Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың қылмыстық - құқықтық сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

C:\Users\user\Desktop\дипломы проекты электронный вариант\13 апрель\IMG_20210414_102735.jpg

Ф. 4-52

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

БаишевУниверситеті

Жақсылықова Г. Ғ

Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

«5В030100 - «Құқықтану» мамандығы

Ақтөбе, 2021жыл

Ф. 4-53

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

БаишевУниверситеті

Қорғауға жіберілді

«Құқық және жалпы білім беру пәндері»

кафедрасының меңгерушісі

з. ғ. к., Сагиева Г. К.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы»

5В030100 - «Құқықтану» мамандығы

Орындаған: Жақсылықова Гүлбану Ғабитқызы

Ғылыми жетеші: Телебеков Бақытбек Арықбаевич

заң ғылымдарының кандидаты

Aқтөбе, 2021жыл

МАЗМҰНЫ
:
МАЗМҰНЫ:
:
:

КІРІСПЕ . . . . . .

МАЗМҰНЫ: 3
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 1.
МАЗМҰНЫ: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ .
: 6
: 1. 1
МАЗМҰНЫ: Кәмелетке толмағандардың құқықтық мәртебесі мен жағдайы . . .
: 6
: 1. 2
МАЗМҰНЫ: Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстық құқықбұзушылықтардың заңнамалық ерекшеліктері . . .
: 11
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 2.
МАЗМҰНЫ: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ЖАСАЛАТЫН ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР, ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТЫ . . .
: 19
: 2. 1
МАЗМҰНЫ: Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстық құқықбұзушылықтардың түрлері . . .
: 19
: 2. 2
МАЗМҰНЫ: Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстық құқықбұзушылықтардың сипаттамасы . . . . . .
: 35
:

2. 3

3.

3. 1

3. 2

МАЗМҰНЫ:

Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстық құқықбұзушылықтар көрсеткіштерін талдау . . .

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ЖАСАЛАТЫН ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗҮШЫЛЫҚТАРДЫ АЛДЫН-АЛУ ЖОЛДАРЫ . . .

Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстық құқықбұзушылықтардың жолын кесу . . .

Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстық құқықбұзушылықтармен күресудің шетелдік тәжірибесі . . .

:

42

46

46

53

:

ҚОРЫТЫНДЫ . . . …… . . .

МАЗМҰНЫ: 61
:

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

ҚОСЫМША

МАЗМҰНЫ:

63

66

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Баланың құқықтық мәртебесі мемлекеттік маңызы бар мәселелер қатарына жатады, бұл Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабында көрсетілген, онда неке мен отбасы, аналық, әкелік және балалық шақ мемлекеттің қорғауында болатындығы туралы айтылған [1] .

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ə. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы «Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі» - деген бағытында «Оқыту үдерісінің тəрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Олар - патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тəннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық. Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс. Көп ұлттылық пен көп тілділік осы құндылықтардың бірі жəне еліміздің басты артықшылығы болып табылады. Бұл біздің Конституцияның нормасы, оны бұзуға ешкімге жол берілмейді» - деп, еліміздегі жастар арасындағы қылмыстылыққа тосқауыл болатын тəрбие жұмыстарына баса назар аударады [2] .

Соңғы жылдары əлемнің көптеген мемлекеттерінде кəмелетке толмаған балалардың құқықтарын анықтауға жəне оларды қорғау тетіктерін күшейтуге үлкен мəн берілуде. Қазақстанда бала құқықтарын қорғау мен тəрбиелеуге байланысты бірнеше істер атқарылуда.

Кəмелетке толмағандардың мүдделерін, қорғалатын құқықтық қатынастарды реттейтін заңнамалық база құрылды. Кəмелетке толмағандарды тəрбиелеу тек қана отбасы мен мектептің манызды əлеуметтік функциясы ғана емес, ол бүкіл қоғамдық мəселе. Егер бала күнінен бастап балаға еңбекқорлық шыншылдық, отбасы мен қоғам алдында міндеттемесін, отанға деген сүйіспеншілігін үйретпесе, бала қуаныш қана сыйламай, сонымен қатар қайғыда алып келер анық. Кəмелетке толмаған баланың тəрбиесіне көңіл бөлмеу - олардың тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстылықтың негізгі себептерінің бірі екендігі анықталған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көздейді [3] .

Қазіргі кезде кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар арасынан зорлық-зомбылық, кәмелетке толмағандар саудасы, кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту, кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау жиі кездеседі.

Соңғы жылдары мұндай қылмыстар көбейіп келеді және статистика мұны растайды. Мысалы, кейбір аймақтарда кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы құқық бұзушылықтардың саны артып келеді.

Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы облыстарында байқалады. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, 2020 жылы ҚР ҚК-нің 120-бабы бойынша 1004 құқық бұзушылық жасалды, оның 158-і кәмелетке толмағандарға қатысты.

Статистикалық мәліметтер кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы құқық бұзушылықтардың үнемі өсіп отыратынын көрсетеді.

Осы орайда, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алу, олардың арасындағы суицид, құқық бұзушылықтар (буллинг) мәселелері бойынша, бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын және білім беру органдары мен ұйымдарын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша БҒМ-нің құзыретін кеңейту бөлігінде қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу өзекті мәселелерге айналып отыр[4] .

Қазақстан Республикасының заңнамасына ата-аналардың (заңды өкілдерінің) балаларды қараусыз қалдырғаны үшін қылмыстық жауапкершілігін күшейту; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтардың халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапкершілігін күшейту; он сегіз жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі, темекі және темекі бұйымдарын он сегіз жасқа толмаған адамдарға және адамдардың сатқаны үшін, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейін жеткізгені, заңды өкілдерімен бірге жүрмеген кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін әкімшілік айыппұл мөлшерін ұлғайту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін пысықтау қажеттілігі туындап отыр.

Зерттеудің мақсаты кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасын қарастыру, соынмен қатар ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.

Зерттеудің міндеттері. Зерттеудің мақсатына сәйкес, міндеттері келесідей болып келеді:

  • кәмелетке толмағандардың құқықтық жағдайынанықтау;
  • кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстық құқықбұзушылықтардың ;
  • кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстық құқықбұзушылықтардың түрлерінанықтау;
  • кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстық құқықбұзушылықтардың сипаттамасын қарастыру;
  • кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстық құқықбұзушылықтар көрсеткіштерін талдау;
  • кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстық құқықбұзушылықтардың жолын кесу бағыттарын саралау;
  • кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстық құқықбұзушылықтар профилактикасын талдау.

Зерттеудің пәні. кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстық пайда болатын құқықтық қатынастар болып табылады.

Зерттеу объектісі. Жұмыстың зерттеу объектісі кәмелетке толмағандар, оларға қарсы жасалатын қылмыстық құқықбұзушылықтардың сипаттамасы.

Зерттеудіңәдістері. Дипломдық жұмысты жазу барысында логикалық, талдау, синтездеу, салыстырмалы тәсіл, тәжірибе жинақтау сынды әдістер қолданылды.

Зерттеудің теориялық негіздері. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері, соның ішінде, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 03 шілдедегі қабылданған Қылмыстық кодексі, Қылмыстық кодексінетүсіндірме, «Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020 - 2023 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы, сонымен қатар отандық және алыс жақын шет ел ғалымдарының, атап айтқанда Е. О. Алауханов, И. Ш. Борчашвили, А. Н. Ағыбаев, Н. О. Дулатбеков, С. М. Әпенов, Ы. Д. Дулатов, М. М. Оразәлиевтердің еңбектері қолданылды.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Жұмыс материалдарын осы саладағы одан арғы ғылыми зерттеуге пайдалануға және оқу процесінде қылмыстық-құқықтық пәндер бойынша тиісті арнайы шеңберінде пайдалануға болады.

Зерттеудің құрылымы талапқа сәйкес кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ

1. 1 Кәмелетке толмағандардың құқықтық мәртебесі мен жағдайы

Кәмелетке толмағандар отбасымен қатар құқықтық категория ретінде айрықша көзге түсетін институттардың бірі. Елдегі әралуан сала реформаларының тиімділігі, артықшылығы немесе теріс ықпалы ең алдымен осы әлеуметтік топтарға қатысты теңерілетіні мәлім. Кәмелетке толмағандардың, отбасының әлеуметтік-экономикалық, жеке сипаттағы және басқа да құқықтары мен бостандықтарының, заңды мүдделерінің қорғалу, қамтамасыз ету және жүзеге асыра алу деңгейі қоғамдағы жалпы адам құқықтары мен бостандықтарының жай-күйін айқындау индикаторы іспеттес.

Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштерде назар аударарлық тағы да бір көрсеткіш - қалалық және ауылдық мекенде тұратын кәмелетке толмағандардың арақатынасы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің мәліметтерінше, олардың арақатынасы соңғы үш жыл бойында миграциялық үрдістердің арқасында елуге-елу арақатынасында болып отыр. Көріп отырғанымыздай, кәмелетке толмағандар халықтың айтарлықтай қомақты бөлігін құрайды, оның әлеуметтік, экономикалық, саяси және басқа да жай-күйін анықтау нормативтік базаның да елеулі болатындығын айқындайды.

Кәмелетке толмағандардың құқықтық жағдайын айқындайтын нормативтік акттер саны да аз емес. Атап өтсек, бала құқықтарының әралуан қырлары неке (ерлі-зайыптылардың) және отбасы туралы кодексте, білім, бала құқықтары, мемлекеттік жастар саясаты туралы және т. б. заңдарда бекітілген. Яғни, отандық заңнамашы кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғау мәселесін өз назарында ұдайы ұстайды дерлік.

Бүгінгі таңда мемлекет пен қоғам тарапынан жасөспірімдерді, оның ішінде кәмелетке толмағандарды құқық аясында имандылыққа, құқықтық тәртіпке баулуға арналған, сонымен бірге, олардың қалыпты дамуы мен тәрбиеленуіне жағдай жасауға бағытталған бірқатар іс-шаралар қабылдануда. Олардың қатарында бірқатар нормативтік құқықтық акттерді де атап өтуге болады.

Отандық құқықтық жүйеде «кәмелетке толмаған адам» ұғымының қолданылуының біркелкі еместігі көзге түседі. Әр құқық саласы өзі қарастыратын мәселеге қатысты осы санаттағы адамды аңғартатын терминологиясымен де, сол сияқты оған жатқызылатын адамдардың жасын анықтауымен де ерекшеленеді.

Кәмелетке толмағандардың жалпы құқықтық мәртебесі - қоғамның тең құқықты мүшесі ретінде әрбір адамның иеленетін құқықтары, міндеттері мен заңды мүдделерінің жиынтығы болып табылады. Осы мәселені шешу барысында оны мынадай бөліктермен қарастыруға болады:

1) психологиялық тұрғыда;

2) әлеуметтік тұрғыда;

3) заң нормалары негізінде.

Заң аспектісі тұрғысынан кәмелетке толмағандар дегеніміз - белгілі бір жас кезеңіне жетпеген тұлға. Және бұл кезеңнің шегі түрлі тарихи кезеңдер мен түрлі елдерде әртүрлі болды. Көптеген елдерде кәмелетке 18 жаста толады. Ал кейбір елдерде - кәмелеттік жас 21жас болып табылады. Кәмелетке толмаған деп 18 жасқа толмаған баланы айтуға болады. Қай жастан басталады деген сауалдың туындауы заңды да. Үш жаста да, бес жаста да, тіпті он жастағы баланы кәмелетке толмаған деп айтуға бола ма? «Кәмелетке толмаған» деген ұғым көп жағдайда заң терминологиясында қолданылады және қылмыстық жауапкершілік туындайтын жаспен байланыстырылады. Бұл жағдайда да бұл шек түрлі елдерде әртүрлі болады. Мысалы, Ұлыбританияда жауапкершілік 10 жастан басталады, Польшада - 13 жастан. РесейменҚазақстанда 14 жастан басталады.

Барлық құқық түрлері сияқты баланың жеке басына қатысты заңның да ерекше тақырып ретінде қаралуы немесе оның жасөспірім құқығы мен балаға байланысты мекемелерарасы қатынастар тарихы жағынан ортаға жаңа шығып келе жатқан ұғым екені белгілі. Адамзаттың пайда болуынан бастап өткен әр ғасырда қоғамның балаға деген көзқарасы да түрлі өзгерістерге ұшыраған. Сондықтан бала және оның құқығын қорғау сұрақтарын мәдениет пен құқықтың даму сатыларының ішінен зерттеу қажет.

Еліміздің балалар құқығын қорғау, әрі қарай дамыту үшін және мемлекеттік құқықтық саясатының біртұтастығын қалыптастыру мақсатында Елбасымыздың жанындағы адам құқығы жөніндегі Комиссия өзінің 2004 жылғы баяндамасында үкіметке ювеналдық юстиция жөнінде заң жобаларын дайындауды ұсынған. Сол ювеналдық юстицияға кіретін системалардың ішіне бала құқығымен айналысатын мемлекеттік құрылымдар мен ювеналдық соттар да көрсетілген.

Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдар ішінде Қазақстанда балалар құқықтарын қорғау жөніндегі ұйымдардың дамыған желісі құрылды. Елімізде балалар мүддесін қорғаумен тоғыз мемлекеттік орган айналысады: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (ҚР БҒМ), Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (ҚР ІІМ), Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Спорт және туризм министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі (ҚР МАМ), Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқығы жөніндегі комитетінің 33-ші арнайы сессиясының ұсыныстары негізінде 2006 жылдың қаңтар айында балалардың құқықтары мен заңды мүддесін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды. 2007 жылдың қаңтарынан бастап ғылыми-зерттеу, ақпараттық-білім беру, мониторингтік және талдау жұмыстарын жүргізу мақсатында Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері жұмыс істей бастады. Өмірде қиын жағдайға душар болған оқушыларға, студенттерге, ата-аналарға құқықтық, психологиялық көмек көрсету мақсатында балалар құқығын қорғау жөніндегі департаменттер негізінде сенім телефондары құрылды. Департаменттер қызметі ата-аналармен жұмыс істеу, кездесулер өткізу, жалпы мектептік ата-аналар жиналысы, ата-аналарға арналған буклеттер шығару және басқа да көптеген іс-шараларға ерекше назар аударады. 2001 жылы елдің барлық облыстарында облыстық, қалалық және аудандық деңгейлерде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия желісі құрылған болатын, 2005 жылы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (КІК немесе комиссиялар) болып өзгертілді. Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын ала ескерту, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды жасау үшін құрылды. 2004 жылы 9 шілдеде Қазақстан Республикасының №591-ІІ «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуын алдын ала ескерту туралы» Заңы қабылданды, ол кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуын алдын ала ескерту жөніндегі мемлекеттік органдарының қызметінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін анықтады. Мысалы, ҚР ІІМ облыстық және қалалық деңгейде бірнеше қызметкерлерден жиынтықталған, сондай-ақ аудандарда бір қызметкерден тұратын кәмелетке толмағандар ісі бойынша арнайы бөлімше (КІБ) құрылды. Баланың үйінен кетіп қалуы немесе оның өміріне қауіп төнген жағдайда отбасынан алып қойғаннан соң, ол Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталығына орналастырылады.

Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталығы желісі арқылы жыл сайын 1 астам кәмелетке толмағандар өтеді. КТУОБОО Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы N708 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігімен 2005 жылғы 17 қаңтарда N 3360 тіркелген «Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтары туралы Ережелер» негізінде жұмыс істейді. КТУОБОО кәмелетке толмағандар үшін қолайлы жағдай жасалған, тәрбие жұмыстарының жоспарлары бар, зардап шеккен балаларды оңалтуға бағытталған шараларды жүзеге асырады. Әрбір орталықта балалардың денсаулық жағдайын тексеріп отыратын психолог және дәрігерлер қызмет істейді.

Қазақстан Республикасында 2001 жылдан бастап кәмелетке толмағандармен жұмыс әдісін өзгерту мақсатында қылмыстық әділ сот жүйесінде «Қазақстандағы ювеналдық әділет» жобасы бойынша жұмыс жүргізіліп келеді, оның мақсаттары, міндеттері мен ұстанымдары анықталды. Қазақстандағы ювеналдық әділет келесі мамандандырылған қызметтерден тұрады: ювеналдық полиция, ювеналдық прокуратуралар, ювеналдық соттар, ювеналдық адвокатуралар, ювеналдық қылмыстық-атқарушы инспекциялар, әлеуметтік психологтар мен балалар құқығын қорғау бойынша аймақтық органдар. Ювеналдық әділеттің құрылымды тұжырымдамасын, соның ішінде әлеуметтік қызмет мекемелерін дамыту арқылы қабылдау, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға, кәмелетке толмағандар ортасындағы шиеленістерді төмендетуге және қоғамда болып жатқан үрдістерге белсенді ықпал етуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда ратификацияланған балаларға қатысты халықаралық құқықтық актілер. 1989 жылы 20 қарашада қабылданған «Бала құқықтары туралы» Конвенция, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8 маусымдағы «Бала құқықтары туралы Конвенцияларды бекіту туралы» Қаулысымен бекітілген. Бұл - Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі бекітілген алғашқы халықаралық құжаттардың бірі. 2002 жылдың 8 тамызында «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Заң қабылданды. Қазақстан қосымша халықаралық құжаттарды ратификациялады:

- Бала еңбегінің аса нашар түрлерін жою жөніндегі шұғыл шаралар мен тыйым салу туралы Конвенция, Женева, 1999 жыл 17 маусым. (Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 26 желтоқсандағы Заңымен ратификациялаған) ;

- Балаларды саудалау, балалар жезөкшелігі мен балалардың арнайы шығармаларына қатысты баланың құқықтары туралы Конвенцияға факультативтік хаттама, Нью-Йорк, 2000 жыл 6 қыркүйек, (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 4 шілдедегі Заңымен ратификациялаған) ;

- Балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына қатысты баланың құқықтары туралы Конвенцияға факультативтік хаттама, Нью-Йорк, 6қыркүйек 2000 ж. (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 4 шілдедегі Заңымен ратификациялаған) ;

- Мәжбүрлі немесе міндетті еңбек туралы Конвенция, Женева, 1930жылғы 28 маусым (Қазақстан Республикасының 14. 12. 2000 ж. Заңымен ратификацияланған) ;

- Жұмысқа қабылдауға арналған ең төменгі жас туралы Конвенция, Женева, 1973 жылғы 6 маусым (Қазақстан Республикасының 14. 12. 2000 ж. Заңымен ратификацияланған) ;

- Әйелдерді кемсітудің барлық түрлерін жою туралы Конвенция, 1979 жылғы 18 желтоқсан (ҚР 29. 06. 1998 ж. қосылу туралы Заңы) .

1. 2 Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстық құқықбұзушылықтардың заңнамалық ерекшеліктері

Көптеген халықаралық-құқықтық құжаттар баланың құқықтарына ерекше назар аударады, оны қорғау өзіндік ерекшеліктерге ие, өйткені ол «ерекше қорғаумен қамтамасыз етілуі» керек, ал бала дамуына мүмкіндік туғызатын мүмкіндіктер мен қолайлы жағдайлар жасалуы керек. Заңдар қабылданған кезде баланың мүдделері бірінші кезекте тұруы керек. Бұл ережелер 1959 жылы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға арналған «Бала құқықтары туралы» декларацияға енгізілді.

Балалық шақ проблемаларының маңыздылығы, кәмелетке толмағандардың жеке басының құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету халықаралық деңгейде мойындалғандықтан, ұлттық деңгейде де осындай процестер жүруде.

Құқықтық реттеудің мақсаттары мен қағидаларын анықтай отырып, заң шығарушы мүддені жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілейді, ал заңнамалық актілер субъективті құқықтар беру, рұқсаттар мен тыйым салуларды белгілеу арқылы мүдделерді жүзеге асырудың құқықтық режимін белгілейді. Дегенмен, қызығушылық тудыратын тақырып римдік заң ғылымына бұрыннан белгілі болды, оның жетекші мотиві - еркін адамдардың әділ мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету. Бұл тәсілді көрнекті неміс заңгері Р. Иеринг түсініп, оны абстрактілі-теориялық түрде білдірді. Ол өз еңбектерінде қызығушылықты негізгі заңдық санат деңгейіне көтерді, осыған байланысты ол заңды түрде мүдделердің заң ғылымдарының атасы болып саналады.

Қазіргі уақытта осы саладағы зерттеулердің өзектілігі, сонымен қатар, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, отбасы мен адамдардың денсаулығын сақтау саласындағы мәселелердің өткірлігі тез артып келе жатқандығымен байланысты. Бұл жағдайда заңның мүдделерді үйлестіру мен қорғаудың, теріс тенденцияларды еңсерудегі және жүргізіліп жатқан реформалардың динамизмін қамтамасыз етудегі мемлекет мақұлдаған құрал ретіндегі рөлі айтарлықтай артады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру
Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы туралы заңдары
Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықты талдау
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі
Кәмелетке толмағандар саудасына қарсы қылмыстық құқықтық күрес
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жағдайы мен кезеңдері
Кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықпен күресудегі ІІО-ның қызметі
Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың әлеуметтік мәселесі
Кылмыстық құқықбұзушылық жасаған кәмелетке толмағандар саны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz