Махамбет жырларының ерекшелік сипаты


М. Өтемісұлы поэзиясында қолданылған заттық ұғым атауларының ерекшеліктері
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 тарау. Махамбет жырларының ерекшелік сипаты
1. 1 Махамбет жырларының халықтық негізі
1. 2 Ақын поэзиясындағы реалистік сипаттар
2 тарау. Өршіл ақынның тарихи өлеңдерінің заттық ұғым атауларының ерекшеліктері
2. 1 Махамбет поэзиясындағы сөздердің заттық ұғым атауларының қолданысы
2. 2 Махамбет өлеңдеріндегі заттық ұғым атаулары және оны көркем бейнелеу
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бұл курстық жұмыста ақынның шығармашылық ой-өзегінің туу үрдісі, оған ықпал еткен басты тарихи, қоғамдық-әлеуметтік факторлар анықталады. Махамбет поэзиясына негіз болған өмір шындықтары айтыла отырып, оның өмір шындығынан өнер туындысын жасау жолындағы шығармашылық ойлау даралығы, өлеңдеріндегі көркемдік элементтерді (айшықтау, әсерлеу, метафора, теңеу, градация, аллитерация, ассонанс, т. б) қолданудағы шеберлігі, сөз саптауы пайымдалады және трагедиялық қаһарман - Исатайдың, лирико -трагедиялық қаһарман ретіндегі ақынның өз мені-нің кескіндері және Жәңгір хан-Баймағамбет образдар жүйесі жеке-жеке талданады.
Дәстүр жалғастығын тілдік, көркемдік, стильдік ерекшеліктер арқылы анықтау да өзекті мәселе. Махамбет дәстүрінің қазақ поэзиясындағы көрінісі де қарастырылып, оның басты сипаттары айқындалады. Ұлттық поэзиямыздың бастауларын, өзіндік ерекшеліктерін, дәстүр сабақтастығы мен ақынның сөз қолданудағы жаңашылдығын қарастырып, айқындау тұрғысынан курстық жұмысымның өзектілігі туды.
Мақсаты мен міндеттері: Махамбет Өтемісұлының көтерілістің ұраны болған жырларындағы көркемдік жүйеге сипаттама беру, оның поэзиясының құрылымдық-статистикалық моделін анықтау. Бұл ретте ақынның шығармашылық өнерінің шеберлік қырлары мен басты ерекшеліктерін тану үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:
- Махамбет Өтемісұлы өлеңдеріндегі тарихи шындықты, яғни шығармаларының тууына негіз болған нақты өмір құбылыстарын анықтап, шеберлігінің ұшталуына, ақын болып қалыптасуына ықпал еткен сол тұстағы қоғамдық-тарихи жағдай мен алғышарттардың мән-маңызына, дәуір тынысына талдау жасау;
- батыр ақынның өлеңдері арқылы сол дәуір шындығын, оның поэзиясы замана шежіресінің айнасы екендігін көрсету;
- жауынгер ақынның өмір шындығынан көркем шындық тудыру жолындағы шығармашылық шеберлігін, даралығын саралау;
- Махамбет Өтемісұлы жырларындағы жыраулар поэзиясы дәстүрінің көрінісін пайымдау;
- ақын өлеңдерінің табиғаты мен ерекшеліктерін, жыраулар поэзиясы дәстүрінің көрінісі мен жаңашылдықты, сөз құдіреті мен оның тартымдық сипатын зерделеу;
- ақын қолданған өлшем-өрнек, құрылыс-жүйе, бейнелеу құралдарының көркемдік дәстүр жалғастығын айқындаушы факторлар екендігіне көз жеткізу;
- Махамбет дәстүрінің қазақ поэзиясындағы көрінісін зерделеу.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде ақын поэзиясын зерттеуге арналған ғылыми еңбектер мен баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалалар пайдаланылды. Солардың ішінен ақын шығармашылығын ең алғашқы зерттеушілер Х. Досмұхамедовтің, М. Әуезовтың, сондай-ақ, Махамбет поэзиясына әр жылдарда арнайы зерттеу жүргізген көрнекті ғалымдар Қ. Жұмалиевтің, Ә. Қоңыратбаевтың, Б. Аманшиннің, Қ. Сыдиқовтың, Қ. Өмірәлиевтің, Р. Нұрғалидің, З. Қабдоловтың, Р. Сыздықованың, Ғ. Әнестің, Ә. Сарайдың, С. Мақпырұлының ғылыми-теориялық еңбектерін басшылыққа алдым.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- тарау. Махамбет жырларының ерекшелік сипаты
1. 1 Махамбет жырларының халықтық негізі
Жарқын талант, ер жүрек батыр, ісімен де, сөзімен де кейінгі ұрпақтарын таң қалдырған Махамбет Өтемісов қазақ әдебиетінің тарихынан ерекше орын алады. Ол оқырмандарының эстетикалық құмарын қандыратын, ерлік сезімге тәрбиелейтін өзінің асқақ поэзиясын езілуші қара халықтың тілек-мүддесін жырлауға арнады. Сондықтан да оның асыл мұрасы ел жүрегінен орын алды. Әдебиетіміздің өрлеу жолындағы белгілі асқар биігі болды. 18-19ғасырлардағы қазақ әдебиеті өзінен бұрынғы ауыз әдебиетінің негізінде, оның ежелгі дәстүрін дамыта отырып өсті.
Махамбет-өзіне дейінгі халық әдебиетінің барлық табыстарын толық меңгеріп, кемшілігін қайталамай, өз бетін, өз стилін айқындап, әдебиетте көрнекті үлгі қалдырған ақын. Оның образдары, сөз тіркестері-кейінгілерге көрнекті өнеге. Махамбет поэзиясының идеялық мазмұнының халықтығы, көркемдік ерекшеліктерінің оригиналдылығы және өткір үздіктігі қашан да болса тот баспайтын саф алтын тәрізді. Сондықтан да ол-заманнан заманға жалғаса беретін шығарма, ол өзінің оқырмандарын да, үйренушілерін де жоғалтпақ емес.
Махамбет Өтемісов 1804жылы Батыс Қазақстан облысы, бұрынғы Орда ауданы, Бекетай құмы деген жерде туған Махамбеттің кәрі әкесі-Күлмәлі. Руы жағынан жайық Берішке жатады. Күлмәліден Өтеміс пен Шыбындай туған. Өтемістің баласы көп болған, үлкен ұлы Бекмағамбеттен басқасы түгелдей халық көтерілісіне қатысып, ханға қарсы күресте сөзімен де, ісімен де қару көрсеткен, сол жолда көпшілігі құрбандыққа ұшыраған батырлардың қатарында болған. Махамбет-Өтемістің екінші ұлы. Жасынан бастап-ақ ол өзінің жарқын таланты, әр өнерге қабілеттілігі арқасында айрықша көзге түсіп, ауызға ілінген. Кедей семьясынан шыққан езілуші халықпен біте қайнап бірге өскен, нәзік жанды, жасынан зерделі ақын кедей, шаруаларды әр алуан алым-салықтармен зар қақсатқан билердің шексіз жауыздықтарының түп-тамыры Ордада жатқандығын, олар ұйымдасқан берік бір топ екендігін көзімен көріп, ақын сол ортадан жерініп, зығырданын қайнатып, хан, сұлтанға деген өшпенділігін күшейте түседі.
«Махамбеттің Жәңгірге айтқаны» атты өлеңінде:
Хан емессің, қасқырсың,
Қас албасты басқырсың,
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның сені басқа ұрсын!
Хан емессің, ылаңсың,
Қара шұбар жылансың,
Хан емессің, аянсың,
Айыр құйрық шаянсың!-дейді. Бұл ақынның Орда маңында жүргенде, бір үлкен жиында бетпе-бет айтқан сөзі. Сонымен қатар, хан, сұлтан, би-феодалдардың өз тарапынан халыққа көрсеткен рухани қысымшылықтары да аз болмаған. Сәл нәрсені сылтау етіп, ат-шапан сылтау айып алулары өз алдына, ондай жазаға құқықтары болмаса да, дүре соғу шазаларын да қолданған. Міне, осылар тәрізді, әрі экономикалық, әрі рухани қысымшылықтардың негізінде шаруалар көтерілісі туды да, ол көтеріліс халық батырлары Исатай мен Махамбетті жарыққа шығарды. Сөйтіп, өзінің аз өмірін халқының бостандығы жолына жұмсаған батыр, жалынды ақын, ақыры, 1846 жылы дұшпандардың қолынан қапыда қаза табады. Сүйегі сол өлген жеріне қойылады. Бұрынғы Қараой, қазіргі Махамбет ойы делінеді.
Ақынның шығармалары сан жағынан көп болмаса да, оның сапасы, идеялық көркемдігі жағынан мәні зор. Бір сөзбен айтқанда, Махамбет өлеңдері -19ғасырдың бірінші жарымындағы хан, сұлтан, би-феодалдарға қарсы Исатай бастаған шаруалар көтерілісінің айқын айнасы. Оның өлеңдерін оқығанда шаруалар көтерілісінің алғашқы өрлеу кезеңдері де, күрес жолдарындағы халық батырларының ерлік қимылдары да, көтерілістің апатқа ұшыраған да, күресушілерге жауларының қолданған шаралары да, жеңіліс тапқаннан кейінгі ауыр хал, қиын жағдайлардың бәрі де сол қалпында суреттелінеді.
Махамбет -шын мәнінде өз халқын, өз отанын сүйген патриот ақын. Әр сөзі қанаушы хан, сұлтан, би-феодардарға қарсы айтылып, өмір шындығының бір бөлшегі тәрізді көрінеді. «Жәңгір ханға айтқан сөзі» деп аталатын өлеңінен бастап қарулы күреске шақырады.
Беркініп садақ асынбай,
Біріндеп жауды қашырмай,
Білтеліге доп салмай,
Қорамсаққа қол салмай,
Қозы жаурын оқ алмай,
Атқан оғы жоғалмай,
Балдағы алтын құрыш болат
Балдағынан қанға суармай,
Қасарысқан жауына
Қанды көбік жұтқызбай,
Халыққа тентек атанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?
Қай кезде болсын күрес оңайлықпен қолға түпейді. Талай қиыншылық, ауыр азап, зор бейнеттерді бастан кешіруге тура келеді. Ақын бұл жайтты да халыққа ескертіп, үлкен іс, үлкен төзімділікті керек ететіндігін ашық айтты:
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға,
Қас үлектен туған кәтепті
Қара нар керек біздің бұл іске.
Қабырғасын қаусатып,
Бір-біріндеп сөксе де,
Қабағын шытпас ер керек
Біздің бүйткен бұл іске.
1. 2 Ақын поэзиясындағы реалистік сипаттар
Махамбеттің шын реалист ақын екендігін көрсететін фактілер тек оған қарсы топтың жауыздықтарын көрсетумен немесе халық басына төнген қара күндерді суреттеумен ғана шектелмейді. Ақын көтеріліс кезіндегі өздерінің істеріндегі қате-кемшіліктерін де жасырмайды. «Әй, Махамбет, жолдасым» деген өлеңінде, өзінің қатты сыйлайтын досы, көтеріліс кезінде бедел етіп ұстаған қолбасы батары, кейін өлімін аза тұтқан аяулысы, көп өлеңдерінің өзекті тақырыбы болған Исатайдың өз қателіктерін монологі арқылы өзіне мойындатады. Келешек ұрпақ бұл қателікті қайталамауы керек дегендей ой тастайды:
Ауыр әскер қол ертіп,
Жас құсты барып төнгеде,
Арыстандай ақырған
Айбатыма шыдамай,
Хан баласы жылады-ай:
«Жанымды қой!» - деп сұрады-ай;
Ақ көңіл аңқау журекпен,
Беремін деп мен тұрдым!
Көк бедеуді бауырлап,
Шабамын деп сен тұрдың . . .
Хан сөзіне сенгенім,
Он күн сүрек бергенім
Әскерімді таратып,
Он бір күнге қаратып,
Бекетай құмға келгенім, - дейді.
Кейбір өлеңдерінде ақын туған елін, бүгінгі Қазақстан жерінің табиғат байлығының әдемі көріністерін, ен даланың, асқар тау, шыңырау қиялардың айбатты пішінін суреттейді. Өлеңнің көп жерлерінде ақын көшпелі, мал баққан, ит жүгіртіп, құс салып аңшылық құрған өз елінің сахарасындағы жан-жануар, аң- құстарды суреттеуге көбірек көңіл бөледі. Бірақ ел, табиғат байлығын, жан-жануарлар әлемін суреттегенде, олардың тек көркемдік сипатын ғана көрсету үшін немесе тек сұлулық үшін ғана суреттемейді. Мұнда ақын ел тағдырымен байланыста, өзі басынан кешірген қиын қыстау кезеңдердегі ойын, сезімін оқушылары толық сезінетендей ету үшін қолданады. Қысқартып айтқанда, Махамбет қандай ой-пікірді айтса да, қандай өмір құбылысын суреттесе де жеріне жеткізе, ар жағында ештеңе қалмағандай, ол тақырыптарды одан асырып ешкім суреттей алмайтындай етіп суреттейді. Махамбет өлеңдерінің халық мүддесіне арналып, оның ой армандарын жырлауы, жан сезімдерін тербетерлік ерекше көкемдігі, ағыл-тегіл тіл байлығы, тыңдаушы, оқушыларын еріксіз ертетін оптимисттік-романтизмдік сарыны, әрбір сөз образдарының өмір шындықтарына тән болуы ел жүрегінің жылы жерінен орын алады.
Ұлы орыс халқының атақты революционер-демократ сыншыларының бірі Н. А. Добролюбов өзінің бір мақаласында әдебиеттің міндетін былай деп баяндайды: «Жалпы алғанда, әдебиет халық үшін күресетін құралдың бірі, оның міндеті үгітте, ал оның шын бағасы - қалай үгіттеумен дәріптеледі». Сол айтқандай, Махамбет поэзиясының ең күшті, ең құнды жағы халық үшін қызмет етуінде, еңбекші бұқараның мүддесін іске асыруға күш салуында. Мұны біз жоғарыда көрсетілген Махамбет өлеңдерінің әлеуметтік мәнін талдаумен байланысты дәлелдеуге тырыстық. Бұл айтылғандардан Махамбет өлеңдерінің жай үгіттік қана мәні болған екен деп ұғып қалуға болмайды. Махамбеттің көркем сөздің ұстасы, шешендіктің үлгісі, адам жан дүниесінің суреткері болуы оның шынайы поэзия жасаушы ақын екендігін, оның туындылары оқырмандарына эстетикалық тәрбие берерлік үлкен құрал екендігін мойындатады.
2 тарау. Өршіл ақынның тарихи өлеңдерінің заттық ұғым атауларының ерекшеліктері
2. 1 Махамбет поэзиясындағы сөздердің заттық ұғым атауларының қолданысы
Ұлт поэзиясы тарихында өзіндік үні, стилі, ерекшелігі, орны бар Махамбет Өтемісұлының əдеби мұрасы аз зерттелген жоқ. Оған ақын поэзиясының тақырыбы, жанры, идеясы, стилі, тілі, лексикасы, көркемдік əлемі хақында əдебиетші-тілші ғалымдар тарапынан жазылған үлкенді-кішілі ғылыми мақалалар, зерттеу-монографиялар дəлел. Тұңғыш рет өлендер жинағын топтастырып, тасқа бастырған Х. Досмұхамедұлының игі бастамасы М. Əуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, 3. Қабдолов, Сүйіншəлиев, Қ. Өмірəлиев, Р. Сыздықова, Ж. Тілепов, Қ. Сыдиықов, Қ. Мəдібай, тағы басқа ғалымдар еңбектерінде жалғасын тауып, ақын мұрасы ғылыми тұрғыдан жан-жақты бажайланды.
Халел ақын шығармашылығы туралы, Исатай-Махамбет көтерілісінің себептері, барысы, ондағы тарихи тұлғалар хақында тереңнен қозғап, алғаш рет жан-жақты қарастырған. Махамбеттің жыраулығы, оның ел арасында тараған сөздері, əсіресе Баймағамбет сұлтанға айтқан сөздері туралы жазады. Ақындық алымының өзгеше екеніне тоқталады.
Мұхтар Əуезов «Əдебиет тарихы» еңбегінде ақын мұрасы туралы, оның зар заман ақындарымен үндестігін сөз етіп, қимыл мен күрестің өзгеше жыры ретінде зерделесе, ал Сəбит Мұқанов бостандық рухындағы ақын деп бағалады.
Қажым Жұмалиев ақынның өмірі, шығармашылық ғұмырнамасы, өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі, тілі, поэзиясының тарихи мəні хақында таратып айтады. Ақын қолданатын сөз образдарының мағыналық дəлдігіне, өлең жолдарының ішкі логикалық беріктігіне, біртұтас жүйесіне ерекше назар аударады.
Қазақ халқының тіл байлығын сергек көңілмен, сезімтал оймен қажетіне керегінше жарата білгенін тілге тиек ете келе, «тілінің байлығы жағынан жəне оны шебер қолдана білуі жағынан Махамбет атақты сөз ұсталарының қайсысынан болсын кем түспейді. Махамбет тілінің асқан көркемдігі, əр алуан поэтика тілдердің элементтерін (эпитет, теңеу, троп, фигуралардың түрлерін) жеке де, өзара байланысты түрде де өте шеберлікпен қолдана алуында ғана емес, ең алдымен, оның өлеңдерінде кездесетін сөз образдарының өмір шындығына дəл келетіндігімен, сөйлем құрылыстарының ішкі логикалық байланыстарының беріктігінде» [1], - деп атап көрсетеді.
Ақын өлеңдері тек жауынгерлік өнерге, ерлік тақырыбына ғана арналған сөздерден тұрмайтыны, халықтың өмірін, тыныс-тіршілігін, əр алуан қарым-қатынастарын, заман көріністерін суреттеу барысында халықтық тілді де мейлінше еркін, мол, сəтті қолданғанын білеміз. Сөздің сыртқы сұлулығымен қатар, ішкі иірімі, логикалық құрылымы, тыңдаушының жан дүниесіне, сезіміне əсер ете аларлық қуаты да ақын өлеңдерінің көркемдігін арттыратыны анық.
Белгілі зерттеуші-ғалым Құлмат Өмірəлиевтің «XV-XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі», «Қазақ поэзиясының жанры мен стилі» атты енбектері қазақ əдебиетінің ірі өкілдері Бұқар, Дулат шығармаларымен қатар, күрескер ақын Махамбет поэзиясының тілін, жанрын, стилін жан-жақты зерттеп, ғылыми негізде талдап көрсетуге арналған. Əсіресе «XV-XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі» атты еңбегінде зерттеуші-ғалым Махамбет поэзиясының тілін арнайы зерттеу нысаны ретінде алып, кеңірек тоқталған.
Құлмат Өмірəлиев бұл кезең əдебиеті туралы ойларын төмендегідей тарамдатты: «Сөйтіп, ХІХ ғасырдың орта тұсындағы қазақ поэзиясы, əрі оның шығарушылары жайлы мынаны айтуға болар еді: біріншіден, би-ақындар болды, олар байырғы дəстүрмен, үлгімен тақпақ сөздер, мақамды сөздер жасады; екінші, сарай ақындары болды, олар мадақтау жырлар таратты; үшінші, айтыс ақындары болды, олар мақтау өлеңдері мен айтыс өлеңдерін шығарды; төртінші, шығыс əдебиетіндегі ғашықтар жайлы сюжеттерді (əрі қиссаларды) қайта жаңғыртып жазатын кəсіпқой ақындар болды, олар жыр, өлең үлгісіндегі ғашықтық дастандарды туғызды; бесінші, діни ислам өкілдері жайлы шығармалардан сюжет алып, өлең үлгісінде қисса жазатын молда-ақындар болды; алтыншы, əрі айтысқа түсетін, əрі ауызша да, жазба түрде де толғау жыр шығаратын ақындардың жаңа тобы көрінді» [2; 81] . Шындығында, мұның өзі əдеби мұраны ашу, оның өкілдерінің шығармашылығын зерделеу, тану жолындағы өзгеше іс, өзінше бағамдау болып, өз кезегінде əдебиеттанудағы соны ізденістердің, жаңа сүрлеулердің ендігі бағытын аңғартып қана қоймай, айқындауға да септігін тигізді. Жалпы, Құлмат Өмірəлиевтің аталған еңбектерінде қазақ поэзиясының көп құпиясына, əлі де жете көңіл бөліне қоймаған тұстарына, болашақ зерттеушілерге бағыт берер, жөн сілтер теориялық негіздеріне, өлеңнің өзіндік ерекшеліктеріне кең тоқталып, жүйелілікке, тереңдікке аса мəн бергенін ерекше атап көрсетуіміз керек.
«Əдебиет үлгілері негізінде қарастыру ХІХ ғасыр əдебиетінің саяси мазмұндық, тақырыптық жөнін де көркемдік бағыт, ағымдарын да аша түсуді шектемейді, қайта молықтыра түседі.
ХІХ ғасыр əдебиетінде көркем сөздің қандай түрлері болды, олардың қатынасы қандай деген мəселе - əдебиеттің теориясына əрі тарихына қатысты мəселе» [3] .
Ол тұрғыда ғалым Қ. Өмірəлиев ХІХ ғасыр поэзиясын жанрлық, стильдік тұрғыда мүлде жаңа сапада, таза теориялық талаптар тұрғысынан арнайы, алғаш қарастарды десек, артық айтқандық емес.
«ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ поэзиясына сипаттама» тарауында ХІХ ғасырдың 30-40 жылдарынан кейінгі қазақ поэзиясының өлең түрлері, ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ауызша поэзия жəне оның жанры мен стильдік сипаты, қазақ поэзиясындағы ақын жасаған туындылардың жанры мен стилі туралы кеңінен қамтып, толыққанды, толымды пікірлер айтады.
ХІХ ғасырда жыраулық өнердің сипаты өзгеріп, қазақ өлеңі жаңа бағытқа, жаңа сапаға ауысты. Жыраулардың əлеуметтік тұлғасы көмескіленіп, өнер биігіндегі орнын алмастырды. Олардың орнына негізінен ақындар келді. Дегенмен жырау сөзін, өнегесін жалғастырушылар да болмай қалған жоқ. «Ендігі би дау-дамайда шешендік сөзге, төрелік қоныс сөзге ыңғайланды да, ол ақындық қабілеті, дарыны молдары тақпақ сөзге көшті. ХІХ ғасырдың бірінші жартысынан бұлар Жəңгір хан қасындағы Алаша Байтоқ жырау, Кенесары қасындағы Нысанбай, Досқожа, т. б. жыраулар болды» [2; 85], - деді Құлмат Өмірəлиев.
Махамбет бастаған ақындардың шеберлік қисындарын, жалпы қазақ əдебиеті тарихындағы, қазақ қоғамындағы орнын, ақындық даралығын, өзгеше болмыс-бітімін мейлінше терең зерделеп, ғылыми пайымдаулармен дəйектеп, жанрлық, көркемдік жақтан арнайы қарастырғанын ерекше бағалағанымыз жөн. Зерттеушінің бірнеше ғасыр əдебиетіне, поэзиясына байланысты əдеби- ғылыми тұжырымдарының өміршеңдігін, ғылыми сипатының дəлдігін бүгінгі буын да байқайтыны анық. ХІХ ғасыр əдебиеті, алдыңғы əдебиетке қарағанда, анағұрлым толысқан, кемелденген, жаңалығы мол, жанрлық ерекшелігі түрленген əдебиет. Көне дəуірден жалғасқан əдебиетте хандық кезең тұсында негізінен жыраулар поэзиясы алдыңғы орынға шығып, онда негізінен жыр үлгісінің түрлі жанрлары басым болды. Ал бұл кезеңге жаңа өлең түрлері тəн. Сондай-ақ дастан-поэмалар, лирикалық өлеңдер, айтыс өнері, ауыз əдебиеті үлгілері де айрықша мəнге ие болды. Қазақ өлеңі шын мəнінде жаңа сапаға көтеріліп, жазба əдебиеттің негізі қаланды. Махамбет, Дулат, Абай, Ыбырайлар шықты тарих сахнасына. Осылайша сөз өнері толысып, толығып, мазмұнын тереңдетіп, өз арнасын кеңейте түскені мəлім.
«Махамбет поэзиясының өзіне дейінгі дəуірдегі поэзия үлгілерімен байланысы» дейтін бөлімінде ақын шығармаларында ауыз əдебиетінің, көне түркі поэзиясының, жыраулық дəстүрдің ықпал-əсері аз болмағанын атап көрсетеді. Ақын туындыларында жыраулар жасаған əдебиеттің дəстүрлі үлгілері, сөз қолданыстары, өлең өлшемі аз кездеспейді. Жыраулар шығармашылығына тəн жорық жырлары, елдік мүдде мен ерлік рух астасқан өлең жолдары, халық даналығын байқататын сөз үлгілері, қанатты сөзге айналған сөз тіркестері Махамбетті айналып өтпейді. Көне түркі кезеңінен келе жатқан көркемдік дəстүрдің жалғасын тауып, бүгінгі өмірмен сабақтастық тауып жатуында ақын өлеңінің өзіндік орны бар. Əрине, өзіне дейінгі əдебиет өкілдерінен үйренумен ғана шектеліп қойған жоқ, қайта оны мазмұндық, тілдік, стильдік, көркемдік жағынан байытты. Яғни, «Махамбет - өзіне дейінгі халық өдебиетінің барлық табыстарын толық меңгеріп, кемшілігін қайталамай, өз бетін, өз стилін айқындап, əдебиетте көрнекті үлгі қалдырған ақын» [2] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz