Мал азықтандыру



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Іс-тәжірибе өткен мекемеге сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 СҒЗЖ тақырыбы - Малды қолдан және табиғи ұрықтандырудың ғылыми негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
2.1 Жануарлардын физиологиясы және биохимиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Ветеринариялық микробиология және вирусология ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Мал шаруашылығы және азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 Іс - тәжірибе қорытынды нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4 Тіршілік қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
5 Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе

Малдар ауруларының арасында түрлі жұқпалы аурулар, иназиялық т.б. аурулары жиі кездеседі. Бұл аурулардын себептері мен даму процестері әртүрлі болып келеді. Ішкі жұқпалы емес аурулар басқа ауруларға қарағанда өте кең тараған. Аурулардың ерекшеліктері олардың қатарына көптеген клиникалық сау, бірақта организмдегі зат алмасу деңгейі бұзылған малдар да жатады. Ондай малдарға да емдік көмек көрсетуге тура келеді.
Өндірістік практикада тапсырма алған студенттер тапсырманы орындау барысында патологиялык ошақтағы өзгерістерді, тапсырмаға сәйкес әдебиеттерді талдауы, хирургиялық патологияны балау, емдеу және болжам жасауды игеруі тиіс. Қан және жара жұғындыларын алған студенттер оларды бекітіп, бояп, зерттеуі қажет.
Жоғарғы оқу орындарында мал дәрігерлік мамандығы бойынша теориялық білім берумен қатар студенттерді өндірістік - кәсіптік дағдыландырудың маңызы зор, орны ерекше. Малдәрігерінің теориялық білімдерін өндіріске пайдалану осы оқу өндірістік - тәжірибеге тікелей байланысты.
Сонымен қатар қазырғы кезде жүргізіліп отырған ауыл шаруашылығын жекелендіру жұмыстары да малдәрігері жұмысын жаңа сатыға көтеруді талап етіп отыр.
Малдардың өнімінің сапасын арттырудың негізгі тірегі - ол уақытында өнімді аз бергін кәрі малдарды шығыстан шығарып, олардың орнын жоғарғы өнімді дұрыс малдармен толықтырып отыру.
Малдарды күтіп-бағуды жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру - сырқаудан аман болуын қадағалау, күтіп-бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда уақытында емдеу әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын уақытында жүргізу - жалпы мал мамандарынан бастап сол салада істеп жүрген барлық еңбеккерлердің ең негізгі жене күрделі міндеттерінің бірі.

1. Іс- тәжірбие өткен мекемеге немесе шаруашылыққа қысқаша сипаттама.

Іс тәжірбиемді мен Төлеби ауданының ветеринария бөлімінің Төлеби аудандық ветеринариялық қызметі мемлекетік коммуналдық кәсіпорынында өткіздім.
Төлеби ауданының ветеринария бөлімінің Төлеби аудандық ветеринариялық қызметі мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ленгер қаласы, Әйтеке би көшесі №28 ғимаратта орналасқан. Мен соның ішінде Киелітас ауылындағы ветеринария бөлімінде өз іс-тәжірбиемді өткіздім. Ғимарат ауыл әкімшілігінің жанында орналасқан. Онда 20ға жуық ветеринар мамандар жұмыс жасайды. Олар ауыл - ауылға бөлініп өз қызметтерін жүзеге асыруда.
Төлеби аудандық ветеринариялық қызметі мемлекетік коммуналдық кәсіпорынының миссиясы - қаланы жануарлардан алынатын өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, эпизоотиялық жағдайларды қалыптастыру, халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан қорғау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қаңғыбас ит мысықтарды аулап жою, мал тоғыту әуіттерін қамтамассыз ету, ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру, бірдейлендіру бойынша дерекқорды электрондық тәсілмен компьютерлік базаға енгізіп, жануарларға ветеринарлық паспорт беру, қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою, энзоотиялық аурулардың алдын алу мақсатында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын ұйымдастыру.
Төлеби аудандық ветеринариялық қызметі мемлекетік коммуналдық кәсіпорыныны ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Ветеринария (ветеринария саласы) - жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiнiң Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми бiлiмдер мен практикалық қызмет саласы.

2. СҒЗЖ бойынша : Менің ғылыми зерттеу жұмысымның тақырыбы - Малды қолдан және табиғи ұрықтандырудың ғылыми негіздері

Аналық малды ұрықтандыруды таза, жарық бөлмеде жүргізеді. Қолдан ұрықтандырудың интрагениталдық тәсілмен жүргізеді. Оларға қынаптық, цервикалдық, аналық жыныс түтікшесі арқылы ұрықтандыру жатады. Қынап әдісімен ұрықтандыру сирек қолданылады, бұл жағдайда ұрық цервикалдық әдіске қарағанда көп мөлшерде жұмсалады. Ұрықты шприц-катетермен, капрон шприцпен қосылған полистирол түтігі арқылы қынапқа жібереді.
Осылай қояндарды және қынабы тар тұсақ пен тайыншаны ұрықтандырады. Несеп шығатын жолға түспеу үшін аспапты қынаптың жоғарғы eзуiнен (бұрышынан), тоқтыларға 15-18 см, ал тайыншаларға 30-35 см тереңдікте енгізеді:
Цервикалдық әдіспен ұрықтандырғанда ұрықты жатыр мойнының жолына шприц-катетермен немесе басқа аспаптармен енгізеді.
Цервикалдық мынадай түрлерге бөлінеді: а) қынап айнасы көмегімен ұрықтандыру (визоцервикальдық); б) жатыр мойнын тік ішек арқылы ұстап тұрып ұрықтандыру (ректоцервикалдық); в) жатыр мойнын қолмен ұстап тұрып ұрықтандыру (моноцервикалдық).
Кұстарды қолдан ұрықтандырғанда шәуетті ұрық түтікшесіне жіберу әдісі қолданылады.
Сиырды суалтқанда екі мақсат қойылады. Біріншіден, туар алдында жедел дами бастаған ұрықты барлық қажетті қоректік заттармен толық қамтамасыз ету. Өйткені бұзаудың болашақ өміршеңдігі, ауру-сырқатқа шалдықпай тез жетілуі және сақайған кезіндегі өнімділігі оның жатырда даму деңгейіне тығыз байланысты болады.
Екіншіден, сиырды суалтқан кезде, оның организмі төлдеуге, бұзаулағаннан кейін басталатын келесі сауылымға дейін дайын болуыкөзделеді. Өйткені оңай суалған сүтпен сиыр денесінің қоректік, минералдық заттар қоры азайып, оларды толықтыру қажет.
Сиырды орташа суалту мерзімі 45-60 күнге созылады. Организмнің өсіп-жетілуі аяқталмаған құнажындармен жоғары өнімдісиырларға бұл мерзімді біршама ұзартады. Ауырған немесе аықтаған сиырларға суалған кезеңді ұзартады.
Сиырларды суалтуды азықтандыру деңгейін өзгерту арқылы жүргізгендіктен, бірінші онкүндікте сиырдың сүт түзуін тежеу үшін негізгі азықтандыру норманың 80 процент көлемінде азықтандырады.
Екінші онкүндікте азықтандыру деңгейін-кестеде келтірілген азықтандыру нормасына жеткізіп, үшінші және төртінші онкүндікте одан 20 процент арттырады. Бесінші онкүндікте қайта 100 процентке, алтыншыда 80 процентке түсіреді. Құнажындар мен күйі төмен сиырларға-кестеде келтірілген негізгі нормалық көрсеткіштерді қосымша салмақ қосыпқондылығын арттыру үшін 1-2 азық өлшеміне (1 кг қосымша салмаққа) 5 азық өлшемі, 500 г қорытылатын протеин қажет есебінен жоғарылатады. Соған сәйкес сиыр рационындағы басқа да қоректік заттар көлемі жоғарылатады.

Буаз сиыр организмінде жүйке-қан жүйе жұмысы өзгеріп, сүт түзілуін қалыптастыратын орталықтың қызметі әлсірейді де, құрсақтағы бұзаудың өсуін қамтамасыз ететін орталықтың жұмысы күшейе түседі: сиырдың қоректік заттарға деген мұқтаждығы артады. Суалту кезінде буаз сиыр тәулігіне 800-
900 г салмақ қосып жаңа туылғанбұзау тірі салмағы енесінің салмағының 7-9 процентіне 800-900г салмаққа жетуге тиіс.
Суалған буаз сиырлар рационын таза сапалы азықтардан құратырады. Ластанып немесе шіріп, көгеріпбұзыла бастаған азықтар сиырға іш тастатуы мүмкін. Буаз сиырларды тыңайтқыш қолданған жайылымда жайғанда, жайылым отының құрамын, әсіресе буаздыққа зиянды нитраттардың деңгейін бақылайды. Бұзаулауға 6-7 күн қалғанда рациондағы шырынды және құнарлы азықтарды күрт азайтып, 2-3 күн қалғанда толығымен алып тастап, азықтар мөлшерін тек тіршілікті қамтамасыз ететін деңгейде кемітеді. Бұзаулайтын күні алдына пішен салып қойып, жылы таза суға қорытылуы жеңіл жем араластырып ішкізеді. Суалған кезеңдегі сиырдың дұрыс азықтандырылғанын салмақ қосымы бойынша бақылайды. Бұл кезеңде сиырдың салмағы 10-12 пайызға артуы тиіс.
Төлдері алғашқы 6 айда туылған кездегі салмағын орта есеппен 5 - 6 есе арттыратын болса, ұсақ малдардың (қой, ешкі) Төлдері бұл деңгейге 4 - 4,5 айда, енелерінен ажыратылғанға дейін жетеді. Осыдан кейінгі кезеңде олардың өсу қарқыны төмендеп, бағылу- азықтандырылу жағдайлары талапқа сай бола тұрса да 1 жасқа дейін салмағын 2 есеге ғана арттырады. Бір жасқа дейінгі, әсіресе, сүт ему кезеңінде Төлдерді күту-азықтандыру жұмыстарын мұқият атқару мал басын өз төлі есебінен көбейту жұмыстарын ұтымды ұйымдастырып, шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік береді. Төлдерді азықтандыруда кеткен кемшіліктер олардың өсіп-жетілуін тежейді немесе мүлдем орнына келмейтін өзгерістердің жүруіне әкеліп соғады (қ. Жылқы өсіру; Қой шаруашылығы; Мал шаруашылығы; Сиыр өсіру; Түйе шаруашылығы).

2.1 Мал азықтандыру

Малды күйлеу феноменінің өте айкын көрінген кeзінде ұрықтандырған дұрыс, бұл кезде жатырдың тонусы өте жоғары, кілегей қабығында шырыш мол, таза спермиялардың алға қарай қозғалуына ең қолайлы жағдай туған кeзі. Еске сақтайтын бір жайт: овуляцияға дейін ұрықтандырып болу керек. Малды ұрықтандырған кезде мүмкіндігі болғанша тыныштық сақтау керек, малды ұрып-соғуға болмайды. Бөгде кісілердің жүруі, айкай-шу ұрықтандыратын малдың көңілін бөліп, алаңдатады, жатырдың тонусы төмендеп, овуляция болмай калады. Осының бәpi ақырында қолдан ұрықтандыру жұмысының нәтижесіз калуына әкеліп соғады.
Сиырларды қолдан ұрықтандыру. Кынап айнасы көмегімен ұрықтандыру (визоцервикалдық). Ұрық жатыр мойнының жолына шприц-катетер арқылы енгізіледі. Бұл сиырларды, саулықтарды және ешкілерді ұрықтандырғанда қолданады.
Аспаптарды даярлаған соң аналық малдың қынабына қынап айнасын кіргізеді. Содан колдың кемегімен жатыр мойнының жолына саулыққа 0,5 см, сиырқа 4-5 см тереңдікте ұрықтың тиісті мөлшерін жібереді.
Жатыр мойнын тік ішек aрқылы ұстап тұрып ұрықтандыру (ректоцервикалдық). Көп мамандар малды қынап айнасынсыз пипеткамен тiк ішек арқылы жатырды ұстап ұрықтандыруды қолайлы деп санайды. Бұл бір қолмен тік ішек арқылы жатыр мойнын ұстап, ал екінші қолмен қынап арқылы пипетканы енгізеді. Бұл әдісте бір рет қолданылатын полиэтилен қолғаптар, полистирол немесе шыны пипеткалар кажет.
Бұл әдісті әсіресе жұқпалы аурулары бар шаруашылықтарда қолдану пайдалы. Бұл әдіспен ұрықтандыру үшін жуылған және спиртпен сүртілген құрғақ қолмен пакеттен полистирол пипетканы алады да, оған пластмасса ампуланы немесе резеңке баллонды қосады, пипеткаға байланыстыратын муфтаға кішкентай капрон жалғайды, содан 1 мл ұрық сорады.
Сулы тампонмен не қайнатылған сулы сиырдың сыртқы ағзаларын сүрткен соң, оң қолмен пипетканы қынапқа оның жоғарғы epнеуінен (қабырғасынан) кіргізеді. Полиэтилен қолғап киілген бір қолды сабындап, тiк ішекке енгізіп жатыр мойнынан ұстайды да, пипетканың ұшын оған бағыттайды.
Пипетканы енгізгеннен кейін (бір әдіспен) оны әpi қарай жылжыту үшін жатыр мойнын қолдың барлық саусақтарымен ұстап, жеңіл айналыспен абайлап пипеткаға кигізеді. Аналық малды ұрықтандырғаннан кейін полиэтилен қолғапты және полистирол пипетканы жағып жібереді, ал шыны пипеткаларды де, стерилденгенше бөлек темip трубкада сақтайды.
Жатыр мойнын қолмен ұстап тұрып ұрықтандыру (моноцервикалдық) әдісін Ф.И. Осташко және В.А. Чирков ұсынды. Бұл әдісте стерилді бір рет қолданылатын аспаптарды: полистирол катетер мен полиэтилен қолғап қолданады. Ұрығы бар ампуланы термостан алып шығып, 70С-тық спирт ұрықтар араласу үшін сілкеді, содан кейін қайшымен қақпашасын ампуланың мойнына полистирол салады, сосын зат шынысының үстіне ұрықтың бір тамшысын сығып, оның белсенділігін тексереді, ұрықтың сапасын тексерген соң оны жатыр мойнына енгізеді. Ол үшін сиырдың сарпайын және құйрық түбін фурациллиннің ерітіндісімен сүртеді. Полиэтилен қолғап киілген және физиологиялық ерітіндімен суланған оң қолды абайлап қынапқа енгізеді, жатыр мойнының қынап бөлігіне массаж жасайды. Қолды қынаптан шығармай тұрып екінші қолмен дайындаоған ампуланы береді, қолдың бақылауымен катетер жатыр мойнына кіргізеді, ампуланы көтеріңкірейді, сосын ампуланың ішіндегі ұрықты жатыр мойнына ол босаңсығанда баяу сығып жібереді.
Қойды қолдан ұрықтандыру. Күйлеген қойды арнайы станокка бекітіп ұстап тұрады, оның құйрығын жоғары көтеріп, сарпайын жуып сүртеді. Ұрықтандырушы техник станоктың арт жағында қазылған шұңқырға түсіп отырып жұмыс істейді. Ұрықтандыру үшін жаңа алынған шәует (дозасы 0,05 мл) немесе сұйылтылған шәует (0,1-0,2 мл) қолданылуы мүмкін. Қандай шәует болғанда да олардың қозғалу белсенділігі 8 баллдан төмен болмауы керек. Ұрықты визоцервикалдық әдіспен жібереді.Ол үшін жартылай автоматты шприц немесе микрошприц қолданылады.
Күйлеген саулықтың арасына 10-12 сағат салып eкi рет -- таңертең және кешке ұрықтандырады.
Мегежінді қолдан ұрықтандыру. Күйлеген шошқаны eкi рет ұрықтандырады: бірінші рет күйлегені анықталған кезде, екінші рет ұрықтандырғаннан кейін 18-20 сағаттан кейін. Шаруашылықта негізінен күйлегені таңертең анықталған шошқаны бірінші рет кешке ұрықтандырады да, ертеңіне қайталайды, ал күйлегені кешке қарай анықталған шошқаларды келесі күні таңертең бірінші рет ұрықтандырып, кешке қарай екінші рет ұрықтандырады.

Шошқаларды негізінен eкi әдіспен ұрықтандырады.
Сұйылтылған шәуетпен ВИЖ әдісі бойынша. Бұл әдісті акдемик В.К. Миловановтың тобы ұсынған. Шәуеттің дозасы шошқаның 1 кг тipi салмағына 1 мл, сұйылтылған шәует жалпы көлемі 150 мл-ден асуға тиісті емес. Қазіргі кезде бұл әдіс бойынша ПОС-5 деген аспаппен тікелей жатырға жібереді.
Фракциялық әдіс бойынша. Бұл әдісті Полтава шошка шаруашылығы институтының академигі А.В. Квасницкийдің тобы ұсынған. Бұл әдістің мәнici мынада: жатырға шәуетті бірнеше фракциямен жібереді. Бірінші фракция аздап сұйылтылған 50 мл шәует, оның артынан таза 100 мл сұйылтқыш жібереді. Бұл -- екінші фракция. Оның қызметі -- бірінші фракцияны тереңірек жатыр тармақтарының ушына дейін итеріп апару. Бұл әдіспен шәуетті үнемдеуге болады. Ұрық жіберетін аспап УЗК-5 деп аталынады.
Биені қолдан ұрықандыру. Биені ұрықтандырғанда көбінece И.И. Ивановтың қалың резеңке түтікшесін не болмаса Растяпиннің ампуласын қолданады. Биенің артқы eкi аяғына шідер салып мойнына тартып байлап қояды. Көмекші кici биенің жүгенінен ұстап, алдыңғы бір аяғын тұрады. Ұрықтандырғыш техник полиэтиленді қолғап киіп, сыртын сабындап, резенке түтікшенің үшкір ушынан ұстап, қынап арқылы акырындап жатыр мойнына жеткен соң оның арасына резеңке түтікшені 12-15 см тереңдікте енгізеді. Содан кейін шприцтің поршенін басып немесе Растяпин ампуласын жоғары көтеріп шәуетті жатырға жібереді.
Күйлеген биені күнінe бір рет немесе күнара овуляция болғанға дейін 2-3 рет, кейде 4 рет ұрықтандырады. Ұрықтандырылған биелерді 1,5 ай еткен соң тiк ішек аркылы буаздыққа тексереді.
Кұстарды қолдан ұрықтандыру. Тауықтарды жұмыртқалап болған соң түстен кейінгі мезгілде сұйылтылған шәуетпен де, сұйылтылмаған шәуетпен де ұрықтандыра береді. Ұрықты арнайы тамызғышпен жібереді немесе қойға қолданылған микрошприцтің кaтетерін қысқартып пайдалануға болады.
Көмекші кici тауықты сол қолмен қысып ұстап, оң қолымен ішін қысып клоакасын сыртқа ашып шығарады, сол кезде катетерді ұрық 4-5 см тереңдікке кіргізеді де, шәуетті жібереді. Кораздың бір эякулятымен 20-30 мекенді ұрықтандыруға болады. Ұрықтың дозасы -- 0,02-0,03 мл. Оның ішінде 100 млн. тіpi спермиялар болуы керек. Кұстарды аптасына бір рет қана ұрықтандырады. Күрке тауықты eкi аптада бір рет ұрықтандырса да жетеді.

2.2 Ветеринариялық микробиология және вирусология

Жұқпалы инфекция - мал ағзасына енген микроорганизмдермен байланысқа түсу нәтижесінде өтетін құбылыстардың көрінісі.

Осы күрделі биологиялық құбылыстың ең соңғы түрі жұқпалы аурулардың дамуымен сипатталады. Инфекцияның дамыуына малды дұрыс күтпеу,дұрыс азықтандырмау және малды дұрыс пайдаланбау сияқты зоогигиеналық ережелердің сақталмауы жақсы жағдай туғызады.
Жұқпалы қоздырғыш аэробты және анаэробты микроорганизмде болып саналады. Операциялық жараның микробтық былғануы негізінен қолдың қатынасы, лас құралдар мен тігісті және таңғыш заттарды қолдану жатады.
Антисептика және асептика. Операциялық және кездейсоқ жаралардың микробтық былғануы хирургия дамалдың өсімі мен әртүрлі асқынулардың дамуына әкеліп соғады.
ХХІғ. Ортасына дейін хирургиялық инфекция жайлы түсінік қалыптаспады. Бірақ осы кездің өзінде жара инфекцияларының қоздырғыштары сыртқы ортадан (әсіресе ауадан) келетінін білген.
Венгер дәрігері И.Земмельвейс (1861ж) бастапқылардың бірі болып әйелдердің босанғаннан кейінгі асқынулар себебі-дәрігердің кір қолы екенін айтты.
Сондықтан да ол қолды жыныс жасушаларын зерттеудің алдында хлорлы әктас ерітіндісі арқылы жууды ескертті. Осыған байланысты асқынулар мен өлімді күрт төмендетуге жағдай туды. Осы уақытта орыс хирургі Н.И.Пирогов жараны емдеуге хлорлы әктас ерітіндісін, йодтың спирттегі ерітіндісін қолданды.
Бірақ бұлар асқынудың нағыз себептерін ашып бере алмады. Тек өткен ғасырдың 50-60 жылдары Л.Пастердің зерттеулері ақуыз дененің ашуы мен шіруін де микробдың маңызы зор екенін танытты.
Осы жаңалықтың негізінде 1867 жылы ағылшын хирургі Листер жара инфекциясының әдісін ойлап шығарды.Жараға 5co-дық карбон қышқылы ерітіндісін қолдану және осы ерітіндімен заттарды, құралдарды, қолды жууды және операциялық бөлмеге шашып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұқымдық бұқаларды азықтандыру ерекшеліктері
Етті бағыттағы бұқаны азықтандыру
Ауылшаруашылық малдарын нормамен азықтандыру
Алты айдан асқан сүтті-етті тұқымның ұрғашы бұзауларын күтіп-бағу және азықтандыру
«Суалған буаз сиырды азықтандыру»
Тұқымдық қошқарды азықтандыру
Бұқаның тобын толтыратын таналарды азықтандыру
Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыруда күкірттің маңызы
Сауын сиырларды азықтандыру
Шаруаларды жемшөппен қамту технологиясы
Пәндер