Ұлттық кодтың қалыптасуындағы отбасының ролі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Ұлттық код мәні мен мазмұны

МАЗМҰНЫ

I. Кіріспе . . .

II. Негізгі бөлім

2. 1 Ұлттық код ұғымы және оның қалыптасуындағы отбасының ролі . . .

2. 2 Ұлттық код және әліпби . . .

2. 3 Ұлттық код және мәдениет

III. Қорытынды . . .

Пайдаланылған сілтемелер мен дерек көздері

І. Кіріспе

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаң­­ғыру» атты мақаласында «Әжеп­тәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас­тау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең бас­ты шарты - сол ұлттық кодты сақ­тай білу. Онсыз жаңғыру деге­ніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», деп атап өткен еді [1] .

Енді ұлттық код мәселесіне тоқталсақ, бұл аса терең ұғым. Ұлттық код дегеніміз - ұлттық болмыс. Яғни, бір халықты басқа халықтан ажыратып, танытатын және сол халықтың әлем қауымдастығы алдында басқаға ұқсамайтын таным-түсінігі мен бітім-болмысын айқындап тұратын сипаты. Бұл сипаттың ерекшелігі - дара халықтың жаратылысындағы айырықша антропологиялық генези­сінен бастап, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан дәстүр-салты, мінез-құлқы, арман-мұраты, тілі мен ділі, тұрмыстық-шаруашылық негіздеріне дейін толық қамти алуында. Бір сөзбен айтқанда, этностың тұтастығын сақтап тұрған кілтінің бүтін болуы.

Қазіргі жаһандану кезеңінде жойы­лып кетуден аман қалуын ойлаған әрбір халық алдымен өзінің байырғы рухани-тектік қасиеттерін мейілінше жаңғыртып, осы арқылы заманауи ғаламдық бәсекелестікке төтеп бере алу жағын ескергені жөн.

Біз бүгінгі жыландай жұтынып тұрған мына ғасырда қазақтығымызды сақтап, ұлт ретінде жойылып кетпей, қалай аман қалмақпыз? Ол үшін ұлттық кодты жаңғыртып, «бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жады­ның тұғырнамасы» керек. Ал ұлттық жады дегеніміз не? Ол сол халықтың бойына біткен аңғарымпаздығы мен сұңғылалық қасиеті. Мысалы, ауыз әдебиетімізде бағзыдан келе жатқан «Аяз би» атты ертегі бар. Онда Мадан деген хан қырық уәзіріне «Ең жаман адамды табыңдар!» деп тапсырма береді. Уәзірлердің тауып келгені «жаман адам» болмай шығады. Ол аң­ғарымпаздық, сұңғылалық қасиетке ие әрі ұлттық жадысын сақтаған жан екен.

Тағы бір мысал, күллі қазаққа аты мәлім Толыбай сыншы жолаушылап келе жатып, анадай жерде құмға көмі­ліп, қуарып жатқан жылқының бас сүйе­гін көзі шалады. Тізгінді тартып тұ­ра қалып «Мынау ерен жүйріктің басы екен, имек тұмсық, бөкен танау, көзі­нің ойындысы терең, жарқабақ, екі жақтың ортасы алшақ, тістері әлі жалтырап тұр, сүйегі қандай асыл еді жануардың. Тұмсығына қарағанда шоқтығы биік, аяғы ұзын, қоянтірсек, серпіні қатты, сіңірлі екен. Құмдауыт, босаң, көбелең жерде бәйге бермейтін, жасы тоғыздан асып, онға қараған шағында өлген екен, жануар. Өлгеніне үш жыл болыпты», депті.

Мінеки, ұлттық жадысы бүлінбе­ген бұрынғы ата-бабаларымыз қу сүйекке қарап-ақ оның қандай жануар болғанын айтып берген. Жоғарыдағы қубас арқылы тұлпарды жазбай таны­ған Толыбай да, ханның іс-әркетінен оның тек-тұқымын біле қойған Жаман да осы «ұлттық код - ұлттық жады» ілімін игергендер.
Қазіргі қазақ осы қабілетінен айы­­ры­лып қалды. Тіпті көз алдында көрініп тұрған дос пен дұшпанды ажыратпайды. Төніп келген дүниенің пайдасы мен зиянын аңғармайды. Қазір еліміз бойынша тергеліп жатқан қылмыстық істердің көбі - алаяқтық. Екі қазақтың бірі «пәтер алып берем», «банктен жеңілдетілген несие әперем . . . » т. б. алаяқтар уәдесіне алданғандар. Яғни, халықтың бойында өзін-өзі сақтандыратын, терең сұңғылалық қабілеті жойылған.

Мұндай күйге өзінің байырғы табиғи тек-танымнан айырылған ха­лық ұшырағыш болады дейді, ға­лымдар. Кезінде француз отары болған Марокко елінің тарихшысы Абдулла Лаури өзінің 1967 жылы ағылшын тілінде жарық көрген еңбегінде «Отарлаушылар біздің ішкі жан-дүниемізді тонап, жаратылыс сыйлаған табиғи таным-қабілетімізден ажыратты. Өзімізді қанша тәуелсізбіз десек те, бәрібір қараңғылық құрсауы­нан құтыла алар емеспіз» деуі қазіргі біздің де душар болып отырған күйдің бір көрінісі іспеттес. Мемлекет басшы­сы мақаласында «ұлттық код - ұлттық жадыны жаңғырту арқылы рухани құлдықтан құтылыңдар» деп тұрғаны да сондықтан [2] .

II. Негізгі бөлім

2. 1 Ұлттық кодтың қалыптасуындағы отбасының ролі

Тұңғыш президенті - Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап берді. Демек көне дәуірлерден бастау алатын, өзінің тарихи тәжірибесінен, игі салт, ізгі дәстүрлерінен мүлдем қол үзген қоғамда жаңғыру немесе жаңару мүмкін емес. Халқымыздың осындай тамыры терең кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі отбасы құндылықтары. Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағи­­дат қай дәуірде болсын өзгер­ген емес, өзгермек те емес. Елбасы «От­басы - Қазақстан қоғамы­ның дің­гегі, экономикадағы, мәдениет­тегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп бұл мәсе­ленің біздің қоғам үшін маңы­зын көрсетіп берді.

Өкінішке қарай, қазіргі қазақ қоғамында отбасы құндылықтары құлдырауға ұшырап бара жатқаны ащы да болса ақиқат. Қазіргі уақытта өмірге келген біздің балалары­мыз­­дың кіндігін кім кеспей жүр, бұ­рын жерге ғана көмілетін сол кін­дік қайда қалмай жатыр? Басқа­сын айтпағанда ұлдарымыздың сүндет тойын, мұсылмандыққа қадам басу сәтін қай жер болса, сол жерде, арақ-шарап араластырып, ысы­рап­­шыл­дықпен өткізуіміз қай ата­дан қал­ған дәстүрімізде бар еді? Өкініш­­­тісі, той өткізу бәсекеге ай­налып, құдалық даңғазалыққа ұла­­­сып бара жатыр. Сол қыруар шы­­ғын­­ның үйленген жастардың ба­­қы­­ты­на емес, бақталастығына ай­­на­­лып, ақыры жақсылыққа апармай жат­­қан­дығын да көріп жүрміз. Бұған дәлел ретінде неке құрған жас отба­сы­­лардың арасындағы ажы­­ра­­су­­д­ың кейінгі жылдары аса қауіп­ті деңгейге жеткенін айтсақ та жеткілікті.

Статистикалық көрсеткіш бойынша Қазақстанда неке құрған әр үш отбасының біреуі ажырасады екен. Мысалы, 2019 жылғы ресми мәліметтерге қарағанда, қала­лық жерлердегі ажырасу деңгейі 40 пайыз болса, ауылдық жерлердегі ажы­расу деңгейі 27 пайызға жеткен. Ажырасулардың 40%-ы алғашқы бес жылда орын алатындығы да ой­лан­дырады. Соңғы бес жылда еліміз­д­егі тіркелген некенің саны аза­йып, ажырасулардың саны көбейген.

Ажырасулардың кесірінен рес­пуб­лика бойынша толық емес отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар саны жылына 40 000-нан асып отыр. Бұл жай ғана жалаң цифрлар емес, қазіргі қоғамдық дерттің көрсеткіші. Әрісінде қаншама адамның тағдыры бар. Қаншама жас сәбидің көз жасы, көңіл наласы бар. Әкесіз тәр­биеленген ұл мен қыздың жарым­жан тағдырына жалпы қоғам болып жауапты екенімізді ұмыта бас­т­а­ған сыңайлымыз. Батыстық оңа­шалаудың әсерінен бе, кейінгі кезде біреудің отбасындағы мәселеге мүл­дем бейжаймыз. Әркімнің жеке басы­ның шаруасы дейтінді шығар­дық. Әке мен шеше тым балажан бо­лып алды. «Ішіме сыйған бала сыр­­тыма да сыяды» деген сөз бүгінгі ата-ана­ның басты уәжіне айналған. Осы бір сұрқия сөздің қай дәуірден жет­­кенін кім білсін? . . . Астарынан жау­­гер­шілік заманның салқыны сезі­ле­ді. Ендеше бүгінгідей бейбіт заман­­­да мұн­­шалықты салмағы ауыр сөзге ар­­қа сүйеуіміз бекершілік екенін білсек.

Жоғарыда атап өткеніміздей, от­басылық өмір салтының құлдырап, құнсыздануы жалпы әлемдік тенденция. 2019 жылғы ажырасулардың деңгейі бойынша алғашқы ондыққа енетін елдердің басым бөлігі экономикасы дамыған Еуропа елдері екен. Зерттеушілер тіпті дәстүрлі құндылықтарын берік ұстанатын мұсылман елдеріне де бұл індеттің кең тарай бастағанын айтады. Бірақ бұл өркениетті елдердің өресін көрсетпейді. Дамыған сайын сол елдерге бар жағынан ұқсас болуымыз керек деген де дұрыс емес. Қайта әлем­дегі ең дамыған сегіз елдің қатары­на ене отырып өз салты мен дәс­түрін, рухани құндылықтарын, отба­сындағы мәдениетін сақтап отыр­ған Жапония, Оңтүстік Корея сияқ­ты елдерге еліктегеніміз жөн болар. Қандай бай, қаншалықты биік дәрежеде тұрса да иіліп сәлем салып тұрған, жымиып байсалдылық танытқан жапондық, не корей азаматын көріп тұрып таң қаласың. Алысқа ұзамай-ақ өзіміздің тамыр­лас туысымыз, көршілес өзбек халқы­ның кішіпейілділігі мен ең­бек­қор­лығы, үнемшілдігі, үлкенге құр­меті баршаға үлгі болатын ақ нәрсе. Сол көршілес жатқан Өзбек­стан­да некенің бұзылу деңгейі 10%-дан аспайды екен. Бұл елде де қиын­шылықтар бастан асады, тұрмысы төмен отбасылар да аз емес. Бірақ тұрмыс қиыншылығынан гөрі өзбек ағайындарда ар-ұят, намыс, ұрпақ­тың тағдыры биік тұрады. Бұл да отбасындағы тәрбиенің біз­дің қоғамымыз үшін қаншалықты ма­ңыз­дылығын көрсетсе керек. Тиі­сін­­ше әр елдің аталмыш мәселе­нің алдын алу үшін қоғамдық дең­гей­де көтерген бастамалары мен мем­ле­кеттік бағдарламалары бар. Бұл шаралардың басым бөлігі отба­сыларға кәсіби деңгейде пси­хо­логиялық кеңес беріп, көмек көрсете алатын орталықтардың санын көбейтіп, сапасын көтеруге бағытталады екен. Ал біздің елде осындай отбасылық орталықтар бар ма? Бар болса олардың саны қанша? Сол отбасылық кеңес беру орталықтарындағы мамандардың кәсіби деңгейі, біліктілік, құзырет­тілік дәрежесі қандай? Қазіргі тілмен айтқанда, әуелі осы мәселелердің ауқымды аудитін өткізіп, қоғамдық және мемлекеттік деңгейде қолға алу керекпіз. Әдетте отбасылық қайшылықтарға ұрынған жұптар психолог мамандардың көмегіне жү­гіне бермейді. Мұның да себеп-салдарын анықтаған абзал. От­басы­лық психологиялық кеңес қыз­ме­ттерінің беделін көтеріп, абы­р­ойын арттыруға бағытталған кешен­ді үгіт-насихат іс шаралары да керек-ақ. Тіпті сол отбасылық кеңес орталықтарын АХАЖ бөлімдерінің қасынан ашу мүмкіндігін де қарас­тыруға болады.

Бүгінгі қыз - ертеңгі ана. Бала­ның тағдыры анаға тікелей байланысты. Соңғы кезде жаңа ғана туған баласын сәбилер үйінің алдында қалдырыпты, күл-қоқыстың арасына тастап кетіпті деген ақпараттарды көп естиміз. Көңіліміз құлазиды. Өзі туған сәбиін керексіз бір зат сияқты лақтырып кету үшін қандай адам болу керек? Баласын тастап кеткен әйелді де, сондай жағдайға душар еткен еркекті де ақтап алу мүмкін емес. Статистикаға сүйенсек, бүгінде балалар үйіндегі 7200-ден астам сәбилердің 696-сының ата-аналары құқығынан бас тартқандар, 436-сы тастанды балалар екен. Ал 3400-інің ата-аналары құқықтарынан айырылғандар. Яғни балалар үйін­дегі бар баланың 63%-ның әке-шеше­сі тірі деген сөз. Бұл адам тау­қы­­меті ғана емес, нағыз қоғам тау­қы­­меті деп айтуға болады.

Отбасылық саясатты қалып­тас­тыруда атқарылатын шаруалар әлі көп. Отбасылық құндылықтарды насихаттау және көп балалы отбасыларды ынталандыру бағытындағы жәрдемақы түрлерін әр кезеңнің талабына сай жетілдіріп отыру маңыз­ды мәселе. Мысалы, бес бала немесе бес баладан көп баланы дүниеге әкелген аналарға айлық еңбекақы тағайындау арқылы олардың ең­бек өтілін сақтап қалу мүмкіндігін қарастыру маңызды шаралардың бірі болар еді. Бұл өз кезегінде қоғам­да көп балалы отбасы болудың беде­лін бекемдеп, абыройын арттырары хақ. Аталмыш жәрдемақы түрінің әлеуметтік маңызын да ешкім жоққа шығара қоймас. Себебі бала тәрбиесімен айналысудан қиын, әрі маңызды, пайдалы әрі құнды еңбек бар ма?

Бір отырыста төрде отырған абыз ақсақалдың «дінімізден айы­ры­­лып, тілімізді ұмытып, ұлт ретін­де жойылып бара жатқанда бізді аман алып қалған қазақы кең пейі­лі­міз бен ақ дастарқанымыз» деген ұлағатты әңгімесін оқып едім. Түсін­ген адамға астары терең, маз­мұны мәнді сөз. Рас, кейінгі бір-екі ғасырдың төңірегінде қазақ қоға­мы жантүршігерлік зұлматты за­ман­дарды басынан өткерді. Мың өл­дік, мың тірілдік . . . Елімізді алып бәйтерекке теңеуіміз тегіннен-тегін емес. Замана дауылы сын тезі­не салғанда сол бәйтеректің белі бүгіл­ді, бұтасы үгілді, жапырағы төгіл­ді. Бірақ діңгегі құламай дін аман қалды. Себебі оның тамыры тереңге бойлаған. Тамыр дегені­ңіз - ол біздің өткеніміз, тарих бой­ғы тәжірибе құнарын ұлт бойына дары­тып, сол алып бәйтеректің діңге­гін нықтап, бұтасын көгертіп, жапы­рағын жайқалтатын жалғыз күш.

Бірде, көп балалы аналармен болған кездесуде, жасы 80-ге таяған, өзін 12 перзенттің анасымын деп таныстырған бір әже: «Қарақтарым! Тәуелсіздік бізге тәңірдің берген үлкен бақыты. Біз, шалымыз екеу­міз, осы тәуелсіздікке қалай үлес қос­сақ екен деп көп ойланамыз. Үлкен кәсіпкер емеспіз қаржылай қоса салатын, үлкен қызметкер емес­піз, жай ғана зейнеткерміз. Бірақ тереңінен ойласақ біздің әлі де қосатын еңбегіміз көп екен. Бірін­ші­ден, біз балаларымызға дұрыс тәрбие беруіміз керек екен. Әр үй­дің баласы тәрбиелі болса, қоғам тәр­биелі болады. Екіншіден, өз үйі­мізді таза ұстауымыз керек екен. Әр үйдің іші, есігінің алды таза болса, ауылымыз, еліміз таза болады. Үшіншіден, өз көршімізбен тату тұруымыз керек екен. Әр көрші тату болса, еліміз ынтымақта болады. Әрбір отбасы осы үш қағиданы дұрыс ұстанса біздің тәуелсіздігіміз баянды, мемлекетіміз мықты болары сөзсіз», дегені есімде. Бұл қарапайым ғана, ауылдағы «Батыр ананың» сөзі. Ұлы сөз. Осыдан артық айту да мүмкін емес сияқты [3] .

Жалпы дүниеге келген әр адамның бойындағы, қанындағы қасиеттері оның шыққан тегіне байланысты екені ешқандай дау тудырмайды. Алайда оларды ары қарай бағдарлап дамыту ата-анасына, отбасына, өскен ортасына тікелей байланысты. Отанын сүйгіш, ұлтжанды ақын ағамыз М. Шахановтың сөзімен айтқанда, әр адам туған анасынан басқа да өзінің тағдырын тамырсыздықтан қалқалап, өміріне мәңгі астана болар құдіретті 4 Ананы танып-біліп, қадірлеп-қастерлегенде ғана өз ұлтының шын мәніндегі толыққанды өкілі бола алады. Ал ұлттың ең негізгі және бірінші көрсеткіші ол - тілі. «Тілі жоғалған елдің өзі де жоғалады» деп Ахмет Байтұрсынов үлкен ескерту жасап кетті. Біздің дана халқымыз немерелерін ата-әжесіне бақтырып, тәрбиелетіп үлкен көрегендік жасаған. Себебі жас отау иелері күнделікті бар күйбең тірлікті өз мойындарына алып, қарттардың қолдарын босатқан. Ал ата-әжелер немерелеріне бесік жыры, ертегі, қисса-дастандарды айтып, тыйым сөздерді құлақтарына сіңіріп, өздерінің қолдарынан келетін өнерін олардың бойына сіңіріп отырған. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген осыдан қалған. Ал қазақ халқының ауыз әдебиеті тұнып тұрған өсиет, насихат екені баршаға аян. Батырлық та, елжандылық та, отбасыға, үлкенге құрмет те, кішіге ізет те, қонақжайлылық та, қысқасы, бүкіл жақсы адами қасиетті дәріптеу осында. Осыларды құлағына сіңіріп, бойына жиып, санасына түйіп өскен баланың жаман әдеттен аулақ, тәрбиелі де ізетті адам болары хақ. Біздің халқымызда отбасының әр мүшесіне қатысты мақал-мәтел бар. Бұл мақал-мәтелдер отбасының әр мүшесінің орнын, қызметін, олардың өзара қарым-қатынас сипатын нақты анықтап, ашып жеткізеді. Оларға аналог басқа ешбір тілден табылмайды. өзге тілдерде тіпті «нағашы-жиен» деген атау да жоқ. Қазақ мақал-мәтелдерін, тиым сөздерін жаттап, жадында ұдайы сақтап жүрген адамның тілі бай әрі шешен, ойы ұшқыр, адамгершілігі мол болмақ.

«Замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп өте тура айтылған. Қазақстанның Ресейдің бодандығында болған 74 жыл, басты назар экономикаға аударылған егемендік алған 25 жыл - жалпы алғанда ұлттық идеологиясыз өткен бір ғасырда орта есеппен тіпті үш ұрпақ ауысты дегенде, қазіргі ұрпақтың бойында қазақи қасиеттің, яғни ұлттық кодтың тек 30 пайызы қалды деп топшылауға болады. Бұрындары «іштен шыққан шұбар жылан ғой» деп, өз баласының бар кінәсін де, күнәсін де мойнына алып, ол үшін жауапты болатын аналардың орнына қазіргі «көкек аналардың», өз бала-шағасы тұрмақ аталас елдің жесір-жетіміне қамқор болатын азаматтардың орнына намыссыз, жауапкершіліксіз жігіттердің, бейкүнә нәрестелерге зорлық жасайтын есерсоқ еркектердің, жүз теңге үшін жақынын да аямайтын жауыздардың қаптап кетуі осының дәлелі. Өз баласы тұрмақ, өзгенің баласына көз қырын салып, тәрбиелей, жөнге сала жүретін қазағымыздың «ұлға отыз үйден, қызға қырық үйден тыйым» деген сөзі естен шығып, ұмытылғалы қашан. Қазіргі жастарға ескерту жасамақ түгілі, беттеріне қарауға жүрексінеміз. Осы жүз жылдықтың орта буыны біздер Қазақстан тарихынан мүлде мақрұмбыз, ештеңе білмейміз. Бұрынғы тарихты білетін ата-әже кезінде кішкентай болдық, әке-шешелеріміз күндіз-түні соғыстан кейінгі қираған шаруашылықты, экономиканы қалпына келтіреміз деп тер төгумен болды, ал мектепте және жоғары оқу орнында ерте дүние мифтерінен бастап, бүкіл әлем тарихы мен Коммунистік партияның барлық съездері мен пленумдарының тарихын оқып өстік, ал қазақтардың Қазан төңкерісіне дейінгі тарихы біз үшін қымтап жабылған қазан болды. Біз Қобыландыны қазақ жырынан, Жәңгір деген хан болғанын Махамбеттің өлеңінен, Әбілқайыр, Абылай, Хан Кенені І. Есенберлиннің романдарынан ғана оқыдық. Өмір сүрген, еліне, халқына сіңірген қызметін саралап оқымағандықтан, олар бізге тарихи тұлғалар емес, тек әдеби шығармалардың кейіпкерлері болып қана елестейтін. Ал өз елінің, өз тегінің тарихын білмеген адам өзгелердің алдында ештеңесін айтып, көрсетіп мақтана алмайды, еңсесін көтеріп, өзін асқақ ұстай алмайды. Өкінішке орай, біз сондай ұрпақпыз.

Бұл рухани жаңғыру бағдарламасы елжанды, ұлтжанды ақынымыз М. Шаханов айтқандай, «компьютер басты жарты адам» болып өсіп келе жатқан қазіргі ұрпаққа, оларды тәрбиелеп жүрген отбасылар мен ұстаздарға кешігіп болса да жеткен өте қажетті бағдаршам болды. Бұл бағдарламаны іске асыруға бағытталған тиянақты да ауқымды іргетас 2004 жылғы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырту, 2013 жылғы «Халық - тарих толқынында» бағ­дарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттеу арқылы қаланып қойды. Енді әр жеке тұлғадан бастап үкіметке дейін, барлық деңгейдегі ұжымдар мен ұйымдар жаппай ат салысып, талмай еңбектенсе, болашақ ұрпағымыз «ұлттық санасы кемелденген, елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алған, біртұтас ұлы ұлттың перзенті» болып шығары хақ [4] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасылық тәрбие
Заманауи жапон мәдениетіндегі синтоизм
Толық емес отбасындағы оқушылардың өзіндік бағалаулары мен білім беру жетістіктері дамуының теориялық негізі
Отбасындағы бала тәрбиесі
Кие қандай атау
Лемель - Зива әдісі
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар (отбасы тәрбиесі)
Түркі халықтарындағы әйел болмысының тарихи қалыптасуындағы ерекшеліктерін айқындап, бүгінгі күнгі қыз бала тәрбиесінде қолдану
Гумандық қасиеттер тән гумандық гумандык
Этнопедагогика және фальклорық зерттеу әдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz