Мемлекеттік орман қорының жерлері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Картинки по запросу әл фараби университет

Факультеті «География және табиғатты пайдалану»

Кафедрасы «География, жерге орналастыру және кадастр»

СӨЖ

Тақырыбы: «Өзіміздің туған ауыл, аудан және қаламыздағы жер қоры туралы мәліметтер жинау»

Орындаған: Сапаргалиева Д. А.

Тексерген: Бектурганова А. Е.

Алматы, 2021

Мазмұны

Кіріспе . …… 3

Негізгі бөлім . . 5

Қорытынды . …. . 9

Пайдаланылған әдебиеттер . . ……. ……. … . . . 10

Кіріспе

Қазақстан мемлекеттік жер кадастрының мәні көбінесе оның объектісіне байланысты. Мемлекеттік жер кадастрының объектісі болып, Қазақстан Республикасының барлық жерлерін қамтитын бірыңғай мемлекеттік жер қоры жатады. Практикалық мәселелерді шешу үшін және жер қорын құқықтық реттеу үшін, көрсетілген бөлінулер жеткіліксіз. Сондықтан жер қорының сипаттамасы кадастр объектісі ретінде, көбірек толық болуы және оның халық шаруашылығының бөлек салаларында міндет атқаруы көрсетілуі керек. Өндірістік талабын ескеріп отырып, бәрінен бұрын жерлер сипаттарға /категорияға/ бөлінеді. Республиканың мемлекеттік органдары республика шегінде бірыңғай мемлекеттік жер қорына билік етеді, оны пайдаланудың келешектік жоспарын жасайды, жерді пайдалау тәртібін белгілейді, сондай-ақ жер қатынастарын реттейді. Облыстық, аудандық, қалалық, мемлекеттік органдар, өз кезегінде жерді ұтымды пайдалану және қорғау, жердің пайдалануы мен олардың жерге орналастыруына мемлекеттік бақылау жасау бойынша көптеген мәселелерді шешеді. Сондықтан, бөлек әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде, мемлекеттік-шаруашылық органдарының шаруашылық және құқықтық қызметін жүзеге асыру, осы бөлімшелер бойынша жер қорын есепке алынуының нақты қажеттілігін тудырады.

Қазақстан Республикасының жер аумағы 272490, 2 млн. га құрайды, өзара 15 әкімшілік аумақтық бірліктерге бөлінеді. Бұнда үлкен жер ауданына Қарағанды-42798, 2 мың га, Ақтөбе-30062, 9 мың га және Шығыс Қазақстан - 28322, 6 мың га облыстары ие.

Республикамызда 169 әкімшілік аудан бар, қалалар мен поселкелер саны - 304, ал ауылдық елді мекендері саны - 7164. Бұл көрсеткіштер республиканың жер қорының мөлшері үлкен және әкімшілік бөліну объектілерінің санының көп екендігін көрсетеді, мұнда жер кадастры бойынша жүргізетін жұмыстар да көп болуы тиісті. Бұндай үлкен көлемді кадастрлық жұмыстарды жер ресурстарын басқару жөніндегі республикалық Агенттігі, 14 облыстық, 169 аудандық және біршама қалалық комитеттер барлық деңгейдегі әкімшіліктер мен ведомстволары, жерге орналастыру органдары және басқа да мамандандырылған кәспорындар орындауы керек.

Қазақстан Республикасының территориясы табиғи-климаттық, топырақтық жағдайларының әр түрлі болғандығына байланысты 10 табиғи-ауыл шаруашылық аймақтарға бөлінген. Республика жерінің ең үлкен ауданы құрғақ далалы - 62386, 8 мың га, шөлейт - 37258, 8 мың га, далалық - 26448, 0 мың га аумақтарында орналасқан. Ең үлкен егістік аудандары: далалық - 26448, 0 мың га және далалық - 10768, 0 мың га аймақтары орталығында орналасқан. Жалпы егістік ауданы республикада - 26610, 7 мың га, ал ауыл шаруашылық алқаптарының ауданы- 222568, 7 мың га құрайды. Қазақстан Республикасы жер қоры бірыңғай толық болып тұрса да, бөлек құрам бөліктерінің нысаналы қолданылу мақсаттарына байланысты ол негізгі жер санаттарына бөлінеді. Мемлекеттік жер кадастры жүйесінің әрекеті нәтижесінде жер қорының құрамы негізінен нысаналы мақсатына сәйкес келесі негізгі жер санаттарына бөлінеді:

  1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер;
  2. Елді мекендердің /қалалардың, поселкелер мен ауылдық елді мекендердің/ жерлері;
  3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шарушылық емес мақсаттағы жерлер;
  4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
  5. Мемлекеттік орман қорының жерлері;
  6. Мемлекеттік су қорының жерлері;
  7. Мемлекеттік запастағы жер.


Алматы облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224, 0 мың км 2 . Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.

Облыстың табиғаты мен жер бедері ала-құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Бұл өңір негізінен антропогеннің аллювийлік және эолдық шөгінділерінен түзілген. Оның басым бөлігін Сарыесікатыраудың, Тауқұмның, Лөкқұмның, Қарақұмның, Қорғанқұмның қырқалы және төбешікті құмды алқаптары алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғары өтетін атыраулық бөлігі көне құрғақ арналармен тілімделген. Солтүстік шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу (Жоңғар) қақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері толығымен қамтыған. Олар тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы - Бесбақан (4442 м) орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар, олардың жалпы ауданы 1, 0 мың км2-ге жуық. Жетісу Алатауының кейбір сілемдері (Қолдытау, Алтынемел, Малайсары, Тышқантау, Текелі, Сайқан т. б. ) өзен маңындағы жазық өңірлерге сұғына еніп жатыр. Облыстың оңт. Және оңтүстік-шығысы Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен (Ұзынқара) жотасы және Солтүстік Тянь-Шань сілемдерінің т. б. жоталарынан құралған. Жетісу Алатауы мен Іле, Күнгей Алатаулары және Кетпен таулары аралығында Іле ойысы (аңғары) жатыр. Алматы облысының оңтүстік-батысын және батысын Шу, Іле таулы үстірттері мен далалары қамтыған (Жусандала, Бозой, Қараой үстірттері) .

Облыстағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой түзеген және кембрийге дейінгі кристалды тақта-тасты тау жыныстары қабаттарынан түзілген. Сондай-ақ мұнда конгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер т. б. палеозой жыныстары кеңінен тараған. Тау етегі және облыстың биіктігі орташа өңірлері плейстоцен мен антропогендік шөгінділерден түзілген. Облыстағы таулардың алғашқы қалыптаса бастау кезеңі герцин қатпарлығымен тығыз байланысты. Одан кейінгі кезеңдерде бұл таулар бірте-бірте мүжіліп, адырлы жазық (пенеплен) қалыптасқан. Плейстоцен кезеңінің басында, альпілік орогенез кезінде пенепленге айналған өңір тектоник. Процестер нәтижесінде кәдімгі тауларды түзген. Мұнда осы кезге дейін тектоникалық процестер жалғасуда. Оқтын-оқтын болатын жер сілкінулер - соның айқын дәлелі. Кен байлықтарынан облыс қойнауында полиметалл (Текелі), вольфрам (Бұғыты), молибден кентасының едәуір қоры, фарфор тастары (Қапшағай), барит, бентонит сазы (Ақсу, Алакөл аудандары), отқа төзімді балшық, кварц құмы, гипс, тас және қоңыр көмір (Ойқарағай, Тышқанбай), шымтезек, тұз кен орындары және минералды жерасты сулары бар.

Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Балқаш, Алакөл к-дерінің батпақты жағалауында, Іле өз-нің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлерде (биікт. 600-1300 м) астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі-боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі. Биік таудың альпілік шалғынында өлең шөп, алтай, қоғажайы, тастесер т. б. өсімдіктер басым. Бұл өңір - облыс малшыларының жазғы жайлауы.

Облыс аумағында 2 мемлекеттік табиғи қорық, 5 мемлекеттік ұлттық табиғи парк, 7 мемлекеттік қорықша, 3 мемлекеттік табиғи ескерткіш және 1 ботаникалық бақ бар.

Орман қорының жері 4929, 6 мың га алып жатыр, оның ішінде: ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 544, 4 мың га, мемлекеттік қорғаныш орман жолақтары 3, 2 мың га, қала ормандары мен орман парктері 1, 1 мың га, елді мекендердің жасыл аймақтары мен емдеу-сауықтыру мекемелері 4, 4 мың га, өзендер, көлдер, су сақтағыштар, арналар және басқа су объектілері жағалаулары бойынша ормандардың шектелген жолақтары 165, 8 мың га, халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныш орман жолақтары 24, 2 мың га, алаңдар мен топырақ қорғау ормандар 4155, 9 мың га, халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдарының каналдардың, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулерiндегi енi он метр және одан кеңiрек, алаңы 4, 9 мың га астам қорғаныштық екпелер жатады. Алматы облысының орман қорын құрайтын ормандар мен орманмен көмкерілмеген жерлердің жалпы ауданы 4342, 7 мың га.

Алматы облысы аудандары мен аудан орталықтары:

  • Ақсу ауданы - Жансүгіров
  • Алакөл ауданы - Үшарал
  • Балқаш ауданы - Бақанас
  • Ескелді ауданы - Қарабұлақ
  • Еңбекшіқазақ ауданы - Есік
  • Жамбыл ауданы (Алматы облысы) - Ұзынағаш
  • Кеген ауданы - Кеген
  • Кербұлақ ауданы - Сарыөзек
  • Көксу ауданы - Балпық би
  • Қарасай ауданы - Қаскелең
  • Қаратал ауданы - Үштөбе
  • Панфилов ауданы - Жаркент
  • Райымбек ауданы - Нарынқол
  • Сарқан ауданы - Сарқан
  • Талғар ауданы - Талғар
  • Ұйғыр ауданы - Шонжы
  • Іле ауданы - Өтеген батыр

Және облыстық бағынуға ие 3 қала:

  • Қапшағай
  • Талдықорған
  • Текелі

2018 жылғы 2 сәуірде Райымбек ауданы екіге бөлінді: оның құрамынан орталығы Кеген ауылы болып, Кеген ауданы бөлініп шықты. Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылы болды.

Қырғауылды - Алматы облысы Қарасай ауданы Райымбек ауылдық округі құрамындағы ауыл. Қаскелең қаласының орталығынан шығысқа қарай 11 км жерде орналасқан. Қарасай ауданы - Алматы облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 2 мың км². Аудан аумағында 3019 шаруа қожалығы құрылған. 2001 ж. Жаңа Шамалған темір жол стансасында (Шамалған) 15, 2 мың т жүгері, картоп өнімдерін қайта өндейтін зауыт салынды. Жандосов ауылында асыл тұқымды бәйге аттарын күтіп-баптау, ат спортын жан-дандыру бағытындағы ипподром іске қосылды. Қарасай ауылының ауылшаруашылығына жарамды жер 512, 3 мың га , оның ішінде 49, 3 мың га егістік , 22, 1 мың га жайылым , 1, 4 мың га шабындық бар. Аудан аумағында бірнеше ірі республика және облыс бағыныстағы кәсіпорындар мен ұйымдар орналасқан. Олар: «Арал» сауықтыру-емдеу акц. Қоғамы (Райымбек ауылы), облыс қан беру орталығы (Қаскелең қ. ), ішімдікке құмарларды емдеу мекемесі (Ерменсай ауылы), Ақсай балалар клиникалық ауруханасы (Ақсай ауылы), 2 әскери бөлім (Ақжар және Шамалған ауылдары), іле-Алатау ұлттық демалыс аймағы (Таусамал ауылы), Қаскелең аң аулау орман ш-ғы (Шамалған темір жолы. Стансасы), Бірінші Май тәжірибе ш-ғы (Әшекеев ауылы), Білім және ғылым министрлігіне қарайтын Қазақстан республика академиялық аграрлық зерттеулер Орталығының қазыналық кәсіпорыны, Мемл. Қазыналық асыл тұқымды мал зауыты (Каменка ауылы), Қаскелең қ-лық баспаханасы, мемлекеттік «Водоканал» коммуналдық кәсіпорыны (Қаскелең қ. ), Қазақ мал шаруашылығы ҒЗИ (Каменка ауылы), Қазақ көкөніс және картоп өсіру ҒЗИ (Қайнар ауылы), Қазақ өсімдік қорғау ҒЗИ (Қарғалы ауылы), ҚР ауыл шаруашылығы мин-гі Қ. Ауылы бойынша аумақтық комитеті (Қаскелең к ), Вильяме атындағы Қазақ егіншілік ҒЗИ (Алмалыбақ ауылы), Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің Еңбекші ауыл шаруашылығы өндірістік көсіпорны (Еңбекші ауылы), Қазақ құс өсіру ҒЗИ (Алмалыбақ ауылы), Республикалық оқу-сауықтыру «Бөбек» орталығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, мемлекеттік кәсіпорын департаменті «Жер астын зерттеу институты» кәсіпорнының филиалы (Қаскелең қ. ) . Қ. Ауданында мәдени және білім беру мекемелерінен 53 кітапхана, 1 музей, 7 мәдениет үйі, 1 колледж, 3 көсіптік-техн. Мектеп, 46 жалпы білім беру орны, 2 балабақша тіркелген. Емдеу мекемелерінен «Сарыарқа», «Алма-Арасан», «Қарғалы», емдеу-сауықтыру орындары, «Орленок», «Электрон» оқушылар лагерлері, «Энергетик» демалыс үйі мен оқушылар лагерлері, сонымен бірге Қаскелең қалалық орталық ауруханасы, Шамалған ауылы мен Шамалған темір жолы станциясыларындағы ауылдық ауруханалар елге қызмет көрсетеді. Басқа елді мекендерде 30 ауылдық дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшер акушерлік пункттер бар. Аудан жерімен халықаралық маңызы бар Алматы-Қарағанды-Астана және Ташкент-Шымкент-Тараз-Бішкек-Алматы транзиттік автомобиль жолдары өтеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарағанды облысының сипаттамасы
Жер салығы туралы
Ауылшарушылық мақсатындағы жерлердің жағдайы
Жерді пайдалану мен иеленуді тіркеу, жерді есепке алу
Жер кадастрының даму тарихы
Қазақстан Республикасында орман шаруашылығын басқару
Қазақстан Республикасының жер қоры – мемлекеттік жер кадастрының объектісі
Салық салу бірлігі
Орман қоры жерінің жалпы ережелері
Жерге салынатын салық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz