Франчайзингтік төлем



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті Экономика және бизнес жоғары мектебі
Кафедрасы Менеджмент және басқару

СӨЖ

Тақырыбы: Жоба идеал франчайзидің портреті

Орындаған:Бисембаев Е.
Тексерген:Бейсенбаев Ж.

Алматы, 2021ж
Жоба идеал франчайзидің портреті

Кәсіпкерліктің кеңею нысандарының бірі - өндірісті дамытуға және бөлімшелер ашуға өз қаражатын салмай-ақ өркендеуге мүмкіндік беретін фирманың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жаңалықтарды енгізуге бағытталған бизнесті ұйымдастырудың ерекше нысаны - франчайзинг. Қазіргі таңда, франчайзинг бизнестің тиімділігін арттыратын нәтижелі құралдардың бірі болып табылады.
Франчайзинг - шағын және ірі кәсіпкерліктің аралас нысаны‚ ірі компанияның (франчайзердің) өзінің фирмалық таңбасы мен тауар өндіруге немесе қызмет көрсету лицензиясын (франшизаны) біреуге (франчайзиге), әдетте белгілі бір кезеңге және шектеулі аумақта беруі. Мұнда тауарлар мен қызметтер нарығында жоғары беделге‚ жақсы атаққа ие болған ата компаниялар басты фирманың атынан әрекет жасау‚ оның таңбасы мен белгісін пайдалану құқығын пайдалану жөнінде шағын фирмалармен немесе жекелеген заңды тұлғалармен (франчайзилермен) шарт жасасады.
Заманауи әлемдік нарық өз құрылымы бойынша - монополистік бәсеке нарығы болып табылады. Бұл нарық моделіне бәсекенің жоғары деңгейі, тауарлардың дифференциациясы мен нарыққа енудің салыстырмалы жеңілдігі тән. Бұл нарықта бәсекені жеңу үшін тауар немесе қызмет сапасы өте жоғары деңгейде болуы қажет. Ал тауардың сапасын анықтайтың көрсеткіші ретінде тауар (қызмет көрсету) бренді пайда болады. Сол себепті франчайзинг әлем бойынша қазіргі кезде өте кең таралуда.
Қазіргі таңда тез дамып келе жатқан және болашағы зор бизнесті ұйымдастырудың бағыты франчайзинг болып табылады. Сарапшылар болжамы бойынша ХХІ ғасырда әлем бизнесінің 50% франчайзинг жүйесімен жұмыс істейтін болса, екінші жартысы оның жеткізушісі болады. Қазірдің өзінде елдегі франчайзинг күйі осы елдегі экономиканың даму деңгейі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Сондықтан да көптеген елдер франчайзингті дамытуға осы қарым-қатынастарды реттейтін арнайы заңдар қабылдау арқылы көп көңіл бөледі, дамыту және қолдау бағдарламаларын жүзеге асырады, нарық қатысушыларына арнайы жеңілдіктер ұсынады.
Франчайзинг адал кәсіпкерлікті дамытудың, халықты жұмыспен қамтудың, әлеуметтік мәселелерді шешудің, бизнестің айқындылыған жоғарылатып, салық салынатын негізді ұлғайтудың тиімді құралы болып табылады. Сондықтан да франчайзингті компанияны дамытудың құралы ретінде мемлекеттік және мемлекеттік емес деңгейлерде дәріптеу әр түрлі бастамаларда орын алады.
Соңғы жылдары Қазақстанда франчайзингке ерекше қызығушылық байқалып отыр, бұл экономика үшін жаңа және қызық айтылатын түсінікпен ғана емес, сонымен бірге бастысы - оны дамытудың арқасында дамыған дамыған елдердің экономикасында қол жеткізілген маңызды нәтижелермен де түсіндіріледі. Дүниежүзінде жалпы ұлттық өнімнің 13% жуық мөлшерін франчайзинг береді, алғашқы 10 жылдағы инвестициялардың орташа тиімділігі 60 % астам мөлшерді құрайды. Нақ осы ерекшеліктермен Еуропа мен Америкада, сонымен бірге Азияда франчайзингтің кеңінен таралуын түсіндірген жөн.
Франчайзингтің отаны АҚШ саналады, себебі дәл осы елде ең бірінші заманауи франчайзингтің тұжырымдамасы пайда болды. Ал қазіргі таңда, АҚШ, Канада, Ұлыбритания сияқты дамыған елдердің бюджетінің үшке жуық бөлігін атқарушы франчайзингтік компаниялар қамтамасыз етеді.
Жақын арада Халықаралық франчайзинг саласы осыған дейінгі қарқыннан да жоғары деңгейде дамитыны сөзсіз. Франчайзерлер шетелдерде, сонымен қатар, Қазақстанда әлеуетті франчайзилерді іздестіруде, ал, көптеген жеке тұлғалар мен фирмалар өздеріне белсенді түрде басқа елдерден әйгілі компаниялардың лицензиясы мен құқықтарын, олардың қаржылық демеушілігінің арқасында, өндіріс пен қызмет көрсету технологиясын игеру кезінде пайдалы бизнес құру үшін франчайзерлерді іздестіруде.
Кәсіпкерлікті дамытудың тиімді құралы ретінде франчайзинг қандай болса да салада қолдануы мүмкін. Қазақстанда қызмет көрсету сапасын жетілдіру мәселесі маңызды орын алып отыр. Осы тұрғыдан франчайзингтің қызмет көрсету саласында іске асырудын ерекшеліктерін, әлемдік тәжірибесін қарастыру қазіргі кездегі маңызды және өзекті сұрақтарға жатады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі Франчайзинг мәселесіне көптеген монографиялар, ғылыми мақалалар, зерттеулер арналған. Франчайзингті зерттеген батыстық экономистер - Ф. Лафонтэйн, С. Нортон, Дж. Брикли, Р. Кейвз, М.Мендельсон, Ф. Котлер, ресейлік ғалымдар - С.А. Силинг, В.В. Довгань, Л.Н. Ишин, И.В. Рыков, Д.Н. Земляков, М.О. Макашев, Ю.А. Болотов пен В.В.Сидельниковтің, Қазақстандағы франчайзинг туралы жарияланымдардың арасында Б.С. Кисиковтің, М.Д. Каримованың еңбектерін атау қажет. Қазақстандағы франчайзинг нарығының дамуы туралы маңызды және көлемді мәліметтер 2014 жылы жасалған ЖШС FinGate Қазақстан Ресупубликасындағы франчайзинг нарығының дамуын зерттеу және анализ жасау зерттеу нәтижесінің есептемесінде көрсетілген.
Зерттеудің объектісі Франчайзингтік бизнестің мәселелері, қазіргі жағдайы және дамыту жолдары.
Зeрттeу пәнi - әлемдік экономикадағы франчайзингтің дамуы мен қызмет көрсету саласындағы франчайзингтің ерешеліктері
Зерттеудің мақсаты: франчайзингтің экономикалық мағынасын түсіну, нарықтық қатынастар жүйесіндегі франчайзингтің заңдылықтары мен қызметін анықтау, франчайзинг операцияларының отандық және шетелдік тәжірибесін зерттеу.
Белгіленген мақсаттарға жету үшін жұмыстың алданда келесі міндеттер қойылды:
1. Франчайзингтің мазмұны мен ерекшеліктерін зерттеу;
2. Франчайзингтің негізгі нысаны мен түрлерін, салалық құрылымын қарастыру;
3. Франчайзинг нарығының халықаралық тәжірибесін зерттеу;
4. Франчайзинг келісім-шартының құрылымы мен мазмұнын қарастыру;
5. Қызмет көрсету саласындағы франчайзингтің жүйесін талдап, артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттау;
6. Қазақстандағы франчайзинг нарығына сипаттама беру;
7. Қазақстандағы франчайзинг мәселелерін қарастырып, жақсарту жолдарын ұсыну.
Зeрттeудiң әдiстeмeлiк және тeориялық нeгiздері. Диссeртaциялық жұмыс зeрттeудiң тұтaстылығын қaмтaмaсыз eтугe мүмкiндiк бeрeтiн жүйeлiк тaлдaудың әдiстeмeсiнe нeгiздeлeдi. Нeгiзгi қолдaнылғaн әдiстeр болып кeлeсiлeр сaнaлaды: тaлдaу, жинaқтaу, үлгiлeу әдiстeрi, ғылыми aбстрaкция, ұқсaстық, сaлыстыру, жiктeу, дeдукция, индукция, топтaстыру, стaтистикaлық жәнe грaфикaлық тaлдaу, фaкторлық тaлдaу әдiстeрi. Тeориялық нeгiз рeтiндe франчайзингке байланысты отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде, мeрзiмдi бaсылымдaрдa жәнe моногрaфиялaрдa, Хaлықaрaлық франчайзинг ассоциациясының мaтeриaлдaрындa ғылыми конфeрeнциялaрдa, сонымeн қaтaр Интeрнeт жeлiсiндeгi aнaлитикaлық рeсурстaрдa жaриялaнғaн iргeлi жәнe қолдaнбaлы зeрттeулeрдiң нәтижeлeрi қолдaнылды.
Зерттеудің деректік негізі ретінде Қазақстан Республикасының Заңдары, франчайзингтік қатынастар мәселелеріне жөніндегі нормативтік құжаттар қарастырылды. Зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің, сонымен қатар франчайзингтік кәсіпорындар мен Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының мәліметтері және жүргізілген маркетингтік зерттеу нәтижелері ақпараттық база болып табылады.
Диcceртациялық жұмыcтың ғылыми жаңалығы:
Зeрттeу жұмыcының барыcында кeлecідeй жаңа ғылыми нәтижeлeргe қoл жeткізілді:
oo Күрделі, көп қырлы экономикалық жүйе ретінде франчайзингтің экономикалық және ұйымдық мазмұны ашылды. Франчайзингтік қатынастар субъектілерінің өзара іс-қимыл жасау қағидалары қалыптастырылды.
oo Франчайзингтік толық жіктемесі негізделді, франчайзинг тетіктерінің негізгі құрамдас бөліктерін жүйелеуге мүмкіндік беретін франчайзингтік қызметтің түсініктік аппараты бойынша нақтылаулар берілді.
oo Қызметтік франчайзинг түсінігі анықталып, қызмет саласындағы франчайзингтің ерекшеліктері қарастырылды;
oo Сандық және сапалық сипаттамалардың және Қазақстан Республикасындағы франчайзингтік қатынастардың құрамдас бөліктерінің негізінде франчайзингтің даму заңдылықтары мен үдерістері қалыптастырылды.
oo Республикадағы франчайзингтік қатынастарды дамыту мәселелері анықталып, бір жүйеге келтірілді және оларды шешу жолдары негізделді.
oo Қазақстан Республикасындағы франчайзингтік қатынастардың қызмет етуінің заңнамалық-құқықтық базасын нақтылау бойынша ұсыныстар негізделді және осы өзгерістерге автордың берген түсініктері ұсынылды.
Диссертациялық жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңыздылығы:
Диссертацияда алынған нәтижелер ҚР-дағы франчайзингтік қатынастарды дамытуға бағытталған теориялық қорытындылар мен тәжірибелік ұсынымдарды пайдалану қажеттілігімен мен мүмкіндігімен негізделеді. Диссертацияның ережелері мен қорытындылары оның шеңберінде барлық шаруашылық етуші субъектілердің қызметін ҚР-дағы франчайзингтік қатынастардың заманауи жүйесін қалыптастыруға бағыттауға болатын құрылымдар құру үшін тәжірибелік шаралар әзірлеуге мүмкіндік береді. Жұмыста ұсынылған тәжірибелік ұсынымдар ҚР-дағы франчайзингтің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру, бағдарламалық құжаттарды, шағын және орта бизнес үшін жобалар мен нормативтік құжаттарды әзірлеу, сондай- ақ кәсіпкерлік құрылымдардың франчайзинг негізінде бизнесті дамыту және кеңейту стратегияларын әзірлеу кезінде пайдаланылуы мүмкін. Автор қол жеткізген қорытындылар мен теориялық ережелер франчайзинг бойынша оқу курстары мен оқу құралдарын дайындау кезінде және республиканың жоғары оқу орындарында әлемдік экономика, экономика, менеджмент және маркетинг бойынша кадрларды даярлау кезінде оқу үдерісінде пайдаланылуы мүмкін.
Қорғауға ұсылынған негізгі ғылыми ойлар
Франчайзингті оны түсінудің бизнесті жүргізу тұжырымдамасы, ірі және шағын бизнестің арасындағы шарттық қатынастар жүйесі және бәсекелстік артықшылықты қамтамасыз ететін желілік өзара іс-қимыл жүйесі секілді аспектілерді қамтитын күрделі, көп қырлы экономикалық жүйе ретінде қарастыру қажет. Франчайзинг түсінігінің аталған аспектілерінің толық сипаттамасы берілген және бизнесті жүргізу тұжырымдамасы мен франчайзингтік қатынастар субъектілерінің өзара іс-қимылы секілді негізгі қағидалары жасалды.
Жүйе ретінде франчайзинг белгілі бір тұтастықты, бірлікті құрайтын, бір-бірімен қатынаста және байланыста болатын элементтердің жиынтығын білдіреді. Франчайзингтік қатынастардың объектілері мен субъектілері, франшиза, сонымен бірге уақытқа қарай және осы элементтерге жүктелген функциялардың орындалу барысына сәйкес өзгеріп отыруы мүмкін оның түрлері секілді франчайзинг жүйесінің элементтері негізделді. Франчайзингтің қолданылып жүрген типологиясын жүйелендіру негізінде франчайзингтің түрлерін жіктеу бойынша нақтылаулар қалыптастырылды.
Франчайзинг ең алдымен, жеке қызмет көрсететін салаларға тиімді (қоғамдық тамақтану, қонақ үй шаруашылығы, автоқызметтер, тұрмыстық қызмет, жөндеу қызметтеру және т.б.). Мамандардың тұжырымы бойынша, қызмет саласындағы франчайзинг - бизнес жүргізудің ең болашағы зор түрі болып табылады. Оның негізгі бағыты - тұтынушыларға жоғары деңгейдегі қызмет көрсету. Франчайзер мен франчайзидің біріккен саясатының арқасында, тұтынушыға белгілі бір сауда белгісі белгілі бір уақыт арасында қандай және қандай сападағы қызмет көрсетілетіні тез уақытта мәлім болады. Хабардар болу тұтынушының өз қажеттілігін өтеу үшін ізденіс уақытын үнемдейді, ал күтулі сапа деңгейі жағымды көңіл-күйді қалыптастырады, ол өз кезегінде франчайзидің қызметіне тұтынушының қайтадан жүгінуіне алып келеді. Тұтынушы құқық иеленуші мен тауар белгісінің қолданушысын тең көреді, бұл франчайзингтік жүйенің дамуына қосымша импульс береді.
ҚР-дағы франчайзингтің дамуында сандық және сапалық үрдістер байқалады. Франчайзингтік қатынастардың сандық үрдістері - франчайзинг нарығы қатысушыларының санының өсуі, шағын және орта бизнес көлеміндегі франчайзингтік қатынастар үлесінің өсуі, франчайзингтік желілердің кеңеюінің жоғары қарқыны, франшиза ұсыныстарының оған деген сұраныстан жоғары болуы, қазақстандық франчайзингтік жүйелер санының өсуі. Ал, сапалы үрдістер республикадағы франчайзингтік қатынастардың дамуының негізгі мазмұндық сипаттамаларын көрсетеді: ҚР нарығындағы франчайзингтің әлемдік флагмандарының төмен үлесі, ресейлік және американдық франшизалардың жоғары үлесі, франшизалардың сауда маркаларының елге тиесілігін кеңейту, франчайзинг секторындағы қызметтер салаларының жоғары үлесі, сауда франчайзингінің жоғары үлесі, франчайзинг жүйесіндегі қосалқы лицензиялық қатынастардың жоғары үлесі, франчайзингтің өңірлер бойынша біркелкі дамымауы, франчайзингтің ел ішінде таралуының төменгі деңгейі. Сандық және сапалық өзгерістер өзара байланысты, олардың экономиканың жекелеген салаларында өзіндік көріну ерекшеліктері бар. Бұл ретте салалардың өздерінің ерекшеліктері бұл үрдістердің сипаты мен алуан түрлілігін айқындайды.
Республикадағы франчайзингтік дамуында келесі салалық ерекшеліктер анықталды. Өндірістік франшиза іс жүзінде дамымаған және қызметтер саласындағы франчайзинг жеткілікті дамымаған; жылдам тамақтану, супермаркеттер, автокөліктерді жалға беру секілді дәстүрлі бағыттардың франшизалық желілеріндегі сату көлемінің өсу қарқыны теңесуде; интернет- дүкен, жасыл франшизалар секілді франшизалар үшін жаңа нарықтық аумақтардың бөлінуі мен мамандануы жалғасуда. Жалпы республикадағы франчайзингті салаларға енгізу деңгейінің өсуі, сонымен бірге республикаға ресейлік және шетелдік франчайзингтік желілердің кіруін, шетелдік франчайзерлердің Қазақстан нарығына деген қызығушылығының өсуі, сондай- ақ қызмет етіп жатқан желілердің ішінде дамудың франчайзингтік бағытын бөліп алу үдерісін анықтауға мүмкіндік берді.
Франчайзингтің даму мәселелерін шешу үшін франчайзингті мемлекеттік қолдау тетіктері ұсынылды. Қазақстандық кәсіпкерлерге франчайзерлермен тікелей жұмыс істеуге тырысу қажеттігі ұсынылды, бұл өнімнің құнын төмендетеді. Қажетті нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру мен аймақтық және қалалық әкімшіліктердің кәсіпкерлікті қолдау департаменттерінде франчайзингті тіркеу және қолдау бөлімдерін құруы қарастырылды. Франзайзердің кепілдемесімен франчайзиге несие беру, Шағын бизнесті дамыту қорының франчайзингті несиелеу бағдарламасын жергілікті органдардың көмегімен жүзеге асыру мүмкіндігі сипатталды. Отандық франчайзерлердің жұмысын ынталандыру үшін корпоративтік табыс салығын төмендету және жергілікті франчайзилерді жер салығы мен мүлік салығынан босату керектігі ұсыныс ретінде қарастырылды.
Экономиканың қазіргі заманғы жағдайы мен оның интернационалдандырылуы бизнестің біріккен нысанын қалыптасуының ұйымдық-экономикалық негізін әзірлеу қажеттілігімен шарттастырылады. Атап айтсақ, бұл тенденция өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің төмендеуі жағдайында, әр өндіруші тұтынушы назарын өздерінің өнімдеріне аударту арқылы қызмет атқарушы кәсіпорындарға тән сипат алуда.
Заманауи әлемдік нарық өз құрылымы бойынша көбінесе монополистік бәсеке нарығы болып табылады. Бұл нарық моделіне бәсекенің жоғары деңгейі, тауарлардың дифференциациясы мен нарыққа енудің салыстырмалы жеңілдігі тән. Бұл нарықта бәсекені жеңу үшін тауар немесе қызмет сапасы өте жоғары деңгейде болуы қажет. Ал тауардың сапасын анықтайтың көрсеткіші ретінде тауар (қызмет көрсету) бренді пайда болады. Бренд сөзі бір жағынан ол белгілі бір көзқарас қалыптасатын объектіні, ал екінші жағынан осы көзқарасты қалыптастыру үдерісін білдіреді. Бренд заманауи түсінікте тұтынушының ойындағы бейне, көзқарастар мен түсініктердің жинағы болып табылады және осы бейне тұтынушыға белгілі бір тауарды ажыратуға және таңдауға мүмкіндік береді. Бренд термині мағынасы бойынша сауда маркасына (trade mark) жақын [1].
Тауардың немесе қызметтің бренд болуы тиімді франчайзингтік бизнес құруға мүмкіндік береді, ондай болмаған жағдайда франчайзи үшін оның ешқандай да құндылығы жоқ. Осылайша, бренд - бұл тұтыншулардың көзімен құнды болып келетін сауда маркасы, сондықтан егер осы түсініктерді байланыстыратын болсақ, брендке айналу әлеуетіне ие сауда маркасын әзірлеу туралы айтқан дұрыс болады. Дәл сондықтан франчайзингтік шартта, әдетте сауда маркасы кездеседі. Ал франшизаның құны, сауда маркасының емес, брендтің кіріс әкелу қабілеттілігімен анықталады. Сонымен бірге франчайзинг жаһандық деңгейдегі брендтерді тарату түрі болып табылады, осылайша іскерлік тәжірибелер мен күнделікті тұтынушылық стандарттардың жаһандық тұтастығы іске асырылады. Жаһандық деңгейдегі сауда маркаларымен ұсынылатын тауарлар мен қызметтер бірегей болып келеді және оларды барлық тұрғыдан алғанда болжауға болады, технологиялық үдерістің калькуляциясы және оны техникалық бақылау негізінде фирмалық стиль сақталады.
Осындай себептерге байланысты, бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік нысанының қалыптасуы мен дамуы ұйымдық-экономикалық тетіктерін әзірлеудің басым бағыты болып саналады. Франчайзинг ХХ ғасыр бизнесінде "төңкеріс" тудырып, жалпы қалыптасқан іскерлік қарым-қатынас нормаларына қатысты көзқарасты түбегейлі өзгертті. Ешқандай да экономикалық жаңа енгізілімдер, франчайзинг сияқты бүкіл әлем экономикасына, оның ішінде, экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы елдерге елеулі әсер бере алған жоқ. Сондықтан да франчайзинг ХХІ ғасырда әлем бойынша қазіргі кезде өте кең таралуда, және бизнестің ұтымды оңтайлы іскерлік үлгісі болмақ.
Франчайзинг (ағылш.franchіse - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы франчайзинг. Франчайзингтің даму және құрылу ерекшеліктері
Франчайзингтік келісім - шарт
Франчайзингтік қатынастар жүйесі талдау
Франчайзингтік қарым - қатынастардың жүйесі
Франчайзинг – кәсіпкерлік түрі ретінде
Франчайзинг
Кәсіпкерлік қызметті басқару
Кәсіпкерлік қызметтегі орта
Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі
Франчайзинг жүйесін әзірлеу кезеңдері
Пәндер