Жұмыстың негізгі бөлігін жазу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Физика, математика, ақпараттық технологиялар факультеті

СОӨЖ

Тақырыбы:Диплом жұмысының жазу мақсаты

Дайындаған:Математика мұғалімі 1-курс Исатаева Б. Т

Тексерген: Шығанақова А. Т

2021-2022Ж

Жоспар:

1. Дипломдық жұмыс.

2. Дипломдық жұмыс жазу тәртібі.

3 . Диплом жұмысының жазу мақсаты.

4. Диплом жұмысын рәсімдеу тәртібі.

Диплом жұмысы - жоғарғы оқу орнындағы соңғы әрі қорытынды жұмысыңыз, сіздің жылдар бойында алған біліміңіздің нәтижесі. Сол себептен де, бұл мәселеге асқан жауапкершілікпен қарап, тыңғылықты іздеу жұмыстарын жүргізу керек. Ал біз өз тарапымыздан диплом жұмысының жазылу ережесін шама-шарқымызша түсіндіріп өтпекшіміз.

Жаңа оқу жылы басталғаннан кейін (4 курс басында) 1-2 айдың ішінде жетекшіңіз бен диплом тақырыбыңызды таңдап, жетекшіңіздің кафедрасына өтініш беруіңіз керек. Диплом тақырыбы үш тілде бекітіледі. Соңғы айда үлгермей қалып, көрінген жерден ақпарат көшірмес үшін, осы сәттен бастап жұмысты бастай беріңіз. Сіздің басты көмекшіңіз - жетекші мен кітапхана.

Тақырыбыңызға қатысты мәліметтерді қарастырып болғаннан кейін жетекшіңізге барыңыз. Бірге отырып жоспар құрасыздар. Немесе жетекші жоспар құруды өзіңізге тапсырып, соңында бекітетін болады.

Жоспардың тәртібі мынадай болмақ:

І. Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі (2-3 абзац) .

Жұмыстың мақсат-міндеттері (3-4 сөйлем) .

Жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері (1-2 сөйлем) . Мұнда қандай еңбектерді бастамаға алғаныңызды жазасыз.

Зерттеудің әдістері (жүйелеу, баяндау, салыстыру т. б. )

Жұмыстың теориялық-практикалық маңызы. (Яғни, нәтижелерді, жаңалықтарды қай жерде пайдалануға болатындығы жазылады) .

Кіріспенің жалпы көлемі 3 беттей болуы керек.

ІІ. Негізгі бөлім

Тақырыбыңызды бір жүйеге келтіріңіз. Мәселен, тақырып - "Алма Қыраубаева - әдебиет тарихын зерттеуші" болсын делік. Жұмысты мынадай тарауларға бөлесіз:

1-тарау: Ежелгі дәуір әдеби мұраларын зерттеуші.

2-тарау: Орта ғасыр әдебиетін және шығыстық қисса-дастандарды зерттеуші.

3-тарау. Қазақ әдебиетін зерттеуші.

Төрт тараудан асырмағаныңыз дұрыс. Бұл әрине, гуманитарлық мамандықтардың жазу үлгісі. Дипломдық жұмыстардың үлгілері әртүрлі болады. Мысалы, сәулетшілер сызбалар мен кестелер пайдаланады, педагогтар презентация көрсетеді.

ІІІ. Қорытынды

Қорытындыға аты айтып тұрғандай диплом жұмысының тобықтай түйінін жазасыз. Ашқан жаңалығыңызды, нәтижелерді барынша қысқа әрі түсінікті етіп жазып шығу қажет. Жұмыстың жалпы көлемін кафедра бекітеді. Соңында жазған жұмысыңыз белгіленген межеге жетпей қалмас үшін, жазу ретін жақсылап сұрап біліңіз.

Диплом жұмысы тәмәмдалғанда жетекшіңізге көрсетесіз. Ол сізге артық тұстарын қысқартып, толықтыру керек мәселелерді көрсетіп береді. Сондықтан, жұмысты барынша ерте көрсетуге тырысыңыз. Соңында жетекші толықтай бекітісімен, диплом қорғау жиынына арналған сөзіңізді дайындайсыз. Және жетекшіңіз ұсынған маманнан жұмыс туралы пікір аласыз.

Диплом жұмысын жазудың мақсаттарына мыналар жатқызылады

Мамандық бойынша алған теориялық білімдерін толықтыру, арттыру, сондай-ақ осы білімдерін шаруашылық субъектінің қызметін басқарушылық және қаржылық талдауда, аудиторлық тексеруде және есепті ұйымдастыру барысында нақты тапсырмаларды шешуде қолдану өзбетілік жүмысты жүргізу қабілеттілігін арттыру және диплом жұмысын орындау барысында

қарастырылатын сұрақтар мен мәселелерді шешуде қажетті зерттеу

әдістемелерін игеру нарықтық экономика жағдайында студенттің өзбетілік жұмысқа дайындығын айқындау

Кез-келген дипломдық жұмыстар келесі алгоритм бойынша жазылады:

Жұмыстың тақырыбының таңдалуы және оның не үшін таңдалғанына

түсініктеме;

Іздеу және әдебиетті оқу, сол тақырыпты ашу бойынша

Алдын-ала жобаны дайындау және бекіту;

Жұмыстың негізгі бөлігін жазу;

Қорытындыны жазу, мазмұнды құру;

Қолданылған әдебиеттердің тізімін, қосымшаларды толтыру;

Әдістемелік нұсқау бойынша жұмысты даярлау;

Жұмыс жетекшісіне жұмыстық таза беттерін тексерту;

Қорғалатын дипломдық жұмыстың рецензиясын

тапсыру

Дипломның беттері келесідей болып біріктіріледі:

Титулдық парақ

Ғылыми жетекшінің пікірі

Рецензия

Дипломның аннотациясы (реферат)

Дипломның мазмұны.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар

Диплом жұмыстың жазылу барысына қойылатын талаптар:

Тағайындалған ғылыми жетекші диплом жұмысының жазылу

барысында тікелей басшылық жасап және оның тұрақты түрде

орындалуы мен дайындалуын бақылап отырады. Диплом жазушы

студент ғылыми жетекшісіне диплом жұмысының орындалуы барысы

туралы белгіленген уақыт аралығында есеп беріп отырады.

Ғылыми жетекші диплом жазушыға диплом жұмысының мазмүны

бойынша және жұмысты сапалы орындау (оформление) туралы кеңес

береді. Сондай - ақ кафедра отырысында диплом жұмысының жазылу

барысы туралы кафедра мүшелері алдында ақпарат беріп отыруы тиіс.

Диплом жұмысы мазмұнының негізгі болып, тандалынып алынған

тақырыпты зерттеу бойынша сұрақтардарды оқып білудің нәтижесі

саналынады. Жалпы материалдар қысқаша баяндалып жақсы

редакцияланған және жеңіл оқылатындай болуы қажет. Сөздердің және

атаулардың қысқартылуына жол берілмейді.

Кез келген диплом жұмысы үшін міндетті болып табылатын құжаттар,

регистрлер және диаграммалар қосымшада көрсету қажет. Жұмыстың

мәтінінде қажет жағдайда олардың бөліктері көрсетілуі мүмкін. Сандық

мәліметтер кесте арқылы көрініс табуы керек

Диплом жұмысын рәсімдеу тәртібі

Диплом жұмысы бір ғана дана болып дайындалады және қалың қапты қолдану

арқылы түптелуі керек. Диплом жұмысының мәтіні оқылған және редактілік

өңдеуден өткен болуы керек. Диплом жұмысының жалпы көлемі 6090(қосымшаны қоспағанда) беттен аз емес көлемде құрылуы керек. Қосымша

диплом жұмысының жалыпы көлеміне қосылмайды және нөмірленбейді.

Дипломдық жұмыс компьютер және принтер көмегімен А4 форматты ақ қағаз

бетінің бір жағында жасалуы тиіс. (210х297) . А3 форматты бетіне кесте мен

суреттер сызуға рұқсат беріледі. Шрифт Times New Roman - 14 пт. жоларалық

интервал арқылы. Мәтіндегі абзац 12, 5 мм-ге тең болуы керек. Тексті түзеу

автоматтық тасымал жасау функциясын қолданумен беттің көлденеңінен

жүргізіледі. Дипломдық жұмыстың мәтінін компьютермен келесідей жазу

өлшемін сақтап басу керек: оң жағы - 10мм, үсті және асты - 20мм, сол жағы -

30мм. Диплом жұмысын орындаған кезде біркелкі қалындығын, контрастілік

және анық көрінуді сақтау керек. Жұмыста нақты, бұлдырланбаған сызықтар,

әріптер, цифрлар, белгілер болуы керек. Мәтіндік құжаттар беттерінің

бұзылмауы, былғанбаған, және алдыңғы мәтіннің жолымен араласып кетпеген,

іздері болмауы тиіс. Тек, мекеме, ұйым, фирма атаулары, бұйымдардың аты және

жұмыста жеке меншік аттары түп нұсқа тілінде көрсетіледі.

Қолданылған әдебиеттер:

Massaget. kz, ppt-online. org сайттарынан алынған

Физика, математика, ақпараттық технологиялар факультеті

СӨЖ

Тақырыбы:Академиялық эссе

Дайындаған:Математика мұғалімі 1-курс Исатаева Б. Т

Тексерген: Шығанақова А. Т

2021-2022Ж

«Мұғалім мамандығы - барлық мамандықтың анасы»

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Реферат-СӨЖ жұмысы ретіндегі ерекшелігі
Реферат құрылымы
Бастауыш сыныптарда үлес ұғымдарын оқытудың әдістемесі
Берілген тақырыпқа реферат жазу тәртібі
Тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар
Салық жүйесінде әлеуметтік салықтың ролі
Сораптың сипаттамасы
Мектепте алгоритмдеу және Паскаль тілін оқыту әдістемесі
Рефераттың құрылымы
Үлес және бөлшек
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz