Алматы қорығының сирек және жойылып бара жатқан жануарлар популяциясының экологиясы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Реферат

Тақырыбы:” Алматы қорығының сирек және жойылып бара жатқан жануарлар популяциясының экологиясы ”

Орындаған: Аликеева А. Е.

БЭК 3 курс, 1топ

Тексерген: Бухарбаева Ж.

аға оқытушы

Алматы 2012

Жоспары:

  1. Кіріспе

Алматы қорығының географиялық орны, шекаралары, жер бедері мен климаты, биоалуантүрлілігі, өзендері мен көлдері

2. Негізгі бөлім:

А) Алматы қорығындағы жалпы жануарлар популяциясы

Б) Алматы қорығындағы жануарлардың сирек және жойылып

бара жатқан популяциялары

3. Қорытынды

Қорықты сақтау шаралары

4. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан жері жасыл өсімдіктер әлемі мен жабайы жануарлар дүниесі өкілдеріне бай өлке. Олардың арасында туған өлке топырағына ғана тән хайуанаттар мен өсімдіктердің эндемикалық түрлерімен қатар, сонау мұздану дәуірінен бері бізге жеткен реликті және толып жатқан себептерге байланысты азайып кеткен түрлері де аз емес. Жойылып кету қаупі бар және сиреп кеткендер тізіміне хайуанаттардың 87, өсімдіктердің 306 түрі іліккен.

Қорықтар - бұл табиғат объектілерін қорғаудың ең жоғарғы формасы. Қорық аймағы шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өңдіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң-құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әркеттерге тыйым салынған. Қорықтарда тек саны азайып, жойылып кетуге жақын тұрған мен аса бағалы хайуанаттар ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар, өлкеміздің көрікті табиғат ландшафтылары, жалпы табиғат комплекстері сол қалпында сақталады.

Жалпы табиғи қорықтар мен ұлттық саябақтардың басым бөлiгi Алматы облысында. Олар Алматы, Алакөл мемлекеттiк табиғи қорықтары мен «Алтын-Емел», «Iле-Алатау» мемлекеттiк ұлттық саябақтары. Қазақстан қорықтары мен ұлттық саябақтары сирек кездесетiн аңдар мен өсiмдiк түрлерiне де бай. Алматы қорығы- жануарлар дүниесіне бай. Қорықта 194 түрлі аң, оның ішінде 38 сүтқоректілер, 148-ге жуық құстардың түрлері, 7 бауырмен жорғалаушылардың түрлері және бірнеше мың түрлі жәндіктер мен буынсыз жәндіктер кездеседі

Республикамыздың табиғи ресурстарын қорғайтын жаңа қорықтарды ұйымдастыру үшін алдымен ол маңда арнайы түрде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Қорықтарды ұйымдастыру үшін ғылыми деректер керек.

Жануарлар - табиғат туындысы. Өсімдіктер тәрізді жануарлар дүниесінің де маңызы зор. Жануарлардың ерекшелігі - олар жер шарында қозғалып, кең таралады. Жануарлардың тіршілік үшін қызметі сан алуан. Оларды адам баласы қолға үйретіп, өзінің материалдық игілі үшін пайдаланып келеді. Адам іс- әрекетінің жануарлар үшін қаншалықты қауіпті екендігі белгілі. Бүгінгі күн талабында жануарлар популяциясын қорғау және қалпына келтіру үшін оларды аулауға тыйым салу, тіршілік ортасын бұзбау, қолдан көбейтуге бейімдеу, лабораториялық жағдайда гендік қорын сақтап қалу жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындап отыр. Сондықтан адамдар жануарлардың биологиялық ерекшелігін, экологиясын оқып- үйреніп, оларды қорғай білуі тиіс. Жалпы табиғи қорықтар мен ұлттық саябақтардың басым бөлiгi Алматы облысында. Олар Алматы, Алакөл мемлекеттiк табиғи қорықтары мен «Алтын-Емел», «Iле-Алатау» мемлекеттiк ұлттық саябақтары. Қазақстан қорықтары мен ұлттық саябақтары сирек кездесетiн аңдар мен өсiмдiк түрлерiне де бай.

Сондай-ақ, аталған территорияларда туризмнiң түрлерi ендi ғана дамып жатқан көрiнедi. Iстiң көзiн бiлетiн адамға туризм секiлдi саладан түсетiн қаржыны қорықтар мен

Жалпы Ұлттық саябақтарды қорғау ере­жесi мен жүйесi сол бақтар орналасқан мем­лекеттiң әлеуметтiк-экономикалық, саяси, экологиялық және т. б ерекшелiктерiне тiке­лей байланысты. Тарихи оқиғалардың аумалы-төкпелiлiгi бұрынғы Кеңес Одағы тұсындағы қабылданған «ерекше жағдайдағы табиғи территорияларды қорғау туралы» кон­цепцияның шетелдiк заңдардан басқаша ба­­ғытта дамуына әкеп соқты.

Сондықтан да бiздiң Қазақстан аумағындағы ұлттық саябақтар мәселесi кенже қалып келдi. Қазiргi кезде олар дамудың алғашқы кезеңдерiн бас­­тан кешiп жатыр десе де болады. Күнi бү­гiнге дейiн бақтарды дамытудың ықтимал жолдары қарастырылып жатыр.

Ландшафтарды қорғаудың ең жоғарғы формасы- қорықтар ұйымдастыру . Бүкіл дүниежүзілік тәжірибелерге сүйенсек жер шарының жекеленген елдерінде қорық ұйымдастыру ХІХ ғасырдың басқы кездерінен бастап жүзеге аса бастағанын көрсетеді. Ал, оның алғашқы нәтижелерінің бірі - тіптен 1872 жылы Америка жерінде ұйымдастырылған алғашқы ұлттық парктер (бақтар) . Одан соң Канадада, Африка, Австралия, Жаңа Зеландия, т. б. материктерде қорықтар мен ұлттық парктер ұйымдастырылғаны белгілі. Ресейде 1874 жылы Аскания - Нова ұлттық бағы құрылған болатын.

Қазақстан Республикасы бойынша 10 мемлекеттік қорық, 66 қорыққор (44 зоологиялық, 20 ботаникалық, 2 палентологиялық), 6 ұлттық парк және 24-тен астам табиғат ескерткіштері бар.

Негізінен ландшафттарды қорғаудың 10 категориясы бар: қорықтар, қорыққорлар, ұлттық парктер, табиғат ескерткіштері, қорғалатын ландшафтар, табиғат ресурстарының қорық-қорықтар, микроқорықтар (омыртқасыз жәндіктер мен өсімдіктерге арналған), табиғат объектілері және көп мақсатты қорғауға алынған жерлер.

Қандайда болмасын табиғат байлықтары, өсімдік болсын, жан-жануар болсын, оларды өздері бейімделіп тіршілік ететін табиғи ортасынан ажыратпай қорғау және мейілінше қорын молайту ісі бүгінгі күн талабынан тыс қалған емес. Себебі, қазіргі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, транспорттың қарышты қадамы оларға өз ықпалын тигізуде. Оларға кері ықпалын тигізбеу үшін адам ғылыми-техникалық прогресс пен табиғат қорғау ісін ғылыми негізде етене ұштастыра білуі қажет. Яғни, табиғатта өтетін түрлі экологиялық процестерге игі ықпал етіп, қоршаған ортаны көркейтумен қатар, небір қайталанбас көркі бар табиғи ландшафтарды барлық компоненттерімен қамқорлыққа алғаны жөн.

1908 жылы Санкт-Петербордағы қоғам қайраткерлерiнiң клубында орыстың атақты биологы А. Семенов-Тяншанский «бiзге де Солтүстiк Америка елдерiндегiдей адам аяғы жетпеген орман алқаптарын қорықтық аймақ пен ұлттық саябақтарға айналдырудың кезi келдi» деген екен. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ре­сейлiк табиғат сақшыларын ұлттық саябақ мәселесi толғандыра бастады.

Кейiннен 1933 жылдың 20 тамызында ВЦИК пен Совнаркомның ұйғарымымен қорықтар мен ұлттық саябақтарды қор­ғауға алатын және соларды қамтамасыз ететiн арнайы мамандандырылған басқару ұйы­мы құрылды. Осы ұйым қазiргi Ресей Федерациясының ұлттық саябақтарының дамуына үлкен ықпал еттi.

Бүгiнде Ре­сейде 100 мемлекеттiк табиғи қорықтар мен 35 ұлттық саябақтар бар. Олардың аумағы 40 миллион гектарды алып жатыр. Бұл де­генiмiз, екi бiрдей Ұлыбритания мем­­­леке­тiнiң территориясымен тең. Осы қорықтар мен ұлттық саябақтарда 10 мыңнан астам жұмысшылар жұмыс iстейдi. Бiр ғасырға жуық тарихы бар Ресей ұлттық сая­бақтарын әлем мойындаған. Дегенмен, посткең­ес­тiк елдердегi ортақ табиғатты қор­ғау мәселелерi Ресейде де жоқ емес. Тiп­тен осы күнге дейiн ұлттық саябақтарды қорғау мен басқару iсi бойынша көп проблемалар туындап отыр.

Бiздiң елдi айтпаған күннiң өзiнде Кең­ес Одағы тұсында Америка ұлттық саябақтарының пайда болғанына 100 жылдан асып түстi. Ресми дерек көздерiне сүйенсек, бүгiнде АҚШ-та 400-дей ұлттық саябақтар мен қорықтар тiркеуден өткен. Әрине, бұл сан бiздiң елдегi кез келген азаматтың аузын аштыртып қояды. Жалпы Америкада алғашқы ұлттық бақ осыдан 130 жыл бұрын пайда болған екен.

Оның негiзiн салушы ретiнде жабайы табиғатты қорғаушы, қо­рық шаруасының пионерi мен идеологы саналатын Джон Мюир айтылады. Сол кездегi АҚШ президентi Теодор Рузвельттiң өзi Мюирмен тiкелей байланыста болған деген деректер де жиi ұшырасады. Дж. Мюир сондай-ақ Америкадағы ең беделдi «Сьерра-Клуб» экологиялық ұйымының прези­ден­­тi болған. Ол 1874 жылы «Иағһ» журналындағы мақаласында: «мен бұл дүниеде табиғаттың шынайы сұлулығына тәнтi болатын адамдардың көзiн ашу үшiн өмiр сүремiн» деген екен. Өзi кезiнде ақтардың табаны тие қоймаған Америкадағы үндiс­тердiң жабайы да сұлу табиғатын тамашалап, жер жаһанды көп кезген адам бол­ған. Мюир өз кезеңiнде биоцентристiк көз­қа­расты ұстанған болатын, сондықтан ол адам да табиғаттың бiр бөлшегi деген пiкiрдi алға тартты. Оның 1896 жылы АҚШ орман шаруашылығының бастығы Пинчотуға Ұлы шатқалдағы тарантуланы өлтiруге жол берме­генi тарихта оқиға ретiнде жазыл­ған. «Әрбiр адам баласы секiлдi оның да өмiр сүруге құқы бар» деп Мюир табиғаттағы кез келген тiршiлiк иесiнiң ең алдымен өзi үшiн тiршiлiк ететiнiн үнемi айтып жүредi екен. Дегенмен, жабайы табиғаттың жауқазындарын табыс көзiне айналдыруды ойлап тұратын пайдакүнемдер Американың талай керемет жерлерiне ауыз салады. Сан-Францискодағы Хетч-Хитчи ұлттық саябағын сақтап қалу жолында ол талай күрескен де едi. Бiрақ 1873 жылы Вудро Вильсонның әкiмшiлiгi Ақ үйге жайғасқаннан соң, 63-Конгреске Сан-Франциско штатының атынан аталған саябаққа бекет орнату туралы заң жобасы ұсынылады. Дж. Мюир бас­қарған ұйым мен ұлттық саябақтарды қор­ғау қоғамы, Йосемитск ұлттық саябағын қорғау Ұлттық комитетi бұл iске жұртты жап­­пай жұмылдырды.

Қорықтың климаты континентті, жыл мезгілдерінің әр қайсысында жауын- шашын мөлшері әр түрлі түседі. Жылдық жауын-шашын мөлшерінің (950 мм) 30 %-і қыс мезгілінде, 40 %-і - күзде, небәрі 10 %-і жаз айларында жауады. Жылдық орташа температура +5, 6 °С. Ең суық ай - қаңтар айы (-5, 4 °С), ең жылы мезгіл шілде айы (+17, 2°С) .

Қорықтар - биосфера эталоны . Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс. Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру бөлініп Қазқстанның шөл-шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығының ролі орасан зор болды. Сондай-ақ, Барса-келмес қорығыда айтарлықтай үлес қосты. Бүгінгі Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсуде. Барса-келмес аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы құландарды арнаулы ұшақтармен Алтынемел ұлттық биосфера паркіне, Іле өзенінің жағасына әкелінді. Міне, осы жерде олар жылдан-жылға өсіп көбеюде.

Қазақстанның бірнеше табиғи-географиялық аймақтары - солтүстүгінен оңтүстүгіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиді. Қазақстан жерінде Д. И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150, құстың 480, баурымен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәннінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден -бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек. Осы бағыттағы шаралардың бірі - «Жер жанатты» деп орынды аталып кеткен небір тамаша аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді қорыққа айналдыру керек екекнін өмір көрсетіп отыр.

Бұл салада Қазақстан Республикасында соңғы жылдарда қыруар ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізіп келдік. 1962 ж Қазақстан ССР Жоғары Советінің биосфераны қорғау заңы шықты. Мұнда табиғи ортаны көркейтудің бірнеше нақты шаралары анық көрсетілген . Олар - қорықтар, парктер, заказниктер мен табиғат ескерткіштерді сақтау ережесі. Сонымен бірге 1972 ж Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының ережесі жарық көрді. Міне, бұл көрсетілген құжаттарда қорықтар мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырудың мақсатымен міндеттері және биосфераны қорғау тәртібі айқын көрсетілген.

1969 жылғы 9 шілдеде «Наурызым мемлекеттік қорығының орманын қалпына келтіру мен қорғау шаралары туралы», 1972 ж 2 тамызда «Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының қызметін жақсарту шаралары туралы», 1976 ж 12 шілдеде «Қазақ ССР-інде қорықтар жұмыстарын жақсарту туралы» қаулылар жарыққа шықты. Бұл шаралардың өлкеміздегі қорықтардың өлкеміздегі қорықтардың ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарын жақсартуда зор маңызы болғанын айтпай кетуге болмайды. Қазақстан Республикасының Қорықтарында қол жеткен табыстары мен орны алып отырған емшіліктерде олардың жоюдың нақты жолдарында айқын көрсетілген.

Осы кезде Қазақстан Республикасы жерінде (1980 жылғы мәлімет бойынша) 531 мың гектар алқапты алып жатқан 6 қорық ( Ақсу-Жабагылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын және Марқакөл) көлемі 4288 мың гектарға жететін 50-дей аңшылық заказниктер, көлемі 3644 мың гектардай 26 зоологиялық және ботаникалық объектілер, қорғалатын заказниктер және 3 табиғат ескерткіші бар. Олар (Павлодардағы «Гусиный перелет», шарын бойындағы көне заманнан бері қарай жойылып кетпей өсіп-өніп келе жатқан ағаштар, Іле Алатауындағы шыршалар) . Қорғауға алынған учаскелерде, әсіресе, қорықтарда, бұрын осы аймақты мекендеген, бірақ соңғы жылдары саны азайып кеткен жабайы хайуанаттар мен сирек кездесетін өсімдік түрлері есепке алынған. Мұндай түрлердің, мәселен, Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында өсімдіктердің 1600 түрі тек осы аймаққа тән болғандығын және сирек кездесетінін айтуға болады. Ал мұғаджар далалы ауданында 15-ке сирек кездесетін эндемик өсімдіктер, Бетпақ даладағы өсімдіктің 1800 түрінің 15-і, Каспийдің оңтүстік жағалауындағы өсімдіктердің 1800 түрінің 7-і Республикамыздың басқа жерлерінде кеддеспейді. Сондай-ақ, Оңтүстік Алтайда өсімдіктердің 1740 түрі кездессе, оның 18-і, Жоңғар Алатауында 2021 түрі өссе, оның 58-і, Қаратауда 500 түрі өссе, оның 100-і сол аймақтарға ғана тән сирек кездесетін турлер. Адамның үнемі қамқорлығы мен аялы алақаны болмаса, мұндай бағалы түрлердің биосферадан жойылып кетуі мүмкін екендігін естен шығаруға болмайды. Сондай-ақ, қорықтар өзінің табиғи сұлу көрінісі мен онда өсетін ағаш түрлерінің ерекшеліктерімен де құнды. Қорықтардың кейбіреулері ЮНЕСКО-ның жанындағы биосфераны қорғаудың халықаралық Одағының құрамына Ақсу-Жабағалы қорығы. Оларда тек саны азайып кеткен, мүлде жойылып кету қаупі төнген хайуанаттар дүниесі мен аса бағалы өсімдіктер әлемі ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен бірге Қазақстан Республикасының ежелден бері әйгілі болған таңғажайып көрікті орындарының бұрынғы атақ даңқын арттыра беру мақсатында да зор көлемді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының қорықтарында алдағы уақытта табиғи ресурстарды пайдалану және олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми негізін жасау жөніндегі үлкен мақсат пен міндеттер тұр. Бұл мақсат пен міндеттердің биосфера компоненттерін қорғап, оларды халық шаруашылығына рационалды түрде пайдалану үшін зор маңызы бар. Бұл мақсат пен міндеттердің Қазақстан Республикасы жағдайында да көкейтесті екендігі аян. Көлемі 2, 7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке өзінің саялы да а ялы қалың орман-тоғайы оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, өзендері мен көрікті өлке. Қазақстан Республикасы территориясында 34-35 миллион гектар егін егуге, бау-бақша өсіруге жарайтын құнарлы жер бар. 186-187 миллион гектар шабындықтар мен жайылымдықтар 22 миллион гектар орман (оның ішіндек 4-5 миллион гектар аса бағалы сексеуіл орманы бар) . Д. И. Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары, 11000 өзен, 7000-нан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай-ақ, туған өлкеміз менің Қазақстаным елім менің, алуан түрлі жан жануарларға өте бай. Осымен биосфера қазыналарын көздің қарашығындай сақтап, қорғауға Қазақстан Республикасындағы жоғарыда айтылған, Ақсу-Жабагылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын, Марқакөл, Баян-ауыл, Үстірт, Алтын Еміл және тағы басқа қорықтардың маңызы арасан зор. Ұлан-байтақ Қазақстан мемлекетінің территорияларында келешекте де осындай табиғи қорықтар-лабораториялық көбее берсе екен деген ойдамыз

Жер көлемі 2754 мың шаршы километр ұлан-байтақ жерде алып жатқан Қазақстан Республикасында небары 10 қорық бар дегенге сенудің өзі қиын.

Республикамыздың табиғи ресурстарын қорғайтын жаңа қорықтарды ұйымдастыру үшін алдымен ол маңда арнайы түрде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Қорықтарды ұйымдастыру үшін ғылыми деректер керек.

Табиғи қорықтардың бірінБетпақ дала шөлді аймағында ұйымдастырған жөн деген ғалымдар бір ауыздан шешімге келген. Бетпақ дала қорығы территориясында Шу өзенінің солтүстігінде жатқан ұсақ тасты шөлді аймақты енгізу жоспарланып отыр . Бетпақдаланың шөлді даласында жусан, баялыш, бұйрығын өссе, ал үстіртті жерлерде қараған, теріскен өседі. Өте көне заманның ескерткішіндей болып реликті бұта көзге шалынады. Ауа-райы өте құбылмалы жазы ыстық, қысы аязды келеді. Жауын-шашын жерге өте аз түседі. Небары 90-100 мм. Бұл қорықта сүтқоректілердің 40, құстардың 150-200-дей түрі. Бауырымен жарғалаущылардың 15-тен астам түрі тіршілік етеді.

Екінші - далалы аймақ. Оған Жезқазған облысына қарасты Ағадыр селосының батысындағы бұталы дала жатады. Көлемі 40-50 мың гектар болуы мүмкін. Мұндағы негізгі обьектілер жұпар, камшат, орман сусары, құр, емен, шегіршін сияқты сирек кездесетін аң құс өсімдіктер.

Үшінші - шөлейтті аймақ қорықтары. Бұл қорықтарда ең көлемділері - Үстірттің батыс тік жарлы қыраттары. Үстірт қорығында кекілік, құлан болса, гепард, бұлдырықтарда көзге жиі-жиі шалына шалына береді. Шөлейтті аймақтық қорықтардың бірі - Аңдысай қорығы. Оның көлемі 330 мың гектар жерді қамтиды. Қорғалатын обьектілері арқар, құлан, қара құйрықкиік, жалман, реликті гүлтобылғы, Регель қызғалдағы.

Алматы облысы. Балқаш ауданындағы күрті өзенінің Ілеге құя берісіндегі тоғайлы алқапта да шамамен алғанда 20-30мың гектар жер босқа жатыр. Ол жерге қорық ұйымдастыратыны анықталып отыр. Іле өзені Тоғайлы қорығын ұйымдастыру ғалымдардың ойында. Мұнда мекендейтін жабайы шошқа, тоғай бұғысы, шұбар бұғы, сарғыш күзен, қырғауыл және сирек кездесетін тоғай өсімдіктері қорғалуға тиіс.

Қазақстан Республикасында алдағы уақытта ұйымдастырылатын қорықтардың бір тобы - тау қорықтары болуы тиіс. Бұл қорықтардың көлемдісі - Жоңғар Алатауы. Басқан өзені, Сарқанд ауданының территориясын қамтиды. Қорғалатын негізгі обьектілер - марал, ақтырнақты аю, барыс, тас сусары, қызыл қасқыр, арқар, таутеке, ұлар, сабыншы құр, май қарағай, шыршалы ормандар, алый шабындықтары, оларда өсетін сирек кездесетін өсімдік түрлері. Ал сауыр тауларында Шығыс Қазақстан облысы, қорық ұйымдастыратын көлемі 200 мың гектар жерлер кездеседі. Мұнда қорғалатын обьектілер өте көп - марал, қоңыр аю, таутеке, тұндра шілі, меңіреу құр, шұбар шіл, тырбақ қайың, жапырақты орман.

Ал Шыңғыстау, Тарбағатай бұл өңірде қорық ұйымдастыруға келетін көлемі 50-60 мың гектар жер бар. Бұл жерде қорғалатын обьектілер - бадам, жабайы алма бағы, субальпі шабындығындағы өсімдіктердің кейбір түрлері.

Зайсан ойпатында да қорық ұйымдастыруға болтын жерлердің бар екені дәлелденіп отыр. Өйткені бұл өңірде сирек кездесетін хайуанаттардың өкілдері бар. Олардың ішінде елік, қарақұйрықты жерсіндіруге болатыны толығымен дәлелденіп отыр. Алакөл көліндегі «Реликті шағала» қорғау үшін заказник ұйымдастыру күн тәртібінде тұр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ырғыз - Торғай резерваты
Ырғыз - Торғай қорығының өсімдік жамылғысы
Түркістан облысы және Жамбыл облысы
Құстардың тіршілігінің жыл маусымдық циклі
Үстірт мемлекеттік қорығының жұптұяқтылары
Мемлекеттік табиғи қорық қоры
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ
Әдістеме және зерттеу әдістері
Қорықтар. Қазақстанның қызыл кітабы
Қызыл кітап және Қазақстан қорықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz