ТАЛАП ҚОЮ АРЫЗЫН ЖАУАПКЕРГЕ ТАПСЫРУ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
5 - ТАРАУ
СОТ ӨНДІРІСІНІҢ БАСТАЛУЫ ЖӘНЕ
ТАЛАП ҚОЮ АРЫЗЫН
ЖАУАПКЕРГЕ ТАПСЫРУ
ТҮЙІНДЕМЕ
1. Сот өндірісінің басталуы үшін талап қою арызын тиісті формада толтыру керек және арызды жауапкерге тапсыру қажет.
2. Талап қою арызын тиісті формада тлтырып, оны жаупкерге тапсырғаннан кейін талапты трэктің бір түріне бекітіп, істі басқару юрисдикциясын алады; трэктің түрлері: шағын трэк, жылдам трэк, көлемді трэк. Трекке бөлуде істің құны ғана емес, сондай-ақ дауды реттеудің жиілігі де ескеріледі.
МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе
2. Талап қою арызы берілгенге дейінгі хаттамалар
2.1. Талап қою арызын жазу
2.2. Сот өндірісі басталған күн
2.3. 8-бөлім өндірісі
3. Юрисдикция шеңберінде процесске шақыру
3.1. Тапсыру мекенжайы
3.1.1. Талап қою арызы берілгеннен кейін мекенжайын өзгерткен серіктестікке талап қою арызын тапсыру
3.1.2. Жауакердің көрсеткен мекенжайы және талап қою арызын тапсыру жолдары
3.2. Талап қою арызын болжамды тапсыру
3.3. Талап қою арызын тапсыру мерзімі
3.4. Талап қою арызын тапсыру және сырттай сот шешімі
3.5. Талаптың мән-жайын тапсыруды кешіктіру
4. Талап қою арызын юрисдикциядан тыс жерде тапсыруға рұқсат беру
4.1. Талап қою арызын юрисдикциядан тыс жерде тапсыруға рұқсат беру
4.2. Талап қою арызын юрисдикциядан тыс жерде тапсыру тәсілдері
4.3. ЕО-дағы талап қою арызын тапсыру ережесі
4.4. Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы Гаага конвенциясы
5. Істі тиісті трэкке бөлу

КІРІСПЕ
5.01. Бұл тарауда сот өндірісінің ресми кезеңдеріне кірісудің алғашқы екі қадамы туралы баяндалады: 1) сот өндірісін бастау процесі (Азаматтық іс жүргізу ережесі қабылданғанға дейін Үлкен сот практиасында талап-арыз (writ) деп аталған, қазір графтық соттар мен Үлкен сотта талап қою арызы (claim form) деп аталады); 2) талап қою арызын жауапкерге тапсыру, 4.01-тармағында айтылғандай, талап қою арызы берілгенге дейінгі кезең ресми сот өндірісін бастауға кіріспе болып табылады.
2. ТАЛАП ҚОЮ АРЫЗЫН ЖАЗУ
5.02. Азаматтық іс жүргізу ережесіне сәйкес, сот өндірісін бастаудың негізгі жолы - талап қою арызын жазу. Ереже бойынша талап қоюшының талап қою арызында қандай талаптарды көрсететінін өзі таңдауға құқығы бар және оны 14 күн ішінде жауапкерге тапсыруға тиіс. Талап қоюшы талабын қоя отырып, жауапкердің талапқа қарсы пікірін, талапты мойындайтыны туралы жауап хатын (response pack) алғанын, талап қою арызын тапсырғанын дәлелдеуге тиіс. Талап қоюшы талап қою арызын дұрыс толтырмаса, кейін қатесін түзете алады. Adams v. Ford ісінде (2012) Апелляциялық сотының айтуынша, тіпті талап қоюшының солиситорының мәлімдемесі жалған, яғни талап қоюшы солистордың сотта өкіл болуына сенім білдірмеген болса да, талап қою арызында талап қоюшының аты-жөні жазылғандықтан, талап қою арызының формасы жарамсыз болып саналмайды. Бұл істе бірнеше талап қоюшы бірігіп, бір талап қою арызын берген еді. Талап мерзімініе үлгеру үшін сот өндірісі асығыс басталған. Әйтсе де талап қоюшылардың қайсысы солисторға сенім білдіргенін алдын ала анықтап алған жөн болар еді. Дегенмен талап қою арызына қол қойғандардың арысында солисторға сенім білдірген талап қоюшылар да болғандықтан, талап қою арызын қараусыз қалдыру дұрыс емес деген шешім қабылданған.

2.2. СОТ ӨНДІРІСІ БАСТАЛҒАН КҮН
5.03. Азаматтық сот өндірісінің басталған сәті - сот талап қою арызын қабылдаған күн. Талап қою мерзімі талап қою арызы сотқа түскен сәттен басталады.
2.3. 8-БӨЛІМ ӨНДІРІСІ
5.04. 8-бөлім өндірісі (Part 8 procedure) - сот өндірісін бастаудың тағы бір түрі. Сот өндірісін бастаудың бұл тәсілі талап қоюшыға қандай да бір айтарлықтай дау тумайтын мәселе бойынша соттың шешімі қажет кезде қолданылады.
3. ЮРИСДИКЦИЯ ШЕҢБЕРІНДЕ ПРОЦЕСКЕ ШАҚЫРУ
5.05. Сот талап қоюшыдан талап қою арызын (талап қоюшының көрсеткен мекен-жайы бойынша) қабылдауға тиіс, бірақ талап қоюшы соттан талап қою арызын қайтарып беруді сұраса немесе талап қою арызы қабылданбауға тиіс екенін белгілейтін норма, практикалық нұсқаулық немесе бұйрық болса, сот талап қою арызын қараусыз қалдырады.
5.06. Оқырман талап қою арызын жауапкерге тапсырудың қыр-сырына үңілмей тұрып, алдымен Азаматтық іс жүргізу ережесін байыппен оқып шыққаны жөн, себебі бұл - тым күрделі тақырып. Тапсырудың тәсілдер мынадай:
1. Тапсыру келісімшартқа сай және келісімшартқа қатысты болуға тиіс. 2. Жауапкерге тікелей тапсыру . Ережеде жеке адамға, компания мен корпорацияға, серіктестікке тікелей тапсыру нормалары жеке-жеке көрсетілген. Азаматтық іс жүргізу ережесінің 6.5(3) тармақшасында былай делінген: 3.Талап қою арызын тапсыру жолдары мынадай: а) жеке адам жеке адамға тапсырады; ә) компания немесе корпорация компанияның немесе корпорацияның жоғары лауазым иесіне тапсырады; б) серіктестік (серіктестер фирманың мүддесі үшін талап қою арызын берген кезде): 1) серіктесіне; 2) бизнестің заңды мекенжайындағы серіктестікті бақылап немесе басқарып отырған тұлғаға тапсырады.
Жеке адамға (а) юрисдикциядағы кез келген жерде, яғни Англия мен Уельстің кез келген жерінде тапсырылады.
Компаниядағы немесе корпорацияның жоғары лауазым иесіне (ә) тапсыру ұғымына Практикалық нұсқаулықта (6А) түсінік берілген: Төмендегі тұлғалардың бәрі: (1) заңды түрде тіркелген компанияның немесе корпорацияның директоры, қаржы жөніндегі директоры, компанияның немесе корпорацияның хатшысы, атқарушы директоры, компанияның немесе корпорацияның менеджері немесе басқа да қызметкері; (2) тіркелмеген компанияда немесе корпорацияда (1) тармақта аталған лауазым иелерімен бірге, мэрі, төрағасы, президенті, қалалық кеңестің хатшысы және т.б. қызметкері жоғары лауазым иесі болып саналады.
Талап қою арызын серіктестікке тапсыру (б) туралы 5.08-тармағындағы Brooks v. AH Brooks & Co ісінен (2011) оқи аласыз.
3. Электронды емес тасымалдаушымен тапсыру (Non-Electronic Transmission in Hard-Copy). Хабарлаудың бұл тәсілі бірінші сыныпты пошта арқылы, құжат алмасу арқылы немесе, Практикалық нұсқаулыққа (6А) сәйкес келесі жұмыс күні жететін басқа да тапсыру тәсілі арқылы жүзеге асырылады. Аталған тәсіл соттың тапсыруы үшін қолайлы. Тапсырудың мекенжай туралы 5.07-тармағында талап қою арызын қайда жолдау жөнінде егжей-тегжейлі баянадалады.
4. Талап қою арызын белгілі бір мекенжайда тапсыру (Physically `Leaving' the Claim Form at a Specified Place). Тапсырудың бұл тәсілі бойынша талап қою арызы жауапкер айтқан мекенжайға немесе ережеде көрсетілген мекенжайға тапсырылады. Бұл тәсілдің үш түрі бар: (а) жауапкердің солисторына тапсыру (5.09); (ә) жауапкердің көрсеткен мекенжайына тапсыру немесе қалдыру; б) жауапкер көрсетпеген, бірақ Азаматтық іс жүргізу ережесінің 6.9(2) тармақшасындағы кестеге сәйкес анықталған мекенжайға тапсыру немесе қалдыру (5.07-тармағын қараңыз).
5. Электронды жолмен тапсыру (Electronic Transmission). Факспен немесе электронды байланыстың басқа да құралымен тапсыруға болады; бұл Практикалық нұсқаулықта (6А) жазылған.
6. Сот тапсыруды басқа да жолдармен жүзеге асыруы мүмкін: Азаматтық іс жүргізу ережесінде мұндай жолдар субститутты тапсыру (substituted service) деп аталған.
7. Соттың тапсырмауы да мүмкін.
8. Мемлекет пен үкімет министрліктеріне тапсырудың арнайы нормалары бар.
3.1. ТАПСЫРУ МЕКЕНЖАЙЫ
5.07. Азаматтық іс жүргізу ережесінде талап қою арызын тапсыруды толық жүзеге асыру үшін жолдайтын немесе "қалдырып кететін мекенжайы туралы айтылған:
1) жеке тұлға үшін: тұрғылықты немесе соңғы мекенжайы;
2) талап қою арызы бизнесіне қатысты берілген жеке тұлға үшін: сол тұлғаның тұрғылықты немесе соңғы мекенжайы; бизнесінің атқарушы органының орналасқан немесе соңғы мекенжайы;
3) талап қою арызы серіктестік бизнесіне қатысты берілген жеке тұлға үшін: сол тұлғаның тұрғылықты немесе соңғы мекенжайы; серіктестік бизнесінің атқарушы органы орналасқан орын немесе соңғы мекенжайы;
4) жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін: серіктестіктің атқарушы органы орналасқан кеңсе; серіктестіктің талап қою арызына айтарлықтай қатысы бар және юрисдикцияның аумағында орналасқан кез келген органының мекенжайы;
5) Англия мен Уельсте компаниядан басқа атаумен инкорпорация жасалған корпорация үшін: корпорацияның атқарушы органы орналасқан кеңсе; корпорацияның талап қою арызына айтарлықтай қатысы бар және юрисдикцияның аумағында орналасқан кез келген қызмет етіп отырған органның мекенжайы;
6) Англия мен Уельсте тіркелген корпорация үшін: компанияның атқарушы органы орналасқан кеңсе; компанияның талап қою арызына айтарлықтай қатысы бар және юрисдикцияның аумағында орналасқан кез келген қызмет етіп отырған органның мекенжайы;
7) кез келген басқа компания немесе корпорация үшін: корпорацияның юрисдикция аумағында қызметін жүргізіп отырған кез келген органның мекенжайы; компанияның юрисдикция аумағында қызметін жүргізіп отырған кез келген органның мекенгжайы.
Азаматтық іс жүргізу ережесі талап қою арызын тапсырудағы мекенжайға қатысты нормаларды 1) және 2) санаттарына сай жүргізеді және осы нормаларға сүйеніп жүзеге асыру қажет. Шындығында, егер талап қоюшы жауапкер мекенжайын өзгертті деп ойласа, презумпция нормаларына сәйкес, жауапкердің жаңа мекенжайын табуға нақты қадам жасауға тиіс (келесі тармақтағы Brooks ісін (2011) қараңыз)
3.1.1. Талап қою арызы берілгеннен кейін мекенжайын өзгерткен серіктестікке талап қою арызын тапсыру
5.08. Brooks v. AH Brooks & Co ісінде (2011) судья Девид Кук: Егер талап қоюшы талап қою арызын тапсырған кезде жауапкердің мекенжайында орналасқан серіктестік құрамындағы жұмысын тоқтатқан болса, онда серіктестікке қарсы талап қою арызын сол мекенжайда тапсыру жарамсыз болып саналады, - деген. Бірақ бұл істе бұрынғы серіктестердің бірі сол серіктестіктің құрамында әлі де қызмет етіп жатқан, бірақ оның мәртебесі өзгеріп, енді ол жалдамалы қызметкер (кеңесші) ретінде ғана қызмет атқарған. Бірақ сот осы істегі талап қою арызын тапсыруды жарамды деп таныған, себебі талап қою арызы көрсетілген мекенжайға тапсырылса, сол жерде орналасқан кеңсе талап қою арызы туралы жауапкердің солисторына хабарлайтын еді.
3.1.2. Жауакердің көрсеткен мекенжайы және талап қою арызын тапсыру жолдары
5.09. Әдетте жауапкер солисторына талап қою арызы мен оған тіркелген құжаттарды қабылдауға сенім білдіреді. Nanglegan v. Royal Free Hampstead NHS Trust ісінде (2002) Апелляциялық соттың мәлімдеуі бойынша, мұндай кезде талап қою арызын жауапкердің сенімді өкіліне міндетті түрде тапсыру қажет: яғни талап қою арызын жауапкердің өзіне тапсыру жарамсыз болып саналады. Сот бұл мәлімдемесінде талап қою арызын жауапкердің сенім білдірген солисторына тапсыру істі жылдам жүргізу үшін тиімді екенін атап айтқан. Апелляциялық сот талап қоюшының бұл мәселені Азаматтық іс жүргізу ережесінің басқа нормасымен реттеу туралы өтінішін қараусыз қалдырған. Талап қою арызы туралы хабарлау мен тапсырудың келісілген тәсілдері туралы айтсақ, Апелляциялық соттың судьялары Ener-G Holdings plc v. Hormell ісінде (2012) көпшілік дауыспен тараптарға хабарлаудың айрықша формасы қажет емес деп шешкен. Бұл істе сот талап қоюшының талап қою арызы туралы жауапкерге балама тәсілмен тиімді хабарлағанын мәлімдеген. Судьялардың көбі бұл мәселеге ортақ іс ұғымына сүйене отырып, еркін түсініктеме берген.
3.2. ТАЛАП ҚОЮ АРЫЗЫН БОЛЖАМЖЫ ТАПСЫРУ
5.10. Ережеде болжамды тапсыруға қатысты Азаматтық іс жүргізу ережесінің 7.5(1) тармақшасына сай шара қолданғаннан кейінгі екінші жұмыс күні тапсырылуға тиіс екенін көрсететін кесте бар.
5.11. Азаматтық іс жүргізу ережесінің 7.5(1) тармақшасында былай делінген:
Талап қою арызы юрисдикцияның аумағында тапсырылса, талап қоюшы талап қою арызын сотқа берген күннен кейін төрт ай өткенде, күтізбелік күннің түнгі 12.00 сағат уақытына дейін талап қою арызын тапсырудың өзі таңдаған тәсіліне байланысты төмендегі кестедегі қадамдарды жасауға тиіс:
___________________________________ ___________________________________ _______
Тапсыру тәсілі Қажет қадам
___________________________________ ___________________________________ _______
Бірінші сыныпты пошта арқылы, құжат Поштамен жолдау, мекенжайында
алмасу арқылы немесе келесі жұмыс күні қалдыру, басқа да тиісті тасымал
жететін басқа да тапсыру тәсілі жолдарымен жеткізу
Құжатты тиісті мекенжайға жеткізу Құжатты тиісті мекенжайға жеткізу
немесе қалдыру немесе қалдыру
6.5-тармағындағы нормаға сәйкес тікелей 6.5(3) тармақша нормасының талабына
жеткізу сай шараларды қабылдау
Факс Факспен жолдау
Электронды пошта немесе басқа
Басқа электронды тәсіл электронды жолдау жасау
___________________________________ ___________________________________ _______

3.3. ТАЛАП ҚОЮ АРЫЗЫН ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ

5.12. Талап қою арызын тапсыру талап қою арызы берілген күннен кейін төрт айдың ішінде орындалуға тиіс.

5.13. Талап қою арызын юрисдикциядан тыс жерде тапсыру қажет болса, тапсыру мерзімі алты айды құрайды. Азаматтық іс жүргізу ережесінің 7.5(2) тармақшасында былай делінген: Талап қою арызын юрисдикциядан тыс жерде тапсыру керек болса, талап қою арызын, 6-бөлімнің IV бөлігіне сәйкес, талап қою арызын бергеннен кейін 6 ай ішінде тапсыру қажет.

5.14. Егер талап қою арызы юрисдикциядан тыс жерде тапсырылмайды деген белгімен берілсе және ол төрт айдың ішінде тапсырылмаса, Талап қою арызы мен басқа құжаттарды юрисдикциядан тыс жерде талап қою арызын тапсыру құқығы сақталады.

5.15. Сот талап қоюшының талап қою арызын тапсыру мерзімін ұзарту туралы өтінішін қанағаттандыра алады. Азаматтық іс жүргізу ережесінің 7.6-трмағында былай жазылған:

Ереженің 7.5-тармағына сәйкес, талап қоюшы талап қою арызын тапсыру мерзімін ұзартуға өтініш бере алады.
Ереженің 7.5-тармағына сәйкес, талап қою арызын тапсыру мерзімін ұзарту туралы өтінішке қойылатын жалпы талап мынадай:
а) 7.5-тармағында көрсетілген мерзім ішінде берілуге тиіс;
ә) сот өтінішті қанағаттандырса, талап қою арызын тапсыру соттың бұйрығында көрсетілген мерзімде жүзеге асырылуға тиіс;
3. Талап қоюшы талап қою арызын тапсыру мерзімін ұзарту туралы өтінішті Ереженің 7.5-тармағында көсетілген өтіп кеткенде берсе, сот өтінішті:
а) талап қою арызын тапсырудың кешігуіне соттың өзі себепкер болса;
ә) талап қоюшы 7.5-тармаққа сай шаралар қабылдаса, бірақ талап қою арызын тапсыру обьективті себептер бойынша мүмкін болмаса;
б) талап қоюшы өтініш беруге мәжбүр болған басқа да жағдайларда ғана қанағаттандыра алады.

5.16. Апелляциялық соттың Cecil v. Bayat ісіндегі (2011) шешімінде (5.31-тармағында бұл істің басқа да қырларына тоқталамыз) талап қою арызын тапсыру мерзімінг (Азаматтық іс жүргізу ережесінің 7.6-тармағына сәйкес) ұзартуға қатысты сот прецеденттеріне шолу жасалған.

5.17. Апелляциялық сот Cecil ісіндегі (2011) фактілерді зерттей келе, бірінші сатыдағы судьяның талап қою арызын тапсыру мерзімін ұзартуын қате деп таныған. Бұл істе талап қою арызын тапсырудың төрт айлық мерзімін, Азаматтық іс жүргізу ережесінің 7.6-тармағына сілтеме жасай отырып, төрт ай мерзімнің бітуіне бір күн қалғанда ұзартқан (Азаматтық іс жүргізу ережесінің 7.5(1) тармақшасы). Алғашында судья Филд мерзімді алты айға, кейін судья Томилсон тағы бір жарым айға созған. Мерзімді ұзартуға негіз ретінде осы сот өндірісі дәл осы тараптар арасында нақ осы фактілер бойынша Нью-Йорк соты өндірісінің жалғасы екені және сол сот өндірісінде талап қоюшының қаржы мәселесін реттеуге және заңгермен Шартты сыйақы келісімін жасауына қосымша уақыт қажет екені айтылған. (20.20 және әрі қарай).

5.18. Апелляциялық соттың мәлімдеуінше, бұл негіздеме талап қою арызын тапсыру мерзімін ұзарту үшін жеткіліксіз, сонымен бірге жауапкерді талап қоюдың ескіру мерзіміне сілтеме жасау құқығынан айырып отырғандықтан, ұзартуды жарамсыз деп тану қажет. Осылайша Англиядағы сот өндірісі әрі қарай жалғасын таппаған. Бірақ Cecil v. Bayat (2011), Teare J in JSC BTA Bank v. Ablyazov істерін (2011) қараған сот шетелдік заңнамадағы талап қою мерзімінің ескіру ағылшын сотында талап қою арызын тапсыру мерзімін ұзартуға кедергі бола алмайтынын мәлімдеген. Ал денсаулыққа зиян келтіргені үшін қаралған Aktas v. Adepta ісінде (2010:8.65, 10.108 және әрі қарай) Апелляциялық сот 1982 жылғы Талап қою мерзімінің ескіру туралы заңның (Limitation Act 1980) 33-бөлімінің нормасына сүйене отырып, талап қою арызын төрт ай мерзімнің ішінде тапсырып үлгермеген талап қоюшының талап қою арызын, мерзімі ескіріп кетсе де, қараған.

5.19. Лорд-судья Рикс Cecil v. Bayat ісінде (2011) осыған дейінгі шешімге мынадай сілтеме жасаған:

Мұндай жүйеде соттың талап қою арызын тапсыру мерзімін қатал реттеуі маңызды. Әйтпесе талап қою мерзімінің ескіру уақытын талап қоюшы мен оның солисторы әрдайым өз мүддесіне икемдеп отыруына жол береміз. Сондықтан талап қою арызын тапсыру мерзімін ұзартуға рұқсат етілмесе, талап қоюшының талап қою мүмкіндігіне кедергі келтіреміз деген пікір негізсіз болып табылады.

5.20. Cecil v. Bayat ісініде (2011) лорд-судья-судья Рикс осы мәселеге байланысты сот прецедентін қабылдаған:

Азаматтық іс жүргізу ережесінің 7.6-тармағы - талап қою арызын тапсыру мерзімін ұзарту туралы жалпы норма. Осы нормаға сүйенген кезде талап қою арызын тапсыру мерзімінің солистордың салғырттығынан өтіп кеткенін алға тартып, ұзартқанымыз жөн болмауы мүмкін, бірақ Hoddinott's ісіндегі тәрізді (2007) айрықша жағдайда рұқсат берген жөн. Өтініште жазылған себеп дәлелді болса, сот тапсыру мерзімін қашанда ұзартады; ал себеп дәлелді болмаса, сот өтінішті қанағаттандырмайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық iс бойынша талап қою өндiрiсi
Азаматтық iс бойынша талап қою өндiрiсi туралы
Азаматтық істерді сырттай іс жүргізу тәртібімен қараудың сот тәжірибесіне шолу
Талап өндірісі туралы
Азаматтық процесте тиісті және тиісті емес тараптар
Азаматтық процестегі тараптар және олардың маңызы
Азаматтық процесстің қатысушылары (жалпы сипаттама)
Азаматтық іс жүргізу құқығының қатысушыларының құқықтық жағдайы
Азаматтық іс жүргізу туралы ақпарат
Өндірісі және талап
Пәндер