Қазақтың қолданбалы өнері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Қазақ халқының қолөнері.

Жұмыстың мақсаты:

Қазақ халқының ұлттық қолөнерін қазіргі уақытта қарапайым болып көрінгенмен, қазіргі заман талабына сай бейімделгенін анықтау.

Жұмыстың өзектілігі: Ұлттық қолөнернің қашанда қолданыстан қалмайтыны.

Зерттеу міндеттері:

1. Тереңге жайып келе жатқан халық мұрасы қолөнердің маңыздылығын анықтау;

2. Ұрпақтан ұрпаққа жеткен қолөнеріміздің қазіргі таңдағы қолданысы.

Ғылыми болжамы, нәтижелігі.

Ұлттық қолөнеріміздің құндылығын зерттеу, қазіргі қолөнердің қолдану аясының кеңейуі.

Ұлттық қолөнерді басқа ұлт өкілдеріне насихаттау.

МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе

1. 1. Қазақ халқының қолөнері - өшпес мұра.

II. Негізгі бөлім

2. 1. Зергерлік бұйымдардың ерекшелігі.

2. 2 Құрақ көрпелердің сыры.

2. 3 Ағаштан жасалған бұйымдар.

2. 4. Жүннен жасалынған заттардың ерекшелігі.

ІІІ. Қорытынды бөлім

3. 1. Қазіргі таңдағы ұлттық қолөнердің деңгейлері

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақтың қолданбалы өнері. Алматы кітап 2007 жыл

2. Аубакирова Ш. «Халық қолөнері». - Алматы 1995 ж

3. Әмірғазин Қ. «Қазақ қолөнері». - Алматы, 1995 ж.

4. Кенжеғали М. «Жүнен жасалынған бұйымдар». - Алматы, «Қайнар», 1990

Қасиманов С. «Қазақ халқының қол өнері». - Алматы, «Дидар»,

5. Нұрмұхамедұлы Н. Б. «Қазақ халқының сәндік ою-өрнек өнері». - Ленинград,

1. 1. Кіріспе

Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиясында алға міндет етіп қойған ішкі және сыртқы саясатының аса маңызды 30 бағытының бірі - мәдени мұра бағдарламасы аясындағы халықтың мәдени құндылықтар мен дәстүрін дамыту. Осы бағытты ескере отырып көнере бастаған қолөнерді бүгінгі күнде өз кәдемізге жаратып, қолданудың маңызы өте зор. Қазақ халқының қолөнері - сонау ықылым заман тарихымен бірге өсіп, біте қайнап жатқан өте бай қазына. Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тоқу, тігу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармышылық жиынтығын айтады. Қолөнер - ұрпақтан ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан халық мұрасы.

Қолөнер - ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киімді әшекейлегенде көп қолданып жүр.

Қазақ қолөнері - қолданбалы-безендіру өнерінің дәстүрлі ұлттық саласы. Тарихын тереңнен алған Қ. қ. дәстүр сабақтастығын үзбеген, рухани мәні мен мәдени құндылығын жоймаған. Қазақстан жерінде асыл тастан, сүйектен, жүннен, ағаштан, қыштан, құнды металдан, былғарыдан, саздан - қару-жарақ, құрал-сайман, үй жиhазы, т. б. тұрмысқа қажетті тұтыну бұйымдарын, түрлі сәндік қолөнер туындыларын жасаумен қатар, оларды өздерінің дүниетанымына, эстет. талғамына сай әшекейлеп, безендіру ерте замандардан дамыған.

2. 1. Зергерлік бұйымдардың ерекшелігі.

Сан ғасырдың сарабынан өтіп, біздерге қаймағы бұзылмай жеткен халқымыздың қастерлі де дәстүрлі қолөнері көптеген салаға бөлінеді. Солардың ішінде түрі жағынан да, мән-мазмұны жағынан да аса бай, шоқтығы биік тұрғаны - зергерлік өнері. Зергерлік бұйымдар (негізінен сәндік безендіру заттары) - асыл металдарды (алтын, күміс, платина және палладийді) әшекейлеп өңдеудің, сондай-ақ түсті металдарды (жез, мельхиор т. б. ) қорытудың, олардың бетіне, алтын, күміс жалатудың; көп жағдайда қымбат тастармен, эмальмен т. б. безендірудің нәтижесінде қазақ даласында көркемдік тұрғыдан жетілген зергерлік өнер алғашқы темір дәуірінде пайда болған.

«Зергер» парсы тілінен ауысқан «Зәргәр» сөзі. Парсы тілінде алтыннан, күмістен суырып, созған жіңішке сымды «зәр» дейді. Халық арасында зергерлер өте жоғары құрметке ие болып, елдің сүйікті адамына айналған. Көптеген археологиялық қазбалар мен этнографиялық зерттеулер Қазақстан жерінде ерекше шеберлікпен жасалған бұйымдарды бізге жеткізді. Қарғалы қазынасынан табылған әйелдің бас киімі, түйенің мүсіні салынған алтын жүзік, алтын сырға, Ақтас - 1 қорымынан б. з. 2-5 ғ. Жарқырауық тас орнатылған сырғалар табылған. Бұл бұйымдарды әшекейлеуде де қазіргі заманда қолданылып жүрген барлық техникалық тәсілдер қолданылған. Ежелгі сақ, ғұн, үйсін зергерлерінің қолымен жасалынған жүзіктерде, білезіктерде, алқаларда шолпыларда «мүйіз» оюының түрлері, арқардың басы кездескен. Зергерлер негізінен қоғамның барлық әлеуметтік топтарының сұранысына ие болған әйелдердің әшекей бұйымдарын жасауда эстетикалық жағынан емес, сондай-ақ діни- идеологиялық, әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік маңыздылықтарын да ескеріп отырған. Негізгі материал ретінде тіл-көзден, пәле-жаладан сақтайтын тылсым күші, қасиеті бар деп танылған алтын, көбінесе күмісті пайдаланған. Бірақ алтынның қасиеті басқа металдарға қарағанда ерекше деп есептелген. Сәндік бұйымдардың көбіне металдан жасалуы да осыған байланысты болған. Анасын, әйелін, қызын ардақтаған қазақ халқы олардың ішкі жан дүниесінің мөлдірлігімен қатар сыртқы келбеті мен тұлғасының да сұлу болғанын қалаған. Зергерлік бұйымдардың көздеріне шеберлер ақық (агат), теңбіл тас (сланец), перуза (бирюза), маржан (коралл), лағыл (рубин), янтарь сияқты асыл тастарды пайдаланған. Әр зергердің өз қолтаңбасы болған «шебердің қолын» соған қарап таныған. Дәстүрлі қазақ тұрмысында тастарға деген оң көзқарас бүгінге дейін сақталып отыр. Інжу көзге түсетін катарактыны, янтарь зоб ауруын емдейді десе, маржан көз бен тіл тиюден сақтайды, қарғыстан қорғайды, перуза бақыт әкеледі дейді.

2. 2. Құрақ көрпелердің сыры.

Құрақ көрпе - дүрия, батсайы, торғын, шағи, шәлі, жібек, сәтен, атлас, т. б матадан жасалып, сырты кестеленеді. Тұтыну қажетіне қарай қалың, жұқа, үлкен, кіші етіп жасаса, дәулетіне сай арзан, қымбат материалдан дайындайды, соған сай бала көрпе, шәлі көрпе, төсеніш көрпе, жүн, қалың, атлас көрпе деген түрлері болады. Ал енді түрлі геометриялық пішіндегі мата қиындыларынан әшекей, өрнекпен құралып жасалған түрін құрақ көрпе деп аталады екен.

Құрақтан жасалған заттарға зер сала назар аударса, сан қилы сәнді түстердің бір-­бірімен үйлесім тауып, әсемдік әлеміне тартып тұрғанын айқын аңғаруға болады. Құрақ, негізінен, түрлі-түсті маталардан құ­ралатыны белгілі. Этнографтардың ай­туынша, ұшбұрышты құрақтардың мәні ерекше. Қазақи көзқарас бойынша үш­бұ­рыш су, жер, ауа - үш ғаламның бел­гісі бо­лып есептеледі. Егерде осы үшбұ­рыш­тың ішіне қошқар мүйіз оюын салса, ол отты бейнелейді. Жалпы, қазақ­тардың ұғы­мында - ою-өрнек магиялық сипатта, ол барлық кіріс пен шығысты, қиысуды белгілейді.

2. 3 Ағаштан жасалған бұйымдар.

Халқымыздың өмір-тіршілігінде ағаштан жасалатын бұйымдар өте кең таралған. Сонымен бірге, қазақтың тұрмыстық тұтынуындағы бүтін аспаптың түгелдерлігінің заты ағаш.

Себебі, ертеде қазақтың баспанасы киіз үйінен бастап, қарапайым қасығына дейін ағаштан жасалып отырған.

Неге десеңіз, ағаш бұйымдар ыңғайлы, пайдалануға тиімді, сонымен бірге ол тұрмыстық зат есебінде ғана емес, сән үшін де қолданылып, биік өнер дәрежесіне жеткізілген. "Алтынмен аптап, күміспен қаптап" дегендей, әр әулеттің жағдайына қарай зерлеп, әшекейлеп жасалған дүниені тұтынып келген. Ерте кездері бұл өнердің иесін ұста, он саусағынан өнер тамған шебер деп құрмет тұтқан. Қазіргі күні бұл кәсіп қолданбалы сәндік өнер деп айтылады.

Қазақтың ет тартатын астау-табағы, құрт езетін астауы, сүт, қымыз құятын шарасы, шөміш, саптыаяқ секілді барлық ыдыс-аяғы ағаштан жасалған. Оның ішінде сыйлы, қадірлі қонағына ұсынатын ыдыс-аяқтың жөні тіптен бөлек. Кейінгі кездері ел ішінде осы дәстүрді ұстанатын отбасылардың қатары көбейіп, ағаш бұйымдарды күнделікті тұрмысына қолдана бастады. Қазір қазақтың өз өнерін, байлығын өзіне көрсететін заман. Дегенмен, ағаш бұйымдары табиғи зат болғаннан кейін таза ұстап, орнымен қолдансаңыз ұзақ жылға шыдас береді.

Ата-бабаларымыз ағаштың түрін, жай-күйін өте жақсы білген. Сондықтан, ыдыс-аяқты көбінесе ағаштың безінен, қатты жерінен жасап отырған. Ағаш ыдыс жарылып кетпеуі үшін оны майлап, май сіңіру керек. Сонда оның ішіне су сіңбейді. Екінші әдіс - оны құрсаулау. Күбінің, үлкен шара ыдыстың сыртын темірмен құрсаулап тастайды. Бұл да жарылып кетпеуден сақтайды және ыдыстың сырты, түбі әр затқа соғылып мүжіліп кетпесін дегеннен туған. Ағаш ұсталарының өздерінің арнайы құрал-сайманы бар. Олар ағаш шабатын шот, қашаудың түр-түрі, ыңғыру, үскі секілді құралдар. Бұрынғы уақытта ағашты иіу, жұмсартудың тәсілдері болған. Әкемнен естуімше, ертеде ағашты малдың қиымен араластырып, су құйып жерге көміп тастайды екен. Сол кезде ол қызады да, белгілі бір күйге жеткенде ағаш жұмсарады. Дәл осы сәтте қазып алып, тезге салып, өзіне қажетті қалыпқа иіп жасап алады. Міне, осындай күрделі әдіс-тәсілдердің арқасында бүгінгі күні адам баласының ойы жетпейтін дүниелерді жарыққа шығарып отырған.

Солардың ішінде Қызылордалық өнертапқыш жиналмалы бесік жасап шығарды.

Қызылордалық кәсіпкер ойлап тапқан бесік қолдануға өте ыңғайлы. Оны шабаданға мұқият жинап, кез келген жерге апаруға, жолға алып жүруге болады. Салмағы бар-жоғы 5 келі тартатын бесікті үш баланың әкесі Манарбек Жылгелдиев өзінің егіз ұлдарына арнап құрастырып шығыпты. «Менің арманым - ағашты кептіріп, оны қалыпқа келтіретін үлкен өндіріс цехын ашу. Еліміздің барлық аймағында осындай бесіктерді көптеп шығарып, кейін шет мемлекеттерге де шығаруды қалаймын», - дейді М. Жылгелдиев.

Қазақ ұғымында бесік - сан ғасырлардан бергі ұлттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзі, бабамыздан қалған киелі мүлік. Осындай дәстүрді жалғастырушылар өте көп, өзі тербелетін, әндететін де бесіктерді жарыққа шығарып жатыр.

2. 4. Жүннен жасалынған заттардың ерекшелігі.

Қолөнерде жүнді пайдалану. Қазақ қолөнерінде пайдаланылған негізгі шикізат түрі - жүн. Оның табиғаттық қасиетіне зер салып, тиімділігі мен күнделікті тұрмыста қолайлы жақтарын қарастыра отырып, әдемілік жағына да көңіл бөлінді. Бүгінге дейін дәстүрлі қолөнер түрі - киіз басу. Бұл көне заманнан бері әйгілі. Бұрын киізді қара немесе ақ түсті етіп басқан, соңғы кезде оюлап басу кеңінен тарап кетті. Жүннің пайдалы да, сонымен қатар зиянды жақтары да бар. Жүннен жасалған бұйым, әрине, жылы, төзімді келеді. Ал гигиена тұрғысынан қарағанда - шаң, ауа өткізгіштігі төмен. Бірақ қазақтың киіз басу өнері жойылған жоқ.

Кілем ерте кезден қазақ тұрмысында киіз үй мүлкінің бірі болып есептелсе, қазірдің өзінде де маңызы жойылған жоқ. Кілем - арнаулы қарапайым өрнек арқылы ерекше түр салынып, әрбір шаршы метріне шамамен 230-400-ге дейін, ал өнбойына бір миллионға жуық жіп тіндерін кетіріп өте тығыз тоқылатын аса бағалы бұйым. Жазбаша ескерткіштерге қарағанда, бұрыңғы замандарда киіз үйдің ішінен ұстап, еденіне төсеумен бірге, кілемді киіз үйдің туырлық пен үзігі орнына да Ал кілемнің қазақ арасына тараған түрлеріне келетін болсақ, олар мыналар: масаты кілем, қалы кілем, жібек кілем, бұхар кілем, терме кілем, түрікмен кілем, сарыаяқ кілем, парсы кілем, шешенгүл кілем, пәтінісгүл кілем, алтыауыл кілем, мәскеугүл кілем, т. б. түрлері көп-ақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың сәндік- қолданбалы өнерімен таныстыруды теориялық тұрғыда негіздеу
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазактың сәндік-қолданбалы өнері және ұлттық өрнектері туралы түсінік берудің маңызы
Қазақ сәндік-қолданбалы өнері арқылы жеткіншектердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
Мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілетін бейнелеу өнері және әдістемесі
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру
Сәндік-қолданбалы өнердің жеткіншектердің эстетикалық тәрбиесін жетілдірудегі мүмкіндіктері
Қазақтың сәндік қолданбалы қол өнері
Қазақ халқының киіз басу өнері
СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТҮРЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қолөнер бұйымдарын жасауда ағаш өңдеу технологиясын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz