ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Егимбаева А. К

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Дипломдық жұмыс

5В050300 - «Психология»

Алматы 2022 жыл

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Орындаған: Егимбаева А. К

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

ТАРАУ І. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН

ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Тұлғааралық қатынас түсінігінің теориялық анализі

1. 2 Әскери қызметкерлердің тұлғааралық қатынастары және оның психологиялық ерекшеліктері

1. 3 Әскери ұжымның психологиялық климатының құрылымы

ТАРАУ ІІ. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕЛУІ

2. 1 Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

2. 2 Зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған әдістер және олардың сипаты

2. 3 Әскери ұжымдағы тұлғааралық қатынас құрастырудың ерекшеліктері, ұжымның әлеуметтік-психологиялық климаты бойынша нәтижелер

2. 4 Әскери қызметкерлердің социометриялық статустарын анықтау

2. 5 Әскери қызметкерлердің тұлғааралық қатынастарындағы өзараәрекеттесу типтерін анықтау

ТАРАУ ІІІ. АЛЫНҒАН НӘТИЖЕЛЕР БОЙЫНША ӘСКЕРИ ҰЖЫМДЫ БІРІКТІРУГЕ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЛИМАТЫН ЖАҚСАРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫН ӘЗІРЛЕУ

3. 1 Әскери ұжымның психологиялық климатын жақсартуына және бірігуіне арналған тренинг бағдарламасының негіздемесі

3. 2 Тренингтік сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік ұсыныстар

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Тұлғааралық қатынас мәселесі қазіргі әлемдегі өзекті мәселенің бірі, өйткені тұлғааралық қатынас өмір сүрудің, социумда тіршілік жасайтын қажетті шарт болып табылады, онсыз адамның психикалық функциясын немесе психикалық процесін толық қалыптастыру мүмкін емес. Кез келген қауымдастықтағы тұлғааралық қатынастардың табиғаты айтарлықтай күрделі. Олар жеке тұлғаның таза жеке қасиеттерін - оның эмоционалдық және ерікті қасиеттерін, интеллектуалдық мүмкіндіктерін, сондай-ақ қоғамда жеке адам қабылдаған нормалар мен құндылықтарды көрсетеді. Тұлғааралық қатынас жүйесінде адам өзіне қабылданатын нәрсені қоғамға қайтара отырып, өзін жүзеге асырады. Бұл тұлғаның қызметі, оның іс-әрекеті тұлғааралық қатынастар жүйесіндегі ең маңызды буын болып табылады.

Әскери ұжым адамдардың белгілі бір қоғамдастығының пайда болуын және өмір сүруін қамтамасыз ететін осындай қарым-қатынасты қалыптастырудың өткір мәселесі ретінде әрқашан болды. Бұл әскери қызметкердің жеке басын әскермен және жалпы қоғаммен, оның ішінде оны әлеуметтік қатынастар жүйесінде, әлеуметтік - психологиялық өзара әрекеттесу арқылы тікелей байланыстыратын негізгі буын болып табылады. Бұл ретте әскери ұжым бейбіт және соғыс уақытында әскери борышын өтеу үшін қажетті моральдық, саяси, әлеуметтік және психологиялық қасиеттерді жинақтау және кристаллизациялау тұрғысынан әскери қызметшінің жеке басына елеулі тәрбиелік және қалыптастырушы әсер етеді. [10; 14] .

Бүгінгі күні жалпы Қарулы Күштерде, атап айтқанда, әскери ұжымдарда әскери қызметкерлердің тәрбиесі ғана емес, олардың психикалық денсаулығында, әлеуметтік ортамен жағымды қатынас құруында қиыншылықтар туындайды. Әскери қызметшілердің әскери тәртіп пен заңды бұзу, қызметтік орындарын рұқсатсыз тастап кету және суицидтік жағдайларының жиірек орын алуы соның жарқын мысалы. Бұл жерде әскери ұжымдардың қалыптаспауы, олардың жетілмегендігі, ұжымшылдық пен бауырмалдық рухының жоқтығы маңызды рөл атқарады. Шынында да, мықты, ынтымағы жарасқан ұжымда командирлер мен бастықтар тарапынан бақылау мен басқару болмаған жағдайда да топ мүшелері берілген тапсырмаларды дұрыс орындап, өз-өздерін басқаруда жақсы нәтижелер көрсете алады[19; 38] .

Көп жағдайда тұлғааралық қарым-қатынастың шиеленісі әлеуметтік-психологиялық жағдайлардың ерекшелігіне байланысты болады, мысалы азаматтар әскери қызметте жүрген кезде басқа адамдармен жағымды қарым-қатынас орнатпай, туындайтын қиыншылықтарға адекватты жауап бере алмағандықтан конфликтілі ситуацияларға тез тап болады.

Әскери ұжымдағы тұлғааралық қарым-қатынастың нюанстары ұжым жүйесінің ерекшеліктерімен, құрылымымен, сондай-ақ әскери қызметкерлердің жеке психологиялық қасиеттерімен сипатталады. Әскери қызметкерлердің өмірі мен қызметін, жас ерекшеліктерін, әскери қызметтің шиеленіс ырғағын және ұзақ бірлескен қызмет жағдайында қызмет атқару, өзара қиын қарым-қатынастардың туындауын және әскери конфликтілік проблемалардың шиеленісуін анықтайды. Осыған орай әскери қызметшілердің жеке тұлғасының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін анықтау білікті жұмыс процесінде кез келген конфликттерді алдын алып, коммуникативті хабардарлығын қолайлы құру үлкен маңызға ие. Осыдан зерттеу жұмысының өзектілігі әскери қызметкерлердің тұлғааралық қатынастарын ескере отырып әскери ұжымының ұйымшылдығына тигізетін әсерінің маңыздылығын, олардың күрделілігінің, сипаты мен динамикасының бөлімшенің негіздеуде анықталады. Сонымен қоса көп жағдайда тұлғааралық қарым-қатынастың шиеленісі әлеуметтік-психологиялық жағдайлардың ерекшелігіне байланысты болады, мысалы азаматтар әскери қызметте жүрген кезде басқа адамдармен жағымды қарым-қатынас орнатпай, туындайтын қиыншылықтарға адекватты жауап бере алмағандықтан конфликтілі ситуацияларға тез тап болады. Бұл ретте мұндай мәселені зерттеудің өзектілігі мен маңыздылығы әскери ұжымдарда тұлғааралық қатынастардың дұрыс орнатылып, конфликттердің пайда болуына әсерін тигізетін конфликтілі мінез -құлықты тудыратын себептерді, жағдайлар мен факторларды зерттеудің алдын алу шараларын мақсатты түрде дамытуға көмектесетіндігімен түсіндіріледі.

Мәселенің ғылыми тұрғыда зерттелу дәрежесі. Қандай да болмасын тұлғааралық қатынастарға байланысты зерттеу жұмыстары теориялық немесе практикалық зерттеулер, әр уақытта (нақты тақырыпқа сай әскери қызметшілердің тұлғааралық қатынастары да) классикалық А. Ф. Лазурский, С. А. Рубинштейн, В. Н. Мясищев, М. И. Лисина, Е. В. Де-Роберти, Г. Левитт, Р. Браунның және тағы да басқа ғалымдардың білімдеріне, еңбектеріне сүйене отырып құрастырылады. Бұл зерттеушілердің еңбектерінде тұлғааралық қатынастардың мәнін, себептері мен функцияларын түсінудің негізгі әдістері талқыланады және олардың теріс нәтижелерін азайту (немесе бейтараптандыру) мен оң функцияларды барынша жоғарылату үшін қатынастарды басқару мүмкіндігі мен қажеттіліктері туралы қорытынды жасалған.

Тақырыбымызға сай нақты әскери қызметкерлердің ұжымындағы тұлғааралық қатынастар ерекшеліктерін А. Колосов, А. В. Барабанщиков, В. П. Гилицкий, А. Д. Глоточкин, А. С. Калюжный, С. В. Круткин, А. К. Кротов, А. Ю. Куликов, Е. Г. Надежкин, Н. Ф. Феденко ғалымдары өздерінің еңбектерінде зерттеген.

Кеңес психологиясында тұлғааралық қатынастардағы конфликттердің проблематикасымен, сонымен қатар әскери сферада тұлғааралық конфликттерге түсудің профилактикасы мен оларды басқару идеялары Б. С. Алишев, E. JI. Андреева, П. К. Анохин, А. Я. Анцупов, Е. Г. Баранов, А. Х. Батчаев, Л. И. Белорезов, А. Я. Верб, А. И. Гончаров, Н. В. Гришина, В. В. Девятко, Т. В. Драгунова, Е. А. Ермолаева, А. С. Залужный, В. В. Карпов, B. C. Келлер, А. С. Макаренко, В. Л. Марищук, C. С. Муцинов, В. Н. Мясищев, А. В. Пашута, Е. В. Первышев, Л. А. Петровская, В. В. Синеок, Б. И. Хасан, Е. Б. Фанталова, Ю. А. Шаранов, А. И. Шипилов сияқты ғалымдардың жазылған еңбектерінде кездестіруге болады.

Зерттеу мақсаты: әскери қызметкерлер ұжымындағы тұлғааралық қатынастардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу обьектісі: тұлғааралық қатынас.

Зерттеу пәні: әскери қызметкерлер ұжымындағы тұлғааралық қатынастардың психологиялық ерекшеліктері.

Зерттеу гипотезасы ретінде мынадай болжамдар жасалды:

1. Әскери қызметшілер арасындағы тұлғааралық қатынастардың жоғары деңгейі ұжымда қолайлы психологиялық климат туындаған жағдайда қалыптасады.

2. Әртүрлі социометриялық статустарға ие әскери қызметшілер бір-бірінен тұлғааралық өзараәрекеттесу типтерімен ерекшеленетін болады.

Зерттеу міндеттері:

-психологиядағы тұлғааралық қатынастар ерекшеліктері мен шарттары тақырыбы бойынша теориялық талдау жасау.

-әскери ұжымдағы тұлғааралық қатынастар ерекшеліктерін зерттеу.

-әскери қызметкерлердің социометриялық статустарын анықтау.

-зерттелушілердің тұлғааралық қатынастардағы өзараәрекеттесу типтерін анықтау.

Зерттеудің әдіснамалық-теориялық негізін мынадай элементтер құрды:

-детерминизм, сана және іс-әрекет бірлестігі, даму (А. А. Бодалев, Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, А. В. Петровский, С. Л. Рубинштейн) ; әлеуметтік детерминацияның детерминаттық құбылыстар (С. Л. Рубинштейн, Л. С. Выготский, Б. Ф. Ломов) ; тұлғааралық қатынастардың белсенділік делдалдық принциптері (А. В. Петровский, В. Н. Мясищев) ; психологиялық феномендерді зерттеудің жүйелі тәсілі (В. М. Бехтерев, Б. Г. Ананьев, Б. Ф. Ломов) ; практика, эксперимент, теория бірлестік (Б. М. Кедров, К. К. Платонов, Г. П. Щедровицкий) жалпыметодологиялық принциптері.

-тұлғааралық қатынастарды эксперименталды зерттеу (Б. Ф. Ломов, Г. М. Андреева, А. В. Петровский, А. А. Леонтьев, А. А. Бодалев, Г. А. Ковалев және т. б) ;

-коммуникативтік құзыреттілікті түсінудің әлеуметтік-психологиялық тәсілдері(Г. М. Андреева, А. А. Бодалев, А. А. Вербицкий, А. Л. Журавлев, В. А. Зобков, Н. В. Клюева, В. Н. Куницына, В. А. Мазилов, Л. А. Петровская, Дж. Равен, В. А. Хащенко) ;

-конфликттердің әлеуметтік-психологиялық теориялық үлгілері (М. Альберт, Н. В. Гришина, М. Дойч, С. И. Ерина, М. М. Кашапов, Е. В. Конева, Н. И. Леонов, Л. Коузер, К. Томас, Б. И. Хасан) .

-әскери психология бойынша теориялық жалпылаулар (А. Я. Анцупов, В. А. Бодров, А. Г. Маклаков, В. Л. Марищук, В. Ю. Рыбников, Э. П. Утлик, А. И. Шипилов) ;

-кәсіби дайындық және әскери мамандарды қалыптастыру тұжырымдамасы (Н. Т. Волков, Л. Ф. Железняк, С. П. Желтобрюх, В. М. Коровин, И. А. Липский, А. С. Марков, А. Л. Сиротюк, Н. Ф. Феденко, В. В. Чернов, Г. И. Шпак) ;

-әскери ұжымдағы проблемалар бойынша эмпирикалық жалпылаулар (А. Я. Анцупов, А. В. Барабанщиков, А. Д. Глоточкин, А. С. Калюжный, А. К. Кротов, С. В. Круткин, Е. Г. Надежкин, Я. В. Подоляк) ;

Зерттеудің эмпирикалық негізі :

1) теориялық: зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық әдебиеттерді талдау;

2) эмпирикалық: тұлғааралық қатынастар диагностикасы және социометриялық тест.

Зерттеу методикалары: 1. Социометриялық статустарды анықтау үшін: Дж. Мореноның социометриялық әдісі; 2. Тұлғааралық өзараәрекеттесу типтерін анықтау үшін Т. Лиридің «Тұлғааралық қатынас» диагностикалық әдіснамасы; 3. «Ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климатты» анықтауға арналған О. С. Михалюк пен А. Ю. Шалытоның құрастырған эксперсс-методикасы.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы мынада: алынған мәліметтер:

- әскери ортадағы тұлғааралық қатынастардың психологиялық ерекшеліктерінің анықтауымен байланысты;

- әскери қызметшілер ұжымындағы тұлғааралық қатынастардың бұзылуының себептері туралы түсініктерін кеңейту;

- әскери қызметшілердің индивидуалды ерекшеліктері тұлғааралық қатынастардың даму деңгейіне әсер ететін жағдайлар және факторлар туралы түсінікті толықтыру;

- тұлғааралық қатынастарды зерттеу конфликттердің және тағы да басқа ауытқушылық мінез-құлықтардың, жағымсыз салдардың пайда болуының алдын алудағы білімді түсінуге ықпал ету.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы мынада : алынған нәтижелер негізінде әскери қызметшілердің кәсіби қызметі процесінде әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету қажеттілігі негізделеді. Алынған нәтижелерді «Әскери психология», «Әлеуметтік психология», «Ұйымдастыру психологиясы», «Еңбек психологиясы», «Басқару психологиясы» бойынша студенттерге арналған арнайы курстарда пайдалануға болады.

Әдістемелік әзірлемелерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамын кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жетілдіру үшін оқу процесінде де пайдалануға болады.

Әскери бөлімдер командирлеріне әзірленген және ғылыми негізделген ұсыныстар деструктивті конфликтілі жағдайлардың қаупін азайтуға және әскери ұжымдағы тұлғааралық өзара іс-әрекеттік тиімділігін арттыруға бағытталған.

Алынған зерттеу нәтижелерінің сенімділігі мен объективтілігі жұмыстың әдістемелік негізімен, эксперименттік зерттеу әдістерін оңтайлы таңдаумен, статистикалық талдауға арналған компьютерлік бағдарламалардың көмегімен алынған зерттеу нәтижелерін тексерумен қамтамасыз етіледі.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Библиографиялық тізім дереккөзден тұрады. Қосымшада орындалған диагностикалық жұмыстың нәтижелері мен оқу бағдарламасы бар. Бітіру біліктілік жұмысының мәтіні кестеден тұрады.

ТАРАУ І. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН

ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Тұлғааралық қатынас түсінігінің теориялық анализі мен проблематикасы

Өмір бойы адам үнемі қоғамдық қатынастардың күрделі жүйесіне еніп, әртүрлі әлеуметтік байланыстар орнатады: өндірістік, экономикалық, құқықтық, моральдық, діни және т. б. бұл қатынастар объективті түрде орнатылады, нақтылай адам өз қалауына, ниетіне, эмоцияларына, сезімдеріне қарамастан оларға енеді. Бұл қатынастарға кіру қажеттілігі оның қоғамдағы өміріне байланысты. Қоғамдық қатынастардың тағы бір ерекшелігі-олардың жеке сипаты, өйткені бұл қатынастардың субъектілері оларда нақты адамдар ретінде емес, нақты әлеуметтік рөлдерді орындаушылар ретінде әрекет етеді. Мысалы, өндірістік қатынастарда адамдар кәсіби және еңбек рөлдерінің тасымалдаушысы ретінде әрекет етеді: инженер, жұмысшы, менеджер және т. б.

Бұл қатынастардағы психологиялық сәт өте әлсіз көрінеді, сондықтан әлеуметтік қатынастар әлеуметтанумен зерттеледі. Шағын топтардағы адамдардың қарым-қатынас процесі тек психологиялық сипатқа ие қатынастардың ерекше түрін тудырады. Олар психологиялық қатынастар ретінде белгіленеді [25; 24] .

Тұлғааралық қатынас проблематикасын зерттеу бірнеше кезеңдерден өткен болатын:

Ең алғашқы зерттеулер. Олардың тамыры алдынғы ғасырдағы орыс психологтарының шығармаларында жатыр, олар әртүрлі пайымдаулармен бірге өмір жағдайында дамытылған теорияларды, жазылған фактілерді көрсете білген.

Ең алғашқы болып әйгілі кеңес психологы кеңес психологы В. М. Бехтерев 1910 жылы өзінің ғылыми еңбектері мен практикалық қызметі негізінде психология ғылымында бірінші болып әлеуметтік психологияның пәні мен міндеттерін (немесе В. М. Бехтеревтың айтуынша қоғамдық психология) тұжырымдаған.

Эксперименттік жағын да В. М. Бехтерев зерттеген болатын. Ол кеңес психологиясында бірінші болып эксперименттік әлеуметтік-психологиялық зерттеулерді бастады. Кеңес және шетелдік психологтар ұқсас зерттеу әдісін - зертханалық экспериментті қолданды, оны жүзеге асыруда өте маңызды айырмашылық болды. Батыс зерттеушілері жасанды зертханалық топтармен жұмыс істесе, В. М. Бехтерев және оның әріптестері эксперименттік жағдайға табиғи адам бірлестіктерін енгізді (әдетте олар жас студенттер тобы болды), бұл эксперимент барысында қатысушылардың белсенділігін арттырды, олар ұсынған есептерді неғұрлым мазмұнды шешуге ықпал етті [8] .

В. М. Бехтеревтің шығармашылық мұрасын талдау кезіндегідей, біз сол жылдардағы ең қызықты теориялық және эмпирикалық дамуларға ғана тоқталамыз. Оларға, мысалы, Б. В. Беляевтың жүргізген теориялық және эксперименттік зерттеулер циклі жатады. Ол ұжымдағы қарым-қатынастарды қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен тығыз байланыста зерттеу қажеттілігіне назар аударды, жеке адамдардың уақыттық және кеңістіктік орналасуының, оларды «өзара әрекеттесу жүйесіне» біріктіруінің маңыздылығына тоқталды.

Қызықтыратыны сол жылдардағы тағы бір белгілі зерттеуші А. С. Залужный, тұлғааралық қатынастар мәселелерін зерттеуге сөзсіз үлес қосқаны. Оның еңбектерінде көшбасшылық мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Ол көшбасшылардың типологиясын (ситуациялық және тұрақты) ұсынды, көшбасшылықтың негізгі функциясын (ұйымдастыру және топ құру) талдады, көшбасшылардың ең маңызды қасиеттерін (белсенділік, тәжірибе, психикалық дамудың жоғары деңгейі) атап өтті, оның жұмыс істеу механизмдерінің бірін сипаттады, көшбасшыны жоғарылату (құрдастары арасында маңызды дағдыларды иеленуіне байланысты) және ең бастысы, көшбасшылық сипатының топтағы тұлғааралық қатынастардың даму деңгейіне тәуелділігі көрсетіледі. [3; 9; 50]

Айта кету керек, бұл мәселені одан әрі қарай дамытып, зерттеп қарастырған ғалымдар арасында Ресейдің белгілі ғалымдарының есімдері П. П. Блонский және Д. Б. Эльконин бар. Айтпақшы, Д. Б. Эльконин балалық шақ психологиясының ең ірі ресейлік зерттеушілерінің бірі, сол алғашқы жылдары топтағы тұлғааралық қатынастардың табиғаты мен шығуы туралы теориялық ережелерді зерттеумен және әзірлеумен айналысқан, онда мүмкін, бірінші рет нақты тұжырымдалған нысандағы әдебиетте, ұжымда туындайтын тұлғааралық қатынастардың делдалдық идеясы факторлық бірлескен іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылды.

Бір қызығы, сол жылдары Л. С. Выготский «еркін балалар топтарында» терең дамуы тежелген баланың тұлғасы шын мәнінде дамудың жанды көзін табады және ұжымдық белсенділік пен ынтымақтастық процесінде барған сайын жоғары деңгейге көтеріледі деп жазды». Біз мұнда балалар арасындағы тұлғааралық қатынас туралы айтып отырмыз және бұл Д. Б. Элькониннің идеясына аналогиялық болып табылады [49; 50] .

А. С. Макаренко ұжымдық қатынастардың психологиялық-педагогикалық мәселелерінің дамуындағы принципті жаңа кезеңді белгіледі. А. С. Макаренко әлеуметтік топ өміріндегі тиісті құбылыстар мен процестерді жай ғана бақылау және сипаттау емес, ең алдымен оларға белсенді араласу және оларды басқару болды есептеген.

Өкінішке орай, А. С. Макаренконың тұлғааралық және ұжымішілік қатынас мәселесінің әлеуметтік-психологиялық аспектілерін зерттеуде ұзақ уақыт тоқырау кезеңі билік етті. Мұның басты себебі - тоталитаризм дәуірінде елде билеген әлеуметтік (және тек әлеуметтік емес, мысалы, генетика мен кибернетиканың тағдырын еске түсіретін болсақ) ғылымдардың дамуын тұншықтыратын атмосфера болған [30; 50] . 50-жылдардың аяғынан бастап кеңес психологиясында әлеуметтік-психологиялық зерттеулер тәуелсіздік дәрежесінде қайта жанданды. Бұл орыс топтық психологиясының тарихында жаңа тарауды ашты.

Тұлғааралық қарым-қатынаста екі қатысушы өзара тәуелді, мұнда әрқайсысының мінез-құлқы екіншісінің нәтижелеріне әсер етеді. Сонымен қатар, адамдар бір-бірімен өзара байланысты және бір-біріне әсер ететін өзара әрекеттесу сериясында өзара әрекеттеседі. Адамдар басқа адамдармен әр түрлі қарым-қатынастар жасайды, олардың кейбіреулері жақын (мысалы, ата-ана-бала, достық), ал басқалары жақын емес (мысалы, көрші, мұғалім-оқушы) . Тұлғааралық қарым-қатынастар туралы зерттеулердің көпшілігі жақын және өзара өте тәуелді қарым-қатынастарға бағытталған. Келли мен әріптестері 1983 жылғы ықпалды кітабында интимдік қарым-қатынастарды күшті, жиі және айтарлықтай уақыт кезеңіне созылатын әртүрлі өзара тәуелділіктер ретінде анықтайды.

Тұлғаралық қатынас ұғымы әлеуметтік психологияда және басқа да ғылымдарда тарихи орталық және маңызды болды. Кейбір негізін қалаушы әлеуметтанушылар, мысалы, Зиммель мен Маркс, тартымдылық және тұлғааралық қарым-қатынас мәселелерімен айналысты.

1960 жылдары тұлғааралық зерттеулер тартымдылық нәтижесінде пайда болуы мүмкін қарым-қатынастың өзінен гөрі, ең алдымен, бірінші рет кездескен бейтаныс адамдар арасындағы тұлғааралық тартымдылық процесіне назар аударды. Бұл зерттеу негізінен 1930 және 1940 жылдары отбасылық психологтар бастаған жұбай таңдау жөніндегі зерттеулер негізінде дамыды. Тартымдылық әдетте сезімдерден, танымдардан және мінез-құлықтан тұратын басқа адамға қарым-қатынас ретінде түсіндіріледі және теріс немесе позитивті сипатта болуы мүмкін. Тұлғааралық тартымдылық процесіне қатысты ерте зерттеулердің көпшілігі адамның (P) басқа адамға (О) тартылуына себеп болатын факторларды бағалау үшін өзін-өзі есеп беру әдістеріне сүйенді. Мысалы, жалған бейтаныс парадигма аясында респонденттерге басқа адам туралы ең аз ақпарат берілгеннен кейін олардың басқа адамға қаншалықты тартылғанын анықтау үшін сұрақтар қойылды (әдетте колледж студенттері) . Бұл парадигмаларда респонденттерге ұсынылған ақпарат басқарылатын, ал басқа адамдар әдетте гипотетикалық басқалар болатын экспериментке қатысты. Уолстер мен Берхерд және олардың әріптестері көптеген «таныс әрекеттесу» зерттеулерін жүргізді, онда нақты респонденттер бір-бірімен салыстырылды және өзара әрекеттесу мүмкіндігі берілді, содан кейін олар өздерінің тартымдылығын барлығына хабарлады. Басқа. мұнда респонденттерге берілген ақпарат айла-шарғы жасалды және басқа адамдар әдетте болжамды болды.

1980 жылдары зерттеушілер нақты тұлғааралық қатынастарда туындайтын неғұрлым қарқынды тәжірибелер мен құбылыстарға, сондай-ақ нақты қарым-қатынастардың әртүрлі түрлерінің әлеуметтік контекстіне назар аударды. Тартымдылық P (тұлға) және O (басқа) үшін тұлғааралық қарым-қатынастарды бастау үшін маңызды, мүмкін тіпті қажет болғанымен, зерттеулердің көпшілігі сол тұлғааралық қатынастардың «импульсі» немесе сапасына және оның ішкі процестермен байланысына (мысалы, таным) назар аудара бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әскери ұжымдағы қарым - қатынас сипаты және әскери қызметкерлердің тұлғалық ерекшеліктері
Қорқыныш сезімінің психологиялық ерекшеліктері
Әскери қызметкерлердің жұмысын атқару кезеңіндегі кездесетін эмоционалды ауыртпалықтарының психологиялық мәселелері
Қақтығысты шешу технологиясы
Әскери қызметкерлердің агрессивтілік деңгейін теориялық талдау
Қарым – қатынас психологиясының пәні мен міндеттері
Психологиялық әдістердің түрлері
Экономика сабақтарында белсенді оқыту формалары арқылы оқушылар ұжымының тұлғааралық қатынастарын дамыту
Әскери ұжымдағы қарым-қатынас
Конфликт социологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz