Сегіз серінің Мақпал әнінің шығу тарихы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
СӨЖ
Пәні:Әнші-ақындар шығармашылығы
Тақырыбы : Әнші-ақындардың «Мақпал» атты әндерінің ерекшелігі
Орындаған: Нұрболатова. М
Тексерген: Дарибаев. С
Алматы қаласы, 2021 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 . . . Әсеттің Мақпал әнінің шығу тарихы . . .
2 . . . Сегіз серінің Мақпал әнінің шығу тарихы . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . . .
Кіріспе
Ақанның назарын аударған Мақпал есімді қазақтың аруының бесіктен атастырып қойған жігіті бар болып шығады. Тіпті қалыңмалы да төленіп қойылған екен. Бір-біріне шын ынтызар қос аққу уәделеседі. Ақан оны алып қашып кетіп, алыстағы достарына барып пана іздемек болады. Алайда, екі ортада «жеңгетайлық» атқарып жүрген Мақпалдың құрбысы да Ақанды сүйіп қалып, бар сырын жұртшылыққа шашып қояды. Естіген құдалар жағы ашуға салынып, сері жігітті соққыға жығып, елден қудалайды.
Біраз күн Дәнетінге салдым салық
Артымда зарланамын Мақпал қалып
Қосылған ғашық болып қайран құрбым
Қасіретің өзегімді кетті жарып! - деп зарланған Ақан өз тағдырына деген наразылығын дүйім жұртқа жайып салады.
Махаббатта бірнеше рет жолы болмаған Ақжігіт атамыз жар құшып, әке атануға аса асыға қоймаған секілді. Кейіннен ата-анасы: "Біздің де жасымыз келді, ел секілді келін жұмсап, перзент сүйейікті» жиі айта берген соң, тілектерін жерге тастағанды жөн көрмеген Ақан шаңырақ көтереді.
Бәтима апамыздан екі қыз, бір ұл сүйіп, ардақты әке атанғандығымен, бір қызы жас кезінде шетінеп кеткен екен. Ал жазмыштан мылқау болып туған ұлы Ыбан Ақанның серілік өнер жолында бірге жүрген айрылмас серігіне айналады.
Астына Құлагерін мініп, жанына Базараласын ертіп, білегіне Көкжендетін қондырып, серілік дәурен кешкен Ақанның атын естіген келіншектері әнге құмар ер азаматтардың қызғаныштан іштері қайнап, ауылға Ақан сері келіп түнемесе екен деп тілейтін болған деседі.
Негізгі бөлім:
1. Төрт бөлімге созылған музыкалық қойылымда Әсет Найманбайұлының рөлін Халықаралық байқаулардың жеңімпазы, дәстүрлі әнші Сәулежан Тақзия сомдады. Оқиға желісіне орай қойылымда Әсеттің өз орындауында әйгілі үш әні шырқалды. Әсіресе, Әсеттің «Мақпалы» әуелеп сала бергенде әнсүйер қауым ықыласын жасыра алмай қошеметін жаудырды. Көпшілікке кеңінен танымал бұл әннің шығу тарихы ерекше. «Жансұп дейтін жігіт монғолдың Мақпал деген қызына ғашық болса керек. Қыз да Жансұпты ұнатып қалған екен. Бірақ екеуінің де ата-анасы оларға батасын бермеген көрінеді». Жансұп осы қайғы-мұңын Әсетке айтыпты. «Мақпал» әні осылай дүниеге келген көрінеді. Бұл ән елге кеңінен тараған соң, қыздың да, жігіттің де ата-аналары балаларының тілегін орындап, баталарын берген екен. Осылайша, екі ғашық мұратына жетіпті.
Әсерлі кеште көрерменді әсем әнімен тербеген Әділжан Шомбалов, Айсәуле Қайрғазина, Сандуғаш Мүбаракқызы, Шаттық Уатқан, Рауан Әбілбаев, Нариман Әбдірахманов, Азат Дулатұлы, Айнұр Жұмақадыр, Нәсіпжан Басшыбай, Марал Мұхамметқалиева сынды дәстүрлі ән орындаушылары көпшілікті Әсет пен Әміре, Ақан мен Біржан салған салқар көштің сарқылмайтынына сендірді.
2:Сегіз серінің көпке белгілі шұрайлы шығармасының бірі-«Мақпал» әнінің тарихы мынадай екен. Сегіз сері бірде Сыр бойын мекендейтін Орта жүз Бағаналы Найманның Қарабала руының Жауғашты тайпасынан шыққан Мақпал қызбен бір тойда танысып, оған ғашық болады. Ол бағаналы елінің ақылды қариясы, беделді Бақтияр бидің бой жетіп отырған сұлу қызы екен. Мақпал өзі асқан дарынды, әрі әнші, әрі он саусағынан өнер тамған шебер қыз. Сегіз сері ай мен күндей сұлу қызды көріп оған құлай беріледі. Бар ынтасы Мақпалға ауады. Сері жігітті қызда ұнатады. Ғашық болған Сегіз серінің қызға деген сүйіспеншілігі көкіректен толқынды ән болып шығады . . . Атақты «Гауһартас» әні де Мақпалға арналған. Мұнда Мақпал қыздың атын жұмбақтап, гауһарға теңеп айтқаны екен. Ол әнді қазіргі кезде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Бибігүл Төлегенова апамыз айтып жүр. Бұл әннің сөзі қазіргі кезде өзгеріссіз айтылып жүр. Оған дәлел, Алматы: «Жалын баспасы» 2005жылғы «Алқалы топтың ажары » атты әндер жинағында 62 бетінде жазылған «Гауһар тас» өлеңінің өзгеріссіз жазылғаны. Және тағы бір айта кететін жағдай 22. 09. 2006 жылы жазылған Қазақ әдебиеті газетінің №38де Серікбай Қосанның «Сегіз сері эпостық кейіпкер» атты мақаласында біраз келіспеушілік туады. Мақаланың авторы Сегіз сері осы күнде оның атына телініп жүрген көптеген халық әндері / «Гауһартас», «Жылой», «Қарғаш» әндерінің авторы болуы мүмкін емес деп жазыпты. Неге бұл әндердің авторы Сегіз сері емес, манағы йтып кеткен мәліметтерім бұған дәлел бола алады. Гауһартас әні Сегіз серінікі оған таласпауымыз керек, бұны көптеген ғалымдар да мойындаған бұған дәлел 1986 жылы тамыз айында Жқанов И. Жазған «Орталық Қазақстан» газетінде, осы «Гауһартас»
әні туралы сөз еткен, сонда ғалымдардың көбі бұл әннің авторы Сегіз сері екеніне еш талас жоқ деп жазғаны да белгілі.
Ажарың ашық екен атқан таңдай,
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай.
Анаңнан сені тапқан айналайын,
Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай.
Беу-беу, гауһар тас,
Құсни құрдас.
Раушан жүзің көргенде.
Сәулем-ау, сабырым қалмас.
Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан.
Шолпандай таң алдында жалғыз туған.
Жылы су, қолда құман, қарда орамал,
Жібекпен қызыл кәріс белін буған.
Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң.
Сылдырап шашбауың мен алтын сырғаң,
Жай жүріп шаттанасың әсерленіп,
Әсемсіп жүйрік аттай мойнын бұрған.
Сегіз серінің жоғарыда айтып кеткен «Гауһартас», «Ғайни» әндерінің шығу тарихын түйіндеп айтсақ, Қазақ ССР Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институты басып шығарған (1977-1981ж) төот томдық «Қазақ ауыз әдебиетінің жалпы-ғылыми сипсттамасы» осы әндердің Сегіз серінікі екені даусыз делінген. Бұл кітапта 1852 жылы Жаяу Мұса Байжанұлы Сегіз серінің өзінен үйреніп «Гауһартас», «Ғайни» әндерін Кереку, Баян төңірегіне таратқан. Кейіннен 1869-70 жылдары Жаяу Мұсадан оның шәкірті, аталас інісі Жарылқапберді Жұмабайұлы үйренген, -деп жазылған.
Сегіз сері бұдан кейін «Бозшұбар», «Қызға сәлем», «Қалқаш» әнін шығарған. Осы бесеуін де осы Мақпал қызға арнайды. Бұл бесеуінен басқа Мақпал қызға арнап Сегіз сері «Мақпал» атты жүз елу бес шумақ өлеңді де шығарады. Ол өлеңде мынадай жүрек жарды жыр жолдары бар:
Берсейші найман қызы тілегімді,
Ұғынып жүрегіңмен жүрегімді,
Кіреуке сауытыма жаға болсын,
Мойныма орай салшы білегіңді.
Сағағың Бозшұбардың сағағындай,
Тал бойың піскен жеміс сағағындай,
Ғашық қып өзегімді өртегенше,
Қайтеді жолықпасаң қарағым-ай.
Ал «Мақпал» әнінің сөзі төмендегідей болып келеді:
Ақша жүз, бота көзді, қасың қара,
Шашыңды түнде жу да, күндіз тара,
Ниязбен мен екеуіміз келген шақта,
Мақпалжан бұлғақтамай бермен қара,
Үш жүзде даңқым шыққан Сегіз сері,
Келгенім Сыр бойында найман елі,
Керейден ант арытып іздеп келдім,
Бір көріп қайтпақ болып Мақпал сені.
Ащыкөл Телікөлге салдым салық,
Артымда қапаланам елім қалып,
Құмартқан нұр жүзіңе асыл Мақпал,
Ғашықтық көкірегімді кетті жарып.
Біз келіп ауылыңызға бастық қадам.
Ұлықтан қуғ\ын көріп көңіл алаң,
Мақпалжан шыныменен уағыда етсең,
Кетуге алып қашып келед шамам.
Бірақ Сегіз сері өзі ғашық болған осы Мақпал сұлуға қосыла алмайды. Оның «Мақпал» атты жыр жолдарынан ұққанымыз мынадай еді. Жырды Сегіз сері Мақпалға қосылмақ болып уәде байласып еліне кетеді. Сол кезде Қоқан хандығы құсбегісінің қолшоқпары болып, өзінің туған қарақалпақ халқын да, көршілес қазақ, қырғыз халықтарына да қайғы-қасірет жұтқызып жүрген Жабы деген қарақшылармен келіп, басы Мақпал, Құсыни, Раушанға қоса он алты қызды Балталы-Бағаналы, Қоңырат, Дулат, Сіргелі, Ошақты елінің жылқы-түйесін жаулап, тартып алып кетеді. Ел жайлауға көшіп кеткен шақта Мақпалды іздеп келген Сегіз сері қора күзетіп қалған кедей-кепшіктен бұл жағдайды естіп, ыза кернеп жаудың соңына аттанады. Ол өз тобымен жауды Сыр бойындағы Сұлутөбе деген жерде қуып жетеді де үлкен ұрыс салады. Сегіз сері Жабының жолдасы Бұлдырықтыны бірден атып түсіреді. Содан кейін Жабыны жекпе-жекте найзамен шаншып өлтіреді. Жау жеңіледі. Сегіз сері қыздарды, жылқы-түйені жау қолынан босатып алады. Сол кезде Жабының қашып бара жатқан жендеті-Дәуқара қыздар тобын садақпен атады. Садақ оғы Мақпал қыздың жауырын тұсына қадалады. Қыз ауыр жараланады. Сегіз серіні Дәуқараны қылышпен шауып тастайды., содан кейін төрт найзаны төрт бұрыштап зембіл жасап Мақпалды салып алады. (қазіргі Жезқазған мен Қызылорданың шектесетін жеріндегі) Айнакөлге өткізіп, ел-жұртты жинайды. Қыздарды ата-аналарына, жылқы-түйелерді иелеріне табыс етіп, қалың елдің алғысына бөленеді. Бірақ Сегіз серінің сүйген қызы ата-анасымен, аға-жеңгесімен, ағайын-туғанымен, ел-жұртымен араздасып сол арады қайтыс болады. Мақпалдың денесі Айнакөлдің жеріне жерленеді.
Сегіз серінің осы «Мақпал» әніне байланысты мынадай шындықты да айта кеткен жөн. Өткендегі композиторлардың бір-бірінен үйренуі, бірінің жақсы әніне екіншісінің еіктеуі деген дәстүрдің болғанын білеміз. Мәселен, Мақпал атты қыз есімі осы Сегіз серіден үлгі алған кейінгі Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай тіпті берідегі Әсет әндерінде де кездеседі. Сегіз серінің Мақпалы Бағаналы Найман ішіндегі Бақтияр бидің қызы болса, Ақанның Мақпалы да найманның қырық бес деген әлді-ауқатты адамының қызы. Тек Ыбырайдың ынтығы қай елден, кімнің қызы екені белгісіз. Оның «Сүйгенім» әнінде Мақпал қызға қосыла алмаған Ыбырайдың арманы айтылады.
Бұл жерде
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz