Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

РЕФЕРАТ

Пәні: Мәдениеттану
Тақырыбы: Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті

Орындаған: Жанузах Серикбол
Қабылдаған: Майлыкутова М.Д.

2021 жыл

Рефераттың мазмұнының үлгісі.

МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
1. Орталық Азия аймағындағы мәдениеттер байланысы.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Ортағасырдағы түркі мәдениеті.
2. Ортағасыр мәдениеті мен ғылымының пайда болуы мен дамуындағы Әл-Фарабидің үлесі.

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Шығыс Ренесанссының біршама елдерді қамтыған және 500 жылдан аса өркендеген типі мұсылмандық мәдени шарықтау екендігі әйгілі. Оның әл-Кинди, әл-Фараби, ибн-Сина, Омар Хаям сынды өкілдерінің рухани мұрасын оқып үйренбей, қазір мәдениетті адам адам деп есептеу қиын.

Арабтар Орта Азия аумағын 712 жылдан
бастап жаулап ала бастады. Осының нәтижесінде
барлық афро-еуразиялық даланы біріктірген
ортақ мәдениет қалыпасуына мүмкіндік туды.
Бұл жағынан алғанда, ислам діні осы елдердегі
мәдениеттерді араластырып, қорытып жаңа үлгі
шығаруға себепкер болды. Арабтар жаулап алған
көптеген елдерде (әсіресе, Иран, үндістан, Египет,
Сирия) бұрынғы эллинистік өркениеттің рухы жоғалмап еді.

Бұрыннан Орта Азиямен тығыз байланысты Қазақстан жеріне де ислам өз әсерін тигізді. Еліміздегі көптеген түрік тайпаларының мемлекеттік бірлестіктері ислам дінін бірден қабылдамаған. Қарахандар мемлекетінде мұсылман дінін алғашқы қабылдаған қаған Сатук, ал оның баласы Мұса 955 жылы исламды Қарахандар мемлекетінің ресми діні деп жариялады. Х ғасырда оғыздар мен қыпшақтардың да ірталай бөлігі мұсылмандыққа өтті. Жалпы алғанда, исламды қабылдау Қазақстан жеріндегі тайпалардың сол кездегі озық мәдениеттерге қосылуына мүмкіндік берді.

Осы кезден басталған мәдени өркендеуге мұсылманның рухани өміріндегі екі бағыттың бір-бірімен тайталасы Қазақстан жерінде де өзінің терең әсерін қалдырады. Бірінші бағыт-Платон, Аристотель сияқты грек философтарына сүйенген Шығыс перипатетикасымен байланысты. Оның негізін салушы-дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы, ежелгі Отырар қаласында туған Әбунасыр Мұхаммед ибн Тархан ибн әл-Фараби ат-Түрки. Әл-Фарабидің рухани мұрасы қазақстандық және басқа ғалымдар тарапынан ойдағыдай зерттелген. Ал әл-Фарабидің өзі зерттеу жүргізбеген ғылым мен мәдениет саласы жоқ.

Әл-Фарабидің мәдениет туралы пікірлері
негізінен араб мәдениетінің мына 4 тармағына
байланысты:
1. Хақиқат (бір Алланың ақиқаттығын дәлелдеу).
2. Шариғат (мұсылмандық тұрмыс-салт заңдары).
3. Тарихат (Аллаға қызмет еткен әулиелер өмірі).
4. Марифат (білімділік, парасаттылық идеялары).

Мың жылдық тарихы бар Иран өркениетін бұл елді жаулап алған арабтар, осы мәдениеттегі өте терең парсылық әдебиетті меңгеру жолын әдеп деп түсінді. Әдепке жататын шығармалар өзінің қарапайымдылығымен, түсініктілігімен, ой ұшқырлығымен адамды баурап алады. Әдепті адам ілімін әл-Фараби өзіне тән гуманистік тұрғыдан қарастырады және осындай адамдағы бірінші қасиет деп оның парасаттылығын көрсетеді. Оның шығармаларында кездесетін адамды хайуани ақли деп анықтау кейінгі еуропалық ағартушылықтағы есті адаммен сабақтас.

Осындай тұлғалық деңгейге, ең алдымен, елбасшысы көтерілуі керек. Ол өзінің аңдағыш қасиеті арқасында дана, философ, кемеңгер, парасат иесі болып шығады, ал оның қиялдау қабілетіне қасиет дарыған адам пайғамбар, сәуегей және өмірдегі оқиғаларды түсінгіш, білгір болып көрінеді,-міне, осының бәрі оның тәңірлікті танып білетін болымысының шарапаты. Мәдениетті адам тәрбиелеу мәселелерін әл-Фараби өзінің Қайрымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы, Бақыт жолына сілтеу, Ақылдың мәні туралы трататтарынада жан-жақты талдаған.

Жалпы алғанда, әл-Фараби - Шығыс мәдениетінің алып тұлғасы, ол дүниежүзілік өркениетте өзінің қадірлі орнын алады. Оның рухани мұрасы өзінің ұлы ізбасарлары ибн-Синаға, Бируниге, Жүсіп Баласағұнға және т.б. суалмайтын қайнар болды.

Әбу Насыр Мұхаммет ибн Мұхаммет ибн Тархан ибн Ұзлағ әл-Фараби (870-950 жж.) Отырар оазисінде өмірге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан аймағы). Қазақстан жерінде егіншілік пен қалалық мәде-ниеттің көпғасырлық тарихы бар. Атап айтсақ, Оңтүстік Қазақстанда көне замандарда-ақ қалалар мен суармалы егіншілік пайда болды. Арабтар жаулап алғаннан кейін Отырар оазисі Фараб аймағы деп аталып кетті. Онда бірнеше қала орталықтары, солардың арасында Весидж (Оксус) қамалы да орналасты. Әл-Фараби осы жерде дүниеге келіп, балалық шағын осында өткізді. Оксус қалашығы Сырдарияның сол жағалауында Ақжар сайында, Отырардан солтүстік батысқа қарай 25 шақырым жерде орналасқан. Әл-Фараби өмір сүрген уақытта ол қолөнері дамыған қала болды. Орта Азиядан Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал маңы арқылы өтетін керуен жолдарында орналасқандықтан ол Отырар оазисі мен барлық Оңтүстік Қазақстан өмірінде маңызды рөл атқарды.

Қазақстан арқылы тауарға толы керуендер өтіп жатты. Көшпелі-малшылар мәдени құндылықтарды тасымалдауға дәнекер болды. Сығанақ, Сайран, Тараз, Яссы, Баласағұн, Отырар сияқты дала алқап-тарында пайда болған көне қалалар керуен жолдарының өтуіне байланысты дамып, өздерінің жоғарғы мәдениетімен және олардың атын шығарған әл-Фараби, Дулати, Қожа Ахмет Иасауи, Баласағұни сияқты және т.б. ғұламаларымен бүкіл әлемге танылды. Әл-Фарабидің жерлесі, астраном әрі математик Аббас Жаухари әл-Хорезмимен бірге атақты астрономиялық кестені құрастыруға қатысты. Сондай-ақ Қазақстанда өмір сүрген ғалым Исмаил Жаухари 40 мың сөзден тұратын араб сөздерінің сөздігін шығаруымен белгілі болды. Араб тілді географ және саяси жазушы Жахан ибн Хакан әл-Қимақи да Қазақстанда туды.

Ғылыми білім негіздерін Әбу Насыр әл-Фараби
Отырарда алды. Мұнда сол уақыттағы ең бай кітапхана орналасты. Әл-Фараби осы кітап-ханада философиялық және ғылыми еңбектермен танысуға мүмкіндік алды.
IX-X ғғ. Отырар ірі саяси және мәдени орталық еді. Осында әр түрлі діни сенімдер: шаманизм, зороастризм, несториандық, манихей-шілдік, буддизм кең таралды. VIII ғасырда Оңтүстік
Қазақстан араб халифатының құрамына кіргеннен
кейін, осы жерді мекендеген халықтардың рухани
өміріне көп өзгеріс әкелген ислам діні кең тарала бастайды.

Осында әл-Фараби өзі өкілі болған түркі мәдениетінің рухани құндылықтарын бойына сіңірді. Әр адамның көзқарасы шындықты рухани-практикалық игерудің жүйесі болып табылады. Онда мәдени аяда қалыптасқан білімдер мен нанымдар, адамгершілік мұраттар, қоршаған ортаға деген психологиялық және эстетикалық қатынас жиын-тығы көрініс табады.

Әл-Фарабидің рухани мұрасы барлық өмірінің барысында қалып-тасты және дүниетанымдық тұрғыда, идеялық бастауында әр түрлі мәдениеттердің - түркілік, антикалық, әсіресе классикалық грек, үнді, иран мәдениетінің ықпалдарымен айқындалады. Ортағасыр дәуірінде қалыптасқан түрлі мәдениеттердің өзара әрекеттесуі исламдық дүние-таным аясында жүзеге асып, адамзатты әлі күнге дейін таңдандыратын мәдени өмірді дүниеге әкелді.

Араб халифатының құрамына енген, әл-Фарабидің отаны Оңтүстік Қазақстан - "екі мәдени-экономикалық аймақтардың - Орта Азия оазистерінің отырықшы тұрғындары мен шаруашылықтың басым түрімен айналысқан көшпелі халықтарының түйіскен жері. Оңтүстік Қазақстан көшпелі және отырықшы тайпалардың байланысқан аймағы ретінде мәдениеттердің өзара баюының, шаруашылық тәсілдерінің синтезінің оң жақтарын және әлеуметтік, саяси дамудың түбірлес жаңа прогрессивті процестерін бойына сіңірді".

Орта ғасырдағы ислам өркениетінің мәдени өркендеуіне геосаяси, экономикалық, әскери факторлар ықпал етті. Олар Таяу Шығыста жаңа тарихи қауымдастықтың өзіндік санасын оятып, интеграциялық процес-тердің дамуына әсер етті. Жаулап алу барысында арабтар өз территория-ларына Таяу Шығыстың, Иранның, Орта Азияның ірі мәдени орталық-тары орналасқан үлкен географиялық кеңістікті қосып алды. Сауда мен қолөнердің дамуы осы дәуірдің ерекше бір сипаты болды. Оған "негізгі транзиттік сауда жолдарының Орта Азия арқылы өтіп, оның қалаларын Таяу және Орта Шығыстың, Кавказ бен Шығыс Еуропаның, ең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Карахан мемлекетінің рухани және материалдык мәдениеті
Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтер
Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті жайлы
Орта ғасырдағы қала мен дала
Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті туралы
Ертедегі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар тарихы зерттеулерде
Түркі ортағасырлық мәдениеті әлемдік мәдениеттер қазынасына енді
Археология ғылымы
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Пәндер