Қоғаммен байланыс қызметінің мәні


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Курс жұмысы

Тақырыбы: Қазақстандағы және шетелдердегі PR дамуы

Орындаған: Ж. Тлеумбек

Тексерген: А. А. Садуакасов

Алматы, 2020

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі

Қазақстан Республикасы қоғамдық сананы жаңғырту ұстанымын алға қойған ізгі даму жолымен келеді. Қоғамдық сана, пікір, ақпараттық байланыстар, патриотизм қазіргі жаһандану құбылысы әлемдік бірегей жалпыадамзаттық құндылықтардан, кіріктірілуден, ізгілендіруден, компьютерлендіруден, цифрландырудан, әмбебаптылықтан, бәсекеге қабілеттіліктен және т. б. сапалардан құралады деп түсініледі. Бұл құрылымнан заманауилығы, жаһандануы басым жалпыадамзаттық, ұлттық жаңа дүниетаным қалыптаспақ. Ол құбылыстар өскелең ұрпақтың байланыс құралдарын сақтауы мен үстемелеуіне ықпал етеді.

Аталған тақырыпқа курс жұмысын жазуға себебім: қазіргі жастардың PR сана-сезімінің дұрыс қалыптасып, олардың қазіргі заман келбетіндегі болашаққа, өркениеттікке бағытталатын жолдарына көбірек үңілгім келді.

Зерделеу кезінде Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз бүгін - өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік ұстанымы бар табысты мемлекетпіз . . . Әрі қарай болашақта Қазақстанды төрткүл дүниеге таныту саясаткерлердің, БАҚ өкілдерінің ғана емес, қоғаммен байланыс мамандарының да еншісінде» [1] . - деген қағидасын негізге алдым. Оның өзектілігінен туған ойларымды етіп айтқым келді.

Жұмыстың мақсаты: Қазақстандағы және шетелдердегі PR дамуын көрсету.

Жұмыстың міндеттері:

  1. Еліміздегі PR саласының жай-күйін анықтау.
  2. PR-дың пайда болу тарихына шолу жасау
  3. Европадағы PR-дың дамуын зерделеу.
  4. АҚШ-тағы PR-дың дамуын айқындау.

Жұмыстың әдісі: Зерттеу, салыстыру, тұжырымдар жасау.

Терминдер

PR - қоғаммен байланысы және нәтижелері бойынша мамандардың нақты қызметі.

Қоғаммен байланыс - әдетте, оқу пәнінің, оны оқытудың, ғылыми зерттеудің, ресми құжаттардың, лауазымдардың теориялық атауы.

Пиар - көбінесе тұтынушылардың тапсырысы және төлем жасайтыны ретінде қолданылады.

Корпоративтік PR - кәсіпкердің, оның фирмасының имиджінің қалыптасқандығы.

Коммерциялық PR - кәсіпкердің бизнес өнімінің оң қозғалысы.

Релайтер - қоғаммен байланыс бойынша маман, байланыстырушы.

Жұмыстың мазмұны

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

  1. Қоғаммен байланыстың жалпы түсінігі. PR анықтамасының қалыптасуы. Қоғаммен байланыс қызметінің мәні.
  2. PR-дың тарихы мен дамуыШетелдердегі PR пайда болуы және оның технологиялық дамуы. Қазақстандағы PR тарихы мен дамуы.

Қорытынды.

  1. Қоғаммен байланыстың жалпы түсінігіPR анықтамасының қалыптасуы

Қазақстандағы және шетелдердегі PR дамуы мәселесі әлемдік өркениеттің қазіргі постмодернизм дәуіріндегі дамуының алғышарттарының құрамдасы ретінде аса өзектілікті құбылыс болып табылады. Ол бүгіндері PR, негізінен, коммуникациялар менеджменті деп танылады. Жалпыға белгілі, ғылыми-техникалық прогресс пен технологияның өркендеу қарқыны қоғамдағы адам факторын ығыстыруда, оны роботқа айналдыруға бағытталуы үлкен қатер төндіруде. Мұндай жағдайда PR-адами құндылықтардың жаппай индустрияландырылу үдерісінде сақталуын көздейді. Бұл орайда оны түсіну үшін PR қызметінің негіздерін көрсеткен француз ғалымдары Люсьен Матра, Филипп Буари т. б теориясына сүйенеміз. Бұл ғалымдардың көрсетуі төмендегідей: Адам материалдық және мәдени құндылықтар жасайды. Жасауы тиіс. Бұлар - жасампаз адамдар. Олардың өнімдерін тұтынатын адамдар бар. Бұлар экономиканы тұтынушылар. Содан соң қоғамдық адамдар тобы болады. Қоғамдық адамдар - барлық әлеуметтік қатынастардың жиыны. PR - қоғаммен байланыс ретінде, негізінен, осы қоғамдық адамдарға бағытталады. Осылайша қоғамның материалдық, әлеуметтік және рухани қажеттіліктері мен сұраныстары кешенді қанағаттандыру үдерістері де жүріп жатады.

Бұның өзі индустриялдық қоғам ығыстырған құндылықтарды адамның өзіне қайтару болып табылады. Осы арқылы адамды қайтадан жұмыс пен өндіріске байланыстырады, сөйтіп оған сенім, махаббат, ынта, қуаныш құндылықтарын оралта отырып, қоғам үшін, планета үшін жауапкершілікті етуі, оның ертең роботқа айналуына жол бермейді. Бұл адамдарды бөліп-жарып бейберекет бірліксіз етуді мақсат ететін адастырғыш, ауытқытқыш ақпараттық салаларға тосқауыл қоятын паблик рилейшнз, яғни PR қызметі болып танылады.

PR негізі рөлді адамдар атқаратын корпоративтік, коммерциялық, ішкі, сыртқы т. б. формаларда дамиды.

Корпоративтік PR - кәсіпкер мен оның фирмасының имиджін қалыптастырады.

Коммерциялық PR - кәсіпкердің бизнес-өнімін әрі қарай жүргізумен айналысады.

Ішкі PR - ішкі корпоративтік коммуникация, яғни компания ішіндегі өзара байланыстарды басқарады.

Сыртқы PR - компанияның сыртқы ортамен: бәсекелестігімен, әріптестерімен, серіктестерімен, инвесторларымен, сатып алушыларымен, клиенттермен, ішкі емес барлық қызметкерлермен - байланыс мәселесімен айналысады. Бұл жағдайлар «Қазақстандағы және шетелдегі PR дамуы» деген тақырыптың мазмұн-мәнін айтуға негіз береді.

Алғашқыда PR мәні түсініксіз болып, бұл саланың арнайы мамандары да болмағандықтан, қоғаммен байланыс құбылысы, түсінігі белгілі бір жүйеге түсе қойған жоқ.

«Қоғаммен байланыс - бұл тек ХХ ғасыр еншісіндегі феномен емес, түп тамыры ерте тарихта жатыр. Бұл байланыстар адамдар арасындағы байланыс сияқты өте ертеден бастау алады. Тіпті Шумер, Қытай, Вавилон, Ежелгі Грекия және Ежелгі Рим өркениеттерінде адамдарды өз елдерінің билігін және дінін қолдауға көндірген. Мұндай практика қазіргі күнге дейін сақталған: адамдар арасындағы байланысқа сөйлеу шешендігі, арнайы іс шараларды ұйымдастыру, паблисити және т. б. арқылы ықпал етуде» [2] .

PR ұғымының негізі Америка Құрама Штаттарында қаланған. «Қоғаммен байланыс» («public relations») термині алғаш 1807 жылы Американың үшінші президенті Томас Джефферсонның «Конгресстегі жетінші рет сөйлеген сөзінде» «қоғамдық ойдың жағдайын» «қоғаммен байланыс» сөз тіркесіне ауыстыруынан басталды. Ал, «Public relations» терминін 1882 жылы заңгер Дорман Итон Йель қолданысқа енгізді. 1975 жылы «Foundation for PR research and Education» атты Америкалық қоры 500-ге жуық PR анықтамаларын зерттеп, өз анықтамаларын шығарды. Қоғаммен байланыс ардагері, доктор Рекс Харлоу PR мәнін ашатын 472 анықтама қарастырды. Қазіргі таңда PR мазмұнын ашатын мыңнан астам ғалымдардың анықтамалары бар.

XX ғасырдың соңғы онжылдығында жаңа арналар - ғаламтор, спутниктік және кабельді теледидар, электронды газеттер, алуан сипатты радиостанциялар өмірге келген соң, PR мазмұны кеңейіп, ол оқиғаның жаңалыққа, ақпаратқа айналу үдерісіне атсалысты. Үкіметтік мекемелердің, коммерциялық ұйымдардың, орындардың өзара қарым-қатынасы осы PR арқылы, яғни жұртшылықпен байланыс арқылы жүзеге асып отырды. Адамзаттың тұрмыс-тіршілігі мен қызметінің өзгеруіне және ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты қоғамдық пікірге ықпал етудің дербес түрлері дамыды. Соның нәтижесінде PR бірте-бірте өз алдына ғылым ретінде қалыптаса бастады. Жалпы жинақталған анықтама: «Паблик релейшнз - ұйым мен қоғам арасында өзара тиімді, үйлесімді қатынас орнатуға бағытталған басқару қызметі. Сол ұйымның табысты болуы осы қызметке байланысты». Ендігі бір сүйенерлік анықтама: «PR - ақиқат шындыққа және толық ақпараттыққа негізделген өзара түсіністік жолымен сыртқы ортамен үйлесімге қол жеткізу өнері және ғылымы»

Қазіргі уақытта мейлінше өз қызметіне жақын деп танылған профессорлар Лоуренс В. Лонги және Винсент Хазелтон анықтамалары ұйымның қоршаған ортаға бейімделуі арқылы басқарудағы коммуникативтілік қызмет, бұл бейімделу өз ұйымының мақсаттарына жетуі үшін өзгеріп отырылуы немесе сақтала тұруы ықтимал деп табады. [3] .

«Жоғарыдағы анықтамаларды жинақтай келе, төмендегідей тұжырым жасауға болады. PR - ұйымның керекті аудиториямен коммуникацияларын басқару, оның мақсаты: берік байланыстар, сенім мен өзара түсіністік қалыптастыру.

«PR» түсінігі (немесе «қоғаммен байланыс») алғаш рет бизнес саласында пайда болды. Бірақ, қазіргі таңда саяси саланың да бір түсінігі ретінде қалыптасып, қолданылуда» [4] .

  1. Қоғаммен байланыс қызметінің мәні

Қоғаммен байланыс мәселелерін зерттеу бағытына алыс және шетелдік зерттеушілер мен біршама отандық ғалымдар өз еңбектерін арнады. Олардың қатарына: В. Г. Королько, Г. Л. Тульчинский, Е. Шаймерденұлы, Ж. Бекболатұлы, Г. С. Сұлтанбаева, сондай-ақ, алыс шетел елдегі А. А. Wirthlin сынды т. б. зерттеушілерді жатқызуға болады. 1978 жылдың тамызында Мехикода өткен PR қауымдастығының Дүниежүзілік ассамблеясының қатысушыларының тұжырымдамасында да «PR мәні - бұл тенденцияларды талдау, олардың салдарын болжау, ұйым басшылығына ұсынымдар беру және екі ұйымның да, көпшіліктің де мүдделері үшін іс-қимыл бағдарламаларын іске асырудың өнері мен ғылымы»- деп анықтама берді.

Қоғаммен байланыстың мәні - адамдармен байланыс орнату және қолдау бойынша жүргізетін коммуникативті іс-әрекеттің түрлерін айқындау. «Қоғаммен байланыс» саласы мемлекет пен жұртшылық арасындағы дәнекерші де болып саналады. Оның қоғам өмірін реттеуші қызметінің маңыздылығы өте жоғары.

Қоғаммен байланыс - бұл:

  • жеке адамға, ұйымға және сыртқы адамдарға, адамдар топтарына немесе тұтас қоғам арасындағы өзара түсіністік пен ізгі ниетке ықпал ету;
  • қоғамдық пікірді мақсатты түрде басқару;
  • ұйымдар арасында қолайлы көзқарас құру;
  • жариялылықты қалыптастыру механизмі, қоғам мен жеке адамдар үшін танымалдылық пен тартымдылық туғызу;
  • брендке немесе атаулылыққа қоғам назарын аудару;
  • қажетті қоғамдық пікірді қалыптастыруға бағытталған арнайы ақпараттық басқару;
  • қажетті ортаны ұйымдастыру, жасау, сату т. б.

«Қоғаммен байланыс мамандары қоғамға хабарды, ақпаратты БАҚ өкілдері арқылы жеткізеді. Олар қоғам мен мекеменің арасын байланыстыру үшін қажет. Сонымен бірге баспасөз мәслихатын ұйымдастырумен шектеліп қана қоймай, сол мекеменің сыртқы және ішкі келбетін, имиджін қалыптастыру мақсатында қызмет атқарады. Жарнама жасай отыра, халыққа мекеменің жағымды жақтарын көрсетеді». [5] .

PR Қоғамның 4 саласы бойынша жұмыс істейді:

  • Білім беру (ЖОО PR мамандарын даярлау)
  • Бизнес саласы және коммерция (товарды өткізу, сату)
  • Саяси PR (саясаткерлердің имидж жасауы, кандидаттарды дайындау)
  • Әлеуметтік PR (ешқандай пайда көзі жоқ тегін PR, қоғамдағы жағдайы нашар топтарға көмек көрсету) .

Біздің елімізде PR-дың кәсіби қызмет саласы ретінде пайда болуына әлеуметтік қатынастардың дамуы, азаматтық қоғам институттарының, нарықтық экономика тетіктерінің өмірге келуі түрткі болды. Осы арқылы экономикалық және саяси салаларда бой көрсеткен мүдделерді ескеріп отыру мүмкіндігі туындады.

  1. PR-дың тарихы мен дамуыШетелдердегі PR пайда болуы және оның технологиялық дамуы.

PR қызметінің шығу төркіні туралы PR қызметі Ежелгі Рим мен көне Қытайда пайда болған деген даулы ақпараттар да жоқ емес.

К. Куле, Г. Меклер т. б. ғалымдардың еңбектерінде әлемдегі PR тарихы қаралады. Бұл өзгеше кәсіптің әлеуметтік, саяси, ақпараттық, психологиялық т. б. салалық болып пайда болуын өзгелдерді өз тауары, өнімі, ойына сендіру қажеттілігінен туындаған деп тұжырымдайды. Өйткені сендіру мен ынталандыру, ниеттендіру қоғамдық қозғаушы күш болып табылады. Осыған байланысты PR ең алдымен қарым-қатынас психологиясы мен мәдениеті түрінде туындаған. PR өндірушіден тұтынушыға ақпарат жеткізу құралы ретінде бірте-бірте қызметін кеңейте түседі. Атап айтқанда: біріншіден, қызметті басқарудың өзгеше бір түрі; екіншіден, ортақ мүдделер қалыптастыруға бағытталған, арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас; үшіншіден, өзара түсіністікке қол жеткізу өнері, қақтығыстарды болдырмау өнері. [6] .

Еуропалық PR өз тарихында төрт дәуірді бастан кешіргені танылған. Біріншісі: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақыт: «Қарапайым дәуір». Ол - әртүрлі әлеуметтік топтар арасында қарым-қатынас орнатуға ұмтылу дәуірі. Осы кезеңде корпорация мен баспасөздің тиімді қатынастарын орнату жүріп, пресс-рилейшнз қалыптасады. «Екінші дәуір» 1950-1970 жылдарды қамтиды. Бұл кезде БАҚ-мен қатынасты орнату жеткіліксіз деп табылып, ақпараттарды қоғамның басқа да топтарына бағыттау арқылы компания өміріне тікелей және жанамалай септік жасау көзделеді. Сөйтіп, қоғам алдында компанияның имиджін қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді. «Үшінші дәуір» - 1970-1980 жылдар. Мұнда рынокты кеңейту қолға алынады. Ол ұлттық өндіріс пен өзге елдер өндірісінің байланысын орнатумен, мүдделі қауымдастықтарды көбейтуге ұмтылыспен анықталады. «Төртінші дәуір» 1990 жылы басталып, паблик рилейшнз деп аталады. Ол әлемдік ақпараттық рыноктың қалыптасуымен, БАҚ-ты , жаппай коммуникациялау жүйесінде жаңа электрондық технологиялардың дамуы мен сипатталады. Тап осы төртінші дәуірде PR мамандық ретінде түпкілікті қалыптасады.

Бұл белгілер, әсіресе, неміс және француздардың PR мектептеріне тән болды. Олар сол кездегі Америкадағы қоғаммен байланысты салыстырғанда, корпоративтің ғана дамуына мүдделі американдық мектептен адами факторлардың ескерілуімен ерекшеленеді.

Америкадағы PR дамуы іс жүзінде 1900 жылдардан басталады. Гарвард университетінде, Пенсильвания штатының университетінде паблисити бюролары жұмыс істей бастайды. 1920 жылдарда қоғаммен байланыспен айналысатын мамандандырылған фирмалар құрылады. Ал 1945-1965 жылдарда PR АҚШ-та дербес бағыт ретінде жаппай өркендейді. 1990 жылдан бастап цифрлік маркетинг дамиды, ол күнделікті өмірге енеді. 2012 жылы қазіргі бар және жаңа коммуникациялық арналарды бір жүйеге келтіретін бірыңғай Paid, Earned, Shared және Owned желілері пайда болды. Зерттеушілер 1948 жылы - Public Relations Society of America (PRSA) - Америка жұртшылықпен байланыс қоғамы, 1953 жылы - Халықаралық сауда палатасы PR жөнінде комиссия құрылды. 1954 жылы - PRSA алғашқы PR этикалық кодексін жасады. Ал, 1955 жылы - Лондонда Халықаралық PR ассоциациясы (IPRA) , 1959 жылы - Еуропалық PR конфедерациясы (CEPR) құрылған еді. 1961 жылы - PR IPRA кәсіптік мінез-құлық және PR этикасын қабылданғаны туралы айтады.

  1. Қазақстандағы PR тарихы және дамуы

XXI ғасыр - ғылыми технология мен ақпараттық коммуникациялардың қарыштап дамыған кезеңі саналады. PR қызметі Қазақстан Республикасында ең алғаш Тәуелсіздік алғаннан бері қалыптасты.

PR қызметі жаңадан қалыптасуына байланысты фирмалар мен ұйымдардың маркетингтік, консалтингтік жарнама агентіктері мен PR агенттіктерінің саны едәуір арта бастады. «Public relations» PR қызметі ақпараттық коммуникациялардың құрамына кіреді. Қазақстан Республикасындағы PR қызметінің қалыптасуы мен дамуы маркетинг жүйесінде ғана емес, қоғамның барлық салаларында маңызды рөлге ие. Олай дейтініміз, мемлекеттік, саяси немесе мәдени әр-түрлі коммерциялық ұйымдардың, мекемелер мен фирмалардың, корпорациялар мен компаниялардың бет-бейнесін қалыптастыруда таптырмас PR қызметі маңызға ие. Бұны «сайлау технологиялары», «имидж», «имиджмейкер», «промоушн», «үгіт-насихат» деген т. б. толып жатқан сөздер біздің қоғамымызға толық кірігіп, қолданысқа еніп жүруінен де байқауға болады.

«Қоғаммен байланыс (Public relations, PR) - релайтерлердің (пиармен мен пиарвумен) арнайы мамандандырылған қызметі. Яғни олар - корпорациялар мен персоналдардың, мемлекеттік мекемелердің, қайырымдылық қоры мен сауда бірлестіктерінің жағымды имиджін қалыптастырушылар, олардың өкілдері - нақты бір тұлға туралы немесе тауар бойынша қоғам алдында жақсы көзқарастың қалыптасуы үшін қоғаммен байланыс жасайтын мамандар. Бұл қызмет көбінесе баспасөз құралдары, теледидидар, радионың көмегімен іске асады. Негізгі мағынасында PR қызметі арқылы сенім мен өзара түсіністік тудырып, билік пен қоғам арасында көпір құруға арналған. PR қызметі дегеніміз - қоғам мен билік арасындағы кері байланысты орнату, халықтың сеніміне ену Ол қоғамдастықты ақпараттандыру құралы болып табылады. Бірақ бүгінгі күнде осы терминнің әртүрлі аударылуына байланысты сан алуан мағынада қолданылып келеді» [7] .

Ал PR қызметінің Қазақстан Республикасында жаңадан қалыптасуына байланысты фирмалар мен ұйымдардың маркетингтік, консалтингтік жарнама агенттіктері мен PR агенттіктерінің саны алғашында аз болған. Бүгінде, зерттеуші ғалым Ж. Бекболатұлының пікірінше, Қазақстандық PR агенттіктердің санының даму қарқыны бұрынғымен салыстырғанда, едәуір өсіп келеді, ол заманауи қолданыста. Елімізде қоғаммен байланыс саласында қызмет атқарып отырған ұйымдар мен компаниялардың, агенттіктердің қатарына төмендегі PR ұйымдары жатады. Олар: Қазақстан баспасөз-клубы www. pressclub. kz, Қазақстан журналистер Одағы, Ұлттық баспа-сөз-клубы, PR Management агенттігі www. media-club. kz, Ренесанс агенттігі www. renessans. kz, Медиа-систем агенттігі www. medisystem. kz, БРИФ агенттігі www. brif. kz, Репутация коммуникативтік технология орталығы www. imagekz. com, InfoPrim шығармашылық сараптау тобы www. infoprim. kz, Public relations & Promotion Central Asia www. prp. ru, PRИОРИТЕТ мектебі www. prioritet. kz және т. б. Жоғарыда келтірілген мысалдардан Қазақстан Республикасында PR өндірісі институт болып қалыптасты деп айтуымызға болады.

Қазақстан Республикасының PR нарығында жетістіктерге жетіп үлгерген агенттіктердің бірі - Tayniy Sovetnik Ogilvy PR агенттігі. Орталық Азияның нарығында 2004 жылдан бері қызмет атқарып жатыр. Штаб квартирасы Нью-Йоркта орналасқан. 2006 жылдан бастап компания әлем бойынша 60 кеңсесі бар халықаралық жүйе Ogilvy Public Relations World wide құрамына кіру мәртебесіне ие болды. Сонымен қатар бұл агенттік WPP Group-тің бір бөлігі және әлемдегі ең ірі коммуникациялық холдингтердің қатарына жатады. Ол өз қызметін Қазақстанда сәтті атқаруда және PR саласында стратегиялық кеңес беру бойынша қызмет етіп келеді. Басты мақсаты - корпоративтік және қаржылық коммуникацияда, әлеуметтік маркетингте, қоғамдық және мемлекеттік ұйымдарда серіктестіктік бағдарламалар бойынша және ақпараттық технологиялар саласындағы маркетинг коммуникациясы бойынша өз қызметтерін көрсетеді. Сонымен қатар Tayniy Sovetnik Ogilvy PR агенттігі Дағдарысқа қарсы қалыптасқан мәселелерді шешумен айналысады.

PR қызметі - билік пен қоғам арасындағы және ұйым мен қоғамның арасындағы коммуникацияны орнықтырады. Күнделікті бұқаралық ақпарат құралдары мен әдебиеттерден және өмірден байқағанымыздай, оның әлемдік аренада алатын рөлі ерекше деп айтуға болады. Алдағы уақытта біздің мемлекетте PR қызметі барлық салаларда дамып, қызмет атқаратыны кәміл.

Қазақстанда жұртшылықпен байланыстың өзіндік жүйе, әлеуметтік институт ретінде қалыптасуында, PR қызметтерінің жұмыс істеп, агенттіктерінің санының едәуір артуында әлемдік тәжірибе пайдаланылды. ҚР-да жұртшылықпен байланыс жөніндегі ұлттық ассоциациясы және Қазақстан PR кәсіпқойларының «PR»-шы клубы сияқты алғашқы қоғамдық бірлестіктер пайда болды. Клубтың негізгі міндеті кәсіби PR нарығын дамытуға жәрдемдесу болып табылады. «PR Қазақстанда өз мағынасында 1990-шы жылдары пайда болды: үгіт-насихат, ұран сөздері бірден қоғаммен байланыс терминдерімен алмастырылды және қоғаммен байланыс бизнес құрылымдарда емес алдымен мемлекеттік органдарда дамып, бастау алды. Посткеңестік елдерде қоғаммен байланысты алғаш рет қоғамның басқа салаларында емес, сайлау процесінде қолданған болатын» [8] .

Елімізде 2001 жылы Жұртшылықпен байланыс жөніндегі ассоциациясы (ЖБҰА) PR нарығында кәсіби қызмет көрсететін бірнеше компаниялар бастамалары құрылды. Оның мүшелері қатарына бірнеше агенттіктер кіреді. ЖБҰА-ның негізгі миссиясы - Қазақстанда кәсіби PR индустриясын қалыптастырып, дамыту. Жарғылық мақсаттарына ЖБҰА мынадай әдістермен қол жеткізеді: Қазақстанның PR агенттіктері, PR-мамандары арасындағы қарым-қатынастарды дамыту; халықаралық ынтымақтастық; бизнес қауымдастығымен қарым-қатынас жасау; сала мүдделерін БАҚ-та және мемелекеттік органдарда қолдау т. б. [9] .

«Ашығын айту керек, қазақстандық PR өзінің даму қарқыны жағынан ресейлік әріптестерден кенжелеп қалып отыр. Ресей PR-нарығының бір ерекшелігі онда жұртшылықпен байланыстың саяси және бизнес-PR сияқты құрамды бөліктері толығырақ қамтылған. Оның үстіне Ресейде саяси PR бизнес-PR-дан бұрынырақ дүниеге келді. Мұның өзі бизнестегі PR дамуының алғашқы кезеңінде жұртшылықпен байланыстың қуатты кадр әлеуетін жасақтауға мүмкіндік берді, екінші жағынан осы қос сала арасындағы біліктілік пен машық сияқты үрдістердің алмасып тұруына жағдай жасады. Ал Қазақстанға келетін болсақ бизнес PR-дың саяси PR-дан әлдеқайда басым түсетінін байқаймыз, оның үстіне қазақстандық бизнес-PR академиялық қасандықтан және теорияда қолдану мүмкін саналатын, алайда іс жүзіне асыру мүмкін болып табылмайтын жұртшылықпен байланыстағы шаралар кешеніне көз салудан арылатын емес» - [10] . деп зерттеуші Ж. Бекболатұлы «Қазастанда жұртшылықпен байланыстың дамуы» атты 2011 жылғы мақаласында жазған еді.

Ғалым Ж. Бекболатұлының пікірінше, қазіргі уақытта Қазақстандық PR агенттіктердің саны өсе түсуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқарамен байланыстың дербес кәсіби мамандық ретінде қалыптасуы және дамуы
Компаниядағы қоғаммен байланыс маманының қызметін ұйымдастыру
Фирманың имиджін қалыптастырудағы қоғаммен байланыстың рөлі
ҮКІМЕТТЕГІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУЫ
Баспасөз қызметінің құралдары
Қоғаммен байланыс қызметі
PR – стратегияны жоспарлаудың функциялары мен міндеттері
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары жайында
Қазақстандағы PR-дың болашағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz