Қарым қатынастағы агрессия және конфликт



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті: Филология
Кафедра: Екі шет тілі

Реферат
Тақрыбы: Қарым қатынастағы агрессия және конфликт

Орындаған: Сабирова Әсем
Қабылдаған: Тленчиева Нуржамал

Жоспар:
1)Агрессия дегеніміз не және оның түрлері;
2)Адамдар арасындағы қарым қатынас және қарым қатынас түрлері
3) .Әлеуметтік психологиядағы тұлғаарарлық конфликт мәселесі.
4) Отбасылық қатынастардағы конфликт
5) Қорытынды

Қазір қоғам да,қоғамдық көзқарастар да күннен - күнге өзгеру үстінде. Әрі бұқаралық ақпарат және қарым - қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулердің алынып, ақпарат тарату еркіндігіне кең жол ашылуы балалардың сана - сезімі мен рухына кері әсер етіп жатқаның біз жақсы білеміз. Соңғы уақытта қоғам жеткіншек жастағы балалардың ауытқушылық мінез-құлқы ретіндегі қатыгездік, агрессиялық, жағымсыздық, асоциалды мінез-құлықтарын қарқынды түрде зерттеуді талап етіп отыр.Осындай ауытқушы мінез-құлықтың дамуына ықпал ететін факторларды зерттеу - психология ғылымының негізгі мәселелері.
Адам бойындағы агрессия мәселесі қазіргі біздің қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі. Қоғамдағы болып жатқан террор жәбірлеудің өсуі сияқты әлеуметтік қауіпті құбылыстардың қатты белең алуына байланысты агрессия сұрағы зерттеудің негізгі объектісі болып отыр. Агерессивтілік - бұл жеке тұлғалық қасиет мінез-құлық, агрессияға дайындық көрінісі.Осылай түсіндіре келе, мұны былай тұжырымдауға болады.Егер агрессия - бұл әрекет болса, ал агрессивтілік оосындай әрекетке дайындық.
А.Басс және А.Дарки агрессияны төрт түрге бөледі.
1. Туа пайда болған түрткілер немесе нышандарға
2. Сыртқы стимулдардан белсенетін қажеттіліктерге
3. Танымдық және эмоционалдық процесстерге
4. Бұрынғы тәжірибемен үйлескен көкейкесті әлеуметтік және эмоционалдық жағдайларға байланысты
Күнделікті өмірде агрессия дегеніміз: Жағымсыз қатынас туғызатын ашық түрдегі өшпенділік, ал агрессивті бұл күш салу, зиян келтіру əрекеті ретінде түсіндіріледі. Жалпы агрессия термині күш салу, күш жұмсаумен байланысты əрекеттерді белгілеу үшін кеңінен қолданылады. Сонымен аргессия бұл адам бойындағы ең нашар сезімдердің бірі, себебі сен біреуге жамандық тілеп, кек сақтап зиян келтірсен, сенің адамгершілік қасиетін жоғалады. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты - өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
Императивтік қарым-қатынас, кейде өктемшіл немесе директивті деп атайды. Ол қарым-қатынастағы серіктестерінің бірі екіншісінің мінез-құлқы мен ойын бақылауға, қандай-да бір іс-әрекетке итермелеуге талпынуымен ерекшеленеді. Бұл жағдайда қарым-қатынастағы серіктес басқаруды қажет ететін машина сияқты, жансыз обьект ретінде қарастырылады; ол пассив, ырықсыз жақ болады. Императивті қарым-қатынас құралы ретінде бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, талаптар, қорқыту және сол сияқтылар қолданылады. Манипуляциялық қатынас императивтікке ұқсайды. Оның мақсаты - қарым-қатынастағы серіктесіне ықпал ету. Бірақ бұл жерде көздегеніне қол жеткізу жасырын жасалады. Императив сияқты манипуляцяда екінші адамның мінез-құлқы мен ойын бақылауға ұмтылады. Манипуляция бизнесте және ресми қатынастарда жиі кездеседі. Диалогтық қарым-қатынас өктемшілдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агрессия түсінігі
Сыртқы агрессия және ішкі агрессия
Агрессия конфликттің алдын алу
Тұлғаішілік конфликтілердің салдарлары
Өзіңді сезімге, ашуға билетпе
Конфликт және оның шешу жолдары
Сабақ үстіндегі конфликттер
Отбасы дағдарыс жағдайы
Қарым - қатынастағы психологиялық кедергілер және оларды жеңу жолдары
Коммуникация терминінің мағынасы
Пәндер