Крест жорықтарының салдары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Крест жорықтары
Курс: 2
Мамандығы: Археология және тарих
Орындаған: Есболаев Жандос
Лекторассистент: Серікбаев Ермекбай Қойбекұлы

Жоспары:
1. Крест жорықтары: себептері мен салдары
2. Шіркеу -- шығысқа жорықты ұйымдастырушы.
3. Кедейлердің Шығысқа жорығы.
4. Рыцарьлардың бірінші крест жорығы.
5. 1212 жылғы балалар жорығы
6.Крест жорықтарының салдары.

Кіріспе:
Көне тарихтың көмбесiнде жатқан сыр көп. Солардың бiрi әрi бiрегейi Крест жорықтары. Бұлар Рим Папасының әртүрлi желеуiмен Кiшi Азияға сегiз рет жасалынды. Солардың ең қасiреттiсi 1-шi Крест жорығы тарихқа өзiнiң қара таңбасын салып кеттi. Ол Кiшi Азияны христиан әлемiмен бiрiктiрмекшi болып, қарапайым жандарды жорыққа Құдайдың қалауы осы деп айдап салды. Бiрақ оның дегенi бола қоймады. Соғыста бейбiт халықты қырғынға ұшыратты. Крест жорықтары Еуропа тарихшыларының жүз жылдық пiкiрталасына айналғаны белгiлi. Дегенмен адамзаттың ақыл ой-парасаты жылдар өткен сайын iзгiлiкке бастайды. Осыдан екi жыл бұрын Рим папасы Крест жорықтарының адамзатқа келтiрген зардабы үшiн барша әлем алдында кешiрiм сұрағаны да жұрттың есiнде. Бүгiнгi ұрпақ адамзат тарихын бiлуге тиiс және содан сабақ алғаны ләзiм.
1095 жылы Византия императоры Алексей-1 Комнин империяға қауiп төндiрiп тұрған түрiктерге қарсы шығу үшiн Батыс Еуропаның христиандық мемлекеттерiнен көмек сұраған. Себебi 1071 жылы Манцикерт маңындағы шайқаста византиялық әскерлердiң түрiктерден тас-талқаны шығып күрей жеңiлгеннен кейiн Византия империясының жағдайы аса мәз емес едi. Содан кейiнгi болған жайттар 1-шi Крест жорығы деген атқа ие болды. Бұл жорық барысында крестшiлер бiрталай ұрыстарда жеңiске жетiп, iшiндегi ең үлкенi 1099 жылы Иерусалимдi жаулап алуы едi. Бiрақ сол бiрiншi Крест жорығы кейiндеу 200 жылдық қантөгiс соғыстың бастамасы болды. 1095 жылы наурыз айында Византия империясының басшысы Алексей-1 Комнин Пьяченцтегі шіркеу соборына эмиссарларды жіберіп, Еуропаның христиандарынан Ислам армиясына қарсы күресте оған әскери көмек көрсетулерін өтінді. Рим Папасы Урбан-2 мұны бірден қолдап, қарашада Франциядағы Клермон соборында франктік рыцарлардан мұсылмандар малайлығында жүрген Шығыс христиандарын босатып, Иерусалимді жаулап алуды сұрайды. Рим Папасының сөздері Еуропа халқының арасында өз әсерін тигізді. Еуропа әйелдері мен еркектерінің үлкені мен кішісі де осы Крест жорығына қосылуға дайын екендіктерін білдіріп жатты. Олардың ойынша бұл Құдайдың қалауымен жасалынып жатқан шаралар деп сенді. Кейбіреулері осындай қасиетті мақсатты жүзеге асыру үшін, өз отандарындағы христиан емес ұлттарды жаппай қыра да бастады. Болашақ Крест жорықшылары Еуропада тұратын еврейлердің біразын қырып та жіберді.
рест жорықшыларының алғашқы топтарында дұрыс басшылық та болмады. Сондықтан ұйымдастырылуы жағынан нашар еді. Дінге аса берілген тобырлардан да айырмашылықтары айтарлықтай емес. Олардың 1096 жылы жазда Венгрия территориясына баса көктеп кіріп, жолындағы елдімекендерді тонап жатқан кездерінде үш дүркін қарсы шабуылға кездесіп, сәтсіздікке ұшырады. Содан соң дін уағызында жұрт көңілінен шыға білген Петр Пустыниктің бастауымен Шаруалар крест жорығы деп аталынған қарапайым жандар 1096 жылы тамызда Константинопольге келді. Византия императоры бұл тәртіпсіз 180000 тобырдан құтылу үшін оларды Анталияға аттандырған. Түріктер оларды қырып жібереді. Ал Петр Пустынник Константинопольге қашып келеді. Содан Петрдің крест жорықшыларын Құдай қолдайды дегені өтірікке айналады. Бұл басқаларға сабақ болды. Алексей-1 мұндай күшпен ислам армиясына қарсы төтеп бере алмасын түсінген соң 1096 жылы 15 тамызда ұйымдастырылуы жағынан әлдеқайда тиімді болған Крест жорығын бастады. Олардың құрамында Еуропаның белгілі феодалдары басқарған әскери тәртіпке келтірілген армия болды. Армия ішінде ұрыстарда өздерін көрсете білген жандар да көп еді. Ірі феодалдардан құрылған армия қару-жарақ жағынан да, әскери дайындық жағынан да, қала берді біркелкі рыцарлық киім үлгілерінен де ерекшеленіп тұрды. Олар арбалет сияқты атқыш құралдармен жабдықталған. Әртүрлі бағыттармен жүрген Крест армиясының жорықшылары Константинопольде қосылды. Крест жорығының негізгі басшыларының бірі Готфрид Бульонский болды. Ол Константинопольға 1096 жылы желтоқсанда жетті.
Еуропалықтар неге осындай қызуқан­ды­лықпен әрі аса белсенділікпен Крест жорығына қосылды? Осы сұрақ Еуропа ғалымдарын жүздеген жылдар бойына мазалап келгені анық. Біріншіден, әрине бір жағынан бұл орта ғасырларда діни белсенділіктің халық арасында күшті болғанымен түсіндіріледі. Крест жорығына дейін Иерусалимге қажылыққа баратындардың саны сол кезде-ақ өте көп болатын. Бірақ дегенмен діни көзқарас бұл жорықтың тек бір ғана себебі еді. Сол кезде Иерусалимге қажылыққа баратындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету де керек болды. Себебі өткен жүзжылдықта Анатолии мен Сирияға әбден орнығып алған түрік селжүктері қажылыққа баратын еуропалықтарды жақтырмайтын. Тағы бір себебі, католик шіркеуінің жоғарғы иерархтары үшін Крест жорығы христиандық әлемді қайта қосу болып табылады. Себебі, 1054 жылы Ұлы бөлініс (Великий раскол) атты христиандықтар римдік-католиктік және гректік-православтық шіркеулер болып бөлінген болатын. Рим Папасы егер Крест жорығы ойдағыдай болса, онда екі христиандық әлемнің бірігуі мүмкін деген сенімді ұстанғаны анық. Ал крест жорығы қолбасшыларының бірі Роберт Фландрский христиандық діни тұрғыдан жорыққа қосылса, кейбір қолбасшылар бұл соғыстан байлық пен атақ алуды көздеген болатын. Өйткені бұрынғы мұсылмандарға қарсы жасалған жорықтар оларға байлық та, атақ-дәреже де әкелген болатын. Солардың ішінде басқа елдер территориясын басып алуда ең белгілісі нормандар. Нормандар - солтүстік адамдары деген сөз. Олар өз тамырын викингілерден алады. Норман Роберт Гвискар ХІ ғасырдың орта тұсында оңтүстік Италияны жаулап алып, содан соң өзінің герцогына қарайтын жер көлемін мұсылмандар мен византиялықтарға қарсы ұрыстарда ұлғайтқан. Кейін оның баласы Боэмунд Тарентский Крест жорығын басқаруда ең таңдаулылардың бірі болды. Таяу Шығысқа келген барлық крест жорықшылары франкілер немесе француздар деп аталды.
1. Крест жорықтары: себептері мен салдары
Крест жорықтары деп Еуропа феодалдарының XI ғасырдың аяғынан XIII ғасырдың соңына дейін Таяу Шығысқа -- Сирия, Палестина, Мысыр, Балқан түбегі, Кипр аралы, Кіші Азияға жасаған әскери жаулаушылық жорықтарын айтамыз. Бұл жорықтар 1096-1270 жылдар аралығын қамтыды.
Крест жорықтарының басталуына Таяу Шығыстағы шаруашылықтың өрлеуі мен Батыс Еуропадағы экономикалық тоқыраудың нәтижесінде өрістеген әлеуметтік шиеленістер себеп болды. Қуатты Бағдад халифаты 1055 жылы түпкілікті ыдырауға ұшырады. Салжұқтар 1071 жылы Манцикерт түбінде Византияны жеңіп, Сирия мен Палестинаны басып алды. Византия басынан ауыр кезеңді өткізіп жатты. Император Алексей Комнин папа II Урбанға елші жіберіп, көмектесуін сұрады.
2. Шіркеу -- шығысқа жорықты ұйымдастырушы.
Католиктік шіркеудің өз мақсаты болды. Шығысқа жорық арқылы ол бытыраңқы Еуропадағы саяси билікті өз қолына алғысы келді. Өзінен бөлінген шығыс шіркеуін қайтаруды ойлады. Ислам әлеміне қарсы жорыққа аттануды 2 Урбан папа бастады. Ол 1095 жылы Клермон қаласында (Франция) шіркеу жиынында мыңдаған дінбасылар мен халықтың алдында сөз сөйледі. Халықты Византияның түрік-салжұқтарына қарсы күресіне көмектесуге, Иса пайғамбар жерленген Иерусалимді мұсылмандардан азат етуге шақырды. Папа бұл жорыққа қатысқандардың барлық күнәсі кешіріледі, шайқаста қаза тапқандар о дүниеде пейішке барып, рақатқа бөленеді деп жариялады. Папа киелі жердің байлығы мен құнарлығы туралы да айтты. II Урбанның жалынды сөзі жиынға қатысушыларға ерекше әсер етті. Олар тізерлеп отырып, Иса пайғамбардың табытын азат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Крест жорықтары тарихы
Крест жорықтары
Селжұқ тайпаларының крест жорығына қатынасы
Анадолы Селжұқ мемлекеті (468-718 1075-1318)
VII-XI ғ. Оңтүстік және Батыс славяндар. Ежелгі орыстар мемлекетінің құрылуы. Киевская Русь. Крест жорықтары. Қалалардың дамуы. Крестшілердің мемлекеті
Крест жорықтарының сипаты мен алғашқы крест жорықтары
ИСЛАМОФОБИЯ
Гусшілер қозғалысы еуропа реформациясының жаршысы
Ислам өркениетінің европаға ықпалы
Орта ғасыр саяхатшылары Христофер Колумб
Пәндер