Жүгерінің тауар айналымы


Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротеникалық университеті
Амантай А. Д., Қыстақбай А. Ғ.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Сәттілік» ЖШС-гі жағдайында жүгерінің өсіру технологиясы және тауар айналымын дайындау
Жетекшісі:
Нұр-Сұлтан, 2021 ж.
Мазмұны
Кіріспе . . .
1 Тарау Курстық жұмысқа бастапқы деректер . . .
1. 1 Аймақтың (шаруашылықтың) топырақ-климат жағдайлары . . .
1. 2 Таңдалған тақырып бойынша әдебиетке шолу . . .
1. 3 Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы . . .
1. 4 Өсірілетін дақыл сорттарын таңдау негіздемесі . . .
2 Тарау Дақылдың ботаникалық, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері . . .
2. 1 Дақылдың морфологиясындағы ерекшеліктері . . .
2. 2 Дақылдың жылуға, ылғалға, жарыққа талаптары . . .
2. 3 Топыраққа және қоректену элементтеріне қажетсінуі . . .
2. 4 Дақылдың өсіп-даму ерекшеліктері . . .
3 Тарау Дақылдың жобаланған өнімін өсірудегі агротехникалық шаралар жүйесі (техникалық карта) . . .
3. 1 Өсіру технологиясын жасау алдыңдағы алғы деректер . . .
3. 2 Өсіру технологиясы және оған сипаттама . . .
3. 3 Курстық жұмыс бойынша экономикалық тиімділікті есептеу жобасы . . .
4 Тарау Жүгерінің тауар айналымы . . .
4. 1 «Сәттілік» ЖШС-гі жағдайында тауар айналымын дайындау . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Қосымшалар . . .
Кіріспе
1 Тарау Курстық жұмысқа бастапқы деректер
1. 1 Аймақтың (шаруашылықтың) топырақ-климат жағдайлары
Солтүстік Қазақстанның далалы аймағында орналасқан және оның жер бедері ұсақ-шоқылы аумақты қамтиды. Климаты күрт-континенталды үлкен температура ауытқуы, ауаның құрғақтығы мен жауын-шашынның аздығынан сипатталады. Көктемгі ауа-райы тұрақсыз, суық пен бозқырау жиі қайталанады, ең соңғы бозқырау (аяз) облыстың оңтүстігінде 3-15, ал солтүстігінде - 14 - 24 маусым аралығында байқалады. Жазда ашық, бұлыңғыр күндер ауысып отырады, ал күзде - бұлыңғыр күндер басым. Күзде, қыркүйектің екінші жартысында бозқырау түседі. Облыстың агроклиматтық жағдайлары біркелкі емес, ал ол облыстың үш табиғи аймақта - орманды-далалы, далалы және жартылай шөлейтті - орналасуына байланысты.
Орташа құрғақшылықты жылы аудан (Атбасар, Аршалы, Целиноград аудандарының көп бөлігі), күңгірт қара-қоңыр топырақты, ГТК-0, 7-1, 0. Мұнда мәдени өсімдіктердің ылғалмен қамтамасыз етілуі төмен, жылы кезеңде түсетін жауын-шашын мөлшері - 155-185 мм, белсенді температура жиынтығы - 2100-2350 0 С, вегетациялық кезең ұзақтығы - 135-140 тәулік, қар қабатының сақталуы - 125-140 тәулік, орташа қалыңдығы 15-35 см және ондағы ылғал қоры 40-95 мм аралығында өзгереді.
1. 2 Таңдалған тақырып бойынша әдебиетке шолу
Жүгері-әртүрлі агроклиматтық жағдайларда кең бейімділікке ие ең әмбебап дақылдардың бірі. Бүкіл әлемде жүгері танаптардың ханшайымы ретінде танымал, өйткені ол дәнді дақылдар арасында генетикалық потенциалға ие. Жүгері өсіру- бұл дәстүрлі табыс көзі және көптеген ұсақ фермерлер, табысы аз адамдар үшін, әсіресе суарылмайтын ауылдық жерлерде өмір сүру қаражатын толықтыру. Өнеркәсіптік масштабта, ірі елдерде жүгері - бұл азық-түлік, мал азығы, сондай-ақ өнеркәсіптік тауарлар өндірісі сияқты жан-жақты қолданылатын тауарлық дақыл.
Бұл дақыл 160-қа жуық елде 150 миллион гектарға жуық жерде өсіріледі, олардың топырағы, климаты және басқару әдістері әр түрлі, бұл әлемдік астық өндірісіне 36%(782 тонна) үлес қосады. Америка Құрама Штаттары(АҚШ) жүгерінің ең ірі өндірушісі болып табылады, ол әлемдегі жүгері өндірісінің 35% құрайды және американдық экономиканың қозғаушы күші болып табылады.
Негізі құндылықтан басқа, жүгері, атап айтқанда адам тамағы мен мал азығы ретінде, бұл өсімдік сонымен қатар мыңдаған өнеркәсіптік тауарлардың негізгі шикізаты және қосымша ингриденті ретінде қызмет етеді. Жүгері, өндіріс үшін негізгі көзі болып табылады: крахмал, май, ақуыз, алкогольді ішімдіктер, тағамдық тәттілендіргіштер. Басқа ингриденттермен қатар фармацевтикалық өнімдерді де, косметикалық, тоқыма және қағаз өнімдерін де өндіруге қатысады.
Жүгері-жарма сияқты тамақ өнімдерін өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін. Оны жануарлардың азық-түлік базасы ретінде пайдалануға болады, оны этанолға, жоғары фруктоза жүгері сиропына айналдыруға болады немесе тіпті пластмасса жасауға негіз бола алады. Жүгері көптеген өнеркәсіптік өнімдердің шикізатына негіз болады, оның ішінде: крахмал, май, алкогольді ішімдіктер, осы дақылдың майы косметология мен медицинада қолданылады.
Табиғи, экологиялық таза жүгерінің пайдасын асыра бағалау қиын, әсіресе егер оны отырғызу және күту ережелері сақталса. Егін егу мен дайын өнімді жинаудың нәзік жақтарын біле отырып, агроном минималды қаржылық және уақыттық шығындармен әсерлі өнім ала алады.
1. 3 Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы
Дүниежүзінде жиналатын жүгері дәні өнімінің 20-25%-ы азық-түлік ретінде қолданылады, соның өзінде ол, осы мақсатта ең көп пайдаланылатын дақыл болып есептеледі. Жүгері дәнінен ұн, жарма, барлығы 250-ден астам тағам түрлері дайындалады. Кондитер бұйымдарын даярлау үшін оны бидай ұнына қосады, өнеркәсіптік жағдайда жүгері дәні крахмал, декстрин, спирт, глюкоза, қант, май, бал, аскорбин және глютамин қышқылдарын алуға қолданылады. Оны техникалық дақыл ретінде де кеңінен пайдаланады. Сүттеніп піскен кезінде жиналған жүгері собықтары консервіленген (қантты жүгері), мұздатылған түрде қолданылады.
Жүгері дәнінің құрамында 9-12% ақуыз, 65-70% азотсыз экстракты заттар (АЭЗ), 4-6% май, 1, 8-2, 2% клечатка, 1, 2-1, 5% күлді заттар, 12-14% су болады.
Дән құрамында ақуыз, көмірсулар, майлар, күлді заттардан басқа ферменттер мен витаминдер бар. Ферменттер тұқымдағы қоректік заттар қорын өніп келе жатқан ұрыққа сіңімді жағдайға дейін ыдыратады.
Витаминдер-адам, жануарлар, өсімдіктер өмірінде маңызды рөл атқаратын күрделі және әртүрлі химиялық қосындылар. Жүгері дәнінде В витаминінің кешені (В 1 , В 2 , РР, В 6 ) және А провитамині.
Жүгері біздің елімізде сүрлемдік дақыл ретінде бірінші орында. Оның сүттену-балауыздану мен балауызданып пісу кезіңінде жеке собықтарынан, немесе собықтарын жапырақтары және сабақтарымен қосып сүрлем дайындайды. Жүгері сүрлемінің жемдік қасиеті өте жоғары. Сүрлемнің ақуыздық тепе-теңділіген арттыру үшін оған бұршақты шөптерді немесе жембұршақты қосқан дұрыс. Жүгерінің құрғаған жапырақтары мен сабағын малға азық ретінде туралған күйінде, әсіресе шырынды жемдермен араластырып та пайдаланады. Ал жүгерінің жасыл жапырақтары мен сабақтары өңдемей-ақ тамаша мал азығы.
Жүгеріні өнеркәсіптің түрлі салаларында да кеңінен пайдаланады. Дәнінен спирт, крамал, сірне, глюкоза, өсімдік майын өндіреді; сабағынан, собық өзегі мен орамынан-линолеум, қағаз және тағы да басқа заттар жасайды.
Жүгерінің агротехникалық маңызы да зор. Отамалы дақыл болғандықтан, өзінен кейін егістік жер жақсы қопсыған, арамшөптерден тазарған және тамыр, сабақ қалдықтары түрінде органикалық заттармен молайтылған күйде қалады. Сондықтан жүгері басқа дақылдар үшін жақсы алғы дақыл. Оны сүрі жерлерге ықтырма жасауға да себіледі.
Жүгерінің шыққан тегі - Орталық Америка. Бұл дақыл XV ғасырда Америкадан Испанияға әкелінген. Россияда, Кавказда, Молдавияда және Украинада екпе дақыл ретінде XVII ғасырдан бастап егіле бастаса, қазір басқа да солтүстік аудандарға тараған.
Жүгері дүниежүзінде кең тараған дақыл, егіс ауданы жөнінен (140, 1 млн га) бидай мен күріштен кейін үшінші орында. Егістік ауданы бойынша алдыңғы қатарда Солтүстік және Орталық Америка, Азия. Жүгері, сүрлемге өсіріле бастағаннан бері көптеген солтүстік аймақтарда орналасқан мемлекеттерде де өсіріле бастады. Жүгеріні астыққа өндіруде бірінші орынды АҚШ-28, 8 млн/га, екінші орынды Қытай 23, 5 млн/га, үшінші орынды Бразилия елі иеленеді 12, 0 млн/га.
Еліміздегі әр гектар жүгері егістігінен орта есеппен 44, 6 ц астық алынып жүр. Республикамыздың мемлекеттік жүгері будандарын сынау учаскелерінде әр гектардан алынған жүгері астығы Алматы облысында-94, 4, Жамбыл облысында-101, 8 ц жетті. Жамбыл облысындағы сортсынау нәтижесі бойынша Южный 3 буданы жоңышқадан кейін өсіргенде - 116, 7 ц, ВИР-156 ТВ - 106, 1 ц астық берген.
1. 4 Өсірілетін дақыл сорттарын таңдау негіздемесі
Қазақстанда астыққа өсіруге рұқсат етілген жүгері будандары:
Одесский 80 МВ. Украинада шығарылған. Өсімдігі биік өседі (220-280 см), ортадан ерте пісетін будан, негізінен тіс тәрізді дәні сары, ақ түсті, 1000 санының массасы 250-300 г. Қазақстанның барлық облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Молдавский 257 СВ. Атауы көрсетіп тұрғандай, ол Молдавияда шығарылған, ерте пісетін будан, биіктігі - 150-209 см, дәні сары түсті, жартылай кремнилі. 1000 тұқымының массасы 218 г. Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында өсіруге болады.
Молдавский 215 МВ. Бұл да Молдавияда шығарылған, ерте пісетін сортотип, өсімдік биіктігі 136 см-ге дейін, дәні тіс тәрізді, 1000 санының массасы - 260г. Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында өсіруге болады.
Қазіргі кезде жоғарыда аталғандардан басқа Сары-Арқа 150 АСВ (Алматы ж. б. облыстар), Целинный 160 СВ (Алматы, Шығыс Қазақстан обл., ж. б. обл. ), Казахстанский 43 ТВ (Алматы, Оңтүстік Қазақстан обл., ж. б. ), Казахстанский 700 СВ (Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан обл. ), Алтын 739, Алтай 319, Арман 689, Скиф 619, Сұңқар, Тұлпар 539 будандары да өсіру рұқсат етілген.
2 Тарау Дақылдың ботаникалық, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері
2. 1 Дақылдың морфологиясындағы ерекшеліктері
Жүгері (Zea mays L. ), қоңырбастылар тұқымдасына (Poaceae L. ) жатады, бірақ морфологиялық белгілері мен биологиялық қасиеттері бойынша осы тұқымдастың басқа дақылдарынан көп айырмашылықтары бар. Оның жалғыз мәдени түрі белгілі, жабайы түрлері табылған жоқ.
Жүгері тұқымынан бір ғана тамыр өніп шығады. 2-3 жапырақ кезеңінде түптену буынынан буын тамырларының бірінші кезегі, 5-6 жапырақ кезеңінде екінші кезегі өсіп шығады. Буын тамырлары кезегі әрі қарай да пайда болып, көпқабатты тамырлар жүйесінің жетілуі жүгері өнімінің мөлшеріне үлкен әсер етеді. Жүгерінің тамыры оңтайлы жағдайларда топырақтың 2-3 м тереңдігіне дейін бойлап, 1-1, 5 м жан-жағына тарайды. Оның ұзынсабақты сорттарының төменгі сабақ буынынан ауа тамырлары өсіп, өсімдіктің жапырылып қалуына қарсы тұрады және қоректену мүмкіншілігін жақсартады. Жүгерінің астық пен жасыл балаусадан жоғары өнім қалыптастыруы тереңге бойлаған қуатты тамыр жүйесінің болуынан. Тамыр жүйесінің жетілуіне терең өңделген және ылғал жеткілікті топырақ, күннің қарқынды сәулесі, тыңайтқыштар мен жоғары агротехника септігін тигізеді.
Жүгері сабағы мықты, іші өзекшемен толтырылған, орташа биіктігі 2-2, 5 м, буынаралықтары саны 8-25 дейін.
Жапырақтары - таспалы, ірі, шет жақтары кірпікті, тақтасының үстіңгі жағы түкті. Тілшесі қысқа, мөлдір, құлақшасы жоқ.
Жүгері - екі ұялы, бірақ даражынысты өсімдік. Аталық гүл шоғары-шашақгүл (сіпсебас) сабақтан басында орналасады, ал аналық гүл шоғары- собық (сұлтан) жапырақ қолтығында жайғасқан. Бір өсімдікте бір-екі, кейде үш собық қалыптасады. Оның орташа массасы 250-300 г. Собық өзектен тұрады. Оның ұяшықтарында тік қатарда жұптасып аналық гүлдерімен (200-800) масақшалар орналасқан. Тұқымның қатарлары жұп, көбіне олар- 10-12. Собық бірнеше қабатты түрі өзгерген жапырақпен жабылып тұрады. Гүлдену кезеңінде түйін бағаншалары жапырақ орамынан сыртқа шығып, буда түрінде салбырап тұрады. Жүгерінің дәні көпшілік түр тармақтарының ірі, 1000 дәнінің массасы 250-300 г. Дән пішіні сортқа, қатарлардың орналасу тығыздығына байланысты, түсі - ақ, сары, қызыл және басқа да реңді болады.
2. 2 Дақылдың жылуға, ылғалға, жарыққа талаптары
Жүгері-жылу сүйгіш өсімдік. Оның тұқымы 8-10 0 С-да өне бастайды. Бірақ бұл температура егін көгінің біркелкі қаулап шығуына жеткіліксіз. Жүгеріні онша жылынбаған топыраққа сепкенде тұқымдарының көп бөлігі ауруға шалдығып өліп қалады, ал шыққан көгі сирек және әлсіз болады. Өніп шығуына оңтайлы температура - 10-12 0 С, көктеуден шашақгүл шыққанға дейінгі кезеңде жақсы өсіп-жетілуі үшін 20-25 0 С температура қажет. Ауаның температурасы 12 0 С дейін төмендегенде жүгерінің өсуі күрт бәсеңдейді, өсімдік сарғаяды және жиі ауырады. Ал температура 3 0 С-дан төмендесе көктемде жүгерінің көгі, күзде жапырақтары өліп қалады. Жүгері көгінің көктемгі үсіктен кейін бір аптада қайтадан өсіп шығатын қабілеті бар. Күзде 3 0 С үсікке шалдыққан дәндер өнгіштігін жоғалтады. Үсікке шалдыққан өсідіктерді тез жинап алып пішен ретінде кептіру керек немесе сүрлемге салу керек, кешеуілдеткен жағдайда шіріп кетеді. Жүгері үшін биологиялық белсенді температура 10 0 С-дан жоғары болғанда басталады. Ерте пісетін жүгері сорттары мен будандары үшін қажетті биологиялық белсенді температура жиынтығы 1800-2000 0 С, орташа мерзімде және кеш пісетіндер үшін-2300-2600 0 С.
Жүгері құрғақшылыққа төзімді, мезофиттар қатарына жататын өсімдік, ылғалды тиімде пайдаланады. Ол 100 құрғақ зат түзу үшін 174-тен 406 ц-ге дейін су жұмсайды. Жүгерінің транспирациялық коэффициенті - 230-370. Бірақ жүгерінің дән мен жасыл балауса өнімінің мөлшері басқа дәнді дақылдардан көп болғандықтан, оған кететін су шығыны да жоғары болады.
Көктеп шығудан сабақтануға дейін жүгері суды шамалы мөлшерде пайдаланады, әрі қарай оның қажеттілігі арта түседі. Суды ең көп қажет ететін кезеңі: шашақгүл шығаруға 10 күн қалғаннан кейінгі 20 күн. Осы аралықта ылғалдың жетіспеуі өнімнің төмендеуіне әкеліп соғады.
Жүгері жоғары агротехникалық жағдайда өсіргенде топырақ және ауа құрғақшылығына төзімді. Бұны былай түсіндіруге болады: жүгері ылғалды ең көп пайдаланатын кезеңге дейін топырақтың терең қабатында және ауадан су буын сіңіре алатын қуатты тамыр жүйесін қалыптастырып үлгереді. Бірақ жүгерінің құрғақшылыққа төзімділігі тары мен қонақтарыдан төмен.
Жүгерінің жақсы өсіп-жетілуі және жоғары сапалы өнім түзуі үшін топырақ ылғалдылығын ылғал сыйымдылығының ең төмен деңгейінен 75-80% жағдайында ұстап отыру керек. Сонымен қатар, топырақ ылғалдылығы мөлшерден артық жерлерде жүгері өнімі төмендейді, өйткені ондай топырақтарда өсімдік тамырларына фосфордың келуі бәсеңдейді де органикалық және нуклеиндік фосфордың мөлшері азаяды, фосфорилдену және энергетикалық үрдістер, ақуыз айналымы бұзылады.
Жүгері - жарық сүйгіш, қысқакүндік дақыл. Ұзақ жарық күн жүгерінің вегетациялық кезеңін ұзартады, ал қысқа - пісуін тездетеді, 8-9 сағаттық жарық күн жағдайында өскенде тезірек гүлдейді. Күннің жарығы, әсіресе жүгерінің жас кезінде, оның өсіп-жетілуіне жақсы әсер етеді. Өсімдіктің көлеңкеленуі, көкті сиретуді кешіктіргенмен бірдей, жетілу үрдісіне зиянды әсер етеді: генеративтік мүшелерінің түзілуі тежеледі, аталық пен аналық гүлшоғырларының гүлдеуінде алшақтық және жеміссіз өсімдіктер көбейеді. Жүгерінің осы ерекшеліктерін агротехникалық шаралар жүйесін жасағанда ескеруге тура келеді.
2. 3 Топыраққа және қоректену элементтеріне қажетсінуі
Жүгері топырақ құнарлығына жоғары талап қояды және тыңайтқыштар бергенді жақсы көретін дақыл. Жүгеріден ең мол өнім, құнарлы топырақта жоғары агротехникада алынады. Жүгеріге құрылымды қара топырақтар мен қара-қоңыр топырақтар және өте құнарлы және сіңімді өзен арналарының шөкпе топырақтары жақсы. Топырақ ерітіндісінің оңтайлы реакциясы - бейтарап және әлсіз сілтілі (pH 5, 5-7, 0) . Қышқыл, өте тұзды және батпақтануға бейім топырақтарда жүгері өсіруге болмайды.
Жүгері тұқымының жылдам өнуі үшін топырақта жақсы аэрация болуы керек, өйткені оның үлкен ұрығы өну үшін оттегіні көп қажет етеді. Топырақта ауаның мөлшері 18-20%-дан төмен болмағаны дұрыс.
Азотты жүгері алғашқы даму кезеңдерінде көп қажет етеді. Азот жеткіліксіз болған жағдайда өсіп-дамуы бәсеңдейді. Азотты ең көп қажетсінетін кезеңі - шашақтануға 2-3 апта қалғанда, ал сүттене пісу кезеңінде азотты мүлдем қажет етпейді.
Фосфорды жүгері гүл шоғырлары түзіле бастағаннан қарқынды пайдалана бастайды (4-6 жапырақ), ең көп пайдаланатын мерзімі тұқым түзу кезеңі. Фосфор жеткіліксіз болған жағдайда собықтар толық дамымайды, дән қатарлары дұрыс қалыптаспайды. Фосфор жеткілікті болған жағдайда тамыр жүйесі жақсы дамиды, өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігі артады, пісіп-жетілу үрдістерді жылдамдайды. Фосфорды жүгері өсімдігі толық пісіп-жетілгенге дейін баяу және біркелкі сіңіреді.
Калий жетіспеген жағдайда өсімдік бойында көмірсулардың қозғалысы, жапырақтардың синтетикалық жұмысы бәсеңдейді, тамыр жүйесі әлсізденіп жүгері жапырылуға (сұламалыққа) бейім болады.
2. 4 Дақылдың өсіп-даму ерекшеліктері
Даму кезеңдері мынадай кезеңдерді ажыратады: тұқымның өнуі - ұрықтық тамырша шығады, егін көгі (көктеу) - бірінші жапырақтың пайда болуы, үшінші жапырақ кезеңі - өсімдіктің толық фотосинтез есебінен қоректенуге көшуі, бұтақтануы - төменгі жапырақтар қолтығынан бүйір өркендерінің (өгей бұтақтардың) шығуы, түтікке шығу - топырақ бетінде төменгі сабақ буынының (буынның) пайда болуы, 7, 9, 11-жапырақтар кезеңі - әрқайсыларының пайда болуымен ажыратылады, шашақтану - жоғарғы жапырақ қолтығынан сіпсебастың (шашақтың) шығуы, шашақтың гүлденуі - тозаңдықтардан тозаңдардың шашыла бастауы, собықтың гүлденуі - орауыш астынан жіпті бағаналардың (аналықтардың) пайда болуы, дәннің сүттене пісу күйі - орауышы (қабығы) жасыл, дәнде сүттің пайда болуы, дәннің қамырланған күйі - эндосперм қамыр консистенциясына ие болады, хлорофил бұзылған және орауыштарда аздап сақталған, балауызданып пісу - орауыштар сарғайып кебеді, собық ортасындағы дәндер балауыз консистенциясына енеді, толық пісу - дәндер қатаяды, өсімдік кеуіп сарғаяды. Оның өсіп-даму (вегетациялық) кезеңінің ұзақтығы пісу топтарына байланысты 75-180 тәулікке созылады. Жүгері будандары пісу мерзіміне қарай төмендегідей топтарға бөлінеді:
- Ерте пісетіндер, вегетациялық кезеңінің ұзақтығы 80-90 күн, негізгі сабақтағы жапырақ саны 10-12 дана;
- Ортадан ерте пісетінде - 90-100 күн, 12-14 жапырақ;
- Орташа мерзімде пісетіндер - 100-115 күн, 14-16 жапырақ;
- Ортадан кеш пісетіндер - 115-130 күн, 16-18 жапырақ;
- Кеш пісетіндер - 130-150 күн, 18-20 жапырақ;
- Өте кеш пісетіндер - 150 күннен, жапырақ саны 20-дан астам.
Тамыр жүйесі шашақты, ұзын, торкөзді, 3 метр тереңдікке дейін, ал жан-жағына 1 метрге дейін жайылып өседі. Тамыр системасының 60 пайызы топырақтың айдалатын қабатында болады. Жүгері тамыры топырақтың үлкен аумағынан қоректік заттар қабатында болады. Жүгері тамыры топырақтың үлкен аумағынан қоректік заттар мен ылғал әкеліп жатады. Нәтижеде жүгері топырақтағы қоректік элементтерді басқа дәнді дақылдардан гөрі жақсырақ пайдаланады. Басқа дақылдардан айырмашылығы жүгері өсімдігінің төрт түрлі тамыры болады. Олар: ұрық тамыры, алғашқы буын тамыр, негізгі тамыр және тіреуіш тамыр. Кейінгі қосымша тіреуіш топырақтан жер бетіне шығып тұрады. Жүгерінің алғашқы даму кезінде тамыр жүйесі өте тез өседі. Көгеріп шыққаннан кейін 7-8 күнде жүгері тамыры 25 сантиметр тереңдікке дейін барады.
Әйтсе де алғашқы егілген күндері жүгерінің өніп, өсуі өте баяу болады. Бірақ, өсуіне қолайлы жағдайларда, әсіресе шашақтану кезінде бір тәулікте 10-12 сантиметрге дейін өседі. Ал гүлдегеннен кейін өсуі тоқтайды. Шашақтану кезінде, он күннен кейінгі гүлдену дәуірінде жүгері өзінің жалпы органикалық массасының 75 пайызын жинақтайды.
Жүгерінің тамыр жүйесі көлемінің тәуліктік ұлғаюы 7, 12, 13 жапырақтарды шығару сатыларына жеткенде ерекше байқалады. Өсіп-өну сатыларындағы жүгерінің ең қажетті кезеңдері сабағының қалыптасуына әсер ететін 2-3 жапырақты шығару сатысы, сондай-ақ собығының қалыптасуына әсер ететін 6-7 жапырақтар шығарған кезі болып саналады.
Жүгері 5 жапырақты болғанда оның тамыры жан-жаққа 11-13 сантиметрге дейін тарамданып өседі. Жүгерінің басқа дәнді дақылдардан ерекшелігі сол сабағы біреу болады да, сорт өзгешеліктеріне қарай биіктігі 0, 6-6 метрге дейін жетеді.
Жүгері - бір ұялы және қос жынысты өсімдік. Аталығы түбірінің жоғары жағында шашағында орналасқан, аналық жынысы собығында, жапырақтар қабығымен қоршалған. Шыққан сабағы жуан, цилиндр тәрізді, қалыңдығы 2-7 см, жақсы жапырақтанады, жапырақтарының саны 13 пен 28 арасында болады. Жүгері жер шарының солтүстік ендігінің 58 градусынан оңтүстік ендіктің 40 градусына дейінгі аралықта - ойпаттарда, қыратта да, тіпті тау бөктерлерінде де өсіріледі. Мұның өзі жүгерінің топырақ - климат жағдайлары әр түрлі жерге өсуге бейімділігін, өміршеңдігін көрсетеді. Әйтсе де, бұл дақылдың бейімділігіне қарамастан, әр түрлі өсіп-өну, даму сатыларында оған қоршаған ортаның әсерін білу жүгерінің биологиясын жетік меңгеруімізге, тиімді агротехникалық шараларды жүзеге асыруымызға мүмкіндік береді.
3 Тарау Дақылдың жобаланған өнімін өсірудегі агротехникалық шаралар жүйесі (техникалық карта)
3. 1 Өсіру технологиясын жасау алдындағы алғы деректер
3. 2 Өсіру технологиясы және оған сипаттама
Жүгеріні өсіру технологиясы бойынша бизнес жоспар (1 га егістікке алғанда)
Шаруашылық: «Сәттілік» ЖШС-гі, Ақмола облысы
Алғы дақыл: картоп
Сорт: Молдавский 215 МВ
Себу мерзімі: 10-15 мамыр
Себу мөлшері: 19, 3 кг/га
Себу тереңдігі: 7-8 см
70см*20см=0, 7м*0, 2м=0, 14м 2
10 000м 2 /0, 14м 2 =71 428 өсімдік 1 га
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz