Консервіні өндіру технологиясы


Мазмұны:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
2. 1 Кәсіпорын құрылысының технико-экономикалық негіздемесі
2. 2 Шикізаттар мен қосымша материалдарға сипаттама
2. 3 Дайын өнімге сипаттама сапасына қойылатын талаптар
2. 4 Ыдысқа сипаттама
- Технологиялық бөлім
3. 1 Консервіні өндіру технологиясы
3. 2 Технохимиялық бақылау
- Азық - түлік есебі
- Технологиялық жабдықтарды таңдау және есептеу
- Цехтағы қосымша ғимараттар есебі
- Қолданылған әдебиеттер
1. Кіріспе
Консерві зауыттарын жаппай жобалау жұмыстары 30 жылдардан басталды. Орташа куатты консерві зауыты жылына шамамен 50 мың тонна өсімдік шикізатын өңдей алады. Алайда мерзімге байланысты консерві зауытының жазда тәуліктік өнімділігі 400 т; ал ірі зауыттардың тәуліктік өнімділігі 2 мың тонна. Егер көптеген ірі консерві зауытының шикізат аймағының радиусы 100км болса, бұл шикізатты өсіру аймағынан консерві зауыттарына жеткізу жұмыстары соншалықты қиын екенін көрсетеді. Бірнеше жыл бұрын жемістер мен көкөністер консерві зауыттарына ағаш жәшіктері арқылы жеткізілетін. Кейбір консерві зауыттарында осындай тасымалдау құралы әлі күнге дейін қолданылуда. Шикізатты ағаш жәшіктерде тасымалдаудың бірқатар кемшіліктері бар, олар: тиеу-түсіру жұмыстарының қиындығы, жәшіктерді санитарлық өңдеудің қиындығы; әсіресе, жәшіктерді жасайтын ағаш қырланып, өңделмесе. Сонымен қатар, ағаш жәшіктерді үздіксіз жөндеп, жаңартып отыру қажет. Соңғы кездері алмаларды, баклажан және кейбір тамыр жемістерді шикізат алаңына ыдыссыз тасымалдау қолданылып жүр. Бұл кезде машинамен жеткізілген шикізатты тасымалдау гидравликалық және басқа да транспортерлермен жүзеге асырылады. Консерві өнеркәсібіне томат пастасы, жасыл бұршақ, жеміс-жидек шырындарын және басқа да консервілер өндіруге жоғарғы өнімділіктегі механизацияланған және автоматтандырылған линиялар енгізіледі. Бұл линиялардың бір бөлігі бізде өндіріледі, ал бір бөлігі Венгриядан әкелінеді. Сонымен комплексті линияларды және бөлек машиналар және Болгариядан, Югославиядан, Италиядан, ФРГ-дан, Франциядан, Япониядан сатып алады. Механикалық жинау комбайындары және шикізатты ыдыссыз жеткізу кеңінен қолданылуда. Сонымен бірге, еңбек шығынын тез төмендететін банкадағы консервілерді қоймада өңдеу линиясы енгізілуде. Қазіргі кезде жаңа ыдыс түрі қолданылуда, олар: қақпағы оңай ашылатын шыны ыдыстар, жұқа қаңылтыр ыдыстар, полимер ыдыстар. Үлкен ыдыстарда жартылай фабрикаттар және қоғамдық тамақтануға арналған түстік консервілер дайындалады. Асептикалық консервілеу, үздіксіз стерильдеу, ағымда жоғарғы температурада стерильдеу, үздіксіз булау және т. б. сияқты жаңа техника және технология жасалуда және енгізілуде. Әртүрлі концентрленген жидектер және көкөністер шырындарын, тез мұздатылатын дайын түстік тағамдарын, әртүрлі шикізат қоспасынан жасалған жеміс-жидек өнімдерін және басқаларын өндіру арқасында өнім ассортименті кеңейіп жақсаруда. Жеміс-көкөніс консерві зауыттарының жұмыстарының үлкен кемшілігі жыл ішінде шикізаттың бірқалыпты түспеуінің әсерінен болады. Осы мезгілдік процеспен күресу үшін қыстық периодта өнделетін жартылай фабрикаттар дайындалады.
2. Негізгі бөлім
2. 1 Кәсіпорын құрылысының технико-экономикалық негіздемесі
Курстық жұмыстың мақсаты жылына 1000 мшб өндіретін тәтті жеміс консерві цехының жобасын құрастыру. Өндіріс обьектісі Алматы қаласында орналасады. Қала арқылы автомобиль жолдары мен темір жолдар өтеді. Бұл дайын өнімді сатуда ыңғайлы және жылдам сату мүмкіндігін береді. Өндірістің негізгі шикізаты - таңқурай. Алматы маңында консерві зауытының шикізатын жеткізушілер болып табылатын шаруашылықтар бар.
Алматы қаласының табиғи климат жағдайы. Алматы қаласының климаты негізінен континеттік. Қысы қоңырқай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солтүстік жазық бөлігінде - 10-16˚С, оңтүстікте - 4-9˚С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы солтүстігінде 25˚С, оңтүстігінде 27˚С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы - 5-9˚С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 400-600мм, тау аңғарларында 700-1000мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Көктемде сәуірдің аяғы мен мамырдың басында қар еріп, жер беті тегіс қараяды. Тұрақты қар жамылғысы кезеңі 2-3ай, ал оның орташа қалыңдығы қыстың аяғына қарай 6-12 см аралығында өзгеріп тұрады. Жылдық жауын-шашын мөлшері Балқаш көлінің жағалауына 100 мм жетпейді, шығыста 155 мм тең. Бүкіл жаз бойы қуаңшылық пен аңызақ үстемдік етеді. Ауаның ылғалдылығы жазда 30-40 күн бойы күндіз 30 проценттен төмен деңгейде болады. Жыл бойы күшті жел соғып тұратын кездер де болады. Топырақ жамылғысы шалғынды, тосапты-шалғынды, шалғынды-батпақты, тақырлы топырақтармен және құмдармен ұласып жатады. Шалғынды топырақтар Іле өзенінің сол жағалауында және оның тармақтарында көп кездеседі. Өзен жайылмасының үстіңгі беткейі шөлге айнала бастаған. Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, оленшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Балқаш, Алакөл көлдерінің батпақты жағалауында, Іле өзенінің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлерде астық тұқымдас өсімдіктері басым жуанды, бетегелі-боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz