АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ӘДЕБИ ӘЛЕМІ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ

Тақырыбы: Алаштан шыққан алғашқы профессор

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ
дамуы бар саяхат маршруттары

Секция: Әдебиет

Авторы : Құлымжан Назерке Берікқызы

Сыныбы: Е.Көшербаев атындағы №279 мектеп-лицейі 10 Ә сынып

Жетекшісі: Ниязбаева Зарина Руслановна,
Е.Көшербаев атындағы №279 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ғылыми Қорқыт Ата атындағы ҚУ-ң аға оқытушысы, жетекшісі: баспа ісінің магистрі
Абдразахова Аягөз Қожамырзақызы

ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫҢ МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ____________________________ _________________________3

1 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ӘДЕБИ ӘЛЕМІ

Ақынның мысалмен айтқан ғибратты ойлары ___________________________________ _____________

1.2 Ғалым А.Байтұрсынұлының әдебиеттану саласындағы еңбектері
___________________________________ ____________________

2 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМ
2.1 Ахмет шығармаларындағы елшілдік ұраны ___________________________________ ________

ҚОРЫТЫНДЫ__________________________ __________

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ__________

Аңдатпа

Бұл зерттеу жоба жұмысы бес арысымыздың бірі, қазақ әдебиеті алыптарының көшін жалғаған Ахмет шығармаларындағы елшілдік ұранын зерттеп, бүгінгі күн тұрғысынан алғанда қаншалықты өзекті екендігін айқындап, жастарды тәрбиелілікке баулудағы рөлін тануға, Елбасымыздың Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында туған халқымыздың төл әдебиетіне, оның заңғар тұлғаларының шығармаларына деген сүйіспеншілікті оятуға бағытталған. Өз шығармаларымен қазақ әдебиетінің тарихына мол үлес қосқан Ахмет шығармаларын талдап, саралауға және жастарды елжандылыққа үйретудегі рөлі дәлелденген.
Мен кіріспе бөлімде зерттеу жұмысымның өзектілігін, мақсат-міндеттерін, зерттеу жұмысының дереккөздерін, әдіс-тәсілдерін, зерттеудің теориялық маңызы мен практикалық мәнін және құрылымын айқындап жаздым. Сондай-ақ, қазақ әдебиеті тарихында өзіне дейінгі ұлы тұлғалардың ізін жалғап, артына мол мұра қалдырған Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолын, бастан кешкен қилы тағдырын қарастырып, нақты дәлелдер келтірдім.
Негізгі бөлімде ақын шығармаларын тақырыпшаларға бөліп қарастырып, әрбір тақырыпшаға қатысты өлең үзінділерін мысалға келтіріп, ол шығармалардағы айтылған ойларға зерделеу жұмысын жүргіздім. Ахмет шығармаларындағы елшілдік ұранды анықтап, дәлелдеу үшін негізгі бөлімді Мысалмен айтқан ғибратты ой, Ахметтің әдебиеттану саласындағы еңбектері және Ахмет шығармаларындағы елшілдік ұраны деп тақырыпшаларға бөліп, жеке-жеке талдау жасадым. Ақын шығармаларында айтылған ойлардың қазақ жастарының тәрбиесіне ықпалына тоқталдым.
Қорытынды бөлімде Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларының ерекшелігі мен өміршеңдігіне тоқталып, қазақ әдебиетіндегі орнына тоқталдым. Сонымен қатар көтерілген тақырыптағы мәселенің түйінін жасап, өз ұсынысымды білдірдім.

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Әдебиет - заманның көркем шежіресі. Ендеше әдебиеттің заманмен, қоғаммен тағдырлас болуы да заңды Белгілі ғалым М.Қойгелді бізге жеткен құнды мұраларға тек көркем туынды ретінде ғана емес, сонымен бірге қоғамдық ойдың үлгісі ретінде қарауды ұсынады.
Кез келген халықтың азаттыққа деген ұмтылысы мен арман-тілегінің бастау бұлағында ұлттық элита тұратыны белгілі. Сол элитаның көшбасында Алаша зиялыларының да өзіндік орны бар. Әсіресе көкірек көзі ояу ұлтының біртума азаматтары А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлы сынды тұлғалар халқының намысын қайрау, рухын ояту жолында ұлттық әдебиетті негізгі құрал етіп, осы салада бүгінгі күнге дейін өзектілін жоймаған туындылар мен зерттеулер қалдырды.
Қазақ әдебиетіндегі өзіндік орны бар, ұлылар салған соқпақты жалғастырушы Ахмет шығармаларының мәңгілік мұра екендігін, оны насихаттаудың қажеттілігін жас ұрпақтың түсінуімен, ғибрат алуымен маңызды.
Зерттеудің мақсаты. Ахмет шығармаларындағы елшілдік ұраны, мемлекетшілдік идеясы және оның азаматтық ұстанымын көрсету арқылы бүгінгі жастар тәрбиесіндегі орнын дәлелдеу. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер айқындалды:
-Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми әдебиеттер және зерттеуші ғалымдар тұжырымдарымен танысып, саралау;
-Ақын шығармаларын мазмұндық-тақырыптық жағынан талдау;
-Ахмет Байтұрсынұлының Алаш Орда үкіметінің көшбасшыларының бірі ретіндегі азаматтық ұстанымын айқындау арқылы елшілділігін көрсету;
-Ақын шығармаларын жас ұрпаққа насихаттау және жастар тәрбиесіндегі орнын дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. А.Байтұрсынұлының осы кезеңге дейінгі жарық көрген шығармалар жинағы, Алаш зиялылары туралы жасалған ғылыми зерттеу еңбектері, ғаламтордағы дерек көздері
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Қазақ әдебиетінің тарихи-теориялық зерттеулерінде кең қолданылатын сараптамалы, тарихи-салыстырмалы әдістерді қолдандық.
Зерттеудің теориялық маңызы мен практикалық мәні:
Зерттеу жұмысында ұсынылатын ғылыми тұжырымдар жастар бойына патриоттық сезім қалыптастырып, отансүйгіштікке баулуда пайдаланатын материалдарымен толықтырады. А.Байтұрсынұлы еңбектерін насихаттау мен жүзеге асырудың ғылыми-практикалық маңыздылығын және тәуелсіздік пен азаттыққа жету жолындағы атқарған жұмыстарына баға беру ғылыми жобаның маңыздылығын көрсетеді.
Зерттеу нысаны: А.Байтұрсынұлы шығармалары.

1 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ӘДЕБИ ӘЛЕМІ

Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе,
Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді?!
І.Жансүгіров
А.Байтұрсынұлы ел басын біріктіру, халықтың келешегі үшін екі ірі мәселені алдына мақсат етіп қойды:
біріншісі - мектеп ашу, бала оқыту, жалпы халықты ағарту жұмысы және тіл, әдебиет саласында зерттеулер жасап, тұжырымды ережелер енгізу, халықтың сауаттануына қызмет ету;
екіншісі - халықтың ой-санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері және қазақтың жері қазақтыкі болуы тиіс деген принципін дәлелдеу. Бұл оның түрлі тақырыпқа жазған Қазақ газетінде жарық көрген мақалаларынан көрініс табады.
Оған оның барлық іс-амалы мен бізге қалдырған мұралары куә. Педагог-ағартушы үшін қазақ ұлтына қызмет етуден артық болмаған.
Қазақ даласы ықылым заманнан бері қол бастаған батыр мен сөз бастаған ақынға, шешенге, жастарға ғибрат берер данаға кенде болмаған. Сондай даналардың бірі - әрі ақын, әрі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы.
Ол 1872 жылы 5 қыркүйек күні қазіргі Қостанай облысы Торғай атырабындағы Сартүбек деген жерде дүниеге келген. Қалың қазақ ортасы, қаймағы бұзылмаған дала тұрмысы табиғатынан дарынды туған баланың сезім дүниесін, ой әлемін тербеп толқытады. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас қорлық, зорлыққа шыдамай, 1885 жылы 12 қазанда ояз начальнигі полковник Яковлевтің басын жарады. Мұның арты олардың дүние-мүлкін тартып алып, өздерін Сібірге 15 жылға жер аударылуымен тынады.
Бұл жайында Ахмет былай деп жырлайды:
Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.
Алданып тамағыма, оны ұмытсам,
Болғандай жегенімнің бәрі харам.
Адамнан туып, адам ісін етпей,
Ұялмай, не бетіммен көрге барам?!
Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет ең әуелі өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады. 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып білім алады. 1895 жылы мұғалім болып өз қызметін бастаған. Ауылдық, болыстық мектептерде ұстаздық қызмет атқара жүріп, өздігінен ізденіп, сан алуан кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жазады, аударма жасап, өлең-жыр шығарады. Халық ауыз әдебиеті нұсқаларын жинайды. Әдебиеттану ғылымына да зор үлес қосады. Әдебиеттану терминдерін ана тілімізде түсінікті етіп беріп, өзіндік ой-толғаныстарын арқау еткен Әдебиет танытқыш кітабын жазып шығады. Ахмет Байтұрсынов - сан қырлы ғалым, әдебиеттанушы, ғалым-тілші, түркітанушы және дарынды ақын-аудармашы.
Бұл тарауда Ахмет шығармалары оқушы жастарды зерделілікке үйрететіндігі, ол ұсынған сөз, тіл саласындағы тұжырымдар әлі күнге дейін ереже ретінде пайдаланылып келе жатқандығы, әсіесе мысалдары арқылы астарлы оймен айтқан ғибрат, өсеиттерінің маңыздылығы талданы, айқындалады.

1.1 Ақынның мысалмен айтқан ғибратты ойлары

Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...,-
деп, хакім Абай жырлағандай , артына өшпес мұра қалдырған бес арысымыздың бірі-Ахмет Байтұрсынов. Оның ғалымдық, ақындық, қайраткерлік істері өз заманында аса жоғары бағаланған. Оның аса көлемді әрі тәрбиелік мәні жоғары шығармаларының бірі-мысал өлеңдері. Ақын мысал өлеңдерінде адамды жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге шақырады. Халықты ояту, оның санасына, сезіміне әсер ету мақсатында жаңа өлеңдік форма-мысал арқылы көшпелі елдің жақсы білетін, таныс дүниесі-жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатында И.А.Крылов туындыларын аударып, 1909 жылы Қырық мысал деген атпен Петербургте бастырып шығарады.
Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, ал үшінші жағынан, қазақ тұрмысына ет жақын суреттер ұласа келіп, мысал өлеңдерді қазақ халқының төл дүниесіндей етіп жібереді.
Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн,
Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін.
Тартады аққу көкке, шаян кейін,
Жұлқиды суға қарай шортан шіркін!-
деген аудармасында бір мін жоқ. Барлығы да қарапайым қазаққа түсінікті тілде жазылған. Мысал соңында қазақ оқырманына қатысты жаңа ой, соны пікір, толғаулы сөзді ақын өз жанынан қосады.
Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек болсақ жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас,-
деп, елді тұтастыққа, ынтымақтастық пен бірлікке шақырады.
Әртүрлі аңдар арқылы әртүрлі адамдар кейпінен хабар юберіп, ишара, тұжырым жасалады. Кісілердің мінезі, өмір ағысы, тағдыр сабағы, заман қалпына қатысты көптеген жайттарды, әсіресе патша отаршылдарының зорлық-зомбылығы, байлардың тепкісі, елдің азып-тозуына байланысты жағдайларды Ахмет Байтұрсынов жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді. Кейде ашық, дәл айтылатын ойлары да бар:
Қасқыр зорлық болады еткен ісі,
Ойлаймын-оны мақтар шықпас кісі.
Нашарды талай адам талап жеп жүр,
Бөріден артық дейміз оның несі?

Әртүрлі ойға жетелейтін Қайырымды түлкі, Ала қойлар, Қартайған арыстан, Өгіз бен бақа, Қайыршы мен қыдыр, Ат пен есек мысалдарында әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды меңзейтін оқиғалар, адам психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол орын алған. Ахмет Байтұрсынов негізгі түпнұсқа мәтініне орайластырып, көркем ой, сурет қосып, пікірді одан әрі ұштап отырады. Мәселен, Қартайған арыстан мысалының соңында мынадай түйінді ой айтады:
Бақ қонса сыйлар алаш ағайын да,
Келе алмас жаман батып маңайына.
Басыңнан бақыт құсы ұшқан күні,
Құл-құтан басынады, малайың да.
Бірнеше кісі тіл таба алмай, берекесі кетіп, өртке шалдығып, үлестен құр қалғанын ақын Үлес өлеңінің түйініде ашық көрсетіп:
Ойласақ, оқиға емес болмайтұғын,
Ел қайда өзін жаудан қорғайтұғын?
Қазіргі пайдасына бәрі жетік,
Адам аз алдын қарап болжайтұғын.
Аңдыған бірін-бірі жаудан жаман,
Байқасақ, ел белгісі оңбайтұғын.
Бұл белгі табылып жүр біздің жұрттан,
Таласып бір-бірінің жүзін жыртқан.
Алданып арадағы дау-шарына,
Қатерден қапері жоқ келер сырттан,-
деп, терең маңызы бар әлеуметтік ой толғайды.
Ал ақын Есек пен бұлбұл мысал-өлеңін былай деп қорытындылайды:
Ал енді мұнда қандай ғибрат бар?
Есектей іс ететін көп адамдар.
Сары жезден саф алтынды айырмайтын
Дүниеде бар емес пе не надандар.
Есектей қалпы кейбір адамдардың,
Көзі тар, көңілі соқыр жамандардың.
Асылды жасық пенен танымайтын
Сынынан сақта, Алла, надандардың.
Ат пен есек мысалында қасындағы жолдасына көмек бермейтіндерді мысалға келтіре отырып:
Бұл сөзден қандай ғибрат алмақ керек?
Мысалы, еткен қайыр бір бәйтерек.
Қайырың біреуге еткен болып терек,
Көрерсің рақатын көлеңкелеп.
Қайырдың ең абзалы бұл дүниеде
Біреуге қысылғанда жәрдем бермек.
Кейбіреу зор бейнетке тап болады,
Кей уақыт аз бейнеттен қашамын деп,-
қайырымсыздықтан аулақ болуға шақырады. Қайрымсыздықтың соңы өзіңді өкінішке қалдырады деген ғибратты ой айтады.
Мысалы, адам - Маймыл, өлең -
Өлеңді түсінгенге бар көп пайда.
Айтылған өлеңдегі мінін көріп,
Түзейтін мінез-құлқын адам қайда?
Айна,
Біреудің мінін айтса өлеңшілер,
Мәз болып, тыңдағандар қарқ-қарқ күлер.
Болса да нақ со міндер өз басында,
Деп айтар: Секілді екен пәленшелер.
Мен талай көргенім бар осындайды,
Өз мінін кім аңғарып, абайлайды?
Мәселен, бидің жеген парасын айт, -
Көрсетер, көзін қысып, ауылнайды,-
деп, ақын өзінің Айна мен маймыл деген мысал өлеңінде өз мінін байқамайтын адамдарға мұндай жаман қылықтардан аулақ болуға шақырады.
Ахмет Байтұрсыновтың сол замандағы мысал өлеңді аударған аудармашылардан ерекшелігі әрбір мысал өлеңнің соңында міндетті түрде өлеңде берілген ойдың түйінін жасап, үлгі боларлық жағын алуды үндейді.

1.2 Ғалым А.Байтұрсынұлының әдебиеттану саласындағы еңбектері

Ахмет Байтұрсынов әдебиеттанушы-ғалым ретінде қазақ әдебиетінің тарихына мол із қалдырды. Оның осы саладағы ең көлемді еңбектері-халық ауыз әдебиеті үлгілері болып саналады. Солардың бірі- Ер Сайын жыры.
Ғалым жинаған тағы бір фольклорлық мұра-Жиырма үш жоқтау. Мұнда әдебиеттанушы халық аузындағы ең көп тараған 23 жоқтауды жинақтаған. Тағы бір көлемді еңбегі- Әдебиет танытқыш. Бұл еңбегінде зерттеуші әдебиеттің барлық жанрына қатысты теориялық атауларға өзіндік атау ұсынады. Мәселен, Тіл қисыны турал ы былай деп анықтама береді: Тіл қисыны дегеніміз-асыл сөздің асыл болатын заңдарын, шарттарын танытатын ғылым. Лебіз ғылымының мақсаты-асыл сөздердің асыл болатын заңдарын білдіріп, түрлерін танытып, әдебиет жүзіндегі өнерпаздардың шығарған сөздерінің үлгі-өнеглермен таныстырып, сөзден шеберлер не жасағандығын, не жасауға болатындығын көрсету.
Әдебиеттанушы сөз талғау туралы былай деп қарастырады: Шығарма тілі екі түрлі болатындығы жоғарыда айтылған еді. Оның бірін ақын тілі деп, екіншісін әшейін тіл деп аталады деп едік. Бұл екі тілдің арасындағы айырмасы мынау: әшейін тіл көбінесе сөздің дұрыстығын, анықтығын, тазалығын, дәлдігінің үстіне көрнекі, әуезді болу жағын талғайды...
Тілшінің айтуынша сөз дұрыстығының басты шарттары мына төмендегідей болуы керек:
Сөздердің тұлғасын, мағынасын өзгертетін түрлі жалғау, жұрнақ, жалғаулық сияқты нәрселерді біліп, әрқайсысын өз орнына тұтыну;
Сөйлем ішіндегі сөзді дұрыс септеп, дұрыс көптеп, дұрыс ымыраластыру;
Сөйлемдерді бір-біріне дұрыс орайластырып, дұрыс құрмаластырып, дұрыс орналастыру.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының дамуы
Шәкәрім Қ. мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде
Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанрын оқыту
Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы тіл философиясының мәселелері
МЫСАЛ ЖАНРЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанры
Зейнолла Қабдолов және Махамбет тұлғасы
Тіл білімінің әдіснамалық мәселелері
Ахмет Байтұрсынов
Ахмет Байтұрсыновтың оқыту әдістемесінің негізін қалаушылар
Пәндер