Маугли балалар


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым мнистрлігі
«Баишев университеті» мекемесі
Педогогика, психология және пәндік технологиялар кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып: Тәрбиеші- педогог пен мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы қарым - қатынас түрлері
«Мектепке дейінгі педогогика» пәні бойынша
«6В01211-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша
Орындаған
МДОжТ-2(3) курс студенті Әбдіханова Ә. Т.
Ғылыми жетекші
Магистр, аға оқытушы Изтлеуова С. Ш.
Ақтөбе, 2021
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
І-тарау
Шетел және отандық психологтардың зерттеулеріндегі қарым - қатынас мәселеріне теориялық анализ
- Шетел психологтарының еңбектеріндегі қарым - қатынас мәселері.
- Отандық психологтардың зерттеулеріндегі педогогикалық қарым - қатынас.
ІІ-тарау
Мектеп жасына дейінгі баланың ересектермен қарым - қатынас аспектілері.
- Эксперимент.
- Белгілеуші эксперимент.
- Қалыптастырушы эксперимент
ІІІ-тарау
IV. Қорытынды
V. Практикалық ұсыныстар, пікірлер.
VI. Әдебиеттер
VII. Қосымшалар
Кіріспе
Қарым-қатынас дегеніміз - ғылым әрі өнер. Бұл творчествалық процесс. Қатынас жасау адамның өмір тәжірбиесіне, біліміне, тапқырлығы мен ақыл-ойына байланысты жүзеге асып отыратын тіршілік мұқтаждығы. Тіл табысып өзгелермен қатынас орнату әрбір адамның өзіндік талғам-тілегін, ықылас-ынтасын жалпы адамға деген адами көзқарасын жете түсінуді талап етеді. Қарым-қатынас нәтижесінде адамның кісілік қасиеті, өзгелерге деген қамқорлығы мен жанашырлық сезімі, гуманитарлық көзқарасы қалыптасады. Адам өзін өзгелердің орнына қойып, байқап оның ішкі дүниесінің сырын да барлап біледі.
Басқа адамдармен араласу нәтижесінде адам жалпы адамзаттық тәжірбиені, тарихи қалыптасқан әлеуметтік норманы, бағалықтарды, іс-әрекеттің тәсілдері мен білімдерін меңгереді, сонымен бірге жеке тұлға ретінде қалыптасады. Яғни қарым-қатынас адамның психикалық процесі, күйі, мінез-құлқы туындап, қалыптасып, дамитын әмбебеп шынайылық деп анықтауға болады.
Қарым-қатынас баланың қалыпты психикалық дамуының бөлінбес шарты және маңызды факторы. Айналадағы адамдармен қарым-қатынасқа қажеттілік адамда бірінші дәрежелі мәнге ие. Бала соған байланысты адаммен сабақтас әсерлерге ерекше назарын аударды деуге болады. Мектепке дейінгі жас баланың айналадағы адамдармен қарым-қатынасының дамуының маңызды кезеңі.
Кішкентай бала ересектермен қарым-қатынасқа түсу арқылы адамзат тәжірбиесін меңгереді. Міне сондықтанда қарым-қатынас баланың жалпы психикасы дамуының басты факторы.
Мәселенің өзектілігі: Біздің зерттеу барысында берілген ұсыныстар балалардың қарым-қатынас дағдыларын меңгеріп, қалыптастыруда тәжірбиешінің педогогикалық практикасында сонымен қатар, отбасылық бала тәрбиесінде қолдануға болады.
Зерттеу объектісі: Ақтөбе қаласындағы «Ақбөбек» бөбекжай балалары.
Зерттеу құрамы: Қарым-қатынас ол психикасының дамуымен қарым-қатынас типіне тәуелді, бала психикасының маңызды процестерінің бірі.
Мақсаты: Баланың ересекпен қарым-қатынасының типін анықтау және оның мектепке дейінгі жастағы бала психикасы дамуына әсерін зерттеу.
Ғылыми болжамы:
- Мектепке дейінгі балалардың ересекпен қарым-қатынасының бала психикасының дамуына әсері балабақшадағы оқу-тәрбие процесіне байланысты.
- Ата-ана мен отбасының басқа да мүшелерінің баламен қарым-қатынасына байланысты.
- Балалардың жас ерекшелігіне байланысты қарым-қатынас типінің өзгеруі.
Алға қойылған мақсатпен ғылыми болжамдарға байланысты мынадай міндеттер қойылады:
- Берілген мәселелер бойынша әдебиеттерге талдау жасау негізінде, зерттеудің мәселелік күйін анықтау.
- Әдебиеттерді меңгеру жолымен, мақсатқа жету үшін адекватты әдістемелік құралдарды таңдап алу.
- Мектепке дейінгі баланың психикасының қалыптасуы мен дамуын анықтау және баланың ересектермен қарым-қатынас типінің психикалық дамуға әсерін анықтау.
- Мектепке дейінгі балалардың қарым-қатынасын меңгеріп, қалыптастыру үшін ат-аналар мен тәрбиешілерге ұсыныстар жасау.
Әдістемелік негізі: балалардың ересектермен қарым-қатынас аспектілерін зерттеп, оның бала психикасының дамуына әсерін анықтауда М. И. Лисина, Т. Шерьязданова, А. В. Запорожец, А. А. Леонтьевтің психологиялық теориялық зерттеулері алынды.
Ғылыми жаңарысы: әр түрлі жас кезеңіндегі баланың ересектермен қарым-қатынас типін игеру және оның бала психикасының дамуына әсерін зерттеуден тұрады. Ересек пен бала арасындағы қарым-қатынас типін меңгеру жағдайлары шынайы түрде өтті.
Теориялық маңыздылығы: Зерттеуде мектеп жасына дейінгі балалардың ересектермен қарым-қатынас аспектілері және оның бала психикасының дамуына әсері жөнінде психолгтардың анықтамалары көрсетіледі.
Практикалық бағыттылығы: Зерттеуде балабақша тәрбиешісі мен ата-аналараға, балалар психологына қолдануға болатын бірнеше ұсыныстар енгізілді. Олар кейінгі балалардың ересектермен қарым-қатынасын зерттеуге үлкен көмек береді.
Қурстық жұмыс құрылым: жұмыс кіріспеден, үш тараудан, әдебиеттер тізімі мен практикалық ұсыныстардан тұрады.
- Шетел және отандық психологтардың зерттеулеріндегі қарым-қатынас мәселелеріне теориялық анализ.
- Шетел психологтарының еңбектеріндегі қарым-қатынас мәселері. Шетел психологтарының еңбектеріндегі қарым - қатынас мәселері.
Қарым-қатынас бала психологиясының қалыпты дамуының бөлінбес
шарты және маңызды факторы.
Адамның қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түсу қажеттілігі бірінші сатыда тұрады. Қоғам психологтардан қарым-қатынас генезисі туралы сұрақтарды өңдеуді және оның алғаш рет туындауы мен одан әрі дамуына анықтама беруді талап етті.
Қарым-қатынас генезисі мәселесін ең алдыңғылардың бірі болып өңдеген ағылшын психологы Дж. Боулби болды. Оның өзіне шығармашылық позициясымен жақын франциядан Рене Питс, автриядан Анна Фрейд және басқа да.
Европалық психологтар тәрізді кішкентай баланың психикалық жағынан дұрыс дамуы үшін анасымен қарым-қатынастың бірінші деңгейлі мәнін ашып көрсетті. Ғалымдар оның қарым-қатынасының жеткіліксіз болуы бала өміріне қауіп туғызады, оның дене және психикалық дамуына кедергі жасайды. Бұдан кешерек қарым-қатынас генезисін зерттеуге АҚШ ғалымдары да өз қызығушылықтарын көрсете бастады. Олар 1950 жылдары әр түрлі кезеңдегі балалардың ересектермен және басқа да балаларменде қарым-қатынасының бағытына талдауды «Әлеуметтік білім беру» теориясына сүйене отырып өткізді. Баланың анасынымен және құрдастарымен қарым-қатынасы олардың еңбектерінде «Стимулреакция» заңына бағынған әртүрлі құбылыстар түрінде түсіндіріледі.
Күшкентай балалар үшін ересектермен қарым-қатынас контекст ретінде қызмет көрсетудің бір ғана мүмкіндігі болып табылады. Сол арқылы бала ертеден қалыптасқан адамдар тәжірбиесін меңгереді. Міне сондықтанда қарым - қатынас баланың жалпы психикалық дамуы үшін басты фактор болып саналады.
Госпитализм құбылысы ата-анасыз қалған балаларды отбасынан тыс тәрбиелеуге алғашқы әрекеттер жасала бастағанда-ақ көрінген болатын.
19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында жеке және мемлекеттік жетімдер үйі пайда бола бастады. Кейіннен көп ұзамай «Періштелер фабрикасына» айналды. Мұнда өлім саны көп болды, әсіресе бала өмірінің бірінші жылдары мен алғашқы айларында кеңінен етек алды. Бұл мекемеде өмір сүрген балалар дене және психикалық дамуынан артта қалатындығы байқалды: үш жасына қарай олар өз-өзіне қызмет көрсетудің қарапацым дағдыларын игере алмады, сөйлеуге шорқақ тәрбиеші әсерінен нашар берілетін және прогрессивтілігі басым немесе агрессивті болып келеді. Бйенеелеп көрсетілген комплекс- « Госпитализм» деген атқа ие болды. Госпитализм формасы қоғам назарын екінші дүниежүзілік соғыс кезінде өзіне аудара бастады. Бұл кезеңде жетімдер саны арта түсті. Госпитализмнің драмалық картиналарын Р. Спитц өз жұмыстарында бейнедеп берді. Ол бір балалар үйіндегі үш айлығынан ата-анасыз тәрбиеленіп жатқан балаларды бақылады. Жақсы күтіммен тамақтандыруды көрседе, олардың 37 пайызы алғашқы екі жылда өмірден кетті. Жиырма бір бала тірі қалды, кішкентайларына екі жыл, ал үлкендеріне төрт жыл бір ай болған еді, олардың бесеуі ғана сүйеусіз отыра алды, сегізі басқалардың көмегімен жүрді және бесеуі өз бетімен, он екі бала қасықпен ьамақтана алмайтын болды, ал жиырмасы өздері киіне алатын болды. Балалардың тілінің дамуы өте нашар сапада болды: жиырма бір баладан алтысы ешқандай сөйлей алмады, он екісі екі-бес сөз ғана айта алды, тек біреуі ғана сөйлем құрай алды. Р. Спитц балалардың ерекше нервротикалық күйін жазды, оны « Анаклитикалық депрессия» деп атады. Оның симптомдары: қайғы, баланың өз-өзінен тұйықталуы, тежелуі, тәбеттің жоғалуы, ұйқысыздық.
Р. Спитц сонымен қатар басқада неофрейдистік бағыттың жақтаушы психологтары госпитализмді балаға аналық күтімнің жоұтығымен байланыстырады. Бұл зерттеушілер сәбидің анасымен контактісімен қарапайым әлеуметтік құмартудың көріністерін байқаған. Р. Спитц М. Рибби, А. Фрейд және басқада зерттеушілердің қызметінің мәні мынада: олар кішкентай балалардың өзіне жақын ересектермен қарым-қатынасына ғылымдар мен практикалық жұмыскерлерің назарын аудара білді. Және оның баланың дұрыс дамуында, оның тұлға ретінде гармонды қалыптасуына мәнін ашып көрсетті. Бірақта неофрейдистік бағыттың жұмыстары адамдарды қоғамдық жағдацда балаларды тәрбиелеуге қарсы қойды. Және осы арқылы оның дамуына, әдістерінің жүзеге асуына тежеліс жасады.
Баланың жеке адам ретінде қалыптасуына әсер ететін маңызды фактордың бірі - отбасы атмосферасы, баланың ата - анасымен эмоционалды контактісі, отбасы құрылымы. Көптеген хзерттеушілер жақын ересектер тарапынан сүйіспеншілік, қамқоршылықтың көрінуі бала үшін өзіндік қажетті маңызды витамин болып табылады, ол балаға қорғаныштық түсінігін береді, эмоционалдық тепе-теңдікті қамтамасыз етеді, оның өзін-өзі бағалауын көтереді. Ал ересектер тарапынан көңіл бөлінбеу, эмоционалды араласудың жетіспеушілігі баланың күйгелек, шыдамсыз болуына әкеп соғады. Аналық қамқорлықтың болмауынан ауыр жағдайлар жөнінде Р. Спитц (1957), Дж. Боулби (1973), Г. Руденско және М. Жибер (1951) өз зерттеуінде жазған болатын.
Шетелдік зерттеушілердің көп бөлігі, анамен бала арасындағы қарым-қатынас зерттеушілер психоапатиялық теорияға көбірек сүйенеді.
Психоаналитиктер баланың жеке адам ретінде қалыптасуына отбасның әсерін зерттеуде негізгі назарды баламен қоршаған отбасындағылардың арасындағы қақтығысқа аударады. Баланың анаға деген махаббатын олар эрротикалық бейімдеушілік түрінде, ал әкеге қатынасы олардың пікірінше көрінбейтін жеккөрушілік сезімі деді. Олар баланың отбасындағы өзара қарым-қатынасын оның жеке адам ретінде меңгерілген түсініктерімен және өмірдің сол кезінде басынан кешкен қақтығыстармен анықталады деп көрсетті.
Шетелдік зерттеулерде балаларға әсер етудің 3 типі кеңінен меңгерілген:
1) билікті пайдалану
2) түсіндіру
3) ата-ананың махаббатынан айырылу
Билікті қолдану тактикасы: күштеу, бұйрық беру, дене жазасы, бала тілегеніне ата-ана тарапынан бақылау кіреді. Индуктивті техника (түсіндіру) өзіне талқылау, мақтау, балаға өз әрекетінің неге апарып соғатының түсіндіруді алады.
Махабатты айырысу жағымпаздық, оның мінез-құлқындағы келеңсіздіктен айқындалады.
Әсер ету типінің балалардың дамуына әсерін зерттеуде:ата-аналары балаларына түсіністікпен жылылықпен қарап, салалы жүріс-тұрысты бақылап, талап етудің нәтижесінде балалары тәуелсіздіктің (өзін-өзі басқару) жоғары деңгейінде өсіп жетіледі. Олар өз-өздеріне сенімді, белсенді, ұстамды, білімге құштар, достық сүіспеншілікті тірек ететін болып өсті.
Ал өз-өздеріне сенімсіз, білімге құштарлығы көрінбейтін, өзін-өзін ұстай алмайтын балалардың ата-аналары балаларына жылылық көрсетпейтін, көп жазалайтын, өзіндік түсінісістікпен сезімі жоқ адамдар. Бұндай балалардың ата-аналары талап қоймайтын, ұйымдастыра алмайтын, нашар тұрмыста тұрған.
- Отандық психологтардың зерттеулеріндегі педагогикалық қарым-қатынас
Мектепке дейінгі шақ, өзінің аз ғана уақытқа жалғасатындығына қарамай ( 4жыл) бала өмірінде маңызды кезең болып табылады. Дәл осы уақытта коммуникативтік іс-әрекеттер өзгеріске түсе бастайды: қарым-қатынас деңгейі кеңейеді, құрдастарымен контактісі байқалады, айналасындағы ересектерге өзара әрекеті қатты өзгеріске ұшырайды. Мектепке дейінгі кезеңге дейінгі қарым-қатынастың әрбір формасының негізінде қажеттіліктің ерекше мазмұны жатады.
Қарым-қатынасқа қажеттілік жеке адамның жетекші әлеуметтік қажеттілігі болып табылады. А. В. Запорожетц, А. А Леонтьев, М. И. Лисина Я. В. Ярмоленко тәрізді авторлар қарым-қатынасқа қажеттілік адамның басқа талпыныстарының араластыруға болмацтын ерекше, өзіндік қажеттілік деп өз көзқарастарын білдірді.
Бала өміріінің бірінші аптасында қарым-қатынасқа қажеттілік көрңне бастайды. Ересектермен қарым-қатынас бала өмірінің бірінші жылында оның дамуы үшін маңызды фактор болып табылады.
Қарым-қатынастың бала психикасының қалыпты дамуын қамтамасыз ететін рөлін ашуды көптеген шетелдік және отандық ғалымдар жұмысжүогізе бастады. Жеткіліксіз зерттелгеніне қарамастан бұл мәселе көптеген қазіргі психлологтар А. И. Захаров, Н. В. Клюева, В. В. Лебеденский, В. К Котрлоның назарын өзіне аударды.
Зерттеушілердің бақылауыныша ( М. Ю. Кистиаковская, М. И. Лесина) қарым-қатынасқа түсу қажеттілігі өмірже баланың жақын ересектерімен шынайы өзара іс-әрекетімен жүзеге асады. Тағы бір концепцияға сүйенсек (А. В. Запорожец, М. И. Лисина) ерте және мектепке дейінгі жаста қарым-қатынас сапада өзіндік формаға ие болады. Баланың ересектермен қарым-қатынасының дамуын осы іс-әрекетінің бірнеше формасында қарастыруға болады. Қарым-қатынастың екінші формасының пайда болуы, балада заттық-манипуляциялық әрекеттің пайда болуымен байланысты. Бұл форма ситуативті іскерлік деп аталады. Отандық психология мектеп жасына дейінгі теория мәселесімен Л. С. Выготский айналысқан. Л. С. Выготский бала дамуы жеке функциялардың өзгеруімен емес, баланың толық қанды дамуымен анықталады деді. «Сапаның дамуы» - деп жазды Выготский - «Бірінші кезекте жеке функциялар арасындағы қарым-қатынастың өзгеруі». Л. С. Выготский даму процесін айқындайтын ересек пен бала қарым-қатынасын сипаттап берді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz