Кәмелетке толмағандарға қолданылатын жаза ерекшеліктері


Ф. 4-53
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
«Құқық жəне жалпы білім беру пəндері»
Куанов А. О.
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: «Кәмелетке толмаған сотталғандардың бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу ерекшеліктері»
6В04211 - «Құқықтану» мамандығы
Орындады: Қазыбекұлы Г.
Ғылыми жетекші: з. ғ. к, доцент Нигматулин А. Ю.
Aқтөбе 2022
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ . . .
3
6
2. 1 Кәмелетке толмағандарға қолданылатын жаза ерекшеліктері . . .
2. 2Кәмелет жасқа толмағандарға жаза тағайындаудың жаңа қылмыстық және қылмыстық атқару заңнамаларында реттелуі . . .
13
23
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖӘНЕ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ЖАСЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЖАЗАЛАРДЫҢ МАҚСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . .
3. 1Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттерінің жасы кәмелетке толмағандарға тағайындалған жазалардың мақсатын жүзеге асыруының тәжірибесін талдау . . .
3. 2Қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру жолдары . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
32
32
43
56
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекіткен. Өркениетті елдің болашағын сомдайтын бүгінгі жасөспірімдер екені белгілі. Келешек өмірдің тізгінін ұстайтын олардың алдағы атқарар іс - әрекеттерінің бастауы бүгінгі күнмен тығыз байланысты. Еліміздегі кәмелет жасқа толмағандардың құқық бұзушылықтары мен қылмыстарының күрт көбеюі, олардың мәні, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықтың алдын алу жолдары және кәмелет жасқа толмағандардың құқықтық жауапкершіліктің жүзеге асырылуы процесін анықтап білу, профилактикалық жұмыстар жүргізу барысында кездесетін кемшіліктер туралы және еліміздің құқық жүйесі қалыптасуы қарсаңында іске асырылу жағдайы. Еліміздегі жасы кәмелетке толмағандарға тағайындалған жазалардың мақсатын жүзеге асыруға қатысты мәселелердің шешімін табу және қылмыстық, қылмыстық-атқару заңнамаларын жетілдіру жолдарын айқындау. Тәрбие колониясының жұмысының сапасын арттыру өзекті мәселеге айналып отыр [1] .
ҚР-ның Қылмыстық кодексінде кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке дараланып, арнаулы бөлімде көрсетілген.
Бұл дегеніміз мемлекеттің әділеттік және ізгілік принциптерін басшылыққа ала отырып, кәмелетке толмағандардың жас жағынан және ақыл-ойы жөнінен толық жетілмегендігін ескере отырып, оларды арнаулы қамқорлыққа алуының көрінісі болып табылады. Осыған орай қылмыстық заң кәмелетке толмағандарға ересектермен бірдей талап қоймайды. Кәмелетке толмағандардың психологиясын ескере отырып, оған қылмыстық жауаптылықтың ерекше жағдайларын белгілеу қылмыстық жазаның мақсаттарына жетудің бірден-бір оңтайлы жолы болып табылады. Сондықтан да кәмелетке жасы толмағандарға қылмыстық заң жаза болып табылмайтын тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын кеңінен қолдануды белгілеген. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер еліміздегі тұрғындардың он бесінші бөлігін құраса да, бүкіл қылмысты әрекеттердің бестен бірін жасайды. Жасөспірімдердің қауіпті жолға түсуі барып тұрған қасіретті құбылыс. Жасөспірімдер қылмыс жасай отырып өз басына ғана емес қоғамға өз отандастарының мүддесіне, өзінің туған туысқандарына үлкен зиян жасайды. Жасөспірім қылмыскер ең бірінші кезекте өзінің отбасына қасірет болып табылады. Жасөспірімдер жасайтын қылмыстың келесі түрі - ұрлық олардың үлесіндегі қылмыстың 53 %-ын, тонау 10 %-ын, қырықшылық шабуыл 15% -ын құрап отыр. Бұл тұста да бала санасының мейірімнен жұрдай бола бастағанын байқауға болады. Өйткені аталған қылмыстың дені пайдакүнемдік-зорлық сипатта жүзеге асырылған. Қылмысқа баруы ықтимал балалардың тағы бір тобы кезбелікпен күн кешуде. Кейбір деректерге сүйінсек, мектепке бармай, отбасынан алшақ қалған қараусыз жасөспірімдердің саны жүз мыңнан асады. Бұлардың көпшілігі түзеу мекемелері мен балалар үйінің бұрынға түлектері.
Жасөспірімдердің адамға, қоғамға, еңбекке, мемлекет пен ұлтқа, соның ішінде өзінің ана тіліне деген көзқарасы ата-ананың көрсеткен үлгісіне қарай қалыптасады. Социологиялық зерттеудің бір қыры - «Жасөспірімдердің теріс жолына не ықпал етеді?» деген сауалға төмендегідей жауаптар алынған. Олардың 7, 5% -ы теріс жолға түсуіне туыстарының жасаған қылмысы әсер еткенін айтса, ал 14, 1%-ы отбасы мүшелерінің ішімдікке салынуын тілге тиек етеді. Үйдегі жанжал, көзге шөп салуға байланысты бұзылдым деушілердің көрсеткіші - 2, 3% көшенің ықпалы тиді деушілердің саны саны -73, 6% болып отыр[2] .
Бүгінде қай жерде болсын теледидар экранынан, баспасөз беттерінен жасөспірімдер колониясындағы балалар өмірін суреттсейтін материалдар көп беріліп жүр. Жас қылмыскер өмірі жайлы шындықты оқыған, көрген сайын жағаңды ұстайсың, таңданасың, бүгініміз бен болашағымызды ойлап қорқасың. Өмірге келген сәбиді ертең қылмыскер, қанішер болып өседі деп кім ойлар.
Диплом зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Кәмелет жасқа толмағандардың қылмысқа бару себептерін анықтап, олардың жеке тұлғалық ерекшеліктеріне тоқталып, құқықтық мәдениетін, құқықтық сауаттылығын арттыру жолдарын, олардың қылмысының алдын алу шараларын жетілдіру жолдарын анықтау мақсатында осы тақырыпты таңдадым.
Тақырыптың мақсатына сәйкес келесідей міндеттер қоямыз:
-Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыс жасауының мәні, себептерін зерттеп оның жазаның мақсатын жүзеге асырумен байланыстыру қажет екендігін дәлелдеу;
-Жасы кәмелетке толмағандарға тағайындалған жазалардың мақсаттары: теория және тәжірибесін зерттеу;
-Жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алуда жаза қолданудың тиімділігін зерделеу;
-Жасы кәмелетке толмағандарға тағайындалған жазалардың мақсатын жұзеге асырудағы шетел тәжірибесіндегі үлгі тұтатын сәттерін қарастыру;
-Еліміздегі жасы кәмелетке толмағандарға тағайындалған жазалардың мақсатын жүзеге асыруға қатысты мәселелердің шешімін табу және қылмыстық, қылмыстық-атқару заңнамаларын жетілдіру жолдарын айқындау.
Дипломдық зерттеудің объектісі. Жұмыстың зерттеу объектісі - қылмыстық атқару жүйесінің жұмысында кәмелетке толмағандарға тағайындалған жазалардың мақсатын жүзеге асыруға қатысты кездеесетін күрделі мәселелер және сотталғандарда түзетуге қатысты әлі шешімін таппаған мәселелердің құқықтық реттеу деңгейі анықталады.
Дипломдық зерттеудің пәні - Қылмыстық атқару жүйесінің жұмысының қазіргі кездегі барысы оның кәмелетке толмағандарға тағайындалған жазалардың мақсатын жүзеге асыруға қатысты атқарып жатқан жұмыстары мен қолданылып жатқан әдістерінің нәтижесі. Және жаңа қылмыстық атқару заңнамасының жобасына сәйкес енгізіліп жатқан жаңа құқықтық қарым-қатынастар.
Диплом жұмысының зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы.
Практикалық құндылығы - осы жұмыстың ғылыми тәжірибелік құндылығына тоқталсақ ол құқық қорғау органдароының күнделікті қызметіне қажет және құқықтану мамандығына даярлық кезінде пайдалануға болады. Теориялық жағынан әліде жан-жақты зерттеуді талап ететін мәселе.
Зерттеудің гепотизасын қалыптастыру. Зерттеу үрдісінде салыстыру әдістері, зерделеу әдістері, статистикалық әдістер, жүйелік және жағдаяттық талдау, сауалнама жүргізу қолданылады.
Президентіміз Қ. Токаев өзінің 2020 жылы 1-қыркүйекте халыққа жолдаған жолдауында «Әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында» атты тармағын ұсынды. Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» - бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы - дұрыс және әділ шешім шығару қажет. Азаматтар мүддесіне қызмет ететін мемлекеттің жаңа стандарттарын әзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек. Осы тұрғыда құқық қорғау және сот жүйелеріне негізгі рөл жүктеледі. Бұл салаға реформа аса қажет. Жағдай жедел өзгеруде. Күштік құрылымдар жұмыстың озық әдістеріне көбірек ден қойған сайын олардың халықаралық тәжірибелерге бейімделу мүмкіндігі арта түседі. Еліміздегі бүгінгі ахуалға орай азаматтардың сұраныстарына ықылас танытуға тиіс құқық қорғау органдарының алдына жаңа талаптар қойылуда. Бірақ құқық қорғау жүйесінің жұмысында бұрынғы дағды бойынша айыптауға бейімділік басымдау болып тұр. Азаматтардың қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тартылатын жағдайлары да аз кездеспейді. Қылмысты анықтайтын жедел қызмет өкілдері мен процессуалдық шешім қабылдайтын тергеушілер қылмысты ашып, істі сотқа жіберуді басты мақсат санайтын бір басшының қарамағында бірге жұмыс істейді. Алайда көрсеткіш қуалау азаматтардың құқығы мен бостандығына нұқсан келтірмеуге тиіс. Прокурорлық қадағалауға келсек, бұл жұмыс үнемі кешеуілдеп жататынын көреміз. Прокурорлар істің мән-жайымен тек сотқа жіберер алдында ғана танысады. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесі бойынша қылмыспен күрес саласын жаңғыртқан жөн. Бізге азаматтардың құқығын заманауи тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ететін және жоғары халықаралық талаптарға жауап беретін үлгі керек. Қазақстанда өкілеттіктердің ара жігі нақты ажыратылған үш буынды модель құру керек деп санаймын. Полиция қылмысты анықтап, оған қатысы бар адамдарды тауып, айғақ жинап, оны тиянақтап беруге тиіс. Прокурор жиналған дәлелдемелерге тәуелсіз баға беруге, азаматтар құқығын бұзудың жолын кесуге, кінәсіз адамдардың қылмыс үдерісіне тартылуына жол бермеуге, сотта айыптау жағын қолдауға міндетті. Сот органдардың әрекетіне қатысты шағымды қарайды және іс бойынша ақтық үкім шығарады. Мұндай тәсіл тежемелік және тепе-теңдік жүйесін нығайтып, әр кезеңде тиімді саралау жүргізіп отыруға мүмкіндік береді. Тағы да қайталап айтамын, заңдылық пен әділеттілік сөзсіз қамтамасыз етілуге тиіс. Қылмыстық істегі қателік адам тағдырын өзгертетінін естен шығармау керек. [3]
Диплом жобасының теориялық негіздері: зерттеу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясынан бастап өзгеде нормативтік құқықтық актілерін, заңдар, заңға сәйкес нормативтік актілерін оның ішінде жарлықтар, ережелер, қағидалар және жолдаулар, ғылыми мақалалар сонымен қатар еңбек құқығы саласын зерттеуші ғалым заңгерлердің де еңбектерін пайдаландық. Атап айтар болсақ отандық ғалым заңгерлер: Ағыбаев, А. Н., Бекмагамбетов, А. Б., Орсаева Р. А., Алауханов Е. О., Құлжақаева Р. Б. . Есбулатова Р. М., Балтабаев К. Ж., Рогов И. И., Әпенов С. Сонымен қатар ресейлік ғалымдар: Антонян Ю. М., Брайнин Я. М., Реан А. А., Казанцев С. Я. Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен және сызбалардан тұрады.
1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ
1. 1Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының құрылымы
Қазақстан Республикасында 18 жасқа дейінгі 5 миллион бала бар. Бұл ел халқының үштен бірінен астамын құрайды. Болашақтағы ересек тұрғындар ретінде Қазақстан балалары өз елінің әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуында аса маңызды роль атқарады. Балалар азаматтардың ең әлсіз категориясы болып табылады және толыққанды дамуы үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін арнайы құқықтық және әлеуметтік тетіктерге мұқтаж. Балалардың жағдайы және олардың өмірінің сапасы қоршаған таза ортаның, тиімді басқарудың және мемлекеттің тұрақты дамуының негізгі көрсеткіштері болып табыладыЗаңгер ғалымдарымыз: «Адам құқығы-адам мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, өзі заң арқылы қорғалатын болуы мүмкін іс-әрекеттің (мінез-құлықтың) өлшемі (шамасы) » - деп анықтама берген [4] .
Мемлекеттің қылмыстық-атқару қызметі сотталғандарды түзеу және қылмысты ескерту саласында, сотталғандармен қатынас жасау туралы халықаралық қауымдастықпен өңделген жағдайлармен сонымен қатар қылмыстық атқару ғылымының жетістігімен негізделетін қылмыстық-атқару саясатымен анықталады[5] . Егер тарихқа шолу жасасақ, Кеңестік мемлекетте 17-і жастан 21 жасқа дейінгі адамдарды ұстауға арналған бірінші реформатори 1918 жылы желтоқсан айында Мәскеу қаласында ашылған болатын. Бұған анықталмаған үкіммен кәмелеттік жасқа толмаған құқық бұзушылар келіп түскен, тәрбиеленушінің одан арғы тағдырын осы мекеменің басқармасы алқалы түрде шешкен. Алайда, педагогикалық кадрлар мен қаражаттың болмауы себептерінен біздің елімізде реформаторилер дамымаған. Реформаторилердің орнына 1921 жылы Ресейдің кейбір аймақтарында еңбек ету үйлері құрыла бастаған, онда тәрбиеленушілер құрылған оқу-өндірістік шеберханаларда еңбек етуге және жалпы білім беретін мектепте білім алуға тиіс болатын. Еңбек ету үйлерінде реформаторилерге қарағанда тәрбиеленушілерді үкім бойынша жаза мерзімі біткенше ұстауға тиіс болатын, ал қажет болған жағдайда түзелгенше, бірақ тәрбиеленушілер 20-жасқа жеткенше ғана ұстаған.
Еңбек үйлерінде кәмелеттік жасқа толмағандарды екі категорияға бөлу қарастырылған: құқық бұзушы-рецидивистік белгісі барлар және қалған кәмелеттік жасқа толмаған құқық бұзушылар. Оларды жұмыс уақытында болсын, мектептегі сабақ уақытында болсын жеке-жеке ұстауға тиіс болатын. 187-бабына сәйкес жазасын өтеп болған соң түзелу жолына түспеген тәрбиеленушілерге қатысты еңбекпен түзеу үйі директорының педагогикалық кеңеспен бірлесе отырып сотқа оларды еңбек үйінде 20-жасқа толғанша қалдыру үшін мерзімін ұзарту туралы ұсыныс жасауына болатын, егер тек бұндай кәмелеттік жасқа толмаған жұмысшы-шаруа жастарынан шыққан құқық бұзушылар үшін еңбек үйінде ұстауға жатпайтын болса.
Аталған Ереженің 3-бабына сәйкес еңбек колонияларына жіберуге жататындар:
- 12 жастан 16 жасқа дейінгі қамауда ұстау орындарындағы сотталған құқық бұзушылар;
- 14 жастан 16 жасқа дейінгі қабылдау-бөлу орындарындағы әлеуметтік «қараусыз қалған панасыздар мен қадағалаусыз қалғандар».
Осы Ереженің 6-бабына сәйкес тәрбиеленушілер тамаққа және оларға берілген киім-кешекке деген шығынды өтеуге міндетті болған. Өтеу тәрбиеленушілердің тапқан еңбекақысынан ұстап қалу арқылы жүргізілген. Ұстап қалудың мөлшері әрбір колонияда тәрбиеленушілердің тапқан табысына байланысты анықталған және олар қолына тапқан ақысының кем дегенде жиырма пайызын алғандай есеп бойынша жүргізілген. Әрбір колонияда ішкі күн тәртібі ережесін колония директоры тағайындаған. Осы Ереже бойынша 12 жастан 16 жасқа дейінгі тәрбиеленушілер үшін күніне 4 сағат жұмыс, ал 16 жастан 18 жасқа дейінгілер үшін күніне 6 сағат жұмыс тағайындалған. Оқушылар үшін еңбекті төлеу уақыт бойынша, ал қалғандары үшін прогрессивті-келісімді болған. Еңбек колониясының құрылымы төмендегідей бөлімді қамтыған: оқу-тәрбие, өндірістік-жоспарлы, әкімшілік-шаруашылық, қаржылық. Еңбек колониясында тәрбиеленушілер орташа алғанда 100 адамнан тұратын топ болып бөлінген. Әрбір топқа тұрақты жұмыс істеу үшін бір аға тәрбиеші және оның көмекшісі тағайындалған. Бұдан басқа, еңбек колониясында оқу-тәрбие бөлімінің басшылығымен тәрбиеленушілер қатарынан төмендегідей комиссия құрылған: қақтығыстық, өндірістік, мәдени-көпшілік, тамақтандыру, шаруашылық, санитарлық, мектеп, дене шынықтыру.
Атап өту керек, Ереженің 37-бабына сәйкес келесі жазалау шаралары қарастырылған: ескерту жасау, сөгіс, қосымша жұмысқа уақытша ауыстыру, өзіндік қызмет көрсету бойынша кезектен тыс наряд тағайындау, келтірілген материалдық нұқсан үшін ақшалай ұстап қалу, қолға ақша беруді шектеу, изоляторға жабу, жабық колонияға немесе қамауда ұстау орнына жіберу арқылы еңбек колониясынан шығару. Еңбек колониясынан басқа КСРО-да кәмелеттік жасқа толмаған сотталғандарға арналған еңбек колониясы құрылған болатын.
Жалпы режимдегі еңбекпен тәрбиелеу колониясы төмендегілерге арналған:
- ауыр болып табылмайтын қылмыс үшін бас бостандығынан айыруға бірінші рет сотталған еркек жынысты кәмелеттік жасқа толмағандардың жазасын өтеуі үшін;
- ауыр қылмыс үшін үш жылдан артық емес мерзімге бірінші рет сотталған еркек жынысты үшін;
- кәмелеттік жасқа толмаған әйел жынысты барлық сотталғандар үшін.
Жалпы режимдегі еңбекпен тәрбиелеу колонияларында сотталғандарды кәдімгі тұратын баспанада ұстау ұйғарылған. Оларға азық-түлік және күнделікті қажеттілікке керекті заттарды сатып алуға айына жеті сомға дейін ақша ұстауға, жылына алты посылка немесе сәлемдеме алуға, жылына көп дегенде екі бандероль алуға, хатты шектеусіз жіберуге рұқсат етілген, сондай-ақ бір жыл ішінде алты қысқа мерзімді кездесуге құқы болған. Сотталғандардың жақсы өзін өзі ұстауы және еңбекке және оқуға адал қарым-қатынасы кезінде жаза мерзімінің төрттен бірін өтеген болса ұстау жағдайы жақсартылған, яғни оларға айына үш сом ақшаны қосымша ұстауға рұқсат етілген, сол сияқты жылына алты қысқа мерзімді кездесуге құқы болған.
Күшейтілген режимдегі еңбекпен тәрбиелеу колониясы төмендегілерге арналған:
- бас бостандығынан айыру түрінде бұрын жазасын өтеген еркек жынысты кәмелеттік жасқа толмағандардың жазасын өтеуі үшін;
- ауыр қылмыс үшін үш жылдан жоғары мерзімге бас бостандығынан айырылған сотталғандар үшін;
- жалпы режимдегі еңбекпен тәрбиелеу колониясынан ауыстырылғандар үшін.
Сотталғандарды кәдімгі баспаналарда ұстау ұйғарылған және оларға айына бес сомға дейін ақша ұстауына рұқсат етілген, бір жыл ішінде төрт қысқа мерзімді кездесу алуына, жылына бес посылка немесе беріп жіберу алуына болатын, сондай-ақ жылына көп дегенде екі бандероль алуына және хатты оның санына шектеусіз жіберуіне болатын. Өзін өзі жақсы ұстауы және еңбекке және оқуға адал қарым-қатынасы кезінде жаза мерзімінің үштен бірін өтеген жағдайда сотталғандар жақсы ұстау жағдайына көшірілген. Бұндай жағдайда оларға айына екі сом ақшаны қосымша ұстауға және бір жыл ішінде екі қысқа мерзімді кездесуге рұқсат берілген [6] .
Көріп отырғанымыздай, түзеу мекемелеріндегі сотталғандарды ұстау жағдайы 30-50 жылдардағы еңбек колонияларындағы ұстау жағдайымен салыстырғанда, 20-жалдардағы еңбек үйлері туралы айтпағанның өзінде одан әрі нақтылана және қатаң бола түскен. Еңбекпен тәрбиелеу колонияларының санына қатысты, 60-80 жылдары Қазақстан территориясында мынандай еңбекпен тәрбиелеу колониялары жұмыс істеген: Алма-Аты, Ақтөбе, Өскемен және Петропавловск. 70-80 жылдары үлкен өндірістік база Қазақстанның барлық төрт еңбекпен тәрбиелеу колониясында болған. Мысалы, Петропавловск ЕТК ағаш өңдеуші станоктар, Алма-Аты ЕТК - электордвигателдер мен желдеткіштер, Ақтөбе ЕТК - әр алуан электр бөлшектерін, Өскемен ЕТК - бақша тележкаларын және т. б. шығарған. Осы жылдар ішінде Қазақстанның еңбекпен тәрбиелеу колонияларында мектептер және кәсіби-техникалық училищелер құрылған, онда тәрбиеленушілер оларға бостандықта қажетті белгілі бір мамандықтарды алып шыққан. Тәрбиеленушілермен саяси-тәрбиелеу және мәдени-көпшілік жұмыстар жүргізілген. Жергілікті кәсіпорындардың жұмысшы ұжымдары тарапынан шефтік жұмыстар жүзеге асырылған. Осымен қатар, біздің ойымызша тәрбиелеу-еңбек колонияларының тәрбиеленушілерді түзеу саласындағы жұмысының тиімділігі төменгі деңгейде болып қала берген. Тәрбиеленушілер жазасын өтеп шыққаннан кейін әр түрлі қылмыстар бойынша ересектер колониясына жиі түсіп отырған.
Бұл тарау бойынша қорытынды жасай отырып, тәрбиелеу колонияларының қалыптасуы мен дамуын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады:
1-ші кезең, 1917 жылдың қазан айы ХХ ғасырдың 20-жылдарының соңы: Батыс Еуропа елдері мен АҚШ пенитенциарлық жүйесі тәжірибесі негізінде кәмелеттік жасқа толмаған құқық бұзушылар үшін тәрбиелеу мекемелері қызметін реттеуші нормативтік актілерді әзірлеу және қабылдаумен, бұл актілердің іс жүзінде іске аспауымен сипатталады. Кәмелеттік жасқа толмаған құқық бұзушыларға арналған тәрбиелеу мекемелері, оның ішінде еңбек үйлері одан әрі өзінің жалғасын таппаған.
2-ші кезең, ХХ ғасырдың 1930 жылдарының басынан бастап 1960 жылдың басына дейін. Кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған еңбек колониясының қалыптасуы мен дамуы. Өз шығынын өзі ақтау принципі негізінде жұмыс істеген еңбек колониялары өндіріс қажетіне қарай құрылған. Пенитенциарлық көзқарас тұрғысынан алғанда еңбек колониялары қылмыскерлерді түзеу үшін жарамсыз болып табылған. Оларды құрудың негізінде кәмелеттік жасқа толмаған қамаудағылардың еңбегін тиімді пайдалану идеясы жатқан болатын[7] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz