға бағыттау жөнінде айтылады.
Аннотация.
Невозможно не использовать современные смартфоны. Сегодня смартфоны широко используются среди детей. Поэтому необходимо приучать детей пользоваться мобильными приложениями на смартфонах. Если ребенок учится самостоятельно и без присмотра взрослых, он может пристраститься к бесполезным мобильным приложениям или стать зависимым от смартфонов. Поэтому проект ориентирован на развитие знаний и творческое развитие с помощью эффективных мобильных приложений смартфонов.
Annotation.
It is impossible not to use modern smartphones. Today smartphones are widely used among children. Therefore, it is necessary to teach children to use mobile applications on smartphones. If a child learns on their own and without adult supervision, they may become addicted to useless mobile apps or become addicted to smartphones. Therefore, the project is focused on the development of knowledge and creative development through effective mobile applications of smartphones.
- Зерттеу кезеңі және қолданылған зерттеу әдістері
Дайындық кезең
- Тақырып таңдау, мақсаты, гипотеза, зерттеу міндеттері, жобаның теориялық бөлімі;
- Интернеттен тақырып бойына материал жинақтау;
- Смартфондарды қолдану жөнінде анализ жасау;
Негізгі кезең
- Смартфонмен тиімді жұмыстану жолдарын көрсету үйрету ;
- Осы тақырыпта оқушылармен әңгімелесу және тәжірибе өткізу;
- Смартфонды тиімді қолданатын басқа жоғары сынып оқушыларымен тәжірибе алмасу;
Аналитикалық кезең
- Жүргізілген жұмысқа анализ жасау;
- Жоба нәтижесін қорытындылау ;
Зерттеу обьектісі: планшеттер мен смартфондарға арналған балаларға пайдалы әртүрлі мобильді қосымшалар.
Гипотеза: егер мобильді қосымшаларды дұрыс таңдасақ, дұрыс қолдансақ гаджеттердің берер пайдасы мол.
- Жобаны жүзеге асырудың перспективасы:
- Білім сапасының көтерілуі; Оқушының таным көзқарасының дамуы;
- Ақпарат алу мүмкіндігінің көбеюі;
- Ақпараттық технологиядан хабарының жетіле бастауы ;
- Ақпарат құралдарын пайдаланып әртүрлі сайыстарға қатынасу;
II. Негізгі бөлім 2. 1 Смартфон - біздің өміріміздің ажырамас бөлігі« . . . Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа Технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз . . . » ” деген Н. Назарбаев
Тарихты еске түсірсек алғашқы автомобиль пайда болғанда адамдар бірден қабылдамай тыйым салған болатын. Алғаш газ баллонды қолдану кезінде қорқып оған піскен тамақ денсаулыққа зиян, өзі қауіпті деп есептеген еді. Қазіргі смартфондарда сол сияқты зияны мен қатар пайдасы да мол.
Смартфондар - ол қызықты әрі танымдық құрал. Қазіргі балалар сонымен өмір сүреді. Тек қазіргі кезде балалардың смартты жиі қолданып тәуелді болуы ата аналарды уайымға салады.
Ата аналар мен оқушылар арасында ғылыми жоба алдында жүргізілген сауалнама бойынша мынандай мәселелер бары анықталды:
- ата -аналар мен оқушылар түгелдерлік қандай да болмасын гаджетке ие, бірақ оның мүмкіндіктерін қолдану жөнінде мағлұматтары жеткіліксіз;
- оқу процесінде кейбір оқушылар ұялы телефонды қалай және неге қолдану қажеттілігін білмейді ;
- оқушылар планшет және смартфонды көбіне информация іздеуге, ойын ойнауға, музыка тыңдауға, өзара араласу үшін пайдаланады;
- сабақтарда жоғары сынып оқушылары қолданғанмен бастауыш оқушылары гаджеттерді мүлде қолданбайды деуге болады.
Осы мәселелерден «Смартфондардың қосымшаларын дұрыс қолдану»атты ғылыми жоба туындады.
Цифрлық балалық-қазіргі күннің басты шындығы. Қазіргі заманда балалар әлі жүріп үйренбей жатып-ақ смартфон мен планшеттарды қолдана біледі.
Планшет пен смартфон - біздің өміріміздің ажырамас бөлігі. Қазіргі кезде - 30 пайыздан астам балалар екі жастан бастап мобильдік құрылғылармен ойнайды; - 75 пайызға жуық балалардың жеке смартфон бар. Балалардың 24 пайызы оларды үнемі қолданатындарын мойындайды. Қазіргі кезде ата ана да, баласы да технологияға тәуелді екенін мойындауы керек. .
Смартфондарды қолданудың тиімді жақтары да бар. Кнопкалар мен джойстиктер ұсақ қол моторикасының және логикалық ойлауының дамуына, зейінін тұрақтандыруға ықпал етеді.
Гаджеттер кез келген жағдайда көмекке келе алады. Бала сол мүмкіндіктерді қолдана білуі тиіс. Оны тек ойын құралы деп емес заманауи дамытушы технология деп қабылдауы керек.
Мобильдік ойындар-баланы жазалау не мадақтау құралы емес, баланың таным қабілетін дамыту, жаңалықтарды біліп жаңа нәрселер үйрену құралы болуы үшін қалай дұрыс қолдануға болады?
«Ұялы байланыс бала үлкендермен бірлесе меңгерсе ғана пайдалы болмақ» деп атап көрсетті Америкалық педиатрия академиясының 2015 жылы қазан айында өткен «Growing Up Digital» симпозиумде әлем балалар дәрігерлері. Заманауи медиа институтының (MOMRI) зерттеулері көрсеткендей көптеген кәсіби психологтар пікірі бір тоқтамға келеді, яғни жағымсыз стереотиптерге қарамай ойындар және дамытушы қосымшалар егер дамытушылық және интербелсенділік бағытта болса балалардың дамуына пайдалы. Ең бастысы қолдану ережесін сақтау керек .
2. 2 Смартфон қосымшалары
Біздің құрдастарымыз өскен кезде ұялы байланысты қолдану қажеттілігі бұдан да арта түседі. Телефон мен планшеттегі дамытушы бағдарламалар балалардың дамуына жақсы көмектеседі. Ойындардың өзі балалардың дамуына пайдалы ойындар болуын қадағалаған жөн. Балаларға ата-ананың не білетін адамдардың көмегі өте қажет.
21 ғасырда ұялы құрылғылар - білім алу мен оны бекіту үшін таптырмайтын құрал.
Оқушылар ұялы телефонды қолдануға шек қойсаңда олар қолдана береді Сондықтан ата ана мен ұстаздар смартфондардың қосымшаларын дұрыс қолдануды үйреткен жөн. Балалардың есте сақтау қабілеттері мен логикалық дамуларына көмектесетін жас ерекшіліктеріне сәйкес
- дамытушы компьютерлік ойындар мен қосымшалар ;
- Білімді бекіту құралдары (тренажерлер, инструменттер) ;
- Өз бетінше жұмыстану, өзің тексеру (тест, викториналар) бар
- Ең бастысы гаджеттерді қолдану кезінде электрондық тәуелдіктен сақтану үшін ережелерді сақтауды балаларға үйрету қажет.
ІІІ Зерттеу бөлімі
3. 1 Пайдалы қосымшалар түрлері
Гаджеттерге арналған қосымшалар үнемі толығып тұрады. Бүгін мен қазақ тіліндегі қосымшаларына тоқтағым келеді Бұл қосымшаларды барлық ата-ана баласы үшін қолданас пайдасы зор болмақ.
- Ертегілер қосышасы. Балаларға арналған ертегілер
- Audiokitap қосымшасыКөркем әдебиет және халық ауыз әдебиеті шығармаларының аудионұсқасы
- Өлеңдер жинағықосымшасы. Онлайн өлеңдерді оқуға, жаттауға мүмкіндік береді.
- Салт-дәстүрқосымшасы. Әрбір қазақ білуге тиісті мәлімет.
- Айналайын ою қосымшасы. Түгелдерлік әдемі әсем суреттермен миды жаттықтыратын ойын.
- Дұрыс сөз қосымшасы. Қазақ тілінің грамматикасы тренажер
- Kids Doodle - Color drawқосымшасы. - сурет салуға арналған қосымша.
- Балаларға арналған ғылыми тәжірибелер Ғылым балаларға ( 8 ден - 10 жас ) қосымшасы. Қызықты және қарапайым тәжірибелер.
- Дуолинго қосымшасы. Шет тілдерді үйренуге арналған қосымша
- Отбасылық локаторГде мои дети: телефонға арналған локаторқосымшасы. GPS қосымшасын қолдану жанұя мүшелерінің қай жерде жүргенін бақылап отыруға мүмкіндік береді Баланың қайда екенін, қай жерде екенін біліп отыру Бала көшеде жүргенде айналасында не болып жатқанын, дыбыстарды естіп отыру Баланың жүру маршрутын біліп отыру Егер бала сіздің қоңырауды естімей жатсақ қатты сигнал жіберу Сабақ үстінде не түнде ұйықтаудың орнына бала смартфоннан ойын ойнап отырған жоқ па соны бақылау Баланың телефонының зарядының деңгейін біліп отыру
- City Island Құрылыстық Simқосымшасы. Түрлі ғимараттар салу
- Star Walkтан балаларға арналған Астрономия Ғарыш атласықосымшасы. Күн жүйесіне қызықты саяхат.
- Көбейту кестесіқосымшасы Кестені тез жаттауға мүмкіндік береді.
- Екеуге арналған математикалық ойын қосымшасы. Бірлесіп мысалдар орындауға болады
- Ақылды балақай қосымшасыСұрақ жауап
Егер пайдалы қосымшаларды жиі қолданса балалар не үйенеді?
- Пәндер бойынша керекті мәліметтер алады
- логикалық ойлауы дамиды
- есеп шешу әдістерін
- шет тілін аударуға, сөйлеуге үйренеді,
- есте сақтау қабілетіне оң әсер етеді,
- шахмат, футбол ойнаудың жаңа әдістерін үйренуге болады.
- Өз-өзіне сенімді болуға үйренеді,
- шапшаң әрекет ету,
- әр түрлі программада жұмыс істей біледі.
- Бос уақытты көңілді әрі пайдалы өткізеді
- шығармашылық дамуға жетелейді
- өте көп мөлшерде ақпаратпен жұмыстануға үйренеді.
3. 2 Сауалнама мен эксперименттер
Көп балаға смартфондар - «ойыншық», оған ол білім алу құралы ретінде қарамайды. Сондықтан оларға заманауи оқу құралы екенін ұғындыру қажет.
Бұл тақырып кездейсоқ таңдалған жоқ. Балалардың көбі гаджетті дұрыс қолдануды мүлде білмейді. Оны жүргізген сауалнамадан байқадық. Сауалнаманы оқушылар мен ата аналарға жүргіздік. Сауалнамаға 2-4 сынып оқушылары және ата аналары қатысты. Сауалнама анонимді түрде жүргізілді. 30 оқушы және 15 шақты ата ана қатынасты.
Оқушыларға арналған сауалнама
1. Смартфондардың қосымшалары туралы не білесің?
Біледі - 60% оның - 45% өзі қондырады. Білмейді -30% Қолдана біледі, бірақ қосымша екенін білмейді - 10%
2. Қандай қосымшаларды қолданасың?
Ойындар-50% Сурет, фото -10% Түрлі тапсырмалар- 10%
Таңдамай қарай беретін - 30%
3. Қандай гаджет қолданасың?
- планшет (72%), смартфон (95%) , ноутбук ( 80%), компьютер ( 40%) .
- Гаджетті жиі қолданасың ба ? Иа - 100%
Анықталғандай оқушылар:
А) музыка тыңдағанды,
Ә) әлеуметтік желіде араласқанды,
Б) ойын ойнағанды,
В) селфи жасағанды жақсы көреді.
Сауалнамаға қатысқан оқушылардың 88 % гаджет оларға мектеп мәселесі мен жүктемеден тынығуға көмектеседі деп санайды.
Оқу процесінде гаджеттер Интернетте қажетті ақпаратты іздеуге, үй тапсырмаларын орындауға, калькулятор ретінде көп қолданылады.
Ата-аналарға арналған сауалнама
- Балалары компьютерлік ойындарға құмарлылығы туралы ата-аналар не ойлайды?
Ойынға қарсы емес - 12 Ойынға қарсы - 5 Ойын сатып алмайды - 3 Ойынды баласы таңдайды - 12 Бала ойынына көңіл бөледі - 6 Көңіл бөлмейді -8.
2. Ата-ана не себепті баласына смартфон рұқсат
етеді?
- көңілін көтерсің-9%
- жаңа технологияны меңгерсің-48%
- жаңа білім алсың, дамысың -36%,
- достарымен араласың - 18%,
- балаға қызықты-40%.
- баланы бірнәрсемен айналыстыру-16%
- Оқу процесінде гаджеттерді қолдануға тыйым салу себептері:
- смартфонның жадын қосымшалармен толтырудан сақтау,
- планшет мектепте сынып қалады деген қорқыныш,
- интернет үшін төлем
- сабақ үстінде ойын ойнап отырады деп есептеу.
- Смартфонның қосымшаларын пайдаланасыз ба?
- Пайдалананды, қолдануға үйретеді-20 % (өте төмен)
- Пайдаланбайды - 40%
- Пайдаланады, қолдануға үйретпейді -25%
- Көрсетеді, бірақ қондыра алмайды-15%
... жалғасыСауалнама қорытындысы бойынша мынандай нәтиже алдық:
Балалардың барлығы дерлік гаджетте отыруға тиісті уақыттан артық отыратындығы байқалады. 27 пайыз гаджетте 30-40 мин отырса(бұл талапқа сай) ал14 пайызы 3-4 сағат отыратындығы байқалды. Бастауыш сынып оқушысы үшін бұл рұқсат етілмейтін жағдай.
Бұдан балаларын көп ата-ана қадағаламайтындары байқалады.
Эксперименттен соң жүргізілген сауалнама
Бір өкініштісі көрсеткен қосымшаларды балалар да ата-аналарда қолданбайтындары, тіпті жаңа көріп отырғандары байқалды.
Қай қосымша ұнады?
Сендерге гаджетті дұрыс қолдануды үйреткенді қалайсың ба деген сұраққа иә деп барлық бала жауап берген.
Балаңызға гаджетті қолдануды кәсіби маман үйреткен дұрыс па деген сұраққа ата аналардың барлығы дерлік келіскен.
Ақпараттық құралдар бетінен жинақтаған пайдалы
кеңестерім
Назарларыңызға мынандай ескертпелерді ұсынар едім: Бұлар менің болашақта жоғары сыныпқа барған кезде қолданатын және зерттейтін жетекшім ұсынған қосымшалар жиытығы
Ата- анаға кеңес
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz